Тәрбиенің жеке тұлғаға бағытталуы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Педагогика теориясы мен тәжірибесінде тәрбие мазмұны ең маңызды және көкейкесті ұғымдардың бірі. Қазіргі тәрбие мазмұны ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір тарихи кезеңде қоғамдық сананың даму ерекшеліктеріне идеяалық жэне қүндылық ұстанымдарға байланысты жетіліп отырды.

Ұрпақтардың табиғи түрде алмасуы қай кезде болмасын маңызды қоғамдық міндет больш табылатын алдыңғы

байланыстары мен катынастары. Педагогика теориясы мен тәжірибесінде тәрбие мазмұны ең маңызды және көкейкесті ұғымдардың бірі. Қазіргі тәрбие мазмұны ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір тарихи кезеңде қоғамдық сананың даму ерекшеліктеріне идеяалық жэне қүндылық ұстанымдарға байланысты жетіліп отырды.

Ұрпақтардың табиғи түрде алмасуы қай кезде болмасын маңызды қоғамдық міндет больш табылатын алдыңғы

ұрпақтардан келесі ұрпақтарға әлеуметтік тәжірибені жинақтап жеткізетін тәрбие процесі орындалатын білім беру жүйесіне қоғамның аса көп көңіл аударуын талап етіп отырған.

Тәрбие мазмұнын жаңаша қарастыру, оны іске асырудағы тұлғалық бағдарлық және іс-әрекеттік тәсілдер ғалымдар мен педагогтарды жеке тұлғаны қалыптастыру міндеттерін шешудің тиімді құралдарын тұтас педагогккалық процесс тұрғысынан іздестіруге ынталандырады.

Тәрбие мақсаттарын тереңінен білу педагогтарда негізінен қандаи адамды қалыптастыруы қажет екені туралы, өздерінің іс-әрекеттеріне не нәрсе саналылық, айқын бағыт, қисындылық беретіні туралы көзқарас тудырады.

Сонымен қатар тәрбие мақсаттарының одан ары айқындалуы оның міндеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері тәрбиелік жұмыстардың мазмұнын анықтауға тікелей қатысты.

Тэрбие мазмұны ~ әр тұлғаның өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне қамтамасыз етуге, оның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасауға бағытталған, қоғамның экономикалық жэне әлеуметтік даму көрсеткіштерінің бірі. Сонымен бірге, тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке тәрбиелеу, өз қоғамына тығыз байланысты, жэне сол қоғамды жетілдіруге ұмтылған адам және азамат қалыптастыру қамтамасыз етіледі.

Әлеуметтік тэжірибені меңгеру адамдардың, халықтардың қандай болса да нәсілдік, ұлттық, тайпалық, діни және әлеуметтік топқа жататындарына қарамастан, өзара түсінушіліктерін, ынтымақтастықтарын нығайтуылары тиіс, сонымен қатар, әр-түрлі дүниетанымдық көзқарастар ерекшеліктерін ескерулері қажет.

Тұтас педагогикалық процесс теориясында педагогикалық процесс мәнінің қазіргі қоғамдағы тәрбие мақсаты - қоғамның шығармашылық іс-әрекетін белсенді қатыса алатын үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастырумен толық сәйкес келуіне көп көңіл аударылады. Сондықтан да педагогикалық процесстің негізгі тәрбиелік механизмдері оқушыларға қатысты барлық іс-әрекеттер түрлері қалыптасатын қатынастар жазықтығында орналасқан.

Жеке тұлға тек өз іс-әрекеті арқылы ғана дамитыны бәрімізге белгілі. «Іс-әрекет тек қана менікі, менің жүрегімде тууы тиіс» - деп кезінде К. Д. Ушинский түсінікті де, әсерлі анықтама берген.

Сондықтан да педагогтар тәрбие процессін үйымдастыру барысында балалар эрекеттерінің ішкі мотивтеріне сүйене отырып, тәрбиеленушілердің кез келген әрекеттер түрін мазмұнды етіп толықтырулары қажет.

Тәрбие мазмұнының мәселесі тәрбие бағдарламаларымен тығыз байланысты. Нақты бір білім беру мекемесіндегі тэрбие мазмүны мекеменің өз бетінше жасап, қабылдап іске асыратын білім беру багдарламаларымен анықталады. Тәрбие багдарламалары тәрбиенің негізгі мақсаттары мен міндеттер шеңберін анықтап, тэрбие мазмұнының сипаттамаларын, ерекшеліктерін, негізгі бағыттарын ашып көрсетеді.

Қазіргі қоғам жастарын тәрбиелеудің стратегиялық бағыты ретінде делдалдық қасиетке ие, жалпы адамзаттық құндылықтарды игере алатын, ұлттық санасы дамыған, көп мәдени тұлғаны қалыптастыру болып саналады. ^

нуманизм ең алдымен адамның адамдығын білдіреді: адамдарға деген махаббат, сүйіспеншілік, психологиялық сабырлықтың жоғарғы деңгейі, адамдар арасындағы қарым-қатынастағы мейірімділік, тұлғаны сыйлау, қошеметтеуді көрсетеді. . «Гуманизм» ұғымы адамды ең жоғарғы құвдылық ретінде санайтын құндылық бағдарлары жүйесі ретінде қалыптасады.

Гуманизмді қазіргі заман талабына сай қарастырсақ онда адам тұлғасының тұтас, жан-жақты қалыптасуына көп көңіл бөлінеді. Сондықтан да педагогтар тәрбие процессін үйымдастыру барысында балалар эрекеттерінің ішкі мотивтеріне сүйене отырып, тәрбиеленушілердің кез келген әрекеттер түрін мазмұнды етіп толықтырулары қажет.

Тәрбие мазмұнының мәселесі тәрбие бағдарламаларымен тығыз байланысты. Нақты бір білім беру мекемесіндегі тэрбие мазмүны мекеменің өз бетінше жасап, қабылдап іске асыратын білім беру багдарламаларымен анықталады. Тәрбие багдарламалары тәрбиенің негізгі мақсаттары мен міндеттер шеңберін анықтап, тэрбие мазмұнының сипаттамаларын, ерекшеліктерін, негізгі бағыттарын ашып көрсетеді.

Қазіргі қоғам жастарын тәрбиелеудің стратегиялық бағыты ретінде делдалдық қасиетке ие, жалпы адамзаттық құндылықтарды игере алатын, ұлттық санасы дамыған, көп мәдени тұлғаны қалыптастыру болып саналады. ^

нуманизм ең алдымен адамның адамдығын білдіреді: адамдарға деген махаббат, сүйіспеншілік, психологиялық сабырлықтың жоғарғы деңгейі, адамдар арасындағы қарым-қатынастағы мейірімділік, тұлғаны сыйлау, қошеметтеуді көрсетеді. . «Гуманизм» ұғымы адамды ең жоғарғы құвдылық ретінде санайтын құндылық бағдарлары жүйесі ретінде қалыптасады.

Гуманизмді қазіргі заман талабына сай қарастырсақ онда адам тұлғасының тұтас, жан-жақты қалыптасуына көп көңіл бөлінеді.

Бұл жан-жақтылық оның интеллекгуалды, рухани, адамгершілік, дене жэне эстетикалық қабілеттерінің үйлесімді дамуы арқылы айқындалады. Сонымен, гуманизм тұрғысынан, тәрбиенің түпкі мақсаты болып әрбір адамның таным, қарым-қатынас, іс-әрекет жасаудың толық субъектісі болуы, ягаи, өмірде орын алатын барлық жағдайларға жауапты, тәуелсіз, дербес т^лға бола штуы

Тулғанын

жақты үйлесімді дамуы туралы түсініктер сонау көне дәуірдің философиялық ілімдерінде, қайта өркендеу дәуірінің гуманист-педагогтарының еңбектерінде кездеседі. Біздің заманымызда да бұл ұғым өзекті орын алып отыр. Түрлі тарихи кезеңдерде жан-жақты үйлесімді даму ұғымына түрлі түсініктер берілген. Тек адамның жақсы болуға, жан-жақты жетілуге деген ұмтылысы ғана бірдей болған.

Барлық халық ертегілерінде, аңыздарында жағымды кейіпкерлер образдары арқылы адам тұлғасын жан-жақты жетілдіру ойлары орын алып отырған. Жан - жақты жетілген адам туралы көзқарас әдебиет пен өнер шығармапарында, халық шығармашылығында дамытылып отыр.

Жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру -тәрбиенің басты мақсаты. Бірақ, кез келген қоғамда тәрбие мақсатының екі түрлі маганасы болатынын айтып өту керек, яғни тұлғаның екі педагогикалық идеалы болады. Бірінші идеал өте жоғары деңгейде қарастырылады, ол идеал-мақсат, ол тәрбиенің ең жоғарғы мәнісін- өмірге келген әр адамға өзін-өзі іске асыруға, өздігінен дамуға мүмкіншіліктер жасауды камтамас етуге бағытгалған арманға ұқсайды. Ол тәрбиеленушілерді неғұрлым жақъшырақ жетелейтін жаркын үлгі, негізгі бағыт-бағдар. Екінші идеал неғұрлым, шындыкқа жақьшырақ, күнделікті өмірде орын алуы мүмкін. Тәрбиеленушілер үшін олар жарқын тұлғалар, сол заманның белгілі ардагерлері, жағымды кейіпкерлер, солардың орнында болуды армандайтын, үлгі алғысы келетін атақты адамдар.

Тәрбиенің жалпы мақсатьш іске асырудағы қиыншьшықтар жалпы білім беретін мектептің міндеттерін қайта қарастырып нақтылауды талап етеді. Әлеуметтік институт ретінде мектеп педагогикалық процесске қатысушылардың өзін-өздері іске асыруларына және өздерінің өмірдегі орнын анықтай алуларына жағдай жасауға тырысады.

Тұлғаны жан-жақты дамыту идеясын іске асыру негізінде баланың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, оның ақыл-ойын дене бітімін, күш-жігершілігін үйлесімді дамыту заңының талаптары жатыр.

Қазіргі кезде ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде тіедагогтардың тәрбие мазмұны жайлы айтатын пікірлері бірдей емес. Мектепті ізгілендіру және демократиялавдыру процесстерімен қатар басқа да сұрақтар кеңінен талқыланып, олардың шешілуі тәрбиені жаңа сапалы деңгейге көтеруі тиіс. Бірақ барлық зертхеуші-педагопардың тәрбие мазмұны жайлы ізденістері мынандай маңызды идеяларға негізделген: І. Тәрбиенің мақсаттарын нақты түрде қою.

2. Мектептің, жанұяның педагогикалық процессівде балалар мен улкендердің ынтымақтастығы.

З. Адамның өмірдегі өз орнын анықтай білу мәдениеті. 4. Тәрбиенің жеке тұлғаға бағытталуы. Аса көп көңіл бағдарламалар мен іс~шараларды орындауға емес, тек балаға бөлінуі керек. З. Баланың қабілеттерін, қызығушьшықтарын, ескере отырып, баланы өз еркімен тәрбиеге қатыстыру. б. Ұжымдылыққа бағыттау.

Қазіргі кезде көптеген авторлар тәрбие ұгамын жеке түлғаны жалпы адамзатгық мәдениетке ендіру процесі ретінде, және оның жоғарғы құндылықтар негізінде өзін қоршаған шынайы өмір мен үйлесімді бірігіп тіршілік ету қабілеттерін қалыптастыруды қарастырады.

Тәрбиенің жалпы мақсатымен бірге тәрбие процессінде әр тәрбиеленуші үшін жеке мақсат, жеке даму жолы болуы тиіс. Себебі әр бір адам дара, қайталанбас жан. Әр адамның өзінің жан дүниесі, өз мақсаттары, ұмтылыстары, өзінің өмірлік ұстанымдары болады.

Егер де біз жеке түлғаны тұтас қурылым деп қарастыратын болсақ, онда оқушы тұлғасын қалыптастыру мәселесі оқушыларға іс-әрекет мазмұнын, түрін, формасын таңдап алуға мүмкіндігі мол оқу материалын меңгеру кезінде де жөне оқудан тыс жұмыста да

шешіледі.

Тәрбие стратегиясының нақты ұстаішмдары "Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарыңда тәрбиелеудің кешенді бағдарламасында" анықталған. Мектептегі тұтас педагогикалық процессті ұйымдастыру барысында мұғалімдер төмендегі аталып отырған принциптерді іске асыруға қабілетті болулары қажет:

- педагогтың тәрбиеленушіні өз дамуына өзі жауапты субъекг ретінде қарастырып отыр, тәрбиенің гуманистік бағытта жүргізілу принципі;

- табиғи жэне әлеуметтік мәдени процесстердің өзара байланысын ғылыми тұрғыдан түсінуді қарастыратын табиғатқа

сәйкестілік принципі;

- жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген ұлттық мәдениет ережелері мен регионалдық дәстүрлерге сәйкес тәрбиелеуді қарастыратын мәдениетке сәйкестілік принципі;

- әлеуметтік бейімделу дағдыларын, өзін-өзі іске асыруды қамтамасыз ететін әлеуметтік әрекеттестіктің тиімділік принципі;

- тұлғаның әлеуметтік және мәдени құзырлығын (компетенттігін) дамыту принципі.

Тәрбие мазмұны жеке тұлғаның жан-жақгы дамуын қамтамасыз ететін іс-әрекет түрлері арқылы іске асады. Оған: көзқарасты қалыптастыру, адамгершілікке, еңбекке баулу, түлғаның саяси-идеялық, эстетикалық дамуы, дене шынықтыру, оқушылардың түрлі іс-әрекеттеріне, сыныптан тыс және мектептен тыс жүмыстарға жағдай жасау жатады.

Адамның жеке тұлға ретінде дамып қалыптасуында әлеуметгік тәжірибе мен жалпы адамзаттық мәдениеттің маңызы зор. Кең маганада мәдениет адам іс-әрекетінің белсенді-шығармашъілық сипатында қарастырылады. Әлеуметтік ортадағы әр

бір адам мәдениеттің материаддық, рухани, әлуметгік-нормативті болып бөлінетін үш бөлігін игеруі тиіс. Жалпы адамзаттық мәдениеттің әр -бір бөлігі әр адамның дайындық деңгейінің бір қырын көрсетеді.

Мәдениеттің белгілі бір саласының немесе бір іс-әрекет түрінің дамуына байланысты, қоғамда өсіп келе жатқан ұрпақты осы іс-әрекет түріне дайындау қажеттілігі туындаған. Яғни, нақты бір іс-әрекет түріне даярлауды үйымдастыру төрбие түрін анықтайды. Мысалы, өнердің дамуына байланысты эстетикалық тәрбие қажетгілігі туындады. Әлеуметтж-экономикалық бағыттың дамуымен қоғамның нарықгық экономикаға, нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңінде жас ұрпақты экономикалық тәрбиелеу қажеттілігі пайда болды. Яғни, қоғамдағы барлық процесстер өзара тыгаз байланысты да, өзара келісілген.

Тәрбиенің барлық түрлері мектептің түтас педагогикалық процессінде ғылым негіздерін үйренуде, сонымен қатар отбасында да жүзеге асады. Оқушылар мектептегі білім мен тәрбие алған барлық жылдары бойы адамзат еңбегімен құрастырылған өмір мен мәдениет құндылықтарымен танысады.

Педагогикалық әдебиеттерді талдау барысында тәрбие түрлерінің әртүрлі негіздер бойынша топтастырылатыны көрінеді. Ең жалпылама топтастыру көне дәуір философтарының ілімдерінен бастау алатын ақыл-ой, рухани, адамгершілік, еңбек, дене тәрбиесін қамтвды.

Қоғамдағы әлеуметгік экономикалық өзгерістерге және тәрбие жұмысының көптүрлілігіне байланысты азаматтық, саяси, ұлтаралық, адамгершілік, эстетикалық, еңбек, дене шынықтыру, құқықтық, экологиялық, экономикалық тәрбие турлерін ажыратады.

Әр түрлі әлеуметтік институттарға қарайтындығына байланысты отбасылық, мектептік, мектептен тыс, конфессиялық (діни), балалар, жасөспірімдер ұйымдарындағы, арнайы білім беру мекемелеріндегі тәрбие түрлері болып бөлінеді.

Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктеріне байланысты авторитарлық, демократиялық, либералдық, еркін тәрбие түрлері орын алады.

Философиялық тұжырымдардың ерекшеліктеріне сәйкес прагматикалық, аксиологиялық, ұжымдық, жеке тәрбиелеу түрлері боладьі. Қыскаша түрлеріне тоқталып өткен жөн.

^Ақыл-ой тәрбиесі - балалардың ақыл-ой күштері мен қабілеттерін дамыту, ой еңбегін игеру арқылы қоғам, табиғат, адам туралы ғылыми білімдер жүйесін меңгеру процессіне мақсатты және жоспарлы түрде ықпал ету.

Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты - балалардың ақыл-ой күштерін және интеллектуаддық қабілеттерін дамыту,

Жеке түлғаның адамзат мәдениетіне ену процессінде білімнің ролі, ақыл-ой мәдениетінің құрамды бөлігі ретівде қарастырылатын тұлғаның ғылыми көзқарасы өте өзекгі. Ақыл-ой тәрбиесі барысында балалардың танымдық қызығушылықтары, логикалык ойлау, есте сақтау, зейін қою, елестету қабілеттері, икемділіктері мен дарыңдылықтары дамиды.

Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері:

- танымдық қызығушылықты дамыту;

- танымдық белсенділікті қалыптастыру;

- белгілі білім көлемін меңгеру;

- ғылыми көзқарасты қалыптастыру;

- ақыл-ой күштерін, қабілеттерін дамыту;

- ғылыми ақпараттар ағысында өз бетінше білім алуға ынталандыру.

Ақыл-ой тәрбиесі ғылымдар негіздерін, өндірістің ғылыми принциптерін зерттеуді қарастырады. Ақыл-ой тәрбиесі білімді тереңдетуге, бекітуге, оның тәжірибелік мәнін түсінуте септігін тигізеді.

Ақыл-ой тэрбиесін жүргізу барысында мұғалімдер оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп отырулары тиіс. Кейбір балаларда дарындылықтары бір салада жақсы байқалса, басқаларыныкі - басқа салада байқалады. Жас ерекшеліктері бірдей болсада балалар арасында тез немесе өте баяу жұмыс жасайтын, ойлау, есте сақтау мүмкіндіктері және меңгерген теориялык материалды қайта айтып беру қабілеттері әр-түрлі оқушылар кездеседі.

Адамгершілік төрбиесі - тұлғаның әлеуметтік ортада тіршілік етуіне қажетті қоғам тапабына сай балалар бойында тұрақты моральдык қасиеттерді, нормалар мен адамгершілік идеалдарды, жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамгершілік қасиеттерді үйрету және қалыптастыру.

Адамгершілік тәрбиенің мақсаты - жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген тұтас адамгершілік тұлғаны қалыптастыру.

Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны мораль, этика, адамгершілік, адамгершілік ұгамдар, түсініктер, сезім, әдептілік, өзін-өзі ұстау мәдениеті деген ұғымдармен тыгаз байланысты болады. Адамгершілік тәрбиесінің бір ерекшелігі оның оқушылардың іс-әрекеттерінің кез келген түрімен байланысты болуында.

Ддамгершілік тәрбиеніа мшдеттері:

- адамгершілік сана-сезімді қалыптастыру;

- адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу және дамыту;

- адамгершілік мінез-құлықтың әдеттері мен іскерліктерін қалыптастыру;

- адам санасында оның қоғаммен байланыстылығын, қоғамға тәуелділігін, қоғам мүдцесіне өзінің мінез-құлқын сай болу қажеттілігін қалыптастыру;

- қоғамның адамгершілік идеадцарымен, талаптарымен таныстыру, олардың заңдылығы мен парасаттылығын дәлелдеу;

- өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге талпынуды қалыптастыру.

Адамгершілік адамның тұлғалық сипаты болып саналады да, мейірімділік, парасаттылық, адалдық, шыншылдық, әділдік, еңбек сүйгіштік, тәртіптілік, ұжымдылық деген қасиеттерді біріктіреді. Ұлы Абай шығармашылығының негізгі өзегі - адамның адамгершілігі, ар-ұяты, ақылдылығы болып келеді, мысалы «Адам бол», "Өзіңдегі адамгершілікті сақта"- деген өсиеттері осыны айғақтайды.

Сонымен қатар, адамгершілік тұлғаның басқа "Мен"- дермен әрекеттесу процесін қамтитын қарым-қатынастар жүйесі болып табылады. Осы қарым-қатынастар адамгершілік нормалар мен мінез-құлық механизмдерін игеруге әкеледі (Хмель Н. Д. ) . Тұлғаның адамгершілік нормалары мен талаптарын меңгеру механизмдерінің ерекшеліктері адамгершілік тәрбиеге жағымды психологиялық жағдай тудырумен, адам іс-әрекеттерінің адамгершілік жақтарын және нәтижелерін бағалаумен тығыз байланысты болады.

Бірақ қоғам өмірінің нормаларын қадағалап қорғайтын заңдардың маңыздылығын қарастырмай адамгершілік тәрбиесінің мазмұны толық ашылмайды.

Құқықтық тәрбие дегеніміз балалардың қүқүқтық сана-сезімін, қоғамдағы құқықгық нормалар мен қ^құқтық мәдениетті сақтау, заңды құрметтеу дағдыларын қалыптастыру.

Қуқықтық тәрбиенің мақсаты -оқушыларды күрделі қуқықтық қоғамдық қатынастармен таныстыру.

Қукыктық тәрбиенік міндеттері:

- құқықтық мемлекеттік азаматьш тәрбиелеу;

- өмірге қажетті қарапайым заңгерлік сауатылықты меңгеру дағдыларын қалыптастыру;

- балаларды өз кұктарымен міндеттері мен құқықтық жаупкершіліктерімен, кұқыктық қатынастармен таныстыру.

Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын бірнеше заң құжаттары бар. Балаларды қоғамдық өмірге дайындау маңыздылығы, және ұлттық сана-сезім мен азаматтықты тәрбиелеу принциптері негізінде жасалған бала құқығы мен мүдделерін іске асыруда пайда болатын қатынастарды қадағалайтын "Балалар кұқықтарының декларациясы", Қазақстан Республикасының "Балалар қүқығы туралы заңы", "Балалар құқығы туралы конвенция" іске асырылуда.

Әлеуметтік ортадағы өмір өр адам бойында өз Отанына деген сүйіспеншілікті, азаматтық қасиеттерді қалыптастыруды талап етеді, Әр бала жеке тұлға болуға, өз өмірін өзі құруға, өз ойын еркін айтуға, азамат болуға құқылы.

Азаматтық тәрбие дегеніміз балаларды қоғамның саяси өмірінің негіздерімен таныстыру, өзінің азаматтық міндетгерін орындауға дайывдыган қалыптастыру.

Азаматтық тәрбие жеке тұлғаның азаматтық сана-сезімін, конституциялық, құқыктық көзкарасын қалыптастыруды қарастырады.

Азаматтык тәрбиенің негізгі мақсаты - адам бойывда отанға деген сүйіспеншілік сезімін, қоғамның адамгершілік вдеалдарын,

бейбітшілікке деген ұмтылысын, қоғам мүддесі үшін еңбек ету қажеттілігін тәрбиелейді.

Азаматтык тәр^иенің міндеттері:

- тұлғаның өз абыройын бағалап кұрметгеу сезімш, жеке тәуелсіздігін және тәртіптілігін қалыптастыру;

- адамға өзін заңды, саяси, әлеуметтік тұрғьщан әрекетшш екенін сезіндіретін тұлғаның азаматтылыган қалыптастыру;

- тұлға бойында басқа азаматгарға және мемлекетке деген сыйластық және сенімділік қатынастарын қалыптастыру;

Қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау, оны қорғауға деген даярлық адамгершілік тәрбиесінің бір бөлігі ретівде қарастырылады.

Эколопшлық тәрбие - ол бала санасында табиғатты қорғау, аялау сезімін, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Экологияльщ тәрбие максаты - окушыларда табиғатқа, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды, оны қорғауға даярлықтарын қалыптастыру.

ЭКРЛОГИЯЛЫК тәрбиенің міндеттері: жас ұрпақ пен барлық тұрғындардың жоғарғы экологиялық мәдениетін бірізді дамыту; табиғатка қоғам дамуының материалды және рухани күштердің қайнар көзі ретінде карап, оның тағдыры үшін жауапкершілікті сезіну;

адамдардың санасы мен іс-әрекетгерівде табиғат байлықтарын тиімді пайдаланып, оларды сақтау кағидаларынқоршаған ортаға зиян келтірмей кейбір шаруашылық-экономикалық мәселелерді шешетін дағдылар мен іскерліктерді

қалыптастыру.

Үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастырудың маңызды және көп ғасырлар тәжірибесінен тексеріліп өткен қағидасы тәрбиенің бастамасы еңбекке баулу екені анық. Еңбек, адам Іс-әрекетгерінің негізгі түрі бола тұра, жеке тұлғаны дамыту факгоры, және әлемді шығармашылық тұрғысынан меңгеру тәсші ретшде қарастырылады.

Еңбек тәрбиесі дегеніміз еңбек етуге психологиялық даярлықты, еңбекке деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру, еңбек тәртібі мен мәдениетін меңгеру.

Вцйеіг тәрбиесінін максащ - балалардың еңбекке деген дұрыс көзқарастарын, еңбек етуге даярлықтарын, мамандыкты саналы таңдауларын қалыптастыру.

Енбек төрбиесінің міндеттері:

- окушыларды еңбек іс-әрекетінің әр түріне мақсатты бағыттайтын жалпыға пайдалы еңбек қажеттілігін қалыптастыру;

- белсенділік, іскерлік, еңбекті құрметтеу сиякгы қасиеттерді дамыту;

- тұлғаның қайсарлығьш, ұкыптылығын, тапқырлығын, ептілігін және басқа да жігерлік қасиеттерін дамытатын қажетті дағдыларды бекіту;

- жастарға кәсіптік бағдар беру, оқушыларды еңбек іс-әрекет түрлерімен уақытылы таныстыру;

- оқушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін, ұжымдық еңбекте ынтымақтастық және өзара көмектесу, өзара жауапкершілік сезімдерін дамытур

Окономикалық тәрбие дегеніміз балалардың нарықтық экономика жағдайыида шаруашылықты тиімді жүргізу қағвдалары мен нормаларына сай сана-сезімдерін, дағдыларын, іскерліктерін, талаптары мен мүдделерін қалыптастыруға жүйелі және мақсатты ықпал жасау.

Экономикалық тәрбиенін максаты - тиімді экономикалық іс-әрекетке байланысты экономикалық ұғым мен сана-сезімді қалыптастыру.

Экономикалык төрбиенің міндеттері:

- экономикалық сана-сезіммен ақыл-ойды, саналы мұктаждықтар мен кажеттіліктерді қалыптастырып бекіту;

- адам бойында үкыптылық, тәртіптілік, үнемшіддік, іскерлік, ұйымдастырушылык, еңбек сүйгіштік сияқты қасиеттерді қалыптастыру;

- бапалардың шығармашылықпен еңбек ету және тиімді, үнемді, аз шығындармен жоғары нәтижелерге жете алу іскерліктерін дамыту;

- тиімді экономикалық іс-әекетке деген ынта мен талпынысты қалыптастыру.

Дене шынықтыру тәрбиесі дегеніміз адам денсаулығын сақтау мен нығайту және дененің дұрыс дамып калыптасуына жеткізу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбиенің ұзаққа созылатын процессі
Дене тәрбиесі жүйесінің қағидаларының рөлі
Европалық білім кеңістігіндегі білім сапасын арттыру жұмыстарына салыстырмалы-педагогикалық талдау
Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі
Тәрбиенің қазіргі жағдайы
Қоғам дамуында тәрбиенің тигізетін әсері
Әлеуметтену агенттері мен институттары
Тәрбие әдістерінің классификацисы
Тәрбие жұмыстары бағытында озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және жинақтап қорытындылау
Тәрбиенің қазіргі жағдайы, аналитикалық тәрбие.
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz