Бірінші мәселе



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
1.1.Жалпы педагогиканың обьектісі –Адам , оның әртүрлі іс-әрекеті ,
қарым –қатынасы ,дамуы т.б.болса,баланың жас ерекшелігіне байланысты
педагогиканың обьектісі –бала, оның туғаннан бастап есейгенге дейінгі
кезеңдегі психологиялық әрекеттері болып табылады .
Жалпы педагогика пәні-оқу-тәрбие процесінің заңдылықтары ныса-
ны,әдістері, құралдары болса, баланың жас ерекшелігіне байланысты
педагогиканың пәні-баланың әр кезеңдегі оқу-тәрбие процесінің психология
лық тұрғыдан заңдылықтары ,әдістері, құралдары ,соған сәйкес оқу-тәрбие
үрдісінің технологиясы.
Педагогикадағы “балалық” деген түсінік психологиядағы балалық
түсінікпен ұштасып жатыр.
Балалықты екі тұрғыдан қарауға болады.
Біріншіден ,балаларды ересектердің биологиялық,рухани,материалдық
жағдаймен қамтамасыз етуі.
Екіншеден,баланың өзінің іс-әрекетінің нәтижесінде жағымсыз
қылықтарға қарсы тұруға білуі.
Көрсетілген екі жағдайда да баланыңөзіндік қасиеті жетекші рөл
атқарады.
Кешегі бала мен бүгінгі баланың арасындағы айырмашылық жер мен көктей.
Бүгінгі балалардың жас ерекшеліктері бұрынғыша мектепке дейінгі
төменгі сынып оқушылары немесе балалық шақ,жасөспірімдержәне жастық
шақ деп бөлеміз.
Мектепке дейінгі бүлдіршіндер көбінесе үлкендердің қамқорында
болып,іс-әрекетті өз бетінше жасай бермейді.Олар ересектердің қамқорлығы-
на мұқтаж.
Төменгі сынып оқушылары да ересектердің қамқорлығына мұқтаж.Әсіре -се
отбасы мен мектептің ықпалында болады. Дегенмен бұл жаста оларда өзіндік
Мен деген қасиет пайда бола бастайды.Осы менмендік оларды жағымсыз
қылықтардан аулақтайды. Бірақ ата ананың,мектеп ұстаздарының ықпалынан
толықтай аса алмайды.
Жасөспірімдік кезеңді балалардың қиын кезеңі деп те атайды.Олай дейтін
себебі жасөспірімдерде менмендік асқындай береді.Материалдық ,рухани
жағынан отбасына,мектепке тәуелді болғанмен,бұл жастағы балалар жаман
қылықтарға әуес болады,көп мәселені өз бетінше шешкенді дұрыс
көріп,тәуелсіздігі асқындайды.
Жастық шақта балалар отбасының тәуелсіздігіне ,мектептің ықпалында бола
тұрып көп мәселеге өзіндік тұрғыдан қарайтын,өмірге көзқарасы
өзгеріп,жасөспірімдік кезеңдегі жағымсыз іс-әрекеттерге сын көзбен
қарайды.
Бала жасынан осы төрт кезеңнен талдай отырып ,жас ерекшелік
педагогикасының мазмұны мен құрылымында мына төменгідей логикалық байланыс
бар екеніне көзіміз жетті:

Біріншіден,баланың психофизиологиялық дамуы.
Екіншіден,әсіресе оның психологилогиялық-педагогикалық дамуының
басымдылығы.
Үшіншіден,осы төрт кезеңде де баланың өзіндік іс-әрекеттерінің жетекші
рөлінің басымдылығы.
Төртіншіден,балаға дұрыс тәрбие беруде негізгі педагогикалық идеяларды
өз уақытында пайдалана білуде.
Бесіншіден,педагогикалық қызметтің технологиясы мен оның басымдылық
бағыттары.
Осы көрсетілген бес бөліктің әрқайсысы баланың өсу,даму кезендерінде
әртүрлі ықпал етеді .Міне, осылардың әрқайсысына тоқталып көрейік.
Сонымен ,баланың психофизиологиялық дамуы оның биологиялық тұрғыдан
қалыптасуын көрсетеді. Баланың түрлі іс-әрекетке араласуы,жолдас –
жораларымен қарым –қатынасы, жеке психологиялық қасиеті,әлеуметтік
қатынасы,құрбы-құрдастарының ортасындағы орны.
Психологиялық –педагогикалық дамуының басымдылығына баланың іс-
әрекеттіндегі жетекші рол атқаратын қажеттіліктен туындайтын,іс-әрекет-ке
итермелейтін мотив, соның арасындағы қайшылықтар жатады .
Іс-әрекеттін жетекші ролінде баланың жас және жеке басының ерекшелігін
ескере отырып,ол неге сондай әрекетке барды деген сұраққа жауап іздеген
жөн.

Негізгі педагогикалық идеяда осы жағымды іс-әрекеттерді іске асырудың жолы
қарастырылады.Ол балалар ұжымы арқылы орындалады.
Педагогикалық қызметтің технологиясы мен оның басымдылық бағыттары
балалар ұжымы арқылы орындалады. Бұл бөлімге оқу-тәрбие процесінің
заңдылықтары,әдіс-тәсілдері,іс-әрек ет,қарым-қатынасты ұйымдастыру
құралдары,ұстаздық қызмет жатады.
Осы көрсетілген бөлімдер балалардың жасына байланысты әрбір төрт
кезеңдерінде кездеседі. Сондықтан барлығына жалпы ортақ қасиеттер болуы
мүмкін.Бірақ баланың әрбір жасына байланысты кезеңдері және жеке басының
ерекшелігіне байланысты қасиет-
Тер болады. Соны біз әр уақытта есте ұстауымыз қажет.

2. Жасөспірімдер оқу іс-әрекетінің субьектісі ретінде.
2.1 Жасөспірімдерге жалпы мінездеме .
2.2 Психологиялық –педагогикалық дамудың басымдылығы.
2.3 Педагогикалық технологияның қызметі және негізгі бағыты.
2.4 Жасөспірімдермен тәрбие жұмысын жүргізу барысында кезде-

сетін мәселелер және оны шешу жолдары.

2.1.Жасөспірімдер-11 жас пен 15жас аралығындағы балалар. Осы
жастағылар көп жағдайда ата-ананың қарамағында, солардың материалдық
қамқорлығында болады.Тек14-15 жасқа келгенде материалдық жағдайды өзінше
шешуге кіріседі.Танымдық,әлеуметтік-психол гиялық қажеттілікті мектептен
табады.Жасөспірімдер қоршаған ортаның жағымсыз кері әсерінен аулақ болғысы
келеді,заң алдында жауапкершілігі пайда болады да ересектердің ықпалында
қалып қояды.
2.2Жасөспірімдердің ерекшелігі-олардың физилогиялық ,дене
құрылысының,күшінің,жыныстық белгілерінің қатты дамып өзгеруінде Сондықтан
да осы жас аралығында балалар өздерін ересектер қатарына қосады.
Жасөспірімдердің өздерін ″ересектер″қатарына қосуды талап ету
қажеттілігі.
Жасөспірімдер өздерін″ересекпін″деп есептеуі -өмір қағидасы.Жасөспірімнің
барлық жағынан ересектікке талпынуына толық құқығы бар.Себебі ол
–психологиялық,физилогиялық,жынысты қ,ақыл-ой,ата-анамен қатынас жағынан
жетілген,үлкен өзгеріске ұшыраған кезең .Сондықтан да олар өздерін
ересектер санатында ұстап ,ересектерден де соны талап етеді.
Жасөспірімдердің ересектігі тек сыртқы көрініс.Оның жүріс-тұрысы,сөйлеу
мәнері ,қарым-қатынасы ересектерді қайталайды.Кей кезде кейбір
жасөспірімдер ересектердің жағымсыз қылықтарына да еліктейді:темекі
шегу,ішімдікке әуестену,балағат сөздерді қолдану,дөрекілік т.б.
Жасөспірімдер ересектер қатарына кіру үшін өздеріне идеал
іздейді,соларды қайталайды.Ол ата-ана, жақсы көретін ,пір тұтатын адамдар
,кино, әдебиет кейіпкерлері немесе өздерінің құрбылары болуы мүмкін.Осы
жерде жасөспірім жакғымды не жағымсыз кейіпкерді таңдауы,мүмкіндігінше
жағымды кейіпкерлерге еліктеуге итермелеуге керек.
Жасөспірімдердің ересектердің жолына түсуі-психолого-педагогикалық
тұрғыда өте күрделі қарама-қайшылықта өтетін жағдай.
Біріншіден,жасөспірім өзін ересек сезінгенімен,оны ересектер
қабылдамайды,ересек деп есептемейді. Ол –ересектер үшін бала ,жасөспірім
Оның ересек болғысы келгенімен,ересектер болдырмайды.
Екіншіден,ата-ана,мұғалімдер жасөспірімдерге ересектердің міндетін
артады да,баланың құқығымен шектейді.

Бір тапсырманы орындамаса,″Неге орындамадың,қашанғы бала
боласың?″дейді.Ал жасөспірім бір нәрсеге ересектік талпыныс жасаса ″Сен
әлі баласың″дейді.
Үшіншіден, ата-ана мен мұғалімдер жасөспірімдерге еркіндік бере тұра
,сол еркіндікті шектейді.Ересектер жасөспірімдердің еркіндігінен
сескенеді.″Жаман жолға түсіп кетпесін″деп қорқады.
Жасөспірімдердің құрбыларымен қарым-қатынасы-тәуелсіздіктің бастауы.
Жасөспірімдер балалық кезеңінен өткенннен кейін,ата-анамен қарым-
қатынастан құрбыларымен қатынасқа ,ой бөлісуге көшеді.Ата-
ананың,мұғалімдердің,ересектердің пікірінен құрбыларының пікірін артық
санайды. Тек жасөспірімдер ғана бірін-бірі түсінеді,себебі ортақ әңгіме
,ортақ идеал ,ортақ кейіпкер,ортақ пікір,ортақ ойын,ортақ демалыс,ортақ
сезім,ортақ мұң,ортақ қуаныш-бәрі ортақ..Сол ортақты бөліседі. Осылай
жасөспірім өзін-өзі таниды.
Жасөспірімдердің ұжымда өз орнын табу үшін көңіл
тоқтатуы.Жасөспірім балалар ұжымында,өз қатарларының арасында өз орнын табу
үшін күреседі.Бұлосы жастағы баланың ең негізгі проблемалардыңғ бірі.
Егер де мектепке дейінгі баланың пірі-ата-ана,бастауыш сынып оқушысының
пірі-мұғалім болса,жасөспірімдердің пірі-құрбылары. Жасөспірімдерді
құрбыларының көзінше айыптау,балағаттау немесе артық сөз айтып,абыройын
төгу-үлкен қателік.
Ата-ана,мұғалім осы ерекшелікті жақсы біліп,баланы жақсы жолға салуға
тырысу керек. Ондай болмаған жағдайда жасөспірімдердің іс-әрекеті опық
жегізеді.
Жасөспірімдердің өз құрбыларының арасындарөлдік орындары бар. Ол
істеген істеріне,мінез-құлықтарына,қарым-қа тынасына т.б. жағдайларына қарай
бөлінеді.
Мәселен,″Ақылды-данышпандар″.Ақылды -данышпандар интеллектілігі
басым,тапқыр оқушылар жатады.Ол оқу озаты болмауы мүмкін.Кейде өте жақсы
оқитын оқушылар, құрбыларының арасынан жөнді орын таба алмай
″мақтаншақ″,″шошақай″т.б. жағымсыз атқа ие болады.
Мұғалімдер жасөспірімдердің өзара қатынасын сыйлай отырып,олардың
намысына тимеуі керек.Жасөспірімдер намысшыл келеді.Оларға ″Сен
ақылдысың,бірақ жалқаусың″десе намыс көрмейді.Бірақ ″Сен
топассың,ақымақсың″деген сөздер намысына тиеді.Ата-ана,мұғалімдер ондай
сөздерді жасөспірімдерге орынсыз қолдануға болмайды.
Екінші топты “Жігерлі,батыл,жүректі“деп атайды.Бұл топқа жататындар-
негізінен спортпен шұғылданатын,дене бітімі мығым,өз құрбыларының арасында
күші бар жасөспірімдер.Мұндай оқушыларды балалар ұжымымен қатар мұғалімдер
ұжымы да қадір тұтады.Себебі олар мектептің намысын түрлі жарыстарда
қорғайды,абырой,атақ әкеледі.

Мектеп ұстаздарына мұндай балаларды шектен тыс пайдалануға
болмайтыны ескертеміз.Себебі буыны,бұлшық еттері онша қатая қоймаған
жасөспірімдерді меріктіріп алу қиынға соқпайды.Сондықтан оларды
физилогиялық тұрғыдан дұрыс пайдаланған жөн.
Кейбір спортпен шұғылданатын жасөспірімдер өз күштерін әлсіз
құрбыларына көрсетуге құмар келеді. Оларды жағымсыз қылықтардан сақтандыру
керек.
Және бір кемшілік мұндай балалар спорт деп жүріп сабақты жіберіп
алатындары бар.Осы үш қателіктерден күштілердісақтандырған жөн.
Белсенділер-қоғамдық жұмысқа араласып,мектепте,құрбыларының арасында
абыройға бөленгендер.Мұндай оқушылар негізінен жақсы отбасынан шыққан,оқуда
өз қатарларының алды болып келеді.
Бірақ осы белсенділердің ішінде дандайсып кетіп,кейде сол белсенділікті
алға тартып,өзіне аса басқа құрмет көрсетуде талап ететіндер немесе көзге
ғана белсенді болып,тіл мен жағына сүйенген белсенділер де болады.
Таланттылар немесе дарындылар -өздерінің дарынына қарай шығармашылықпен
айналысатын,соның нәтижесін көріп жүргендер.Дарын
әдебиетке,шығармашылыққа,математика ға,қол өнеріне,ән- күйге спортқа,көркем
өнерге т.б. болуы мүмкін.Мұндай жасөспірімдер –жақсы отбасынан шыққан,ата-
ана, мұғалімдерден әр уақытта қолдау көрген,құрбыларының арасында
беделді,мұғалімдерге жағымды ,оқуда да,қо-
ғамдық жұмыста да көріне білгендер.Бұл жасөспірімдер ешкімге қиындық
әкелмейді.
ҚызығушыларЖасөспірімдердің ішінде бір нәрсеге қызығушылары
болады.Мәселен,қызық кітап,фантастика,марка,значок,кассе та,фото,кино
түсіру,ән құмарлық,күй құмарлық т.б.Осындай оқушылармен тәрбие жұмы-
Сын жүргізбесе,ондай қызығушылық саудагерлікке, алыпсатарлыққа ,
ақшақұмарлыққа т.б. жағымсыз қылықтарға ұрындырады. Беріліп қызығу-құмардың
бір түрі.Ол ұрлыққа,заң бұзушылыққа апарып соқтырады.Осыған
Ата-ананың,мұғалімнің көңіл бөліп,қызығуды дұрыс жолмен дамытқаны жөн.
Сенімді дос,жолдасЖасөспірімдер достық,жолдастыққа берілген.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бірінші ретті дифференциалдық теңдеулер
Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі
Мәтіндік есептің ұғымы
МӘСЕЛЕ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ МӘСЕЛЕЛЕРІ КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Парламенті -заң шығару қызметін жузеге асыратын орган
Қазақстан Республикасының парламенті - заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган
Катагурийас кітабы немесе Категориялар
Қазақстан Республикасы Парламентінің конституциялық құқықтық мәртебесі
ҚР-ның Парламенті
Қазақстан Республикасының Парламенті негізі
Пәндер