Ыбырайдың игі істерінің жалғасы - Қазақ хрестоматиясының екінші бөлімі


Өнерпаз өнегесі.
Қазақ ұлтының болашағы оқу-білімде деп білген Ыбырай Алтынсарин шығармашылық және ұстаздық қызметін бастады. Мұның өзі тазалығы үшін күрестен бастады. Мұның өзі себепсіз де емес еді.
Ыбырайға днйінгі қазақ жазба тілінің «қоспалы»болғандығы, оның татар, араб, прсы сөздерімен әбден шұбарланғадығы сол кезден бізге жеткен мұралардан, ғылымдар еңбектеріне білген. Атақты түркітанушы, академик В. Радлов өзінің қазақ әдебиеті туралызерттеулерінің бірінде: «Қазақтың жазба тілі жоқ өйткені қазақтарды оқытқандардың көбі татарлар еді:Олар бұл тілді шала біледі де «қойыртпақтап сөйлейді: сондықтан сауатты қазақтар татарша жазатын еді. », - дейді (Радолв В. В. «Наречия тюркских племен, живущих в Южной Сибири и Джунгарской степи», ч III, 1870, 19-бет) немесе төңкеріске дейін шығып тұрған « Айқап» журналы: « Нағыз шынын айтқан уақытта қазақ тілінде деп бастырылған кітаптардың көбінде қазақтың иісі де жоқ . Неге десең, тілдері бытпырақ, болмағандарының ағыны теріс», - дейді («Айқап», 1913, №22)
Осы аталған келіссіз жайттарды жоюды Ыбырай шұғыл қолға алды: қазақ дыбыстарын толық бейнелей алмайтын араб алфавитіне, тіл тазалығын бұзатын, оның халыққа жат сөздермен былғайтын татарша сауттандыруға ашық түрде қарсы шықты. Алтынсарин Н. И. Ильминскийге 1871 жылы тамыздың 31 де жазған хатында орыс алфавитін сол үшін әдейі қолданғанын айтады.
Ыбырай жоғарыдағы айтылған « қоспа» тілге төл жазба әдебиетіміздің басы болып саналатын « Қазақ хрестоматиясын» жарыққа шығару арқылы қатты соққы берді. Бұл кітап - тіл тазалығын сақтауда Ыбырай салып берген сара жол, практикалық үлгі- өнеге. Автор өзінің «Хрестоматиясының» алғысөзінде: « Нысанаға дәл тию үшін орыс әріпімен бастыруды дұрыс деп таптық», - дейді. Ыбырайдың мұндағы мақсаты-қазақ балаларының түсініксіз кітаби тілден біржола қол үздіру еді.
Ыбырайдың өмір бойы ана тілінің тазалығы үшін күрестен таймағанына оның шәкірті Әбдіғали Балғынбаев жазып қалдырған естелік те куә. Ол: « Ыбырай өз ана тілі- қазақ тілін, шеттен енген кірме сөздер көп болса да, орыс тіліндей бай тіл болмаса да әрдайым ойды мәнерлі әрі дәлелдеп, тұжырымды бере алатын тіл екендігін талай рет ескертті және бұл тілді таза сақтау керектігін мойындатқызған да болатын. Ол қазақ тіліне татар тілін, татардың кітаби тілін араластырып сөйлеушілерге қарсы болған еді», - деп жазды. (Қазақ КСР ҒА Орталық ғылыми кітапханасының қолжазба қоры, №397, 80-бет)
Бір есте болар жайт- Ыбырайдың өз шығармаларының қай-қйсысында да кітаби элементтер қисынсыз кездеспейді. Қазақ тілін кітаби тілмен шұбарлағандарға қарсы болған Ыбырай, әрине, өзі деодан аулақ болды. Ыбырай алғаш тілмаш болып істеп жүрген кезінде-ақ іс-қағаздарын таза қазақша жазуға тырысқан. «Бірде кеңесші оған Ордаға жазылған кішкене ғана жарлықты аударуды тапсырады». Алтынсарин оны таза қырғыз (қазақ) тіліне аударып жазады. Ол кіші тілмаш болғандықтан, оның аудармасына аға тіл аудармашы қол қоюы керек екен. Ол мынадай аудармаға ыза болып, түгелдей сызып тастайды да, оның орнына татарша жазады. Бұл жөнінде Алтынсарин маған аса қынжылып айтып еді», -деп еске алады Ильминский. Қазақтың ауыз әдебиетімен жақсы таныс Ыбырай ел аузына фольклор материалдарын көптеп жиып, бастырады. Мысалы, «Қара батыр», «Жәнібек батыр», Жиренше шешен атымен байланысты аңыз әңгімелердің, мақал-мәтелдердің Ыбырай хрестоматиясынан кең орын алуы тегін емес.
Ыбырай шығармашылық мұрасы алуан түрлі, ол көркем әңгіме жазды, өлең шығарды, сол кездегі қазақтың халі, тұрмыс- жайы туралы мақалалар мен тіл туралы құнды еңбек қалдырды. Бұл жерде біз XIX ғасырдағы қазақ тілінің лексикасын сипаттайтын әрі орыс және қазақ тілдерінің грамматикасын салыстырып беретін «Начальное руководство к обучению русскому языку», деген еңбегін айтып отырмыз. Қазақ грамматикасының алғашқы бастырмаларының бірі ретінде бұл еңбектің мәні зор.
Алтынсаринның бұл еңбегіне дейінгі жарық көрген зерттеу Н. И. Ильминский «Материалы к изучению киргизского наречия» деген кітабы ғана болатын. Ал Ыбырай Алтынсарин кітабы жеті бөлімнен тұрады: 1. Нәрселердің аттары 2. Зат-мақұлықтың қасиеттерінің аттары. 3. Местоимение 4. Ақыры өзгермейтін сөздер (Наречие и союз) 5. Есеп аттары 6. Предлог 7. Глагол (Сөздік) Ыбырай сөздігінің Ыбырай сөздігінің бір ерекшелігі - қазақ сөздерінің бәрін жинақтап, оларды сөз таптары бойынша саралап береді.
Ыбырайдың бұл кітабы- кейінгілерге қалған асыл да тарихи мұра. Ол өткен ғасырдағы, тұңғыш жазба әдебиетіміздің қалыптаса бастаған кезіндегі халықтық тілдің қандай дәрежеде болғанынан хабар беретін баспалдақ болып саналады. Тіл тарихын зерттеушілер үшін бұл еңбек қазақ авторының қолынан шыққандығымен де бағалы.
Еңбектің тғы бір құнды жері-қазақ тілінің терминдері сол кездің өзінде қазақша берілген; сонымен қатар қазақ тілінің орыс тілімен сәйкес келмейтін, оның гарамматикалық заңдылықтарына бағына бермейтін басты -басты ерекшеліктері арнайы көрсетіліп оқушыларға ескертіліп отырылғандығы.
Ыбырай кітаптың кіріспе сөзінде-ақ еңбекті жазғандағы көздегенмақсатын ашып айтып ескертеді. «Қазіргі нұсқау құралымыз-толық грамматика емес, ол тек сөйлеуде, жазуда ғана тілдің негізгі заңдылықтарын дұрыс пайдалана білу үшін жол көрсететін алғашқы құрал ғана».
Ыбырай Алтынсарин-өз дәуірінің «жаңғырығы». Әдебиетімізге ол енгізген жаңалық- ешқашан тот баспайтын, менмұндалап тұратын жаңалық. Оның мектеп оқушыларына арналған кітабын оқырмандар қауымы оқу құралы ғанаемес, көпшілік қолды көркем әдебиет үлгісі ретінде де қабылдады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz