Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесі


Жоспар:
І Тарау. Дене тәрбиесін жүзеге асыру
1. 1 Дене тәрбиесі теориясы ғылым ретіндегі мәні және мазмұны
1. 2 Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесі
1. 3 Дене тәрбиесінде жеке тұлғаны қалыптастыру үдерісі
ІІ Тарау. ОТБАСЫНДАҒЫ Дене тәрбиесін жүзеге асырудың ЖОЛДАРЫ
2. 1 Отбасы тәрбиесінің мақсат, міндеттер
2. 2 Отбасындағы бала тәрбиесінің ерекшеліктері
2. 3 Отбасындағы дене тәрбие ерекшеліктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі . Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу - бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру - бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, оқушылардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі біздің тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі.
Ғылым, техника, мәдениет және білім дамуының өзара байланыстылығы мен өзара сабақтастығы тарихи сипатта екендігін ескере отырып, жүргізген теориялық зерттеулеріміз қорытындылары, озат тәжірибелерді оқып үйрену мен жүйелеу, көп жылдық тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін сапалы даярлауда олардың болашақ кәсіби әрекетінде оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесін жүзеге асыру, дене тәрбиесі мәселесін теориялық талдау мен дене тәрбиесіндегі тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте жоғары екендігі айқындалды.
Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді. Мұндай маңызды әдістеме ғылыми және оқу пәні ретінде жетекші рөл атқаратын, дене тәрбиесі саласындағы кәсіптік бағытта болашақ мұғалімдерді дайындауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарындағы оқыту жүйесіне тікелей байланысты.
Дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғыда шешуге, өзгермелі өмір жағдайында инновациялық процестер мен жаңашыл бағыттарды дер кезінде меңгере отырып, тәжірибеге сын көзбен қарап, дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен дене мәдениетін меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы артуда.
Оқушылар мен студент жастардың дене тәрбиесін және жеке тұлғаның дене мәдениетін қалыптастыру мәселелері бірқатар ғылыми зерттеулерге арқау болған М. Таникеев, Т. А. Ботағариев, А. Б. Нұрлыбекова, Б. А. Тойлыбаев, Ж. К. Оңалбек, А. Қарақов, Қ. Т. Жанабаев, Б. М. Сапарбаев, Е. Мұхитдинов және т. б.
Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.
Болашақ ұрпағымыздың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі мектеп мұғалімінің жеке басымен оның жоғары оқу орнындағы теориялық жеке тәжірибелік дайындығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби дайындықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі және спорт мамандары күрделі әлеуметтік міндеттерді шешуге араласумен бірге оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сай, оқу-тәрбие міндеттерін шешуде олардың рухани жетекшісі де болуы тиіс.
Қазіргі кезде дене тәрбиесі мұғалімі биологиялық (физиология, анатомия, биохимия, спорттық метрология т. б. ), педагогикалық (педагогика, психология, дене мәдениетінің ілімін, спорттық жаттығу негіздері, дидактика т. б. ) пәндерді философия, әлеуметтану, медицина, математика ғылымдарын және басқару мен ұйымдастыруды жете меңгеруі қажеттігін ескерсек, дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруда педагог кадрлар дайындау мәселесінің өзектілігі айқындалып, оның түрлі бағыттары бойынша ауқымды зерттеулердің қажеттілігі байқалады.
Зерттеу нысаны. Дене тәрбиесін жүзеге асырудың негізгі формалары. Зерттеу пәні. Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындау.
Зерттеудің мақсаты - оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асырудың әдіснамалық-теориялық негіздерін айқындап, оны жүзеге асырудың ғылыми-әдістемелік жүйесін жасау және оларды тәжірибелік-эксперименттен өткізіп, қорытындысын шығару.
Зерттеудің міндеттері:
- Оқушылардың дене тәрбиесін жүзеге асырудың теориялық-әдіснамалық алғышарттарын айқындау.
- Болашақ мұғалімдерді мектептегі дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындауда болашақ мұғалімдердің кәсіби - шығармашыл тұлғасын қалыптастырудың құрылымдық - мазмұндық моделін жасап, өлшемдері мен деңгейлерін және механизмдерін анықтау.
- Мектеп оқушыларының дене мүмкіндіктерімен қозғалыс қимылдарын ескере отырып дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асырудың негізгі формаларын айқындау.
- Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдердің дайындығын жетілдірудің ғылыми-әдістемелік негіздерін жасау.
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтану, мәдениеттану және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; жоғары оқу орындары мен мектептегі оқу-тәрбие үдерісін бақылау; сауалнама, тест алу; әңгіме жүргізу; зерттеу проблемасы бойынша арнайы курс ұйымдастыру және оны талдау; педагогикалық эксперимент нәтижелерін статистикалық тұрғыдан өңдеу.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: тұлғаның әлеуметтік мәні туралы философиялық іргелі заңдылықтар мен оның қалыптасу жағдаяттары, тәрбие теориясы, жүйе теориясы; тұлғалық бағдар теориясы; жеке тұлғаны дамыту ілімдері, психологиялық тұжырымдар, озат педагогтардың дербес іс-әрекетті дамыту және тәрбиелік шаралар мен қазіргі жетекші философиялық қағидалар: салауаттылық, демократиялық, кешендік, біртұтастық, жүйелілік, сол сияқты қазіргі білім беру проблемалары, кәсіптік білім беру, кәсіби педагогика, кәсіпқойлық психология, оқу үдерісін басқару, дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері құрайды.
Зерттеу көздері: зерттеу мәселесі бойынша философтардың, психологтардың, педагогтардың және дене тәрбиесі бойынша мамандардың ғылыми еңбектері, ресми материалдар мен құжаттар (ҚР Конституциясы, “Білім беру туралы” Заңы, ҚР “Қазақстан - 2030” даму стратегиясы, “Дене тәрбиесі” тұжырымдамасы т. б. ), оқу-әдістемелік әдебиеттер, мерзімдік баспа материалдары, бағдарламалар, педагогикалық іс-тәжірибелер және автордың жеке басына тән іс-әрекет тәжірибесі.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, 4 бөлімнен, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, пәні, мақсаты, ғылыми болжамы, міндеттері, әдіснамалық және теориялық негіздері, ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы, зерттеу көздері мен әдістері, тәжірибелік мәні, қорғауға ұсынылатын қағидалар, зерттеу кезеңдері баяндалады.
«Дене тәрбиесін жүзеге асыру» атты бірінші бөлімде дене тәрбиесін дамыту бойынша негізгі ұғымдар мен түсініктерге анықтамалар беріліп, философиялық, психологиялық және педагогикалық тұжырымдар зерделенеді, сонымен қатар педагогикалық пәндер мен педагогикалық тәжірибені пайдаланудың мүмкіндіктері қарастырылады.
«Мектептегі дене шынықтыру пәніндегі дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастырудың түрлері» атты екінші бөлімде мектептегі дене шынықтыру пәніндегі дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастырудың ерекшеліктері сараланып, дене тәрбиесін жүзеге асырудың желісі мен болашағы талданады. Ғылыми-теориялық талдаулар нәтижелері негізінде оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімді дайындаудың моделі құрылып, өлшемдері мен көрсеткіштері, соған сәйкес деңгейлері мен механизмдері сипатталып тұжырымдамалық көзқарастар берілген.
Қорытындыда ғылыми болжамды дәлелдейтін зерттеудің нәтижелері мазмұндалады, зерттеліп отырған мәселенің келешектегі зерделенетін бағыттары айқындалады.
І Тарау. Дене тәрбиесін жүзеге асыру
1. 1 Дене тәрбиесі теориясы ғылым ретіндегі мәні және мазмұны
Қазіргі таңда қоғамның салауаттылығы маңызды сипатқа ие. Бүгінгі болашақ мұғалімді дайындауда олардың салауатты өмір сүру мен денсаулық, дене мәдениеттерін өздері игермей тұрып, оларды білімді, білікті маман ретінде қалыптастыру мүмкін емес. Себебі әр болашақ маманның денсаулығы жеке байлық қана емес, ол сондай-ақ халқымыздың білім және экономикалық қуатының өсуі үшін де қажетті шарттарының бірі. Соның ішінде денсаулықтың басты шарты-мәдени орта, салауатты өмір салты.
Президентіміз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында «Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен қарулы күштер құра алмаймыз, демографиялық, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз», - деген болатын.
Білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі - дене тәрбиесі арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі. Соған байланысты көптеген құжаттар бар, мәселен: Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 ж 18 мамырдағы «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінде «Салауаттану-денсаулықты сақтау» бағдарламалары. Бұл құжаттардағы негізгі мәселенің бірі -дене тәрбиесі арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар тәрбиесі. Сондықтан да болашақ мұғалімдерге қойылатын жаңаша талаптар мен өзгерістер туындап отыр. Бұған себеп қазіргі кезде жеке тұлғаның қоғамдық және әлеуметтік мәні дене тәрбиесі мұғалімінің назарынан тыс қалмауы қажет. Дене тәрбиесі сабағындағы сауықтыру, білімдік, тәрбиелік міндеттерімен қатар, педагог кәсіби жұмысын атқарып қоймай, оқушылардың рухани жеке тұлғасын қалыптастыруды жүзеге асыруы керек.
Болашақ мұғалімнің жеке басының маман ретінде қалыптасуы үшін кәсіби сапасының негізгі талаптарының бірі ретінде оның жалпы ғылыми-әдістемелік даярлығын ерекше атап өтуге болады. Бүгінгі таңда күн тәртібінде студенттердің өзін-өзі басқаруды дамыту міндеттері қойылып, болашақ мұғалімнің дербестігі мен белсенділік дағдысын тәрбиелеу және дамыту қажеттілігі күннен-күнге артып отыр. Жоғары оқу орындарына болашақ мұғалімдерге өз кәсіби міндеттерін жете білетін, қажетті педагогикалық дағдыларды меңгерген, өз Отанын сүйетін шәкірттерді тәрбиелеу мен оған мұғалімдерді кәсіби дайындау міндеті жүктелген. Осы мақсатта жоғары оқу орындарында болашақ маман дайындаудың сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Сондай-ақ тәрбиенің ықпал жасау өрісі де орасан кеңейе түсті.
Жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесі туралы идея, озат тәжірибелер мазмұны түрлі елдерде тарихи кезеңдерде философтар мен педагогтардың, психологтардың тұжырымдарына негізделген.
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің қайнар көздерін, тарихи даму кезеңдерін сараласақ, олардың мынадай жағдайларға байланысты пайда болатынын анықтауға болады:
- дене дайындығы жетілген, денсаулығы мықты адамдардың қажеттілігінен туындаған қоғамдық өмірдің іс-тәжірибесі;
- әр түрлі тарихи кезеңдерде ойшылдар мен ағартушылардың жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу туралы ой-тұжырымдары мен идеялары;
- үйлесімді дамыған, жан-жақты, білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеудегі озат педагогикалық іс-тәжірибелер мен ұсыныстар;
- дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі саласындағы ізденістер мен ғылыми негізделген тұжырымдамалар;
- дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесін дамыту жөніндегі мемлекеттік сұраныстар.
Дене тәрбиесінің адам әрекетінің сан - қилы сипатымен, өзіне тән ой-сана мен даму заңы, өзара ішкі байланыстары мен өзара ықпалдастықта дамитын ерекшеліктері, әдістері мен өзіндік тарихы қалыптасқан. Нәтижесінде дене тәрбиесі теориясы ғылым ретінде қалыптасып, мәні мен мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді (Сурет 1) .
Тарихи деректерді сараптасақ, адамзат қоғамы пайда болып, алғашқы өмір сүру кезеңінен-ақ дене тәрбиесіне көңіл бөлініп, сол еңбек пен тұрмыстық өмірдің шарты ретінде дамыды. Алғашында дене тәрбиесі ұйымдасқан ойындар мен ойындық-қимыл қозғалыстар түрінде көрініс берді. Бұл кезеңдегі ойындар мен денешынықтыру жаттығулары қарапайым болғанымен, олардың адамды қалыптастыру мен тәрбиелік маңызы зор болды.
Дене тәрбиесінің басқа тәрбиелермен сабақтастығы мәселесі Орта Азия және Ұлы дала ғұламалары еңбектерінде де ерекше аталған. Солардың ішінде ерекше тұлға Әл-Фараби тәрбие мәселесіне бағыт-бағдар бере отырып, «Әлеуметтік-этикалық трактаттар» атты еңбегінде бала денесін жетілдіруді оның бойындағы абзал қасиетті тани біліп, мінез-құлқының жақсы сипаттарын тәрбиелеп, өзін-өзі үнемі дамыту қажеттігіне тоқталады. Ол «дененің саламаттылығы» ұғымын енгізе отырып, әр адамның тәрбиесінде мынадай үш қасиет болу қажет деп есептейді: дене күші, рухани және ақыл-ой, олар өзара үйлесімді дамыған жағдайда ғана жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға болатынын дәріптейді.
Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастанында ұлттық психологиямыз бен ұлыстық ерекшеліктерімізге тоқтала келе, « кемел адам » ұғымын енгізе отырып, кемел адамның бойында мынадай қасиеттер: жомарттық, саламаттылық, білімділік, ақылдылық, бір сөзде тұру, ширақтық болу қажет дейді.
Ұлы ағартушы Абай дене тәрбиесі мен ақыл-ой тәрбиесі үйлескенде ғана әр адам сымбатты болумен қатар, жан-жақты қалыптасқан жан болмақ деген пікірді қуаттайды. Мысалы, «Сегіз аяқ» өлеңінде бойдағы, денедегі күш - қуатты ойсыз, ақылсыз іс - әрекетке жібермей, белсенді өмір сүре
Сурет 1 - Дене тәрбиесі теориясы ғылым ретіндегі мәні және мазмұны
отырып, өзіңді дамытатын, жетілдіретін іспен ұштастыра білу қажеттігін ескертеді. Әсіресе, «Қара сөздер» адам тәлім-тәрбиесіне бағыт-бағдар беретін, жай ғана бағыт қана емес, ғылыми негізге сүйенген, өмірлік жағдайлардан алынған философиялық тұжырымдар мен түйіндерден тұратын құнды дүние.
Ұлы Абай дене күшін, дене мәдениетін қалыптастыру, оның ақыл-ой тәрбиесіне тікелей байланысын көрсете отырып, «тәрбиелеу керек» деп жай ғана сөзбен емес, оны дұрыс жолға қоюды нақты істермен, жолдармен насихаттау, тәрбиенің өзегін философиялық, психологиялық арнадан іздеу қажеттілігіне тоқталады. Бұл мәселеде Абай оны халықтың рухани мұрасы, асыл қоймасы халықтық тәлім-тәрбие бесігі - ауыз әдебиетінен, мақал-мәтелдері мен даналықтарынан іздеуді меңзейді. Халқымыз: «Азған денеге ауру үйір», «Қайраты мен ақылы сай жігіттің жолы болар», «Ақылсыз жігіт күшіне сенер», «Қайраты бар кісінің, берекеті бар ісінің, қайраты жоқ кісінің, берекеті жоқ ісінің», «Қайратың барда мал тап», «Денсаулығын ойлаған, жан сарайын таза ұстар», «Әлін білмеген әлек», т. б. деп дене тәрбиесін тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін мақал-мәтелдер арқылы береді.
Еліміздің белгілі қайраткерлері Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, С. Торайғыров, Ө. Тлеуқабылұлы т. б. дене тәрбиесі мәселелерін халықтың дәстүрлері, халықтың мұраларындағы орамды тұстарын дәлелдеп, оның құндылық бағытына тоқталған.
1. 2 Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесі
Кейінгі жылдары жастардың тәрбиесіне байланысты бірқатар құжаттар, заңдар, тұжырымдамалар жарық көрді. Оларда тәрбиенің мазмұны, ұстанымдары, мақсаты мен міндеттері қайта қарастырылып, оларды түбегейлі жаңалау қажеттілігі атап өтілген. Мұндағы мақсат - ұрпақты қазақ халқының жауынгерлік тарихымен, ерліктің өшпес үлгісін қалдырған қас батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, елін қорғай алатын елжанды ұлттық намысы бар жігерлі азаматтарды тәрбиелеу, басқа ұлттардың өкілдерімен жастардың өзара сыйластық, достық негізінде өмір сүруіне ықпал жасау, ұлтаралық қатынастың жақсы негіздерін бойына сіңіру. Бұл қағидалар қазіргі таңда қазақ педагогикасында тәрбиенің негізгі ережелерінің бірі болып саналады.
Соңғы уақытта жеке тұлғаның дене тәрбиесі үздіксіз білім беру жүйесінде дене тәрбиесінің мақсаты түрінде қарастырылып жүр. Бұл мақсат үздіксіз білім беру мен жеке тұлғаны қалыптастыру жүйелерінің қазіргі даму талаптарына жауап бере алады. Бұдан басқа, жеке тұлға үздіксіз білім беру жүйесінің жекелеген бөліктерінің сабақтастық принципін бейнелейді; сонымен қатар субъекттің жеке өмірінің мәдениет сапасын анықтауға бағытталған «болашақ жоспары» туралы идея да бар. Айтылған мақсат және міндеттер оқу-тәрбие үдерісінің тиімділік талап өлшемдерімен нақтыланады.
Жеке тұлғаның дене тәрбиесін қалыптастыру проблемасы зерттеліп, теориялық негізінің жасалғанына қарамастан бүгінгі күні ол көкейкесті және ашық мәселе болып қалуда. Бұл ең алдымен мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани дамуындағы өзгерістермен байланысты. Бұлар дене мәдениеті саласында диалектикалық қарама-қайшылық тудырады. Сондықтан философиялық, педагогикалық және психологиялық ғылымдардың әдіснамалық негіздеріне сүйене отырып, мектеп оқушылары үшін дене тәрбиесінің жаңашыл - педагогикалық ұйымдастыру жобасын жасау қажет. Бұл жоба олардың дене мәдениетін қалыптастыруға бағытталады және оның көмегімен жеке физиологиялық, гигиеналық жағынан алдын алу және емдеу қажеттіліктерін жүзеге асырып қана қоймай, әлеуметтік белсенді тұлға болуға, жемісті еңбек етуге дайындық жасалады (Сурет 2) .
Қазіргі кезеңде мектеп және жоғары оқу орны бағдарламаларын құрастыру тұжырымдамасы өзгерді. Алайда, бұлардың бәрінде мектеп оқушысы мен студенттің қайда оқитындығы ескерілмейді, олардың меңгеруі тиіс негізгі дағдылар мен қабілеттер, оқу нормасын тапсыруға арналған шарттар көрсетілген. Жаттығулардың орындалуы қозғалыс дайындығының деңгейі туралы мәлімет береді. Дегенмен, бұл бағдарламалар базалық, үлгілік сипатқа ие, сондықтан оларды әрбір педагог жергілікті жағдай мен салт-дәстүрлерге орай өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, өзгерте алады.
Мектепке дейінгі мекемелер мен мектептердегі, жоғары оқу орындарындағы «Дене тәрбиесі» пәнінің мақсаты әлі күнге дейін толықтыруды қажет етеді, осыған орай оның ғылыми негізделген тұжырымдамасын жасау қажеттігі туындайды. Осы бағыттағы ізденістердің тиімдісі дене мәдениеті тұрғысынан зерттеу болып табылады. Әрине, мәдениет теориясының құбылыстары және олардың түрлеріне сай, жасалып жатқан қандай да теориялық ережелер, тұжырымдамалар көп және олар әлі де жүргізілу үстінде.
Дене тәрбиесі білімінің негізгі мақсатын анықтау үшін белсенді жұмыс атқарылып, оны қозғалыс сапаларының дамуы, енді біреулері білім міндеттерін шешу құралы деп анықтайды. Үшіншілері, оқушыларды спорттың бір түрімен дамыту және сауықтыру деп ұсынса, төртіншілері, «ең басты мақсат - бұл сауықтыру» деп таныды. Ақырында, авторлардың бірқатары басты мақсаты жеке тұлғаның жан-жақты дамуын физикалық жетілдіру үдерісімен бірлестіруден деп есептейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz