ОТБАСЫНДА БАЛАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЖОЛДАРЫ


ЖОСПАР:
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
- Мақсат, міндеттері.
- Қазақ отбасындағы тәрбиенің психологиялық ерекшеліктері
- Отбасы тәрбиесінің қағидалары мен ережелері.
- Отбасындағы бала тәрбиесінің маңызы.
- Отбасында педагогикалық қолдау беру.
- Баланы ұлтжандылыққа тәрбиелеудің жолдары.
- Мінез - құлық тәрбиесі және отбасы.
- Жанұя мен бала құқығы.
- Отбасы тәрбиесі - патриоттық сезімнің негізі.
ІІІ. Практикалық бөлім
ІV. Қорытынды бөлім
І. ОТБАСЫНДА БАЛАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЖОЛДАРЫ
Еліміздің көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылып, халықаралық деңгейге шығуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Шығыс ғұламасының бірі болып саналатын Жүсіп Баласағұнның дастандарында отбасы тәрбиесі көп айтылады. Мемлекеттің беріктігі тек ол билеуші қайраткерлерге, әділ заңға, күшті әскерге ғана емес, әр отбасының беріктігіне байланысты екендігін сипаттайды. Оның ойынша, отбасы беріктігі жақсы жар таңдаудан басталады және өнегелі отбасында ғана өнегелі отбасында ғана өнегелі ұрпақ тәрбиеленеді. Қазір қоғам талабы - халық санының көбеюіне мүдделеп отыр.
Халық санының азаюы отбасында бала санының кемуі және көп балалы отбасылардың азаюы болып табылады. Отбасындағы бала санының кемуіне нақтырақ экономика мен қаржы тапшылығы себепкер болып отыр. Өйткені баланың өсуі, күнделікті тағам өнімдерінің көтерілуі, киім - кешек баланың қажеттерінің көбеюіне үлкен отбасыларға қиыншылық туғызады. Сондықтан шаған отбасылар пайда болып, бала санын мектеп өсіруге жол ашады. Отбасы мәселесін шешуде әр түрлі мамандар өз пікірлерін ұсынды. Нарықтық қатынас жағдайындағы отбасының құралымдық сипатын әлеуметтанушылар М. Тәжин, Б. Баяғанов былай деп түсіндіреді: «Біріншіден, қазіргі қоғамдың экономикалық өмірі кішігірім отбасының үлкен отбасылармен салыстырғанда қайшылықтары көп, жолдарынан құтылуға болады, яғни, қазіргі экономикалық өмірдің талаптарына икемделген болып келеді. Екіншіден, қазіргі шағын отбасы өмірге бейімделуі жеңіл, отбасының және қоғамдық қажеттіліктерден пайда болған қақтығыстарды шешу жолдарында жеңіл таба алады.
Бірақ, демограф М. Тәжімов үлкен отбасылардың болуын мақұлдап, бала санын көбейтудің жолдарын қарастырады. Өйткені, Қазақстандағы халық санының аздығы демографиялық күйзеліс туғызып отыр. Мемлекетте халық санының төмен орында болуы халықтың өсуі жағдайына байланысты деген ой түйіндейді. Оның үстіне отбасында педагогикалық жағдай көп балалы отбасыларда әлдеқайда жеңіл болатынын көрсетеді.
«Қазақстан Республикасының Конституциясында Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата - ананың құқығы, әрі парызы» деп көрсетілген. Ал, әлемдік деңгейде «Баланың құқығы туралы Конвенция» қабылданып, онда бала дүниеге келмей жатып, қамқорлық жасаудың жолдары қарастырылған. Мұның өзі бүгінгі балалар мен жасөспімдер тәрбиесінің өте күрделі екендігін дәлелдейді. В. А. Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды. Ол баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса, денсаулығының мықты болуына, ой өрісінің кеңеюіне көңіл бөледі және балалардың 3 - 4 сыныптарға дейін бірқалыпты болып келіп, 4 сыныптан кейін біртіндеп өзгере бастайтындығын түсіндіреді. Ерексектік кезең бала тәрбиеленудегі ең қиын кезең екендігін айта келіп, ата - аналарды балалармен сырласуға шақырады. Н. Пирогов өзінің таңдамалы шығармаларында «Бала дұрыс түсініп, қарым - қатынас жасау үшін оны өміріміздің өрісіне емес, біз өзіміз олардың өрісіне енуіміз керек» деп тұжырымдайды. Бала жүрегі айнадай тап - таза мөлдір, сол айнадай баланы көру үшін оның жүрегіне үңіліп қарауды қажет етеді. Л. Пинттің пікірінше, ата - аналар балаға жақсы тәрбие беру үшін оның мінез құлқындағы әрбір ұсақ - түйектерді байқап білуге қабілетті болуы керек. Отбасындағы бала тәрбиелеу жұмысы түбегейлі жүйелі түрде қадағаланып, жаңаланып, заман талабына сай өзгеріп дамып отырса, тәрбиенің құндылығы арта түседі. Халықтық педагогика негізінде қалыптастыру мәселелерін С. Ұзақбаева құндылық бағдар - негізінде Г. Нұрғалиева, ізгілік эстетикалық бағытында Қ. Шылыбекова, тұтас педагогикалық үрдіс негізінде болашақ ұстаздарды ізгілікке тәрбиелеуді Н. Хмель, қиын балаларды қайта тәрбиелеу мәселесін Б. Айтмағамбетова мен Н. Бозжанова сияқты ғалымдар зерттеп келді. Олар ұнамды қасиеттердің барлығының қалыптасу отбасында қалатындығын дәлелдеп, қиын, балалар тәрбиесі мәселелері бойынша жүргізілген зерттеулерінде отбасы тәрбиесінің, ролін ерекше атап көрсетеді. Ал, В. Лысенко бала дұрыс тәрбие алып дамуы үшін ең алдымен, ата - аналар отбасы тәрбиесінде белсенділік танытуы қажет деп санайды. Ол үшін ата - аналар педагогикалық білімін көрсетіп отыруы қажет. Баланың жетіліп қалыптасуында отбасының орны ерекше екенін түсіндіре келе оқушыны қиын атануға алып келетін ата - аналардың балалармен мұғалімнің оқушылармен қарым - қатынасындағы бірнеше кемшіліктерді көрсетіп берген. Бұл қиындықты шешудің негізгі бірден бір жолы отбасындағы ізгілікті қарым - қатынасты орнату.
Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін отбасы қоғаммен тығыз байланысты болуы керек.
Тәрбие бұл қоғам талабына сай адамды қалыптастыруда белгілі бір мақсатқа сәйкес жүйелі түрде әсер ету болып табылады.
Елбасы Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» еңбегінде «Тәрбиенің түрлі мақсаты қоғамның нарықтық қарым - қатынасқа көшу кезінде экономикалық және рухани дағдарыстарда жеңіл шыға алатын ізгілігі мен 21 ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген жан - жақты мәдениеті жеке тұлғаны тәрбиелеп, қалыптастырып» деп айқын айтқан.
Заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезовтың «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген нақыл сөзінің мәні тереңде жатыр, яғни болашақ тізгінін ұстар, елінің ертеңі болар халқының үмітін ақтай алатын дені сау, білімді де саналы жас ұрпақты өсіру. Талабынан туындап отыр. Осы ұлы мақсаттарға жету жолында киелі де қасиетті екі түсінік бар.
Бірі - баланың бастапқы тәрбие мектебі, алтын бесік ұя - мектеп. Бұл екі ортаның да мақсат - мүддесі ортақ. Отбасы, ата - ана адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып жетілдірсе, адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Бұл киелі жерде қызмет ететін мұғалім мен ата - анаға жауапкершіліктің үлкен жүгі артылған.
Ұлы Абай атамыз”Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым жақсы ата - ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады”деп көрегендікпен ой түйген. Бала өміріне қажетті тәлім тәрбиенің іргетасы ата - ана арқылы отбасында қаланады.
Дана халқымыз”Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” демекші ата - ананың әрбір іс әрекеті балаға үлкен сабақ. Әрбір ата - ана өз балаларының тұңғыш тәрбиешілері. Бала ата-ананың адамгершілік өмірінің айнасы.
Отбасы мүшелерінің бірін-бірі қадірлеуінен, олардың өзара бірлігі мен түсінушілігінен, ата-анамен балалар арасындағы, мейірімді қарым-қатынастың қалыптасуынан, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді толып жатқан жазылмаған заңдылықтар арқылы көрініс табады.
Кішкентай сәбилердің үлкендер не айтса соны істейтінін күнделікті өмірде жиі көріп жүреміз. Сондықтан да отбасы баланың бастауыш тәрбие мектебі дегеніміз өте орынды. Ата-ананың бала алдында жеке басының үлгі-өнегесі, беделді жоғарғы болуы керек.
Кез келген адам ұшқыш немесе ұста бола алмайды. Ал өмірге ұрпақ әкелген соң өнегелі отбасын құрып әке мен ана болу әрбір адамның міндеті. Баланың үйде көргені. Ата-анасынан жақын туыстарынан естігені - ол үшін тәрбиенің ең үлкені. Осы тұста сүрінбеу үшін ата-ананың мінез-құлқының, ізетті қасиеттерінің, жалпы мәдени дәрежесінің деңгейі өте жоғары болуы керек.
Баланы жаны мен тәні таза, рухани бай, дені сау етіп өсірумен бірге еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа, адалдыққа, жинақылыққа баулып өсіру шарт. Осы тамаша қасиеттерінің бәрін ата-ана бойынан тауып, соған еліктеп өссе және әрбір ата-ана баласының жүрегіне жол тауып, оның өмірдегі шынайы досына айналса тер төккен еңбегінің жанғаны.
“Қарға баласын аппағым дер, кірпі баласын жұмсағым дер”дегенді ескеріп, баланы қанша жақсы көргенмен оның жасаған жағымсыз қылықтарымен елеулі қателіктерін ескерусіз қалдыруға мүлде болмайды.
Әрине, ол үшін баланың намысын қорламай, ар-ожданын аяққа таптамай, сенімсіздікпен қарамай байыпты ақылмен, қамқор байыпты ақылмен сөзбен түсіндіру қажет. Сәл ғана сәтсіздігіне бола балаға сенімсіздік білдіру оны алға ұмтылмайтын, жігерсіз жасық бала болмауға итермелейді. Ал бұл ата-ананың бала тәрбиесіндегі жіберген үлкен олқылығы.
Отбасы жағдайында баланы кішкентайынан спортпен шұғылданып, денесін шынықтыруды, эстетикалық талғамның жоғары болуын, қоршаған ортаны қорғауға, еңбекке бейімделіп өсуін қалыптастырған жөн. Тәрбие ешқандай үзіліс дегенді білмейді. Ол тұрмыста, ойын үстінде, оқу, еңбек барысында барлық кезде жүре береді. Сондықтан ”Бала тәрбиесі баршаға ортақ” екенін ескеріп, жас ұрпақты саналы азамат етіп тәрбиелеу ең негізгі міндет.
ІІ. 1. БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ МАҚСАТ, МІНДЕТТЕРІ
Б аланың сапалы білім алуы мектепте ғана емес, ата-ананың қамқорлығына да тікелей байланысты. Салауатты отбасы өркениетті қоғамның талабы. Қазіргі заманғы отбасы тәрбиесінің жағдайына әлемдік деңгейде мән беріліп отыр. Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғамды өркениетке жеткізу, ең алдымен, әр отбасындағы өмірді дұрыс ұймдастырудан басталмақ. Оған дәлел 1989 жылы Біріккен ұлттар ұйымында қабылданған, кейіннен 1995 жылы Қазақстанда қабылданған. “Баланың толық үйлесімді дамуы үшін, ол мейірім мен өзара түсініктігі бар, қызығушылыққа көп көңіл бөлетін бақытты ахуалдық ортасы бар отбасында өсуі қажет. Сондай-ақ бала әлі дене, ақыл-ой жағынан толыққанды жетілмегендіктен, олар туылғанға дейін де, туылғаннан кейін де ерекше мейірімділікке, қамқорлыққа, әсіресе, құқықтық қамқорлыққа мұқтаж”деп көрсетілген. Қазіргі кезде отбасындағы ынтымақтастықты орнатуға немқұрайлықпен қарау орын алып отыр. Бұл көрініс жағдайымен отбасындағы балалар тәрбиесіне көңілдің бөлінбеуі, тіпті ата-аналардың жиналысқа келмеуі, тіпті мектеппен байланыс жасауға талпыныстың болмауына әкеліп отыр. Жас ұрпақ елдің болашағы, тірегі, тізгіні. Егемен еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар сондай жас ұрпақты тәрбиелеу ұстаздар қауымына аса жауапты да қиын міндеттер жүктейді.
Қазіргі кезде мектеп пен ата-ана арасында байланыс үзілді. Бұл кемшіліктің ұрпақ тәрбиесіне кері әсерін тигізетінін күнделікті өмір дәлелдеп отыр. Мәселен, ата-аналар жиналысына келмеуі, ұл-қызының оқуы мен тәрбиесіне көңіл бөлмеуі ерекше ойлауға, себебін ашуға тұрарлық мәселе. Ата-ана мен мектеп арасында байланыс болмайынша саналы тәрбие, сапалы білім болуы мүмкін емес. Ата-ананы мектепке шақырғанда, сол жиынның ата-анаға тигізер әсеріне, тәрбиелік мәніне ерекше көңіл бөлгені абзал. Ата-анаға, балаға тәрбиені тек мектеп беру тиіс деген пікірден аулақтату үшін біріншіден, тәрбие-отбасынан басталатынын ұғындыратын әсері мол жиындар. Педагогикалық сабақтар, семинарлар және дебат өткізу қажет.
Бала-адамның бір қызығы ғана емес сонымен қатар ол өмірдің жалғасы, ұлттық ұстанымы, елдің ертеңгі егесі де.
Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтудегі мақсат-өскелең ұрпақтың құқықтарымен мүдделерін қамтамасыз етуге әлеуметтік қоғамдастықтың ұсынуына бағытталған, сонымен қатар жетім және мүгедек балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы және толық емес отбасыларында тәрбиеленетін балаларға қолдау көрсету болып табылады.
Кейбір отбасының белгілі бір себептерге байланысты әлеуметтік жағдайының құлдырауы, балалармен ата-аналардың денсаулығының нашарлығы, некесіз бала туудың, моральдық жағынан азып-тозған ата-аналардың көбеюі және оларды жауапқа тартудың пәрменді шараларының болмауы елімізде жетім балалар санының ұлғаюына әкеліп соғуда.
Тәрбиенің негізгі мәселесі тәрбиеден бағытталады. Балалар өскеннен кейін олар - өздерінің құрбыларымен ойнай бастайды. Балалардың жанының, пәнінің дамуы үшін ата-аналары жауап береді. Барлық балалар балалардың ортасында, тәрбиеленеді олармен сөйлесу, ойнау арқылы.
Бала бұл-бақыт ата-ананың еңбегімен келген жан. Баланың бастапқы жеке басын қалыптастыру үшін ең алдымен балаларды мектепке дайындауымыз керек, ол үшін ең алдымен балаларды мектепке барлық күшімізді салуымыз керек. Балаға ең алғаш тәрбие беретін ата-анасы. Отбасындағы тәрбиенің бала өмірі үшін маңызы зор. Әрбір ата-ана өз баласының жақсы тәрбие алғанын қалайды. Сондықтан өз баласына кішкентайынан жақсы тәрбие беруге тырысады. Кейбір балалар ата-ананың аялы алақанын көрмей өссе де ол жақсы тәрбиелі, инабатты, кішіпейіл болып өседі. Баланың тәрбиесіне кішкентайынан жақсылап көңіл бөлу керек. Көңіл бөлу керек дегенде сөйлесіп отыру керек.
ІІ. 2. ҚАЗАҚ ОТБАСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Біз үлкен болайық кіші болайық, ұстаз болайық, шәкірт болайық, әке болайық, ана болайық бәрімізде талай-талай тәлімнің төліміз, тоқсан тарау арнамен кеп тоғысқан тартымды тәрбиенің жемісіміз . . .
Тіршілік етуші жан тәрбие жинайды, оны топтап жинақтайды, саралап түйіндейді. Осы қазынасын орайы келсе, ұрпағына таратады, игілігіне асырады. Сондай тәлім тәрбиенің қайнар көзі-қазақ отбасындағы тәрбие. «Отбасы шағын мемлекет»-дейді данышпан ойшылдар. Оның шекарасы, тіршілігі, мінез-құлқы болады. Отбасы ерлі зайыптылардан, бала-шағадан тұрса, онда олардың тіршілігі тату-тәттілігі, ақыл-парасаттылығы-бала тәрбиесінің алтын бесігі. Отбасы ынтымағы жарасса, ұрпағының тәлімі де өнегелі болары баршаға аян. Опалы жұбайлар ғана оңды ұрпақты өсіреді. «Бала жүректің миуасы»деп қарайтын балажан халықтардың бірі-қазақ халқы да балаға ежелден болашағым деп қарап, үлкен үміт күткен. Әр ата-ана, әр отбасы арманын ұрпағына аманат етіп тапсырып отырған.
«Бала-көңілдің гүлі, көздің нұры»-деп сүйсінеді. Әрбір отбасы ұрпағының тәттілігін халқымыз қат - қабаттай қастерлеп айтады.
«Лашын құсқа ауа қадірлі, жүйрік атқа дала қадірлі, ата - анаға бала қадірлі». Неткен зердей інжу сөздер!
«Баланың өскен бесігі - кең дүниенің есігі». Халық қандай қомақты толғайды, қалай терең түйіндейді! Ұядай ғана үйден өскен ұлан бүкіл әлемге жол тартады. Жол бастауы - отбасы. Ұзақ өмір кітабының әліппесі - отбасы тәрбиесі, яғни «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің».
«Әр елдің заңы басқа, иттері қара қасқа» дегендей, әр ұлттың өзіне тән салт - дәстүрі, мінез - құлқы, өзіндік психологиясы болады. Сондықтан қазақ халқының да өзіне тән мінез - құлқы, әдеби, ұлттық қадір - қасиеті бар. Бұл жөнінде Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, М. Әуезов тағы басқа зиялы қауым ұлттық тәлім - тәрбие, әдеп, педагогика, психология саласында сындарлы пікірлер айтқан. Мәселен, « . . . адамның өз басының көгершінімен, ұлт көгермейді . . . ұлт көркейсе, ол бақыт сол ішіндегі адамдарға ортақ . . . ұлтын, Отанын көркейту - қандас, діндес, тілдей бауырларының қамын жеу», - деп Ж. Аймауытов ой қозғаса, М. Жұмабаев « . . . қазақтың тағдыры да, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі . . . мектебімізді таза, берік пәле өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай - ақ сертесуге болады» деген еді. Сондықтан ұрпақты аға ұрпақтың мойнына жүктелетін тарихи парыз, игілікті тапсырма.
Қазақ халқының әрбір отбасы өз ұрпағын бесікке салғаннан бастап ұлттың тәлім тәрбиеге сусындатып, бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеген және сол дәстүрді мықтап ұстауын талап еткен. Мәселен, атасы немересіне алдымен елінің құтты қонысын таныстырған.
Осындай ұлттық тәлімнің бастаулары болған имандылық, Отан сүйгіштік, мақсаткерлік, ақылдылық пен адалдық, борыш пен жауапкершілік, мейірімділік пен ізгілік, шыншылдық пен достық, еңбек пен қуаныш сияқты игілікті тәрбиеден аға ұрпақ еш уақытта бас тартқан емес, тартпайды да . . .
Аға ұрпақтың жас ұрпаққа салғырт қарауынан қазақи тәлім - тәрбиені осалдатып алған жоқсыз ба? Аға ұрпақ «баланың қарны аш, иіні жалаңаш болса болды, одан артығының қажеті не» деген сұрақтар әрбір ұстаз пен психологтың жанын мазалайтыны рас. Қорыта келе, асырау мен асыл тәрбие берудің екі түрлі мәселе, айырмасы жер мен көктей. «Оқыған азаматтың қызметке тұрлаусыздығы, білім аз шамалылығы, құр даурықпа боямалылығы, еліктегіш мансапқорлығы, кеңсешілдігі, майдакүнемдігі, негізгі мақсат - мұратының жоқтығы, берік жол тұтына алмайтындығы - осының бәрі шын әлеумет қызметкерлерінің піспеген, шынықпағандығын көрсетеді» деген Ж. Аймауытовтың асыл сөзін айта келіп, аға ұрпақтың өз бойындағы кемшілікті жоймай, келешек тәрбиенің түзу болмайтындығын айтқым келеді.
ІІ. 3. ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҚАҒИДАЛАР МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІ
Ұзаққа созылған өз тарихы бар отбасы балаларды тәрбиелеу жолында орасан көп бақылаулар нәтижесін жинақтап, қорытты. Осы қорытулар негізінде аса маңызды тұжырымдар жасалып, олар отбасыдағы балаларды тәрбиелеудің жалпы заңдылықтары ретінде белгілі жүйелерге орай топтастырылды, Дегенмен олардың бәрі ғылыми зандылық байланыс белгілеріне ие болмаса да, өз дәрежесі бойынша алғашқы тұрмыстық деректі пайымдар мен қарапайым көзқарас пікірлерден жоғары келеді. Олардың бәрінің төркін мәні - ата-аналарға кеңес, отбасылық тәрбие ережелері.
Ата-аналар өз тәрбиелік әрекеттерін осы ережелер тұрғысынан салыстыра бағалап барады, сонымен бірге ережелер педагогтар үшін, әсіресе егде ата-аналарға өнімді де негізді кеңестер беріп отыруға қажетті.
Жалпы адамзаттық мәдениеттің бірегейлігі мен тұрақтылығын ескеретін болсақ, балалар ата-аналарынан өз тұлғалық қажет сапалары жағынан онша алшақтамайды. Егер әке мен шеше екеуінің болымды да болымсыз барша қажеттері мен сапаларының қосындысын тең ортадан бөлетін болсақ, олардың жұптастығынан болған баланың біршама дәл бейнесін алуға мүмкін екендігін ғылым дәлелдеп отыр. Бұдан табиғат-ананың біз үшін аса күрделі мәселе туындатпайтынын байқаймыз. Солай да болса отбасыдағы бала тәрбиесіне байланысты көкейтесті проблемалар түбегейлі шешімін таппауынан қате кемшіліктер бітер емес, бітпейді де.
Отбасы тәрбиесінің тиімділігін көтеруге кедергі болар жәйттер қандай?
Біріншіден, нәсілдік. Егер ата-аналардың өздері балалық шағында қандай да жүйке, тәндік, сана-сезімдік проблемаларға кезіккен болса, олардың өз ұрпақтарында да қайталанатынына дайын болып, тумадан көрінетін дерттердің алдын алғаны жөн. Екіншіден, өзгеріске түсіп, үздіксіз күрделеніп баратын балалардың болмыс, тұрмыс жағдайлары, әлбетте, мұндай жәйттердің жүз беруі, бермеуі әрі соларға байланысты проблемалардың туындауы ата-аналардың өздеріне тәуелді. Үшіншіден, күннен-күнге төмендеп бара жатқан отбасылық тәрбие мәдениеті. Әрине, бұл тұрғыдан ата-аналардың жетімсіз педагогикалық мәдениетін ғана кінәләп қоймай, халықтық тәлім-тәрбие үрдістерінен алшақтап бара жатқанымызды, барша қоғамдағы тәрбие салт-дәстүрлерінің келеңсіз бағытта белең алып жатқанын ескеріп барған жөн.
Аталған және басқа да сан қилы әлеуметтік-қоғамдық себептер негізінде ата-аналар ықпалы мен бала тәрбиесінің санасы арасында мың сан тәуелді байланыстар өрбитіні белгілі. Солардың арасынан аса көзге түсер, маңызды болған жәйттерге талдау беріп, және олар бойынша жасалатын тұжырымдарға орай ата-аналар мен педагогтарға қажетті кеңес ұсыныстарды алға тартқан жөн болар.
Отбасы проблемаларымен шұғылданушы әлеуметтік педагогика тәрбиеге байланысты аса нәзік те тереңдей жайлаған тәуелділіктерді байқастырып, оларды қазіргі заман балаларын қоғамдық оңды үрдістерғе икемдестіре тәрбиелеу сапасын көтеру үшін пайдалануды ұсынады.
Олар арасында елеулі маңызды болғандары:
1. Баланы қоршаған жақын орта басымдылығы (приоритет) . Өмір дәлелдегеніндей, адамдардың бір-біріне ықпал жасау дәрежесі олар арасындағы жақындыққа тікелей де тура байланысты. Жақын-жуықтар шеңберіндегі қатынастардан туындайтын талап, шектеулер жалпы қоғамды қоса, бізден аулақ болған қауымдастықтар мен әлеуметтік топтардан болатын ықпалдардан гөрі салмақты да әсерлілеу. Осыдан да баланың болашақ сәтті өмірін қамтамасыз етуде отбасының рөлі орасан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz