Орхон-Енесей жазба ескерткіштері, Күлтегін ескерткіші және Қазақстандағы археологиялық барлау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Орхон-Енесей жазба ескерткіштері - түркі халықтарының көне жазба мұрасы. 1696-1722 ж. С. Ремезов, Ф. Стариенберг және Д. Мессершмид Енисей өзені бойынан, 1889 ж. Н. М. Ядринцев Орхон өзені бойынан құлпы тасқа, қыш ыдыстардың шетіне, тас қабырғаларға ойылып жазылған руна жазулардытапқан. Сол себепті Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін кейде Орхон-Енисей тас жазулары деп те атайды. 1893 ж. Дат ғалымы В. Томсон, 1894 ж. Орыс түркологы В. В. Радлов бұл жазулардың сырын ашып оқып, олар түркі тілдес халықтардікі екенін анықтада. Кейін бұл ескерткіштер және олардың тілдік ереңкшеліктері туралы олардың тілдік ерекшеліктері туралы В. В. Радлов неміс тілінде бірнеше еңбек жарйалады. Ескерткіштердің көбірек таралған жері Орхон, Енисей, Селенга және Талас өзендерінің бойы. Сол табылған жеріне қарай олар шартты түрде Орхон, Енисей, Селенга және Талас ескерткіштері болып үш топқа бөлініп қаралып жүр. Енесей ескерткіштері қатарына Енисей өзені мен Тува, Хакас және Краснояр өлкесінің териториясынан табылған ірілі-кішілі 85 ескерткіш жатады. Енисей ескерткішінің аудармаларын аударуға ат салысқан В. В. Радлов, С. Е. Малов, С. В. Киселов т. б. Орхон ескерткіштері сан жағынан көп әрі көлемді. Орхон ескерткіштері ішіндегі мазмұны мен көлемі жағынан ерекше саналатын көне түркі жазбаларының бірі - Күлтегінге арналған ескерткіш. Ескерткіш қазіргі Монғол халық Республикасы астанасы Ұлан-Батордың батысындағы 400 км жуық жердегі Көкшин Орхон өзені бойындағы Кошо-Цайдам ойпатындағы Қарабалғасын деп аталатын ескі қорғанның 40 км солтүстігіндегі Эрдени-Цзу монастыры маңында орналасқан. Оны алғаш тауып, ғылым әлеміне мәлімдеуші-орыс ғалымы Н. М. Ядринцев. 1890 ж. Г. Гиккель Васфин-Угор қоғамының 1901 ж. В. В. Радлов бастаған орыс ғылым академиясының экспедициялары ескерткіш орнатылған жерге барып, жазуды өз көздерімен тексеріп қайтады. 1902 ж. Учжоудағы ағылшын консулы К. Кембелл Күлтегін ескерткішіне бір сыпыра зерттеу жұмысын жүргізді. 1909 ж. Француз саяхатшысыда Ля Кост келіп тексерді. 1912 ж. В. Л. Котвеич дейтін ғалым қарастырды.

1958 ж. Монғол-чехославяк біріккен ғылым экспедициясы Күлтегін ескерткішінің орнына қазба жұмыстарын жүргізді. Бұған басшылық еткен чех архиологы Л. Иисл. Бұл В. В. Радловтан кейінгі жасалған қазба жұмысы еді. Зерттеу мен қазба жұмыстары бұрынғы айтылып келе жатқандарғаелеулі үлес қоса қоймады. Бірақ олар сол қазба жұмыстары үстінде қорған астынан екі кісінің тасқа әдемі ойылып жасалған бас мүсінін кездестірді. Анықтай келгенде оның бірі Күлтегіннің, екіншісі әйелінің мүсіні болып шықты.

Күлтегінге арналған ескерткіш пирамида тәрізді. Оның биіктігі 3, 15 метр, ені 1, 24 метр, қалыңдығы 0, 41 метр. Ескерткіштің жоғарғы жағы тағы бес бұрышты. Оның қырларында айдахардың суреттері мен қаған таңбалары бейнеленген. Екінші жағында ескерткіштің орнатылған күні - 1 тамыз 732 ж. Деп жазылған. Ескерткіштегі табылған Қытай жазуының оң жағында екі жол түркі жазуы бар, жазу онша анық емес. В. В. Радловтың жобалауы бойынша бұл жазуды қағанның өзі жазған. Ескерткіштің осы беті түгелдей дерлік табғаш жазуы мен көркемделген. Ал қалған үш беті түгелдей көне түркі жазуы мен толтырылған.

Соңғы кезге дейін Күлтегін ескерткіші сол алғашқы қалпында сақталған еді. 1961 ж. Ескерткіштің үстіне жай түсіп ол күлталқан болды. Бұл күндері ол жерде ескерткіштің орны ғана сақталған.

Археологиялық барлау - тарихи көне ескерткіштерді зерттеу, орнын табу, ғылыми тұр

Археологиялық барлау - тарихи көне ескерткіштерді зерттеу, орнын табу, ғылыми тұрғыда тіркеу. 1960 ж. Қазақстанның археологиясының картасын жасау және 1980 ж. Тарихи ескерткіштердің жиынтығын құрастыру кезінде Қазақстан жерінде көптеген барлау жұмыстары жүргізілді. Археологиялық барлаудың негізгі ғылыми мақсаты-белгілі бір географиялық аудандағы көне замандарда өмір сүрген адамдардың тұрмысын, өнерін, діни нанымдарын зертеп тексеруге қажетті материалдарды іздеп табу, олардың топографиялық жобаларын жасау, суретке түсіру типтерін тізімге алу, ескерткіштер мен жергілікті табиғи-ландшафтық жағдайларының арасындағы байланысты айқындау т. б. шаралар. Кейбір жағдайда Археологиялық барлау жазба немесе басқа да деректер бойынша ескерткіштердің дәл орнын анықтау, олардың орналасу белгілеу мақсатымен де жүргізіледі. Археологиялық барлау жүргізудің белгілі мерзімінде алға қойған мақсатына байланысты көптеген әдістер бар.

Соңғы кезде электромагниттік негізде жасалған әртүрлы метал іздеуші құралдар бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күлтегін ескерткіші: Орхон-Енесей жазбалары және түркі тектес халықтардың мәдени мұрасы
Орхон-Енесей ескерткіштері мен түркі жазба мәдениетінің кезеңдері
Түркі халқының мәдениеті және Орхон-Енесей мен Талас жазба ескерткіштері
Орхон-Енисей жазба ескерткіштері: Күлтегін жырының әдеби-тарихи маңызы мен көркемдік ерекшеліктері
Көне түрік жазба ескерткіштеріндегі қытай жазбалары: Күлтегін ескерткіші бойынша зерттеу
Орхон-Енисей жазба ескерткіштері: тарихы, зерттелуі және аударылуы
Көне түркі руникалық жазба ескерткіштері: Орхон-Енисей жүйесі және Қазақстандағы нұсқалар
Орхон-Енесей ескерткіштерінің тарихы мен зерттелуі: Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк жазбалары
Ортағасырлық Қазақстандағы түркі мәдениеті: археологиялық, жазба және сәулет ескерткіштері
Ежелгі түркі мәдениеті: Орхон және Енисей жазба ескерткіштері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz