Пейзаждың суретін салу әдісі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ АРҚАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Тарих және өнер факультеті
Музыка және бейнелеу өнері кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ТОРҒАЙ ДАЛАСЫНДАҒЫ САРЫ-АРҚА КӨРІНІСІ
Орындаған:
Бейнелеу өнері және сызу
мамандығының
ІҮ курс студенті Абдигапарова К. М.
Ғылыми жетекшісі: Түрікпенова С. Ж.
Қорғауға жіберілді:
кафедра меңгерушісі Есімханов І. Е.
Арқалық 2008
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І тарау. Бейнелеу өнеріндегі пейзаж жанры.
- Кескіндеме және оның ішіндегі пейзаж жанрының шығу тарихы
мен дамуы . . .
- Майлы бояумен жұмыс істеуге арналған аспаптар
мен тетіктер . . .
- Пейзаж жанрында композиция мен перспективаның
атқарар ролі . . .
- Бояулар сыр шертеді . . .
ІІ тарау. Пейзаж кескіндемесін бейнелеп үйренейік.
- Пейзаждың суретін салу әдісі . . .
- Мектеп бағдарламасында пейзаж жанрының
міндеті . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Бейнелеу өнеріндегі пейзаж жанры
Кіріспе
Бейнелеу өнері - бұл адам баласының заманнан заманға рухани, эстетикалық байлығы ретінде ұласып келе жатқан өнер саласы. Бейнелеу өнері - бұл адамзат тарихы, оның айналасындағы ортаны тануына, сана сезімнің жетілуіне, эстетикалық тәрбие алуына, ұрпақтан ұрпаққа асыл мұралар қалдыруға үлкен үлес қосқан өмірмен өзектес өнер.
Бейнелеу өнері - бұл шежіре. Ондаған ғасырлар бойы бүкіл әлем тарихын, тіршілік тарихын шашауын шығармай, жоғалтпай жеткізген бірден-бір куәгер! Біз осы бейнелеу өнері арқылы мыңдаған жылдар жемісіндегі тіршіліктің тынысын адамзаттың әдет - ғұрпын, кәсібін, мәдениетін, оның бастан кешкен барша қайғы - мұңы мен таңдай қақтырар, тамсантар, дәуірлеп гүлденген шағын, табиғаттың мың құлпырған бояуын, жан-жануарлар дүниесінің алуан-түрлілігін танып білеміз. Сонау ерте дүние заманында адам айнала қоршаған ортасын, қызықтырған табиғат құбылыстарын топыраққа, балшыққа, тасқа түсіріп бейнеледі, сол арқылы табиғат сұлулығын ұқты, жан-жануарлардың әрекетін, мінезін зерттеді. Атам заманда жартастарға, үңгірлерге қашап салынған суреттер өздерінің шындылығымен, әсерлігімен көрермендері тамсандырады, тіпті кейде композициялық құрылымының әсерлі де анық кескінделуі соншалық, суретке қарап өнер иесіне, оның шеберлігіне қайран қаласыз.
Әсемдік пен әдемілік табиғат пен адам бойына жиналған, яғни табиғат пен адам егіз деуге болады. Әдеміліктің нышанын адам баласы табиғаттан алады, олай болса табиғат - сұлулықтың, жанға жақын тартатын әдеміліктің көзі. Бізді қоршаған табиғи кеңістіктегі кез келген дене өзіне тән әдеміліктен, жарасымдылықтан тұрады.
Бейнелеу өнерімен айналысы отырып, адам тек суретшінің практикалық дағдыларын ғана меңгеріп, творчестволық ойларын жүзеге асырып қана қоймайды, сонымен бірге өзін талғампаздыққа тәрбиелейді, үйреншікті нәрселерден сұлулықты таба білу қабілетіне ие болады, көргенің есте ұстау және қиялдау қабілеті дамып, творчестволықпен ойлап, талдауға, білгенін жинақтауға үйренеді.
Сондықтан бір ерте дүние өнерін жай кездей - соқтықтан туған деп қарамай, оған көп көңіл бөліп, оны қастерлеуіміз қажет, тіпті солардан үйренуіміз керек. Өйткені, бұл - өнердің бастау - бұлағы, содан сусындап, содан нәр алып қарыштадық емес пе! Көптеген деректер жинап оны шығармашылық ізденіс тұрғысында жаза отырып, кескіндемеде пейзажды бейнелеудің теориялық негізін іс-тәжірибиемен терең байланыстыру. Жұмыстың өзектілігіне келсек, жұмыс барысында жинақталған материалдарға ғылыми талдау жасап, болашақ маман, яғни ұстаз ретінде келер ұрпақтар бойына сіңіруіне үлес қосу. Жұмыстың құндылығын айта кетсек, жоғарғы оқу орнында үүренгенімді, тәжірибе бойынша жинақтағанымды мектеп қабырғасында және келесі курс студенттеріне көрнекілік ретінде қолдануға болады.
Кескіндеме және оның ішіндегі
пейзаж жанрының шығу тарихы мен дамуы
І. І. Кескіндеме - бейнелеу өнерінің бір саласы, белгілі бір заттың бетіне бояу арқылы салынатын көркем шығармалар атауы. Өнердің басқа түрлері сияқты, кескіндеме де идеологиялық және танымдық қызмет атқарады, адамға эстетикалық ләззат беретін құнды да әсем шығармалар тудырады. Кескіндеме дәуірдің рухани мазмұны мен әлеуметтік бейнені бейнелеп қана қоймай, белгілі бір идеологиялық концепциялар негізінде оларға баға береді. Кескіндеме туындысы көрерменнің сезіміне, ойына әсер ету арқылы бейнелеген шындықтан тәлім алып, өзінше қорытынды жасауына себепкер болады. Сондықтан да кескіндеменің қоғамдық тәрбиелік мәні зор және ол деректемелік мағлұматтар береді. Кескіндеме бұл нақтылы көрсетілетіндіктен де оның көрерменге әсері күшті. Сондықтан да Н. Г. Чернышевский өнерді «Өмір мектебі» деп бағалаған. Көркемдік бейне тудыруда кескіндеменің пайдаланатын құралы - сәуле, бояу, рең. Сәулені бояу реңімен нәзік астастыру арқылы өмір құбылыстарының айқын да шынайы көріністер жасайды. Суреткер шеберлігінің көрінер жері де осында. Заттың сыр сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым-қатынасын, сәуле мен көлеңкенің құлпыруын, қысқасы кең дүниенің барлық жарасымымен тауып бейнелеуде кескіндеменің тілінен нәзік те өткір тіл жаз. Ол көрерменді бірден баурайды. Кескіндеменің данышпандық туындыларына адамзаттың мәңгі мақсаттанатыны да содан. Кескіндеме туындысы бір жасалған қалпында қалатындықтан назарға да сол қалпында бірден шалынады. Бірақ суреттердің қылқаламына ілінген сол бір мезеттік көрініс заманның, дәуірдің, ортаның сан алуан сырларын шертеді, сезім құбылыстарынан жан тебіреністерінен дерек береді, көрерменмен үнсіз тілдеседі. Кескіндеме туындылары жеке бір тұлғаны, дара көріністі бейнелеп қана қоймай, күрделі сюжетке, сабақты оқиғаларды да бейнелеп олардың мәнін ашады.
Нақтылы өмір шындығын кеңінен көрсетуде кескіндеменің мүмкіншілігі зор. Кескіндеме - тақырып аясы кең, көп жанрлы өнер саласы, яғни тұрмыс - салт көріністері, соғыс жанры, хайуанаттар тақырыбы. Арналуына, орындалу сипатына, бейнелеріне қарай кескіндеме бірнеше топқа бөлінеді: 1) Монументтік - сәндік кескіндеме - қабырға бетіне, үйдің ішкі төбесіне, қабырғасына салынатын суреттер; 2) Қондырғылы кескіндеме - суреттер, яғни картиналар. Бұл неғұрлым нәзік сыршыл келеді, әдетте белгілі бір мекенмен байланытырылады; 3) Сәндік суреттер - тетр, кино көріністерін, ондағы киім үлгілерін әсемдейтін суреттер, икона салу, миниатюра жатады. Диорама, панорама да кескіндеметүріне жатады. Суреттің өңін келтіретін бояулардың түрлері мен оны салу әдістеріне қарай да кескіндеме туындылары жеткілікті. Мысалы, майлы бояу, кескіндеме, фреска көптеген сылаққа сулы бояумен салынады, секко кепкен сылаққа сулы бояумен салынады, темпера желімді бояумен, балауызбен, сырлы бояумен салынатын суреттер. Кескіндеменің керамикалық бояумен, яғни тез балқитын әйнекке сырды күйдіріп жапсырады, силикаттық бояумен салынатын тағы басқат. үрлері бар. Мозайка мен витраж да кескіндемемен ұштасады.
Мозайка ең ежелгі өнердің бірі. Ол смальта немесе басқа бір асыл шынының түрлі түсті сынықтарынан құрастырылған. Мозайканың ерекше бір етек жайған жері - Византия. Мұнда Ревенна қаласындағы шіркеулердің бірінен табылған император Юстинианның мозайка портреті берілген. Ол ҮІ ғасырда жасалған. Ежелгі Русьта да түрлі-түсті шынылардан жасауды білген. Х - ХІ ғасырларда Киевте, Черниговта, Владимир - Суздальда салынған шіркеулер түрлі-түсті смальтадан құрастырылған суреттемелер әсемделген. Олардан қалған азғантай жұрнақ осы күнге дейін әдемілігімен, бояулардың қанықтығымен қайран қалдырады.
Терезеге салынған шытыра суретті витраж дейді. Ол француздың «Vitre» «терезе, әйнек» деген сөзінен шыққан. Витраж өнердің ең көне түрі. Оның қайдәуірде жарыққа келгенін ешкім білмейді, бірақ ерекше етек жайған кезі орта ғасырлар тұсы. Терезе қондырылатын биік тар тесіктерге күні көзі түсті ақ, әйнек шам жаққандай жарқырап қоя береді. Ашық түске боялған алуан түрлі шынылар асыл тастардай қырық құлпырып, көздің жауын алады. Кескіндеме туындыларын жасауда акварель, гуашь, тушь, пастель молынан қолданылады. Суреттің салыну стиліне қарай, оны қоятын жақтаудың түрі мен формасы да сәйкестендіріледі. Картиналар, көбіне төрт бұрышты болады, ал кейде дөңгелек пішінде де келтіріледі.
Кескіндеменің ежелгі үлгілері палеолит дәуіріне саяды шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 40-8 мың жылдықта. Мысалы Оңтүстік Франциядағы Альтамир үңгірлерінде жартастын бетіне салынған суреттер. Ежелгі дәуір кескіндемесінде жерден шығатын сары, қызыл, қошқыл бояулармен қатар минералдық көк, жасыл бояуларда қолданылған. Ежелгі Шығыс елдері мен Америкада күрделі кескіндеме өнері өркендеді. Көне дүние кескіндемесі архитектура мен мүсінді өз ара үндестіре қолданды. Бояу реңдері барған сайын ажарланып, мифологиялық сюжеттермен қатар тұрмыс- салт тақырыптары, тарихи оқиғалар, табиғат көркі бейнеленеді, портрет, натюрморттар жасалды. Кескіндеме архитектура кеңістігі мен формасы жағынан өзгеріп отырған. Біздің заманымыздың І мың жылдығында Алдыңғы және Орта Азия елдерінде монументтік кескіндеме дамыды. Адам мен табиғаттың келбет, көріністерін соншалық нәзік те терең суреттейтін ашық реңді, қанық бояулы Қиыр Шығыс кескіндемесі дамыды, яғни Қытайда, Кореяда, Жапонияда.
Қайта өрлеу дәуірінде Батыс Еуропада өмірге жанасымды гуманистік өнер үрдістері қалыптасты. Болмысты шынайы бейнелеуге ден қойған кескіндеменің маңызы артты. ХІҮ ғасырда Италиялық суретші Джоттоның кескіндемелері қайта өрлеу дәуіріндегі біраз өнер үлгілерінен асып түсті. Майлы бояумен салудың жетілген техникасын пайдалану Ян ван Эйктің, яғни Нидерланд суретшісінің кескіндеме табиғатындағы бар мүмкіншіліктерді аша түсуіне себепші болды. Дүниенің жарасымын сезіну, өмірдің жеке бір жарқын көріністерін бейнелеу, айрықша тұлғаларды даярлау, рухани күштілікті әспеттеу, тән сұлулығымен қатар жан сұлулығын да асқақтата бейнелеу кескіндеменің негізгі мақсатына айналды. Қайта өрлеу дәуірінің ең ірі суретшілері: Мазаччо, Боттичелли, Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаэль, Джорджоне, Тициан, Паоло Веронезе, Якопо, Тинторетто, бұлар Италия суретшілері, Нидерландыдан Ян ван Эйк, П. Брейгель, Германиядан А. Дюрер, Х. Хольбейн - кішісі.
ХҮІІ - ХҮІІІ ғасырларда Еуропада кескіндеменің дамуы одан әрі жалғасты. Франция елінен Н. Пуссен, А. Ватто, Ж. Б. Шарден, Ж. Л. Давид, Италиядан М. Караваджо, Б. Тьеополло, және тағы басқа елдерден де бар, яғни Испаниядан Эль Греко, Д. Веласкес, Фландриядан П. П. Рубенс, Я. Иорданс, Ян ван Дейк, Голландиядан Рембрандт, Я. Вермер, Ресейден Ф. С. Рокотов, Д. Г. Левицкий, В. Л. Боровиковский. . Кескіндеменің ұлттық мектептері пайда болды. Кескіндемеде жаңа идеялар көтерілді, нақтылы өмірді алуан түрлі қырымен, адамды қоршаған ортамен шынайы бейнелеу мақсаты көзделді. ХІХғасырда Еуропа мен Америкада кескіндеменің жаңа ұлттық мектептері қалыптасты. Кескіндеменің нәзіктік ерекшелігін, сезімталдық дербестігін жоққа шығаратын натуралистік үрдісте бой көтерді. ХІХ ғасырда еуропада майлы бояумен салынған қондырғылы кескіндеме кең өріс алды. Майлы бояулы кескіндеменің техникасы еркін, автордың даралық стиліне байланысты болды.
ХІХ ғасырдың аяғында және ХХ ғасырда дүние жүзі бойынша кескіндеме өнерінің дамуы зор қайшылықтарға тап болды. Реалистік және модернистік ағымдар күрес үстінде қатар өмір сүрді.
Қазақ халқының бейнелеу өнері, оның ішіндегі кескіндеме жанрының ежелгі ескерткіштері палеолит және неолит дәуіріне саяды. Олар үңгірлерге салынған бейнелер ретінде кезігеді, атап айтқанда Қаратау, Хантау, Жасыбай, Зараутсай үңгірлері. Соның ішінде Зараутсай үңгірлеріндегі кескіндемеден сол кездегі суретшілердің бірнеше түсті бояумен сүйкей жағу, ретті бояу әдістерін қатар қолдану арқылы жан-жануарлар мен адамның әрқилы пішінің бейнелегенін көруге болады. Халық арасында көптеген кескндемеші шеберлер болған, бірақ кейбіреулері бзге беймәлім. Қазақтан шыққан алғашқы кәсіби кескіндемеші Шоқан Уәлиханов. Оның акварель бояуымен салған портреттік, пейзаждық жұмыстары бар, яғни «Сартайдың портреті» (1856), «Шақырым бағандары» (1950) . ХІХ ғасырда қазақ халқының өмірін өздерінің шығармаларына өзек еткен суретшілер: В. Штенберг, А. Горнович, А. Чернышев, В. Верещагин қазақ табиғатын, қазақ халқын өте шеберлікпен жазған. 1847-1857 жылдары Т. Г. Шевченко қазақ даласында қуғында жүргенде жергілікті халықтың өміріне байланысты. «Байғұстар», «Киіз үйде», «Мемлекет жұдырығы» деген суреттер салды. Қазақтың бейнелеу өнерінің негізін қалауда Н. Хлудовтың еңбегі зор, ол 1877 жылы қазақ даласына келіп өмірінің ақырына дейін осында болып, қазақ халқы өмірінен көп суреттер салды. Оның шәкірттерін айта кетсек: Қазақстанның халық суретшісі Ә. Қастеев, С. Чуйков. Қазақ халқының кәсіби кескіндеме өнерінің тарихи жылдары ХХ ғасырдың 20 жылдарынан басталды. Кескіндеме өнерінің тарихы бір топ дарынды суретшілер Ә. Қастеев, Ә. Ысмайлов, Қожахмет пен Құлахмет Қожықовтар, Б. Сәрсенбаев, О. Тыңсықбаев есімдерімен толықты. 1960-1970 жылдары қазақ кескіндеме өнерінің даңқын шығарған суретшілер М. Кенбаев, Қ. Телжанов, Г. Ысмайлова, К. Баранов, А. Ғалымбаева, Ү. Әжиев тағы басқа есімдері көпшілікке танылды. 1970-1990 жылдары қазақ кескіндемеде жаңа леп, жаңа көзқарастағы суретшілер тобы кескіндеме өнерін жаңа биікке көтерді, атап айтқанда Ш. Сариев, Б. Садыханов, тағы басқалар. Осы кезеңде бұрынғы жабық тақырып болып келген ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы зұлмат кезең атом полигоны зардаптары және Арал қасіреті ашық жазылды, мысалы Төлепбаев, Ақанаев, Аманжолов, Төлебиев. Өнердің жаңа ағымдарына бой ұру байқалды. Төлепбаев бұрын қазақ суретшілері жетпеген дәрежеге көтеріліп, қазақ кескіндеме әлеміне таныта білді.
Кескіндеме - бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі толысқан түріғ онда бейнелеудің саналуан мол құралдары қолданылады. Суретшілер өнердің ұшы-қиырсыз осы саласынан көбіне өздері сүйген әуендер мен тақырыптарды таңдап алады. Біреулер портретті, екіншілері пейзажды, үшіншілері тарихи, соғыс немесе тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар. Бейнелеу өнерінің бұлай сапталуы жанрларға бөліну деп аталады. Жанр сөзі француздың «quenre» - түр немесе тек сөзінен шыққан. Кескіндеменің жанрлары мыналар: натюрморт, пейзаж, портрет, тақырыптық жанрлар.
Натюрморт өнердің дербес жанры ретінде ХҮІІ ғасырда Голландияда және көрші Фландрияда туып, кеңінен дамыды. Натюрморт жансыз заттар мен бұйымдарды үйлесімді етіп бейнелеген шығарма, натюрморт француз сөзінен шыққан, аударма мағынасы «өлі табиғат», яғни затты білдіреді.
Портрет, бұл жанр басқалардан бұрын пайда болды, үш мың жылдан астам уақыт бұрын жасалған скульптуралық египет портреттері, екі мың жыл бұрынғы мозайкалық рим және темпералық фаюм портреттері белгілі. Адамдар әрдайым өз бейнесін көргісі келді, ал ежелгі египеттіктер тіпті қайтыс болған адамның жаны портретке көшеді деп есептеген. Портрет француз тілінен алынған, аударғанда қазақша мағынасы «адам бет-бейнесі» деген сөзді білдіреді.
Тарихи жанр белгілі бір оқиғалар мен тарихи кезеңдер бейнеленген көркем шығарма. Батальдық жанр соғыс оқиғаларын бейнелейтін шығарма. Маринистік жанр теңізғ көл сияқты табиғат көрінісін бейнелейтін шығарма. Анималистік жанр жан - жануарларды бейнелейтін көркем шығарма. Осы айтылғандардың барлығы да тақырыптық жанрға жатады, яғни белгілі бір тақырып бойынша жазылған шығарма.
Пейзажға келсек, «peysade» деген француз сөзінен шыққан, яғни ландшафты, табиғатты бейнелеу деген мағына береді. Пейзаж дербес жанр ретінде, Қытайда, Жапонияда және басқа Шығыс елдерінде ҮІІ-Х ғасырларда, Еуропадан ертерек қалыптасты. Еуропалық кескіндемеде ол ХҮІІ ғасырда, алдымен Италияда пайда болды, ал содан кейін Голландияда ерекше жоғары дамыды. Орыс өнерінде пейзаждың гүлденуі ХІХ ғасырдың соңына тұспа-тұс келеді, гүлденуіне үлес қосқан көптеген суретшілер бар: И. Левитан, К. Коровин, Н. Рерих.
Пейзаж - қайсыбір жерлерді жәй айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр. Адам өмірімен салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып көрінеді. Бұлт торлаған аспан, теңіз толқындары, ормандар мен таулар жүздеген, мыңдаған жылдар бұрын қандай болса, сондай күйінде қалады. Бірақ осы бір өзгермейтін таби, атты алуан дәуір суретшілері түрліше көріп, түрліше бейнеледі. Пейзаж бізді қоршаған жаратылыс адам үшін тек өмір сүретін орта ғана емес, оған күнделікті әсер ететін құдіретті күш. Сондықтан да шығармаларының түгелге жуығын осы жанрға арнаған орыс пейзажистері Левитан, Шишкин, Васильев, Куинджи туындыларына таңырқамай қарау мүмкін емес. Адам баласы әу бастан-ақ табиғат көрінісін салған. Бірақ белгілі бір оқиға немесе адамның тұлға тұрпатын бейнелегенде керек фон ретінде қолданылған. ХҮІІ ғасырдағы голланд суретшілерінің картиналарында теңіз үнемі дерлік романтикалық сарынсыз болып келеді, олар табиғат сұлулығын іңкәрлықпен қызықтауға бейім емес. Олар үшін теңіз сауда мен жұмыс орны тіршілік қаракетін іздестіретін кеңістік. Атақты маринист Айвазовскийде теңіз әрдайым дерлік үрейлі дүлей күш мөлдірлеу құпия сырлы тұңғиық орасан зор толқындар қия жартастарға лап қояды. Адамдар, тіпті кемелердің өзі де осынау қаһарлы, өлшеусіз қуатты стихияда өте кішкентай, дәрменсіз де қорғансыз. Оның картиналары әсем стихияға деген тәнтілікке, романтикалық сүйіспеншілікке бөленген. Пейзажды дала және қала пейзаждары деп бөлеміз. Бұл пейзаждардың ерекшеліктері, олардың орналасуында. Дала пейзажында, мысалы жайлау, ормандар, таулар, тағы басқалар көрсетіледі. Ал қала пейзажында қаланың өмірі бейнеленеді, мысалы үйлер, олардың қасындағы ағаш, тағы басқа сәттер көрсетіледі.
ХҮІІІ ғасырда ғана бірыңғай табиғат көрінісін бейнелейтін картиналар туа бастады. Мұндай жанрды голланд суретшілері ойлап тапты. Суретшілер мамық бұлттарды, теңізді, теңіз жағасындағы таулар мен құмшағылдар және табиғат құбылыстары мен мінездерін үлкен шеберлікпен бейнеледі. Бір табиғи мотивтің өзі суретшінің қылқаламынан мүлдебасқа толысуға, басқаша түске ие бола отырып, шебердің талғамын, көз қарастарын, көңіл күйін береді. Тақырыпты толығырақ ашу үшін пейзаж кескіндеме жанрының басқа түрлерінде де қолданылады, яғни портрет, баталия жанры. Пейзажда суретшінің сезімі, көңіл-күйі, түсінігі, табиғатқа деген эстетикалық, этикалық көзқарасы аңғарылады. Пейзаж жанрының тууы мен дамуы көптеген этнографиялық мәндегі, деректі - құжатты дәлдікке негізделген пейзаждардың тарихымен байланысты. Әбілхан Қастеевтің ерте кезде салған пейзаждарына кеңістікті молынан қамтып композициялық дұрыс шешім тапқан. Әбілхан Қастеев (1902-1973) - Қазақстанның халық суретшісі. Ол бұрынғы Талдықорған облысы Жаркент ауданындағы Шежін ауылында дүниеге келген. 1921-1932 жылдары Алматыдғы Н. Г. Хиудовтың студиясында, 1934-1937 жылдары Мәскеудегі Н. К. Крупская атындағы Халық шығармашылығы үйі жанындағы көркемөнер студиясында оқып, көркемөнерге деген бейімділігін шыңдай түседі. Қастеев әрбір көркем шығармасында кеңістік пен уақыт қатынастарын бейнлеуде дәл шешім таба білді. Суретші ғажайып шығармашылығымен туған халқын ыстық ілтипатқа бөледі, өз өмірінде өшпес іздер қалдырған шыншыл суретшілердің көркем туындылары көмескіленбей, күндей жарқырап, нұрын төге түсуде. Қастеев - өз елінің табиғатының сұлулығын, адамдарының даралығы мен даналығын дәл бейнелеген суретші. Жер - анадан жаралған үлкен суреткер тылсым табиғатты бейнелеуде жан бітірді. Әбілхан Қастеев қылқаламынан туындаған пейзаждары әлем өнерінде өз бағасын алды. Суретшінің сериялық суреттері біртұтас дүние. оның суреттері өмірдің өзінен ойып алғандай, шыншылдығымен айқын. Бейнелеу өнеріндегі мәнері анық, ойы - кесек, пікірі - өткір, сезімі - нәзік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz