Қазақ халқының дәстүрлі өнері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I. Кіріспе бөлім

Оқушыларды жан-жақты дамытудағы қазақтың ою-өрнектерінің маңызы.

II. Негізгі бөлім.

1. Қазақтардың қолданбалы өнер түрлері.
a) Ою-өрнектің шығу тарихы
b) Ою-өрнектің түрлері
c) Үйренудің әдіс-тәсілдері
d) Халық өнерпаздарының көне заманнан келе жатқан
қолөнерлерінің көркемдік, әсемдік бұйымдары.
2. Жапсырмалау сабағындағы оюлар.
а) ТРИЗ элементерін пайдалану

III. Практикалық бөлім

IV. Педагогикалық тұжырым

Қазақтың халықтық қолөнерілнде жиі қолданылатын мүйіз тектес ою-
өрнектер өзінің даму барысында әр түрлі көркемдік сипат алған. Қошқар
сүйіз, арқар мүйіз, марал мүйіз, бұғы мүйіз, қос мүйіз, қырық мүйіз, сыңар
мүйіз,, сынық мүйіз және тармақ мүйіз сияқты тағы басқа өрнектер өзіндік
сұлу кескін таңбасымен, сондай-ақ белгілі бір мән-мағынаны білдірумен көзге
түседі.
Арқар мүйіз, қошқар мүйіз оюлар халқымыздың күнделікті тұрмыстағы
тұтыну заттарында да әсемдік сипат алған. Текемет, сырмақ, алаша, кілем,
тұс киіз, бау-басқұр, қоржын, аяққаптарда өсімдік сипатты элементтермен
астарласа келіп жарастық сипат тапқан. Қазақтың сәндік өнерінде оюдың түрі
өте көп. Қазақ халқы - өнер тарихында өзіндік алар орны бар, ерте заманнан
келе жатқан алуан түрлі бай өнердің лайықты мұрагері. Бұл мұралар олардың
тұрмыс-тіршілігімен күні бүгінге дейін тығыз байланысты.
Орта ғасырдағы ірі мәдениет ошақтары болған Отырарда, Таразда, Кент,
Талғарда, Құланда түрлі түсті ою-өрнек салынған шыны графин, рюмка, шыны
аяқ, химиялық, медициналық ыдыстар жасалған. Әрине, қыштан жасалған өнер
туындылары да кең таралған.
Қазақтың тұңғыш операларын қалыптасқан дәстүр негізінде көркемдеуде
және кейінгі шеберлерге үлгі-өнеге үйретуде Латпа Ходжикованың сіңірген
еңбегі айрықша.
Ауылдық жерлерде кілем тоқып, киіз басу, сырмақ тігу, басқұр-бау
жасайтын Шәмші Айтмағанбетова, Бибайша Даманова, Бағдат Игенбаева т.б
сияқты шеберлер өте көп.

Ер қосу өнері
Қазақ арасында ер-тұрман жабдықтары салт атқа мініп жүру үшін жасалған.
Сондықтан мінілетін көлікті ер-тұрман жабдықтарымен түгелдей қамтамасыз
етуді жабдықтау деп атайды. Ер-тұрман жабдықтарын жасау кез келген адамның
қолынан келе бермейді. Халық ішінен шыққан шеберлердің қолынан ғана
жасатушының ұлына немесе қызына арналып жасалады. Ер-тұрман жабдықтарын
жасау мен оны күнделікті өмірде пайдаланудың жолдары қазақ қауымының
әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынас мәселелерімен тығыз байланысты.
Ер-тұрман жабдықтары ойдағыдай әшекейленген, өрнек-нақыштары жарасымды
да әсем, көрікті жасалуы тиіс.
Қолөнер саласындағы басқа да өнер туындылары сияқты ер-тұрман жасау
өнері – үлкен шеберлік пен материалдық мүлікті қажет етеді. Қазақтың ер-
тұрманы жайлы пікір айтқан бірқатар авторлар мен Қазақстан этнографтарының
соңғы жылдары жазғандары бұған дәлел бола алады. Олардың ішінде, тарих
ғылымының докторы Х.Арғынбаевтың Қазақтың ер-тұрман жабдықтары атты
мақаласының маңызы ерекше. Мақала мазмұны этнографиялық жағынан экспедиция
кезіндегі автордың өзі араласып, өзі жинаған материалдарды негізінде
нақтылы мысалдар мен кейбір фактілерді ұштастыра жазылған. Ер қосу өнері
жайлы Х.Арғынбаевтың осы атты мақаласының зертеушілерге зор пайдасын
тигізді.
Қазақ ершілері ердің үзенгісін кептірілмеген қайың ағашынан да жасаған.
Ұзындығы 55-65 см, жуандығы 3,5-4 см шамасындағы ағашты шотпен немесе
пышақпен кесіп алып, тезектің қозына салып жіберіп, арнайы үзеңгі
формасындағы қалыпқа салып, кесілген жағын ішіне қаратып жасаған.
Ерді және үзеңгіні ершілер кейде қойдың, ешкінің, т.б. жануарлардың
сүйектерінен немесе мүйізінен әшекейленетін болған.
Әйелдер үшін шеберлер арнайы ер жасаған. Әйелдерге арналып жасаған ер
туралы В.Потто: Ердің артқы керсені кең де ішіне қарай ойыс, алдыңғы қасы
биік, өте жақсы тіп-тік шабылған, мұның өзі отырғанда жайлы да қолайлы
екендігі аңғарылады деп жазады. Сондай-ақ қазақтарға балаларға арналған
ердің түрі – ашамай жасалған. Ата-анасы балаларын атқа мінуге үш-төрт
жастан бастап үйрете бастаған. Ашамайдың құрылысы аса күрделі болмаған.
Ердің алдыңғы қасы мен артқы қасы екі айыр, биік, торкөз сияқты етіп
жасалған. Екі ұшында тесігі болады. Баланы ерге отырғызған кезде сол
тесіктен таяқша тығып өткізгенде ат үстіндегі баланы мықтап ұстап қалады.
Аяғы үзеңгімен бірге ерге бекітіліп, киіз қалтаға кигізіледі.
Ер-тоқымға ерден басқа: терлік, желдік, тебінгі, үзеңгі, бау, таралғы,
тартпа, айыл, құйысқан, жүген, шылбыр, тізгін, ат көрпе, көпшік, тыстан,
қамшы, шідер, тұсау, кісек, қанжыға жатады. Әйелдерге арналған ер-тоқым
(үзеңгі, үзеңгі бау, таралғы, ноқта, жүген, сұлық, сауырлық, салпыншақ) мол
әшекейленеді. Ерлерге арналған ер-тоқым жеңіл, ықшам, көбінесе мүйіз,
сүйекпен әшекейленеді.
Ерші – ер жасаушы шебер. Ершілер өзінің іскерлік өнеріне қарай
бөлінеді. Біреулері ердің соқа басын ағаштан шауып жасайтын болса, енді
біреулері ердің киізден, былғарыдан, темірден, қоладан көмкерілетін басқа
да жабдықтарын жасайды. Ер-тоқымды күмістеу, алтын жалату және әр түрлі
асыл тастардан көз орнату, тағы басқа тәсілдермен безендіреді. Шын
мәнісінде шебердің қолынан шыққан ер-тоқымдар өнер туындысы ретінде
бағаланған. Қазір ершілердің міндетін негіздеп кәсіпорындар атқаратын
болды.
Қазақ ері – қайың ағашының бес бөлігінен қосылады, яғни екі қрл екі
қаптал және орта ағаш деп аталатын бөлшектер жеке-жеке шабылып барып
біріктіріледі. Қазақстанның орталық және солтүстік областарында кейбір
ершілер ердің қастарын жуан қайыңның шірімеген түбінен де шапқан.
Тағы бір айта кететін жай қазақ ерінің әйелдерге арналып жасалған
нұсқасы, қай облыста болмасын өзінің үлкендігімен де, әдемілігімен де
ерекше көзге түседі. Әйел ері салмақты, әрі әшекейге бай болып жасалады.
Ер әшекейлеріне алтындау тәсілі күмістеуден гөрі өзгешелеу. Күмісті
темір бетіне қақтау немесе құю тәсілдері арқылы жүргізілсе, алтындау тәсілі
жалату жолымен орындалады. Алтын жалатқан әйел ерінің бір түрі Қазақстанның
орталық музейінде сақтаулы. Бұл ерді барлық жабдықтармен қоса Нәби кәрібаев
деген ерші жасаған. Ердің сырты түгелдей ажарланып, оюланған темір
қаңылтырмен қапталған да олардың астынан қызыл барқыт төселген.
Ерлерге арналып жасалған қазақ ерлерінің салмағы жеңіл және ықшамды
болып қосылады. Көбінесе мұндай ерлерді онша әшекейлемейді де оның ағашын
өңдеу ісіне көп көңіл бөлінеді. Әсіресе, қазақстанның солтүстік
аудандарында ерді қайыңның безінен шабатын ершілер басқа әшекейлерді көп
қолданбаған. Өйткені, бұйраланған қайың безінен қосылған ер таза алифпен
бірнеше рет сіңіре майланса, теңбілденіп өте әдемі болады да ешбір әшекейді
керек етпейді. Мұндай жағдайда екі қас пен қапталдың жиегін шығарады да оны
қара бояумен бояйды. Бұл әшекейлердің барлығы да бетіне күміс қапталған
темір пластинкалардан жасалып, жасанды қараса жүргізу тәсілімен нақыштайды.

Зергерлік өнер
Зергерлер мен темір ұсталары көркем бұйымдарын металдан, негізінен
алғанда күміс пен мыс, темірден жасаған.
Шеберлер өзінің жасайтын бұйымдарын негізгі шаруашылығы егіншілік пен
мал шаруашылығымен байланысты жасады. Кейіннен олардың кейбіреулері
өздеріне жұмыс істейтін орын – шеберхана салып алды.
Ұсталар мен зергерлер әр түрлі құрал-саймандарды пайдаланған. Олардың
ішінде: көрік – көмейдегі отты үрлейтін түйенің мойнағынан немесе ешкінің
терісінен иленіп, ыңғайлап тігілген зат: қышқыл – қызған темірді оттан
алып, отқа салып немесе отқа тасып қысып ұстайтын, ұзын сапты, имек басты,
яғни құс тұмсықты қол күйдірмеу үшін шебердің пайдаланатын аспабы.
Шебердің қолы ортақ
Біз жоғарыда халық өнерпаздарының көне заманнан келе жатқан қолөнерінің
көркемдік, әсемдік бұйымдарын және олардың жасалу тәсілдері жайлы әңгіме
еттік. Ендігі жерде халық шеберлерінің асыл мұрасын сақтап біздің қазіргі
заманымызға дейін алып келушілер жайында әңгіме еткіміз келеді. Ондай
шеберлер елде көп.
Қазақтың ертедегі бізге беймәлім шеберлерін былай қойғанда өткен
ғасырдың екінші жартысында бүкіл Орта Азия мен қазақстанға аты әйгілі Мұрын
жырау (шын аты Тілеген Сеңгірбаев) жарты ғасырға жуық өмірін темірден түйін
түйіп, алтынды күміске байлаған зергер, етік тігіп, тас қашаған, өнерімен
өрге жүзген бесаспап шебер болған. Сондай-ақ Қазақстандағы қолөнер дәстүрін
жалғастырушы Жүсіп мақамбет, Күмбетбай, Мұхаметжан, Шері, Аяған сияқты
атағы ел арасында аңызға айналған зергерлер мен бүгінгі күні көз алдымызда
отырған Талжігіт Берсүгіров, Әлімбет Алданазаров, Сәдуақас Көгентаев,
Құлмырза Өтегенов, Мұқаш Әлімбетов, Ахмет Ерғожаев сияқты зергерлер мен
шеберлердің қолынан шыққан туындылар музейлер мен үйлердің сәнді
бұйымдарына айналған.
Қазақстандық қолөнер шеберлерінің біразы 1916 жылғы Ұлт-азаттық
көтерілісіне белсене қатысып, Амангелді батырдың соңынан ерген сарбаздарға
қажетті қару-жарақтар соқты. Мысалы, батырдың ағасы Бектепберген Үдербаев
пен бірге Баязит Төлегенов, Молдабек Байториев сияқты ұсталар
көтерілісшілерді білтелі мылтықтар мен сирақты мылтық, айбалта, қылыш,
сүңгі-найзалармен қаруландырды. Ол қарулардың көпшілігі қазір музейлердегі
тиісті орындарда сақтаулы тұр. Бұлардың қазіргі жастардың әскери-патриоттық
эстетикалық тәрбие алуына рөлі зор.
Халық өнерінің түрлері, оның орындалу тәсілдері, жоғарыда айтылғандай
өте көп. Кілем тоқу, киім үлгілері, өрімшілік, зергерлік, сүйектен,
мүйізден, ағаштан жасалатын бұйымдар, ер-тұрман, тері илеу, тас қашау,
ұршып иіріп, жіп есу, өрмек жүгіртіп, кесте тігу, жүн түтіп, ши орау
өнерлері әрі қиын, әрі қызық.

Ал кілем тоқу өнері де бізде кең өріс алған. Ауылдық жерлерде тұратын
қазақ әйелдері мен қыздары тоқыма, жүн түтіп, жүн сабауды ұмыта қойған жоқ.
Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, Торғай, Ақтөбе облыстарында кілем тоқу өнері
ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, жаңаша түр, ою-өрнектер мен әсемдік орнын, қадір-
қасиетін жойған жоқ.
Қазіргі киіз үйдің неше түрлі жиһаздарын жаңаша түрмен дамытуда Шәми
Айтмағамбетова, Бибі Сәрсенбаева, Зейнеп Жұмағұлова, Сәлима Әзірбаева,
Нәсипа Тайманова Қатима Қожахметова сияқты халық арасынан шыққан өнер
иелерінің еңбегін атап өткеніміз лайық.
Халық шеберлері жеке адамның мұқтажын ғана өтеп қойған жоқ. Кешегі
күндері олар колхоз өндірісіне де белсене араласты. Шаруашылыққа соқа,
қамыт-сайман жасады. Олардың ішінде Ленин орденімен, “Құрмет белгісі”
орденімен наградталған атақты ұста Мұқамбетжан Оспановты, бірнеше
медальдарды омырауларына таққан Құлмырза, Мырзахмет, Жармақ, Нұрбек, Дайыр,
Көшербай ұсталар да қиын кезде осындай еңбегімен көзге түсті. Мұндай
кісілер тізе берсеңіз республикамызда көп-ақ.
Кең байтақ Қазақстанның ұлттық ортақ қолөнерінің сарқылмас бай мүұрасын
кеңінен игеру, оны халық кәдесіне жарату жолында, әсіресе, соңғы кезде
қыруар игі істер жүзеге асырылып келеді.
“Шешеннің тілі ортақ, шебердің қолы ортақ” дегендей халқымыздың таңдай
қақтырған қолөнердің алдағы уақытта дамытып, жетілдіру үшін жас шәкірттер
даярлаудың маңызы зор.
Ертедегі ата-бабаларымыздың қолөнер шеберлерінің үлгісін сақтап, біздің
заманымызға алып келген, сонымен бірге әлі де болса кейінгі жас ұрпақтарға
ұстаздық көрсетіп, соларды үйрете алатын шеберлеріміз әзірге баршылық. Енді
солардың ішіндегі есімдері баршаға мәлім біраз өнерпаздарымыздың
әрқайсысының өмір жолына қысқаша тоқтала кетейік.
Айтмағанбетова Шәми – 1914 жылы Маңғышылақ облысының Өзен ауданында
туған. Бес жасында шешеден жетім қалған Шәми өсе келе өгей шешесі – Ұмсын
мен оның анасы Қанбибінің аялы алақанына тап болып, зеректігі мен
ұқыптылығының нәтижесінде “өрмек өрумен” бастап, қолөнерінің көрікті
үлгілерін түгелдей игерген “шебер қыз” атанды. Киіз үйдің ши есігінен
бастап, бау-басқұртына дейінгі ішкі-тысқы бұйымдардың бәрін тоқыды. Он бес
жасында ауыл аймағы түгел таныған, өнері ел кәдесіне асқан шебер болды.
Шәлми апай ескі ауылдың елеусіз адамы емес, өнерімен күн көрген кәсіпкер де
емес, жаңа заманмен бірге жаңарған өнер, өнеріне өріс тапқан жан.
Аманжолоы Қобан – 1897 жылы бұрынғы Ақмешіт, қазіргі Қызылорда
аймағында туған. Әкеден жастай жетім қалған. Қобан атақты зергер
Қарамырзаның көрігін басып, көмірін жаға жүрсе, зейінділік пен зергерліктің
нәтижесінде бұл өнерді үйреніп алып, он тоғыз жасынан өз алдына дүкен
құрып, көрік басып халық арасына атағы шығады. Алғаш сақина, жүзіктен
бастаған Қабан Ақмешіт төңірегіне белгілі зергер атанады. Қазақтың ұлттық
ою-өрнегін жете білетін Қобан олардың өз ісіне орынды қолданып, барлық
қалыптары мен аспаптарына дейін өзі қолдан жасап алған.
Бекпенбетов Назархан – 1903 жылы Маңғышлақ облысының Өзен ауданының
Ескі өзен селосында туған. Әкесі асқан шеберлікпен аты шыққан ұста, тас
қашап, үй салған, құлпы тас шабудың шебері, етікші, әрі шеберлікпен
аймағына атағы жайылған кісі болған. Назархан әкесінен 9 жаста жетім қалып,
ағасы Жаншар, Байжанақ, Дүйсенбай, Боран, Таусар сияқты өнер шеберлерінен
үлгі-өнеге алған, 17 жасынан қолөнер саласында бесаспап шебер атанады. Жас
шағынан ағаштан түйін түйген, киіз үйдің ағашын, ер шабу, домбыра жасау,
кебеже, сандық асадал, ыдыс-аяқтар жасаумен күллі Атырауға аты шыққан
шебер.
Иляев Ғани – 1918 жылы Ташкент қаласында туған. Ол мектепке барып
бастауыш сыныпта оқып жүрген кезінің өзінде сурет салумен айналыса
бастаған. Оның суретшілікке икемінің барлығын аңғарған үлкен ағасы, Әбіл
оны Ташкенттегі көркемсурет техникумына түсіреді. Оны 1936 жылы ойдағыдай
бітіріп, жұмысқа да араласып кетеді. Көп уақыт Шымкенттегі суретшілер
мектебінің директоры болып қызмет істеді. Оның 500-ден астам еңбегі
республикамыздың сурет галериялары мен көркемөнер қорына қабылданды. Ол, ою-
өрнектерді жинаушы ғана емес, оған жаңа түр беріп, дамытушы, құлпыртып
салатын суретші.
Романова Бибайша – 1933 жылы Шымкент облысы, Қызылқұм ауданы, “Темір”
совхозында туған.
Бибайшаның апасын Күлзада он саусағынан өнер тамған, өз шешесі
Жайсаңгүлден тәлім алған, аймағына белгілі, қолдан-қолға тимеген. Жас
шағынан өнерпаз атанған, кейін өз қыздары: Зәуре, Бибайша, Ұлжалғас,
Тойындықтарға жүн түтіп, жіп иіріп, алаша тоқу, киіз басу, тігіс тігу,
киім рішу сияқты шеберлік өнерден бастап үйретуге аса зейін қойған, үй
көркіне көңіл қоя білген ұқыпты да, жинақ, әсемдікке мейлінше мән берген,
өз ісіне пысық, өрнегін көрген жанды бір таңдандырмай қоймайтын кісі
болған.
Бибайша балалық шағында-ақ ұршығы шығып, ойланған жерден отырып қалып,
төсек ағаш, жастық тыстарға тор тоқуды үйренуден бастаған. 13-14 жасында
кілемге күрделі түр өрнектерін түсірді. Бибайшаның аты шығып, шеберлігі
ауызға мінеді.
Бибайшаның “самаурын гүл” аталатын, қошқар мүйізденіп тоқылған кілемі
1957 жылы облыс орталығында болған көрмеде 1-ші орын алып, бірінші дәрежелі
диплом, оған қоса ақшалай сыйлық алған. 1961 жылы республикалық одақтық
көрмелерге өзінің “Шатыр гүл” деп аталатын кілемімен қатысып, Москвада
бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Өнер қуған Бибайша өз өнерін ұштай
түсу мақсатында бірыңғай қолөнермен айналысады.
Сәрсенбин Рақым (1890-1972) – халық шебері. Өмірінің жартысынан көбін
ою мен өрнек салуға жұмсаған өнерпаз.
Сәрсенбаева Бибі – 1909 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Қаратау қаласында
туған. Бибі апай қолөнерін он екі жасында шешесі Күнтікқызы Әлпештен
үйренеді. Бармағынан өнер тамған Бибі апай колхоздасудың алғашқы
жылдарынан шаруашылықтың түрлі саласында қызмет істейді. Бибі апайдың
мынадай түр атауларын мысалға келтіруге болады: мүйіз, гүл мүйіз, сыңар
ирек, қарға тұяқ, қос ирек, жыланбас, шеттік, дойбы, гүл, тышқан із, түйе
бас, арқар мүйіз, сырмақ өрнек, шым-шытырық, текше гүл, қобыз тіл, кере
гүл, меруерт тізбек сияқты гүлдер ақ басқұрға салынса, қызыл басқұрға:
иттабан, қарсы мүйіз, тұмарша, қызғалдақ, отау гүл, дөдеге гүл, бес жұлдыз,
тасбақа гүл, шаңырақ сияқты бірін-бірі қайталамайтын түрлердің
салынатындығын көрсетеді.
Салтыбекова Секер – 1904 жылы қазіргі Талдықорған облысының Талдықорған
ауданы Күйбышев атындағы колхозында туған. Шешесі Шөкеден 13 жасында
шеберлікті үйренген, күнделікті тұрмысқа қажетті киіз үйдің бау, басқұр,
жіп-шуанынан бастап, алаша тоқып,, кілем қырыққан, сырмақ сырып, текемет
басқан, шекпен, шапан, неше түрлі бас киім жасауларын тігіп, желбау түйген,
аяққап, сандыққап, керегқап сияқты жиһаздары әшекейлермен көз майын тауысып
кетсе де тігіп, шеберлікпен бұрынғы күллі жалайыр ұлысына атағы шыққан
шебер Секер атанған бесаспап шебер өнерпаз ана.
Дәулетов Әбдіхалық – Шымкент облысы, Түркістан қаласының тұрғыны. Өз
өмірін қолөнер жұмысына бағыштап, жарты ғасырдан астам уақыт халқымыздың
ғасырлар бойы басанасы ғана емес әсн-салтанат құрған комплексті тұрақ-
мекені киіз үй жасаумен айналысып келе жатқан бүкіл қаратау, қараспан
атырабына даңқы жайылған атақты үйші.
Нұржаубаев Омар – 13-14 жасқа келгенде бұрынғы Ақмола қаласында атақты
зергер Мұханбетжанға шәкірт болған. 18 жасында қолынан келмейтіні жоқ шебер
болып өз алдына ұста дүкенін ашқан. Өнерімен елге танылған. Омар ақсақал
күнделікті үй шаруашылығына пышақ, бәкі де, тіс шұқуыш та істеген асқан
шебер адам. Өнер қуған жастардың ақылшысы болған.

Қазақ халқының дәстүрлі өнері

Жеткіншектердің әдебиеттен, математикадан, архитектурадан, театрдан,
музыкадан, бейнелеу, мүсіндеу, кесте тігу мен ою-өрнек қиып үйрену өнерінен
едәуір хабардар болуы, келешекте қандай мамандықты меңгерсе де, оқушылардың
рухани өрісі мен дүниетанымын арттырады.
Өнердің басқа да түрлері сенімді, ою-өрнек оқушылардың ой-өрісі мен
білімдерін жан-жақты дамытуда әсері мол. Оқушы тек ою технологиясын ғана
меңгермей, осы өнерге қатыты қолөнер саласында ұмыт болған сөздермен де
танысады. Сондай-ақ, киіз бұйымдарына немесе ағаш ою кезінде қандай оюлар
қолдану керектігінен хабардар болуы үшін “Қазақ халқының дәстүрлі өнері”
атты оқу құралында қолөнер бұйымдарының түрлі нұсқалары берілген.

Қазақ этномәдениетінің үлкен бір саласы қолөнерді, оқушыларға 1-
сыныптан бастап оқыту қажет. Ою-өрнек тек сурет, еңбекке баулу сабақтырамен
байланыстырып қана қоймай, сондай-ақ тарих сабақтарына да қатысты оқытылуы
тиіс.
Қазақ даласында оюлар әр түрлі үлгіде дамыған. Еліміздің әрбір
аймағының өзінің стильдік ерекшеліктері, үлгілері бар. Ғалымдардың
пайымдауынша қазақ ұлттық ою-өрнектерінің, әзірше 230-дай түрі ғана
анықталған. Солардың ішінде халық арасында кп тараған “мүйіз” тектес оюы.
“Мүйіз” оюы қазақ халқының ою-өрнегінің төркіні деуге болады, өйткені
барлық жаңа элменттер соның негізінде жасасып, тек атаулары ғана өзгеріп
отырды. Мысалы, “Қошқармүйіз”, “Арқармүйіз”, “Бұғымүйіз”, “Қырықмүйіз”,
“Қосмүйіз”, “Сыңармүйіз”, “Сынықмүйіз”, т.б.
Мүйіз тектес, ою-өрнектер кейде өте ұсақ, кейде өте ірі болып келеді.
Халық шеберлері мүйіз өрнегінен сан қилы мәнерлермен құбылта, бір элементке
екінші үшінші элменттерді қосып, молықтырады да, құлпырған әдемі де
мазмұнды композиция жасайды.

Бірінші бөлім. Ою-өрнек – халықтың мұрасы.
Қазақ халқының көне дәуірден өшпес мұрасы болып, ұрпақтан-қрпаққа,
әкеден балаға сабақтасып, өзіндік тарихымен, әдет-ғұрпымен, сәндік,
көркемдік жасымен, көшпенді елімізді бүкіл әлемге өзінің ерекшелігімен
таныта білген – қолөнері.
Қолөнердің халықтық әлеуметтік салт-тұрмысында алатын орнының
қаншалықты биік, жоғары екеніне сене алсақ – оның ішінде қолөнерді нақышына
келтіріп, әдемілік, әсемдік дүниесінің ауқымын кеңейткен ою-өрнек. Олай
болса, бұл бөлімде айтайық деп отырғанымыз, өткен өмірімізбен бірге, өшпес
мұра болып, материалдық мүліктерімізбен қатарласып, сабақтасып келе жатқан
ою-өрнек туралы болмақ.
Ою-өрнектің шығып тарауы қолөнер тұрмыс заттарының өркендеуімен тығыз
байланысты және солардың ішінен орын ала білді. Олардың даму процестеріне
халықтық әлеуметтік сана-сезімнің болмыс тіршілігінің жанданып,
мәдениетінің өсіп, тұрмыс жағдайларының жақсаруының да әсері болды.
Сонымен қатар ою-өрнектің өркендеуіне ата-бабаларымыздың сезімлік-
талғампаздық дүниесі қоршаған табиғат аясы, өскен ұясы көп ықпал етті.
Ою-өрнекті зерттеген қолдарынан сан қилы өрнектің үлгі-түрлерін жасап
көрермендерді қуантқан зергер, ұста, шеберлерімізді, ән мен жырға қосқан
әнші, ақындарымызды айтпаған күнде, оларға таладу жасап тарихқа жазып,
сызып кеткен. Қазақ қолөнерінің, оюының не екенін басқа елдерге жеткізген
көптеген шет елдің саяхатшыларын, тарихшыларын этнографтарын, археолог-
ғалымдарын айтуға болады. Олардың ішінде В.В.Стасов, Г.Н.Потанин, И.Георги
т.б.
Қазақ елінің жоғары дәрежелі білім алып, сол білімдерін басқа ел
мамандарына таныта білген және қазақ қолөнерін жоғары бағалап талдау жасап,
оның ішінде ою-өрнектері топтастырып бір жүйеге келтірген этнограф тарихшы,
әдебиетші, өнертанушы өз ғалымдарымыз да бар. Олар Ш.Уәлиханов, Ә.Марғұлан,
Х.Арғынбаев, С.Қасиманов, М.Мұқанов т.б.
Тек ғалымдар ғана емес қолөнерді 1970 жылдардың аяғынан, Кеңес
өкіметінің ықпалына қарамай, өнерді сүйген жүрігенің күшімен, қолының
іскерлігімен дәрептеп кле жатқан қолөнердің шебері – бүгінгі жастардың
ұстазы Дәркенбай Шоқпарұлы.

Өнердің өте көне әрі күрделі түрі – ою-өрнек өнері. Қазақ қолөнерінің
барлық тілінде кеңінен қолданылатын, қолөнер туындыларының көркемдік-
эстетикалық мәнен ашып, әшекейлеп, айшықтай түсетін өнер. Халық
шеберлігінің қолынан шыққан бұйымдардың ою-өрнекпен безендірілгені өте ирек
кездеседі.
Ою-өрнек өнері ежелгі замандардан қалыптасып, халқымыздың тарихымен
бірге ілгерлей дамып отырған. Ою-өрнек өнерінің ең көне үлгілері тарихта
“Андронов мәдениет” деген атпен белгілі дәуірден бастау алады. Ол дәуір
біздің заманымызға дейінгі екі мыңыншы жылдарға тура келеді.
Ою-өрнек дегеніміз – геометриялық бейнелі элементтердің жүйелі ырғақпен
қайталанып, үйлесімді құрылуы.
Ою-өрнек композияциялық құрылымына сай үшке бөлінеді.
1. Жиектік өрнектер
2. Гүлді өрнектер (шеңбер, разетка, табақша)
3. --- өрнектер (бұйым бетін тұтас жуап тұрады).

Қай халықтың да өнеріне бейнелеу мәдениетіне байыптап көз салсақ, сол
халықтың әсемдік талғамы мен танымына, эстетикалық көзқарасына орай белгілі
бір өнер түрінің басым дамып отырғанына көз жеткіземіз. Осы тұрғыдан
алғанда ою-өрнек өнері – қазақ халқының өмір тіршілігіне де айрықша орын
алып, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса, дамып келе жатқан өнер
түрі десек те болады. Жалпы қазақ халқының тұрмыс тіршілігінен ою-рнек
қатыспайтын саланы табу қиын. Ою-өрнек элементтерін біз қазақ халқының үй
жиһаздары мен киім кешегінен де, зергерлік бұйымдары мен құрал-
саймандарынан да, ер-тұрман, қару-жарақтарынан да молынан табамыз. Тарихи,
ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының ою-өрнек өнері ежелгі
замандардан бастау алып, қазақ жерін мекен еткен көшпелі атйпалар өнерінің
ықпал-әсерінен сан ғасырлар бойы қалыптасып, өзіне тән белгілі бір жүйеге
келгенін Андронов мәдениеті мен байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері мұраларынан
кездестіретінімізді айтсақ та жетеді.
Ою-өрнек өнерінің белгілі бір халыққа ғана тән негізгі стильдік
ерекшеліктері сол халықтың бейнелеу, әсемдікті, қабылдау мәдениетінің басты
белгілерімен ұлттық қолтаңбасы тікелей сақталып жатыр. Сондықтан да
оқымысты ғалымдар, өнертанушылар қайсы бір халықтық өнерін деп қоя зерттеп,
салиқалы баға берген кезде жоғарғыда аталған өлшемдерді басшылыққа алып
отырған. Әрине, қазақ халқының ою-өрнек өнері күні бүгінге дейін жан-жақты
толығымен зертеле қойған жоқ. Бұл өнер саласының белгілі бір дәрежеде
жүйеленуіне бірқатар ғалымдар мен зертеушілер, тарихшылар мен этнографтар
атсалысқанын да атап өткеніміз орынды. Осынай иглікті іс нәтижесінде ою-
өрнек өнертану ғылымында көкөніс өрнекпарықа, үш жапырақ, шиыршық гүл, ағаш
және т.б.
Геометриялық.
Геометриялық ою-өрнегі тас бетіндегі таңбалардан басталып тамыры терең
тараған өрнек гемометриялық ою. Жалпы адамзат заттарымен үйлесіп қалауын
тапқан ою. Әсіресе, сәулет қолөнерде кеңінен қолданылып заттардың сыртқы
пішін формасын әшекейлеп өрнектейді. Бұл ою тас, қыш, темір, ағаш, киіз
түрлерінде нүкте сызық үш, төрт, бес бес бұрыш, ромб, квадрат, шеңбер
формаларында кездесіп кілем, сырмақ, текемет, түскиіз, алаша, кебеже, күбі,
сандық, білезік, сырғаларда күрделі композициялық өрнектер тобын құрайды.
Геометриялық ою-өрнек түрлерімен барлық ою-өрнек байланысты солардың
мазмұнды сырын шешуде өзекті орын алған өрнек. Оның қолданбайтын жері аз.
Геометриялық оюдың негізі геометриялық денелерден тұрады атаулары да
денелердің пішіні сәйкес. Ең қарапайым оюды гүкте мен сызықтардан алып
күрделі формаға айналдырып өрнек тізбектерін аламыз. Нүктелер бір-бірімен
түзі қисық доғал сызықтар арқылы қосылып үшбұрыш, төртбұрыш, квадрат, ромб,
шеңбер, т.б. көптеген геометриялық денелерге айналып ырғақ пропорция
симметрия арқылы геометриялық өрнектер тобын буынын құрап тізбегін жасайды.
Геометриялық оюлар тек денелердің сыртқы пішіні мен композициялық
заңдылықтармен ғана көркемдейді. Бұған реңк түрлі-түсті бояу ырғағы мен
спектрлі толқыны да қосылып затқа ерекше әсер көркемдік береді. Басқа ою-
өрнектер секілді бұл оюда әрбір шикізат түрлеріне жеңіл қолданылып үй
жиһаздары, сәулет ғимараттарында кең өріс алып тұрады. Оюды толықтырып оны
көрер көзге ерекшелендіретін түр-түс, реңк пен түр заттарды әртүсті
бояулармен бояп ырғақты әуенді құрайды сипаттайды.
Зооморфтық. Зооморфтық өсімдіктер тектес магиялық ою-өрнектер.
Зооморфтық өсімдіктер тектес геометриялық және күнделікті өмірдегі
заттардың аспан әлемі мен табиғат құбылыстарының стилдік қалыпқа түскен
бейнелері. Геометриялық зооморфтық көгеріс өрнек пен қиял ғажайып ою-
өрнектер ою-өрнектің басты белгілеріне байланысты. Ою-өрнекті лента
гүлдіжәне торлы ою-өрнек болып үш түрге бөлінеді. Бейнелеу белгілеріне
қарай ою-өрнек көгеріс өрнек, геометриялық өрнек, ұлсымды өрнек зооморфтық
қиял-ғажайып өрнек деп те аталады. Айтылып өткен топтамаларда зооморфтық
өсімдік тектес геометриялық ою-өрнектер тобы толассыз бәрінде дәлме-дәл
қайталанып отырады. Ал 4-топтың атауына байанысты әр түрі пікірлер бар.
Мәселен, Т.Бәсенов бұл тоты магиялық ою-өрнектер деп атап көрсетіп, оның
құрамына аспан белгілері енеді деп түсіндірсе, қазақ совет
энциалопедиясында бұл топ - қиял-ғажайып өрнектер деп берілді. Біздіңше
аталған екі атауда да дәлсіздік байқалады. Өйткені, қазақ ою-өрнектерінің
шығу, даму тарихы өте ерте дәуірден басталғандықтан, сол кезеңдегі халықтың
дүниетанымына сәйкес магиялық. Бейнелеу белгілеріне қарай ою-өрнек көгеріс
өрнек, геометриялық өрнек, зооморфтық, қласымды өрнек, қиял-ғажайып өрнек
деп те аталады.
Космогониялық ою-өрнек біздің көркем мәдениетімізге өте ерте
замандардан сіңіп қалыптасты. Бұл ою-өрнектің негізін әлем аспан, күн, ай,
жұлдыз бүкіл кеңістік бейнелері құрайды. Көк әлемді айналып жүрген
планеталар мен аспан денелерінің бәрі күн жүйесіне жатады. Күннің тұтылу
кезінде күн шеңберінде аппақ күмістей жарық пайда болады. Бұл ғажапты күн
тажы деп атайды. Әлемдегі осындай табиғи құбылыстар адамзатты әртүрлі
сенімдерге әкеледі. Сондықтан болар ата-бабаларымыз аспандағы бір тәңірге
сеніп жалбарынып табынуы, жақсылық бата тілеуі жайдан-жай тумаған болар.
Осы сенім негізінде көптеген фантастикалық образдар ән мен күйде, әдебиет
пен өнерде туды.
Космогониялық ою-өрнек күн жүйесіндегі денелермен тығыз байланысты. Күн
жүйесіндегі планеталар мен шоқ жұлдыздардың образдардың, ертегілер, аңыздар
оқымысты ғалымдарымыздың жазғанына қарағанда әр ғсырда өзінше бейнеленіп
ерте қалыптасты. Оларды археологиялық қазбалардан табылған космогониялық
оюлар қатарына Күн нұры, Күн көзі, Ай-таң, Ай-таңба, Түнгі ай, Үркер
секілді өрнектер топтары пайда болады.
Ою-өрнектер – халық өнерінің бір үлкен саласы. Егер қазақтың киіз
үйінің төрінде жататын тұскиіздің немесе басқұры мен желбауын өзің баса бір
елдің ою-өрнегімен әшекейлеп қойса ешбір жарамас еді.
Халқымыздың ескіден қалған ою-өрнектерін көргенде:
Ою-өрнек сәндігі
Көздің жауын алады.
Болмаса зат өрнексіз
Ешбір мәнсіз қалады, - деген ой түйіндері еріксіз ойға оралады.
Жеткшілердің әдебиеттен, математикадан, театрдан, музыкадан, бейнелеу,
мүсіндеу, кесте тігу мен ою-өрнек қиып үйрену өнерінен едәуір хабардар
болуы, келешекте қандай мамандықта жұмыс істесе де оқушылардың рухани өрісі
жоғары, кемел азамат болып шығуына жол ашатыны анық. Өнердің басқа да
түрлері сенімді, ою-өрнектің де оқушылардың ой-өрісі мен білімдерін жан-
жақты дамытуға әсері мол.

Ою-өрнектің шығу тарихы

Оюлар бұрын-соңды басылымды болмай, қандай да бір үлгілерден көшірілмей
жеке адамның ой-түйінінен шыққандықтан кемшіліктер болуы да ықтимал,
сондықтан ел арасындағы өнер шеберлері, суретшілер, көнекөз қарт әжелердің
талаптарын сан пікірлеріміздің келешекте халық үшін жасалған ортақ
жұмысымызға деген жанашырлық деп түсінген. Қыз-келіншектерімізге кестесімен
бірге ағаштан, темірден, мүйізден түйін түйген.

Алғы сөз

Қазақ халқының мәдени асыл қазынасының бір саласы және ұлттық келбетін
айқындап бейнелейтін өнер түрі – ою-өрнек.
Ою-өрнек деп қосарланып айтылатыны болмаса, бұлш екеуі бірін-бірі
толықтырып, дамытып отырады. Ою-өрнек дегеніміз – (латынның әсемдеу, сәндеу
деген сөзінен шыққан)үйлесімділікпен бір қалыпқа түскен элементтерден
тұратын нақыштар. Екеуінің де мағынасы бір. Она бір нәрсені айтып, кесіп
алып жасау немесе екі затты оя кесіп қибластыру деген мағына жатады.
Қазақ ұлттық ою-өрнегінің басты қолданылатын орыны – сәндік қолданбалы
өнердің барлық салалары. Қай халықтың болса да рухани әлемі ең алдымен оның
дәстүрлі өнерінен көрінетіні мәлім.
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі құз-шыңдары кең байтақ даласымен
жалғасып жатқандықтан болар, дүниеге көзқарасы, оны қабылдау, ұғыну
қабілеті ассоциациялық ой-өрісі тұрғысында еркін өсіп-даму арқылы үнемі
қозғалыста, көркемдік тұтастықтағы өнер үлгісі болып қалыптасады.
Қазақ халқының ою-өрнек даму процесіне көз салсақ, тым әріге тас
дәуіріне барып тіреледі. Өйткені соңғы полеолит дәуірінің ескерткіштерінен-
ақ жануарлардың толық бейнесінің қатарында алғаш рет онша айқын емес, бірақ
символдық мағынасы біздің заманымызға дейінгі адамның ойлауын көрсете
алатын әртүрлі белгілерді байқауға болады. Адамның күнделіктегі өміріндегі
қоршаған көріністер уақыт өте келе интерпретациялық өзгерістерге ұшыраған.
Бейнелер түрленіп, байып, мазмұндасып, яғни стильденген, абстрактіленген ою-
өрнекке айналады.
Тас дәуірінде қарапайым геометриялық сызықтардан бастау алып, сонау
ғасырлар қойнауынан қазіргі ұрпақтарына жетіп, саналы өміріміздің кәдесіне
жарап, жалғасын тауып жатқан өнер. Қола, темір дәуірінде Батыс Сібір мен
Қазақстанды мекендеген көшпелі тайпалардың әсемдікке құштарлығы ұшқан
құстан, жүгірген аңнан көрініс тапты. Андронов сақ, ғұн, үйсін мәдени
мұраларында ою-өрнек үлгілері – адамның мифтік дүниетанымынан туған
фантастикалық бейнелер. Мұндай стильденген зооморфтық бейнелерді көне
дәуірде салынған ежелгі сақ, Алтай қорғандарынан табылған зергерлік
бұйымдардан кездестіруге болады. Сақ, ғұн, үйсін, қаңлы тайпаларында “ақ
силі” өте кең тараған. II-III ғасырлардан бастау алған зооморфтық өнер
әдісі ғасырлар өте ою-өрнек сұлбасынан абстрактілі ою-өрнекке айналды.
Ою-өрнектердің қисынын тауып, үйлесімін келтіруде халық шеберінің
өзіндік ұстанымы, көзқарасы, қолтаңбасы бар. Ол қазақтың халықтық ою-
өрнегінің символы болып табылатын “Қошқар мүйіз” айшығын өз өнерінің
негізін қалаушы басты элемент ретінде қолдана отырып, сол арқылы бүтін бір
ою-өрнек шығарған. Халық шебері Ш.Байділдаұлы өз еңбектерінде ою-
өрнектердің композициялық құрылу заңдылықтарын еркін жүйемен бастап,
қалыптастыруды ұсынады.

Оюмен ой айтқан елміз

Қазақ ұлттық өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлар тарихы бар, атадан
балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе
жатқан өнер түрі.
Біздің жыл санауымыздан бұрынғы V-Viғасырлар арасында Алтай өңірінен
Қаратеңіз төскейіне дейінгі сайын даланы қоныстанғ.ан түркі халықтарының
түп аталары – байыры сақтар - әлем мәдениетінде өнердің өшпес асыл
мұраларын өнер жарықтарынан қалдырған.
Ою-өрнекті жақсы сапалы жасау үшін алдымен пайдаланатын материалды
дұрыс таңдай білу қажет, оның ою ырғағы мен мөлшерін, яғни оюдың заттың
бетіне түсуі мен орналасуын нақты жобалау қажет. Оймастан бұрын тақырып
таңдай білу керек. Оюдың жақсы шығуы оюының ой ұшқырлығында, шеберлігі мен
оюды ретін келтіріп үйлестіре білуінде. Ою-өрнектің қандай түрі болса да ол
– адам ойының жемісі.
Ою-өрнек бір-бірімен қабысып, жымдасып, ескен арқандай бірігіп тұруы
керек. Аражігі бодыратып, үйлеспей, олпы-солпы болса – ою өзінің сәнін,
сұлулығын, үйлесімін тіпті мазмұнын жоғалтуы мүмкін.
Қазақ ою-өрнегі қошқар мүйіз түрінен бастау алатындықтан қандай ою
түрін жасағанда да осы ою түрі басты көрініс табуы қажет. Басты қошқар
мүйіз оюынан бастау алған өрнек дами келе неше алуан түрге еніп, ара жігі
әртүрлі ою-өрнектермен толыға келе, үлкен күрделі ою түрі шығады.
Менің түсінігімде ою-өрнек дегеніміз – дәлді, есеп, теңдік, теңеу,
үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, сәйкестік, тазалық, нәзіктік,
сүйкімділік, парасатталық, жылылық, сұлулық, ойлылық, аылдылық, зеректік,
көңіл-күйдің жақсылығы, шуақты шақ, арайлы кезең, жарқын әлем, көңілге
шабыт, шаттық ұялатады, көңілді ашады, шабыт береді, ептілікке, іскерлікке,
шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды, тәрбиелейді. Өнерге деген
махаббат, сұлулыққа деген ғашықтық құштарлық жинағы. Ою ойған адамның
жүрегі жылы, нәзіл болады.
“Қошқармүйіз” ою-өрнегі – байлық пен мошылықтың нысаны. “Қошқармүйіз”
бен “арқармүйіз” оюларының қазақ қолөнерінде қолданылмайтын жері жоқ.
Жалпы ою-өрнек жасаушы шебер оюды олпы-солпы болудан сақтауы,
әсемділігіне жеткізе білуі керек. Өнер зерттеушілерінің пайымдауынша қазақ
ою-өрнегі үш түрлі ұғым негізінде туған деген қорытынды бар.
1) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі өнер түрлері
Бастауыш мектеп оқушыларының көркемдік талғамын қалыптастырудағы дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнердің мәні мен маңызы
Қазақ халқының ұлттық өнерінің мәні
Ұлттық өнер
Дәстүрлі өнердегі діни нанымдар мен сенімдердің көріністері
Қазақ сахнасында ән-аспаптық эстрадалық ансамбль өнерінің даму мәдениеті
Қолөнер бұйымдарын жасауда ағаш өңдеу технологиясын дамыту
Қазақ халқының тарихи, философиялық мұрасы ретіндегі қазақ мифтерінің мәні
ГОБЕЛЕН ТОҚУДА ЕСКЕРТКІШТЕР МҰРАСЫ КОМПОЗИЦИЯСЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ (Абылай хан)
Сәндік қолданбалы өнер элементтерінің негізіндегі көркем қол өнер технологиясы
Пәндер