Информатиканы оқыту әдістемесі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

РМҚК Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ АРҚАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Жаратылыстану және ақпараттандыру факультеті

Математика, физика және информатика кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ОРТА МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ БАСҚА ПӘНДЕРМЕН БАЙЛАНЫСЫ

Орындаған:
050111 информатика
мамандығының 4 курс студенті:
Мадияров Р.М.

Ғылыми жетекшісі:
Алматова А.М.

Арқалық, 2009 ж.
МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Информатиканы оқыту әдістемесі
1.1. Информатика
пәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 6
1.2. Информатика пәнінің мақсаты мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3. Информатиканы оқытудың
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2. ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ БАСҚА ПӘНДЕРМЕН
БАЙЛАНЫСЫ
2.1. Информатиканың басқа пәндермен
байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..26
2.2. Информатиканың тілдік пәндермен
байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... .34
2.3. Информатиканың жаратылыстану пәндерімен
байланысы ... ... ... ... .39
2.4. Информатиканың қоғамдық пәндермен
байланысы ... ... ... ... ... ... .. ..52
3. Эксперименттік
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...65
ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .78
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕК
КӨЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..81
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..82
КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда есептеу техникасы жылдам дамып, оны ғылымның кез-келген
саласына қолданып, одан нақтылы нәтижелер алуымызға байланысты біз
"Компьютерлендіру ғасырына" бет бұрып отырмыз. 22 қыркүйек 1997 жылы
Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен Қазақстан Республикасы орта
білім жүйесін "информатикаландыру" туралы мемлекеттік бағдарлама
бекітілген. Ғылыми-техникалық прогресс заманында білім беруді
демократияландыру мен ізгілендірудің басты факторларының бірі
-"информатикаландыру" болып табылады.
"Информатикаландыру" - деп оқытудың және оқу процесін басқарудың
әсерлілігін арттыру мақсатында техникалық және материалдық ресурстарды,
идеяларды, ғылыми-әдістемелік материалдарды үнемі пайдалану және
интеграциялау процесін айтамыз.
"Информатика" жалпы орта білім берудегі негізгі пәндердің бірі болып
табылады. Орта білім беру жүйесіндегі оның рөлі ақпараттық білімнің,
ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және
жаңа ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырудағы, сондай-
ақ оның әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен
қамтамасыз етіледі,
Информатиканың мектепке енуі сонымен бірге педагогикалық ғылымдардың
парадигмалық және методологиялық өзгерістерін талап ететін қазіргі
қоғамдағы түбегейлі әлеуметтік алмасулар кезеңіне сәйкес келіп отыр.
Оны жүйелі пайдалану саласында сан алуан жұмыстар жүргізілуде.
Солардың қатарында жаңашыл педагогтардың тәжірибелерін ұштастыра отырып,
оқытып жүрген мұғалімдер де бар.
Бұл дипломдық жұмыста осы "пәнаралық" байланыстардың ішінде
"Информатика" пәнін басқа пәндермен байланыстыра оқытудың тиімділігі
қарастырылған.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазіргі кезде "Информатиканың" маңызы күн
өткен сайын еселеп өсіп келеді. Осыған байланысты оқытудың жаңа
технологиясын қолданудың басқа пәндерді оқытуда пайдаланудың тиімді
тәсілдерін қарастыра отырып, сабақта өткен материалды жаңа оқу материалымен
ғана байланыстырып қоймай, "пәнаралық" байланыстарды қолдану тиімді
екендігін дәлелдеп, ерекшеліктерін ескеру болып табылады.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
Оқытудың бұрын қалыптасқан стандартты жүйесіне қарағанда әртүрлі
пәндерді оқытуда компьютерлерді пайдалану мынадай бірқатар
артықшылықтар береді:
1. оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
2. оқу процесінің қарқынын жоғарылату;
3. оқушылардың шығармашылық белсенділігін көтеру;
4. оқытудың сапасын арттыру және тағы басқалар;

Дербес компьютерлердің демонстрациялық мүмкіндіктері өте зор
екендігі белгілі. Басқа пәндерді оқытуда - компьютерді пайдалану
нәтижесінде компьютердің мынадай дидактикалық мүмкіндіктерін көруге болады:
1. окушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне, әсіресе
кұбылыстарды зерттеуге, басқаруға мүмкіндік береді;
2. оқушылардың өзін-өзі бақылауына және өз жұмыс әрекетіне
өзінің түзету енгізе білуіне үйретеді;
3. басқа пәндерден алған білімдерін бекітуге көмектеседі
және жалпы танымдық қабілеттердің дамуына әсер етеді;
4. өткен материалдардағы негізгі
құбылыстармен заңдылықтарды көре отырып, сабақты пысықтауға мүмкіндік
береді;
5. материалды тез меңгеруге, сонымен бірге уақыт ұтуға, пәнді
интеграциялап оқуға жағдай жасайды, пәннің сапасымен мазмұнына да
өзгерістер енгізеді;
6. табиғи жағдайда көзге көрінбейтін кейбір кұбылыстарды экраннан
көруге мүмкіндік береді;
Компьютерлік оқыту жағдайында оқушылардың белсенді шығармашылық іс-
әрекеті жүзеге асады. Көптеген үйрету программалары оқушылардың
ізденімпаздығына түрткі болады, сұрақтың шешімінен қателескен жағдайда
компьютер бағыт-бағдар береді. Атап айтқанда, оқу мотиві мен оқушылардың
таным қызметін қалыптастырудың тиімді жолдары проблемалық ситуация
туғызумен байланысты. Компьютерлендіру жағдайында проблемалық оқытудың
психологиялық-педагогикалық заңдылықтары пайдаланылуы қажет, бұл
заңдылықтар үйретуші программаларын жасағанда компьютердің көмегімен сәйкес
келетін педагогикалық ситуацияларды қолданғанда сақталуы керек.
Проблемалық оқыту оқытудың белсенділік принципін жүзеге асырумен
байланысты. Белсенді танымдылық іс-әрекеті таным және қажетті-мотивтік
компоненттерінің қызметтерінде адамның ойында проблемалық ситуацияларын
туғызады. С.Л.Рубинштейнның тұжырымдарына сүйенсек, проблемалық ситуация
"ойлау процесінің алғашқы кезеңі" болып табылады.
Кез-келген іс-әрекет оны іске асыру құралын сипаттайды. Оқу әрекетін талдау
барысында, әрекет құралы мен оқу міңдеттерін шешу құралын ажырата білу
қажет.
Осы мағынада біз компьютердің оқу үйрету әрекетін біртұтас деп
қарастырамыз. Егер компьютер оқу әрекетінің құралы ретінде ғана
пайдаланылса, онда ол "тұтынушы - компьютер" схемасының аумағында болады.
Компьютер оқу әрекетінің басқару функциясын атқарса, үйрету құралы ретінде
қолдануды мойындағаны.
Электрондық есептеу техникаларын қолдану оны компьютерді оқыту құралы
ретінде пайдалану мүмкіндіктерімен байланыстырады, компьютер оқу қондырғысы
және білім берудің мазмұнды объектісінің бірі ретінде қарастырылады.
Бірінші бағыты компьютер оқыту құралы ретінде - әртүрлі қиындықтағы
үйретуші программалар арқылы, әсіресе, автоматтандырылған үйретуші
жүйелерде жүзеге асырылады. Оқу әрекетінің ондай компоненті үйретуге ықпал
ету функциясының міндетін атқарады. "Оқу міндеті" деген түсінік дидактика
мен педагогикалық психологияның негізгі ұғымы. Компьютердің оқу процесінде
қолданыла бастауы, мектепте оқыту практикасының міндеттеріне әлеуметтік
жағдайды модельдеуші және т.б. мәселелерді алып келді (екінші бағыты).
Үйретуші жүйені жасағанда оқу міндеттерін шешу мен оқудың мақсатқа
жетуі арасындағы байланысты белгілеуді қажет етеді. Электрондық есептеуіш
техника - жеке оқушының физика курсында өзінің практикалық қызметін
реттеуші, физика есептерін шығаруға пайдалануға керемет құрал болып
табылады.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі:
Қазіргі таңдағы жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың
ерекшеліктерін қарастыра отырып, информатика пәні мен дербес компьютердің
басқа пәндермен байланысының тиімді жақтарын зерттеуді дамыту.

1. Информатиканы оқыту әдістемесі
1.1.Информатика пәні.

Информатиканың негізгі ұғымдарына кіріспес бұрын информатиканың өзінің
және информатика пәнінің не екендігін және оның кұрылымын анықтап алған
жөн.
Қазіргі информатика курсы дүниежүзілік педагогика ісінде теңдесі жоқ
құбылыс саналады. Әдетте, ғылыми пәннің пайда болуынан бастап оның
жалпыілімдік мәнін ұғынуға (егер солай болып жатса) немесе оның негіздерін
мектептің білім беру жүйесіне енгізуге дейін кемінде бірнеше он жыл кетеді.
Осы уақыт аралығында ғылыми ақпарат тұрақтандырылады, әдістаным анықталады,
жалпы әдістемелік жолдар қалыптасады, яғни берілген пәнге әлде бір жүйелі
көзқарас орнықтырылады.
Бір жағынан, бұл үрдіс жиырма жыл шамасы дерлік жалпыілімдік пәндер
кұрамына міндетті түрде еніп келе жатса да информатика үшін әлі де аяқтала
қойған жоқ. Бірақ пәнге деген жүйелі көзқарастың болмауы, оған үзіп-жұлып
қарау қазіргі кезде информатиканы оқытудағы басты мәселе болып табылады.
Егер оқу пәнінің жалпы сүлбесіне жүгінер болсақ, онда толық қажетті оқу
пәні болуы үшін оған не жетіспейтіндігін түсінуге болады:
-пән саласының айқын сипаттамасы;
-информатикаға ғана тән кызметтің жалпыланған түрлерінің
тұжырымдамасы.
Өткен 1985 жылдан бастап информатика пән ретінде өзгеріске түсті. Ол
автоматикадан шын мәнінде алыстай бастады. Таза техникалық сала — computer
science (компьютерлік ғылымдар) атты жеке ғылыми бағытқа бөлініп шықты.
Ақпаратты қорғау мен ақпарат қауіпсіздігі, деректер мен мағлұматтардың
(білім инженериясы) тұрпаттала өрнектелуі, әлеуметтік информатика және т.б.
осы сияқты бағыттар пайда болды. Бүгінгі күні қай бағыттың басым екендігі
туралы айту қиын, бірақ соның қажеті де жоқ шығар.
Бірақ, информатиканың барлық жетекші бағыттарының негізгі қағидалары
оқу курсында да (әрине, тәптіштеудің әртүрлі деңгейінде) бейнеленуге тиіс
екендігі анық. Оның үстіне, осы бағыттардың пайда болуы информатиканың саны
күн сайын барынша өсіп келе жатқан өзге пән мәселелерімен байланыстыруға
мүмкіндік береді. Мысалы, информатика енгізген виртуалдандыру феномены
қазіргі қоғамның айқындауыш сипаттарының бірі болып табылады.
Жоғары оқу орнындағы информатика курсының зерттеу тақырыбын белгілеп,
сонымен қатар оның пән аясын айқындауға әрекет жасайық. Қазіргі оқудың
біріншісепті түйткілі оның іргелілігі болып келеді. Оқудың іргелілігі, атап
айтқанда, жеке тұлғаның шынайы еркіндігінің қажетті шарты болып табылады.
Ол дайын өнімдерді пайдалана ғана емес, оны жасай да біледі. Бұл, сонымен
қатар, ақпараттық өркениетті тану сайманы болып табылатын информатика
ғылымын игеруді де ескереді. Осы игерудің іскерлік сипаты информатиканың
"ақпараттық үрдістер" атты жалпылауыш ұғымын оқып-үйренудің іскерлік
логикада өрістетілетіндігімен анықталады. Ол ақпараттық өнім шығаратын
ақпараттық технологияларға ұмтылу сатылары бойынша жүзеге асырылады.
Информатика туралы бүгінге дейінгі түсінігімізді жалпылай келе,
мынадай жұмыстық анықтаманы тиянақтауға болады: информатика дегеніміз
табиғаты әртүрлі жүиелердегі ақпараттық үрдістер ағымының
заңдылықтары туралы, ақпараттық үрдістерді автоматтандыру әдістері,
құралдары мен технологиялары туралы, ақпараттық жүйелердің жасалуы мен
жұмыс істеу заңдылықтары туралы ғылым.
Информатика ғылымының іргелілігінен туындайтын маңызды нәрсе - оның
оқып-уйрену нысаны, атап айтқанда, заңдылықтар толып табылатындығы, өйткені
кез келген ғылымның мақсаты түсіндіру ғана емес, сонымен қатар, болжау да.
Тек тәсілдерді немесе жүйелеуді білу арқылы болжам жасау аса қиындық
туғызады. Оқып-үйренудің негізгі пәні — ақпараттық үрдістердің өзін ғана
емес, "тұғырымен" — ақпараттық жүйелермен, бірге қарастырылатын үрдістер.
Информатика прагматизмі ақпараттық үрдістерді тиімді ұйымдастыру мен
олардың автоматты түрде орындалуына мүмкіндік туғызатын әдістер, құралдар
мен технологиялардың да оның зерттеу пәні болып табылатындығына байланысты.
Ақпараттық үрдістерді оқып-үйрену сыртқы әлемнің кез - келген
феноменін оқып-үйрену сияқты модельдеу әдістанымына негізделген.
Информатиканың, айталық, физикадан ерекшелігі, ол математикалық модельдерді
ғана емес (және тіпті олардың нешеуін емес), сонымен қатар әртүрлі
тұрпаттар мен түрлердің модельдерін де (мәтін, кесте, сурет, алгоритм,
бағдарлама — бәрі де модельдер) пайдаланады. Атап айтқанда ақпараттық
модель ұғымы қалыптастырылуы негізгі мектеп информатика курсының негізгі
міндеттерінің бірі болып табылатын пәнаралық байланыстардың осы курстағы
кең спектрін айқындайды. Ал ақпараттық модельді құрудағы іс-әрекеттің өзі,
яғни ақпараттық модельдеу тек информатиканы сипаттайтын қызметтің
жалпыланған түрі болып табылады. Құрылған ақпараттық модельді ары қарай
жаңа ақпараттық нысан ретінде қарастыруға болады. Бұл нысанды қажетті
ақпараттық үрдісті басқара отырып, мақсатты түрде басқа нысанға
түрлендіруге болады. Егер ондай басқару компьютерде жүзеге асырылатын
болса, онда сөз ақпараттық үрдісті автоматтандыру туралы болғаны. Мұндай
автоматтандырылған үрдіс ақпараттық технология деп аталады.
Информатика әлемінің қазіргі дамуы жағдайында информатиканы мынадай үш
бөлім аясында қарастыруға болатын сыңайлы: теориялық информатика,
әлеуметтік информатика, ақпараттық технологиялар.
Теориялық информатика бөлімінде информатиканың философиялық негіздері
информацияның жалпы теориясының бастаулары, информатиканың математикалық
негіздері, ақпараттық пішімдеу (моделдеу) негіздері, информатиканың
семантикалық негіздері қарастырылады.
Әлеуметтік информатика бөлімінде ақпараттың қоғам дамуындағы орны.
ақпараттық қоғам, акпараттық қоғамдағы адамның рөлі сияқты мәселелер
қарастырылады.
Ақпараттық технологиялар бөлімінде есептеу техникасының даму тарихы,
компьютер архитектурасы, микропроцессорлар архитектурасы, қатынастар
(коммуникациялар) туралы түсінік, ақпаратты қорғау мәселелері
қарастырылады.
Информатика — бірегей ғылыми пән. Оның оқу нысаны тұтас бір өркениет —
ақпараттық өркениет болып табылады. Академик А.П. Ершов айтқандай,
ақпараттық өркениет — "адами өркениеттің дамуындағы жалпыға бірдей және
болмай қоймайтын кезең, әлемнің ақпараттық көрінісін игеруді, табиғат пен
қоғамдағы ақпарат қызметі заңдарының бірлігін түйсінуді, олардың іс жүзінде
қолданылуы мен ақпарат өндірісі мен өңдеу индустриясын түзу кезеңі".
А.П.Ершов ерекше көңіл аударған негізгі нәрсе — әлеуметтік-техникалық
революция, атап айтқанда, ақпараттық технологиялардың кең таралуы-
ақпараттық өркениеттің сырт жағы болып табылатындығында. Оның басты мазмұны
"табиғи және әлеуметтік үрдістердегі ақпарат рөлін философиялық және нақты
ғылыми пайымдау" жүріп жатқан кездегі интеллектуалдық дамудың жаңа
кезеңінен тұрады. Ақпараттың бүгінде қоғамның стратегиялық ресурсы екендігі
және оның басқа да ресурстар түрлерін — энергетикалық, материалдық және
адамзаттық түрлерін үнемдеуге және дамытуға мүмкіндік беретіндігіне
ешкімнің күмәні болмаса керек. Қоғамды ауқымды ақпараттандыру жаңа геосаяси
үрдістерді дамытуға белсенді түрде әсер етеді. Ол үрдістердің ең маңыздысы
экономиканы ауқымдандыру мен мәдениетті ауқымдандыру болып табылады.
Сонымен қатар, ауқымды ақпараттық қоғамда өмір сүріп еңбек ету үшін оны
барлық қажеттілермен толықтыру мағынасында бейнесіндегі "өркениет ақыры"
(Ф.Фукуяма) елесі пайда болып, қолдау табуда. Басқаша айтқанда, мынадай
қалыптасқан пікір бар: "Жаңадан еш нәрсе жасаудың қажеті жоқ, тек оны
тауып, пайдалану жеткілікті (атап айтқанда, интернет желісі арқылы)". Егер
осы тұрғыда қарайтын болсақ, онда өмір сүру үшін "технологиялық қаймақтарды
сылып алу" толық жеткілікті де, басқа іргелі мәселелерді қарамай-ақ қойса
да болады. Дегенмен, 80-жылдары ең әйгілі болған бұл тұжырымдама қазір
үлкен күдік тудырып отыр. Бүгінде, мысалы, С.Харингтонның: Қазіргі дүние
өркениеттер шайқасы қарсаңында тұр-деп тұжырымдайтын пікірі анағұрлым
сенімдірек. Осы айтылғаннан ақпараттық технологияларды пайдаланып қана
қоймай, оларды жасаудың да қажеттігі көрініп-ақ тұр. Кері жағдайда адамзат
өркениет ішінде өтіп жатқан ақпараттық үрдістерді (шын мәнісінде бұлар
бүгінгі үрдістердің ең елеулісі болып табылады) игере алмай қалу қауіпі
бар. Сонымен, "түсінік" пен "білім" жеке тұлғаның анықтауыш сапасы ғана
болып қалмай, адам мен өркениеттің бүтіндей тірі қалуының қажетті шартына
айналуда.
Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды оқып-үйрену
информатиканың аса маңызды бөлімі болып табылады. Есептеу техникасының
жұмыс істеу негіздерін анық түсінбейінше информатиканың басқа да көптеген
бөлімдерін шындап игеру мүмкін емес. Бұл түсініктің сізден талап етілетін
төменгі деңгейі ретінде компьютер архитектурасы алынады, бірақ ол да аса
терең және жаңа ұғымдар саласына енуді талап етеді. Бұны түсіну
микропроцессор командалары деңгейінде бағдарламалаумен таныспай мүмкін
емес. Сонымен бірге, компьютердің қызмет ету негіздерін түсініп, оның
көптеген сыртқы құрылғыларымен жұмыс істей білу қажет.
Компьютерлік желілер мен коммуникациялар — қолданбалы информатиканың
бүтінде ең қарапайым бөлімі. Адамзат мәтіндік, кескіндік, басқа да
ақпаратты кез - келген кашықтыққа қысқа уақытта тарату мүмкіндігін ұғынып,
осы үрдіске миллиондаған адамдарды қатыстырудың экономикалық мүмкіндігін
алды да компьютерлік желілер әлеміне жаппай бас қойды.

1.2. Информатика пәнінің мақсаты мен мазмұны.

Информатиканы орта білім беру жүйесінде оқытудың мақсаттары:
- оқушыларға ақпараттарды беру, өңдеу, сақтау, жеткізу және оны қолдану
процестері туралы білімдерді меңгерту, басқаша айтқанда, оқушыны
ақпараттық біліммен қаруландыру;
- оқушылардың оқу процесінде компьютерлік техниканы өзіндік даму мен
іске асыру құралы ретінде, сонымен қатар, кәсіптік қызметтерге
пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
- оқушылардың логикалық-құрлымдық және алгоритмдік-шығармашылық ойлау
қабілеттерін дамыту, ынта-ықыластары мен шығармашылық бейімділіктерін
қалыптастыру.
Аталған мақсаттардан төмендегі міндеттер анықталады:
- Информатиканы мектепте оқытудың мазмұнын анықтау;
- Информатиканы мектепте оқытудың оқу бағдарламасын жасақтау;
- Информатиканы мектепте оқытудың әдістемелік жүйесін жасақтау.
Информатика пәні бойынша дайындалған стандарт білім берудің сәйкес
сатысының базистік оқу жоспарымен, білім беру ұйымдарының типтік оқу
жоспарымен, білім бағдарламаларымен кешенді түрде қолданылды.
Информатика оқу пәнінің базалық мазмұны (БМ) - оқу пәнінің мектепте
міндетті түрде оқытылуы тиіс және үздіксіз білім берудің келесі сатылары
мен деңгейлеріне информатиканы оқуды жалғастыру үшін жеткілікті болатын
мазмұнының құрамы мен құрылымы.
Информатика оқу пәні бойынша білім берудің негізгі бағдарламасы (БНБ)
–оқу пәнінің мазмұнын, яғни оқушыларда ғылыми дүниетанымдық негізді
қалыптастыруды, олардың ойлау қабілетін дамытуды, ақпараттандыру
құралдарын, ақпараттық технологияларды меңгеруді және оқушыларды өмірге,
еңбекке және білімдерін жалғастыруға даярлауды анықтайтын құжат. Оның
мазмұны мемлекеттік стандарт бойынша анықталады.
Информатика оқу пәні бойынша бағдарлы білім беру бағдарламасы (БББ) –
Информатика оқу пәнінің мазмұнын анықтайтын, пәнді тереңдетіп, бағдарлы
оқыту қамтамасыз ететін оқушыларды кәсіби даярлау бағытына қарай көлемі
мен мазмұны бойынша сараланған құжат. Оның мазмұны мемлекеттік стандарт
бойынша анықталады.
Информатика оқу пәні бойынша қосымша білім беру бағдарламасы (ҚҚБ) –
мемлекеттік стандарт мазмұнынан тыс, оқушылардың информатика пәні бойынша
білімге деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған оқу курстарының
мазмұнын анықтайтын құжат. Бұл бағдарлама факультативтік немесе арнайы
курстар ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы ережелер:
Информатика пәнін оқытудың негізгі мақсаттары мен міндеттері
төмендегідей:
- оқушылардың ғылыми дүниетанымдық негізін қалыптастыру;
- оқушылардың ойлау қабілетін дамыту;
- оқушыларға ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологияларды
меңгерту;
- оқушыларды өмірге, еңбекке және білімдерін жалғастыруға даярлау;
- информатика ғылымының негізін қалайтын үш ұғымның (зат, энергия және
ақпарат) бірі болып есптелетін, қазіргі таңдағы әлем бейнесін құрудың
негізін құрайтын ақпарат ұғымын қалыптастыру;
- қоршаған ортаны жаңа ақпараттық тұрғыдан зерттеу көзқарасын
қалыптастыратын ақпараттық үрдістерді, табиғат, қоғам, техника
аймақтарында қарастыру;
- ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар саласында білім,
білік және дағдыларды қалыптастыру мен оларды дамыту;
- оқушыларды ақпараттық бірліктермен қамтамасыз ететін білімдермен
қаруландыру;
- оқушылардың ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру;
Информатика пәнінің зерттеу обьектілері:
- ақпарат;
- ақпараттық ресурстар;
- ақпараттық үрдістер;
- ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар.
Информатика пәнінің даму болашағы мына көріністерге байланысты:
1. Пәннің жалпы білімдік, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, атап
айтқанда:
- оқушыларға формальдау, модельдеу және компьютерлік тәжірибе
әдістермен меңгерту;
- тиімді шешімдерді таңдай білуге бағытталған оперативті ойлау
қабілетін дамыту.
2. Информатиканың ғылыми пән ретінде қалыптасуы, атап айтқанда,
әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, биологиялық, қолданбалы информатика
және т.б.
Информатика пәнінің даму бағыттары:
- Теориялық информатика. Мұнда ақпараттың жалпы қасиеттерін зерттеу,
табиғаттағы және қоғамдағы ақпарат үрдістерінің өзара қатынасы,
сонымен қатар әр түрлі ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың
негізгі заңдылықтарын зерттеу мәселелері қарастырылады.
- Ақпараттандыру құралдары. Мұнда дербес компьютерлердің,
микроүрділердің есептеу қызметінің мүмкіндіктері және аймақтық желілер
арқылы ақпараттарды алмасу қызметтері туралы мәселелер қарастырылады. Әр
түрлі ақпараттарды сақтау, өңдеу және қолдану мүмкіндіктерін одан әрі
жетілдіру бағытында ақпараттық технологиялалардың даму мәселелерін
қарастырумен жалғасады.
- Әлеуметтік информатика. Мұнда информатика мен ақпараттық
технологиялалардың қазіргі қоғамдағы алатын орны, ақпаратпен және
бағдарламалық өнімдермен жұмыс жасаудың құқықтық, этикалық және моральдық
нормалары, жеке тұлға мен қоғамның ақпараттық қауіпсіздігі төңірегіндегі
мәселелер қарастырылады.
Информатика оқу пәні бойынша оқу процесін ұйымдастыру және оны жүзеге
асыру жағдайларына қойылатын талаптар мына бағыттарда қарастырылған:оқыту
процесін мамандармен қамтамасыз ету; оқыту процесін оқу-әдістемелік жағынан
қамтамасыз ету; материалдық-техникамен базамен қамтамасыз ету.
Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық
қазыналар ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды
қалыптастыру және дамыту үшін оның әр азаматы зиялы болуы қажет. Бұл білім
беру процесінің үздіксіз болуын талап етеді. Білім беру үздіксіз процесс
болса, информатиканы оқыту да үздіксіз болуы қажет.
Жалпы білім беретін орта мектепке арналған информатикадан мемлекеттік
білім беру стандарты осы мәселені көздейді.
Ал, стандарт осы пәнді орта мектепте үздіксіз білім беру
тұжырымдамасына негізделіп жасалынған. Тұжырымдамада білім беру жүйесін
демократияландыру принциптерін жүзеге асыруға бағытталып құралған.
Мұнда оқушы өз бетімен танымдық қызмет жасап, дами алатын субъект болса,
мұғалім осы қызметтің тиімді ұйымдастырылуына, нәтижелі болуына жауап
беретін, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға.
Жалпы информатика курсының мазмұны мынадай екі үлкен дидактикалық
мәселені шешуге бағытталуы керек: 1) Компьютер – оқыту обьектісі; 2)
Компьютер – уневерсал таным құралы.
Оқушы таным субьектісі болған кезде бұл екі мәселе бірін-бірі толықтыра
отырып курстың негізгі мазмұнын құрайды.
Информатика курсының негізгі мектептегі мазмұны мынадай үш кешенді
мәселелердің төңірегінде шоғырланған: біріншісі – компьютерлік техникамен
танысу, оның негізгі элементтері мен жақсы жұмыс істеу принциптерімен
танысу; екіншісі – алгоритмдеу және программалау негіздерін оқып үйрену;
үшіншісі – информатиканың қолдану шеберін анықтау.
Мұнда оқыту моделі оқушыны жеке тұлға ретінде дамытуға бағытталған:
мақсат – мотив – қызмет – рефлекция – теориялық білім өнерімен анықталатын
түрі таңдалынып алынады.
Қазіргі уақытта қалыптасқан информатиканы оқытудың практикасы
төмендегідей негізгі факторлармен сипатталады.
Біріншіден, информатиканы оқытудың нақты мазмұны мен бұл пән бойынша
оқушылардың дайындығына жеке оқытушылар тарапынан қойылатын талаптардың
деңгейі түрліше болып келеді.
Екіншіден, қазіргі уақытта информатиканы оқытуды тек жоғарғы кластарда
ғана емес, төменгі буынға көшіру қажеттілігі анықталып отыр.
Үшіншіден, информатика курсы алғаш оқу жоспарына кіргенде, компьютерлік
сауаттылықты қамтамасыз ету құралы ретінде, оқушыларды информациялық
қоғамда еңбек етуге дайындау үшін енгізілгені белгілі.
Мектептегі информатика курсының болашақтағы дамуы, бұл курстың жалпы
білім беретін функциясымен, оның оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту сияқты
жалпы мәселелерді шешудегі потенциалдық мүмкіндіктеріне баса көңіл
аударуға, басқа сөзбен айтқанда, компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру
мәселесінен жалпы білім беретін оқу пәніне көшуге байланысты.
Негізгі мектепте информатиканы оқытуда берілетін білім мазмұнының
құрылымы төмендегідей:
1. Ақпараттық процестер, ақпараттың берілуі:
- адам өмірінде, тірі табиғатта, техникада ақпаратты пайдалану, алу,
тарату, түрлендіру және сақтау;
- ақпаратты сандық бағалау, ақпарат мөлшерінің бірліктері:
- тіл ақпаратты беру тәсілі ретінде, ақпараттың екілік түрде берілуі
және оның ерекшеліктері мен артықшылықтары;
- компьютердегі командалардың және мәліметтердің берілу принциптері.
2. Алгоритмдеу және программалау.
- алгоритмдер, алгоритмдердің қасиеттері, алгоритмді атқару арқылы адам
қызметін автоматтандырудың мүмкіндіктері:
- шама: атауы және мәні, шамалардың типі, мәліметтердің негізгі
құрылымы;
- алгоритмдердің негізгі құрылымы және оны алгоритм құру үшін
пайдалану, алгоритмдер кітапханасы;
- мектептік алгоритмдік тіл (немесе программалау тілі).
3. Компьютер және оны программалық қамтамасыз ету.
- компьютер жұмысын басқаруды ұйымдастыру, компьютердің негізгі
құрылымының жалпы жұмыс істеу принципі;
- компьютерде программаның автоматты түрде атқарылу принципі;
- компьютерді программалық қамтамасыз етудің түрлері (базалық
программалық қамтамасыз ету, трансляторлар, программалау тілдері,
инструментарийлер, қолданбалы программалық қамтамасыз ету).
4. Формальдау және модельдеу негіздері.
- формальдаудың негізгі принциптері;
- компьютерлік модель құру және оны пайдалану.
5. Ақпараттық технологиялар.
- компьютерде есеп шығару кезеңдері: есептің қойылымы, модель құру,
алгоритм жазу және атқару, нәтижелерді талдау;
- мәтіндік, графикалық редакторларды пайдалану, мәліметтер қоры,
электрондық кестелер;
- телекоммуникациялық желілер (жергілікті, аймақтық, аумақты), оның
тағайындалуы мен мүмкіндіктері, электрондық телеконференциялар;
- мультимедиа технологиясы.
Бұл жалпы білім беретін орта мектепте информатика курсы бойынша
берілетін білім мазмұны. Әрбір мәселені оқыту тереңдігі мен деңгейі,
оқушылардың білім, іскерлігі мен дағдысына қойылатын талаптарды анықтау осы
пән бойынша мемлекетік білім беру стандартына сәйкес жасалады. Ал,
материалдың жүйелі баяндалуы, логикасы - мектепте информатиканы оқытудың
әдістемесін жасайтын оқулық авторлары, мұғалім, әдіскер, ғалымдардың жұмысы
болып есептеледі.

1.3. Информатиканы оқытудың құрылымы.

Қазіргі кезде жалпы білім беретін орта мектептерде Информатикa мен
есептеуіш техника негіздері курсы 10-11 сыныптaрда oқытытyдa. Ал лицей,
гимназия және жекеменшік мектептерде бұл курсты 2-ші, 5-ші және 7-ші
сыныптарда оқыту тәжірибелері жүргізілуде. Жалпы, орта мектеп моделінің
жаңаруы мен базалық білім беру мазмұны құрылымының өзгеруіне байланысты
информатикa курсын негізгі мектептің 5-9 cыныптapындa және 10-11 сыныптарда
мамандыққа баулу курстары бойынша оқыту қажет болып отыр. Бұған қоса орта
білім беру жүйесін ақпараттандыру оқушылардың информатикадан алған
білімдерін басқа пәндерді үйренуге, компьютерді жан-жақты пайдалана білуге,
үйретуге, сөйтіп, информатиканы негізгі мектептен бастап оқытуды талап етіп
отыр. Пилоттық мектеп бағдарламасының жобасы бойынша Информатика курсын 7
сыныптан бастап оқытуға жүргізілген тәжірибенің оң нәтижесі де курсты
негізгі мектепте оқытудың тиімді екенін көрсетті.
Орта мектептің сатылары бойынша Информатика курсын оқыту 2 кезеңге
бөліп қарастырамыз
І кезең (7-9 сыныптар) - негізгі (базалық) курс, ол информатика пәні
бойынша оқушыларды міндетті жалпы біліммен қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұл кезеңде оқушылар компьютермен алғаш танысады, компьютердің
архитектурасы және ақпараттық технологиямен жұмыс жасау тәсілдерін үйрене
отырып, оқу процесінде компьютерді жан-жақты тиімді пайдалануда өзіндік
танымдық іс-әрекеттерін қалыптастырады. Базалық курсты оқытуда басқару
ісіндегі ақпараттың мәні, ақпараттық процестердің жалпы заңдылықтары және
жүйелік-ақпараттық тәсілдер туралы түсініктер қалыптасады. Бұл кезенде
оқушылар aлгoритм, негізгі алгoритмдік құрылымдар (пpoцедура, тармақталу,
цикл), программалау тілдері, оны aлгoритмді жазуда және қолданбалы
есептерді шешуде пайдалану жолдарымен мүмкіндіктері туралы мағлұматтар
алады.
ІІ кезең (10-11 сыныптар) - бағдарлы курс, мұнда оқушылар кәсіптік
бағдар бойынша оқытылады. Ол оқушылардың сұранысына, қабілетіне және
қызығушылығына байланысты сараланған мазмұнмен беріліп, оларға кәсіптік
мамандыққа деңгейінгі дәрежеде білім береді. Мысалы, оқушы жаратылыстану-
математика бағдары бойынша оқыса, онда программалау тілі тереңдетіліп
оқытылады. Сонымен қатар Дербес компьютерді пайдаланушы, Компьютер және
іс-қағаздарын жүргізуші және т.б. курстар енгізілген. Егер базистік
жоспардың вариативтік бөлігі есебінен жоғарыда аталған курстарды оқыту 136
сағатқа дейін арттырылса, онда оқушыларға мамандыққа сәйкес куәліктер беру
мүмкiндiгi туады.
Жалпы, негізгі мектепте бұл курсты оқытуға 68 сағат бөлінсе, ал 10-11
cыныптapдa базистік оқу жоспарындағы инварианттық бөліктің есебінен 68
сағат бөлінген.
Информатиканың базалық курсының негiзгi бөлімдері.
Информатиканың базалық курсының негізгі бөлімдері төмендегі
мәселелерді қамтиды:
Aқпар. Ақпараттық процестер бөлімінде:
- ақпараттың, информатиканың, ақпараттық процестер және басқару
пpoңестеріндегі ақпараттық негіздер түсініктерімен;
- ақпаратты өңдеу, caқтay және беру тәсілдерін қамтитын мағлұматтармен
байланысты мәселелер қамтылады.
Aлгoритмдеу және программалау бөлімінде:
- алгоритм мәні, оны бейнелеу тәсілдері және атқарушының әрекетін
қалыптастырудың тәсілдері мен құралдары;
- есептерді шығаруда атқарушыны таңдау және оның қасиеттерін талдау;
- компьютерде есептер шығару кезендері;
- программалау тілдерінің құрылымы, командалары және операторларына
байланысты мәселелер қарастырылады.
Логика және логикалық функциялар бөлімінде:
- логика және сөйлем түсінігімен;
- компьютердің логикалық негіздері және логикалық операциялармен
байланысты мәселелер қарастырылады.
Ақпараттық тетехнология бөлімінде: - операциялық жүйе түсінігімен;
-әр түрлі редакторлердің (текстік, музыкалық және графиктік)
жұмыс жасау түрлерімен;
- электрондық кесте және мәліметтер қорын басқару жүйесі
қызметтерімен байланысты мәселелер қарастырылады.
Модельдеу бөлімінде:
- формальдау әдісімен;
- нақтылы обыектілер мен құбылыстарды зерттеу үшін арнаулы
компьютерлерді пайдалану мәселелері қамтылады.
компьютерді пайдаланушылар бөлімінде:
- Wiнdows операциялық жүйесінің жалпы түciнiгiмeн;
- әр түрлі редакторлермен (текстік редактор Word , музыкалық
және графиктік редакторлар);
- электрондық кестелермен (Ехсеl);
- мәліметтер қорын басқару жүйесімен байланысты мәселелер
қамтылады.
Әлемдік ақпараттық қоғам бөлімі жаңа типті ақпаратық технология,
ақпараттық қоғам, глобальды ақпараттық желі, Интернет және электрондық
байланыс туралы мағлұматтармен тығыз байланысты.
Қазақстан Респyбликасының Білім беру туралы Заңының талаптарына сай
информатиканы оқыту стандаpтына төмендегі мәселелер енеді:
- сыныптар бойынша білім беру мазмұнының міндетті минимумы;
- әрбір сыныптарда оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар;
- стандартты талаптарды орындауды бағалау;
- білім мөлшерін өлшеу үлгілері.
Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар оқу материалының
мазмұнынан алған білімі мен іс-әрекет түрлерін прақтика жүзінде пайдалана
алатындай дәрежеде меңгертуге бағытталған. Сонымен бірге, бұл оқу
материалының міндетті меңгеру деңгейімен салыстырғaнда жан-жақты менгертіп
оқытуды ұсынады. Курстың мазмұны технологияның талаптарына сай әрбір
оқyшының жақын арада даму ayмaғын қамтуды жүзеге асыруға мүмкіндік беруге
бағытталған.
Сонымен бірге, оқушының білім деңгейіне қойылатын талаптар олардың
Peнtium сияқты жаңа типті компьютерлерде және оның қолданбалы программалық
пакеттерімен жұмыс жасай білуін сұрайды. Ал компьютердің басқа типтері үшін
оқытылатын курстың бөлімдерінде материалды меңгерту мен оқушының дайындық
деңгeйіне қойылатын талаптар бөлек ұсынылады.
"Информатика" пәнінен білім беру стандартының
- дүниетанымдық;
- компьютерді пайдаланушылар;
- алгоритмдеу мен программалау;
- мамандыққа баулу курстары бойынша техникалық және мамандандырылған
сияқты аспектілерінін біреуіне тақырыптық жоспардағы әрбір бөлімдер
сәйкестендіріліп ұсынылған.

Информатика курсының мазмұнына және оқушылардың
дайындық деңгейіне қойылатын стандартты талаптар
Информатиканың базалық курсы
Курс бағдарламасы
Ақпарат, оның өлшем бірліктері.
Компьютердің арифметикалық негіздері. Eceптеу жүйесі (екілік,
сегіздік, ондық, он aлтылық). Бір жүйеден басқа жүйеге сандарды ауыстыру.
Екілік арифметика.
Компьютердің логикалық негіздері. Алгебра логикасы туралы түсінік және
оның қолданылу салалары. Компьютердің базалық логикалық элементтері (және,
емес, немесе) және логикалық функциялары.
Жаңа типтi арнаулы компьютер. Негізгі құрылғыларына сипаттама.
компьютерде шығaрылатын есептер мен оның техникалық
сипаттамаларының өзара байланыстылығы.
Компьютердің атқаратын қызметі және оларды ұйымдастыру. Операциялық
жүйе: түрлері, құрамы, интерфейс, командалар.
Алгоритм түсініктері және қасиеттері. Алгоритмді бейнелеу
тәсілдері және түрлері. Алгоритм атқарушысы. компьютерде есептер шығapy мен
кезеңдері қадамды бөліктеу әдісі.
Программалау негіздері: алфавиттері, команданы жазу ережелері.
Программа түсінігі. Айнымалылар түсінігі: аты, типi, мәні.
Мәліметтер типі және өрнектер түсінігі.
Программада мәліметтерді енгізу мен шығаpyды ұйымдастыру.
Сызықтық, тармақталу және циклдік aлгoритмдерді пpограммалау.
Массив түсінігі: элементтер типi, өлшемі және индекстері. Программалау
жүйесінің мүмкіндіктерін үйрену.
Текстік, графиктік және дыбыстық ақпараттарды өңдеу: есептеу, жазу
және редакторлеу. Ақпаратты өңдеу форматтары. Басу құрылғысының (пpинтер)
графиктік және текстік ақпараттарды шығару. Гипертекст және мультимедиа
түсінігі.
Компьютерде сандық ақпараттарды өңдеу. Электрондық кесте.
Кесте құрылымы. Кесте ұяшығына сандарды, текстерді және формулаларды
енгізу. дискіден кестелерді оқу мен жазу.
Мәліметтер қорын басқару жүйесі. Компьютер жадысында кестелік түрдегі
үлкен көлемді ақпаратты caқтay.
Мәліметтер қорының құрылымы. Берілген үлгі (шаблон) бойынша
мәліметтер қорын толтыру және оны сорттау мен іздеу.
Модель және модельдеу түсінігі. Модельді aнықтay. Модель түрлері.
Компьютерлік модельдеу элементтері. Статистикалық және динамикалық
модельдер. Модельдеу тәсілдері.
Компьютерлік байланыстардың негізгі түрлері. Локальді желі: құру
тәсілі, жұмысты ұйымдастыру, программалық қамсыздандыру. Бастапқы
ақпараттық желі. Интернет. Электрондық байланыс.
Қазіргі қоғамдағы компьютердің рөлі: Интернет бүкіләлемдік
aнықтама; бүкіләлемдік кітапхана. Әлемдік ақпараттық қоғам.

Тақырыптық жоспар үлгілері
I бөлім. Дүниетанымдық көзқарас аспектісі.

1. Есептеуіш техника кабинетінде қауіпсіздіктехникасы ережесін сақтау. 7с
Компьютермен танысу. Құрылғылар мәні. Клавиатурамен танысу.
1. Ақпарат және информатика. Ақпараттандыру проңесі. Ақпараттың 4
қасиеттері. Ақпарпттар саны. Кодтау туралы түсінік. Санау жүйелері. Бір
санау жүйесінен басқа санау жүйесінен жүйесіне сандарды ауыстыру.
3. Компьютерде мәліметтерді өңдеу түрлері. компьютерде шығарылатын 3
есептер мен техникалық сипаттамалардың өзара байланылыстылығы.
компьютердің буындары мен элементтік базасы. Басқарудың программалық
принципі
4. Логика – математикалық, формальды логикалық пән. Сөйлем алгебрасы. 6
Қарапайым және күрделі сөйлем. Логикалық амалдар. Шындық кестелері.
компьютердің логикалық негізі.
5. Модельдеу. Модель түсінігі. Модель типтері. Модельдеу тәсілдері 8
6.Интернет – бүкіләлемдік анықтама; бүкәләлемдік кітапхана, бүкіләлемдік2
білім беру ортасы. Әлемдік ақпараттық қоғам.
Барлығы 30

II бөлім. Компьютерді қолданушылар аспектісі.

1. Программалық қамсыздандыру. Операциялық жүйе мен оның түрлері. 12
Операциялық жүйенің ядросы. Катологтар, файлдар мен және жұмыс жасау
командылары. Обеьектілерді іздеу. Қолданбалы программалар. Қажетті
утилиттер. Ақпараттарды тасмалдаушылар.
2. Wiнdows қосымшасы. Графиктік, текстік музыкалық редакторлер. 27
Калькулятор.
3. Электорндық кестелер. компьютерде сандық ақпаратты өңдеу. Электрондық10
кестенің құрылымы. Онда кестені құру және толтыру.
4. Мәлімет қоры және оларды басқару жүйесі. Ақпараттарды іздеу амалдары.10
Мәліметтер қорын құру және редакторлеу.
5. Компьютерлік байланыс және компьютерлік желі. Интернетте ақпаратты 6
іздеу. Элктрондық байланыс бойынша хабарды қабылдау және тарату.
6. Қортынды сынақ жұмысы 2
Барлығы 67

III. Алгоритмдеу және программалау.

1. Алгоритм түсінігі мен оның қасиеттері. Алгоритімді өңдеу тәсілдері. 1
2. Атқарушы түсінгі. Атқарушы командылар жүйесі. 1
3. Алгоритм түрлері: сызықтық, тармақталу, циклдік. Көмекші алгоритм 2
түсінігі.
4. Есептерді компьютерде шешу кезеңдері. Қадамды бөліктеу әдісі. 1
5. Программалау тілінің алфавиті. Программа және оның құрылымы. 2
Командылар және операторлар.
6. Берілгендер типі. Айнымалылар түсінігі. 1
7. Өрнек түсінігі. Меншіктеу операторы. Сандық функциялар. 2
8. Берілгендерді енгізу мен шығару. Сызықтық, тармақталу және ңиклдік 11
алгоритімдерді программалау. Шартты операторлар. Циклдік оператор.
9. Графиктік обьектілерді программалау. 5
10. Символдық айнымалыларға қолданылатын амалдар. 4
11. Массивтер. Бір өлшемдегі массивтерге қолданылатын амалдар 5
12. Қорытынды сынақ жұмысы. 4
Барлығы 39

Курс бойынша 136

Мамандыққа баулу курсы
Арнаулы компьютерді пайдаланушылар курсы
Курс бағдарламасы
Операциялық жүйе және оның қосымша мүмкіндіктері.
Операциялық жүйе құрамы: базалық модульдер, ішкі құрылғының драйвері.
Операциялық жүйені жүктеу және оның бөліктері.
Көмекші программалар: yaқытты және күнтізбекті, нөмір терушіні орнату,
файлдық құрылымдарды топтау және дискілерді толтыру программасы.
Мicrosoft Office пакеті.
Word текстік редакторында құжатты форматтау және оның параметрлерін
қалыпқа келтіру. Web-бетін құру.
Ехсеl электрондық кестесінде ақпаратты кестелік түрде өрнектеу.
Диаграммалар мен карталарды құру.
Access мәліметтер қорын басқару жүйесі.
Powerpoint. Онда қабырға материалдарын құру, қалыпқа келтіру, жариялау
және баспаға беру. Құжаттарда графиктік объектілерді, дыбыстық жазу мен
видеоүзінділерді қою. Сурет жасалынған обыектілерді құру. Дыбыстарды жазу
параметрлерін орнату.
Мicrosoft программалық жинақтарының әлемдік компьютерлік желімен
байланысы. Интернетте программалық қамсыздандырудың жаңалықтары мен оны
пайдаланудың ұсыныстары туралы ақпараттар алу. Microsoft Office
программасынан Интернет желісіне шығу.
Баспаға беру. Басу құрылғылары, оны техникалық және материальдық
қамсыздандыру. Желі.
Желілер және модемдер. Телеконференциялар.
Сканер құрылғысы. Оны техникалық және материaлында қамсыздандыру.
Көшіру аппараты (ксерокопирование).
Факстік байланыс.
Диктофон.
Текстерді аудару программалары.

Тақырыптық жоспар үлгілері

І бөлім. Дүниетанымдық көзқарас аспектісі.

Есептеуіш техника кабинетінде қауіпсіздік техникасы мен тәртіп ережесін 3с
сақтау. Компьютерді аппараттық және программалық қамсыздандыру. Жаңа
программалық қамсыздандыру.
Мicrosoft программасының әлемдік компьютерлік желілермен байланысы. Жаңа2с
программалық қамсыздандыру және Интернетті берілген нұсқаулары бойынша
пайдалану. Мicrosoft Office программасынан Интернет желісіне шығу.
Оқушылар конференциясы. 3
Барлығы: 8

ІІ бөлім. Компьютерді қолданушылар аспектісі.

Windows. Windows операциялық жүйесінің қосымша мүмкіндіктері және оның 12
параметрлерін іске қосу.
Программалар мен жабдықтарды орнату мен ажырату. Көмекші программалар.
Norton Commander графиктік қабықшасымен жұмыс. Windows операциялық
жүйесінде баспаға шығару. Windows- компьютерге орнату.
Мicrosoft Office. Пакеттің құрамы. Құралдар тақтасы. Терезе, мәзір 7
(меню), құралдар тақтасының элементтері. Жалпы жұмыс жасау тәртібі.
Сервистік программалар. Файлдарды басқару. Анықтама. Мастер.
Word текстік редакторының негізі. Құжат. Құжаттарды форматтау. 30
Кітапхана стилі. Шаблондар. Колонтитулдар. Текстік редактордың қосымша
мүмкіндіктері. Кестелерде және редакторлеу, суретсалу, әсемдеу, есептеу.
Word параметрлерін өзгерту.
Ехсеl. Жұмыстық столды форматтау. Жұмыстық бетті басқару. Формулаларды 28
және функцияларды қолдану. Баспаға басуды қалыпқа келтіру. Берілгендерді
басқару. Диаграмма. Карталар. Access типті мәліметтер қорын басқару.
Powerpoint. Powerpoint презентациясының бөліктері. Шаблондар мен 13
үлгілер. Мастер. Слайдтар. Презентацияны безендіру жұмыстар. Презентация
бөліктерін баспаға шығару, орналастыру және демонстрациялау.
Құжатты графиктік объектілерді, дыбыстық жазулар және видео үзінділер 14
енгізу. Сурет салу объектісін құру. Әуендерді жазу параметрлерін орнату.
Web-беттерін құру. Мастер. Арнайы программалық қамсыздандыру. 7
Сынақ жұмысы 3
Барлығы: 114

ІІІ. Техникалық аспектісі.

Баспаға басу. Басу құрылғылары. Басу құрылғыларын техникалық және 2
материалдық жағынан қамтамасыз ету. Желілік басу құрылғылары.
Желілер мен модемдер. Телеконференциялар. 1
Сканер құрылғысы. Техникалық және программалық қамсыздандыру. 3
Көшірме аппараты (ксерокопирование). 1
Факстік байланыс. 1
Диктофон. 1
Текстерді аударуды программалық қамсыздандыру 1
Мамандық алуға тапсыру емтиханы 4
Барлығы: 14

Компьютерде ic-қағаздарды жүргiзуге дайындау курсы
Курс бағдарламасы
Басқару салаларында құжаттарды жасау мен оларды басқару.
Маманданған техникалық хатшының қызметтері.
Басқару салаларындағы құжат қағаздарының түрлерін дайындау.
Еңбек қатынас кітапшасын және бұйрықтарды жазу ережелерін
құжaттaндыpy. Құжаттармен жұмыс: тіркеу, жүйеге келтіру, іс-қaғаздарын
қалпына келтіру және сақтау.
Жаңа типті компьютердің құрамы. Арнаулы компьютерді программалық
қамсыздандыру: жүйелік және сервистік, қолдану құралдары, қолданбалы
программалар. Арнаулы компьютерде клавиатурамен жұмыс жасау. Текстерді теру
жылдамдығы.
Көмекші программалар: уақытты және күнтізбекті, нөмір тepyшiнi орнату,
файлдық құрылымдарды топтау және дискілерді толтыру программасы.
Мicrosoft Office пакеті.
Word текстік редакторында құжатты форматтау және оның параметрлерін
қалыпқа келтіру. Web-бетін құру.
Ехсеl электрондық кестесінде ақпаратты кестелік түрде өрнектеу.
Диаграммалар мен карталарды құру.
Access мәліметтер қорын басқару жүйесі.
Powerpoint. Онда қабырға материалдарын құру, қалыпқа келтіру, жариялау
және баспаға беру. Құжаттарда графиктік объектілерді, дыбыстық жазу мен
видеоүзінділерді қою. Сурет жасалынған обыектілерді құру. Дыбыстарды жазу
параметрлерін орнату.
Баспа жүйелері.
Компьютерде ic-қaғаздарды дaйындаудың арнаулы программалық құралдары.
Жұмыс орнын автоматтандыру - ЖОА.
Офистерде жаңа типті техникалық құралдарды пайдалану.
Телекоммуникаңиялық желі - ақпараттарды қабылдау құралы.

Тaқырыптық жоспар үлгілері
І бөлім. Дүниетанымдық көзқарас аспектісі.
Есептеуіш техника кабинетінде қауіпсіздік 5с
Телекоммуникациялық технология – еңбекті жетілдіру құралы. 5с
Барлығы 10

ІІ бөлім. Компьютерді қолданушылар аспектісі.

1. Windows. Windows операциялық жүйесінің қосымша мүмкіндіктері және 10
оның параметірлерін әске қосу.
Программалар мен жабдықтарды орнату мен ажырату.Көмекші программалар.
Norton Commanderграфиктік қабықшасымен жұмыс. Windows. операциялық
жүйесінде баспаға шығару. Windows – компьютерге орнату.
Microsft Office. Пакетінің құрамы. Құралдар тақтасы. Терезе, мәзір 7
(меню), құралдар тақтасының элементтері. Жалпы жұмыс жазу
тәртібі.Сервистік программалар.Файлдарды басқару. Анықтама. Мастер.
3. Word текстік редакторының негізі. Құжат. Құжаттарды форматтау. 30
Кітапхана стилі. Шаблондар. Колонтитулдар. Текстік редактордың қосымша
мүмкіндіктері. Кестелерде: және редакторлеу, сурет салу, әсемдеу,
есептеу. Word параметрлерін өзгерту.
4. Excel.Жұмыстық столды форматтау. Жұмыстық бетті басқару. Формулаларды12
функцияларды қолдану. Баспаға басуды қалыпқа келтіру. Берілгенділерді
басқару. Диаграмма.Карталар. Access типті мәліметтер қорын басқару.
5. Powerpoint. Powerpoint перзентациясының бөліктері. Шаблондармен 13
үлгілер енгізу. Массивтер. Слайдтар.Перзентация бөліктерін баспаға
шығару, орналастыру және демонстрациялау.
6. Құжатта гафиктік объектілерді, дыбыстық жазулар және видео үзінділер 14
енгізу.Сурет салу объектісінің құру. Әуендерді жазу параметрлерін
орнату.
7. Сынақ жұмысы 3
Барлығы: 99

ІІІ. Мамандандырылған аспектісі.

1. Іс – қағаздарын дайындауда Microsft Office – ті пайдалану. Телефон 5
нөмірлерін сақтау. Шығындар, жол сапарлар, есептеулер және чек қағаздары
туралы жазулар. Жабдықтар тәзімін басу және программалық қамсыздандыру.
Сату бойынша мәліметтер. Жұмыс жағдайының іс – қағаздар және диаграмма
түрінде жазылуы. Маркетинг. Экологиялық байланыс бойынша жарнамалар
жіберу. Перзентация.
2. Құжатпен қамсыздандыру. Құжаттардың түрлері. Хаттамалар. Бұйрықтар. 6
Іс – қағаздарын қалпына келтіру және сақтау тіркеу және жүйелендіру.
3. Хатшының иммиджі. 1
4. Мамандық алуға тапсыру емтиханы. 4
Барлығы. 16

IV. Техникалық аспектісі

1. Баспаға басу. Басу құрылғылары. Басу құрылғыларын техникалық және 2
материалдық жағынан қамтамассыз ету. Желі.
2. Баспалық жүйелер . 1
3. Сканер құрылғысы. 1
4. Көшірме апаратты (ксерокопирование). Жабдықтар. 3
5. Баспа құрлысынан шыққан құжаттарды өңдеу.Жабдықтар. 1
6. Факстік байланыстар. 3
7. Диктафон. 1
8. Тексерісті аударуды программалық қамсыздандыру. 1
Барлығы. 13

Жалпы курс бойынша 138

Паскаль тілі программасын тереңдетіп оқыту курсы
Курс бағдарламасы
Программалау жүйесі: топтау, төменгі және жоғарғы деңгейдегі
тілдер.
Интерпретаторлар және компиляторлар.
Құрылымдық және модульдік программалау әдістері.
Берілгендердің негізгі тәсілдері және оның түрлері.
Айнымалы типтері.
Программалау тілінің негізгі операторлары мен құрылымдары.
Тармақталу программасын енгізу мен шығаруды ұйымдастыру.
Циклді ұйымдастыру.
Массивтер: екі өлшемді массив түсінігі.
Массивтерді өңдеу.
Көмекші алгоритмдерді түрлендіру.
Жиын.
Текстер мен массивтерді өңдеуде жиынды пайдалану.
Машиналық графика.
Графиктің негізгі функциялары мен процедуралары.
Дыбыстық құбылыстарды программалау.
Сандық әдістерде aлгoритм мен программалауды іске асыру.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Курстың негізгі мақсаты - программалау тілін тереңдетіп оқыту

Тақырыптық жоспар үлгілері

I бөлім. Дүние танымдық көзқарас аспектісі

1. Кіріспе. Техника қауіпсіздігі. 2
2. Арнаулы компьютер үшін программалау жүйесі. Программалау тілдері және1
оларды топтау.
3. Жиын түсінігі. Жиындарды пайдалану. 4
4. Ақпараттық модельдерді құру. 10
5. Сандық тәсілдер. Негізгі сандық тәілдғрді тарату. 10
6. Программалаудың құрлымы, модулі, обьектібағдарлау тәсілдері туралы 1
түсінік.
Барлығы. 28

II бөлім. Алгоритмдеу және программалау

Интерпретаторлар және компилятор. 2
Программаны компиляциялау және редакторлеу.
2. Программаның құрылымы. Программаны жазудың стилі. Тілдің 1
алфавиті.
3. Берілгендер типтері:сандық, логикалық, символдық және жолдық. 2
Стандартты функциялары.
4. Айнымалылар және оларға сипаттамалар. Арифметикалық өрнектер 2
және меншіктеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатиканы оқыту әдістемесі (ИОӘ)
Оқытудың интерактивті технологиялары
Информатиканы оқытудың нақты мақсаттарын анықтау
Информация, информатика
Информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен, психологиямен және информатика ғылымымен байланысы
Информатиканы мектепте оқытудың жалпы мәселелері
Компъютерлік модель
Информатиканы оқыту формалары мен әдістері
Зерттеу объектісі мектеп оқушыларының компьютерлік ойындар тақырбын сабақта меңгере алуы
Информатиканы дербес оқыту әдістемесі
Пәндер