Ортағасыр ғұламаларының тәрбие тағылымдары
Жоспар:
І. Кіріспе:
ІІ. Негізгі бөлім
Ортағасыр ғұламаларының тәрбие тағылымдары
2.1. Әл-Фараби – дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының негізін салушы
2.2. Әл-Фараби еңбек тәрбиесі туралы
2.3. Махмуд Қашқари ілімінің тарихи маңызы
2.4. Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" дастанының тәрбиелік маңызы мен
мәні
2.5. Ибн Сина еңбек пен еңбек тәрбиесі туралы
2.6. Низами Гәнжауи тағылымы – тәрбие тәлімі
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
І. Кіріспе
Қандай да болмасын ғылым салаларының пайда болуы және дамуы қоғамның
өмірлік қажеттілігінен туады. Мысалы, химия, физика, биология - өзімізді
қоршаған табиғатты тану ғылымдары ретінде, философия, экономика негіздері –
қоғамдық құбылыстарды, психология – жеке тұлғаның санасы мен мінез-құлық
ерекшеліктерін тану қажеттілігінен пайда болды.
Педагогика ғылыми пән ретінде қоғамдық құрылыс пен өндірісті сақтап
дамытуға, өсіп келе жатқан ұрпақты мақсатты түрде неғұрлым нәтижелі
даярлауға деген қоғамының қажетінен туған. Философиялық ой-пікірлерден
бастау алған педагогика тәрбиеге байланысты бірте-бірте жинақталған
теориялар мен қағидалар және фактілерді ой елегінен өткізіп, тәрбиенің
мәнін даму заңдылықтарын түсіндірудің басты құралы, әртүрлі педагогикалық
құбылыстарды жан-жақты зерттеудің ғылыми және әдістемелік негізіне айналды.
Педагогикалық ойлардың дамып жетілуі ертедегі шығыс елдерінің (Египет,
Вавилон, Үнді, Қытай) философиялық жүйесінде қалыптасып, ежелгі грек
философиясының өкілдерінің еңбектерінде саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам
туралы құнды пікірлерімен жалғасын тапты.
Мұндай тәрбиелік тағылымдар мен педагогикалық ойлар және оқу үрдісінің
үлгілі тұжырымдары күні бүгінге дейінгі әлеуметтік-қоғамдық дәуірде үш-
тасып, өзінің тарихи шешімін тауып отыр.
2.1. Әл-Фараби - дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының негізін салушы
(870-950)
Әбу Насыр Мухаммед ибн Узлағ Тархан әл-Фараби (870-950 ж.) ойшыл,
философ, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист,
логик, музыка зерттеушісі. Қазіргі Шымкент облысының жеріндегі көне Фараби
(бертін замандағы Отырар) қаласында туған.
20 жасына дейін сонда оқып тәрбиеленіп, кейін Самарқанд, Бухара, Хиуа
және мұсылман шығысының көп жерлерін аралаған, ұзақ уақыт бойы араб
халифатының саяси, мәдени орталығы - Бағдатта тұрған. Арабтың мәдениеті мен
ғылымы дәуірлеген шақта соңда оқып, білім алып, ғылыми жұмыстармен
айналысқан. Өмірінің соңғы жылдарын Каирда, Алеппода, Дамаскіде (Шам
шаһарында) өткізген.
Фараби есімі дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының тарихынан берік орын
алады. Оны Шығыстың Аристотелі деп атаған. Артында қалған ғылыми мұрасы өте
мол. Екі жүз қырыққа жуық трактат жазған. Олар ғылымның алуан түрлі саласын
– философия мен логиканы, математика мен физиканы, астрономия мен
ботаниканы, минералогия мен лингвистиканы, медицина мен музыканы қамтиды.
Осынау ұланғайыр еңбектерінің ішінде философия мен әлеуметтанудың, этика
мен эстетиканың проблемалары үлкен орын алады.
Фараби шығыс перипатетизмнің аса көрнекті өкілі, араб тілінде әлемге
тараған прогресшіл қоғамдық философияның негізін салушылардың бірі. Ол
философияның, логиканың, әлеуметтанудың, этика мен эстетиканың әр түрлі
саласына сан қырлы үлес қосты.
Этика Фараби мұрасының ішінде үлкен орын алады. Этиканы ол ең алдымен
жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады.
Сондықтан оның этика жөніндегі концепцияларында жақсылық, мейірбандық
категориясы басты орын алады. Жақсылық мазмұн-мағынаның бір бөлігі,
сондықтан ол материяның өзінде бітіп қайнап жатыр. Ал жамандық жақсылық
сияқты емес, ол болмыс жоқ жерден пайда болған дейді. Ұлы ғалымның осынау
этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол адам баласын
жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны
құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді. Бірақ жамандықты жақсылық жеңгенде
ғана адам баласы ізгі мұратына жетеді деп қарайды. Фараби бұл салада
жасаған қорытындының басты түйіні - білім, мейірбандық, сұлулық үшеуінің
бірлігінде, Фарабидың гуманистік идеялары әлемге кең тараған. Ол ақыл ой
мен білімнің биік мәнін, халықтар арасындағы туысқандық, достықтың
принциптерін егіле жырлады, адамгершілік, моралъ мәселесін діни тұрғыдан
берілетін негіздер екенін көрсетті.
Риторика, поэтика, өнер, музыка, т. б. жөніндегі еңбектерінде айтылған
көркемдік-эстетикалық көзқарастары әлі күнге мәнін жоймаған. Ұлы ойшылдың
көз тіккен эстетикалық проблемаларының ауқымы үлкен, шеңбері кең. Эстетика
мәселесі жөнінде айтқан соны пікір, тың идея, батыл тұжырымдар оның
көптеген шығармаларында кездеседі. Мысалы, "Риторика", "Поэзия өнерінің
каноны туралы трактат", "Поэзия өнері туралы" т. б. еңбектеріңде
көрсетілген.
Музыка зерттеу саласында Фараби әралуан шығармаларымен қатар "Музыка
туралы үлкен кітап" атгы іргелі кесек еңбек қалдырды. Бұл жұмыс музыкалық
дыбыстың сипаты мен құрылымынан бастап, музыканың поэзиямен байланысына
дейінгі "Музыка ғылымының" мәселелеріне ғана арналмай, музыканың жағымды
әсерін, жан-жақты дәлелдеді, сондай-ақ, оның тәрбиелік мәні зор екенін баса
айтгы. Адамның музыка шығару қабілеті, дарындылығы дәрежесінің әр түрлі
сатысын көрсетті, адамның жан дүниесіне жақсы, жаман әсер ететін музыкалық
жанрларға талдау жасайды.
Адамды жетіле түсуге, бақытқа, молшылыққа жетелеуді көздеген Фараби
әділеттілікті халықтар достығын насихаттауда, мәдениетті, ғылымды жасауда
барлық адам бірдей екенін уағыздаған гуманистік идеялары, оның өз
заманындағы Шығыс елдерінің, әрі дүние жүзі халықтарының көкейтесті
проблемаларымен үндесіп жатады. Сондықтан да оның энциклопедиялық мол
мұрасы біздің қазіргі XXI ғасырдың басындағы әлеуметтік өмір мен
мәдениеттің ішіне кірігіп, ұласып кетеді. Фарабидің: "Бақытқа жету жолында
барлық халық бір-біріне көмектесетін болса, жер беті түгелімен берекеге
толады", - деген сөзі тап бүгін де өте мәнді.
Ол адамның іс-әрекетінде зерделіліктің (зиялылықтың) рөлі аса зор деп
бағалады. "Олардың ақыл-ойы халықтар арасындағы ұрыс-жанжалдардың
(соғыстың) пайдасыздығын ұғуға жетеді". Сондықтан олар ең жоғарғы игілікке,
берекеге жету жолында, (демек бақытқа жету жолында) бір-бірімен келісімге
келуі керек". Гуманизмді халықтар достығын насихаттап, адамның өзін, оның
ақыл-ойын, қабілет пен жігерін өте жоғары қояды, адамның шынайы бақытын
тілейді, оларды тынымсыз іздену, оқу-үйрену арқылы өзін-өзі жетілдіруге
шақырады. Тек адамның мінез-құлқына байланысгы ғана одан жаман немесе жақсы
қылық шығады", - дейді әл-Фараби.
Жаратылыстану ғылымдарының ішінде Фараби заманында медицина ғылымы
жақсы дамыды. Антика заманы мен орта ғасырларда философия мен медицина
жөніндегі білім бір-бірімен тығыз байланыста болатын. Көптеген философтар
дәрігерлікті және философияны қатар зерттейтін. Фараби творчестволық
мұрасында медицина саласынан да еңбектер бар.
Оның медициналық-философиялық идеялары тек соңғы кезде ғана
ғалымдардың зерттеу объектісіне айналды. "Адам денесінің органдары жайында
Аристотельмен келіспеуіне байланысты Галенге қарсылық" атты трактаттары
орыс тіліне аударылып басылып шыққаннан бері зерттеле бастады. Өзбек
Республикасының Шығыстану институтында сақтаулы жатқан қолжазбалардың
ішінде Фарабидің "Жануарлардың органдары (денесі), олардың функциясы мен
потенциясы" атты еңбегі бар екені айтылады.
Медицина саласындағы трактаттарды ғылымның жаратылыс тану,
философиялық идеялары және грек заманындағы классикалық ғылымның
жетістіктерімен тығыз байланысты екенін көрсетіп қана қоймайды, сонымен
бірге оның ғылыми тұрғыдан дұрыс та деректі білімнің тазалығы үшін
күрескендігін дәлелдейді, білімнің ұланасыр энциклопедиялық сипатта екенін,
әр ғылымның күрделі проблемаларын аналитикалық жолмен шешетіндігін айқын
ажартады. Ол жаратылыс тануды теориялық білім деп қарайды. Ал медицинаны
практикалық өнердің әлде қандай бір түріне жатқызады. Оның айтуынша,
жаратылыс тану әрбір табиғи заттың мазмұн-мағынасын түсіндіріп беруге
қызмет етеді. Материяны, оның формасын әрекетінің себебін анықтайды, бұл
қасиеттері оның болмысын, мақсатын көрсетеді, бұл зат сол үшін тіршілік
етеді, сөйте отырып әрқайсысының жеке-дара белгілерін түсіндіреді. Ол
медицинаны практикалық өнер деп қарап, оның міндеті мен мақсатын,
функциясын ерекше даралап айтады. Медицинаның әрекеті белгілі бір аурумен
ауырған адамға емдік ету арқылы денсаулығын қалпына келтіруге бағыт алған.
Сонымен дұрыс дерекке сүйенген медицинаның міндеті адамның ауруының себебін
ашып қана қою емес, оның денсаулығын сақтау, жеке органдарын аман ұстаудың
және аурудың туу себептерін сипаттауға айырықша орын беріледі. Оның себеп-
салдар байланысын сыртқы әсермен ұштастыру негізінде қарастырады. Ғалым
денсаулықты сақтауда, ауруды жазуда айналаны қоршаған ортаның, дәрі-
дәрмектің, тамақтың рөлі зор екенін көрсетеді. Сондай-ақ, дәрігердің білім,
тәжірибесі, түрлі дәріні медициналық аспаптарды қолдана білуі де қажетті
шарт екенін атайды. Оның пікірінше, адамның барлық органдары бір-бірімен
өзара байланысып жататындығын білу дәрігерлік емдеудің ең маңызды принципі
болуға тиіс.
Әл-Фараби тәрбиенің барлық мәселелерін логикамен, тәрбие мұратымен,
білім алумен, үйренумен үлгілі тәжірибемен, оқумен байланыстыра
уағыздағанын білеміз. Ол өзі жазған "Ақыл мен түсінік" атты еңбегінде
ақылдылық пен адамгершілік үлгілі тәрбиеге байланысты, оның негізі таза
еңбекте, еңбек өз кезегінде - тәрбиенің негізінен туындайды деген еді.
Тәрбие қоғамдық өмірдің жалпы және қажетті категориясы екенін біз тәрбие
тағылымынан жақсы білеміз. Демек, жас өспірімдер мен аға буын арасындағы
мирасқорлық тәрбие арқылы жүзеге асады. Дәлірек айтсақ, тәрбие жеке адамның
адамгершілік, ақыл ойының дамуында, еңбекке баулуда басты рөл атқарады.
Барлық қоғамдық-экономикалық формацияларға тән құбылыс ретінде тәрбиенің
жалпылық белгілері бар. Ол тәжірибенің ұрпақтан ұрпаққа берілуі, білім
меңгеру, денсаулық сақтау, дүниеге көзқарасты қалыптастыру. Алайда,
тәрбиенің мақсат, мазмұны, ұйымдастыру түрі, әдісі қоғамдық қатынастардың
тарихи дамуына сәйкес өзгеріп отырады. Алғашқы қоғамда тәрбие аға буынның
өмірге қажетті практикалық дағдыларын жас буынға үйретумен шектелді.
Балалар барлығы бірдей тәрбие алды. Таптық қоғамының тууына байланысты
тәрбие таптық сипат алды. Феодализм дәуірінде тәрбиенің сословиялық сипаты
айқындала түсті. Әр сословие балаларының тәрбиесінің өз міндеті, мазмүны
және түрі болды. Буржуазиялық қоғамда сословиялық мектептердің орнына
таптық қайшылықты күшейтті. Қазіргі капиталистік елдерде де әртүрлі
әлеуметтік топтар тәрбиесі арасында дифференциация бар.
Еңбек тәрбиесінің теориясын, тәрбиенің жалпы және қоғамдық категориясы
ретінде Педагогика ғылымы жан-жақты зерттеп келді. Демек, еңбек тәрбиесі
белгілі бір қоғамда жасөспірімдер мен жастардың еңбекке саналы да
адамгершілікті арқау етіп, мирас тұтатын көзқарасты, жоғары саналылықты
еңбек үстінде қалыптастыратын процесс.
Әл-Фараби Аристотельдің ғылыми мұраларын жан-жақты зерттеп, өзінің
ғылыми еңбектерінде адам ақыл-ойының дүние танудағы құдіреттілігін
дәріптейді. "Қайырлы қала тұрғындарының көзқарасы", "Бақытқа жету" тағы
басқа шығармаларыңда ғылымды меңгеруді бұл дүниедегі бақыт, кемел табудың
қажетті шарты деп санайды. Ол өз заманындағы ғылымдардың барлық салаларынан
әсіресе, математика, астрономия, физика, жаратылыс тану ғылымдарынан көп
мұра қалдырды, трактаттарында, адамгершілік, ақыл-ой, еңбек, тәрбиелерін
адамды ақылдылыққа үйретіп, еңбекке үйретіп баулудың, күнделікті өмір
сүрудің тыныс-тіршілік құралы - деп тұжырымдайды. "Бақытқа жету" атты
еңбегінде, жас ұрпақ тәрбиесі, жеке бала тәрбиесі, тіпті кейде жеке адам
тәрбиесі, жастар тәрбиесі, жас жұбайлар тәрбиесі жайлы жан-жақты ұлағатты
ұғымдар, трактаттар, өсиеттер, үлгілі-өнегелі сөздер, пікірлер біздің
заманымызға дейін сақталып, ол ұрпақтан ұрпаққа беріліп, халықтық
педагогиканың қазынасына айналды. Онда тәрбиенің педагогикалық мақсат,
міндеті, оның философиялық негізі баяндалып тұжырымдалады. Оның ойынша,
бақытқа жету басы – таза еңбек, адал еңбек, (ой толғанысы) болып
есептеледі.
Әл - Фараби тәрбиенің, оның ішінде еңбек тәрбиесінің теориясы ғылымға
негізделуі қажет деп тұжырым жасады. Ол өзінің "ғылымдар тізбегі" немесе
"ғылымдарды жіктеу" деген еңбегіңде сол кездегі ғылымды үлкен-үлкен бес
салаға бөледі. Олар: I - Тіл білімі және оның тараулары. 2-Логика және оның
тараулары. 3-Математика және оның тараулары. 4-Физика және оның тараулары.
5-Азаматтық ғылым және оның тараулары, заң ғылымы және дін ғылымы. әл-
Фараби педагогика ғылымын - Азаматтық ғылымға жатқызған. Ол Азаматтық
ғылымды - оның саласы педагогиканы оқу, білім алу тәрбиенің құралы деп
есептеген. Еңбек ету, саналы болу, адамгершілік, ақылдылық - табиғаттан
туындауы шарт деген ғылыми тұжырым жасады. Фараби адамның өзі табиғат, адам
– жер бетіндегі тірі организмдер дамуының ең жоғарғы сатысына көтерілген,
еңбек құралдарын жасап, оларды өз қажетіне жарата білген, түсінікті сөз
сөйлей білетін саналы белгілі бір ортаның мүшесі. Сол кездегі түсінік
бойынша, Фарабидің орта - деп отырғаны бүгінгі қоғам болса керек. Адам
туралы материалистік бағытты ұстаған Фараби – адам еңбек ету нәтижесінде
жоғары сатыға көтерілді деген тұжырымға келді.
Әл-Фараби тәрбие процесінде "қатты әдіс" пен "жұмсақ әдісті"
ұштастыруды талап етеді. Ол оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттарын жеке-жеке
анықтайды. Қазіргі тәрбие процесі тұрғысынан қарағанда, "қатты әдіс" - деп
отырғаны жазалау да, "жұмсақ әдіс" - деп отырғаны мадақтау болса керек.
Демек, Фараби педагогикалық ықпал ету әдістерін алғаш ұсынған, оның
тиімділігін қолдану жолдарын дәлелдеп кеткен дана ғалым. "Ғылымдар
тізбегі", "Ғылымдардың шығуы" атты еңбектеріңде ол ғылымдарды үйрену,
үйрету реттерін белгілейді. Евклид негіздеріне жазған түсініктемесіңде
оқытудың көрнекілік принциптерін жақтайды. Әл-Фараби тек педагог ғана емес,
асқан әдіскер ғалым болған. "Музыканың ұлы кітабы", "Алмагеске түсініктеме"
деген еңбектерін – ғылымды түсінікті, қонымды баяндаудың өз заманыңдағы
тамаша үлгілері, оларды белгілі бір оқушылар тобына арнайы жазылған
оқулықтар - деп қарауға болады.
Аристотельден кейінгі дүниежүзілік білім мен мәдениеттің "екінші
ұстазы" болған әл-Фараби Аристотельдің шығармалары жайыңда көптеген
трактаттар мен түсіндірмелер жазды. Осы тұрғыдан қарай отырып білімді, ол
философиялық категория деп қарады. Білім, Фараби еңбектерін негізінен алсақ
- философиядағы бүкіл танымның даму процесіңде қалыптасқан адамзат
мәдениетінің, рухани қазынасының жиынтығы Фарабиден кейінгі ғалымдар,
әсіресе философ, педагог ғалымдар, айналадағы дүниені жан-жақты зерттеп,
заңдылықтарын ашып игерудің нәтижесінде қоғамдық өмірдің даму сатыларына
сәйкес, адамдардың іс-әрекеті мен тәжірибесінде айқындалып дәлелденген
белгілі жүйедегі ұғымдар дүниесі - деп білімге тұжырымды анықтама берді.
Мысалы, Ыбырай мен Абай Фарабидің білім туралы трактаттарын жетілдіре,
дамыта отырып – білімді еңбектің, еңбек тәрбиесінің тәжірибелік, өмірдегі,
күнделікгі тіршіліктегі іске асырылған жемісі деген тұжырымға келді.
Тарихқа, тәрбие тағылымына, еңбек пен еңбек тәрбиесінің даму жолдарына
көз салсақ, білім туралы мынадай мағлұматтар айтуға болады. Демек,
адамзаттың дамуы, қоғам, айнала орта, қолы жеткен біліміне сүйене отырып,
табиғат күштерін өздеріне бағындыру арқылы, материалдық игіліктерді
өндіріп, қоғамдық қатынастарды өзгертті. Педагог ғалымдардың зерттеуіне
қарағанда білімнің ең қарапайым тұрмыстық формалары жас балаларда
кездеседі. Оны әрі қарай дамыту, жасөспірімдердің жас ерекшеліктерін ескере
отырып, еңбек тәрбиесін жан-жақты жүргізу арқылы орындалады. Әрбір адам
және әрбір жас, әрбір оқушы өзінің қоршаған дүние мен қоғамдық орта жөнінде
эмпирикалық тәжірибелік мағлұматтар алады. Тіпті, алғашқы қауымдағы
адамдардың өзі көптеген тұрмыстық білімге ие болып, оны әдет-ғүрып, ата-
баба тәжірибесі, өндіріс құралдарын пайдалану әдістері тағы басқа тіршілік
қаракеттері арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келді. Білімнің қай түрі
болмасын адамзат тәжірибесінің, тәрбиенің еңбектің негізінде дамып отырады.
Сондықтан, Фарабиден кейінгі әр түрлі қоғамда, адам баласы дамуының әрбір
тарихи кезеңдерінде – ғалымдар, философтар, тарихшылар, педагогтар білімді
адамдардың объективті омір процесінің жемісі деп қарап, оның даму
диалектика-сының заңцарын ашу танымының бірден-бір міндеті деп саиайды.
Фарабидің еңбектерін зерттеген, әрі қарай өзінің таным теориясы ұғымын ең
алғаш рет философияға 1854 жылы енгізген Шотландия ғалымы Фаррьер – былай
деп айтқан екен.
... Дүние тану теориясында да диалектикалық жолмен байымдау керек,
яғни біздің дүние тануымызды даяр тұрған өзгермейтін нәрсе деп ойламау
керек, қайта білмеушілік псн білушілік қалай туатынын, толық емес, айқын
емес, білімнің қалайша толығырақ, айқынырақ білімге айналатынын тексеру
керек" деген болатын.
2.2. Әл-Фараби еңбек тәрбиесі туралы
Әл-Фараби тәрбиенің, оның ішінде еңбек тәрбиесінің теориясы ғылымға
негізделуі қажет деді. Ол ғылымды тарихи процесс деп түсініп, ғылым-жүйелі
түрде құрылған білімнің жоғарғы формасы деген анықтама жасады. Фараби өмір
сүрген дәуірде педагогика ұғымы болмағаны белгілі. Алайда, ол ағарту - оқу
мен тәрбие туралы, еңбек мәдениеті туралы ілім жасады. Еңбектің өзі өнер -
еңбек тәрбиесі сол өнерден туындайды, әрбір адамды еңбекке баулиды, еңбек
шеберлігіне үйретеді. Олардың еңбек ету дағдысын қалыптастырады – деген
болатын Фараби. Ол еңбектің өзін қоғамның өмір сүруінің негізгі адамзат
тіршілігінің мәңгілік, табиғи шарты деп қарастырды. Фараби еңбек процесінің
бағыттарын белгіледі. Ол мақсатқа сай қызмет, яғни, еңбектің өзі, еңбек
заттары мен еңбек құралдары. Адам еңбегі бағытталған нәрсенің бәрі еңбек
заттары деп аталады. Оның еңбек туралы бұл тұжырымдарын күні бүгінге дейін
жалғастырып келе жатқан ғалымдар бар.
Еңбек тәрбиесінің теориясын жасауда Аристотель негізін салған
теорияның анықтамасына сүйенеді. Демек, ол қандайда болсын құбылысты
түсіңдіруге бағытталған ұғымның, идеяның, белгілі бір саласының мәнді
байланыстары мен заңдылықтары жөнінде толық түсінік беретін ғылыми білімді
қорытудың ең жоғарғы формасы деген қағиданы ұдайы басшылыққа алып отырды.
Осы негізде алсақ, еңбек тәрбиесінің теориясын Фараби - "Өзінің ішкі
құрылымы жағынан бір-бірімен логикалы байланыста болатын бір тұтас білім
жүйесін құрайды деп тұжырымдады". Педагогикалық тұрғыда қарастырсақ бұл
тұжырым оқушыларға саналы тәртіп, сапалы білім беріп, пайдалы қоғамдық
еңбекке баулу – деген сөз. Фараби еңбек тәрбиесінің теориясын жасауда еркін
еңбектің адамның жан-жақты дамуы үшін маңызы зор екенін көрсетті.
Фараби еңбектерінің, оның өз дәуірі үшін шығармашылық мұраларын
зерттеп, кейінгі ұрпаққа қалдырған оқу-ағарту, білім беру ілімінің
тәрбиелік мазмұны мен мәнінің еңбек пен еңбек тәрбиесі туралы тағылымның
тәжірибелік маңызы мынадай болды.
1. Еңбек әрбір қоғамдық құбылыс ретінде өзгеріп отырады, еңбек - еңбек
тәрбиесінің мазмұны мен мәнін өзгертеді.
2. Әл-Фараби ілімі тәрбиенің әрбір қоғам кезіндегі феодализм,
капитализм, социализм әлеуметтік мәнін ашты. Фараби ілімі тәрбие – еңбек,
адамгершілік, ақыл-ой тәрбиесінің теориялық негізін қалыптастырды.
3. Ғылымдар тізбегін жасау, оны әрбір топқа бөлу арқылы – болашақ
жасөспірімдерді жан-жақты жетілдірудің қажеттілігін ғылыми тұрғыдан
дәлелдеді. Ғылымның еңбек пен еңбек тәрбиесіндегі негізін және оның
теориясын жасады.
4. Еңбектің, еңбек тәрбиесінің ғылыми негізін сала отырып, оны практикада,
өмірде қолданудың тәжірибесін көрсетті.
5. Әл-Фараби ілімі шығыс халықтарының педагогикалық ой-пікірінің дамуында
революциялық – төңкеріс болып есептеледі. Демек, ол Шығыс халықтарының салт-
санасының, әдеп-ғұрпының ағартушылық, тәлім-тәрбиелік ой-пікірінің,
ғұламалық тағылымының дамуында жаңа кезең ашқан – халықтық педагогаканың
негізін қалады.
2.3. Махмуд Қашқари ілімінің тарихи маңызы (1030-1090)
Махмуд Қашқари арабша жоғарғы білім алған өз заманының аса көрнекті
ғалымы болған. Араб филологиясын жетік білген және өз білімін туған
халқының тілі мен әдебиеті, тарихы мен этнографиясы, географиясы жайында
зерттеулер жүргізуге жұмсаған. Махмуд Қашқаридың дәл қай жылы туып, қанша
жыл өмір сүргендігі әзірше белгісіз. Бұл жөніндегі жалғыз дерек кітабының
аяғында ол бұл кітап мені өлімге бір табан жақындатты деп жазады. Бұл бір
жағынан, автор өзінің бұл тарихи еңбегін жазуға ұзақ жылдар бойы еңбек
еткенін дәлелдесе, екінші жағынан оның біраз жасқа келгендігін де
көрсетеді. Олай болса Махмудтың туған кезі XI ғасырдың басы болса керек.
Өйткені "Диуани лұғат-ат-түрк" хиджра есебімен 464-жылдың бесінші айының
алғашқы күні (қазіргі жыл санау бойынша 1072 жылдың 25 қаңтарында) жазыла
бастаған, 466 жылдың алтыншы айының 10 күні (1074 жылдың 10 ақпанында)
аяқталған. Осыдан екі ғасыр өткен соң 1266 жылдың тамыз айында Диуани
лұғат-ат-түрк" түп нұсқасынан бір сириялық кісі көшіріп алады. Көшіруші
былай деп жазады: "Әуелі Сава, кейін Шам (Дамаск) қаласының тұрғыны
Мұхаммед бин Әбібәкір ибн Әбілфатих (оны тәңірі жарылқасын) осы кітапты түп
нұсқасынан көшіріп, 664 жылы оныншы айдың жиырма жетінші жексенбі күні
бітірді". "Диуани лұғат-ат-түрк" автордың соңғы еңбегі болса керек. Өзінің
айтуынша ол бұл кітаптан бұрын да түркі тілдерінің синтаксистік жүйесі
жайында ("Джавахир ан-нахви фллафи түрк") "Түрік тілінің синтаксистік
жүйесінің негіздері" деген ғылыми трактат жазған. Алайда оның бұл еңбегі
сақталмаған болу керек, сондықтан осыдан басқа еш мәлімет жоқ.
Махмуд Қашқаридың атын бізге, біздің заманымызға жеткізген оның ұлы
мұрасы "Диуани лұғат-ат-түрк". Сондықтан Қашқари жайындағы, оның тарихи
ерлігі жайындағы мәселені – сол еңбегі, оның мәні мен маңызы, онда сөз
болған шешуін тапқан ғылымдық мәселелерден бөлектеп қарауға болмайды. Осы
екеуін бірлікте алып, жарыстыра әңгімелегенде ғана бұдан тоғыз жүз жылдай
бұрын өмір сүрген, еңбек еткен ұлы ғалымның нағыз бейнесін еске аламыз.
М. Қашқари еңбегі негізінен сол дәуірдегі түркі тайпаларының тілдік
құрылыстарын жүйе-жүйемен баяндауға арналған. Бірақ кітаптың берер мәліметі
онымен ғана шектелмейді. Қашқари еңбегін қазіргі заманда, тек қана тіл
мамандары оқып, зерттеп қоймай, сонымен қатар, әдебиетші, тарихшы,
этнографтар мен географтардың да үңіле қарап, жете зерттеп, жүргені
кездейсоқ жай емес. Қашқари еңбегінің әдеби маңызы жайлы неміс оқымыстысы
М. Хартман "Диуани лұғат-ат-түрк" – халықтық әдебиеттің үлгісі, соның
негізінде құрылған" дейді де, осыдан екі-ақ жыл бұрын жазылған "Құдатқу
білігті" ("Бақыттылық жайлы ілім") - сарай әдебиетінің нұсқасы деп табады.
Бұл "Диуани лұғат-ат-түрк" түркі халықтарының ескі әдебиетінің тарихында
аса сирек кездесетін әдебиет үлгісі екендігін анықтаған ғалымның пікірі.
Махмуд Қашқари еңбегінде, жоғарыда көрсетілгендей, сол заманғы түркі
тайпалары жайында мәлімет беріледі. Ол мәліметтер қай халықтың қандай тілде
сөйлейтіні жайында ғана емес, олардың орналасу тәртібі, қай тайпаның қайдан
келгендігі, қандай территорияны мекендейтіні, әдет-ғұрыптық ерекшеліктері
және т. б. болып келеді. Осыған байланысты М. Қашқари өмір сүрген дәуірдің
кейбір тарихи жағдайларын еске түсіре кеткен мақұл. М.Қашқари XI ғасырда
өмір сүріп, еңбек етті. Бұл дәуір тарихта қараханидтер деген атпен белгілі
М. Қашқаридың өзі де осы қараханид патшалығы әміршілерінің біріне туыстық
жақындығы барын айтады. X ғасырда басқа тайпалар арасында үстемдік алған
Қарлұқ тайпалар одағы Жетісу өңірінде негізгі түрік халықтарынан шыққан
қараханидтер, яғни Илекхан династиясының бастауымен өздерінің қуатты
мемлекетін құрады. Қараханидтер мемлекеті тарихта түркі халықтары
арасындағы алғашқы мұсылман династияларының бірі еді. Мемлекеттің орталығы
әуелі Баласағұнда (Қырғызстанның Тоқмақ қаласы) болады, кейін Қашқар
қаласына ауысады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz