Отбасы және тәрбие
Отбасы және тәрбие
Қай заманда, қай елде болса да, отбасының адамзат ұрпағына
тигізетін ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа ешнәрсенің күшімен салыстыруға
болмайды. Қазіргі кезде еліміздің нарықтық қатынастарға өту жағдайында
отбасының жылдар бойына қалыптасқан құндылық негіздері әлеуметтік –
экономикалық тұрғыдан өзгерістерге ұшырауда. Әсіресе, жаңа әлеуметтік
күрделі процесіне талдау жасау қажеттілігі педагогика, психология
ғылымдарының күн тәртібінде тұрған басты проблемаларының бірі. Нарықтық
экңономика жағдайында туындаған қоғамдық қатынастар, қоғамдық санадағы
өзгерістер адамгершілік қасиет – сапаларға, қарым – қатынасқа өз ықпалын
тигізуде. Бұл күнде отбасыларының басым көпшілігі бала тәрбиелеудегі
әлеуметтік, педагогикалық бастапқы өнеге ұясы болатын мүмкіндіктерінен
ажырап отыр. Бүгінгі таңда арнайы әлеуметтік, педагогикалық зерттеулер
бойынша отбасының материалдық ахуалының төмендеуі, адамдам арасындағы
адамгершілік қарым – қатынастардағы өзгерістерге байланысты жалғыз басты
аналардың, әкесіз немесе анасыз балалардың, тастанды балалардың жыл сайын
көбейе түсуі және кейбір отбасыларының адамгершілік тұрғыдан азғындауы
барған сайын өріс алуда. Отбасыныцң өзіндік ұрпақ тәрбиелеу секілді тарихи
парызынан ажырап қалу қаупі де ақиқатқа айналып отыр. Қазақстанда соңғы
жылдары демографиялық ахуалдың төмендеуі, аналар мен жас балалар өлімінің
көбеюі, аналар денсаулығының күрт нашарлауы, отбасында бала туудың кеми
түсіп, керісінше жұмыссыздар санының өсуі, өте қауіпті, қатерлі, жұқпалы
аурулардың көбеюі отбасындағы бала тәрбиесі мәселесінің маңызды әлеуметтік
фактор екенідігін көрсетеді. Отбасы бала үшін әрі тіршілік ету ортасы, әрі
тәрбиелік орта болып есептеледі. Бала өмірінің алғашқы кезеңінде басқа
әлеуметтік – тәрбиелік ықпалдарға қарағанда отбасы ықпалы ерекше орын
алады. Бұл кезеңде отбасы ақпарат хабарлары, ақпарат құралдары, қоғамдық
ұйымдар, еңбек ұжымдары, жолдстары мен құрбылары, достары, әдебиеттің және
өнердің т.б. әлеуметтік орталардың негізгі ықпалын өзі атқарушы тәрбие
ортасы болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда жеке тұлғаның қалыптасуында
отбасы адам тәрбиесінің алғашқы бесігі болып саналады. Отбасынан басталған
оң тәрбие адамдар арасындағы қарым – қатынастың, адамның алдағы барлық
еңбек және әлеуметтік өнерінің бағытын айқындаудың негізі болып табылады.
Егер отбасы жеке тұлғаның қалыптасу процесі мен нәтижесінде шешуші ықпал
жасайтын әлеуметтік фактор деп есептелді, онда дұрыс тәрбиелік ықпалды
ұйымдастыруда ең алдымен отбасына қоғам және мемлекет басты назар аударуы
қажет. Себебі рухани, адамгершілік негізі қалыптасқан ынтымақты, инабатты
отбасы ең ауқатты мемлекет болудың тірегі болып есептеледі. Бұл аксиомадан
тарихта бірде – бір өркениетті ел шет қалған емес. Осы ретте бүгінгі таңда
отбасы бірнеше әлеуметтік саламен тікелей байланысты болуы шарт. Ең
алдымен, мектеп, өнер, әдебиет, мәдеи орындары, клубтар, кітапхана,
мұражайлар, театр, кино, түрлі спорттық, туристік орталықтар, нарық
экономикасында байланысты акционерлік бірлестіктер, т.б. тәрбиелік,
білімділік мақсатта, қазіргі қоғамның өркениетті бағытта дамуына сай
тәрбиеленуіне мүмкіндік жасайды. Осыған орай отбасының мынандай тәрбиелік
рөлі айқындалады:
- бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең
басым болып есептеледі;
- өркениетті, зайырлы; құқықты қоғамның азаматын тәрбиелеуде отбасы
мемлекеттің негізгі буыны;
- отбасы – болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді
қалыптастыратын қоғамның ажырамайтын басты тірек арқауы;
- отбасы – жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырушы. Ол болашақ
жас азаматтың дене жетілуіне, шынығуына рухани және адами дамуына, ең
құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байәлықты
бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы;
- отбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамының тарихындағы ғасырлар сынынан
мүдірмей өткен ұлттық дәстүрді жалғастырушы;
- отбасының әлеуметтік міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке ие болған
Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңдарын құрметтеуші елжанды
азамат тәрбиелеу;
- отбасы баланың мамандықты еркін және саналы таңдауына ықпал жасаушы;
- отбасы өзінің ұрпағын болашақ отбасылық өмірге дайындаушы; сонымен
қазақстандықтардың келесі ұрпағы тәуелсіз мемлекеттің мұрагерлері, жан –
жақты, жарасымды болып өсуі отбасымен тікелей байланысты екенін көреміз.
Алайда, қазіргі отбасы әлеуметтік жағынан қолдау таппай, көптеген
қиындықтарға кездесуде. Бүгінгі таңда көптеген отбасыларға өзінің күші мен
уақытын отбасының және балаларының материалдық жағын қамтамасыз
етуге жұмсайды да, рухани дамуы мен жетілуіне ұрпақтары қалмайды.
Әлеуметтанушылардың зерттеуі бойынша жұмыс жасайтын аналар бала
тәрбиесіне тәулігіне 10 минут, ал жексенбі күндері 30 минут қана бөле алады
екен. Ата – аналардың көпшілігінің балаларымен рухани, қарым – қатынаста
болу ( бірге кітап оқу, бірге отырып теледидар көруі, театрға баруы)
мүмкіндігі мүлде жоқ деуге болады.
Балаларды отбасында тәрбиелеуде орын алып отырған кемшіліктер:
- отбасындағы экономикалық жағдайдың төменгі деңгейде болуы (еңбек ақының
аздығы, өмір сүруге қажетті тұрмыстық заттардың жоқтығы);
- балалардың дұрыс өсіп – жетілуіне, денсаулығына қажетті тағамдардың
жеткіліксіздігі, қоғамдық өмірдегі мәдениеттің құлдырауы;
- отбасының психологиялық тұрғыдан болашаққа сенімсіздігі (жұмыстан шығып
қалам, ауруға ұшырап қалай деген қорқыныш, жүйке жүйесіне ықпал жасайтын
келеңсіз жағдаяттар, т.б.) бүгінгі таңда әсіресе аналарға екі жақты
ауыртпалықтан түсуі – бір жағынан жұмысы болса, екінші жағынан, отбасына
қамқорлық жасау;
- отбасында әлеуметтік, тұрмыстық, адамгершілік қарым – қатынастың
бұзылуынан ажырасудың барған сайын орын алуы. Ал ажырасқан отбасында
бала тәрбиесі қиындай түседі;
- нарық экономикасы жағдайынан туындаған қиындықтардың бірі – мектеп пен
отбасы арасында өзара тығыз байланыстың болмауы;
- жетім балалар мен тастанды балалардың әлеуметтік ортада кең орын алуы;
Жоғарыда орын алған отбасы тәрбиесіндегі қиыншылықтар мен қарама –
қайшылықтарға әлеуметтік – педагогикалық тұрғыдан талдау жасағанымызда,
олардың обьективті жағдайлардан, туындап отырғанын көресіз.
Осыған байланысты отбасы тәрбиесінде кең орын алып отырған
проблемалардың бірі отбасындағы адамгершілік тәрбиесі. Бұл үшін жалпы
адамзаттық құндылықтарды, жаңа адамгершілік қасиет – сапаларды орнықтыру,
салықтың ғасырлар бойы жинақталған адамгершілікке негізделген салт –
дәстүрлер мұрасын отбасы тәрбиесінің өзегіне алынуы керек. Осы орайда
отбасында жеке тұлғаның адамгершілік тұрғыдан толымды адам болып жетілуі
мынадай міндеттермен айқындалады:
- еліміздің өркениетті даму жолында адамгершілік тәрбиесі рухани құдіретті
күш ретінде жеке тұлғаны қалыптастырудың ең негізгі басты шарты
екендігі;
- болашақ ұрпақ бойында құнды қасиеттерді қалыптастыру және сол
қасиеттерді қастерлей білуге үйрету, дағдыландыру;
- адамгершілік сананы, тұрақты адамгершілік сенімді көзқарасты тәрбиелеу;
- қоғамның нарықтық экономикаға өту кезеңінде болашақ ұрпақты қоғамдық,
әлеуметтік, рухани, мәдени саладағы халықаралық қарым – қатынас, жоғары
мәдениеттілік, адамгершілік мінез – құлық, әдет – дағдысын қалыптастыру;
- қоғамның жаңа тарихи даму кезеңінде жас ұрпақты экономикалық бизнесте
білімділігімен, кәсіпкерлігімен, адамгершілік жоғары тараптылық
қасиетімен қатар бәсекелік қабілеттілікке адамдық көрсете білуге
тәрбиелеу;
- жас ұрпақтың адамгершілік тәрбиесіне ықпал ету, жалпыадамзаттық құндылық
қасиеттерді қалыптастыру толыққанды отбасының бірілігі мен
тәрбиелілігіне байланысты болатындығы;
- ұлттық төл мәдениетіміздің кемелді келбетін, салт – дәстүрдің, әдет –
ғұрыптың ғасырлар сынынан өтіп келе жатқан бай мұрасы негізінде жас
ұрпақты тәрбиелеудің ұтымды жолдарын пайдалану.
Бүгінгі күнгі жастарды жан – жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу
отбасылардың алдына үлкен жауапкершілік артып отыр. Өйткені балаға
берілетін саналық тәрбие сипаты ол өмірге келген күннен отбасында басталуы
тиіс. Кейіннен балабақша, мектеп, қоршаған орта және қоғамдағы болып жатқан
әр түрлі жағдайлардың әсерімен одан әрі қалыптаса түседі. Бұл көпшілікке
аян емес шығар. Бірақ бұл жерде балалардың жақсы немесе жаман мінезді болып
жетілуіне ең алдымен отбасындағы ата – ананың, одан соң сол отбасындағы
үлкендердің әсері – ықпалы бірінші кезекте аса маңызды фактор болатынына
назар аударғымыз келеді.
Жарық дүниеге жаңа келген жас нәресте өзін қоршаған ортамен ең алдымен
өз отбасында танысады. Перзент үшін дүниеде ең жетілге, білімді де
мәртебелі адам – оның ата – анасы. Ал, ең әдемі де жарық үй – оның туып-
өскен жері. Сондықтан да жас баланың дамуында ата – ананың орны ерекше.
Балалар өз бойынан ата – анасының бар болмысын көрсетсе, керісінше, ата –
аналар да өмірінің жалғасын балаларынан, олардың болашағынан таппақ.
Мәселен, өзбек ағайындар отбасында балаларды жастайынан өз ата – анасына
ұқсап өсуіне баса көңіл аударуды дәстүрге айналдырған. Оларда әсіресе,
балаларды жас кезінен бастап тазалыққа, жинақы – ұқыптылыққа, еңбекті сүюге
және оның қадір – қасиетін түсінуге, үлкендерді, соның ішінде жасы үлкен
қарттарды құрметтеуге және мейіріммен қарауға, ал өзінен кішілерге қамқор
болуға үйрету – ежелден келе жатқан тәрбие құндылықтары болып саналады.
Ата – аналар өсіріп отырған ұл – қыздарын жағымсыз қылықтардан
сақтандырып отырған. Сондықтан да баланың бойынан көрінген кейбір кішігірім
кемшіліктерді дер кезінде түзеп, ескерту жасап тұрудың маңызы үлкен. Себебі
бүгін арзымайтындай болып көрінген кішкентай қателік ертең үлкен бір даулы
мәселеге жол ашуы әбден мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайдың алдын алмаса,
соңы жақсы нәтижеге алып келмейтіні сөзсіз.
Отбасында жасы кіші оқушыларды ұқыптылық негізінде тәртіпке
дағдыландыру, мәдениетті етіп тәрбиелеу, оларды өздерінен үлкендерді
құрметтеуге, оларға Сіз деп сөйлеуге, сәлемдесу ережелеріне мән беруге,
жағымсыз қылықтардан өздерін аулақ ұстауға үйрету де өте қажетті әрі өте
маңызды мәселе.
Кейбір ата – аналар өз перзенттерін шектен тыс еркелетіп, бетінен
қақпай, көңіліне қарап тәрбиелейді немесе отбасындағы өнегелі тәрбие
жұмысына немқұрайдылықпен қарайды. Ал мұндай жағдайлар көбіне – көп баланың
бойында теріс мінездердің пайда болуына тікелей себепші болуы мүмкін. Бірақ
ата – аналар өзінің осындай кемшілігін сезініп, мойындай береді. бұндай
жағдайлардың орын алуы - өмірде кездесу тұратын шындық.
Отбасындағы қарым – қатынас, үйдегілердің бір – біріне деген сый-
құрметі немесе басқалармен байланысы, сөйлеу мәдениеті, яки болмаса,
жағымсыз қылықтары жас баланың қалыптасуына үлкен әсер етеді. Әсіресе, ата
– аналарының ажырасып кетуі ортада қалған балалар тәрбиесіне қатты ықпал
жасайды. Соның салдарынан әкесіз немесе анасыз тәрбиеленген бала жасық
немесе кекшіл, көңілі жарым болып өседі. Ал ата – анасының ішімдікке
салынып, жанжалдасып, бір – бірін балағаттауы, отбасындағы осындай
кикілжің, ұрыс – керістің кесірінен өз балаларын ұрып-соғуға бару немесе
баланың әрбір сөзіне жеки жауап беру де балдырғанның психологиясына кері
әсер етеді. Кейде үйдегі ұрыс-жанжалдың салдарынан көрші – қолаңдармен
келіспей қалу, сөйтіп олармен де шау араз болып, жанжалдасып, айқай – шу
көтеруі, сол өздері тұрған жердегі адамдардың да мазасын алуы, ол үйге
деген өзгелердің де пікірін өзгертіп, балаларын олардың балаларынан аулақ
ұстауы сол үйдегі өсіп жатқан баланың да мінезіне әсер етеді. Байқап
отырсақ, халқымыздың Бір күн жанжал шыққан үйден қырық күн береке кетеді
деуі үлкен мәнді аңғартады. Қалай дегенмен үйдегі ата – ананың өзін - өзі
ұстау мәдениеті балаларға да өз әесрін тигізбей қоймайды екен. Жолы
үлкендерді, қарияларды құрмет ету, олардың келелі кеңестерін,ежелден келе
жатқан халқымыздың дәстүріне сай берген жол – жоралғыларын тңыдай отырып,
солар көрсеткен жолмен жүру дәстүрі халқымызда ежелден бар. Бұл дәстүріміз
күні бүгінге дейін өз күшін жойған емес, жоймайды да. Себебі келешек
ұрпақтарды да сол тағылым - өнегелермен тәрбиелей білсек, оның жалғасын
келешек ұрпақ ары қарай дамытары анық.
Әлі өмірдің ащысы мен тұщысын татпаған жастар үшін, өскелең өмірдің
қыры мен сырын түсіндіретін осындай ақсақалдардың ақыл – кеңесі әрдайым
керек-ақ. Себебі қариялардың өмірден көрген сабақтары мол. Олар –
мектебінің түрлі сынақтарынан сүрінбей өткен, көнекөз халықтық
мұраларымызды кейінгі ұрпаққа жеткізуші тірі тарихымыз. Содықтан олардың
қадіріне жетіп, құрметін өз деңгейінде қоя білуіміз керек. Бұны әрбір
отбасындағы балаларға саналы түрде түсіндіре білу – үлкендердің міндеті,
әрі қасиетті парызы. Осы жерде тағы бір айта кетерлік жайт – ата – ананың
бір – бірімен түзу кірпіш қалау жөнінде. Бұны әрбір отбасы, мәселен,
біздің халықта ер адамды ұлық тұтқан. Ол – үйдің отағасы, балалардың әкесі.
Ата – ананың бала өсірудегі басты мақсаты – қоғамдық өмірге көпшілікпен
қатар түзу кірпіш қалау. Сондықтан бала тәрбиесіне олардың екеуара қарым
– қатынасы айрықша қатты әсер етеді. Үйде ата – анасы жұбайын құрмет тұтып,
оның абыройын балаларының алдында ұстаса, бала да әкесіне ұқсап беделді
болып өсуге ұмтылады. Керісінше, әке де зайыбына жылы сөйлеп, оны ана деп
құрметтесе, балалар ананың өмірдегі құдіретін түсініп, оның көңіліне қаяу
салмауға тырысады. Ал үйдегі үлкен ата мен әженің орны ерекше екенін
айтпаса да белгілі. Олардың сөзін жерде қалдырмай, өмірден көрген
тәжірибелерінен өмірлік сабақ алу – татырмайтын мектеп десе де болғандай.
Сондықтан да халқымыз қариясы бар үйдің пірі бар деп текке айтпаған.
Шындығында да алдыңғы буын аталармен әжелер соңғы буын ұрпақтарына тек адал
еңбек етуді, Отанын сүюді, жігерлі болуды, сондай-ақ қонақ күтуді,
меймандос күтуді үйретіп келген.
Түйіп айтқанда отбасында ата – аналардың барлық перзенттеріне бірдей
қарап, мейірімділік және қамқорлық көрсете тұрып, қатал да талапшыл болуы;
- отбасында балаларды еңбексүйгіштікке, іскерлікке, төзімділікке үйретудің
рухани және әдептілік жақтан құрылуы;
- отбасында перзенттердің ата – ана алдындағы борышы мен міндетін сезінуі;
- балалардың отбасында адамгершілігі мол болып қалыптасуына үйдегі жалпы
қарым – қатынастың бірізділікпен қойылуы, үйдегі тәрбиелік жұмыстарды
салауатты өмір салтына сай қалыптастыра білуі;
- ата – ананың бойындағы барлық тәрбиелік қасиеттердің балаға сіңілуі,
соның көрінісінің балаларынан байқалуы;
- отбасында балаларды ұлттық құндылықтар негізінде әдепті тәрбиелеу,
сондай-ақ сол ұлттық құндылықтарға, әдет-ғұрыптарға баланың көзқарасын
қалыптастыру және осыларды баланың қолдана білуі керек;
Міне, осындай жәйттерді есепке алмай отбасында бала тәрбиесін жақсы
жолға қою еш мүмкін емес. Өнегелі отбасында тәрбиелі бала өсіру, жаңаша
өмір салтын өнегелі құндылықтармен байланыстыра отырып, келешектің саналы
азаматын даярлау – бүгінгі күннің биік талабы. Мұндайда әкенің кәсібі,
анганың рәсімі деген қағиданы халқымыз өте жоғары ұстайды. Яғни, балаларды
жастайынан әке кәсібіне, ал қыздарды анасының рәсіміне баулу бұрыннан келе
жатқан рәсіміміз. Мұндайда қазақтың Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон
пішер дейтіні де сондықтан. Әсіресе, қыз баланы ибалы, тәртіпті етіп
тәрбиелеу – отбасындағы басты нысана болуға тиіс. Оларға үлкендердің
алдында ерсі қылық көрсетпеу, сөйлегенде үлкен адамға сыпайы жауап беруге
үйрету ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz