Педагогика ғылымын дамтыуға үлкен үлес қосқан ірі ғалым - педагог


Педагогика әуел бастан-ақ балалар тәрбиесі жайындағы ғылым болып қалыптасқан. Тәрбие жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді. Алғашқы қоғамдағы адамдардың тәрбие жөніндегі таным-мағлұматтары, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары заман ағымына орай бір буыннан екінші буынға ауысып отырады. Адамзат қоғамының, ғылым-білімінің дамуына байланысты тәрбиенің шығуын, оның даму заңдылықтарын ғылыми жолмен түсіндірудің қажеттігі туды. Осындай өмір, ғылым елегігнен өткен мәліметтерді пайдаланып, педагогика адам тәрбиесіне қатысты мәселелрді жан-жақты түсіндірудің ғылыми және әдіснамалық жолдарын қарастырады.
Педагогика пәнін және оның зертейтін салалары толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық.
Әрбір ғылымның өзіне тән тану саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философияда мұндай ұғымдары бар. Мысалы, филолсофияда мұндай ұғымдарды болмыс, материя, қозғалыс, экономикалық теорияларда - қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары - қоғамның өндірігш күштері мен өндірістік қатынастары, ал педагогикада - тәрбие, білім беру, оқыту жатады.
Педагогикалық ұғымдардың бірі - тәрбие. Тәрбие жайында осы уақытқа дейін әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсінушілер де бар. Бұл жағдайда бала пассивті объект түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық процестің субъектісі бола алмайды., яғни яғни өздігінен ойланып, белсенді іс-әрекет жасау рөлін атқармайды. Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады.
Педагогика ғылымы тәрбиені қоғамдық құбылыс, қоғамдық категория тәрбиесіз өмір сүре алмайтындығын филолософия тұрғысынан түсіндіреді. Егер қоғам қол үзсе, онда адамзаттың мол тәжірибесі мәңгілік елеусіз қалып, тәрбие ілгері баспай, бір жерде тұра берген болар еді деді В. И. Ленин. Сондықтан да Ленин тәрбиені жалпы және мәңгілік категория деп тұжырымдайды.
Тәрбие жайында К. Д. Ушинский: « . . . мектеп, тәрбиеші және ұстаздар адамның тіпті жалғыз ғана тәрбиешілері емес, оның сонша күшті, ал мүмкін және әлдеқайда күшті тәрбиешілері табиғат, үйелмен, қоғам, халық . . . және оның тілі болады», - деді.
Білім беру ұғымын ең алғашқы рет педагогикаға енгізбеген Иоганн Генрих Песталоци.
Білім беру деп- табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Білім беру мәселесі әрбір қоғамның даму дәрежесіне байланысты. Мысалы, орта ғасырлардың санай және оқи білетін адамды білімі бар деп есептеді. Қазіргі атом, космос және халық шаруашылығын автоматтандыру дәуірінде білім беру ғылыми-техникалық үдеудің құдіретті факторы болып отыр.
Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту оқытушы мен оқушылардың біріккен іс-әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты, біртекті процесс: біріншіден, оқытушы оқушыларға білім беріп, іскерлікке, дағдыға үйретеді, екіншіден, оқушы таным міндеттерін жете түсініп, дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады.
Педагогикада тәрбие, білім беру ұғымдары бірыңғай және тұтас процесс болып қарастырылады. Оқыту барысында білім беру мақсаты іске асырылады. Олай болса, оқытудың білім беру және тәрбиелік мәні бар. Оқыту барысында оқушыларға теориялық білім мен тәрбие беру бір - бірімен ұштасырыла жүргізіледі. Мысалы, әдебиет сабағында шығарма кейіпкерлерінің патриоттық ерлігін мазмұндау арқылы білім бере отырып, мұғалім оқушыларды фашизмге қарсы өшпенділіккі тәрбиелейді. Химия сабақтарында оқушылар химиялық заңдар, фактылар, теолриялар жөнінде ғылымның негізімен қаруланады. Халық шаруашылығының маңызды салаларында химияны қолданумен танысады. Осыған орай, мұғалім оқушылардың ғылыми - материалистік көзқарастарын қалыптастырады, халқына берілгендік рухына тәрбиелеуге көмектеседі.
Негізгі педагогикалық ұғымдар - тәрбие, білім ьеру, оқыту біріне-бірі тәуелді, табиғи байланысты. Бұл ұғымдар жастарды өмірге, практикаға дайындаудың басты құралдары.
Педагогика ғылымын дамтыуға үлкен үлес қосқан ірі ғалым-педагог Н. К. Крупская. Ол Ұлы Қазан төңкерісінен кейін А. В. Луначарский, М. Н. Покровский сияқты халық ағарту ісінің белгілі қайраткерлерімен бірге қызмет істей отырып, педагогика ғылымын дамытуда тартымды еңбек етті. «На путях к новой школе» журналының беттерінде маңызды педагогикалық мәселелрді үнемі жариялаумен қатар, оны әлеуметтік - педагогикалық мәселерді үнемі органына айналдырды.
Н. К. Крупская еңбектері оның 10 томдық педагогикалық шығармаларында жинақталған. Ол педагогика ғылымының барлық салаларына көңіл бөлді. Әсіресе, ересек адамдар арасындағы сауатсыздықты жою, мектепке дейінгі тәрбие, үйелмен тәрбиесі, политехникалық білім, балалар ұжымының рөлі, оқушылардың өзін-өзі басқарушылығы, мінез-құлық, еңбек, эстетикалық және интернационалдық тәрбие мәселелерін ерекше зерттеп, құнды педагогикалық мұра қалдырды. Бұл Н. К. Крупскаяның 20 жылдан астам істеген қызметінің нәтижесі «Семья және мектеп», «Халыққа білім беру және демократия», «Семья және мектеп», «Неміс мұғалімдерінің Берлин конгресіндегі еңбек мектебі туралы мәселе» т. б.
Н. К. Крупская эмиграцияда жүрген кезінде (Швейцария) «халыққа білім беру және демократия» (1915 ж. ) деген ірі педагогикалық еңбегін жазды. Бұл кітапта оқуды өнімді еңбекпен ұштастырып жүргізу туралы демократиялық көзқарастарға талдау жасалынды, келешек қоғаммектебінің негізгі ерекшеліктері сипатталады.
Ірі педагог Антон Семенович Макаренко (1888-1939) педагогика ғылымына үлкен үлес қосты. Ол жастарды қайта тәрбиелеудегі өзінің бай тәжірибесіне сүйеніп, оқу-тәрбие жұмысын жүргізудің жүйелі теориясы мен әдістемесін құрды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz