Эстетикалық мәдениетті қалыптастырудың маңызы


Эстетикалық мәдениетті
қалыптастырудың маңызы
Қазіргі жаңарған қоғам шығармашыл белсенді, өз мүмкіншілігін толық атқара алатын және жоғары дене қабілетін меңгерген, өзіне сенімі мол, салауатты-сауқатты, жан-жақты мәдениетті қыз бала тұлғасын қалыптастыру қажеттілігін талап етуде. Өйткені, мәдениетті қыз ғана ғажап биік деңгейге көтеріле алады.
Қыз баланың жеке тұлғасының мәдениеті - күрделі сапа жүйесі. Ал күрес спортымен шұғылданатын қыз бала мәдениетінің көрсеткіші деп нені айтуға болады?
Біздіңше, қыз бала тұлғасының мәдениеті дегеніміз - инабаттылық, сыпайлық, жинақталған білімдер, тәжірибелермен әрекеттер, мінез - құлықтар. Ең бастысы, қыз бала тұлғасы мәдениетінің негізгі және құрамды буыны оның эстетикалық мәдениетінің болуын қажет етеді.
«Эстетика» - гректің «эстетиз» деген сөзінен алынған, ол «сезімдік», «сезіммен қабылдайтын дарындылық» деген ұғымды білдіреді.
Эстетикалық мәдениет - рухани мәдениеттің маңызды бір саласы ретінде табиғат және адам баласының шығармашылық еңбегімен жасалған эстетикалық құндылықтардың жиынтығы, оларды жасау және қолдану тәсілдері. Эстетикалық құндылықтар қоғамның өмірмен қарым-қатынасқа түсуіне, қоғамның жетілу талпынысына, қоғамдық қатынастардың барлық жүйесінің толыққанды өркендеуіне қатысады.
Эстетикалық мәдениеттің құрылымы көп жақты болып келеді. Яғни, дзюдо күресімен шұғылданатын қыз бала тұлғасының эстетикалық мәдениеті құрылымына оның белсенді деңгейін білдіретін әсем қимыл мен жалпы эстетикалық құндылықтарды меңгеретін бөліктерді жатқызу тиімді болмақ.
Бұл жерде, ең алдымен, мына аспектілер бөлініп қаралуы міндетті:
- қыз балалардың эстетикалық санасы (жеке тұлғаның ақиқат дүниені эстетикалық тұрғыдан қабылдауы, әсерленуі, қобалжуы мен сезімі талғамы көзқарасы, спорттық бағытта алға қойған мұраты қажеттілігінде айқындалады) ;
- қыз баланың іс-әрекет түріндегі эстетикалық жағдайы (үйірмеде, сабақта, еңбекте, тұрмыста, қарым-қатынаста, қоғамдық-саяси өмірде) ;
- эстетикалық тәрбиесі (үйірме жаттығуында, отбасында, құрбыларының ортасында, мектепте, жоғары оқу орнында, адамдардың іс-жүзіндік өмірінде) .
Дзюдо күресімен шұғылданатын қыз бала жаттығу сабағында, отбасы мен құрбыларының ортасында, үлкен-кішілі адамдар арасында өзін әдепті ұстауы, өзінің эстетикалық мәдениетін көрсетуі және оны сақтауды шебер меңгеруі - спортшыларға тән қасиет.
Әлеуметтік маңыздылығына орай қыз бала тұлғасының эстетикалық мәдениеті де жеке аспекті ретінде қарастырылады.
Қыз баланың білімі - ой-өрісінің деңгейін, сенім - эстетикалық тұрғыда бағалаудың бағытын, талғам - жалпы алғанда идеялық көзқарасты, сезім - өмірдің әсерлі толысуын анықтайды. Ал эстетикалық норма - тәжірибені реттеуші құралдар ретінде көрінеді. Қыз баланың қарым-қатынасы - әрекеттегі эстетикалық мәдениетті жүзеге асыратын әлеуметтік дәлдік пен пәндік көрсеткіш. Қыз бала бойындағы эстетикалық мәдениеттің бұл бөліктері бір-бірімен өзара қызметтес әрі өзара байланысты болып келеді.
Дзюдошы қыздың эстетикалық, әдептілік, интеллектуалдық, эрудициялық мәдени деңгейін жетілдіретін тәрбие құралдары мына төмендегі сызбада ұсынылып отыр.
Қыз бала тұлғасының эстетикалық ой-өрісі, көзқарас жүйесі, талғам дамуын меңгеруі, әсерлі сезіне білуі, эстетикалық мінез-құлық ережелерін үйренуі - осының бәрі, сөз жоқ, қыз бала тұлғасындағы эстетикалық мәдениетті қалыптастрыу көрсеткіші. Ал оның күнделікті жан-жақты әрекетінде эстетикалық қарым-қатынас жүйесін жүзеге асыруға дайын болуы- бұл эстетикалық мәдениеттің даму көрсеткіші. Бұған қыз бала тұоғасының эстетикалық белсенді әрекет ету қабілеті дәлел бола алады.
Қыз балаларға ақиқат дүниені жоғарғы әсермен қабылдау тән қасиет. Соған орай, қыз балалардың кез келген әлеуметтік топтары даму, қалыптасу кезеңінде болады және белгілі бір кезеңді әлеуметтік пісіп жетілуі болады. Қабылдау және әрекеттің біліктілігін жетілдіру барысында идеялық-эстетикалық сенім мен бағыттың құндылығы қалыптасады, қыз балалардың меңгеруінде эстетикалық білімдерінің көлемдері артады. Дегенмен, қыз балалардың әрбір әлеуметтік тобында дамуды жүзеге асыруда өзінің ерекшелігі, түсінігі, дәстүрі болады.
Қыз баланың күрес спортымен шұғылдану барысында эстетикалық дамуы оның спорттық өмірінің басым бөлігін қамтиды. Оның дамуының бастапқы кезеңі танымдық-бағдарлық сипатта болады.
Қоғамның мәдени деңгейінің дамуы көптеген жағдайда спортың, өнердің, екңбектің, табиғаттың эстетикалық жағын қабылдауға қабілетті қыз балалардың идеялық-эстетикалық дайындық деңгейіне, адамгершілік өзара қарым-қатынасына, дене шынықтыру мен спорт құндылықтарымен жүйелі қарым-қатынас жасауы және қажетсінуіне байланысты болып келеді.
Эстетикалық тәрбиеде қыз балалардың белсенділігін арттыру бірінші кезектегі міндетке кіреді. Соныдықтан оның эстетикалық санасын, қажеттілігін ояту, өмірдің барлық саласындағы эстетикалық құндылықтарды меңгерту керек. Өйткені, олардың өз өмірінде эстетикалық аспектілерді саналы түрде ұғынуы жаттығу мен оқудың негізгі буыны болып табылады.
Дзюдошы қыздардың жас мөлшері, жыныстық, әлеуметтік және әлеуметтік психологиялық ерекшеліктері, материалдық жағдайының өсуі, сабақ оқуға жағдай жасалуы, демалыстың ұжымдық сипаты, қарым-қатынастығы қарқындылық, жаңалыққа әсерленушілік, қабілет, қасиет және білімдердің динамикалық даму деңгейі, сонымен бірге жоғарғы мұратқа жетуге тырысуы, бәрі бір-біріне сәйкес келеді. Осының бәрі дзюдошы қыздың эстетикалық санасы мен мінез-құлқының дамуына ықпал етеді.
Эстетикалық сананың ерекшелігі қоғамның әлеуметтік-тарихи дамуымен, оқу-жаттығу және еңбектің сипатымен, эстетикалық білім деңгейімен, қоғамның эстетикалық мәдениетінің жетістіктерімен, олармен қарым-қатынас жасау деңгейімен байланысты. Осы үрдіске ықпал ететін оқу-жаттығу әрекетімен тікелей байланыты факторларға сипаттама беріп көрелік. Атап айтқанда, қыз бала тұлғасының эстетикалық сансы мен сезіміне әсер ететін оқу-жаттығуды эстетикаландыру ерекше рөл атқарады: дзюдо залының және шінетін орынныңтаза әрі жарық болуы, шұғылданушылардың көңіл күйіне жағымды әсер беруі, жаттығу құралдарының эстетикалық сапасы, жатықтыру барысында жатықтырушының ықыласпен және әсерлі, нәтижелі баяндауы, дәл көрсетуі, сабақтың мазмұнынан бастап онда үйрететін тәсілдері мен сабақ құрылымдарының бір-бірімен үйлесімділігі, сонымен бірге шұғылданушы қыздар мен жатықтырушы арасында ортақ тіл табысу, кішіпейілділік, ізетті қарым-қатынас жағымды әсер қалдырып, сезімге қуаныш ұялатады.
Ең бастысы, оқыту-жаттықтыру үрдісінде эстетикалық аспектілердің дұрыс қабылданып, жете ұғынылуы және бағалануы қажет. Неге десеңіз, эстетикалық мәдениетті қалыптастыруда жоғарыда келтірілген факторлар көбінесе, қыз баланың дүниетанымдық көзқарасын, жан дүниесінің тазалығын, ізгілік-адамгершілік қасиеттерінің дамығандығын, дене қабілеттерінің жетілгендігін және қыз тұлғасының эстетиклық қабылдауының сапасына байланысты болып келеді.
Эстетикалық мәдениеттің ары қарай дамуына ықпал етуде мәдени-бұқаралық шараларды эстетикалық тұрғыдан тартымды етіп ұйымдастырудың маңызы ерекше. Спорт мектептерінде орындалатын әрбір бұқаралық іс-шаралар эстетикалық мәнге ие болып, оның күнделікті ізгілік, адамгершілік эстетикалық мазмұнға толы болуы тиіс.
Осы мақсат пен міндеттердің жауабын табу үшін ғылыми әдістемелік негіздеме жасау қажет. Ол мына бағыттарда жүргізіледі:
- дзюдо күресі сабағында қыз балалардың эстетикалық мәдениеттерін қалыптастыруға бағытталған тұжырымды ғылыми әдістемелік тұрғыда негіздеу;
- күрес сабағында жеке тұлғаны қалыптастыратын денесінің жетілуі үшін функционалдық деңгейін, дене әзірлігін, психикалық, ерік жігер және ізгілік қасиеттерін қалыптастыратын моделдер жасау;
- күрес спорты арқылы қазақ жастарын, қыз балаларды жаман әдеттерден (темекі, наша, арақ және т. б) аулақтату және қарсы күреске бағыттау;
- тәрбие құралдарын қолдана отырып оның спорттық нәтижелеріне, мінез-құлқына, болмысына, дүниетанымына әсер ету тенденцияларын белгілеу.
Міне, осы бағыттағы жұмыстар күрес сабағында қыз балалардың дене әзірлігін жетілдіріп қана қоймай, сонымен бірге тұлғалық қасиеттірін де таныта түсуге кепілдік береді.
Экологиялық ойлауды қалыптастырудың
кейбір әдістері туралы
Қоғам мен табиғаттың өзара әсерінің қазіргі кезеңінде олардың арасындағы қайшылық бұрын болмаған шегіне жетіп отыр. Сондықтан қоғам өзінің оған деген қатынасын ой елегінен өткізуге мәжбүр; табиғат ресурстарының сарқылмайтындығы туралы қалыптасқан түсініктен бас тартып, нәтижеде қоршаған ортаны ластану мен жойылудан қорғау қажет.
Табиғат пен қоғамның арасындағы дағдарысты шешуге бағытталған, ал болашақта - олардың арасындағы үйлесімді қатынасқа жеткізетін, экологиялық мәдениетті жасайтын уақыт жетті.
Белгілі ақын, ақындардың халықаралық «ХХ ғасыр Әлем және экология» қозғалысының төрағасы Мұхтар Шаханов «Аралға жол» атта мақаласында: «Бізде экологиялық тәрбие болған жоқ, ол қазірде жоқ. Экология ғылым ретінде ең артта қалған, қараусыз қалған жағдайда . . . Біз адамдарды оқытуымыз, оларда экологиялық ойлауды оятуымыз керек және мұны бүгін істеуіміз қажет - ертең кеш болады», - деп жазады.
Бұл процестің өріс алуы ең алдымен мемлекет тарапынан жасалатын шараларға байланысты. 1991жылдың 18-маусымында қабылданған «Қазақ ССР- де қоршаған ортаны қорғау туралы» заңында экологиялық білім беру мен тәрбиеге, халықтың экологиялық мәдениетін арттыру қажеттілігі атап көрсетілген.
Әсіресе, бұл жастарға қатысты, себебі олар келешекте адамзат үшін жауапкершілікті өз мойнына алады. Жастар табиғатпен өзара қатынастың жаңа принціптерін анағұрлым жылдам қабылдайды, белсенділігімен, жаңалыққа талпынушылығымен ерекшеленеді және бұл міндетті шешуге теориялық және практикалық жағынан да дайындалған, яғни экологиялық мәдениетке тәрбиеленген болуы керек.
Жаңа экологиялық ойлаудың қалыптасуы ескі стереотиптерді бұзумен де байланысты. Мысалы, қоғамда елдің табиғи байлықтарының сарқылмайтындығы туралы стереотипті көзқарастың қалыптасуы, сыртқы экономикалық қатынастарында шикізатты экспортқа шығарушы мемлекет болуына әсерін тигізеді. Мұндай жағдайдың қалыптасуы іс жүзінде экономикалық та, экологиялық та тұрғыдан аяқталмайды.
«Тек 1985-1990 жылдардың аралығында шет елдік фирмалар елден тұтас теңізге татитын мөлшерде мұнай 647 және мұнай өнімдерін285, ал бензин, дизель отындарын, жағар майларды есептегенде - миллиярд тоннадан астам өнімдерді шығарып әкетті. Табиғат Қазақстанды энергетикалық шикізат кен орындармен де қамтамассыз еткен. Теңіз және Қарашығанақ қоры толық есептеліп болмай-ақ - қазірдің өзінде дүние жүзіндегі ірі кен орындарына жатады. Бұларды есептемегеннің өзінде, белгілі кен орындарынан өндірілетін мұнайдың көлемі 2032 млн. т және газ өндіру 1170 млрд текшеметрді құрайды. Бұл шексіз үлкен байлық біздің республикамыздың болашағы оны экономикалық және экологиялық тұрғыдан тиімді пайдалана біліуімізге байланысты.
Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану тек экономикалық шығындарға ғана әкеліп қоймай, сондай-ақ пайдалы қазбалардың таусылуына, табиғаттағы тепе-теңдіктің бұзылуына әкелу болса, ал ресурстарды тиімді пайдалану ғана емес, сондай-ақ табиғи ортаны сақтау мен сауықтыру болып табылады. Қалдықтармен екінші ретті ресурстарды пайдалану табиғи ортаның ластануын айтарлықтай кемітеді. Темір қалдықтарынан болат құю кезінде - ластаушы заттардың ауаға шығарылуы -86%, суға-70% -ке, ал қатты қалдықтардың шығарылуы 97% -ке кемиді.
Ертеректе пионер ұйымының басшылығымен оқушылар мен пионер металл қалдықтарын жинап, өткізу арқылы эколого - ресурстық мәселенің маңызды бөлігін орындайтын. Басқа формада болса да осы дәстүрді қайта жаңғырту қажет. Әрине, табиғатты пайдалануды түбегейлі жақсарту, қоршаған ортаны сауықтыру тек ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін кеңінен қолдану жағдайында ғана мүмкін: ресурстарды тиімді пайдаланатын экологиялық таза технологиялар, жаңа құрал-жабдықтар; басқарудың экогомикалық әдістері, қоғамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын құқықтық жағынан реттеу.
Оқушылар мен студенттерге эколого құқықтық білім беру мен тәрбие түбегейлі жақсартуды талап етеді. Бұл үшін табиғат қорғау саласындағы заң шығаруды, оның іс-жүзінде орындаоуын, оқу бағдарламаларына енгізуді, экологиялық ақпараттардың ашық және кең таратылуын жетілдіру қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz