Алтынсарин орыс мұғалімдерімен тығыз байланыс жасады, олардың бірсыпырасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ халқының ұлы перзенті, ХІХ ғасырдың екніші жартысындағы аса көрнекті ағартушы - демократы, қоғамда өзгерісті жасау жолында талмай күрескен, сөйтіп халық игілігі үшін жан аямай едбек етудіқ үлгісін көрсеткен Ыбырай Алтынсарин Қазақстандары қорамдык ой-пікірдің өркендеу тарихында үлкен орын алады.

Ы. Алтынсариннің сан қырлы бай мұрасын тереқнен зерттеуге Қазақстан ғалымдары тек Ұлы Октябрь социалистік революдиясынан кейін ғана мүмкіндік алды. Мұның өзі оңай да жұмыс емес еді. Басты міндет Ы. Алтынсариннің көзқарасындағы барлық дұрыс бағытты анықтау, ол өмір сурген дәуірдегі қоғамдық, тұрмыс пен сана арасындағы қайшылықтын бетін ашу, ұлы педагогтың қалдырған мұраларын қазақ халқынын сол кездегі талап-тілегі, мұң-мұқтажы тұрғысынан қарап, өткен заманның югресшіл қозралыстарынын үлгі-өнегесіне, әсер-ықпалына тығыз байланысты түрде талдау болып табылады. Ы. Алтынсарин балаларын зерттеудегі бірден-бір дұрыс жол осы еді, қазақ совет ғалымдары осы жолдытаңдады.

Әрбір нақты тарихи дәуірдегі қоғам өмірінің аса маңызды құбылыстары ішінде барлық халықтарда да жақа өспірім жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне айрықша орын берілгені мәлім. Балалар мен жастардың тағдыры туралы қам жеген Ы. Алтынсарин мен басқа да ағартушы демократтардың күштілігі ең алдымен, өз заманындағы тәртіпті қатал сынға алуында, надандық мәдениетеіздікті жақтаушыларды аяусыз әшкерелеуінде.

Ш. Уәлиханов пен А. Құпанбаев сияқты, Ы. Адтынсарин де қазақ халқының өмірі ендігі жерде жаңа арнамен агып жөнелгенін, сөйтіп, шаруашылық, семья, право тұрғысындары жаңа жағдайға ескі үйреншікті тәртіптін, сай келмей қалғанын көре білді. Ел өміріндегі жаңа жағдайға бұрынғы дәстүрлі патриар қалдық - коғамдық тәртіптің үйлесе алмайтынын ұлы ағартушы анық көрді де сол ескі тәртіптің сөзсіз күйрейтіндігін түсінді, адамдар арасында жаңа қатынастар орнайтындығын білді.

Россияда азаттық қозғалысының өрлеу кезеңдерінде қазақ ағартушылары демократиялық идеялардын, белсенді жаршысы болды. Қазақ халқының мұң-мұқтажын, талап- тілегін мейлікше қолдап қуаттады, халық арасында жүргізілуге тиісті ағарту жұмыстарының түрлерін көрсетгі, халық бұқарасының санасын оятуға ұмтылды. Қазақ ағартушылары мектеп кұрылысы, берілетің білімнің бағыт-бағдары меи мазмұны, қазақтын кол-тума жазуын жасау, кітап басып шығару жұмысын ұйымдастыру, мұғалімдер даярлау т. б. туралы Қазақстандағы әлеуметтік-педағогикалық міндеттерді шешудің жалпы принципін анықтауға талаптанып, алғашқы қадам жасады.

Ы. Алтынсариннін, заманында орыс қоғамында теориялық және практикалық педагогикаға көбірек назар аударыла бастады.

Адамгершілік тәрбиесі, білім беру, жалпы адамзаттын тәрбие идеялары теңірегінде айтыс, таластарра революцияшыл демократтар қызу кіріскен болатын. Олар тәрбиенің әлеуметтік және саяси мақсаты жастарды «батыл қимыл-әрекет жасай алатын азамат» етіп тәрбиелеп шырару дегенді баса айттыЛ

Жас ұрпақтарды тәрбиелеу проблемалары жайындағы терең де әр жақты ой-пікір толғаған орыстың алдықғы қатарлы революцияшыл демократтарының көзқарасы қоғамдық-саяси және педагогикалық озық әдебиетті туғызуда зор роль атқарды. Бұл әдебиет Россиянық орыстан басқа халықтарынық педагогикалық интеллнгенциясы арасына да кең тарады.

К. Д. Ушинский мен Л. Н. Толстой мәдениеттің, педагогиканың тарихында сәулелі жарық жұлдыз боп туып, халық ағарту саласына бара жетпес үлес қосты. Оқу-білім, тәрбие мәселелеріне бүкіл коғам кеңнен назар аударды, осы бағытта туған қоғамдық саяси козғалыс зор күшке айналып, ілгері дамыды.

Теориялық және практикалық дайындықтары мол көрне педагогтар орыс мектебін жаңа биікке көтерді, оның озат дактикалық принциптерін жасады. «Воспитание», «Педагогиский сборник», «Народная школа» атты педагогикалық журна, дар алдыңғы қатарлы мұғалімдер жұртшылырының қолдан түстес кітабы болды.

Л. Н. Толстой халыққа білім берудің системасын жасауға шақыра келіп, былай деп жазды: «Біздің байқауымызша, мектеп білім беру құралы да, сонымен бірге жас ұрпақтарды тәрбиелеу жөнінде әрқашан жақа қорытынды беретіи тәжірибе орны да болура тиіс. Сонда ғана тәжірибе мектептің негізі бола алады, сонда ғана әрбір мектеп, былайша айтканда, педагогикалық ла-боратория бола алады, сонда ғана мектеп жалпы прогрестен артта қалмайтын болады, сөйтіп, тәжірибе мектептегі оқу-білімнің берік негізі бола алады.

Орыс мектептері мен Еділ бойыньщ езілген халықтары мектептерін құру және өркендету ісіне халық училищесінін, инспекторы болып жүріп И. Н. Улъянов (1831 - 1886) үлкен үлес қосты. Материалдық жетіспеушіліктерге, жоқшылыққа қаранастан ол мұғалімдерге арналған курстар ұйымдастыру жөнінен елеулі жұмыстар жүргізді, мектеп салу ісіне қамқорлық жасады, соны-мен қатар озат педагогика мен методика туралы идеяны кеңінен насихаттады.

Сол замандағы айтыс, таластарда, әсіресе білім берудін, тәрбиеніқ бағыты мен мазмұны жайлы мәселс қатты қойылған бо-латын. Сол кездің үкімет мекемелерінде мерейі үстем болған реакциялық рухка оқу-білім, тәрбие берудіқ ең жақа жүйесі қарсы қойылды. Революцняшыл демократтардын, көзқарасында оқу-білім, тәрбие мәселесі өмірмеп, сондай-ақ ғылыммен, әдебиетпен тығыз байлаиысты түрде қаралды. Тәрбиені олар қоғам құрылысы, Отан, адамзат қауымы жайындағы наным, сенімдерді бойға сіқірудін құралы дсп таныды, самодержавиелік кұрылысқа қарсы саяси күрестің құралы деп қарады.

Патша үкіметінің реакцияшыл саясатын насихаттаушылар халық арарту министрі Д. Толстой мен синодтық обер-прокуроры К. Победоносцев орыстан басқа халықтар арасындағы оқу-ағарту жұмысының міндеті соларды орыстандыру, дінн-адамгершілікті уағыздау мақсатында болуға тиіс, сол арқылы бұл халықтарды сол ғасырдың алға жетектеген қозралыстарынан және Россиядағы өріс алған қоғамдық-саяси күрестерден тыс қалдырып, одан аулақ ұстаура тиіс деп тұжырымдады. (0сындай реакциялық саясаттың негізінде Н. И. Ильминскийдіқ белгілі системасы жасалды. Діни ағартушылықты мейлінше жақтаған Ильмиыский Еділ бойында, Оралдың, Қазақстанның және басқа аймақтар мен өлкелердің халықтары үшін конфессионализм рухындағы мектеп жүйесін енгізді, Оның бұл жүйесініқ негізіиде діни-этикалық принцип жатты; мұның өзі «бұратана халықтардың православиеге жатпайтын дәстүрлі дінін іштей бүлдіріп күйрету үшін олардық сана-сезіміне әсер етудін» бүркемелеулі жолы еді. Әрине Ильминскийдің мұндай системасы халық мектебінің проблемасын шеше алған жоқ. Сондықтан да ол алдьтры қатарлы педагогтарға, онық ішінде Ы. Алтынсарипге де мүлде жат система болып қала берді.

Н. И. Ильминскийдіқ системасындағы қате-кемшіліктерден бас тарта отырып, Ы. Алтынсарин мектепті ұйымдастыру, мұғалімдер даярлау, мектептерге, арналған жетекші нұскауларды, сөздіктер мен басқа да оқу құралдарын бастырып шырару сияқты еқ қиын мәселелерді шешу үстінде (сондай-ақ жақа алфа- витті енгізу кезінде) онымен ақылдасып, оиын, күш-көмегіне сүйенді. Осы тұрғыда 1859 жылдан бастап Н. И. Ильминский мен Ы. Алтынсарин бір-біріне жұмыс жайында бірде хат жазысып, бірде жүзбе-жүз кездесіп жүрді; Н. И. Йлбминский жииап бастырған «Алтынсарин туралы естеліктер» сол хаттар мен кездесулер жайын паш етеді. Бұған кірген материалдар Ы. Алтынсариннің өмірі мен қызметін бейнелейтін аса бағалы қазына болып табылады.

6 0-70-жылдарда Ы. Алтынсариннің педагогикалық көзқарасы демократияшыл ағартушылық ой-пікірлер мен алдыңғы қатарлы орыс мектебінің тәжірибесі негізінде қалыптасты. Осы тұрғыдан қарағанда Ы. Алтынсарынніқ мұралары совет халықтары педагогикасының тарихы, бүкіл отандық педагогика екенін көрсетіп, оған айқын мысал бола алады.

Прогресшілдік сипаттағы Ы. Алтынсаринніқ педагогикалық сиатемасы халық арарту саласында аса зор, пайдалы роль атқарады; оның көптеген қағидалары осы күнге дейін өзінің мәнін жойған жоқ. Оның ілімі өз алдына дербес, тұтас бір педагогикалық система болып табылады. Онда адал көңілден шыққан сында, жаңашыл бастаманы қолдау да, өзіндік ой-пікірді орынды айта білу де бар.

Советтік жалпы педагогикалық философиялық, методикалық әдебиеттен Ы. Алтынсарин өзінің баға жетпес ой-пікірімен, асыл адамгершілігімен, қияға қанат қаққан өршіл де ізгі ниетімен орын алады.

Халық ағарту саласының табанды да дәйекті күрескері болған Ы. Алтынсариы бүкіл адамзаттық білімнін, гуманизмдік принциптері мен идеалын қорғады. Осы тұрғыда Ы. Алтынсарин былай деп жазған болатын: «Реалдық училищелерде, . . . классикалық гимназияларда . . . мен казаққа ауыл шаруашылық академиясында әрі қарай . оқи алатындай білім беруге шақырдым, оның арғы жағында (олар) ғылым мен әыерден халықтық шын мәнісіндегі басшысы, мұғалімі бола алатындай болсын дедім».

Оқытуды еңбекпен, өмірмен байланыстыру, қазақ қыздарына білім беру жөніыдегі Ы. Алтынсариннің идеялары тек біздіқ заманымызда ғана толық жүзеге асырылды.

Орыс-қазақ мектептерінде жұмыс істеп, педагогтык, тәжірибе алған Ы. Алтынсарин орыс мұғалімдерімен тығыз байланыс жасады, олардың бірсыпырасы Ыбырайдын мектептерінде сабақ беруге ерікті түрде келген болатын. Әрбір орыс мұғалімін Ы. Алтынсарин алдыңғы қатарлы орыс интеллигенциясының өкілі деп танығысы келді. Оларды «ояна бастаған халықтық ағартушысы» деп есептеді.

Орыс-қазақ мұралімдері арасында Ы. Алтынсарин заманында уып, өркен жайған достық қарым-катынастар одан кейінгі кезеңде дәстүрге айналды.

Ы. Алтьшсаринніқ педагогикасында Қазақстан жағдайында алғаш рет жалпы педагогика, дидактика және методика саласының аса маңызды ғылыми принциптері қолданыла бастады: оқытудын, көрнекілігі, тәжірибе мен бақылау, оқытудық белгілі мақсатқа құрылуы, класс жұмыстары мен кластан тыс жұмыстардың түрлері т. б. жузеге асырылды. Тәрбиенін, әр түрлі ком- поненттеріне - адамгершілік, енбек және дене тәрбиесіне айырықша назар аударылды. Бала психологиясының жалпы сипаты туралы тақырыпты да алғаш рет талдаған Ы. Алтынсарин болатын.

Оның педагогика саласында қолы жеткен табыстарының кей-біреулері, міне, осындай.

Алайда Ы. Алтынсариннің терең де жан-жақты творчествосы қоғамдық-педагогикалық проблемаларды қарастырумен ғана шектелмейді. Совет ғалымдары ЪІ. Алтыпсариннін, озық ой-пікірлерін мәдени және әлеуметтік өмірдегі проблемалық мәселелердің түгел бір системасы болып табылады, сөйтіп, белгілі кезеңдегі ауыспалы тарихи дәуірдін объективтік жағдайын айқын көрсетеді деп таниды. «Орыс халқымен жақындасып, араласа бастаран қазақ жұртшылығынын белгілі бір топтары шаруашылықтың ұтымды, прогресшіл формасына көшуді және мәдени қарьш-қатысты кеңейтуді қажет ете бастады. Бұл кез экономикалық және мәдени байланыстардың негізінде, сондай-ақ ортақ жауға қарсы дер кезіндегі күрес негізінде қазақ жәнс орыс ха-лықтары арасында достық қарым-қатынас орнай бастаған кез болатын. Міне, сондықтан да Ы. Алтынсарин прогресшіл бастаманың жалынды жаршысы, орыстың демократиялық озық мәдениетін жақтап күреске шықты» '.

Қазақстан авторларының зерттеулерінде Ы. Алтынсариннің қоғамдық-саяси және ағартушылық қызметі, сондай-ақ оньщ әдеби мұралары жан-жақты, терең қарастырылады. Соңғы он жыл ішінде архивтерден аса маңызды материалдар табылды; олар Ы. Алтынсаринніқ еңбегі мен қызметін ғылыми тану методологиясы тұрғысынан терең де толық зерттеуге мүмкіндік береді. Өз халқының болашағы үшін жан қиярлықпен күресудің жолдары туралы және жоғары идеал туралы Ы. Алтынсариннің кейде шолақ қайырып, қысқа айтқан, кейде үзіліп-үзіліп сілемі ғана қалған сөздері, міне, осылайша зерттеудің арқасында ғана дұрыс ұрылып, дұрыс түсіндірілетін дәрежеге көтерілді. Ы. Алтынсариниің өмірі мен қызметін сипаттайтын мұндай материалдарды тапқап - С. Сүлейменов, Ол Ы. Алтынсарин еңбектерінің тексін мұқият тексеріп, оның таңдамалы шығармаларынын, бір томдығын жарықка шығарды, оған қажетті комнеитарийлер берді.

Ы. Алтынсариннің мұраларын терең зерттеу, оны түсіну жолын да Қазақстан ғалымдары Е. Бекмахановқа, Т. Тәжібаевқа, Ә. Сембаевка, М. Сильченкоға, Б. Сүлейменовке, Қ. Бержанов. қа, Ә. Дербісалинге реформадан кейінгі дәуірдің бай библиогра фиялық әдебиеті бара жетпес дерек болып табылды.

Қазақтың аса көрнекті ғалымы Ә. Мағұлан Ы. Алтынсариннің Орыс География Қорамының Орынбор бөлімінің жазбаларында сондай-ақ мерзімді баспасөз бетінде жариялаған зтнография саласындағы еңбектерін зерттеу жұмысын қолына алды. Ә Марғұланның іздену жұмыстарының нәтижесінде Ы. Алтынсариннің творчестволық өмір баянына және демократ-ағартушының Тарихи ролін айқындай түсуге қатысы бар көптеген документтер табылды.

XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда ағарту ісі мен педагогикалық ой-пікірдің дамуы туралы жазылган Т. Тәжібаевтың еңбегінде Ы. Алтынсарин мен Абайдың түрлі проблемалар жөніндегі психологиялық көзқарастарына егжей-тегжейлі талдау берілген. Ол проблемалар мыналар: адамжәне орта, адамның психологиялық ерекшеліктері, мәдени игіліктерді жа-саудары және оны кейіыгі ұрпаққа мұра етіп қалдырудағы адамның кабілеті, адам организмінің дамуына керекті жағдайлар, адам зейінінің, ақыл-ойының ең басты орталығы - ми, дамыту мен оқыту процесін дұрыс ұйымдастыру арқылы саналылықты, дербестікті балаиың бойына сіңіру жайы педагогикалық қорытындылар жасау мәселелері.

Қазақстан ғалымдары С. Мусин мен Ш. Имашевтің арнаулы зертгеулерінің нәтижесінде біз еңбек проблемасы мен еңбекке тәрбиелеу мәселесіне Ы. Алтынсариннің практикада қалай қарағаны туралы жеткілікті мағлұматтарға ие болдық, ;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсаринге дейінгі өлкедегі халық ағарту ісінің жайы
Оқыту процесінің мәні, оның ерекшеліктері
Ахмет Байтұрсыновтың өмірі
Түрлі топтарға экскурсия жүргізу ерекшеліктері
Экскурсия өткізу әдістері
Қазақстан Республикасының білім жүйесінің негіздері
ИНСТИТУТТЫҢ ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТЕРМЕН ЖАҢАША БАЙЛАНЫСЫ
ХIХ ғасырдағы қазақ- татар әдеби байланыстары
Әдебиеттің оқу пәні ретіндегі білімділік маңызын дамыту
Қазақ, башқұрт әдеби байланыстары (А.Мұхамедияров және М.Кәрім шығармашылығы бойынша)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz