Жалпы білім беру пәндерді зерделеу емес, тұлғаны пәндермен дамыту


ӨНЕР, БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА БАҒЫТТАР
Өнер адам тұлғасына, оның дамуы мен калыптасуына зор гуманитарлық әсер ететін күшке ие. Өнер арқылы адамның адамға, табиғатқа, қоғамға деген эстетикалық қатынасы тәрбиеленеді, әсемдікке деген сезімі, қоршаған ортамен бірлігін сезінуі туындайды. Өнердің адамға моральдық яғни адамгершілік құндылықтарды беруде де роль зор. Өнер шығармалары - бұл адам өмірі мен олардың сезімінің ең толықта нақты тарихы. Оны қайта жазуға, боямалауға, өзгертуге болмайды.
Қазіргі білім беру саласын гуманизациялау және гуманитаризациялаумен байланысты методикалық мәселелерді талқылау, өнерді интеграциялауға бағытталған, эстетикалық білімге ерекше мән берілетін осындай педагогикалық стратегияға қарай бұрылуға мүмкіндік туғызды. 60-70 жылдары пайда болған бұл әдіске деген қызығушылық күннен күнге арта түсуде.
Сыртқы дүниені жаңа ақпараттық өркениет жайлап, зор ақпараттық үрдісті бастан кешіріп жатқан қазіргі заманда таным және өзін-өзі тану құралы ретінде, әлем жайлы тұтас ұғымға ие болу, ондағы адамның өз орнын табу тәсілі ретінде, біз өнерге қайта-қайта бет бұрамыз. Шығармашыл, белсенді, рухани бай, эстетикалық тұрғыдан дамыған тұлға қалыптастыруда өнердің ролі зор.
Педагогикалық тәсілдегі пәндік жүйеде оқытудың мақсаты көбінесе, ғылым негізін зерделеу, баланың негізгі білім, білік, дағдыларды меңгеруі боп есептеледі. Тұтастық кешенді түрде білім беру тәсілінде баланың, өсіп келе жатқан адамның және қалыптасып келе жатқан тұлғаның әлемді қабылдауы, әлемді сезінуі, әлемді түсінуі мақсат болып табылады.
Назар пәннен адамға қарай ойысады, бұл білімнің ролін төмендетпейді. Білім мақсаттан шығармашыл тұлға қалыптастыру құралына айналады. Қазіргі мектепте әрбір оқу пәні белгілі бір білім бөлшегін зерделейді. Математикалық, филологиялық, химиялық, мәдениеттану білімдері өзара түйіспейді. Нәтижесінде алғашқы сәтте оқушы бір күнде бес-алты білімнен үзінді жаттап алуға мәжбүр болып, оларды сынақ немесе емтиханнан кейін ұмытып кетеді. Бұл жайлы М. Жадринаның "Білім нәтижесі: дәстүрлі және жаңа бағыттар" атты мақаласында былай делінген: "Білім сапасы оқушылардың меңгерген білім, білік, дағдылар ББД санымен өлшенетін оқудағы жеткен жетістіктерін бақылау және бағалау арқылы анықталады. Аясы тар пәндер аймағы бойынша алынған осы ББД білім нәтижесі болып табылады. Бұған тек әрбір пән бойынша жеткен оқу жетістіктерін бақылау мен бағалау жүйесі ғана емес, оқуға түсу үшін тапсырылатын емтиханның тест жүйесі де дәлел. Мектеп бітіруші көбінесе 23-25 оқу пәні бойынша алған білім жиынтығын шын мәнінде өмірлік салауатты таңдау жасап өздігінен шешім қабылдап, қандай да бір проблеманы шешуде пайдалана алмайды". Бұл тұрғыдан қарғанда мектептің бастауыш сатысынан бастап оқытылатын "Бейнелеу өнері" және "Музыка" пәндерін оқыту дәрежесі қандай? Мектептегі қазіргі көркем білім беру практикасы бүгінгі күн талабына сай жауап бере ме? Оқушылардың рухани және шығармашылық қабілеттері дамуының ең биік деңгейінде тұрған шағында бейнелеу өнері сабақтарын 6-7-сыныптан кейін үзіп тастауға әсте болмайды. Әрине, бұл проблеманың нақты дидактикалық шешімі бұрыннан келе жатқан көркем циклдегі пәндер арасындағы пәнаралық байланыс арқылы шешіліп келе жатқандығын жоққа шығаруға болмайды. Бірақ, практика көрсеткендей бұл мәселені пәнаралық байланысқа ғана сүйеніп шешу, қажетті дидактикалық тиімділік бермейді.
Өнер түрлері өте көп, олардың арасындағы шекара да икемді және жылжымалы болып келеді. Әлем картинасы толық көлемде олардың қайсыбір жекелеген түрі арқылы берілмейді. Сондықтан да суретші оларды механикалық түрде біріктіре отырып емес, тұлғаға көпжақты эмоционалды әсер етуге қабілетті өнерді синтездеп, ерекше қосынды жасай отырып, әр түрлі өнер түрлерінің мәнерлеу құралдарын пайдаланады.
Өнерді синтездеу, яғни жинақтау дегенді қалай түсінуге болады? Ол тұлғаның жан-жақты дамуына соншалықты қажет пе?
Бұл мәселені әлемдік керкем мәдениет тарихының негізінде қарастыруға болады. Синтез жасауда «өнер түрлерінің ара қатынасы әр түрлі болуы мүмкін. Әдетте, өнердің бір түрі өзіне басқаларды толығымен бағындырып, олардың шоқтығы бола алады. Мысал ретінде - өзіне мүсін, кескіндеме, сәндік өнерді бағындырған ежелгі египеттік сәулет өнерін келтіруге болады.
Осы орайда, ежелгі Индияның барлық өнер түрлерінің бір-бірімен байланысы мен жарасымды тұтастығы жайлы нақыл әңгімесіне құлак салғанымыз артық болмас. Индияның ел басқарушысы Раджа өзіне мүсін өнерін үйретуді өтінгенде, дана Брахман: "Кескіндеме заңын білмеген кісі мүсін жасауды ешқашан біле алмайды, би техникасын меңгеру мейлінше кескіндеме заңын ұғыну, сондай-ақ би техникасында аспапты музыкасыз ұғыну мүмкін емес, ал аспапты музыка вокальды өнер заңдарын меңгермесең, алға қойған мақсатың іске аспайды" - деп бүкіл өнер атаулының бір-бірімен байланысының маңыздылығын ескертеді. *
Шығыс мәдениетінде өнерді синтез жасау ұйымдастырушы бастама ретінде көрініс тапқан. Ұзақ мыңжылдықтар бойында Шығыс халқы әр түрлі өнер түрлерінде көрініс тапқан ерекше мифологиялық, діни және философиялық көзқарастар жүйесін жасап шықты: қытай кескіндемесі, жапон графикасы, будда храмы, Индияның мүсін өнері, ирандық кітап миниатюрасы. Ежелгі Шығыс өнерін синтез жасаудың ашық мысалы ретінде мүсін, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер, сөздік шығарма, музыка элементтері, сондай-ақ ырымдық, әдет-ғұрыптар іс-әрекеттерінің бір ниетке бағынатын храмдағы салт жоралары қызмет ете алады. Ертедегі қазақ халқының әлемді сезінуінде табиғатпен тығыз байланысты ою-өрнек өнері мен бейнелеу өнерінің бір-бірімен үйлесімділігі жатыр, өрнектеу және бейнелеу бастауы бір-бірімен өзара келісімді. Олай дейтініміз, ою-өрнектердегі бейнелі мәнерлілік пен әшекейлі геометриялық қатынастың бір-бірімен үйлесімділігі, қарапайым тіке өзіндік және аса шарттылықтың, өрнектік және массивті нәзіктенуінен, бірден қатаң монументалды түрге енуінен синтездің мәнін табуға болады (киіз үй жихаздарындағы ою-өрнектер) . Кез келген бейнелеу өнерінің шығармасы оның өзінің көркемдігі жағынан өрнектік бастау, яғни біз әдетте көркемдік формаға жатқызатын ритм, композиция, гармония, калориттің формальды элементтерінің тұтастығын сақтайды деп толық айта аламыз деп Фрейденберг өз еңбегінде былай деп жазады: "Адамның әлем жайлы үзік-үзік үғымда болмағанын, материалдық, рухани жағынан болсын, әлемді қабылдауының жүйелі түрде болғанын тарихтың ең алғашқы кезендерінен-ақ білеміз". Көркем ұйымдастырылған кеңістіктің адамға эмоционалды жағынан әсер етуі нәзік, литургиялық поэзиямен, музыкамен және сәндік қолданбалы өнер шығармашылығымен (арнайы ұлттық киімдер, ыдыс аяқтар, діни-ғибадаттық бұйымдар) күшейе түседі.
Өнерді синтез жасау жайлы, өнердің барлық түрі шын мәнінде біртұтас, тек олардың формасы мен көрсету материалы әр түрлі дегенді алғаш рет романтизм айтқан еді. Сондықтан да романтиктер поэзиясы музыкалы болып, кескіндемесі мен музыкасы әдеби бейнелерді жасап шығарды. Ресейде білім беруді үйлесімді тұтастықта интеграциялаудың көптеген тұжырымдамасы бар (Е. Рерих, Н. Лосский, В. Соловьев, В. Вернадский) . Олардың негізгі ойлары - өнерді, дінді, жаратылыстануды синтез жасауды бір тұтас бірлікте іске асыру болып табылады. Өнерді синтез жасау гуманизациялаудың жаңа жолы мен қазіргі білімді, мектеп оқушыларының рухани тәрбиесі мен кешенді оқытуды гуманитаризациялау. Гуманизациялау - бұл адамдық тұлға құндылықтарын танып білу, ал гуманитаризация дегенміз адамның табиғатқа, оның тұрмысы мен санасына деген қызығушылығы.
Педагогикада өнерді синтездеу - эстетикалық цикл пәндерін көркемдікті кешенді түрде оқытудың жетекші бағыттарының бірінде дамып отыр (Б. Юсовтың тұжырымдамасы) . П. Флоренский өнерді синтез жасаудың биік міндеті бастапқыда емес, үлкен өнердің соңғы нүктесінде бір арнаға құйылуында деп санайды. Бұл жерде автордың сөзінен мектептің төменгі сатысында жекелеген пәндер міндеті сол қалпында қалуы тиіс, ал сынып жоғарылаған сайын өнер түрлерінің бір-бірімен кешенді байланысының артуына ерекше назар аударылуы керек деген мағынаны ұғуға болады. Ең бастысы - бұл баланың жас ерекшелігіне байланысты, педагогиканың негізгі міндеттері болып табылатын көркем көріністі оқып зерделеуіне мүмкіндік жасау, яғни бала - микрокосм - көпкөркемдік іс-әрекеттік қасиетке ие.
Көп көркемдікті дамытуды іске асыру, баланың өзінің әр түрлі рухани көріністермен өзара әрекетке түсу жолымен ғана іске асуы мүмкін. Өнерді синтез жасау баланың өзінде іске асуы қажет.
Д. Лихачевтің пікірінше, өнерді синтез жасау, көркем даму үшін тиянақты жағдай туғызуға мәдени орта жасайды.
Жалпы білім беретін мектепте белгіленген "Өнер" білім беру аймағындағы "Бейнелеу өнері" және "Музыка" пәндерінің мақсат-міндеттері бір-бірімен үндес. Мектептегі жалпы өнердің мақсаты: "Өнерге баулу негізінде қоршаған ортаға қатынасы қалыптасқан, өмірдің әртүрлі құбылыстарының өзіндік құндылығын, әлем әсемдігін түсінген, рухани бай және эстетикалық дамыған адам тәрбиелеу; көркем шығармашылыққа деген қабілеттілігі мен әр түрлі өнер түріндегі көркем бейнелердің мәнерлілігін жеткілікті деңгейде жасай білу біліктілігін, көркемдік талғамын дамыту". Олай болса, "Бейнелеу өнері" мен "Музыка" пәндерінің арасындағы өзара байланысты қарастырып көрелік. Бейнелеу өнерін оқытудың (пластикалық өнер кескіндеме, графика, мүсін, дизайн, сәулет өнері, сәндік қолданбалы өнер) мақсаты оқушыға көркем білім мен эстетикалык тәрбие беруде тұлғаны қалыптастырып, жетілдірудің тиімді құралы іспетті, пластикалық өнер әлемін рухани және материалдық мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде баулу болып табылады. Ал музыкаға оқытып, үйретудің мақсаты - мектеп оқушыларының музыкалық мәдениетін, олардың рухани мәдениетінің бір бөлігі ретінде қалыптастыру. Өнер аймағының компоненттеріне қабылдау, елестету, анализ жасау жатады. Түйінді компетенциясы ретінде - көркем-эстетикалық жағын алуға болады. Көркем іс-әрекеттерге деген әлеуметтік амал барлық тұлғаның "көркемдік тілдесуге қатысушы" - суретші тұлғасы, орындаушы (актер немесе музыкант, суретші) тұлғасы, көркем шығарма кейіпкерінің тұлғасы, окырман, тындарман, көрермен тұлғасының әлемдегі барша тұлғалардын рухани әлемінің нақты әлеуметтік негізделгендігін тұғырландырады, себебі, өнердің адам жанына әсері, тұлғаны тәрбиелеудің қоғамдық формасы болып, оны әлеуметтендіру құралы бола алады.
Өнер бойынша жалпы пәндік компетенцияның негізгі үш түрін қарастырып көрелік. Мәдени танымдық компетенция - өнер және белгілі көркем құбылыстармен қатынас жасаудың эстетикалык тәжірибелері жайлы алдыңғы алған білімдерін кешенді түрде жинақтау. Коммуникативті компетенция - әртүрлі өнер түрлерінің тілін түсіну. Әлеуметтік-эстетикалық компетенция - өнердегі өнегелі, жағымды және эстетикалық құндылықтарды айқындау болса, жеке пәндік компетенцияларды былай қарастыруға болады.
Бейнелеу өнері бойынша пәндік компетенцияларға мыналар жатады. Білімін көрсету: негізгі отандык көркем өнер мұражайларын (кемінде үшеу), халықтық көркем қол өнерінің түрлерін атау. Орталық халықтық көркем қолөнер бұйымдарын атау. Алған білімін іс жүзінде пайдалана білу: суық және жылы түстерді ажырата білу; негізгі және аралас түстерді ажырата білу. Бейнелеу өнерінің негізгі түрлерін ажырата білу: кескіндеме, графика, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін өнері. Бейнелеу өнерінің негізгі жанрларын табиғат, натюрморт, портрет және т. б. ажырата білу. Белгілі отандық және шетел суретшілерінің кейбір шығармаларын (кемінде үшеу) білу. Оқу және практикалық міндеттерді шешу: көркем мәнерлеу құралдарын (түс, силуэт, контур және т. б. ) пайдалану; көркем материалдардың бейнелеу мүмкіндіктерін (графиттік және түсті қарындаштар, акварель, гуашь, ермексаз, қағаз және т. б. ) пайдалану; суретте бұйымдардың құрылымы мен тепе-тендігін көрсету.
Музыкадан пәндік компетенция қалыптастыру: Аңғару: көркем ойдың негізін; көркем құбылыстың философиялық мағынасын ашу, эстетикалық категориялармен әрекет істеу, өнер шығармаларына мазмұнды анализ жасау. Қалыптастыру: көркем мәдениет пен көркем сауаттылықты қалыптастыру, өнер теориясымен танысу және оның тілін меңгеру. Жету: биік эрудиция деңгейіне жету, көрнекті өнер қайраткерлерінің шығармаларын, көркем стилдер мен бағыттарды зерделеу, биік классиктер мен жалпы өнер формаларының қатынасын түсіну. Меңгеру: кәсіби және орындаушылықтағы, өнер танушылықтағы, шығармашылықтағы іс-әрекеттер негізін меңгеру.
Оқытуда пәндік орталықтандыруға жету үшін енерге және қоршаған ортаны керкем-бейнелі түрде көруге тән қасиет қажет. Міне, танымның осы тәсілдері мектеп бағдарламаларында жеткіліксіз түрде берілген. Мектепте оқытылатын пәндердің көпшілігінде білім баланың санасы үшін эмоционалды бояуы жоқ, жеке тұлғасы үшін мән-мағынасыз құрғақ ереже, анықтама, ұғым, схема арқылы беріледі. Эмоционалды-бейнелі аймақтың жеткіліксіз жүктемесінсіз сезімдік қабылдау, түйсіну, аңдау, байқампаздық қабілеттер дөрекілене түседі. Мұның барлығы баланың шығармашылық қабілетінің өшуіне алып келеді.
Әлемді сезім арқылы, жан-тәнімен қабылдау мен сақтауға септігін тигізеді. Өнер материалдық және рухани байлықтың бірлігі іспеттес. Көркемдік, сезімдік тұрғыдан ойлау бояу, сызық тілінде, сөзде, әуен дыбысында, бейне қозғалысында көрініс табуы мүмкін. Оның негізгі - адамдағы бар бүкіл күштердің жиынтығы, өмірдің тұтас қабылдануында. Педагогика ойшылы, білім теориясының іргелі жұмыстарының авторы П. Ф. Каптерев өз еңбегінде білім беру үрдісі орталығына адам тұлғасын қояды. "Жалпы білім беру "пәндерді зерделеу" емес, тұлғаны пәндермен дамыту; бірінші орында тұлға, субъект оның қызығушылығы түрды, екінші орында пән - тек құрал ретінде тұрады, мақсат - тұлға, тұлғаның дамуы".
Биік руханилыққа негізделген тұтас дүниетанымдық көзқарас. қалыптастырудың шынайы жолы - танымның көркем-бейнелі әдісін барлық білім аймақтарына ендіру. Өнерді дүние танымдық көзқарастың ерекше моделі ретінде, қоршаған орта шындығы мен өзін осы дүниеде танудың амалы ретінде түсіну - жалпы педагогикалық проблемаларды қарастыруға бағыт беруші болып қалуы тиіс. Танымның көркем-бейнелі әдісін ендіру ілімдік бағдарламаларда да міндетті болуы тиіс. Бұл тек жеке дара енгізу емес, сондай-ақ және биік рухани тұлға тәрбиелеу үшін басқа білім беру аймақтарына еніп, кіргізуі үшін де қажет.
Әдебиеттер
1. Каптерев П. Ф. Избранные педагогические сочинение. М., 1989. С. 24.
2. Фрейденберг О. М. Указ. соч. С. 25.
3. М. Ж. Жадрина. Результаты образования: традиции и новые тенденции. Алматы, 2004. Образовательная политика. С. З.
4. Синтез искусств в общеобразовательных программах третьего тысячелетия. Москва, Искусство №3, 2001. С5.
МӘДЕНИ ТАРИХИ ДАМУ ҮРДІСІНДЕГІ ӨНЕРДІҢ ОРНЫ
Ерте кезде қол өнер кәсіпшілігінде шеберлік өнері шеберден оқушыға, көбінесе күнделікті тіршіліктегі іс-әрекеттер арқылы әкеден балаға тікелей ауысып отырған. Ендігі жерде керісінше - адамға жаңа өндіріс сипатына тез бағытталып, жаңа біліктіліктер мен дағдыларды жылдам үйреніп, әрдайым жаңа технологияны меңгеріп, жаңа ақпараттық заман көшіне ілесу қажет. Сондықтан адамның «көзі, миы, қолы» бірлікте, міндетті түрде қозғалыста және үйлесімді түрде дамуы қажет. Оқушының қандай кәсіпті меңгеруі алдын ала мәлім емес, бірақ оны ерте кезден, яғни мектепке дейінгі жастан бастап шығармашылық әрекеттерге дайындау қажет, өйтпеген жағдайда көру мен саусақтар қимылының даму қабілеті төмендейді, ол қанша жерден зерделі де ынталы болғанымен бәрібір кез келген істе өз мүмкіндігін толық игере алмайды. Бейнелеу өнеріне қатысты өткенімізге ой салсақ, Майқы биден тараған Көркембек деген елге аты шыққан тас қашау өнерінің шебері болған. Бұл жайлы XVIII ғасырда өмір сүрген, білім мен өнер іздеп Бағдат, Мысыр, Рум, Шам т. б шаһарларды аралап оқыған Қазыбек бек Тауасарұлы өз еңбегінде құнды-құнды мәліметтер жазып қалдырған. Әулиеата маңында бүтін тастардан бедерлеп, үш тас сарай қашап салған. Қолымен тасқа нақыш ойып, бүгінгі күнге жеткізген Көркембек, Қожахмет сағанасын тұрғызған шеберлердей өз есімін ойып жазбаса да қазақ тарихының куәсіндей бізге де жетті. Сурет, кескіндеме, графика өнерінен эстетикалық ләззат алған Казыбек бек өзі сурет сала алмаса да көргеніне риза болып былай деп жазады: «Екі жылдың ішінде сәулет өнерінен де, әуез өнерінен де ұстаз жалдап окыдым . . . Сәулет өнерінің, оның адамға тигізер жақсы әсерінің бар екендігін мен осында ұқтым. Маған қонбай койған бұл өнерге мен үшін тек қызығудан артықты кұдай тағала бұйыртпапты. Егер ислам діні бізді шарпымаса, бізде де сурет өнері шалқып, жерімізді, елімізді кұлпыртып тұрар еді. Құдай атымен біздін жұртты корқытып тастаған ислам насихатшыларына, онын назаратына Ром мәдениетін көргенде қалай-ақ карғыс айтпассың. Мен тек Рафаэль, Тидзиан, Леонардо да Винчи, Микеланджело сияқты кереметтердін өнеріне сүйсінумен ғана шектелдім» [12, 167] .
Қазіргі Казақстан мен Орта Азия территориясындағы ертедегі тайпалар өмірін бейнелейтін, тасқа қашап жазған құнды, деректі суреттер мен жазулар жиі кездеседі. Бұл сиякты тастарға қашалған жабайы аңдар, хайуанаттар, адам бейнелері, аңшылық, садақ тарту, желекті найза ұстау, жыртқыштан қорғану, ертедегі адамдардың киелі түсініктері, әдет-ғұрыптары мен дәстүр көріністері аң аулап, мал баққан ертедегі тайпалардың тұңғыш жазуы болып табылады. Бұл ертедегі сурет жазуы немесе пиктографиялық жазу.
«Байырғы көшпелілердің өмір салты дүниеге әкелген мал құлағына ен салу, малдың санына күйдіріп таңба басу, әр рудың өзіндік таңбасының болуы, тіптен денелеріне қара күйе сіңіру арқылы таңба салу сияқты қасиеттер ең алдымен белгі берушілік, хабар білдірушілік, ажыратушылық міндет атқарған». Мұндай тіршілік етудің көпғасырлық ерекше ритмі жайлы халықтың тілі мен көркем шығармаларында әлі күнгедейін жаңғыруда. Қазақтардың эпос, фолъклор, ән, әуен, би, сәндік өнері мен бейнелеу өнері, сәулет өнері - бәрі де өзінде үзіліссіз қозғалыс пен орын ауыстыруды және олардың кеңістік пен уақытқа деген өзіне тән ерекше қатынасын таңба етіп қалдырды.
Дүниеге келген әрбір жаңалық сол күйінде қатып калмайтынын ойға алсақ, ертедегі сурет жазуы да сол пайда болған күйінде қалып қойған жоқ, ол өмірге икемделіп өзгеріп, өрістей түсті. Осы жазудың негізінде ұғымды білдіретін жазу, символикалық немесе идеографиялык жазу пайда болды. Ертедегі сурет жазуларымен қабаттаса келетін ай мен күн, алуан таңба нұсқалары, рулық таңба белгілері және бұлардың соңын ала біраз кейінірек замандағы өрнекті пішінмен оюлап салынған бейнелі суреттерді де идеографиялық жазуға қосамыз.
«Аң» стиліндегі мотивтер қазақ өнерінің дамуындағы барлық кезеңдерге сіңген дәстүр болып саналады. Жұмбақ сиқырлы сыр немесе діни дәстүрлер емес, сезімдік-практикалык әрекет, білім мен ұғымдар тәжірибесі көшпелілердің жартасқа салған суреттердегі анималистік өнерінде тіріледі. Белгілі оғыз эпосы «Қорқыт кітабында» Салор-Қазан жылқы мен түйе баққан малшыларды, иттерді қорқытқан қасқырға: «қараңғы түнек басқан сәтте сен үшін күн шығады; қар мен жаңбыр жауса да сен батыр сияқты қасқайып тұрарсың» [14, 51 ] .
Адам - құшақжетпес әлемнің орта шені, ол жоғалып кететін кішкентай ғана нүкте емес, бірден құшағың жетпейтін кеңістігі, ұшы-қиыры жоқ шексіз даласы мәңгі көк аспан сияқты сондай құшақ жетпес, күшті. «Мен - күштімін, мен ғана тағдырды өзгерте аламын, далада туғандардың - күші де мықты», - дейді тау мен дала баласы көшпелі Энкиду. Адамзат мәдениеті тарихының жарқын беттерінен, яғни ерекше скифтік стильден палеолит, мезолит және неолит дәуірлеріндегі алғашқы қауым өнеріндегі аң стилдерін көреміз. Әлемді шығармашылықпен қайта өзгерту адамзат әрекетінің басты мақсаты. Көркемдік танымның өзі - көзге көрінетін және сезілетін әлемге алып келетін ашық жүйе болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz