ПИФАГОР ТЕОРЕМАСЫ - тік бұрышты үшбұрыштың қабырғаларының арасындағы байланысты тұжырымдайтын геометрия теоремасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ПИФАГОР (Руіһаебгаз) С а м о с с к и й (б. з. б. 570 ж. ш. -500 ж. ш. ) - ежелгі грек ойшылы, математик, діни және саяси қайраткер, пифагореиамнің негізін салушы. Самос аралында туған. Кейін Оңт. Италиядаш Кротон қаласына көшкен. П. заттардың мәні сан деп, ал Әлемді сандардың гармониялық жүйесі мен олардың қатынасы дөп есептеді. П. матем. саласындағы дәлелдеуді геометрияға жүйелі түрде енгізді, тік бұрышты фигуралардың планиметриясын құрды, ұқсастық ілімін жасады, өзінің есімімен аталған теореманы дәлелдеді (қ. Пифагор теоремасы), кейбір көпбұрыштар мен көп жақтарды салу есептерімен айналысты. Сондай-ақ жұп және тақ, жай және құрама, фигуралың және кемел сандар, арифметикалық, геометриялық және гармониялық пропорциялар мен орта шамалар туралы ілімдер де П-дың есімімен тығыз байланысты.

ПИФАГОРЕЙЗМ-дүниенің мәні сандық қатынастарда деген принципко сүйенген Ежелгі Грецияда (б. з, б. 6- 4 р. ) шыққан діни филос. ілім. Әуелде П. ілімі ауызша (жасырын) тараған. П. доктринасын жазба түрде алғаш баяндаған Филолай болды. 5 ғ-да П. бірте-бірте сократ-платон философиясымен ұштасты. Филолайдың СОЦРЫ шәкірттері Эврит, Ксенофил, Фантоп, Эхекрат, Диоігл және Полиминаст болды. П. идеялары б. з. 6. 1 ғ. яеопи-фагореизмнің дамуына негіз болды.

Дүниенің негізі материялық стихия деп қараған ионий мектебінен П-нің өзгешелігі мынада: олар стихияның өзінен гөрі оның формасына ерекше мән беріп, арифмет. -геометриялық құрылымын акустика және астрономиямен байланыстыра қарағаи. П-ге НРГІЗ болған сан жөніндегі ілім бойынша санды құдірет тұтын, әлемді сандар жүйесі доп, заттар мен адамды, рухани дүниені санға балап, өнердің өаін сандық қатынастар гармониясы (мүсіндеудің сандық «каноны», музыкаиы математикаландыру) ретінде дәріптейді. П-де әр санға өзіндік мән беретін (бірлік, бөлінбейтін тұтастық - абсолют, екілік - ұшы-қиыры жоқ шексіздік, үштік - осы шексіздіктің алғашқы формаға ие болуы, төрттік - осы үштік форманың денелік сипатқа ие болуының бастамасы т. б. ) ерекше арифмет. жүйе қалыптасады. Ертеректегі пифагоршылдар өлшемі әр түрлі металл пластинкалармен немесе түрлі деңгейде су толтырылған ыдыстарды бақылау арқылы квартаға ( 4 /з), квинтаға ( 3 /г) және октаваға ( 2 /І) сандық қатынастардың тән екенін анықтаған. Пифагоршылдар тон, жартылай тон, тіпті оның одан да кіші-гірім бөлшектерініц өлшемін анықтауда жаңа европалық акустика өлшемінен де дәлірек белгіледі. Бұл физикалық-арифметикалық акустика концепциясы бүкіл космосты қамтыды. Олардың түсінігінше, аспан әлеміндегі он сфераның әр қайсысы материалдық құрылымынын; қалпына, олардың құрамындағы денелердің геометриялық формаларының өзгешелігіне қарай өзіне тән дыбыс таратады. Зат айналымына негізделген жанның бір денеден екінші денеге көшіп қонуы арқылы мәңгі-бақи өмір сүруі жөніндегі орфик-пифагорейлік ілімі қалыптасты. Ежелгі мифологиядағы бинарлық (қос мәнділік) оппозиция жөніндегі аңызды философиялық жүйеге келтірген П-нің қарама-қарсылық жөніндегі ілімі болды. Оның ішінде: шектілік және шексіздік, тақ пен жұп, бірлік пен жиын, оң мен сол, еркек пен әйел, тыныштық пен қозғалыс, түзу мен қисық, жарық пен түнек, жақсылық пен жамандық, квадрат пен созымды тік төртбұрыш деген қарама-қарсылықтардың музыкалық-этикалык жарасымдылығыи Филолай гармония деп атаған. П. антикалық мәнде аскетизмді уағыздап, жан саулығы тән саулығын тілейді, жан мен тән ұдайы музыкалық әсерді қажет етіп, үнемі терең ойға шомып, болмыстың ең жоғарғы шегінен асқақ ләззәт алуы қажет деп дәріптеп, философиялық мистика мен музыканы, медицинаны бір тұрғыда қарайды.

ПИФАГОР САНДАРЫ - мәндері қабырғалар ұзындығына пропорционал (немесе тең) болатын тік бұрышты үшбұрыш құрайтын натурал сандар үштігі. Бұл үшін Пифагордың кері теоремасы (қ. Пифагор теоремасы') бойынша ол сандардың х 2 2 = 2 түріндегі диофант теңдеуін (қ. Диофант теңдеулері) қанағаттандыруы жеткілікті (мыс., х = 3, у = 4, z = 5) . Өзара жай Пифагор санының кез келген үштігі төмендегі формула бойынша анықталады:

х = т 2 -п' 2 , у =2тп, z=m 2 + n 2 , мұндары т және п - бүтін сандар (m>n>0) .

ПИФАГОР ТЕОРЕМАСЫ - тік бұрышты үшбұрыштың қабырғаларының арасындағы байланысты тұжырымдайтын геометрия теоремасы. Пифагор ттеоремасы Пифагорга (б. з. б. 6 г. ) дейін белгілі болған. Бірақ бұл теореманы жалпы түрде Пифагор дәлелдеген деп есептеледі. Пифагор теоремасының қысқаша тұжырымдамасы: тік бұрышты үшбұрыш-тың гипотенузасының квадраты катеттерінің квадраттарының қосындысына тең. ГІифагор теоремасына төмендегідей кері теорема да дұрыс: егер үшбұрыштың бір қабырғасының квадраты, оның басқа екі қабырғасының квадраттарының қосындысына тең болса, онда бұл үшбұрыш тік бұрышты болады. Пифагор теоремасы- Евклид геометриясындағы өте маңызды теоремалардың бірі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Tiк бұрышты үшбұрыштың бұрыштары мен кабырғаларының арасындағы қатынастар. Пифагор, косинустар, синустар теоремалары
Пифагор
Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасына салынған квадраттың ауданы катеттеріне салынған квадраттардың аудандарының қосындысына тең
7-8-9 сыныптардан геометриядан таңдау курстарын оқыту
Пифагор теоремасы маңызы
Мектепте матиматиканы үйретудің жалпы мақсаттары
Үшбұрышты пирамиданың кескінін салу
«Пифагор теоремасын басқа тәсілмен дәлелдеу»
Векторлық әдісті есептерді шығаруға қолдану
ҰБТ нұсқаларын шешу үлгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz