Паскаль тілінің операторлары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

РМҚК «Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ АРҚАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ»

Жаратылыстану және ақпараттандыру факультеті

Математика, физика және информатика кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ОРТА МЕКТЕПТЕ ПАСКАЛЬ ТІЛІНДЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Орындаған:

«050111» информатика

мамандығының 4 курс студенті: Естайлакова А. А. .

Ғылыми жетекшісі: о., Долин Қ. Ж. .

Қорғауға жіберілді:

Кафедра меңгерушісі,

ф-м. ғ. к. ., доцент Үмбетов Ә. У.

Арқалық, 2008


Мазмұны:

Кіріспе

І. Негізгі бөлім

1. Орта мектепте программалау негіздерін оқыту

1. 1. Алгоритм туралы түсінік

1. 2. Орта мектепте программалау тілін оқытудың орны.

1. 3. Орта мектеп оқушыларын компьютерде программалау дағдысына баулу

2. Turbo Pascal программалау тілін мектепте оқыту әдістері

2. 1. Программалау тілдері және негізгі классификациясы

2. 2. Паскаль тілінің негізгі элементтері

2. 3. Паскаль тілінің операторлары

2. 4. Амалдар және өрнектер

2. 5. Процедура және функция

2. 6. Мәліметтердің құрылымдық типтері

3 Зертханалық жұмыстарды ұйымдастыруда информатика және есептеу техникасы кабинетіне қойылатын талаптар

3. 2. ИЕТ кабинеті бөлмелеріне қойылатын талаптар . Санитарлық-гигиеналық талаптар.

3. 3. Оқу кабинетіндегі жиһаз комплектілеріне қойылатын талаптар .

3. 4. Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі

ІІ. Эксперименттік бөлім

Turbo Pascal программасына арналған зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру.

ІІІ. Қорытынды

ІV. Қолданылған әдебиеттер


КІРІСПЕ

Президентіміздің нақты тапсырмасына сәйкес, Республика Үкіметі орта білім беру мекемелерін ісіне қазірдің өзінде кірісіп кетті. Алайда, білім беру мекемелерін компьютерлендіру дегеніміз өзі сандық көрсеткіштер арқылы ғана өлшенбек емес. Әңгіме, оқушылардың қазіргі заман талабына сай жан-жақтылығын қамтамасыз ету жолындағы кеңінен ақпараттандыру процесі жайлы болып отыр.

Мектепте информатиканы оқытудың мақсаты - әрбір оқушыға информатиканы ғылыми негіздерінің алғашқы фундаментальды білімін бері, оқушыларға осы білімді мектепте оқытылатын басқа ғылымдардың негіздерін түпкілікті және сапалы түрде меңгеруге қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Информатиканы оқытудағы алгоритмдер құру, оларды ЭЕМ-да орындау оқушыдан ойлануды және шыдамдылықты арттыруды, көңіл қоя білуді, көз алдына елестете білуді талап етеді. Алгоритмді жазуға дағдылану жауапкершілікпен қарауды, жаңа талап қоюды керек етеді.

Жалпы білім беретін мектептерге программалау элементтерінің енгізілгендігі: 50 жылдан астам уақыт болды. Информатиканың, программалау элементтерін орта мектепке енгізілудің өзіндік тарихы бар, яғни оны бірнеше кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезең, бұрынғы Одақтағы 50-жылдардың бас кезіндегі алғашқы ЭЕМ-дың пайда болуына байланысты. Осыған байланысты, адам қызметінің жаңа саласы дами бастады. Программалаудың қалыптасу кезеңінде тілдік құралдар мен әдістеме жеткіліксіз болды. Соған қарамастан оқушылардың программалауды түсініп, игеруіне ешқандай принципті қиыншылық болған жоқ.

Алғашқы ЭЕМ-дер пайда болғаннан кейін көп кешікпей ғылыми-зерттеу мекемелерінде және ірі жоғары оқу орындарында программалауды және ЭЕМ-дің жұмыс істеуді зерттейтін топтар пайда бола бастады. 50-жылдардың аяғына қарай А. П. Ершовтың басқаруымен Новосибирск қаласының кейбір мектептерінде тәжірибелер жүргізілгендігі белгілі. Бұл тәжірибені сондағы ғылыми қалашықта есептегіш техника негізінде жүргізді. Басталған жұмысқа университеттер мен ғылыми зерттеу институттарының көптеген ғалымдары қатысып, араласты.

Екінші кезең, математикаға бейімделген мектептер негізінде программалауға мамандандыруға байланысты. Информатиканы мектепте оқытуды 1959 жылдары басталды деуге болады, өйткені Мәскеу қаласының N444 мектебінде С. И. Шварцбур жоғары класс оқушыларына ЭЕМ жұмысын үйретуге бағытталган эксперимент жүргізуді бастады. Мұндай мектептерде жалпыға бірдей орта білім негізінде программист дайындау көзделген болатын. Осы мақсатқа сәйкес, С. И. Шварцбурдтың жүргізген тәжірибелік жұмысы көпшілікке белгілі болды.

Программалау саласында мамандандырылған мектептер жүйесінің дамуы тағы бір маңызды рөл атқарды. Оқушыларды программалауға үйретуге арналған мақалалар мен әдістемелік талдамалар көптеп шыға бастады.

Бұл жылдары математикаға бейімделген мектептер үшін дайындалған оқу құралдары кең таралды және бұл құралдар белгілі бір программалау жүйесі негізінде жасалды. Осы жинақталған материалдар программалау бойынша факультативтік курстардың қалыптасуында маңызды рөл атқарды.

Үшінші кезең, арнаулы факультативтік курстардың ашылуына байланысты. Факультативтік курстың мақсаты - оқушылардың жан-жақты мүмкіндіктерін дамытуға және білімдерін тереңдетуге бағытталған жаңа оқу жұмысының түрі ретінде қарастырылды. Ол жөнінде КОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесінің 1966 жылғы "Жалпы білім беретін орта мектеп жұмысын одан әрі жақсарту шаралары" туралы қаулысында көрсетілді. Математика және оның қолданылулары бойынша жүргізілген факультативтерде арнаулы үш курс әртүрлі деңгейде ЭЕМ-ның қолданылуын қажет етті. "Программалау", "Есептеу математикасы ", "Векторлық кеңістіктер және сызықтық программалау". Осы факультативтік курстардың енгізілуіне байланысты программалауды орта мектепке енгізу кезеңі басталды.

Кейінірек, сол кездегі математикалық орта білімнің қайта құрылуына байланысты жаңа таңдаулы тақырыптар ұсынылды. "Санау жүйелері" және "ЭЕМ-нің арифметикалық құрылғылары" (7-класс), "Алгоритмдеу және программалау " (8-класс), "Кибернетика негіздері" (9-10-кластар), "Программалау тілдері" (10-класс) .

Төртінші кезең , оқу-өндірістік комбинаттары негізінде мамандандыруға байланысты. Оқу-өндірістік комбинаттары негізінде оқушыларды есептегіш техниканы меңгеру және пайдалануға байланысты көптеген мамандықтарға дайындау мүмкін болды. Атап айтқанда, ЭЕМ операторы, ЭЕМ үшін мәліметтерді дайындау құрылғыларын жөндеу және күту бойынша электромеханик, электронды аппаратураны реттеуші, программалаушы лаборант, есептеу жұмыстарының операторы дайындалды.

Одан кейінгі кезең, жалпы білімдік бағдардың дамуымен сипатталады. Математикаға бейімделген мектептерде, әсіресе, ОӨК-ның оқу программаларында оқушыларға программалауды оқытудың арнаулы кәсіби бағдардағы мүделері қарастырылады. Сонымен қатар, программалаудың жалпы білімдік әсері және алгоритмдеудің мектептегі дәстүрлі пәндерге пәнаралық әсерінің мазмұндық-әдістемелік мәселелері зерттелді. Алдыңғы кезекте математикаға әсері қарастырылды.

Қазіргі заманда адам көп істі компьютерді пайдалану арқылы атқарады. Кез-келген міндетті орындау алгоритмнің болуын, яғни нәтиже алуға жеткізетін әрекеттердің алдын ала жазылып қоюын қажет етеді. Алгоритмнің негізінде программа түзіледі, яғни есеп шешушінің алгоритмі оны компьютерде орындауға жарамды түрде жазылады. Осыдан барып компьютердің көмегімен есепті шешу процесінің мәні алгоритмді құру екені көрінеді.

Алгоритм дегеніміз - іздеген нәтижеге жеткізетін әрекеттер тізбегі, яғни орындаушының белгіленген мақсатқа жетуіне бағытталған түсінікті де дәл ұйғарым.

Диплом жұмыстың мақсаты:

Орта мектепте программалау негіздерін оқыту ерекшеліктері, алгоритмдік тіл және оның ерекшеліктері, алгоритмдік тілдері жайындағы ұғымдарды толығырақ ашу, оқушылардың программалау дағдыларын қалыптастыру және зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру және оларды орындау жолдарын түсіндіріп, оқушылардың өздері дербес орындай алуына мүмкіндік жасау және соған дағдыландыру.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

Оқытудың бұрын қалыптасқан стандартты жүйесіне қарағанда программалау тілдерін оқытуда төмендегідей ерекшеліктерді қарастыруға болады:

1. оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

2. оқу процесінің дидактикалық материалдарының сапасын жоғарылату;

3. оқушылардың программалауда зертханалық жұмыстарды орындаудағы белсенділігін көтеру;

4. оқытудың сапасын арттыру және тағы басқалар;

Тақырыптың өзектілігі: Кез келген есепті компьютермен шешу үшін алдымен есептің математикалық қойылуын анықтау, алгоритмін құру, одан соң оны програмалау тілінде жазу керек екені белгілі. Программалау тілінің бірі - Паскальдің негізін салушы Никлас Вирттың тұжырымдауынша, программалау ісі қалай болған күнде де математикасыз өмір сүре алмайды. Соған байланысты орта мектепте программалау курсын оқытуда зертханалық жұмыстарды орындау арқылы оқушылардың математикалық білімдерін кеңейте отырып, программалау жүйесінің дамуын жетілдіру.

Мәселенің зерттелу деңгейі: Жалпы білім беретін орта мектептегі информатика курсынан басталады. «Информатиканы оқыту әдістемесі» деп аталатын курс мектептегі информатика курсының жалпы ғылыми оқу- әдістемелік, дидактикалық, ұйымдастырушылық, педагогикалық, психологиялық мәселелерін жан-жақты қарастыратын курс болып табылғандықтан, зертханалық жұмыстар зерттеу объектісі болып табылады.

Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспе, 3 тараудан, эксперименттік бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған дерек көздерінен тұрады.

І тарауда. Орта мектепте программалау негіздерін оқытуды осы тарауда қарастырдым. Яғни, оқушыларды программалауға баулу.

ІІ тарауда. Бұл тарау толығымен мектептегі Turbo Pascal программалау тілін оқытуға және лабораториялық жұмыстарды ұйымдастыруға арналған.

ІІІ тарауда. Информатика қабинетіне қойылатын талаптар және қауіпсіздік ережелері қарастырылған.

Эксперименттік бөлімде. Turbo Pascal программасына арналған зертханалық жұмыстар қарастырылған.

Сонымен бірге Қорытынды және пайдаланылған әдебиеттермен толықтырылған.

І тарау. Орта мектепте программалау негіздерін оқыту

1. 1. Алгоритм туралы түсінік

1. 2. Алгоритм туралы ұғым

Алгоритмдер жазу үшін уақыт кетіріп ерекше тіл үйренудің қажетті неде? Алгоритмдерді қазақ тілінде-ақ жаза берсек болмас па екен? - деген сұрақ тууы мүмкін. - Біздің ана тіліміз соншалықты бай, жан-жақты, тек алгоритмдер ғана емес, одан басқа да кез келген нәрселерді суреттеп бере алады.

Әрине тілдің жан-жақтылығы, бір нәрсені алуан түрлі сөзбен жеткізе алатындығы, керісінше, жалғыз ғана сөзбен неше түрлі сезім толқындарын тудыратындығы адамдардың өзара қатынасы, көркем әдебиет, мәдениет және т. б. үшін өте құнды.

Алайда, алгоритмдерге келгенде мәселе басқаша. Мәселе алгоритмдерді орындаушылардың басым көпшілігі автоматтар екендігінде болып тұр. Дәлірек айтқанда, жаңа нұсқауларды автоматтың негізгі командаларына сүйеніп, қатаң ережелерді сақтай отырып құрастыруға болады.

Литерлік шама деп мәндері сөздері немесе текст болып келген шаманы айтамыз.

Жаңа байқау оқу құралында мектептік алгоритмдік тіл қарастырылған. Бұдан былай тілді жай ғана алгоритмдік тіл деп атау келісілген. Осы тілде жазылған алгоритмнің жалпы түрі мынадай:

алг алгоритмнің атауы

а рг алгоритмнің қолданылу шарты

нәт алгоритмді атқарудағы мақсат

басы

алгоритмнің денесі /командалар тізбегі/

соңы

Алгоритмдік тілде негізгі және қосалқы алгоритм деген ұғымдар енгізілген. Алгоритмдердің былайша аталуы олардың белгілі бір мезеттегі өзара қатынасын көрсетеді. Бір алгоритмнің құрамында пайдаланылатын алгоритм қосалқы алгоритм, ал құрамында қосалқы алгоритм пайдаланылатын алгоритм негізгі алгоритм деп аталады.

Қосалқы алгоритм пайдалану жаңа алгоритмді құрастыру процесін жеңілдетеді, әрі негізгі алгоритмнің жазылуы жинақты және түсінікті болады. Қосалқы алгоритм негізгі алгоритмнің құрамына шақыру командасы ретінде жазылады. Оны жазу былай жүзеге асырылады: негізгі алгоритмнің тиісті командасының орнына қосалқы алгоритмнің атауы жазылады. Ал егер аргументтері бар болса, онда алгоритм атауына тіркелініп дөңгелек жақша ішіне қосалқы алгоритмнің аргументтеріне қандай мәндер беру, атқарылу нәтижесін қалай пайдалану керектігі көрсетіледі.

Алгоритмдік тілде нақты сандардың орнына кейбір жағдайда сандық және алгебралық өрнектерді де пайдалануға болады. Оларды алгоритмдік тілде арифметикалық өрнектер деп атайды. Оны былай түсінуге болады: алгебралық өрнек арифметикалық өрнекке айналғаннан кейін ғана ондағы амалдар ЭЕМ-де орындалады.

Арифметикалық өрнек деп арифметикалық амал белгілері және дөңгелек жақшалар арқылы байланыстырылған сандар, стандартты функциялар және айнымалылар тізбегін айтады. Демек, алгоритмдік тілде сан жазудың орнына арифметикалық өрнек жазуға болады.

Арифметикалық өрнектердің алгоритмдік тілде жазылуының алгебрадағы жазылудан бірнеше өзгешіліктері бар екендігін бір-бірімен салыстыра отырып түсідірген жөн. Ол өзгешіліктер мыналар:

- арифметикалық өрнектер алгоритмдік тілде сызықты түрде, яғни бір жолдың бойына жазылады.

- арифметикалық амал белгілері: қосу/+/, азайту /-/, көбейту /*/, бһлу /:/, дәрежелеу амалдары алгоритмдік тілде былай белгіленеді: +, -, *, /, **;

- алгебрада көбейту амалы орынан ешнәрсе жазбауға болады, мысалы, 6 а, ал алгоритмдік тілде оны былай жазу керек: 6*а;

- қосалқы алгоритмдердің, фукнциялардың /стандартты, стандартты емес/ аргументтері дөңгелек жақша ішіне алынып жазылады.

Математика курсындағыдай алгоритмдік тілдегі шамаларды тұрақты және айнымалы шамалар деп бөледі.

Алгоритмдік тілде әр шаманың аты, мәні, типі және түрі анықталып мазмұндалады /математика шаманың мәнінің берілуі, типі мен түрінің анықталып берілуі мідетті емес/.

Алгоритмдегі пайдалануына сәйкес, атқаратын жұмысына байланысты шамаларды түрлерге бөледі. Алгоритмдік тілде шамалардың мынадай төрт түрі бар: арг , нәт , арг , нәт және аралық .

Адам мен ЭЕМ арасындағы информация алмасуды қамтамасыз ету алгоритмдік тілде арнай енгізу және шығару командалары пайдаланылады. Мысалы, есептің программасын, сол сияқты алгоритмнің атқарылуына қажетті бастапқы мәліметтер мен басқа да информациялар ЭЕМ зердесіне клавиатурадан енгізіледі. Алгоритмді атқару барысында «енгіз і» командасы бойынша ЭЕМ айнымалысының мәтінің клавиатурадан енгізілуін күтеді. Енгізілген сандық немесе литерлік мәні і айнымалысына телінеді де, алгоритмнің атқарылуы әрі қарай жылғасады.

«Шығару t» командасындағы шығар қызметші сөз айнымалысының мәні экранға шығарылатындығын көрсетеді. Егер экранға текстік информацияны шығару қажет болса, ол информация /символ, сөз немесе сөйлем/ «шығару» қызметші сөзінен соң тырнақша ішіне жазылады.

Сонымен алгоритмдік тіл жай командалардың жазылу ережесін, құрама командалардың, алгоритмдердің құрылымын және олардың мағынасын, яғни қалай орындалатынын дәл және бірмәнді анықтайды.

Алгоритмдік тілді анықтауда келесі ұғымдар:

  1. Тілде қолдануға болатын символдардың (белгілердің) жиынтығы, яғни алфавит.
  2. Тілдің конструкцияларының: айнымалының, өрнектердің, командалардың жазылу және алгоритмдік жазудың жалпы құрылымының ережелері, яғни синтаксис
  3. Әр түрлі командалардың қызметі мен орындалу жолы, яғни семантика

берілуі керек.

Табиғи тілдерде бірмәнділік болмағандықтан осы тілдерде жазылған алгоритмдегі нұсқауладың бірнеше мағынасы болуы мүмкін. Әрине, бұл орындаушының осындай тілде жазылған алгоритмді орындауын қиындатады, тіпті ондай алгоритмді орындау мүмкін болмайды. Сондықтан, табиғи тілдердің байлығына қарамастан, информатикада алгоритмдерді бейнелеу үшін бір мәнді жасанды тілдерді қолданады. Олар жасанды графикалық тілдер және жасанды вербальды-сөзді тілдер.

1. 3. Орта мектепте программалау тілін оқытудың орны

Қандай программалау тілін оқыту және сол кезде қандай әдістерді қолдану мүлдем басқа мәселе болып табылады.

Осы уақытқа дейін бұл мәселе негізінен төмендегідей жолмен шешіліп келді:

  • мектепте қандай да бір нақты программалар тілі оқытылды;
  • тілді таңдау программаның талаптарымен анықталды( көп жағдайда бұл Бейсик тілі болды) немесе компьютердің маркасына және оқушының даярлығына қарай басқа тілдер( мысалға, Фортран) оқытылды;
  • тиісті техникалық базасы бар және оқытушылары информатика оқытудағы өз әдістемелерін әзірлеп жүрген жекелеген мектептерде программалаудың неғұрлым жаңа құралдары( мысалы, Турбо Паскаль) оқытылды.

Қазіргі уақытта мектепке жаңа компьютерлер келген кезеңде программалау жүйелерін таңдау мүмкіндіктерінің шеңбері біршама кеңейді. Бұл Turbo Pascal 7. 0, Visual Basic, Delphi, C++. Бұл тізімді әрі қарай да жалғастыра беруге болады.

Алайда мектепте оқыту үшін программалаудың қандайда бір жеке жүйесін таңдау осы жүйеге тән қатаң таптаурындар(стереотиптер) туғызатына және оқушының бұған дейін Basic тіліне бауыр басып кеткені сияқты басқа да жүйеге де үйреніп кеткені айдан анық болды. Тығырықтан шығар жол қайда?

Мұның шығар жолы - программалаудың қандай да бір жеке жүйесін оқытуда емес, жалпы алғанда программалау негіздерін меңгеруде және, атап айтқанда, қандай да бір программалау жүйесіндегі негізгі ұстамдармен (принциптерімен) танысуда. Сондықтанда оқушыларда таныс алгоритмдік тілдің көмегі арқылы программалаудың әдістерімен таныстырған дұрыс.

Сонымен, орта мектепте информатика курсын оқытудың мақсатына сай, алгоритмдеу мен программалау бастамасының міндетіне мыналар кіреді:

  1. ЭЕМ-ның көмегңмен шешуге арналған есептің қойылу техникасы жайлы ұғымды түсіндіру;
  2. әртүрлі мектеп пәндерінен қарапайым есептерді шешу әдісі мен моделін таңдау;
  3. физика, математика және басқа да сабақтар бойынша ЭЕМ-де есептер швғаруға қарапайым алгоритм құру іскерлігін қалыптастыру;
  4. қандай да бір программалау тілінде қарапайым программа құрып, оны есептегіш машинада жүргізу іскерлігін қалыптастыру;
  5. қазіргі есептегіш техниканың негізгі мүмкіндіктері мен оның даму болашағы жайлы білім беру;
  6. ЭЕМ-нан алынған нәтижені талдау іскерлігін қалыптастыру.

Мұндай программаны жүзеге асыруды әдістемелік негізі ретінде ЭЕМ-де есеп шығаруға дайындалу іс - әрекетін былай көрсетуге болады:

есеп тәсіл

қойылымы әдіс

сценарий алгоритм

ЭЕМ программа

Кез келген есепті компьютер көмегімен шығару жұмысын келесі этаптарға бөлуге болады.

  1. Есептің математикалық қойылымы;
  2. Таңдалған есепті қалыптастыру;
  3. Есептің алгоритмін құру.
  4. Программалау тілінде программа құру;
  5. Программаны тестілеу және тексеру;
  6. Алынған нәтижелерді есептеу және сараптау.

Бұл тізбекті ЭЕМ-да есепті шығарудың технологиялық тізбегі деп атайды.

1. 4. Орта мектеп оқушыларын компьютерде программалау дағдысына баулу.

Бұдан бірнеше жыл бұрын ғана программалауды сауаттылықпен салыстыру заңсыз болып көрінер еді. Қазір “Информатика және есептеу техникасы негіздері” пәні әрбір мектепте оқытылып жатқан кезде, мұндай салыстыру бізге осы пәнді меңгеру қазіргі заман адамының жалпы мәдениеттік білімінде қандай орын алатынын және болашақтағы оның қандай рөл атқаратынын түсінуге көмектеседі. Бір ескертетініміз, пайдаланудағы жалпы икемдік деген кең мағынада түсінеміз.

Егер сауаттылықтың өзіндік пайда болуы және дамуы бар тарихи категория екенін ескерсек, онда программалауды сауаттылықпен салыстыру оңайырақ.

Алайда, осындай қарқында дамудың алдында бір маңызды кедергі бар. Қазіргі кезде адамның машинаға білім беру қабілеті сол машинаны жасау мен салыстығанда көп артта қалып келеді. Егер микропроцессор мен микроЭЕМ жасауға кететін қоғамдық еңбек шығыны адам-сағатпен есептелетін болса, онда программалық жабдықтарға кететін шығын әлі күнге дейін адам- ай және адам жыл өлшемдерімен есептеледі. Программалау мамандары программалаушы еңбегін бұдан өнімдірек ету жолында аянбай еңбек етуде. Алайда, олар қазіргі дәстүрлі программа жасау процесіндегі еңбек өнімділігін он есе арттыруға қажетті жағдай жасай алғанның өзінде, қарапайым есептеулер бойынша шамамен жиырма жылдан кейін, барлық микропроцессорларды программалармен қамтамассыз ету үшін жер шарындағы барлық ересек адамдар программалаумен айналасуы керек болады. Өздерінің қиялдау күші XXI ғасырда қамтыған фантастардың айтуынша, болашақта нақты ғылымдарды білмейтін адамды есеп және жазумен “Хатшыларым айналысады” деп шірене сөйлейтін орта ғасырлық сауатсыз баронмен салыстыруға болады.

Программалаумен де тура осылай болуға тиіс. Ғылымда, өндірісте және т. б. кай салада болса да жұмыс істейтін әрбір маман ЭЕМ- ді тиімді пайдалана және программалай алуы тиіс, міне екінші сауаттылық дегеніміз осы.

Сонымен, біз машиналар әлемінен программалар әлеміне ауысамыз.

Француз жазушысы Мольердің кейіпкері месье Журден өзінің өмір бойы прозамен сөйлеуін байқамағанын бігенде қатты таң қалады. ЭЕМ-нің шығуы және соған байланысты есептеу ғылымының пайда болуы арқасында адамзат сол месье Журденнің жағдайыны тап болып, өзінің программалар әлемінде өмір сүріп жатқанын сезінеді.

Иә, біз программалар әлемінде өмір сүреміз, өзіміз сезбесек те әрқашан программалаумен айналысамыз. XX ғасырдағы биологиялық ғылымның ең үздік табыстарының бірі- организм дамуы оның гендік құрылымында жазылған генетикалық программа орындалуының ашылуы екені күмәнсіз. Бұл жерде орындалу және программа деген компьютерлік терминдерді қолдану метафора еместігін ескертеміз, олар клетка ішіндегі өсу және даму процестерінің мағынасын беріп тұр, ол процестермен мағынасын беріп тұр, ол процестермен салыстырып қарағанда, молекулалық құрылымдар және химиялық процестер- өзінше элементтік база және командаларды іске асыру тәсілі ғана болды.

Осыған ұқсас, біздің организмде өтіп жатқан барлық физиологиялық процестер ұқыпты тиянақталған, күрделі құрылған, өте үлкен программалар кітапханасы. Осы кітапхана программаларының құрылымы мен олардың информациялық байланыстарына талдау жасау организмін қазіргі жағдайы туралы қорытынды айтуға және оның болашақтағы өзгеруін болжауға мүмкіндік береді.

Іс жүзінде кез-келген кәсіпорында барлық өндірістік процес - ол программалар бойынша жұмыс істеу. Сонда өндірістік процестің тиімділігі сол программалардың тиянақты жасалу дәрежесіне байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Паскаль тілінің алғашқы түсініктері
Turbo Pascal тілінің операторлары
Паскаль тілінде сызықтық программалармен жұмыс
Программалау тілі командаларының ортасы
Turbo Pascal тілінің операторлары жайлы
Алгоритм, программа ұғымдары
ТИПТІҢ АТЫ ТИП
Паскаль тілінің негізгі операторлары
Есептеу техникасынан дәрістер
Turbo Pascal 7.0 интегралдық программалау ортасын пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz