Дамуында кемістігі бар балаларды тәрбиелеу мен окыту күрделі әлеуметтік және педагогикалық мәселе


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Логопедия ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.

Сөйлеу тілі бұзылуының түрлерін түзетумен және сауықтандырумен ойдағыдай айналысу үшін сөйлеу тілі бұзылуының белгілерінің симтоматикасын, себептерін және механизмін білу қажет.

Логопедия педагогика, жалпы және арнайы педагогика, медицина, лигвистикамен тығыз байланысты. Медицина ғылымының ішінде логопедиямен тығыз байланыстысы: патофизиология, патология, олигофрения клиникасы, психопатология, педиатрия. Бұл ғылымдар, сау баланың даму заңдылығын зерттеумен бірге, баланың дене бітімі мен психикалық дамуының мөлшерден ауытқуында зерттейді.

Логопедия лингвистика ғылымымен және психолингвистикамен тығыз байланысты. Бала тілінің жүйелі түрде даму заңдылықтарын білу логопедиялық қорытындыны дұрыс анықтауға және оған сәйкес дәйекті логопедиялық ықпал жасау үшін кажет.

Логопедия жалпы және арнайы психологиямен, психодиагностикамен тығыз байланысты. Логопед баланың психикалық дамуының заңдылығын және әртүрлі жастағы Баланы психолого - педагогикалық тәсілдермен тексеруді пайдалана білу кажет. Осы тәсілдерді қолдана отырып, әр түрлі тұлғадағы тіл кемістіктерін ой-өрісінің жеткіліксіздігінен немесе көңіл-күйі және мінез-құлқының бұзылуына байланысты кездесетін тіл кемістіктерінен ажыратуға болады.

Логопедияда жалпы педагогиканың бірқатар принциптері мен тәсілдері кеңінен пайдаланылады. Логопед сабақ өткізудің алдында баланың жасын, оның психологиялық ерекшелігін еске алу кажет. Логопедия жұмысының нәтижелі болуы тәрбиешінің немесе логопедтің балаға дұрыс ықпал жасауына көп байланысты. Ол тек оның ынталылығының, ықыласының, ойлауының, ақылының, сөйлеу тілінің ерекшеліктерін ескеріп әрдайым дербес қараған жағдайда ғана жүзеге асады.

Логопедия сабағының нақты жүйелілігі, жоспарлылығы сақталуы тиіс. Логопедия оқуы процесінде қолданылатын тәсілдер баланың жасына қарай пайдаланылады.

Логопедия ғылымы, мақсаты, міндеттері.

Логопедияда тіл кемістіктерін жою үшін әртүрлі тәсілдер қолданылады. Оларды бірнеше топқа шартты түрде бөлуге болады. Олар: бақылау тәсілі, әңгімелесу тәсілі, тәжірибе жасау тәсілі т. б.

Бақылау тәсілі - бұл кең тараған педагогикалық тәсіл. Бұл тәсілді педагогикада да, психологияда да кеңінен қолданады сонымен қатар, логопедияда пайдаланады. Бұл тәсілді пайдаланғанда белгілі бір талапты сақтау кажет. Бақылаудың қандай түрі болмасын мақсатқа сәйкес болуы керек. Әрдайым сөйлегенде ғана бақылай бермей, ол үшін алдын-ала мақсатын қою керек. Мысалы: бір кезде баланың сөздік қоры немесе грамматикалық құрылысын қадағаласақ, бір жағдайда дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылуын тексереміз. Бұл тәсіл мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын зерттеуде кеңінен қолданылады. Бұл тәсілге қойылатын ең маңызды талаптың бірі бақылаудың жүйелілігі мен жоспарлылығында.

Баланың тілін анықтау үшін ұзақ бақылауды талап ететін жағдай жиі кездеседі. Ол үшін жоспарды алдын-ала дайындау қажет.

Әңгімелесу тәсілі - екінші маңызды тәсіл. «Ол тіл кемістіктерін әңгімелесудің көмегін анықтайтын» тәсіл. Әңгімелесу арқылы баланың дыбыстардың қайсысын дұрыс, қайсысын бұрмалап немесе тастап кетіп, бір дыбысты екінші дыбыспен алмастырып сөйлейтінін анықтаймыз.

Тәжірибе жасау тәсілі - бұл тіл кемістіктерін зерттейтін тәсілдердің үшінші түрі. Бұл тәсілдің басқалардан айырмашылығы және артықшылығы сол. Ол өзінің мұқияттылығымен және қатаң жүйелігімен ерекшеленіп, бізге керекті нәтижені тезірек алуымызға мүмкіндік береді.

Тәжірибе жасау тәсілі екі топқа бөлінеді:

А) табиғи тәжірибе;

Ә) лабораториялық тәжірибе.

Табиғи тәжірибе баланы әдеттегінше ойнату, оқыту «есе еңбек еткізу» арқылы жүргізіледі. Ол үшін арнаулы керекті құралдар арқылы дыбыстардың айтылуын тексереді.

Лабораториялық тәжірибе тіл кемшіліктерін тереңірек және көбірек анықтап зерттеу мақсатында қолданылады. Ол үшін әртүрлі аппараттар пайдалануы мүмкін. Мысалы: тұтықпа баланың сөзін жазу үшін таспа, есту қабілетіне арнайы аудиометр.

Логопедияның тәжірибесінде дәрігер мамандардың қызметін пайдаланумен кейбір медициналық тәсілдер де қолданылады. Мысалы:

А) операция жасау: Кейде баланың тіл кемістігі артикуляция аппаратының органикалық қатты бұзылуынан пайда болады. Таңдай мен еріннің, тістің көмегімен айтылатын дауысты, дауыссыз дыбыстардың дұрыс шықпауы, сонымен дауыстың мұрын арқылы шығып мылқаулануы осындай кемшіліктің айғағы. Мұндай жағдайда таңдай мен еріннің тілінген жерін операция жасап тіккеннен кейін дыбыстардың жақсы, әрі анық естілуіне орай арнайы логопедиялық жұмыс жүргізіледі.

Б) Протездеу: Кей жағдайда таңдайдың жарығын операцияға дейін уақытша жасанды таңдаймен жауып қояды.

Есту мүмкіндігі төмендеген жағдайда да сөйлеу тілі жиі бұзылады. Соның салдарынан жақсы естімейтін бала басқа кісінің сөзін ұқпайды, сонымен бірге өзінін сөйлеген сөзін де жеткілікті түрде бақылай алмайды. Бұндай жағдайда есту аппаратының немесе есту протезінің көмегін пайдаланады.

В) Жақ сүйегін түзету және реттеу. Жақ сүйектер мен тістердің құрылысының түзелуінің дұрыс болмауы салдарынан тіл мен тістің көмегімен айтылатын дыбыстардың сөйлеу сиқы бұзылады. Бұндай жағдайда дәрігер мен жақ сүйектерін реттеп түзеткенде ауыртпайды сонымен қатар жақсы нәтижеге жетеді.

Г) Дәрі-дәрмекпен емдеу: дәрі-дәрмекпен емдеу логопедияда қолданылатын медициналық тәсілдің ең қажетті бір түрі. Егер бала жиі сырқаттанудың әсерінен асқа тәбеті шаппайтын болып, тағы да басқа жағдаймен реңі нашарлап кетсе, онда денсаулығын нығайту үшін дәрігер-терапевт қажетті режим мен дәрі-дәрмек қабылдауды ұсынады.

Д) Физиотерапиялық, психотерапиялық емдеу.

Физиотерапия ағзаны жалпы нығайту үшін жәрдем береді - ол сумен, жарықпен, тоқпен емдеу деген сөз.

Психотерапияны кейбір тіл кемшілігінің салдарынан немесе ықпалынан пайда болған жағымсыз мінезін өзгерту үшін адамның психикасына сөзбен әсер ету деп түсінеміз. Мысалы: тұлықпасы бар адамның қорқып сөйлемеуі, күманданғышты, үндемеуі сияқты жағымсыз қылықтарды түзету.

Психотерапиялық жұмыстың міндеті түсіндіру, сендіру, әңгімемен үйыту арқылы жағымсыз мінездерді өзгерту болып табылады. Кейде психотерапияның бір түрі гипноза да қолданады. Бұл тәсілді тек қана дәрігер мамандар пайдаланады. Ол тек жоғарғы сыныптағы балалардың және ересек адамдардың ғана тұтықпаларын жою үшін басқа тәсілдермен қатар қолданылады. Логопедия педагогика, медицина, лингвистикамен тығыз байланысты.

Дефектолгия пәні, міндеттері принциптері және әдістері.

Дефектолгия педагогика ғылымының саласы ретінде дефектология (латынның « Веifесіn»- кемшілік және гректің сөз, ілім) деген сөздерінен кұралған.

Дефектология дамуында кемшілігі бар балаларды зерттейтін ғылым. Ғылыми танымның сапасы ретінде дефектологияның зерттеу пәні болып физикалық және психикалық кемістігі балаларды тәрбиелеу мен оқыту болып табылады.

Дефектология бірқатар дербес салаларды біріктіреді. Мысалы сурдопедагогика -есту кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуді зерттейді. Тифлопедагогика - көру кемістігі бар балаларды тәрбиелеу мен окытуды зерттейді. Олигофренопедагогика ақыл - есі кем балаларды оқыту мен тәрбиелеуді зерттесе, логопедия сөйлеу кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу саласын қарастырады. Дефектология сондай-ақ дамуында бар балалардың психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін арнайы психологияны да қарастырады.

Дамуында кемістігі бар балаларды тәрбиелеу мен окыту күрделі әлеуметтік және педагогикалық мәселе. Оның мақсаты осы балаларды өздерінің мүмкіндіктеріне сәйкес өз бетінше белсенді пайдалы өмірге даярлау болып табылады, сонымен қатар өмір мен еңбек жағдайларына икемдеуін қарастырады. Ғылыми зерттеулердің әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, ғалым - дефектологтар дамуында кемістігі бар балалардың дамуының обьективті заңдылықтарын зерттейді, оларды тәрбиелеу мен оқытудың жүйесін негіздеп жасайды. Осылайша соқыр балаларда кеңістікте бағдар ұстауында көмектесетін естуі. Сезім түйсігі, иіс сезу және жылулық сезімі өткірленеді. Мылқау бала музыканы вибрациялық сезіну арқылы естіп, оны жасауға дейін жете алады. Баланың физикалық және психикалық бұзылу ерекшеліктері бүкіл процеске және ақырғы нәтижесі оның танымдық қызметіне де әсер етеді. Сонымен қатар, кемтар балаларды арнайы оқыту мен тәрбиелеу жағдайында олардың биологиялық күрделі кемістіктері де ескеріледі.

Дефектология педагогикалық ғылым ретінде негізгі педагогтикалық категориялармен қатар жүреді. Кемтар балаларды жалпы оқыту мен тәрбелеу үшін құрдастары мен үлкендер тарапынан қарым - қатынас жасау жеке тұлғаның дұрыс қалыптасуына үлкен әсер етеді.

Кемтар балаларды тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттері педагогиканың жалпы принциптері мен анықталады. Мысалы: белсенді қоғамдық пайдалы өмірге даярлау, азаматтық қасиеттерді қалыптастыру, бірақ ол кемістіктің құрылымы мен дәрежесіне сәйкес лайықты көлемдегі әдіс-құралдармен жүзеге асады. Кемтар балаларды окыту мен тәрбиелеу жанұя мен мектептің тығыз байланысына тікелей әсер етеді. Кемтар баламен тәрбиелік жұмыс оның жеке тұлғалық және жас ерекшелігін ескере отырып жүргізіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дефектология жеке ғылым саласы ретінде
Кемтар балалар тұлғасын зерттеген ғалымдарды атаныз
Айқын интеллектуалдық бұзылыстары бар балалардың психологиялық - педагогикалық мінездемесі
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРМЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту жағдайлары
Арнайы педагогиканың сыныптамалары
Дамуында ауытқуы бар балалардың түрлері
Дамуында ауытқуы бар балалар
Аномальды балалар
Арнайы психология туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz