Ыбырай Алтынсаринге дейінгі өлкедегі халық ағарту ісінің жайы


Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен педагогикалық идеялары, А. С. Ситдыков
Қазақ халқының ұлы перзенті, ХІХ ғасырдың екніші жартысындағы аса көрнекті ағартушы - демократы, қоғамда өзгерісті жасау жолында талмай күрескен, сөйтіп халық игілігі үшін жан аямай едбек етудіқ үлгісін көрсеткен Ыбырай Алтынсарин Қазақстандары қорамдык ой-пікірдің өркендеу тарихында үлкен орын алады.
Ы. Алтынсариннің сан қырлы бай мұрасын тереңнен зерттеуге Қазақстан ғалымдары тек Ұлы Октябрь социалистік революдиясынан кейін ғана мүмкіндік алды. Мұның өзі оңай да жұмыс емес еді. Басты міндет Ы. Алтынсариннің көзқарасындағы барлық дұрыс бағытты анықтау, ол өмір сурген дәуірдегі қоғамдық, тұрмыс пен сана арасындағы қайшылықтын бетін ашу, ұлы педагогтың қалдырған мұраларын қазақ халқынын сол кездегі талап-тілегі, мұң-мұқтажы тұрғысынан қарап, өткен заманның югресшіл қозралыстарынын үлгі-өнегесіне, әсер-ықпалына тығыз байланысты түрде талдау болып табылады. Ы. Алтынсарин балаларын зерттеудегі бірден-бір дұрыс жол осы еді, қазақ совет ғалымдары осы жолдытаңдады.
Әрбір нақты тарихи дәуірдегі қоғам өмірінің аса маңызды құбылыстары ішінде барлық халықтарда да жақа өспірім жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне айрықша орын берілгені мәлім. Балалар мен жастардың тағдыры туралы қам жеген Ы. Алтынсарин мен басқа да ағартушы демократтардың күштілігі ең алдымен, өз заманындағы тәртіпті қатал сынға алуында, надандық мәдениетеіздікті жақтаушыларды аяусыз әшкерелеуінде.
Ш. Уәлиханов пен А. Құпанбаев сияқты, Ы. Адтынсарин де қазақ халқының өмірі ендігі жерде жаңа арнамен агып жөнелгенін, сөйтіп, шаруашылық, семья, право тұрғысындары жаңа жағдайға ескі үйреншікті тәртіптін, сай келмей қалғанын көре білді. Ел өміріндегі жаңа жағдайға бұрынғы дәстүрлі патриар қалдық - коғамдық тәртіптің үйлесе алмайтынын ұлы ағартушы анық көрді де сол ескі тәртіптің сөзсіз күйрейтіндігін түсінді, адамдар арасында жаңа қатынастар орнайтындығын білді.
Россияда азаттық қозғалысының өрлеу кезеңдерінде қазақ ағартушылары демократиялық идеялардын, белсенді жаршысы болды. Қазақ халқының мұң-мұқтажын, талап- тілегін мейлікше қолдап қуаттады, халық арасында жүргізілуге тиісті ағарту жұмыстарының түрлерін көрсетгі, халық бұқарасының санасын оятуға ұмтылды. Қазақ ағартушылары мектеп кұрылысы, берілетің білімнің бағыт-бағдары меи мазмұны, қазақтын кол-тума жазуын жасау, кітап басып шығару жұмысын ұйымдастыру, мұғалімдер даярлау т. б. туралы Қазақстандағы әлеуметтік-педағогикалық міндеттерді шешудің жалпы принципін анықтауға талаптанып, алғашқы қадам жасады.
Ы. Алтынсариннін, заманында орыс қоғамында теориялық және практикалық педагогикаға көбірек назар аударыла бастады.
Адамгершілік тәрбиесі, білім беру, жалпы адамзаттын тәрбие идеялары теңірегінде айтыс, таластарра революцияшыл демократтар қызу кіріскен болатын. Олар тәрбиенің әлеуметтік және саяси мақсаты жастарды «батыл қимыл-әрекет жасай алатын азамат» етіп тәрбиелеп шырару дегенді баса айтты.
Жас ұрпақтарды тәрбиелеу проблемалары жайындағы терең де әр жақты ой-пікір толғаған орыстың алдықғы қатарлы революцияшыл демократтарының көзқарасы қоғамдық-саяси және педагогикалық озық әдебиетті туғызуда зор роль атқарды. Бұл әдебиет Россиянық орыстан басқа халықтарынық педагогикалық интеллнгенциясы арасына да кең тарады.
К. Д. Ушинский мен Л. Н. Толстой мәдениеттің, педагогиканың тарихында сәулелі жарық жұлдыз боп туып, халық ағарту саласына бара жетпес үлес қосты. Оқу-білім, тәрбие мәселелеріне бүкіл коғам кеңнен назар аударды, осы бағытта туған қоғамдық саяси козғалыс зор күшке айналып, ілгері дамыды.
Теориялық және практикалық дайындықтары мол көрне педагогтар орыс мектебін жаңа биікке көтерді, оның озат дактикалық принциптерін жасады. «Воспитание», «Педагогиский сборник», «Народная школа» атты педагогикалық журна, дар алдыңғы қатарлы мұғалімдер жұртшылырының қолдан түстес кітабы болды.
Л. Н. Толстой халыққа білім берудің системасын жасауға шақыра келіп, былай деп жазды: «Біздің байқауымызша, мектеп білім беру құралы да, сонымен бірге жас ұрпақтарды тәрбиелеу жөнінде әрқашан жақа қорытынды беретіи тәжірибе орны да болура тиіс. Сонда ғана тәжірибе мектептің негізі бола алады, сонда ғана әрбір мектеп, былайша айтканда, педагогикалық ла-боратория бола алады, сонда ғана мектеп жалпы прогрестен артта қалмайтын болады, сөйтіп, тәжірибе мектептегі оқу-білімнің берік негізі бола алады.
Орыс мектептері мен Еділ бойыньщ езілген халықтары мектептерін құру және өркендету ісіне халық училищесінін, инспекторы болып жүріп И. Н. Улъянов (1831 - 1886) үлкен үлес қосты. Материалдық жетіспеушіліктерге, жоқшылыққа қаранастан ол мұғалімдерге арналған курстар ұйымдастыру жөнінен елеулі жұмыстар жүргізді, мектеп салу ісіне қамқорлық жасады, соны-мен қатар озат педагогика мен методика туралы идеяны кеңінен насихаттады.
Сол замандағы айтыс, таластарда, әсіресе білім берудін, тәрбиеніқ бағыты мен мазмұны жайлы мәселс қатты қойылған бо-латын. Сол кездің үкімет мекемелерінде мерейі үстем болған реакциялық рухка оқу-білім, тәрбие берудіқ ең жақа жүйесі қарсы қойылды. Революцняшыл демократтардын, көзқарасында оқу-білім, тәрбие мәселесі өмірмеп, сондай-ақ ғылыммен, әдебиетпен тығыз байлаиысты түрде қаралды. Тәрбиені олар қоғам құрылысы, Отан, адамзат қауымы жайындағы наным, сенімдерді бойға сіқірудін құралы дсп таныды, самодержавиелік кұрылысқа қарсы саяси күрестің құралы деп қарады.
Патша үкіметінің реакцияшыл саясатын насихаттаушылар халық арарту министрі Д. Толстой мен синодтық обер-прокуроры К. Победоносцев орыстан басқа халықтар арасындағы оқу-ағарту жұмысының міндеті соларды орыстандыру, дінн-адамгершілікті уағыздау мақсатында болуға тиіс, сол арқылы бұл халықтарды сол ғасырдың алға жетектеген қозралыстарынан және Россиядағы өріс алған қоғамдық-саяси күрестерден тыс қалдырып, одан аулақ ұстаура тиіс деп тұжырымдады. (0сындай реакциялық саясаттың негізінде Н. И. Ильминскийдіқ белгілі системасы жасалды. Діни ағартушылықты мейлінше жақтаған Ильмиыский Еділ бойында, Оралдың, Қазақстанның және басқа аймақтар мен өлкелердің халықтары үшін конфессионализм рухындағы мектеп жүйесін енгізді, Оның бұл жүйесініқ негізіиде діни-этикалық принцип жатты; мұның өзі «бұратана халықтардың православиеге жатпайтын дәстүрлі дінін іштей бүлдіріп күйрету үшін олардық сана-сезіміне әсер етудін» бүркемелеулі жолы еді. Әрине Ильминскийдің мұндай системасы халық мектебінің проблемасын шеше алған жоқ. Сондықтан да ол алдьтры қатарлы педагогтарға, онық ішінде Ы. Алтынсарипге де мүлде жат система болып қала берді.
Н. И. Ильминскийдіқ системасындағы қате-кемшіліктерден бас тарта отырып, Ы. Алтынсарин мектепті ұйымдастыру, мұғалімдер даярлау, мектептерге, арналған жетекші нұскауларды, сөздіктер мен басқа да оқу құралдарын бастырып шырару сияқты еқ қиын мәселелерді шешу үстінде (сондай-ақ жақа алфа- витті енгізу кезінде) онымен ақылдасып, оиын, күш-көмегіне сүйенді. Осы тұрғыда 1859 жылдан бастап Н. И. Ильминский мен Ы. Алтынсарин бір-біріне жұмыс жайында бірде хат жазысып, бірде жүзбе-жүз кездесіп жүрді; Н. И. Йлбминский жииап бастырған «Алтынсарин туралы естеліктер» сол хаттар мен кездесулер жайын паш етеді. Бұған кірген материалдар Ы. Алтынсариннің өмірі мен қызметін бейнелейтін аса бағалы қазына болып табылады.
6 0-70-жылдарда Ы. Алтынсариннің педагогикалық көзқарасы демократияшыл ағартушылық ой-пікірлер мен алдыңғы қатарлы орыс мектебінің тәжірибесі негізінде қалыптасты. Осы тұрғыдан қарағанда Ы. Алтынсарынніқ мұралары совет халықтары педагогикасының тарихы, бүкіл отандық педагогика екенін көрсетіп, оған айқын мысал бола алады.
Прогресшілдік сипаттағы Ы. Алтынсаринніқ педагогикалық сиатемасы халық арарту саласында аса зор, пайдалы роль атқарады; оның көптеген қағидалары осы күнге дейін өзінің мәнін жойған жоқ. Оның ілімі өз алдына дербес, тұтас бір педагогикалық система болып табылады. Онда адал көңілден шыққан сында, жаңашыл бастаманы қолдау да, өзіндік ой-пікірді орынды айта білу де бар.
Советтік жалпы педагогикалық философиялық, методикалық әдебиеттен Ы. Алтынсарин өзінің баға жетпес ой-пікірімен, асыл адамгершілігімен, қияға қанат қаққан өршіл де ізгі ниетімен орын алады.
Халық ағарту саласының табанды да дәйекті күрескері болған Ы. Алтынсариы бүкіл адамзаттық білімнін, гуманизмдік принциптері мен идеалын қорғады. Осы тұрғыда Ы. Алтынсарин былай деп жазған болатын: «Реалдық училищелерде, . . . классикалық гимназияларда . . . мен казаққа ауыл шаруашылық академиясында әрі қарай . оқи алатындай білім беруге шақырдым, оның арғы жағында (олар) ғылым мен әыерден халықтық шын мәнісіндегі басшысы, мұғалімі бола алатындай болсын дедім».
Оқытуды еңбекпен, өмірмен байланыстыру, қазақ қыздарына білім беру жөніыдегі Ы. Алтынсариннің идеялары тек біздіқ заманымызда ғана толық жүзеге асырылды.
Орыс-қазақ мектептерінде жұмыс істеп, педагогтык, тәжірибе алған Ы. Алтынсарин орыс мұғалімдерімен тығыз байланыс жасады, олардың бірсыпырасы Ыбырайдын мектептерінде сабақ беруге ерікті түрде келген болатын. Әрбір орыс мұғалімін Ы. Алтынсарин алдыңғы қатарлы орыс интеллигенциясының өкілі деп танығысы келді. Оларды «ояна бастаған халықтық ағартушысы» деп есептеді.
Орыс-қазақ мұралімдері арасында Ы. Алтынсарин заманында уып, өркен жайған достық қарым-катынастар одан кейінгі кезеңде дәстүрге айналды.
Ы. Алтьшсаринніқ педагогикасында Қазақстан жағдайында алғаш рет жалпы педагогика, дидактика және методика саласының аса маңызды ғылыми принциптері қолданыла бастады: оқытудын, көрнекілігі, тәжірибе мен бақылау, оқытудық белгілі мақсатқа құрылуы, класс жұмыстары мен кластан тыс жұмыстардың түрлері т. б. жузеге асырылды. Тәрбиенін, әр түрлі ком- поненттеріне - адамгершілік, енбек және дене тәрбиесіне айырықша назар аударылды. Бала психологиясының жалпы сипаты туралы тақырыпты да алғаш рет талдаған Ы. Алтынсарин болатын.
Оның педагогика саласында қолы жеткен табыстарының кей-біреулері, міне, осындай.
Алайда Ы. Алтынсариннің терең де жан-жақты творчествосы қоғамдық-педагогикалық проблемаларды қарастырумен ғана шектелмейді. Совет ғалымдары ЪІ. Алтыпсариннін, озық ой-пікірлерін мәдени және әлеуметтік өмірдегі проблемалық мәселелердің түгел бір системасы болып табылады, сөйтіп, белгілі кезеңдегі ауыспалы тарихи дәуірдін объективтік жағдайын айқын көрсетеді деп таниды. «Орыс халқымен жақындасып, араласа бастаран қазақ жұртшылығынын белгілі бір топтары шаруашылықтың ұтымды, прогресшіл формасына көшуді және мәдени қарьш-қатысты кеңейтуді қажет ете бастады. Бұл кез экономикалық және мәдени байланыстардың негізінде, сондай-ақ ортақ жауға қарсы дер кезіндегі күрес негізінде қазақ жәнс орыс ха-лықтары арасында достық қарым-қатынас орнай бастаған кез болатын. Міне, сондықтан да Ы. Алтынсарин прогресшіл бастаманың жалынды жаршысы, орыстың демократиялық озық мәдениетін жақтап күреске шықты» '.
Қазақстан авторларының зерттеулерінде Ы. Алтынсариннің қоғамдық-саяси және ағартушылық қызметі, сондай-ақ оньщ әдеби мұралары жан-жақты, терең қарастырылады. Соңғы он жыл ішінде архивтерден аса маңызды материалдар табылды; олар Ы. Алтынсаринніқ еңбегі мен қызметін ғылыми тану методологиясы тұрғысынан терең де толық зерттеуге мүмкіндік береді. Өз халқының болашағы үшін жан қиярлықпен күресудің жолдары туралы және жоғары идеал туралы Ы. Алтынсариннің кейде шолақ қайырып, қысқа айтқан, кейде үзіліп-үзіліп сілемі ғана қалған сөздері, міне, осылайша зерттеудің арқасында ғана дұрыс ұрылып, дұрыс түсіндірілетін дәрежеге көтерілді. Ы. Алтынсариниің өмірі мен қызметін сипаттайтын мұндай материалдарды тапқап - С. Сүлейменов, Ол Ы. Алтынсарин еңбектерінің тексін мұқият тексеріп, оның таңдамалы шығармаларынын, бір томдығын жарықка шығарды, оған қажетті комнеитарийлер берді.
Ы. Алтынсариннің мұраларын терең зерттеу, оны түсіну жолын да Қазақстан ғалымдары Е. Бекмахановқа, Т. Тәжібаевқа, Ә. Сембаевка, М. Сильченкоға, Б. Сүлейменовке, Қ. Бержанов. қа, Ә. Дербісалинге реформадан кейінгі дәуірдің бай библиогра фиялық әдебиеті бара жетпес дерек болып табылды.
Қазақтың аса көрнекті ғалымы Ә. Мағұлан Ы. Алтынсариннің Орыс География Қорамының Орынбор бөлімінің жазбаларында сондай-ақ мерзімді баспасөз бетінде жариялаған зтнография саласындағы еңбектерін зерттеу жұмысын қолына алды. Ә Марғұланның іздену жұмыстарының нәтижесінде Ы. Алтынсариннің творчестволық өмір баянына және демократ-ағартушының Тарихи ролін айқындай түсуге қатысы бар көптеген документтер табылды.
XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда ағарту ісі мен педагогикалық ой-пікірдің дамуы туралы жазылган Т. Тәжібаевтың еңбегінде Ы. Алтынсарин мен Абайдың түрлі проблемалар жөніндегі психологиялық көзқарастарына егжей-тегжейлі талдау берілген. Ол проблемалар мыналар: адамжәне орта, адамның психологиялық ерекшеліктері, мәдени игіліктерді жа-саудары және оны кейіыгі ұрпаққа мұра етіп қалдырудағы адамның кабілеті, адам организмінің дамуына керекті жағдайлар, адам зейінінің, ақыл-ойының ең басты орталығы - ми, дамыту мен оқыту процесін дұрыс ұйымдастыру арқылы саналылықты, дербестікті балаиың бойына сіңіру жайы педагогикалық қорытындылар жасау мәселелері.
Қазақстан ғалымдары С. Мусин мен Ш. Имашевтің арнаулы зертгеулерінің нәтижесінде біз еңбек проблемасы мен еңбекке тәрбиелеу мәселесіне Ы. Алтынсариннің практикада қалай қарағаны туралы жеткілікті мағлұматтарға ие болдық, ;
XIX ғасырдың екінші. жартысында табират тану ғылымыыда орасан зор жадалықтардың біреуі ашылды. Ч. Дарвпн ашқан бул жаңалык биологияны нағыз ғылми жолра қойды, сонымен бірге ғылми педагогиканы ілгері дамытуда аса маңызды факторлардың бірі болды. К. Д. Ушинский өзінің «Тәрбиелейтіні-міз - адам» атты енбегін жазып, адам туралы ғылыының негізінде тәрбиелеу мен білім беру ісінің системасын жасауға талаптанып көрді. Қазақ мектебін құрған кездерінде Ы. Алтынсарии табиғат тану ғылымының мәселелерімен қатты шұғылдаиды. Бұл туралы біз бірнеше мақалаларынан білеміз.
Ы. Алтынсарин туралы библиографиялык деректер мен оның өмірі жайында халық аузында сақталған қызықты әңгімелер мен өлең-жырлар бар. Халық жүрегінде Ы. Алхынсарин - зор ақыл иесі, «казақ даласылдағы бірінші мұғалім.
Ы. Алтынсариннің хаттарын Н. И. Ильминскии алғаш рет саралап, сұрыптап алып, баспа бетінде жариялаған болатын. Ол хаттардың көбі ресми адамдарға және оқу администрацпясына арналран. Бұл хаттарды бергенде Ильминский оларды көріне көзге бұрмалады немесе ұлы ағартушының басындағы қоғамдық сипаттағы іс-әрекетті керсетпеді, оның прогресшілдік көзқа-растарын бүркемеледі, онда Ы, Алтынсариннің көзқарастарымен ресми педагогиканы жақтаушылардың көзқарасы арасындағы, кереғар келіспеушіліктер, сондай-ак Ильминскийдің өз көз-қарасымен үйлеспеушіліктер болғаны жайлы жорта сөз етпейтіндігі байқалады. Хаттарды жариялаушы Ильминский Ы. Алтынсариннің объективті түрде айтылған пікірлері меп сындары туралы жұмған аузын ашпайды; оларды педагогика саласында келелі міндеттерді тікелей практика тұрғысынан ғана түсінуден туған пікір сияқты кереді. Н. И. Ильмннскийге жазған хаттарында белгілі бір ойды, жобаны немесе мектеп құрылысы т. б. туралы практикалық шараларды жүзеге асыруға көмектесуді өтінген сөздеріндегі қарапайымдылық оқырманның назарын аударады, Патша өкіметінің әкімдеріне жазған Ыбырай хаттарының стилі туралы да осыны айтуға болады. Өзінің жұмыс жөніндегі ұсыныстары мен тілектерін Ы. Алтынсарин сол мәселенің пайдалы да тиімді жақтарын баса көрссту сияқты ұтымды тәсілдермен дәлелдеуге тырысады. Ал Катаринскийге пікірін едәуір ашық жазады, бірақ қызмет бабындағы борышын сылтауратып, өзінін түбегейлі педагогикалық наным-сенімін одан да жасыруға мәжбур болады. Ал мұғалімдерге жазған хаттарынан шынайы достықтың жылы лебі еседі. Оларға бұл өз көңіліндегіш ашық айта алады.
Ы. Алтынсариннің мұраларын зерттеу жұмысы жүргізіле бастаған алғашқы кезеңде кейбір авторлар Ыбырай жобалаған мектептің сипатын тек сырттай үстірт бейнелеумен болды, Ильминскийдің системасы бойынша құрылатын мектептерден мүлде басқа типтегі мектеп құрмақшы болғанын аңғара білмеді. Орыс-қазақ мектелтері жайыйдағы кейінгі кездегі еңбектер де мұндай бір жақты пікірлер атымен жоқ.
Ы. Алтынсарин құрған мектептер ол өлгеннен кейін де өмір суре берді, бірақ олар ілгері дамып өркендей алмады. Чиновниктік басқару органының бақылауымен - оларда реакциялық тәртіп орнады, ескілікке құлдық ұру салтын ұстады, қысқасы жастарды азаттық туралы ойдан аулақ ұстауға, оларды самодержавиелік құрылыстың тәртібіне қалтқысыз бағыну рухында
тәрбиелеуге керектінің бәрі жузеге асырылды.
Ұлы Октябрь революциясынан кейінгі дәуірде ғана Ы. Алтынсарин мектептері тарихының жаңа беттері ашылды. Өткеи ғасырдың 80-жылдарында ашылғап мектептер советтік енбек мектебі болып өзгеріп қайта құрылды. Әзінің туғап жерінде, Қостанай қаласында Ы. Алтынсарнн ашқан ондай мектептердің бірі 20 - жылдары Қазақ ССР-нің Оку-ағарту Халық Комисса-риатының қарамағына берілді. Ол сол кезде мектеп-коммунаға айналдырылды, сөйтіп Қазақстанда совет мектебінің даму дәуірінде белгілі бір роль атқарды. Ол мектеп-коммунаның мақсаты «жатақхана бере отырып оқыту жұмысын ұйымдастыру арқылы әр жерде шашырап жатқан ауылдардағы қазақ ауылдардағы қазақ кедейлерінің балаларына комунистік бағытта білім мен тәрбие алуға мүмкіндік беру, олардың пролетарлық сана-сезімін ояту арқылы, коллективтік еңбек дағдыларын бойына сіңіру арқылы оларды белсенді қоғамдық қызметкер, революция жолын берік ұстайтын табанды күрескер етіп тәрбиелеп шығару» болды (ҚазССР мектеп-коммуналарының Уставынан) . Қостанай мектеп-коммунасы 30-жылдардың орта шенінде балаларға арналған пансионы бар орта мектеп айналдырылды. Оған алғаш сол мкетептің негізін қалаған Ыбырай Алтынсариннің аты қойылды. Қазіргі кезде бұл мектептің жаңадан арнайы салынған үйі бар. Оның интернатында 520 бала тәрбиеленеді.
Орта дәрежелі жалпы білім беретін мектепке айналдырылғаннан бергі 20 жыл ішінде оны 1025 оқушы бітіріп, кәмелеттік аттестат алып шықты: олардың ішінде 368 қыз бала бар. Бұл мектепте оқып, бітіріп шыққандардың ішінде қазіргі кезде бүкіл республикамызғБұл мектепте оқып, бітіріп шыққандардың ішінде қазіргі кезде бүкіл республикамызға аты әйгілі қайраткерлер, халық артистері, жазушылар; Социалистік Еңбек Ерлері молынан саналады.
Мектепте 37 мұғалім, тәрбиешілер жұмыс істейді. Олардың ішінде 34 адамның жоғары дәрежелі білімі бар. Мұнда Ы. Алтынсаринге арналған күнді өткізу дәстүрге айналған.
Бұл күні мектепте «педагогикалық оқу» өткізіледі, көркемөнерпаздар ұйымдары түрлі сауық кештерін ұйымдастырады. Бүкіл мектеп оқушылары болып Ыбырай Алтынсариннің зиратына экскурсияға барады. Мектептегі әдебиетші жас таланттардың арасында бұл күні айтыс өткізу берік дәстүрге айналған. Айтысқа қатысушыларды әзірлеу жөніндегі қызу да қызықты жұмыстарды таңдаулы мамандар басқарады, ал олардың айтысына бүкіл мұғалімдер коллективі, оқушылар мен олардың ата-аналары қатысады.
Ыбырай Алтынсариннің қайтыс болғанына алпыс жыл (1949ж) және туғанына 125 жыл (1966ж) толуына байланысты республука жұртшылығы оның баға жетпес зор еңбегін қанағаттанарлық сезіммен атап өтті. Қазақ ССР Ғылым акдемиясының сессиясында, республикалық баспасөз бетінде Ыбырай Алтынсариннің дұрыста әділетті қоғам құрылысы туралы, қазақ және орыс халықтары арасында достықты дамыту туралы, қоғамдық - педагогикалық идеяларын халыққа кеңінен таныстырды. 1966 жылы Қостанай қаласында Ыбырай Алтынсариннің туғаннына 125 жыл толуына байланысты оқу өткізілді.
Республиканың творчестволық қызметкерлері - ғалымдар, педагогтар, жазушылар Ыбырай Алтынсариннің мұраларын жан-жақты терең зерттеуге көп еңбек сіңірді; олар туған елін, халқын шексіз сүйген және орыс мәдениетін қадір-қасиетін, пайдасын тани білген ұлы педагогтың еңбегін жоғары бағалады.
Ұсынылып отырған бұл кітап Ыбырай Алтынсариннің көп қырлы, әр жақты еңбегінің бір ғана саласын, атап айтқанда, оның педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметтерін шолып өтуге арналды. Мұнда біз оның едәуір кең көлемдегі қоғамдық, ғылыми-өлке тану, әдеби қызметін қарастыру мәселесіне барғанымыз жоқ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz