Аймақ мемлекеттік басқару объектісі ретінде


АЙМАҚ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ АЙМАҚТЫҚ САЯСАТ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бұл нарық жағдайында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуінің бір шарты деуге болады. Ал егер мемлекет аймақтармен дұрыс өзара қарым-қатынас орнатпаған болса, немесе халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін ортасы болып табылатын мемлекеттің барлық аумақтарының дамуы үшін жауапкершіліктен бас тартатын болса, онда жүргізіліп жатқан реформалардың оң нәтижеге жеткізбейтіндігі анық. Демек, аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеу - бұл олардың дамуының қажетті шарты.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің ерекше бағыты ретінде қарастырылатын аймақтық саясаттың қазіргі ерекшеліктерін қарастыру оның тиімді жүзеге асуына ықпалын тигізетін негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да аймақтар дамуындағы қазіргі қалыптасып отырған жағдайды саралау және соған орай аймақтық саясаттың бағыттарын айқындау өзекті мәселеге айналады. Осы мақсатта аймақтық саясаттың қалыптасуына әсерін тигізетін негізгі жағдайларды сараптауға жүгінейік.
Нарықтық қатынастарды қалыптастыру барысында жүргізілген реформалар аймақаралық саралауды (дифференциация) тым «күшейтіп» жіберді. Нәтижесінде жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнімді (ЖАӨ) өндіру көлемі бойынша республика халқының айырмашылығы он есеге дейін жетті (1-кесте) . Ал АҚШ-та ең «алдыңғы» және ең «артта қалған» штаттарының арасындағы айырмашылық - небәрі 1, 8 есе ғана. Кесте деректері көрсетіп отырғанындай, жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнімнің ең жоғары көлемі - Атырау облысына, ал ең төменгі көлем Жамбыл облысына тиесілі болып отыр. 200$ жылғы деректер бойынша осы екі облыстың жан басына шаққандағы ЖАӨ-дегі айырмашылық 15 есе болған.
1-кесте
Жан басына шаққандағы жалпы аймақтык өнім, мың теңге
Мүндай тым саралау, әрине, миграцияның күшеюіне, дағдарысты және кедей ареалдардың кеңеюіне, аймақтардың экономикалық өзара әрекет ету механизмінің әлсіреуіне және аймақаралық қарама-қайшылықтардың есуіне алып келері сөзсіз. Бұл өз кезегінде біртұтас әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізуді айтарлықтай қиындатады.
БАСҚАРУ - АЙМАҚТЫҚ САЯСАТТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ
Тәуелсіз мемлекетіміздің аймақтық саясатын жүзеге асыру тиімді басқару жүйесін қалыптастырмайынша жоғары нәтижеге жеткізбейтіндігі көптеген дамыған мемлекеттердің тәжірибесімен дәлелденіп отырған ақиқат. Қазіргі уақытта ешбір мемлекет ел ішіндегі тиімді аумақтық басқару жүйесінсіз бәсекеге қабілетгі болып, әлемдегі өзінің лайықты орнына ие бола алмайды. Өздерінің мемлекеттік басқару жүйесін қазіргі талаптарға сай «жаңартқан» мемлекеттер өз аумақтарында шаруашылық кәсіпорындарын орналастыру үшін, шет ел инвестицияларын тарту үшін тартымдырақ бола түсті. Ал бұл қазіргі ғаламдану үрдісі белең алып отырған әлемдік бәсекелестік жағдайында аса маңызды.
Экономикасы нарықтық қатынастар негізінде дамып отырған елдерде аймақтық дамуға мемлекеттің араласуының екі негізгі мақсатын бөліп қарастырады:
- «әділдік», яғни барлық аймақ тұрғындары үшін жақсы тұрмыс-жағдайына жетудің тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;
- «тиімділік», жалпы ұлттың тұрмыс-жағдайын көтеру мақсатында әр аймақтың өндірістік әлеуетін тиімді пайдалану талап етіледі.
Бұл екі мақсат қарама-қайшы да бірыңғай да болуы мүмкін. Мысалы, экономикалық өсу кезеңінде бірінші мақсат басымдыққа ие болса, дағдарыс кезеңінде екінші мақсат алдыңғы орынға шығады.
Қазіргі кезенде әлеуметтік-экономикалық жүйенің күрделенуіне орай басқарудың көп деңгейлі жүйесі кеңінен таралып отыр. Соған сәйкес қалыптасқан теориялық негіздерге жүгінейік. Жоғары деңгейдегі басқару құрылымы өзінен кейінгі басқару құрылымдарына үш негізгі тәсілмен ықпалын тигізеді:
- мақсаттар қою арқылы;
- белгілі бір күтілетін нәтижені жүктеу арқылы;
- ресурстарға шектеу қою арқылы.
Басқарудың әр түрлі деңгейлерінің арасында өкілеттіліктер, жауапкершіліктер және функциялар болып бөлінеді. Бекітілген өкілеттілік аясында әрбір басқару құрылымы өз бетінше басқару шешімдерін қабылдауға құқықтары бар. Басқарудың жоғары деңгейі ағымдағы қызметке, соңғысы өзінің функцияларын орындай алмаған жағдайда ғана араласа алады. Бір деңгейдегі басқару құрылымдары тікелей бір-бірімен өзара әрекеттесе отырып, басқарудың жоғары деңгейлерінің көмегінсіз өздерінің мәселелерін шеше алады. Басқару деңгейлері арасындағы өзара әрекеттесу бөлінген өкілеттіліктер мен функциялар шегінен шығып кететін болса, келісімшарт түрінде жүзеге асырылады. Өкілеттіліктерді бөлгенде функциялардың қайсысын ерекше орындау қағидасымен, ал, қайсысы үшін басқарудың әр түрлі деңгейлеріне ортақ жауапкершілік бекіту керектігін ескеріп, соған сәйкес оңтайлы шешімдер табу маңызды болып табылады.
3. Аймақтардың кешенді дамуын жеке аймақтық мақсаттармен ұштастыру;
4. Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету. Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру аймақтық деңгейдегі басқару функциялары рөлінің өсуіне алып келеді. Осыған орай билік деңгейлері арасында өкілеттіліктерді, жауапкершіліктер мен функцияларды бөлу жүзеге асырылуы тиіс. Биліктің барлық деңгейлері:
• халыққа әлеуметтік кепілдіктерді ұсынуы және негізгі конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуі тиіс;
• шаруашылық жүргізудің әр түрлі механизмдерін қолдануды реттеуі қажет;
• халыққа қажетті, бірақ пайдасы аз және тиімділігі төмен кәсіпорындарды ұйымдастыру мен қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыруы тиіс;
• басқару органдары аймақтың артта қалған аудандарын дамыту саясатын жүргізуі керек.
АЙМАҚТАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІН ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Дамыған шет мемлекеттердің аймақтық саясатты жүзеге асыру барысындағы тәжірибелерін ескеру қажет екендігі айқын. Өйткені, экономиканы басқарудағы жинақталған әлемдік тәжірибені оқып-үйренбей, оларды жан-жақтылы зерттемей экономиканы мемлекеттік басқарудың жаңа сатысына өту мүмкін емес. Ел экономикасын басқарудың орталықсыздандырылған жаңа жүйесіне өту барысында әлемдік тәжірибеде бар модельдерді, тұжырымдарды ескере отырып, елдің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына, ұлттық ерекшеліктеріне қарай аймақ экономикасын басқарудың өз мемлекетімізге тән үлгісін қалыптастыруға тиіспіз. Осы орайда бірқатар шет мемлекеттердің аймақтық саясатты қалыптастыру, оны жүзеге асыру бағытындағы оңды тәжірибелерін ұсынуды жөн санаймыз.
Мемлекеттің құрылымы аймақтық саясат саласындағы өкілеттіліктерді орталықсыздандыру немесе бөлу деңгейін анықтайды. Егер «интеграцияланған» мемлекеттер тәжірибесіне сүйенсек, онда Ирландия, Португалия, Греция сияқты мемлекеттерде аймақтық саясат мәселелеріне қатысты орталықтандырылған әдіс қолданылады. Бұл мемлекеттерде шағын жобаларға қатысты жауапкершілікті аумақтық деңгейге жүктеуге әрекет жасалынғанымен, жергілікті жерлерде қажетті тәжірибенің болмауы салдарынан одан әрі жалғасын таппады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz