Блез Паскаль: Паскаль теоремасы, ықтималдық теориясы және гидростатикалық заңы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ПАСКАЛЬ (Раsсаl) Блез (19. 6. 1623, Клермон -Ферран, -19. 8. 1662, Париж) - француздың діни философы, жазушысы, математигі және физигі. Математикаға дарындылығы бала кезінен-ақ байқалған. Оның «Конустық қималар теориясының тәжірибесі» атты трактатында (1639 ж. жазылып, 1640 ж. жарық көрген) проективтік геометрияның негізгі теоремаларының бірі - Паскалъ теоремасы баяндалды. 1641 ж. қосындылауыш машинаны құрастырды. 1654 жылға дейін арифметика, сандар теориясы, алгебра және ықтималдықтар теориясы бойынша бірқатар ғылыми жұмыстарда (1665 ж. жарияланған) аяқтады. Паскаль кез келген бүтін санның басқа бір кез келген бүтін санға бөлінкінің жалпы алгоритмін және биномдық коэффициенттерді есептеу тәсілін тапты, ықтималдықтар - дың элементар теориясының бірқатар негізгі мәселелерін тұжырымдады. Паскаль кейбір еңбектерінде математикалық индукция тәсілін алғаш рет дәл анықтап берді және оны математика -лық дәлелдеулерге қолданды. Паскальдың геометриялық түрде баяндалған денелердің көлемі мен денелер бетінің ауданын табуға арналған есептерді шешудің интегралдық әдісі, сондай-ақ циклоидамен байланысты т. б. есептері шексіз аз шамалар анализінің дамуына елеулі әсер етті. Паскаль физикада барометрлік қысым мен гидростатиканың мәселелерін зерттеумен айналысты. Гидростати -каның негізгі заңын ашты, гидравликалық престің жұмыс істеу принципін түсіндіріп берді. Паскальдың философиялық көзқарасы қарама-қайшы болды: ол рационализм мен скептицизмнің арасында ауытқып отырды. Паскаль француздың классикалық прозасының қалыптасуына елеулі әсер етті.

ПАСКАЛЬ ЗАҢЫ - гидростатиканың негізгі заңы. Паскаль заңы бойынша сыртқы күштің сұйық бетіне түсіретін қысымы сұйықтың барлық бақытына бірдей болып таралады. Бұл заңды Б. Паскаль ашып, оны 1663 ж. жариялаған.

ПАСКАЛЬ ТЕОРЕМАСЫ - конустық қимаға (эллипс, гипербола, парабола) іштей сызылған кез келген алтыбұрыштың үш өзара қарама -қарсы қабырғалар жұбының (немесе олардың жалғастарының) қиылысу нүктелері Паскаль түзуі деп аталатын бір түзудің бойында жататынын тұжырымдайтын геометриялық теоремасы. Бұл жағдайда алтыбұрыш дөңес те, сондай-ақ жұлдыз тәрізді де болуы мүмкін:-

1-суретте төбелерінің реті 1, 2, 3, 4, 5, 6 цифрлары арқылы белгіленген алтыбұрыш бейнеленген. Бір-бірінен екі қабырға арқылы бөлінген қабырғалары қарама-қарсы қабырғалар деп аталады, яғни 12 мен 45, 23 пен 56, 34 пен 61 қабырғалары өзара қарама-қарсы қабырғалар делінеді (мысалы: мұнда 45 қабырғасы 12 қабырғасынан 23 және 34 қабырғалары арқылы бөлінген) . Ал Паскаль түзуі суретте пунктирмен бейнеленген (егерде сол төбелерді нөмірлеудің басқа тізбегі алынса, яғни басқа алтыбұрыштар алынса, онда әр түрлі Паскаль түзулері шығады) .

Паскаль теоремасын 1639 ж. Б. Паскаль тұжырымдап берген. Конустық қималар үшін түзулер жұбы болатын Паскаль теоремасы- ның дербес жағдайы ертеден белгілі (П а п п т е о р е м а с ы) . Соңғы жағдай 2-суретте көрсетілген. Мұндағы 1, 3, 5 төбелері бір түзудің, ал 2, 4, 6 төбелері басқа түзудің бойында жатады. Бұл суретте де Паскаль

пунктирмен бейнеленген. Паскаль теоремасы- Британшон теорема- сымен өзара байланыста болатын теорема. Бұл теоремалар конустық қималардың маңызды проективтік қасиеттерін ашып берді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұйықтар механикасының негіздері: қысым, Паскаль заңы, Архимед күші, үзіліссіздік және Бернулли теңдеуі
Паскаль және Архимед заңдары: гидро- және аэростатиканың теориясы мен қолданылуы
Турбо Паскаль бағдарламалау тілінің теориясы мен практикасы
Турбо Паскаль 7.0 жүйесі және Паскаль тілінің негіздері
Паскаль тілінің тарихы және Турбо Паскаль ортасының құрылымы мен басқару элементтері
Турбо Паскаль тіліндегі жиындар: теориясы, синтаксисі және практикалық қолданылуы
Паскаль программалау тілінің негіздері: Турбо-Паскаль 7.0 үшін аударма оқу құралы
Паскаль және Турбо-Паскаль: тіл құрылымы, синтаксисі мен негізгі элементтері
Паскаль тіліндегі циклдік операторлар: теориясы және практикалық мысалдар
Паскаль бағдарламалау тілінің элементтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz