Педагогикалық технологиялар


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

.

Педагогикалық технологиялар.

Жоспар.

Кіріспе бөлім.

«Технологиялар», «теория», «әдістер», «әдістеме» «оқыту технологиясы», «педагогикалық технологиялар» ұғымдарының ара қатынасы.

Негізгі бөлім.

1. Педагогикалық технологиялардың түрлері.

2. Дәстүрлі оқыту технологиясы.

Қорытынды бөлім.

Педагогикалық технология біздің өмірімізде.

Технология ұғымы біздің жүзжылдықта негізгі жалпы ғылымдық ұғымдардың бірі болып саналады. Философиялық көзқарас тұрғысынан технология теория мен практиканың арақатынасы контексінде қарастырылады. Мәні жағынан ажыратыла отырып, теория мен практика әрқашанда бір бірімен өзара тығыз байланысты. Бұл әрекеттестіктің өзгешелігін сипаттай отырып, К. Поппер теория мен ирактиканың бірлігін бұзбау қажеттілігін атап көрсеткен. Философтардың дәлелдеуінше, теория адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталып, өзі туындап шыққан практикаға қызмет ету оның бағытын анықтайды, тәжірбиелік процестердің барысына тікелей емес, технологиялық үлгілер арқылы жанама түрде әсер етеді. Теорияның практикадан ажырауының негізгі себептерінің бірі-нақты қолданбалы теориялар мен технологиялардың жоқтығы. Осыған байланысты қазіргі уақытта педагогика ғылымында да технологиялық тәсілге қызығушылық арта түсті. Өсіп келе жатқан ұрпақты әлеуметтік тәрбиені меңгеруге дайындау сапасын жоғарлату мақсатында қазіргі кезеңдегі педагогикалық технологияларды пайдалану талпыныстары көптеген педагогтар мен тәжірбиелі мұғалімдердің оқыту және тәрбиелеуді жүйелі, тиімді процесуалды ұйымдастыруға деген ұмтылыстарынан туындады.

Көп уақыттар бойы «технология» түсінігі зерттеліп келді және педагогикалық ұғымдар қорынан тыс қалып келді. Шынайы мағынасы («шеберлік жөніндегі ілім») педагогикалық міндеттерге :

Педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау - сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылады.

Педагогикалық әдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: оқу-үйрену, тәрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру және дәстүрлі технологиялар, бағдарламаластырылған және пролемді оқу технологиялары, авторлық технология және т. б.

Алғашқыда педагогтар «педагогикалық технология», «оқу- оқыту технологиясы » және «тәрбиелеу технологиясы» ұғымдарының өзіндік мән- мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу және тәрбие аймағындағы педагог іc-әрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан «педагогикалық технология» мәні «оқу технологиясы», «тәрбие технологиясы» ұғымдары мәндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау.

Педагогикалық технология- бұл педагогикалық әрекетер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Әрі сол жобаның дәл жаңғырып іске асуы.

Педагогикалық технология кешенді, бірігімді процесс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау және білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды.

Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі-теориялық негізде орындалуы. Екіншісі-тәжрибемен жүзеге келуі.

Сонымен, технология астарында не жатыр? Оқу технологиясы бар ой жаңалықты емес. Кезінде оны Я. А. Коменский де дәріптеген. Ұлы педагог-ғұлама 16-ғасырда-ақ оқудың «техникалық» болатының уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нәтиже беретін жолдарын іздестіріп бақты. Я. А. Коменский еңбектеріне үңіле түссек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: «Дидактикалық машина үшін қажет нәрсе-1) түбегейлі ойластырылған мақсаттарды 2) сол мақсаттарға жетуге дәл икемдестірілген жабдықтарды; 3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табуымыз керек»

Осы заманғы дидактикада әр қилы оқу технологиялары көрініс беріп жүр. Олардың көп түрлі болуы себебі- әр автор мен орындаушының педагогикалық процескеөзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс ендіріп баруымен байланысты.

  • Дидактикада оқу технологиялары төмендегідей сипаттарымен жіктеліп, топтастырылады) ;
  • Философиялық негізі: ғылыми және діни, гуманистік және әміршіл-әкімшіл (авторитарлық) ;
  • Тәжірибе меңгерудің ғылыми негіздемесі(концепция) : байланыс- жауапты (ассоциатив-рефлекторлы) ; іс-әректті (бихевиористік), іштей ұғу (интериоризаторлы), дамытушы;
  • Тұлғалық құрылымға бағдарлануы: ақпараттық (білім, ептілік және дағдылар қалыптастыру), шығармашыл (эвристикалы- дарын қабілеттерін дамыту), қолданбалы (тұрмыс-тәжірбиелік әрекеттер қалыптастыру) .

-Дәстүрлі оқу жүйесін жаңалау бағыты модернизация; оқушы іс әрекетінің белсенділігін көтеру және жеделдестіру технологиясы; мұғалім және оқушы арсындағы қатынастарды адамиластыру мен демократияластыру негізінде жасалған технология; оқу материяалын дидактикалық қайта түзеуге негізделген технология және т. б.

Оқу технологиясының топтастырылуы, сонымен бірге, нақты кезеңде басым болған мақсаттар мен міндеттерге, оқуды ұйымдастыру формасының қолдануына, дәл кезкеңде қажет болған әдістерге және басқа да негіздемелерге тәуелді келеді.

Оқу технологиясын оқу әдістемесінен ажырата білген жөн. Олардың бір бірінен айырмасы оқу технологиясын қайталап, көбейте таратуға болады. Қай жағдайда да технология өзіне сай түзілген оқу процесінің жоғары сапасына және педагогикалық міндеттердің табысты шешілуіне кепіл бола алады. Ал әдістеменің соңғы тиімді нәтежиеге жете алмауы жиі кездеседі. Сонымен бірге, әдістеме технологиялық деңгейге дейін көтерілуі мүмкін. Мысалы, жаңа материалды түсіндірудің белгілі әдістемесі бар. Егер ол әдістеме шынайылық, сенім, сәйкестік талаптарына технологиясы педагогикалық шеберлікпен өзара байланысты. Оқу технологиясын жете білудің өзі шеберлік. бір технологияны әрбір оқытушы жеке іске асырып орайласса, оны технология деп тануға болады.

Оқу отыруы мүмкін, ал осы іске асырудағы технологиялық ерекшеліктерден мұғалімнің оқу шеберлігі көрінеді.

Жалпы түрде теория біркелкі, тұтас құбылыстар немесе оның элементтері мен қызметтерінің жиынтығын сипаттайтын заңдар, категориялар, ұғымдар, тұжырымдамалар, қағидалар жүйесі ретінде қарастырылады.

Әдіс кең мағынада, субьект әрекетінің кезкелген формадағы тәсілі, бір нәрсеге жетудің жолы деп есептеледі. Кез келген ғылыми әдіс оның қажетті алғы шарты ретінде қарастырылатын, белгілі бір теория негізінде зерттеледі. әдістің негізгі қызметі -ісәрекетті реттеу және бағдарлау. «Әдістеме» ұғымы адамның әрекетіне қатыссыз тәрбиелеу мен оқытудың әдістері мен тәсілдерінің кешенін пайдалану тәртібін білдіреді.

Оқыту әдістері педагогикада педагогикалық процеске қатысушылардың бірлескен әрекеттерін ұйымдастырудың тәсілі ретінде анықталады.

«Әдістеме» ұғымы адамның әрекетіне қатыссыз тәрбиелеу мен оқытудың әдістері мен тәсілдерінің кешенін пайдалану тәртібін білдіреді.

Оқыту әдістемесі - пәнді оқытудың ғылыми дәлелденген әдістер, ережелер, тәсілдер жүйесі және оқыту теориясын қолдану болып табылады. Мысалы: «интеграл» ұғымын қалыптастыру әдістемесі математикалық ұғымдарды қалыптастыру теориясының талаптарын және «интеграл» ұғымының өзіндік ерекшелігін ескере отырып, жете зерттеледі. Сондықтан әдістеменің мақсаты теориялық ережені нақты құбылыс тұрғысына қарай алмастыруымен қорытындыланады.

Теориялар, әдістер мен әдістемелер оқыту технологиясының айырмашылығы оқыту процесінің барлық байланыстылықтарын ұйымдастырушылықпен реттеуді, оның кезеңдерін құрастыруды, білім алушының мүмкіндіктеріне сәйкес жүзеге асыру жағдайларын бөліп көрсетуді талап етеді.

Сондықтан оқу технологиясы - оқыту процесінің алдын ала жоспарланған, оқытудың диагностикалы қойылған мақсатына практикада жүйелілік және бірізділікпен жету құралдары. Г. И. Саранцевтің пікірінше, осы пәнге оқыту теориясы оқытудың әдістемелік жүйесінің іске асу заңдылықтарын айқындайды, әдістеме оны қолдануды қарастырады. Бұл тұрғыда технологияның ролі мақсаттарды диагностикалауға және шарттарды айқындауға (әдістер, формалар, құралдар, байланыстар), яғни белгіленген мақсатқа жетуге мүмкіндік беруді жүзеге асыратын жобалауға процесіне жүгінеді. Сондықтан технология теория мен әдістемені өзгертпейді, оларға негізделеді, оның тиімділігі олардың даму деңгейіне тәуелді болады.

Ал педагогикалық технология педагоикалық процеске қатысушылардың барлық көрінісінде белсенді іс-әрекетін көздейтін, білгіленген қасиеттері бар өнімді алуға мүмкіндік жасайтын процестермен әдістердің бірізділігі мен жиынтығы ретінде қарастырылады.

Педагогикалық технологиялардың түрлері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық технологиялардың анықтамасы
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру жолдары
Болашақ педагог-психолог маманның құзырлылығын қалыптастыру
Кәсіптік мамандарын даярлаудағы педагогикалық технологиялар
Оқыту технологиясының сипаттамасы
Авторлық мектептің педагогикалық технологиялары
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын жетілдіру
Технологиялар туралы ұғымдар. Педагогикалық технологияларға негізгі сипаттамалар
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану – кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың маңызды элементі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz