Өзін - өзі тану аспектісіндегі тұлға қалыптастыру механизмі


Өзін - өзі тану аспектісіндегі тұлға қалыптастыру механизмі
Г. А. Ерғалиева,
п., ғ, к., доцент,
Г. С. Абугалиева, К. Р. Кажимова,
оқытушы магистрлар,
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік уневерситеті
Бүгінгі таңда әлемдік білім кеңестігіне толығымен ықпалдасу жоғары білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап етеді. Әлемнің көптеген алдыңғы қатарлы елдерінің білім беру жүйесі жоғары білім берудің құрылымын, мақсаты мен міндеттерін, мазмұны мен тәрбие технологиясын өзгертті. Білімді, білік дағдыларды беру емес, ақпараттық зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талар және пайдалана білетін, жедел өзгеріп отыратын әлем жағдайында дамитын және өзін-өзі ашып көрсете алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу қажеттігі туындап отыр.
ҚР «Білім туралы» Заңында көрсетілгендей, білім беру жүйесінің негізгі міндеті ұлттық және жалпы адамдық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғанаң қалыптасуы мен дамуына қажетті жағдай туғызу болып отыр.
Бұл тұрғыда С. А. Назарбаева өзінің педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыруға арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда сөйлеген сөзінде «Білім беру мен тәрбиелеу үрдісі бұл біріккен үздіксіз процесс, ол адамның және жеке тұлғаның дамуына бірден-бір әсер ететін негізгі факторлар. « . . . соңғы жылдары біздің елімізде білім беру сатысы көптеген өзгерістерге толы болып отыр. Бұл өзгерістердің ең басты мақсаты адамның бойында жалпы адамзаттық құндылықтар қайырымдылық, ізгілік, рухани жан азығы мен денінің саулығын қамтамасыз ету арқылы әрбір тұлғаның дамуына мүмкіндік туғызуға тиіс».
Сондықтан бүгінгі күні жоғары оқу орынындағы оқу-тәрбие үрдісі студенттердің өзі-өзі жан-жақты жетілдіру, өзінің қоғамдағы орны мен даму деңгейін айқындау, өзінің ішкісезімдері мен сапалы қасиеттерін өзін -өзі тану, қабылдау, сыртқы ортамен сарапқа сала отырып дамытуға бағытталуға қажет.
Педпгогика жене психалогия ғылымында теориялық әдістемелік еңбектерімен қатар аталмыш мәселенің нақты практикалық аспектілеріне қатысты өзін-өзі тану және тәрбиелеу саласында нақты шұғылданып келген зерттеулер бар.
- Өзін -өзі танудың жеке дамуының жалпы теориялық және методологиялық аспектілерін талдайтын еңбектер (Л. И. Божович, Л. С. Выготский, П. Р. Чамата, И. И. Чесникова, В. С. Мерлин) .
- Өзін-өзі танудың әлеуметтік-перцептивтік аспектілері және өзін-өзі танудың өзге адамдар танымымен байланысын қарастыратын еңбектер (А. А. Болдалев, Н. В. Крогиус, Р. А. Максимова, М. И. Пикельникова және т. б. ) .
- Өзін-өзі тану мен өзіндік сананың дамуы мен қалыптасуының жалпы психологиялық аспектілері зерттелетін еңбектер (И. И. Чесникова, М. И. Лисина)
- Өзін-өзі бағалаудың ерекшеліктері мен оның өзге тұлғалардың дамуымен өзара қарым-қатынасын зерттейтін еңбектер (Н. Е. Анкудинова, А. И. Липкина, В. С. Магун, т. б. ) .
- Жеке тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыру мен өзін жетілуін зерттейтін еңбектер (К. А. Абульханова-Славская, А. АВербицкий, т. б. ) .
С. А. Назарбаеваның басшылығымен қазақстандық ғалымдар әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстан ұрпағының ішкі жан дүниесінің бай, рухани болмысының жоғары дамуына терең жол ашатын «Өзін-өзі тану» пәнінің тәжірибелік бағдарламасының негізін қалады. Көптеген қазақстандық ғалымдар (Х. Т. Шерьязданова, Т. А. Левченко, М. Х. Балтабаев, А. А. Семченко, Е. Е. Бурова, Л. К. Көмекбаева, А. Н. Нысанбаев, Г. Г. Соловьева) өз еңбектерінде тұлғаның өзін-өзі тану мәселесі зерттелініп, адамгершілік құндылықтар негізінде өзін-өзі тәрбиелеуді дамыту жолдары зерделенуде.
Тәрбие - қоғамдық тәжірибені білім, практикалық іскерлік пен дағды, шығармашылық іс-әрекет тәсілдері, әлеуметтік және рухани қарым - қатынас меңгерудегі тұлғаның түрлі іс-әрекетін ұйымдастыру және ынталандырудың мақсаты, саналы түрде жүргізілетін педагогикалық үрдіс. Сондықтан, тәрбие заңдылықтары, оның сипаты мен әдістемелік негіздері тәрбиелік қызметінің өзінде ғана көрінбей, әлеуметтік тұлға сипатына ие адамның даму және қалыптасу заңдылықтарына негізделеді. Тек өз қызметінің күшімен, шығармашылық ұмтылысымен ғана адам қоғамдық тәжірибені және оның құрылымдық бірліктерін игеруі мүмкін (Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова) .
Білім беру теориясындағы ізгіліктік және рухани адамгершілік құндылықтарды зерделей отырып, олардың адамға бағытталған (Антропоцентристік) көзқарастарға негізделгеніне көз жеткізілді. Олай болса, студенттік тұлғаның өзін -өзі тануы арқылы өзіндік дамуына, білімдік және танымдық әрекеттеріне ықпал ету, өзара адамгершілік құндылықтары мен өзіндік бағдарын таңдауға мүмкіндік жасалу идиялары оқыту мен тәрбие барысында үнемі басшылыққа алуды талап етеді.
Сыртқы орта-тәрбиелеу үрдісі адамға пайдалы заттарды, өнер туындыларын және ой жүйелерді тудырып адамға тікелей ықпалын тигізгенмен, бұл игіліктің қабылдануы тұлға бойындағы ерекшелікке, өзіндік танымының деңгейіне байланысты. Сондықтан әрбір тұлғаны жетілдіру барысында үнемі тұлға бойындағы табиғи ерекшеліктері мен өзін-өзі тану, түзете алу, қадағалау қабілеттеріне каса көңіл бөлген дұрыс болар еді.
Тәрбие үрдісінде тұлғаға жоғары талап қоюшылықпен бірге педагогтың тәрбиелік ықпалында өзара құрмет, сенім, мейірім мен ізгіліктік көзқарас, педагог пен тәрбиеленуші тұлғаның қарым-қатынастар сипаты тұлға бойында белгілі бір ішкі (эмоциональды сезімдік) толғаныстарды есепке алу және оның іскерлігімен дамуына тікелей әсер етуді біртұтас жүйе ретінде қарастыру мәселесі жолға қойылып отыр.
Дегенмен, бүгінгі тәрбие үрдісінде тұлғаны ізгілікке тәрбиелеу жолдары қарастырылғанымен, оған өз бетімен бағыт алу, өзін-өзі адамгершілікке, ізгілікке, мейірімділікке, өзін-өзі тану, өзін-өзі тәрбиелеу мазмұны мен ерекшеліктері, ұйымдастыру бағыттарын әлі де болса талдап, нақтылау қажеттілігі туындап отыр.
Өзін-өзі тәрбиелеу - қалыптасқан идеалдар мен сенімдерге мойындалып қойылған мақсаттарға сәйкес желілік өзгеріске бағытталған адам әрекеті. Өзін-өзі тәрбиелеу адамның даму кезеңін, санасын анықтайды, өз қылықтары мен өзгелердің қылықтарын салыстыра отырып қорытынды шығара алатындай болжайды. Адамның өзінің потенциональды мүмкіндігіне қатынасы, өзінің кемшіліктерін көре білу адамның есейгендігінкөрсетеді және өзін-өзі тәрбиелеу орталығының дәнекері болады. Өзін-өзі тәрбиелеуге; өзін-өзі тану, өзін-өзі ұмтылдыру, өзін-өзі өзектілеу әдістері жатады.
Тұлғаның рухани - адамгершілік құндылықтарының қалыптасу жолын өзін-өзі түсіну мен өзін-өзі тану үрдістерінен бөліп жарып қоюға болмайды. Өзін-өзі тану ұғымына психологиялық тұрғыда «Адам жаны өзін-өзі тек іс-әрекеттері үстінде ғана тани алады, оның өзі туралы білімі, сыртқы табиғат құбылыстары туралы білік секілді, қадағалаудан құрылады» - деп келесі тұрғыда түсініктеме беріледі.
Қандай да бір педагогиканың мәселесі тәрбиелік тұрғыда зерттеуді бастамас бұрын зерттеудің ұғымдық, терминдік аппараттарын анықтап, негізгі ұғым - түсініктер мен оларды зерттеудің түрлі теориялық бағыттарына сипаттама беру қажет.
Бұл зерттеу жұмысының мақсаты - өзін-өзі тану ұғымының болмысын ашу, студенттердің бойында жоғары рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру. Сондықтан да біз жұмысымызды «өзін-өзі тану», «өзін-өзі тану арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы рөлі» секілді педагогикалық пайымдаудан бастадық. Бұл ұғымдардың болмысын айқындауға аталмыш зерттеу жұмысының 2-ші тарауы арналған. Жүргізілген теориялық сараптау негізінде біз өз жұмысымыздың негізі «өзін-өзі танудың» теориялық және қолданымдық анықтамасын анықтадық.
«Өзін-өзі тану» - адамның өзінің іс-әрекет субьектісі ретіндегі өз тұл - адамның өзінің іс-әрекет субьектісі ретіндегі өз тұлғалық ерекшеліктерін біртіндеп түсіну үрдісі. Бұл үрдістің нәтижесі - «Мен» образының түрлі аспектілерінің қалыптасуы.
Өзін-өзі тану, біздің түсінігімізше, ең алдымен жалпы тануының бір ерекше түрі объектісі таным субъектісінің өзі болатын танымдық іс-әрекет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz