Қазақтың сәндік өнерінде оюдың түрі өте көп
Жоспар:
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім.
І Тарау. ОЮ-ӨРНЕК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.1 Ою-өрнектің шығу тарихы
1.2 Қазақтың ою-өрнектерінің еңбек сабағында қолданылуы
1.3 ТРИЗ элементерін пайдалану
ІІ ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫТУДАҒЫ ҚАЗАҚТЫҢ ОЮ-ӨРНЕКТЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ.
2.1 Ою-өрнектің түрлері
2.1 Оқушыларға ою-өрнекті салып үйрету әдістері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақтың халықтық қолөнерілнде жиі қолданылатын мүйіз тектес ою-
өрнектер өзінің даму барысында әр түрлі көркемдік сипат алған. Қошқар
сүйіз, арқар мүйіз, марал мүйіз, бұғы мүйіз, қос мүйіз, қырық мүйіз, сыңар
мүйіз, сынық мүйіз және тармақ мүйіз сияқты тағы басқа өрнектер өзіндік
сұлу кескін таңбасымен, сондай-ақ белгілі бір мән-мағынаны білдірумен көзге
түседі.
Арқар мүйіз, қошқар мүйіз оюлар халқымыздың күнделікті тұрмыстағы
тұтыну заттарында да әсемдік сипат алған. Текемет, сырмақ, алаша, кілем,
тұс киіз, бау-басқұр, қоржын, аяққаптарда өсімдік сипатты элементтермен
астарласа келіп жарастық сипат тапқан. Қазақтың сәндік өнерінде оюдың түрі
өте көп. Қазақ халқы - өнер тарихында өзіндік алар орны бар, ерте заманнан
келе жатқан алуан түрлі бай өнердің лайықты мұрагері. Бұл мұралар олардың
тұрмыс-тіршілігімен күні бүгінге дейін тығыз байланысты.
Қазақ халқының көне дәуірден өшпес мұрасы болып, ұрпақтан-қрпаққа,
әкеден балаға сабақтасып, өзіндік тарихымен, әдет-ғұрпымен, сәндік,
көркемдік жасымен, көшпенді елімізді бүкіл әлемге өзінің ерекшелігімен
таныта білген – қолөнері.
Қолөнердің халықтық әлеуметтік салт-тұрмысында алатын орнының
қаншалықты биік, жоғары екеніне сене алсақ – оның ішінде қолөнерді нақышына
келтіріп, әдемілік, әсемдік дүниесінің ауқымын кеңейткен ою-өрнек. Олай
болса, бұл бөлімде айтайық деп отырғанымыз, өткен өмірімізбен бірге, өшпес
мұра болып, материалдық мүліктерімізбен қатарласып, сабақтасып келе жатқан
ою-өрнек туралы болмақ.
Ою-өрнектің шығып тарауы қолөнер тұрмыс заттарының өркендеуімен тығыз
байланысты және солардың ішінен орын ала білді. Олардың даму процестеріне
халықтық әлеуметтік сана-сезімнің болмыс тіршілігінің жанданып,
мәдениетінің өсіп, тұрмыс жағдайларының жақсаруының да әсері болды.
Сонымен қатар ою-өрнектің өркендеуіне ата-бабаларымыздың сезімлік-
талғампаздық дүниесі қоршаған табиғат аясы, өскен ұясы көп ықпал етті.
Ою-өрнекті зерттеген қолдарынан сан қилы өрнектің үлгі-түрлерін жасап
көрермендерді қуантқан зергер, ұста, шеберлерімізді, ән мен жырға қосқан
әнші, ақындарымызды айтпаған күнде, оларға таладу жасап тарихқа жазып,
сызып кеткен. Қазақ қолөнерінің, оюының не екенін басқа елдерге жеткізген
көптеген шет елдің саяхатшыларын, тарихшыларын этнографтарын, археолог-
ғалымдарын айтуға болады. Олардың ішінде В.В.Стасов, Г.Н.Потанин, И.Георги
т.б.
Қазақ елінің жоғары дәрежелі білім алып, сол білімдерін басқа ел
мамандарына таныта білген және қазақ қолөнерін жоғары бағалап талдау жасап,
оның ішінде ою-өрнектері топтастырып бір жүйеге келтірген этнограф тарихшы,
әдебиетші, өнертанушы өз ғалымдарымыз да бар. Олар Ш.Уәлиханов, Ә.Марғұлан,
Х.Арғынбаев, С.Қасиманов, М.Мұқанов т.б.
Тек ғалымдар ғана емес қолөнерді 1970 жылдардың аяғынан, Кеңес
өкіметінің ықпалына қарамай, өнерді сүйген жүрігенің күшімен, қолының
іскерлігімен дәрептеп кле жатқан қолөнердің шебері – бүгінгі жастардың
ұстазы Дәркенбай Шоқпарұлы.
І Тарау. Ою-өрнек туралы жалпы сипаттама
1.1 Ою-өрнектің шығу тарихы
Өнердің өте көне әрі күрделі түрі – ою-өрнек өнері. Қазақ қолөнерінің
барлық тілінде кеңінен қолданылатын, қолөнер туындыларының көркемдік-
эстетикалық мәнен ашып, әшекейлеп, айшықтай түсетін өнер. Халық
шеберлігінің қолынан шыққан бұйымдардың ою-өрнекпен безендірілгені өте ирек
кездеседі.
Ою-өрнек өнері ежелгі замандардан қалыптасып, халқымыздың тарихымен
бірге ілгерлей дамып отырған. Ою-өрнек өнерінің ең көне үлгілері тарихта
“Андронов мәдениет” деген атпен белгілі дәуірден бастау алады. Ол дәуір
біздің заманымызға дейінгі екі мыңыншы жылдарға тура келеді.
Ою-өрнек дегеніміз – геометриялық бейнелі элементтердің жүйелі
ырғақпен қайталанып, үйлесімді құрылуы.
Қай халықтың да өнеріне бейнелеу мәдениетіне байыптап көз салсақ, сол
халықтың әсемдік талғамы мен танымына, эстетикалық көзқарасына орай белгілі
бір өнер түрінің басым дамып отырғанына көз жеткіземіз. Осы тұрғыдан
алғанда ою-өрнек өнері – қазақ халқының өмір тіршілігіне де айрықша орын
алып, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса, дамып келе жатқан өнер
түрі десек те болады. Жалпы қазақ халқының тұрмыс тіршілігінен ою-өрнек
қатыспайтын саланы табу қиын. Ою-өрнек элементтерін біз қазақ халқының үй
жиһаздары мен киім кешегінен де, зергерлік бұйымдары мен құрал-
саймандарынан да, ер-тұрман, қару-жарақтарынан да молынан табамыз. Тарихи,
ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының ою-өрнек өнері ежелгі
замандардан бастау алып, қазақ жерін мекен еткен көшпелі атйпалар өнерінің
ықпал-әсерінен сан ғасырлар бойы қалыптасып, өзіне тән белгілі бір жүйеге
келгенін Андронов мәдениеті мен байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері мұраларынан
кездестіретінімізді айтсақ та жетеді.
Оюлар бұрын-соңды басылымды болмай, қандай да бір үлгілерден
көшірілмей жеке адамның ой-түйінінен шыққандықтан кемшіліктер болуы да
ықтимал, сондықтан ел арасындағы өнер шеберлері, суретшілер, көнекөз қарт
әжелердің талаптарын сан пікірлеріміздің келешекте халық үшін жасалған
ортақ жұмысымызға деген жанашырлық деп түсінген. Қыз-келіншектерімізге
кестесімен бірге ағаштан, темірден, мүйізден түйін түйген.
Қазақ халқының мәдени асыл қазынасының бір саласы және ұлттық келбетін
айқындап бейнелейтін өнер түрі – ою-өрнек.
Ою-өрнек деп қосарланып айтылатыны болмаса, бұлш екеуі бірін-бірі
толықтырып, дамытып отырады. Ою-өрнек дегеніміз – (латынның әсемдеу, сәндеу
деген сөзінен шыққан)үйлесімділікпен бір қалыпқа түскен элементтерден
тұратын нақыштар. Қазақ ұлттық ою-өрнегінің басты қолданылатын орыны –
сәндік қолданбалы өнердің барлық салалары. Қай халықтың болса да рухани
әлемі ең алдымен оның дәстүрлі өнерінен көрінетіні мәлім.
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі құз-шыңдары кең байтақ даласымен
жалғасып жатқандықтан болар, дүниеге көзқарасы, оны қабылдау, ұғыну
қабілеті ассоциациялық ой-өрісі тұрғысында еркін өсіп-даму арқылы үнемі
қозғалыста, көркемдік тұтастықтағы өнер үлгісі болып қалыптасады.
Қазақ халқының ою-өрнек даму процесіне көз салсақ, тым әріге тас
дәуіріне барып тіреледі. Өйткені соңғы палеолит дәуірінің ескерткіштерінен-
ақ жануарлардың толық бейнесінің қатарында алғаш рет онша айқын емес, бірақ
символдық мағынасы біздің заманымызға дейінгі адамның ойлауын көрсете
алатын әртүрлі белгілерді байқауға болады. Адамның күнделіктегі өміріндегі
қоршаған көріністер уақыт өте келе интерпретациялық өзгерістерге ұшыраған.
Бейнелер түрленіп, байып, мазмұндасып, яғни стильденген, абстрактіленген ою-
өрнекке айналады.
Тас дәуірінде қарапайым геометриялық сызықтардан бастау алып, сонау
ғасырлар қойнауынан қазіргі ұрпақтарына жетіп, саналы өміріміздің кәдесіне
жарап, жалғасын тауып жатқан өнер. Қола, темір дәуірінде Батыс Сібір мен
Қазақстанды мекендеген көшпелі тайпалардың әсемдікке құштарлығы ұшқан
құстан, жүгірген аңнан көрініс тапты. Андронов сақ, ғұн, үйсін мәдени
мұраларында ою-өрнек үлгілері – адамның мифтік дүниетанымынан туған
фантастикалық бейнелер. Мұндай стильденген зооморфтық бейнелерді көне
дәуірде салынған ежелгі сақ, Алтай қорғандарынан табылған зергерлік
бұйымдардан кездестіруге болады. Сақ, ғұн, үйсін, қаңлы тайпаларында “ақ
стилі” өте кең тараған. II-III ғасырлардан бастау алған зооморфтық өнер
әдісі ғасырлар өте ою-өрнек сұлбасынан абстрактілі ою-өрнекке айналды.
Ою-өрнектердің қисынын тауып, үйлесімін келтіруде халық шеберінің
өзіндік ұстанымы, көзқарасы, қолтаңбасы бар. Ол қазақтың халықтық ою-
өрнегінің символы болып табылатын “Қошқар мүйіз” айшығын өз өнерінің
негізін қалаушы басты элемент ретінде қолдана отырып, сол арқылы бүтін бір
ою-өрнек шығарған. Халық шебері Ш.Байділдаұлы өз еңбектерінде ою-
өрнектердің композициялық құрылу заңдылықтарын еркін жүйемен бастап,
қалыптастыруды ұсынады.
Қазақ ұлттық өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлар тарихы бар, атадан
балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе
жатқан өнер түрі.
Біздің жыл санауымыздан бұрынғы V-VІ ғасырлар арасында Алтай өңірінен
Қаратеңіз төскейіне дейінгі сайын даланы қоныстанған түркі халықтарының түп
аталары – байыры сақтар - әлем мәдениетінде өнердің өшпес асыл мұраларын
өнер жарықтарынан қалдырған.
Ою-өрнекті жақсы сапалы жасау үшін алдымен пайдаланатын материалды
дұрыс таңдай білу қажет, оның ою ырғағы мен мөлшерін, яғни оюдың заттың
бетіне түсуі мен орналасуын нақты жобалау қажет. Оймастан бұрын тақырып
таңдай білу керек. Оюдың жақсы шығуы оюының ой ұшқырлығында, шеберлігі мен
оюды ретін келтіріп үйлестіре білуінде. Ою-өрнектің қандай түрі болса да ол
– адам ойының жемісі.
Ою-өрнек бір-бірімен қабысып, жымдасып, ескен арқандай бірігіп тұруы
керек. Аражігі бодыратып, үйлеспей, олпы-солпы болса – ою өзінің сәнін,
сұлулығын, үйлесімін тіпті мазмұнын жоғалтуы мүмкін.
Қазақ ою-өрнегі қошқар мүйіз түрінен бастау алатындықтан қандай ою
түрін жасағанда да осы ою түрі басты көрініс табуы қажет. Басты қошқар
мүйіз оюынан бастау алған өрнек дами келе неше алуан түрге еніп, ара жігі
әртүрлі ою-өрнектермен толыға келе, үлкен күрделі ою түрі шығады.
Менің түсінігімде ою-өрнек дегеніміз – дәлді, есеп, теңдік, теңеу,
үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, сәйкестік, тазалық, нәзіктік,
сүйкімділік, парасатталық, жылылық, сұлулық, ойлылық, аылдылық, зеректік,
көңіл-күйдің жақсылығы, шуақты шақ, арайлы кезең, жарқын әлем, көңілге
шабыт, шаттық ұялатады, көңілді ашады, шабыт береді, ептілікке, іскерлікке,
шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды, тәрбиелейді. Өнерге деген
махаббат, сұлулыққа деген ғашықтық құштарлық жинағы. Ою ойған адамның
жүрегі жылы, нәзіл болады.
“Қошқармүйіз” ою-өрнегі – байлық пен мошылықтың нысаны. “Қошқармүйіз”
бен “арқармүйіз” оюларының қазақ қолөнерінде қолданылмайтын жері жоқ.
Жалпы ою-өрнек жасаушы шебер оюды олпы-солпы болудан сақтауы,
әсемділігіне жеткізе білуі керек. Өнер зерттеушілерінің пайымдауынша қазақ
ою-өрнегі үш түрлі ұғым негізінде туған деген қорытынды бар.
1) Қазақ халқының өзіне тән ертеден келе жатқан ұлттық оюлары.
2) Басқа халықтардың мәдениетінен ауысқан.
3) Уақытқа қарай бейімделу.
Ертеден қазақ ою өрнегі мазмұны жағынан үш түрлі ұғымды бейнелейді:
1. Мал өсіру мен аңшылық
2. Жер – су, көшу-қону
3. Заттардың сыртқы бейнесі.
Осылардың қайсысында да қошқармүйіз оюы қолданылып араласып отырған.
Ою, сызу, бедерлеу ру тайпаларының таңбаларында, малдың ен-таңбасында, ай,
жұлдыз, аспан әлемін тұспалдауда орын алды.
Ою-өрнектің тұрмыста пайдалану ауқымы өте кең. Оюдың жекелеген
тармақтарынан бастап үш түп, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз т.б.
тармақтарынан әрі қарай өрбіп, кеңейе беретін күрделі оюлар да біздің
ұлттық дәстүрімізде тұрмысына үнемі қолданыс тауып келген. Айшығы мол,
жасалуы күрделі, өте нәзік оюлар ертеректерде хандардың салтанат
сарайларын, үйлердің ішін, күрделі діни кесенелерді безендірген.
Ою-өрнек ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан қазақ
халқының мәдени мұрасының ажырамас бір бөлігі. Халқымызда жазу болмағанда
ою-өрнек болды. Сол ою-өрнек арқылы халқымыз өз тыныс-тіршілігін,
мәдениетін, өнерін, мәдени құндылықтарын, жоғары деңгейде дамыған тұрмыстық
қажеттілікті ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, дамытып отырды.
Келешек ұрпақ мақсаты осы киелі өнерді әрі қарай дамыта отырып, көздің
қарашығындай сақтау.
Осы ою-өрнек түрлерін қажетті орын тауып пайдаланған зергер, оюшы
шеберге үлкен көмек болары анық. Мемлекеттік деңгейде мәдени мұра
бағдарламасы бойынша қамқорлы жасалынып, оқушыларға, студент жастарға
қолөнер сабағына пайдалануға шағын журналдар шығарылса, қолөнер түрлері
мектепте пән ретінде өтсе, жастардың келешекте іскерлігіне, ұлттық
мәдениетті сүюіне ықпал жасары анық. Оқушыларға ұлттық нақыштағы киім
үлгілері ұсынылса, оқу құралдарының безендіріуіне ою-өрнек кең көлемде
ұсынылса, шеберлер даярламайтын арнаулы оқу орындары ашылса, ұлттық қолөнер
дамыған болар еді.
Қазақстандық қолөнер шеберлерінің біразы 1916 жылғы Ұлт-азаттық
көтерілісіне белсене қатысып, Амангелді батырдың соңынан ерген сарбаздарға
қажетті қару-жарақтар соқты. Мысалы, батырдың ағасы Бектепберген Үдербаев
пен бірге Баязит Төлегенов, Молдабек Байториев сияқты ұсталар
көтерілісшілерді білтелі мылтықтар мен сирақты мылтық, айбалта, қылыш,
сүңгі-найзалармен қаруландырды. Ол қарулардың көпшілігі қазір музейлердегі
тиісті орындарда сақтаулы тұр. Бұлардың қазіргі жастардың әскери-патриоттық
эстетикалық тәрбие алуына рөлі зор.
Халық өнерінің түрлері, оның орындалу тәсілдері, жоғарыда айтылғандай
өте көп. Кілем тоқу, киім үлгілері, өрімшілік, зергерлік, сүйектен,
мүйізден, ағаштан жасалатын бұйымдар, ер-тұрман, тері илеу, тас қашау,
ұршып иіріп, жіп есу, өрмек жүгіртіп, кесте тігу, жүн түтіп, ши орау
өнерлері әрі қиын, әрі қызық.
Ал кілем тоқу өнері де бізде кең өріс алған. Ауылдық жерлерде тұратын
қазақ әйелдері мен қыздары тоқыма, жүн түтіп, жүн сабауды ұмыта қойған жоқ.
Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, Торғай, Ақтөбе облыстарында кілем тоқу өнері
ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, жаңаша түр, ою-өрнектер мен әсемдік орнын, қадір-
қасиетін жойған жоқ.
Қазіргі киіз үйдің неше түрлі жиһаздарын жаңаша түрмен дамытуда Шәми
Айтмағамбетова, Бибі Сәрсенбаева, Зейнеп Жұмағұлова, Сәлима Әзірбаева,
Нәсипа Тайманова Қатима Қожахметова сияқты халық арасынан шыққан өнер
иелерінің еңбегін атап өткеніміз лайық.
Халық шеберлері жеке адамның мұқтажын ғана өтеп қойған жоқ. Кешегі
күндері олар колхоз өндірісіне де белсене араласты. Шаруашылыққа соқа,
қамыт-сайман жасады. Олардың ішінде Ленин орденімен, “Құрмет белгісі”
орденімен наградталған атақты ұста Мұқамбетжан Оспановты, бірнеше
медальдарды омырауларына таққан Құлмырза, Мырзахмет, Жармақ, Нұрбек, Дайыр,
Көшербай ұсталар да қиын кезде осындай еңбегімен көзге түсті. Мұндай
кісілер тізе берсеңіз республикамызда көп-ақ.
Кең байтақ Қазақстанның ұлттық ортақ қолөнерінің сарқылмас бай
мүұрасын кеңінен игеру, оны халық кәдесіне жарату жолында, әсіресе, соңғы
кезде қыруар игі істер жүзеге асырылып келеді.
“Шешеннің тілі ортақ, шебердің қолы ортақ” дегендей халқымыздың таңдай
қақтырған қолөнердің алдағы уақытта дамытып, жетілдіру үшін жас шәкірттер
даярлаудың маңызы зор.
Ертедегі ата-бабаларымыздың қолөнер шеберлерінің үлгісін сақтап,
біздің заманымызға алып келген, сонымен бірге әлі де болса кейінгі жас
ұрпақтарға ұстаздық көрсетіп, соларды үйрете алатын шеберлеріміз әзірге
баршылық. Енді солардың ішіндегі есімдері баршаға мәлім біраз
өнерпаздарымыздың әрқайсысының өмір жолына қысқаша тоқтала кетейік.
Айтмағанбетова Шәми – 1914 жылы Маңғышылақ облысының Өзен ауданында
туған. Бес жасында шешеден жетім қалған Шәми өсе келе өгей шешесі – Ұмсын
мен оның анасы Қанбибінің аялы алақанына тап болып, зеректігі мен
ұқыптылығының нәтижесінде “өрмек өрумен” бастап, қолөнерінің көрікті
үлгілерін түгелдей игерген “шебер қыз” атанды. Киіз үйдің ши есігінен
бастап, бау-басқұртына дейінгі ішкі-тысқы бұйымдардың бәрін тоқыды. Он бес
жасында ауыл аймағы түгел таныған, өнері ел кәдесіне асқан шебер болды.
Шәлми апай ескі ауылдың елеусіз адамы емес, өнерімен күн көрген кәсіпкер де
емес, жаңа заманмен бірге жаңарған өнер, өнеріне өріс тапқан жан.
Аманжолоы Қобан – 1897 жылы бұрынғы Ақмешіт, қазіргі Қызылорда
аймағында туған. Әкеден жастай жетім қалған. Қобан атақты зергер
Қарамырзаның көрігін басып, көмірін жаға жүрсе, зейінділік пен зергерліктің
нәтижесінде бұл өнерді үйреніп алып, он тоғыз жасынан өз алдына дүкен
құрып, көрік басып халық арасына атағы шығады. Алғаш сақина, жүзіктен
бастаған Қабан Ақмешіт төңірегіне белгілі зергер атанады. Қазақтың ұлттық
ою-өрнегін жете білетін Қобан олардың өз ісіне орынды қолданып, барлық
қалыптары мен аспаптарына дейін өзі қолдан жасап алған.
Бекпенбетов Назархан – 1903 жылы Маңғышлақ облысының Өзен ауданының
Ескі өзен селосында туған. Әкесі асқан шеберлікпен аты шыққан ұста, тас
қашап, үй салған, құлпы тас шабудың шебері, етікші, әрі шеберлікпен
аймағына атағы жайылған кісі болған. Назархан әкесінен 9 жаста жетім қалып,
ағасы Жаншар, Байжанақ, Дүйсенбай, Боран, Таусар сияқты өнер шеберлерінен
үлгі-өнеге алған, 17 жасынан қолөнер саласында бесаспап шебер атанады. Жас
шағынан ағаштан түйін түйген, киіз үйдің ағашын, ер шабу, домбыра жасау,
кебеже, сандық асадал, ыдыс-аяқтар жасаумен күллі Атырауға аты шыққан
шебер.
Иляев Ғани – 1918 жылы Ташкент қаласында туған. Ол мектепке барып
бастауыш сыныпта оқып жүрген кезінің өзінде сурет салумен айналыса
бастаған. Оның суретшілікке икемінің барлығын аңғарған үлкен ағасы, Әбіл
оны Ташкенттегі көркемсурет техникумына түсіреді. Оны 1936 жылы ойдағыдай
бітіріп, жұмысқа да араласып кетеді. Көп уақыт Шымкенттегі суретшілер
мектебінің директоры болып қызмет істеді. Оның 500-ден астам еңбегі
республикамыздың сурет галериялары мен көркемөнер қорына қабылданды. Ол, ою-
өрнектерді жинаушы ғана емес, оған жаңа түр беріп, дамытушы, құлпыртып
салатын суретші.
Романова Бибайша – 1933 жылы Шымкент облысы, Қызылқұм ауданы, “Темір”
совхозында туған.
Бибайшаның апасын Күлзада он саусағынан өнер тамған, өз шешесі
Жайсаңгүлден тәлім алған, аймағына белгілі, қолдан-қолға тимеген. Жас
шағынан өнерпаз атанған, кейін өз қыздары: Зәуре, Бибайша, Ұлжалғас,
Тойындықтарға жүн түтіп, жіп иіріп, алаша тоқу, киіз басу, тігіс тігу,
киім рішу сияқты шеберлік өнерден бастап үйретуге аса зейін қойған, үй
көркіне көңіл қоя білген ұқыпты да, жинақ, әсемдікке мейлінше мән берген,
өз ісіне пысық, өрнегін көрген жанды бір таңдандырмай қоймайтын кісі
болған.
Бибайша балалық шағында-ақ ұршығы шығып, ойланған жерден отырып қалып,
төсек ағаш, жастық тыстарға тор тоқуды үйренуден бастаған. 13-14 жасында
кілемге күрделі түр өрнектерін түсірді. Бибайшаның аты шығып, шеберлігі
ауызға мінеді.
Бибайшаның “самаурын гүл” аталатын, қошқар мүйізденіп тоқылған кілемі
1957 жылы облыс орталығында болған көрмеде 1-ші орын алып, бірінші дәрежелі
диплом, оған қоса ақшалай сыйлық алған. 1961 жылы республикалық одақтық
көрмелерге өзінің “Шатыр гүл” деп аталатын кілемімен қатысып, Москвада
бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Өнер қуған Бибайша өз өнерін ұштай
түсу мақсатында бірыңғай қолөнермен айналысады.
Сәрсенбин Рақым (1890-1972) – халық шебері. Өмірінің жартысынан көбін
ою мен өрнек салуға жұмсаған өнерпаз.
Сәрсенбаева Бибі – 1909 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Қаратау қаласында
туған. Бибі апай қолөнерін он екі жасында шешесі Күнтікқызы Әлпештен
үйренеді. Бармағынан өнер тамған Бибі апай колхоздасудың алғашқы
жылдарынан шаруашылықтың түрлі саласында қызмет істейді. Бибі апайдың
мынадай түр атауларын мысалға келтіруге болады: мүйіз, гүл мүйіз, сыңар
ирек, қарға тұяқ, қос ирек, жыланбас, шеттік, дойбы, гүл, тышқан із, түйе
бас, арқар мүйіз, сырмақ өрнек, шым-шытырық, текше гүл, қобыз тіл, кере
гүл, меруерт тізбек сияқты гүлдер ақ басқұрға салынса, қызыл басқұрға:
иттабан, қарсы мүйіз, тұмарша, қызғалдақ, отау гүл, дөдеге гүл, бес жұлдыз,
тасбақа гүл, шаңырақ сияқты бірін-бірі қайталамайтын түрлердің
салынатындығын көрсетеді.
Салтыбекова Секер – 1904 жылы қазіргі Талдықорған облысының
Талдықорған ауданы Күйбышев атындағы колхозында туған. Шешесі Шөкеден 13
жасында шеберлікті үйренген, күнделікті тұрмысқа қажетті киіз үйдің бау,
басқұр, жіп-шуанынан бастап, алаша тоқып,, кілем қырыққан, сырмақ сырып,
текемет басқан, шекпен, шапан, неше түрлі бас киім жасауларын тігіп, желбау
түйген, аяққап, сандыққап, керегқап сияқты жиһаздары әшекейлермен көз майын
тауысып кетсе де тігіп, шеберлікпен бұрынғы күллі жалайыр ұлысына атағы
шыққан шебер Секер атанған бесаспап шебер өнерпаз ана.
Дәулетов Әбдіхалық – Шымкент облысы, Түркістан қаласының тұрғыны. Өз
өмірін қолөнер жұмысына бағыштап, жарты ғасырдан астам уақыт халқымыздың
ғасырлар бойы басанасы ғана емес әсн-салтанат құрған комплексті тұрақ-
мекені киіз үй жасаумен айналысып келе жатқан бүкіл қаратау, қараспан
атырабына даңқы жайылған атақты үйші.
Нұржаубаев Омар – 13-14 жасқа келгенде бұрынғы Ақмола қаласында атақты
зергер Мұханбетжанға шәкірт болған. 18 жасында қолынан келмейтіні жоқ шебер
болып өз алдына ұста дүкенін ашқан. Өнерімен елге танылған. Омар ақсақал
күнделікті үй шаруашылығына пышақ, бәкі де, тіс шұқуыш та істеген асқан
шебер адам. Өнер қуған жастардың ақылшысы болған.
Жеткіншектердің әдебиеттен, математикадан, архитектурадан, театрдан,
музыкадан, бейнелеу, мүсіндеу, кесте тігу мен ою-өрнек қиып үйрену өнерінен
едәуір хабардар болуы, келешекте қандай мамандықты меңгерсе де, оқушылардың
рухани өрісі мен дүниетанымын арттырады.
Өнердің басқа да түрлері сенімді, ою-өрнек оқушылардың ой-өрісі мен
білімдерін жан-жақты дамытуда әсері мол. Оқушы тек ою технологиясын ғана
меңгермей, осы өнерге қатыты қолөнер саласында ұмыт болған сөздермен де
танысады. Сондай-ақ, киіз бұйымдарына немесе ағаш ою кезінде қандай оюлар
қолдану керектігінен хабардар болуы үшін “Қазақ халқының дәстүрлі өнері”
атты оқу құралында қолөнер бұйымдарының түрлі нұсқалары берілген.
Қазақ этномәдениетінің үлкен бір саласы қолөнерді, оқушыларға 1-
сыныптан бастап оқыту қажет. Ою-өрнек тек сурет, еңбекке баулу сабақтырамен
байланыстырып қана қоймай, сондай-ақ тарих сабақтарына да қатысты оқытылуы
тиіс.
Қазақ даласында оюлар әр түрлі үлгіде дамыған. Еліміздің әрбір
аймағының өзінің стильдік ерекшеліктері, үлгілері бар. Ғалымдардың
пайымдауынша қазақ ұлттық ою-өрнектерінің, әзірше 230-дай түрі ғана
анықталған. Солардың ішінде халық арасында кп тараған “мүйіз” тектес оюы.
“Мүйіз” оюы қазақ халқының ою-өрнегінің төркіні деуге болады, өйткені
барлық жаңа элменттер соның негізінде жасасып, тек атаулары ғана өзгеріп
отырды. Мысалы, “Қошқармүйіз”, “Арқармүйіз”, “Бұғымүйіз”, “Қырықмүйіз”,
“Қосмүйіз”, “Сыңармүйіз”, “Сынықмүйіз”, т.б.
Мүйіз тектес, ою-өрнектер кейде өте ұсақ, кейде өте ірі болып келеді.
Халық шеберлері мүйіз өрнегінен сан қилы мәнерлермен құбылта, бір элементке
екінші үшінші элменттерді қосып, молықтырады да, құлпырған әдемі де
мазмұнды композиция жасайды.

Ою- өрнектер еретде келе жатқан ою - өрнектерді түрлердіру арқылы
мазмұнды ою-өрнектер жасау дәрежесіне көтеруге болады. Өрнек өлмейді, өнер
көнермейді, өнер жеміс ағашыныңбұтағындай гүлдеп жемістене береді. Ою -
өрнектермен танысып олардың дүние танымы, өзі қоршаған орта және сұлулық
туралы түсінігі артып шеберлік қабілеті дамып отырады. Ұсынылып отырған әр
түрлі ою - өрнектерді жасатуға үйрету. Ою- өрнектерді өзінше жаңа түр, жаңа
мазұн ендіру. Творестволық композиция ою-өрнек өнері сиитриялық және римт
ырғақ заңдарымен әдемі көрінеді. Ал бейнелеу өнері адам портретінің дәл
ұқсас болуы және оның ішкі дүниесінбояу колорит арқылы бере білу. Бірінші
сабақта еңбек сабағы қарапайым машықтануларға үйрету. Мысалы. Қайшын ұстай
білу., т.. қааздан жаслаған заттарын әсемдеп бояу, балаға әсемдік туралы
лағашқыда тартымды мағлұматтар береді. Жапырақтан гүлден және жасушалардан
жолақ ішінде ою -өрнектер жасалады. Оқушылрға түр мен түс туралы көркемдік
тәсілдер туралы жалпы түсінік беру мен қатар табиғи формаларды өрнекке
пайдалану. Мысалы: алма, шие, помидор, қияр жарырақтарынан жолақ ішінде ою
- өрнектер жасалады. Қазақтың өсімдік тектес өрнектері жөніндегі әңгімеден
кейін ұлттық ою - өрнектердің әлементтері таныстырылып, отырды қию жолдары,
ұлттық ою - өрнектері элементтерін күрделі емес жай оюлар үлгісін жасау
үйретілді. Одан әрі дамытып жетілодіру үшін олардың өзбетінше ою - өрнек
үлгісін құрастырады. Аз уақыт жұмсап тез бітіру үшін сурет дәптер т.м.
қарандашы, қайшы, ақ жұмсақ өшігіші, желім болу керек. Түрлі – түсті
қазғаздн қиып алған үлгілерді дәптердің бетіне рет – ретімен композициялық
желімдеп отырады. Ою - өрнектер элементін қағаздан қию үшін қағазды бір
бүктеп қошқар мүйізінің жарты көрінісі қарандашпен ізі бойынша қиылады.
Қиылған өрнекті бүктеуін жазып жіберген әдемі оны керекті бұйымның бетіне
түсіруге болады. Қандай ою - өрнктер қималарының сурет дәптердің үлгілері
жасап үйренген соң материалға ою - өрнекті түсіру оңайға түседі. Методиклық
нұсқауда көрсетілген кезеңдерді ұқыпты мұқият орындалса ою - өрнектер әдемі
көрікті болып шығады. Ою өрнектер қиятын қағазды бір бүктеп ою қияюды
жақсыорындай білген басқасында жақсы істеуі мүмкін. Біздер көріп біліп
жүрген заттарымыз геометриялық дененің жиынтығнан құралады. Сол себепті
геометрия пішіндес сияқты ою-өрнектер үлгілері болады. Алдымен ою-
өрнектердің ұлттық түрлері мен танысып жете үйренгеннен соң олардың
трансформациясы туралы түсінік беріп оларды түрлеріруге жаңа элементтер
жасатып үйретіледі.
Еліміздгі осындай ұлттық өнеркәсіп орындары, олардың ұлттық қолөнер
бұйымдарын жасаудағы тәжірбиесі туралы жас жеткіншектерге әңгімелеп өзі
олардың қызығушылығын арттырады. Мұндай игілікті 19 ғасырдың екінші
жартысында ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин бастағаны белгілі.
Ол өзі ашқан мектебінде ер балларды ағаш шеберлігін жону, өндеу ісіне,
ұсталыққа үйретіп, ұлттық тұрмыс бұйымдарын жасаауға, қызбалларды ұлттық
киім тігуге кесте тоқуға баулыған.
Ы. Алтынасрин ұлтымыздың жас ұрпақтарының білімді., өнерлі шебер
болуын аңсаған. Осы уақытқа дейін мақсатты қазақ жерінде алғаш жүзеге асыру
үшін көп еңбек еткен ғлым педагогы.
Бүгінгі таңда Ы. Алтынсариннің бастамасы қолға алынып, балаларды
ұлттық қолзнерге баулу біршама жаңдана бастады.
Осы уақытқа дейін қазақтың ұлттық қолданбалы бұймдары мен ұлттық киім-
кешектерін жасауғатолығымен берілмейді.
Ұлттық бұйымдарды оқушыларға жасатқызып байқағанымыздағы кейбір
баллар тапсырманы орфндай алмады. Себебі ондай бұймдарды олар бұрын
көрмеген. Бұйымдарды жасау үшін сол затты әуелі баллар, көп алдына
елестетіп есіне түсіреді, не үшін пайдаланады, пішіні түсі қандай
материалдардан жасалған, қанша бөліктерден тұрады, не арқылы біліктірілген
т.с.с.
Оқушылар бұйымдарды сабақта жасайтын, ал сабақтар жеке тақырыптар
түрінде белгіленіп күнтізбелік жоспар бойынша құралады. Бастауыш
мектептерде еңбек пәніне оқу бағдарламасы бойынша екі сағат бөлінген.
Осыны басшылыққа ала отырып, жасалған алдарыңыздағы әдістемелік оқу
қаралдарында өьткізілетін еңбек түріне қарай әр сбақ жеке тоқталып, олардың
тақырыптары, алдына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz