Отбасындағы бала тәрбиесінде қазақ халқының салт - дәстүрінің маңызы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР.

І. Кіріспе бөлім.
Отбасында бала тәрбиесінің мақсаттары мен міндеттері
ІІ. Негізгі бөлім.
а) Отбасындағы бала тәрбиесі.
б) Отбасындағы бала тәрбиесінде қазақ халқының салт-дәстүрінің
маңызы.
ІІІ. Қорытынды.
IV. Пайдаланған әдебиеттер.

Кіріспе
Ұрпақ тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын көкейкесті мәселелері
болып келгендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Қазіргі жас ұрпақтардың
-болашақтағы еліміздің ертеңі болып табылатын балалардың сана-сезімін,
мінез-құлқын, ақыл-ойын дамыту үшін өзін-өзі басқаруды нығайтып, ұжымдық
шығармашылық істерге дағдыландырудың тәлім-тәрбиелік маңызы үлкен.
Сондықтан мектеп тәлім-тәрбие жұмысында оқушылардың жеке жас ерекшеліктерін
жете біліп, санасып отырудың айрықша мәні бар. Себебі, мұғалім оқу-тәрбие
саласында қандай жұмыс жүргізгенімен, сыныптағы оқушылардың мінез-құлқын
жете білмесе алға қойған мақсаттарына жете алмайды.
"Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін оны жан-жақты білу керек" дейді
белгілі педагог К.Ушинский. Мектепте педагогикалық тұрғыда ойлас-тырылып
шешілген оқу-тәрбие үрдісін шебер жүзеге асыру үшін әрбір мұғалім,
тәрбиеші, мектеп директоры, сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырушылар мен бүкіл
мектеп ұжымы негізгі ұстанымдарды нақты қызметте басшылыққа алатын ғылыми
негіздерді табуы тиіс.
Қоғамды аландатып отырған көкейкесті мәселенің бірі — тәрбиесі қиын
балалардың санының көбеюі. Ғылыми деректерге қарағанда, тәрбиесі қиын
балаларда байқалатын белгілер: біріншіден, анамалды қажеттілік, екіншіден,
тұрақты жаман қасиеттер жиынтығы, үшіншіден, ата-аналармен немесе
мұғалімдермен тұрақты егесу жағдайлары, төртіншіден, басқа адамның
көмегінсіз өзін-өзі түзетуге қабілетсіздігі. Сынып жетекшілері тәрбиесі
қиын баламен жүршілетін жұмысты мына мәселелерден бастағаны абзал:

— тәрбиесі қиын балалардыц жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу;
— олардыц кемшіліктерін терең зерттеу, психологиялық-педагогикалық және
медициналық мәселелерін жете білу;
— мектептерде мақсатқа бағытталған жоспар бойынша нақты жұмыстарды дұрыс
ұйымдастыру, жетілдіру;
— психолог мамандармен жиі әңгіме ұйымдастыруды дағдыға айналдыру.
Тәртібі нашар балалардың шығу себебіне үңілсек: 1) бұған қоғамдық
жағдай мен өмірдегі тұрмыс жағдайы себепші болады; 2) балалардың мінез-
құлқындағы жағымсыз ерекшеліктері мен психикасының өзгеше қалыптасуынан
немесе қалыпты нормадан ауытқуы; 3) педагогикалық тәрбиенің дұрыс болмауы.
Отбасы тәрбиесінде қоғамдық жағдайдың алатын орны ерекше. Дегенмен
бала тәрбиесінде ата-анаға көмекке келетін жанашыр педагогтер қауымы,
өсіресе, сынып жетекшілері. Төрбиесі қиын балалар жөнінде сынып
жетекшілерінің іс-әрекеті көпшілік жағдайда кешегі кеңес одағы кезіңде
қалыптасқан кейбір жұмыстармен ғана шектелетін еді.
Мектепте баланың тек оқып қана қоймайтынын ұмытпау керек. Мектепте ол өмір
сүреді. Егер тәрбиешілер осы ақиқатты ұмытса, оқушы үшін ең ауыр азапқа
айналады. Мектеп өзінің қызғылықты мазмұнды емірімен ғана оқушыларды өзіке
тарта алады. Мектепті білім тірегі десек, ұстаз — оның жүрегі. Мұғалім жас
ұрпақтың жан-жақты терең білім алуымен қатар саналы да тәрбиелі, саяси-
экономикалық сауатты, адамгершілік қасиеттері мол, зерделілік деңгейі
жоғары болуы үшін жүйелі еңбек етеді.
Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге
атымызды танытып жатқан кезеңде елдің болашағы — жас ұрпақ тәрбиесіне мықты
көңіл бөлінуі қажет. Тәрбие жағдайындағы белгілі мәліметтер адам баласының
тәрбиесіне сүйенеді.
Сол себепті барлық ұстаз, ең алдымен, шәкіртінің жан-жақты тәлім-
тәрбие алуына, олардың ішкі қасиеттерін анықтауға, дарынын шындауға, сол
арқылы өздері көздеген төрбие бұлағынан сусындауына жағдай жасауы тиіс.
Тәрбие ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы
қалыптасатын күрделі құбылыс. Бала тәрбиесі себеп-сылтау іздеуге төзбейді.
Оны жүргізу үшін педагогикалық ұжымның кәсіптік бірлігі, ата-аналардың
сапалық көзқарастары және осы ұстанымдарға негізделген мектеп пен отбасы
арасындағы тығыз байланысқан одақтың нәтижелі жұмысы қажет.
Тәрбиелеуге қиын оқушылар мен педагогтің оқудағы қарым-қатынасын,
оқушылардың қараусыз қалушылығын педагогикалық рөлдің субьектпен байланысын
көрсетуінде функционалдық байланыс бар. Мектеп қабырғасындағы эпизодтық
төбелес, ұрлық, мұғалім мен оқушы арасындағы жанжал, т.б. барлығы мектеп
өміріндегі бұзақылық қалып. Бұзақылық сипат оқушылардың қараусыз
қалушылығының педагогикалық мінез-құлқын бейнелейді.

Бала тәрбиесі.
Қазақ халқының көпшілік салт-дәстүрлері баланың дүниеге келу мен
байланысты туған. Отбасының жеміс берер гүлі, алтын тіреу діңгегі – бала.
Халқымыз Бесіксіз үйде береке жоқ деп ой түйген. Бұл отбасы ошағының
түтіні сөнбесін деген. Жеке бастың тілегінен туған мақал емес, сонымен
қатар, халықтың қамын қарастыру елдікті ойлау, елдің ертеңгісі жөнінде қам
жеу. Қазақ халқының бір баласы бардың шығардың үйінде маздаған шамы бар,
Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар, Бала – адамның бауыр еті деуі –
баланы бақыт санағандық. Ананың отбасындағы бақытты баламен байланысты.
Халық ұғымында баласыз өмірді қараңғы түнмен тең көрген. Өмірден баласыз
өту ана үшін үлкен қайғы, қасірет болып саналған. Ертегілер мен батырлар
жырында баласыз ата-аналардың құдайға жалынып, әулие, әмбиелердің басына
түнеп, ақсарбас айтып мал сойып бала тілеуі, ал сол үлкен үміт, зор
тілектен кейін дүниеге келген баланың ерекше батыр болып өсуі, біріншіден,
халық арманының ауыз әдебиетіндегі көрініс болса, екіншіден, діни сенімнің
әсері екені байқалады.
Баласы жоқ адамдар қу бас атанудан қорыққан. Осы атақтан арулы үшін
баласы жоқ ата-аналар жақын ағайын-туысқандарының балаларын асырап алған.
Ал бұл дәстүр ізгі адамгершілік қасиет деп саналып, дәріптеліп келген.
Ондай ата-аналар асырап алған балаға барынша мейірімділікпен қарап, туған
баласынан да артық еркелетіп өсірген, жақсы тәрбие беруге тырысқан.
Басқаның баласын бауырына басып, өз баласындай етіп тәрбиелеу ағайынды
адамдардың арасын былай қойғанда, Ұлы Отан соғысы жылдарында жау уақытша
басып алған Украинадан, Белоруссия мен Балтық жағалауынан Қазақстанға
әкелінген жетім балаларды көптеген қазақ ата-аналары асырып алып тәрбиелеп,
азамат етіп өсірді. Мысалы: Еңбек Ері атақты құрылысшы М.Т.Қазыбеков жеті
ұлттың баласын асырап, азат еткен. Ұшқыш-косманавт Владимир Жәнібековтің
өмірі де соның айғағы.
Н.К. крупская балаға деген бауырмалдық, жылы жүректік шығыс халқына тән
қасиет екенін айта келіп: Балаға деген сүйіспеншілікті россиялықтар шығыс
халқынан үйренсін деп өте орынды айтқан.
Асырап алған баладан кейін анасы аз құрсағынан бала тапса: асырап алған
баланы ақ жолтай атаған. Оның ит көйлегін кейінгі балаларына ырымдап
кигізетін болған. Көпшілік ырымдар, жол-жоралғылар баланың дүниеге келуі
мен байланысты жасалған. Мысалы: шілдехана тойында жас нәрестені, жас
босаған әйелді үш күн бойы жын-пері жағалап жүреді. Әйелдер, қыз-
келіншектер жас босаған әйелді үш күн бойы жын-періден қорғап күзету керек
деген діни ұғымнан пайда болған. Күн батқаннан таң атқанша жас босаған әйел
жаңа туған жас сәбиді ұйықтамай күзетіп отыру үшін ойын-сауықпен өткізген.
Кейін бұл дәстүр жас нәрестенің дүниеге келген құрметіне арналған жастардың
ойын-сауық кештері болып кеткен.
Жас босанатын әйелдің басына пышақ, балта сияқты заттарды жастасып қою,
бала ырысты болып тусын деп қазанның қақпағын ашып, сүт пісіріп қою,
жынперінің көзі қызылға түседі деп әлем-жәлем, қызылды – жасылды заттарды
тығып немесе бетін жауып қою, әйел босана алмай қалғанда деген даңғырлату
(жын періні аластау) сияқты ырымдар жасалған. Жас нәресте туа салысымен
қарт аналардың бірі жас сәбиді ақ шүберекке орап, оның кіндігін балтамен
немесе пышақпен кеседі. Ондағы мақсат баланың өмір жасы ұзақ болсын,
балталаса да өлмесін деген ойдан туған ырым. Себебі көшпелі қазақ ауылында
бала өлім-жетіммен көп шетінеген. Әсіресе жас босаған әйелдер мен сәбилерге
суық тиіп, ауруға жиі шалдыққан, сәбилер көбінесе бесікте жатып, тіпті
қырқынан шықпай шетіней берген.
Қазақ халқының әдет-ғұрпында ұл баланың дүниеге келуін ұл туғанға күн
туған деп ерекше санаған. Отбасының, ұрпақтың жалғасы, шаңырақтың иесі ұл
бала болып есептелген. Бірнеше қыз туған әйелдің соңғы баласы ұл болса екен
деген мақсатпен кейде қыз балаға Ұлболсын, Ұлтуған, Ұлтуар, Ұлбала
деген аттарды ырымдап қойған.
Сүйінші. – Жас нәрестенің, әсіресе ұл баланың өмірге келуі отбасы
мүшелеріне, әкесі мен атасына, нағашы жұртына үлкен қуаныш әкелген. Әкесі
мен атасы, отбасын асырау қамымен мол соңында немесе аңда жүргенде жас
нәресте дүниеге келсе, қуанышты хабарды тез жеткізу үшін атқа мініп, түзде
жүрген атаның немесе әкенің алдынан шығып сүйінші сұраған.
Сүйіншіге хабаршы не сұраса, соны берген. Ол, біріншіден, арнайы ат
терлетіп қуанышты хабар әкелушінің еңбегін бағалау болса, екіншіден,
жақындықтың белгісі ретінде саналған. Тіпті үстіндегі киімін,
сауытсайманын, астындағы атында сүйінші сұраушыға тартқан. Мұндай салт-
дәстүр көбінесе бала қатермей жүріп, ұл бала туғанда соның құрметіне
жасалған. Сүйінші сұрай шыққан адам ұл болса ат ұстар, қыз болса қырық
жеті деп хабарлаған. Бұл – қызды қалыңмалға сатумен, жат жұрттың адамы
деп қараумен байланысты туған ой-пікірлердің көрінісі.
Нәрестені атасына, нағашысына немесе әкесіне көрсетіп, көрімдік алу
дәстүрі де ертеден ел ішіне кең таралған салт. Баланы қолына алып қуанышқа
бөленген атасы:
Ақ тілек, ақ тілек,
Атаңның тілін ал, білек,
Атаң кәрі шал, білек,
Отынға өзің бар, білек.
Ерте тұрып – ерінбей,
Еңбек істе қар күреп деп бата беріп, маңдайына иіскеп көрімдік берген.
Ұшы – қиырсыз жазира дала тұрғындары өздерінің үлкен тарихында жас
ұрпаққа тәрбие берудің бай тәжірибесін жинақтап. Өзіндік салт-сана, әдет-
ғұрып, дәстүр рәсімдерін туғызды. Дала тұрғындары өздері өмір сүрген
әлеуметтік-экономикалық жағдайына, мәдениеті мен тарихына орайлас жас
буынға тәлім-тәрбие берудің басқа жұртта қайталанбайтын талап тілектерін
дүниеге әкелді. Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп,
оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бәрі – осы қазақ халқы.
Оның тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халықтың ғасырлар бойы
жасаған зор еңбетерін жазып шығу өте үлкен жұмыс. Сондықтан қазақ халқының
әдет-ғұрып мен салт-дәстүрімен қатар тұрмыс-тіршілігіне тоқтала кетейік.
Дәстүрдің озығы бар тозығы бар, - дегендей өз салт-дәстүріміз жайлы айта
кетейін.
Бұл процесс мұғалімдер, ата-аналар тарапынан мақсаттылық пен
педагогикалық-психологиялық тұрғыда басқаруды қажет етеді. Мұнда әлемдік
педагогика психология ғылымында айқындалған бала тәжірибесінде жинақталған
ғылыми қағида әрбір тәрбиеші, мұғалім баланың рухани дүниесіне кіре білуді
және баланың рухани дүниесі деңгейіне көтеріле білу қажеттілігін түсінуді,
баламен жұмыс істеуді басшылыққа алу керек. Бұны білмейінше бұған мән
бермеген жағдайда нағыз тәрбиеші бала алмайтынын өмір көрсетіп келеді.
Баланың рухани дүниесіне көтерілу дегеніміз баланың дүниеге келген
күнінен бастап, оның дүние тануын, ақыл ойымен жүрекпен тануын, ең нәзік,
ең шынайы, ұғыну, қабылдау, сезіну деп түсіну қажет.
Халықтық педагогика – көп арналы, қыр-сыры мол, күрделі ғылым. Ол ұлттық
өмірге немқұрайды қарайтын жасұрпақты қазақтың рухани, материалдық
мәдениетін толық меңгерген, тарихын, әдет-ғұрпы, салт-сана, дәстүр, тәлім-
тәрбие, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіріп, ұлтын сүйетін азамат болып
өсуін қамтамасыз етуге тиіс.
Халықтық педагогика – тәрбиенің бастауы және қайнар бұлағы, ол –тәрбие
жөніндегі халықтың білімі мен тәжірибесі.
Халықтық педагогика туралы ежелгі ойшылдардың, ғалымдардың ойлары бүгінгі
зерттеулерде жалғасып келеді.
Бұл салада қазақ халқының тәлім-тәрбие мұрасына ерекше мән беріп
зерттегендер А.Янушкеевич, В.В. Радлов, Г. Потанин, В.Затаевич, А.А.
Диваев.
Соңғы жылдары арнайы халықтық педагогиканы зерттеген Г.Н.Волков, Е.Н.
Ханбиков, А.Э. Измайлов, Н.С. Сафаров, Раджабов т.б.
Қазақстан Республикасы бойынша халықтық педагогиканың жалпы педагогика,
психология, философия ғылымдарындағы алатын орны оның тарихи даму жолын
ғылыми тұрғыдан мәнін, мақсатын, мазмұнын, методологиялық негізін ашуда
елеулі үлес қосақан көрнекті ғалымдар: Қ.Нарықбаев, С.Қалиев, Қ.Сейсенбаев,
Х.Арғынбаев, Н.Сәрсенбаев, С.Ұзақбаева, А.Мұханбаева т.б.
Бұл зерттеулерде Халық педагогикасы ұғымын әртүрлі мазмұн-мағынада
түсінгендірген. Оның тәрбиелік ролін анықтау кезек күттірмейтін мәселе, ал
халықтық педагогикасының зерттеу негізінде халық ауыз әдебиетінің зерттеу
негізінде халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар,
халықтық тәрбие дәстүрлері, ойындары отбасы тәрбиесінің тәжірибелері
жатады.
Бұл анықтамалардан тәрбие мен оқыту жұмысы халықпен бірге өскен, бірге
дамығандығын сан ғасырлар бойы халықпен қатар жасап, оның озық үлгілерін
келер ұрпаққа мирас етіп келе жатқанын білеміз. Халықтық педагогиканың
мұрасының бірі – дәстүр.
Дәстүр – бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысып отыратын қоғам. Өмірінің
дамуына сәйкес өзгеріп, кейбіреулері жаңа мазмұн алып, әрмен қарай дамитын
халықтың қоғамдық-тарихи өмірінде қалыптасқан құбылыс.
Халық дәстүрінің танымдылық-тәрбиелік мәні ұланғайыр дүние. Ол тұстастай
алғанда жасұрпақ үшін ғана адам өмірінің рухани-адамгершілігінің қуат-
қайнары. Оның ішінде тікелей бала тәрбиесіне бағытталған, баланың жан-
дүниесінің қалыптасуына, рухани марқаюына негіз болатын мүмкіндіктер көп-
ақ.
Ол халықтың кәсібімен, салт-дәстүрімен тілімен, тарихымен, адамгершілік
қасиет-саналарымен сабақтасып, біте қайнасып, тарихи кезеңдер ерекшелігіне,
қоғам тану сатыларына қарай жетелеп, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын
қастерлі мұра.
Қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтаған дәстүрлерінің ішінде
адамгершіліктің жоғары сапаларына тәрбиелеуге ықпал жасаған озық өнегелері
бар. Қазақ халқының дәстүрлерінің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқаны
оның өміршеңдігінде, тәлім-тәрбие ісінде кең таралғандығында. Адам туған
күнінен бастап барлық өмір жолын қамтитын әртүрлі рәсім, дәстүрлері бар.
Қазақтың қазіргі замандағы алуан жүйелі өмір тану жолдары соларға беру
әдістері ертеден қалыптасып, бүтіндей қол үзбеген сыртқы күш қанша ықпалды
болсада халқымыздың дәстүрлері мүлде жойылып кетпеген. Ендігі мақсат ата-
баба дәстүрлерінің озығын жаңарту ұрпақ тәрбиесінде басты рольге айналдыру
қазақтың ата-салтын, қағидасын қазіргі өмір тынысына сай пайдалану, жаңарту
басты проблема.
Жалпы тәрбие процесінде қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері арқылы
бала бойында шынайы адамгершілікті, имандылықты адамдар арасында парасатты
мінез-құлық қасиеттерді отбасынан бастап тәрбиелеудің мүмкіндігі көп.
Жеке адамның адамгершілік жағынан қалыптасу процесінде адамгершілік
сезімдер ерекше орын алады. Адамгершілік сезімді тәрбиелеу көп қырлы
процесс. Адамгершілік сезім туралы ғылыми әдебиеттерде бірнеше анықтамалар
бар:
Сезім - әлеуметтік және табиғи өмірдің сан алуан жақтарына өмірдің сан
алуан жақтарына эмоциялық қатынас.
Сыртқы дүние заттары, құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу-
келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түрін
сезім - деп атайды.
Алуан түрлі сезім, қуаныш пен қайғы, ашу, қорқу, ұят, сүйіспеншілік, жек
көрушілік, шошыну, абыржу, наздану т.б. осындай сезімнің түрлері болады.
Сезімдердің бір тобы адамға күш-қуат, қажырлық тудырады. Мәселен,
елжандылық, намыс сезімі, шынайы достық, махаббат сезімі, қуаныш, сенім
сезімі, шынайы достық, махаббат сезімі, қуаныш, сенім сезімі, құмарлану
сезімі т.б. Ал екінші тобы керісінше адамның күш-жігерін бәсеңдетіп,
енжарлыққа, селқостыққа апарады. Оған қайғы, уайым, қорқу, қобалжу,
үмітсіздену, т.б. сезімдер жатады.
Біздің ойымызша басқа адамдардың мінез-құлықтарын қабылдау, іс-
әрекеттерін білу және оған сену барысында сезім пайда болады.
Қазақ халқының тарихында ұлы батырлардың, хандар мен билердің халқы үшін
теңдесі жоқ елдігі жайлы әсерлеп, көркемдеп әңгімелеу бала сезіміне өте
қатты әсер етіп, оның адамгершілік, елжандылық ізгі сезімдерін оятады.
Әсерленушілік басқа адамның өміріне жаны ашушылық сезімталдығы нәтижесінде
де тууы мүмкін. Сөйтіп, педагог ұжым өмірін жарқын да сезімге бай етіп
ұйымдастыра алса, мұның өзі Отан сүю, ұжым алдындағы борышын өтеу сияқты
жоғары адамгершілік сезімдерін қалыптастыруға негіз болмақ.
Осыдан біздер балалардың көңіл-күйінде, бойында пайда болған сезім
олардың санасына көп жағдайда ықпал жасайды деп тұжырымдаймыз.
Сана – объективті шындықты идеалды түрде бейнелеудің ең жоғарғы формасы.
Психологтардың (А.Темірбеков, С.Балаубаев, Қ.Жорықбаев, М.Мұқанов,
Ж.Намазбаева т.б.) пікірінше сана өз болмысымен объективті дүниенің мән
жайын, мазмұнын, ұғымын білуінде белсенді қызмет атқаратын психологиялық
процестердің (түйсіну, сезіну, қабылдау, ойлау т.б.) заңды нәтижесі болып
табылады. Сана – шындықты бейнелеудің механизмі мен формаларын тарихи
дамудың сатыларына сәйкес айқындайтын философия, социология мен
психологияның және жалпы танымның ең басты категорияларының бірі болып
табылады.
Сана негізінен жеке адам санасы және қоғамдық сана болып екіге бөлінеді.
Сана адамдардың қоғамдық - өндірістік іс-әрекетімен еңбек процесінде пайда
болып, тілдің шығуымен тығыз байланысты қалыптасады.
Адамгершілік сана адамгершілік сенімді тудырады. Әдетте адамгершілік
сезім, сана, сенім ұғымдарымен оны іс-жүзіне асыру ұзақ процесс. Мектеп
тәжірибесінде кейбір оқушылар күнделікті талапты жақсы білгенімен, оны
қолдана алмайтыны белгілі.
Оқушылардың тілдік қорларының жетілуімен олардың адамгершілік
сезімдерімен саналардың дамуында аңыз әдебиетіндегі мақал-мәтелдердің, аңыз
әңгімелердің т.б. пайдаланудың мүмкіндігі бар.
Сенім - әрбір іс-әрекеттің, мінез-құлықта адамның бағыт-бағдарын,
прициптілігін айқындайды. Алайда күнделікті тәжірибеде сенім мен мінез-
құлық, іс-әрекет арасында алшақтық кездесіп отырады. Оқушы адамгершілік,
имандылық талаптарды, ежелерді түсініп, оған сенгендеріне қарамастан мінез-
құлқында, адамдармен араласу барысында адамгершілілікке жатпайтын теріс
әрекеттер жасайтын жағдайлар кездеседі.
Сондықтан адамгершілік тәрбиесінде адамгершілік ереже нормалары туралы
түсінік ұғымдардың негізіндегі адамгершілік сенімінің алатын орыны ерекше.
Жеке адамның адамгершілік сенім дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс-әрекетін
анықтайды.
Алайда бұл процесс әрдайым тура өте бермейді. Мәселен, еңбек қоғам
игілігінің қайнар көзі екендігін бәрі біледі. Бірақ бәрі біркелкі еңбек
етпейді. Сондықтан тұрақты сенімді қалыптастыру қазіргі мектептің аса
маңызды міндеті. Біздің балаларымызға күшті сезім туғызарлық, мінез-құлқы
мен ісінде көрінетін терең идеялы сенім керек. Ондай сенімді ойлағанда
сезінгенде ғана есем, адам өзі басынан кешкен жағдайда, өзінің жеке
тәжірибесінде дәлелденген жағдайда тууы мүмкін. Сондықтан тәрбие жұмысында
тек қана белгілі бір мінез-құлық нормалары жайлы түсіндіріп қоймай, балалар
өз көз-қарастарын тексеріп көре алатындай практикада олардың дұрыстығына
көз жеткізетіндей мінез-құлықтың пайдалы дағдылары мен әдеттерін
қалыптастыруға жағдай жасау керек.
Қорыта келгенде: адамгершілік тәрбиесінің жүйесі тұтастай алғанда
жоғарыдағы аталған сезім, сана, сенім және адамгершілік әдет-дағды
ұйымдарымен анықталады.
Мұғалім бастауыш кластан бастап-ақ оқушылардың күш қайратын еркін,
қабілетін белгілі міндетке жету жолындағы сенімін, зейінін, есін, қиялын
дамытуға қалай жету керек екенін педагогикалық тұрғыдан басқаруы қажет.
Тұтас педагогикалық процесте баланың жеке тұлға болып қалыптасуын
мұғалімдер ұжымы мен ата-аналар, педагогикалық ынтымақтастықта болуы керек.
Ата-ананың санасы мен педагогикалық білімінің неғұрлым жоғары болуы,
олардың қоғам алдында өз балалары үшін жауапкершілігінің жоғарлай түсуіне
ықпал жасайды. Бұл үшін үлкен мен баланың арасында бірін-бірі түсінушілік,
сенімділік, ынтымақтастық сыйластық, сезімінің орнығуы аса маңызды. Әсіресе
халықтық педагогикагың озық дәстүрлерін білу адамгершілік қасиет-сапаларды
қалыптастыруға негіз болады.
Жеке адамның оның мінезінің, көзқарасының адамгершілік парасатылық мінез
– құлқының қалыптастыруына адамзат үшін барынша бағалы сапаларды тағылым
алатын үлгі болатын тәрбиелік мәні бар халықтық мұраның орны ерекше.
Мектепке ынтасымен келген 7 жасар бала, тәрбиелік ықпалға оп – оңай
беріледі. Оның жақсы оқушы, жақсы мінез қулықты бала атанғысы келеді.
Балалар бұл жаста барынша көпшіл, мұғаліммен тез тіл тапқыш, өзін жаңа
ұжымда, балалар арасында еркін сезінгіш, мұғалімнің талаптарын, мектеп
ережелерін орындауға қызығады.
Ал басқа жас кезеңдерінде бұл әсерлер бала дамуында бейтарап болуы немесе
мүлде ықпал болмайтындылығы анықталған. Төменгі класс оқушыларында бұл
жағдайды ескеру өте қажет. Орта мен бала арасындағы қатынас құбылысын оның
кұрделігін түсіндіргенде Л.С. Выготский төменгі класс оқушыларына
әсерленушілік сипат және көңіл – күй тән. Сонымен қатар кейбір балаларда
жаман ашуланғыштық, долданғыштық жағдайлар да кездеседі. Олардың негізгі
себебі – талап қою денгейімен олардың қанағаттандырылу мүмкіндіктер
арасындағы алшақтық болады. Егер бұл алшақтықтық ұзаққа созылса және
бала оларды жеңу немесе жеңілдету құралдарын таба алмаса, онда теріс
толғаныстар, мейрімсіз де ашу - ызалы сөздермен іс - әрекеттерге алып
келеді, бұндай эмоциялық әрекеттерді болдырмау үшін мұғалім
тәрбиенеушілердің дара ерекшіліктерін жақсы білуі тиіс. Әсіресе, сабақ
барысында боланың өзіне - өзі риза болу, білуге құмарлық туғызу сияқты
сезімдерін қалыптастыруды ескерген жөн.
Бала тәрбиесіндегі салт-дәстүрлерінің маңызы.
Салт-дәстүр дегеніміз – халықтардың кәсібіне, сенім – жанымына,
тіршілігіне байланысты қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын
қоғамдық құбылыс. Ол отбасылық тәрбиеде қалыптасады. Жеке адам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларын жанұямен бірлесе тәрбиелеуде этнопедагогиканың маңыздылығы
Отбасы жүйесі
Халықтық педагогиканы (жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, жұмбақ, ырымдыр, нақылдар) қолданып тәрбие сағатын өткізуге материалдар жинастыру. Тәрбие сағатының үлгісі
Мектеп оқушылырының халық педагогикасын қалыптастыруда отбасының алатын орны
Отбасындағы адамгершілік тәрбиесі
Халықтық педагогиканы пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің жүйесі
Бастауыш мектеп оқушыларының рухани қасиеттерін қалыптастыру
Отбасы — қоғамдық қатынастары
Адамгершілікке тәрбиелеудегі отбасымен мектептің өзара байланыстылығы
Қазақ салт - дәстүрлерінің тәрбиелік мәнін ашу
Пәндер