Құтадғу білік атты кітабы
Орта ғасыр жазба әдебиетінің айқын көрінісі Жетісулық Жүсүп Баласағұнның
Құтадғу білік атты кітабы. 1911 жылы Қазан қаласында басылып шыққан
Құрманғали Халидовтың Тауарих Хамса атты кітабында ос Баласағұн,
Құтадғу білік деген сөздердің мағынасына түсініктер беріледі. Халидовтың
айтуынша: Бала – көркті қашалған тас, сағұн - қала деген моңғол сөздері.
Көрікті тас қала деген ұғым береді – дейді.
Жүсүп Баласағұнның толық аты Жүсүп Хас-хожиб. XI ғасырдың алғашқы
ширегінен бастап, сол ғасырдың 70 жылдарына дейін өмір сүрген адам. Жүсүп
қазіргі Қазақстан жеріндегі Шу бойына орналасқан ескі қаланың бірі —
Баласағұнда туған. Осыдан Жүсіп Баласағұни деп аталып кеткен. Бұл қала сол
кездердегі Қарахан мемлекетінің бір астанасы, әкімшілік және сауда-саттық
орталығы болған. Жүсүптің әкесі де өнер иесі, күйші-сазгер екен. О да
Қарахан мемлекетінің қожасы Боғраханға (толық аты Табғач Бұғра Қарахаһан
Әбу-Әлі Хасан) қызмет еткен. Ел аңызының айтуынша, ол Боғраханның
аталарының бірі Хұсайын дегенге арнап Дәрди Хұсайын (Құсайынның дерті)
деген күй шығарған белгілі қобызшы бопты. Жүсүп осы талантты өнерпаз
әкесінің тәлімін алып өскен. Жасынан зерделілігімен көзге түсіп, сарай
қожаларының көңілін аударған. Шығыс Түркістан, Қашқар, Баласағұн, Жетісу
өлкелерін билеп тұрған Боғрахан (1102 ж. өлген) Жүсүптен зор үмітті болып
оны баулыған. Жүсүп кезіндегі атақты деген білім ордаларында болып, кеп
тілдерді үйреніп, тез жетілген. Әділет жолын іздеп, алас ұрған жігерлі жас
әдебиет пен ғылым салаларын жете меңгерген. Жүсүп өз кезінің білімді адамы
саналған. Ол жасынан оқып, түркі тілдеріме қоса парсы, араб, қытай тілдерін
жақсы білген. Сол кез әдебиетінен, тарихынан астрономиясынан,
геометриясынан, тағы басқа ғылымдарынан мағлұмат алған.
Білім мен өнер жолын қуған Жүсүптің дүние, дәулетпен ісі болмай,
парасатты өмір сүрген. Ол өзі туралы: Барын табқылап мен кечүрдум күнүк -
Барды қанағат - түтып күн кешірдім, әред әмгәк артты йаруды түнімі ңңбектің
рақатынан түнім жарқырады. Әліг қысақ туттум тәвуртәрмәдим - қолым қысқа
тұлтым, түлік жинамадым; Хава арзуларға көңул бәрмәдим - Бозбалалыққа көңіл
бөлмедім, - дейді. Бұл босқа айтылған сөз емес. Жүсүп өзінің саналы өмірін
ізденумен өткізіп, тез қартайғанына налиды. Елу жасқа келгесін-ақ шашы
ағарып, буыны босайды. Тәгүрді мәңә елгі эллік нашым - Елу жас маған
қаһарын тигізді. Қуғу қылды құзғун түсі - тәч башым — қара шашым аппақ
болды. Отуз йығмышын иандур алды әл-лік - Отыз жыл жиғанды елу не қылар
екен?
Жоғарыда келтірілген сөздерге қарағанда Жүсүп өз дастанын елу жасқа
келген ІІІақта жазған. Ал жазу, іздену жұмысымен отыз жыл бойы айналыскан.
Бірақ ол дастанын 18 айда жазып шықтым деп ескерткен. Хиджраның 462 жылы
немесе 1069 жылы аяқтаған. Иыл алтмыш әкі әрді төрт йуз білә (төрт жүз
алпыс екінші жылы). Бу сөзләрдім мән туту йан сүрә (Жаным қинап бұ сөздерді
шығардым). Түгәл он сеніз айда бу сөз (Бұл сөздерімді 18 айда түгәл
тәмамдадым). Әндүрдүм ақырдым сөз әвдіф тәрә Сараптап сөз тердім.
Жүсүіптің бізге тек осы Құтадғу білік дастаны ғана жеткен. Өзге
жазғандарынан мәлімет жоқ. Асылы, Жүсіптің өзі жазған туындылары тек бір
осы дастан ғана болмас. Дастан жазғанға дейін Жүсүптің басқа әдеби
туындыларының болуы ғажап емес, керісінше, талай тамаша әдеби шығармалар
дүниеге келсе де бізге жетпей тарихтың қалын қыртысында көміліп, жойылып
кеткен сияқты.
Құтадғу білік - барлық түркі халықтарына ортақ орта ғасырлық зор
туынды. Оның жалпы көлемі 13 мың жол (тармақ) шамасы. Дастанның алдында
қара сөзбен және өлеңмен жазылған түсінік, кіріспе сөзі бар. Бұл
кіріспесінде жазушы оқушысына біраз ескертпелер жасайды. Онда Жүсүп
өздастанының мазмұны мен мәнін, қалай жазылғаным түсіндіреді. Ол
түсініктері төмендегідей:
Құтадғу біліктің мазмұны ақылға, парасатқа толы, оның әрбір жолы
Қытайдың данышпан ақындарының өлендерімен, үндінің нақылдарымен
безендірілген. Бұл кітаптың дана жолдарын оқыған адамдар ақыл-ойға
кенеледі, жетіле түседі.
Қытай мен Үндінің ғұламалары осы күнге дейін Шығыста, Түркістан
жерінде, бограханидтер тілінде бұл сияқты кітапты еш адам шығарып
көрмегенін әбден біледі. Әр елдің данышпандары біздің кітабымызды өздерінше
атап жүр. Қытайдың ойшылдары Мемлекет иелерінің даналық ережелері деп
атаса, Үнді кемеңгерлер оны Жайлы басшылық кітабы, шығыс патшалықтары
Хүкмет әшекейі, парсылар Бақытқа жеткізетін ғылым,кейбіреулері оны
патшаларға кенесші кітап деп атап кеткен. Ал түріктер жерінде бұл кітапты
Құтадғу білік - дейді.
Кітапты жазған — білімді парасатты Баласағұнда туған ер. Бұл кітапты
ол Қашғарда аяктап, хандар ханы Бограханға тарту еті. Ол үшіи хан тақсырдың
сыйлығы мен дәрежесіне ие болды. Хас-Хажиб (басшы, кеңесші, ақылшы) деген
құрметті атақ алды. Осыдан кейін ғана бұрынғы қарапайым жазушы Жүсүп-Хас-
Хажиб атанды. Кітапқа негіз болған төрт асыл қасиеттер: біріншісі —
ғаділеттік, екінші — бақыт, үшіншісі — ақыл, төртінші — молшылық. Бұлардың
әр қайсысын ер деп атадым. Ғаділеттікті -т- Күн толды - элик басшы еттім.
Бақытты мен Ай толды деп атап, уәзір дәрежссінде таныттым. Ақылды - Огдул-
мыш деп атап, уәзірдің баласы, молшылықты. Одгурмыш деп атап, оны уәзірдін
інісі тұлтым. Осьт төрт ер өзара әңгімелеседі, ретінде қабылдаған зерек
оқушыларымның жаны жадырасын, жүрегіне жылу берсін, олар езінің мүсәпір
шығарушысын есіне алсын...
Жазушының жоғарыда келтірілген ескертпе сөздерінін сыры айқын.
Шығармасының жазылу жайын, ондағы мақсат, мағынаны образды түрде айтып
берген. Автор өзі туралы да азды-көпті мәлімет қалдырған. Шығарма
кейіпкерлерінің автор қиялынан алынғандығын байқауға болады және олардың
атқаратын міндеттері бейнелі тілмен шебер сипатталады.
Баласағұндық Жүсүптің негізгі пікірі - әділеттік пен ақыл, ақылды қарапайым
адам басқарғаны жайлы, берекелі елді аңсау. Бұл әрине, халықтың ертеден
бергі ізгі армандарына ұштасады және әл-Фарабидің Жақсы қала тұрғындарының
көзқарасы туралы трактатымен үндес пікірлер мол ұшырайды. Әл-Фараби сияқты
Жүсүп Баласағұн да қатал қара күшке қарсы ақыл мен парасаттықты қойған.
Әділдік пен ақыл билеген бақытты өмір, молшылыққа кенелген тұрмысты
аңсаған.
Жүсүптің Құтатғу білік дастаны кезіндегі ел билеуші хан-қаһандарға
әділдік пен парасатты биліктің шешен шежіресі ретінде, ақылмен іс қыла
білудің заң ережесі ретінде ұсынылған. Жазушы дастанынын әр тұсында да
жалпы ел, бүкіл халық мүдделеріп жоғары қоя білген. Әрбір қоғамдық
топтардың ел, мемлекет өмірінен алатын орындарын айту арқулы қандай басшы,
өмір болмасын ол тек қана ел жұртымен ардаюы, соларға жасаған
жақсылықтарымен беделді деген ұғымға саяды. Сондықтан қаған үшін тек үстем
топ емес, барлық кәсіп иелері, өндіргіш күш саласындағы енбек адамдары,
өнерпаздар қажет. Олар да басшы адамнын назарына мұқтаж.
Илака сән-әк сән түзу йарықа- Илаһа-Түзу иелерім-ді жарылқа, Разы қыл
қамұғ барча Момынларқа - Разы қыл барлық қамыққан момындарды - деп, барша
езілген халықты, түгел ел-жұртты жарылқарлық күш іздейді ақын.
Дастанның жоғарыда келтірген кіріспе түсінік сөздерін аптордың өзі
жазды ма әлде кейінгі көшірулердің ескертпесі ме? Бұл мәселе зерттеушілер
тарапынан әлі тиянақталған жоқ. Сөйте тұрсада, кіріспе мақсаты айқын. Ол
дастанға дұрыс түсінік беріп, шығарма мазмұнының тура түсінігін нұсқайды.
Құтадғу білік ғылым әлеміне XIX ғасырдын бас шағында ғана мәлім
болды. Оны алғаш Австрияның Стамбулдағы елшісі болып журген Иозеф Хаммер-
Пургшталл (1774-1856) деген адам жергілікті Әбдіразақ Шайхзада деген
түріктен ұйғыр әліпбиінде жазылған дастан қолжазбасын сатып алып, Вена
Сарай кітапханасына тапсырады. Кейін 1820 жылы ол араб, парсы, түркі
каталогтарын жариялап, соның ішінде езі тапсырған дастаннын қолжазбасы
туралы мәлімет береді.
Сөз болып отырған қолжазба Құтадғу біліктің Гераттык (кейін ол
Веналық нұсқа деп аталады) нұсқасы. Қасан қара Сейіл Шамс дегеннің 1439
жылғы көшірмесі еді. Бұдан кейін француз ғалымы Р.Жобер осы қолжазбамен
танысып, ол туралы Азия тану журналында 1825 жылы мақала жазады.
Дастанның кейбір тарауларын француз тіліне аудара отырып, мазмұнынан
мәліметтер береді. Жовердің жариялаған дастан тарауларының үзіндісін И. Н.
Березин Түрік Хрестоматиясы (1857) еңбегінде кайта бастырады. Бұдан кейін
Россия ғалымдарыньщ Құтадғу білікті зерттеумен шұғыл айналысканы
байқалады. Қазан университетінің профессоры Н. Ильминский дастанды танытуға
күш салады. Өзі құрастырған Түрк-татар тілінің 1861) оқу құралында сөз
етеді, үзінділер жариялайды.
Құтадғу білік дастанын арнайы зерттеу ісімен шұғылданушы ХІХ ғасыр
түркологтары Герман Вамоери мен В.В.Радловтар болатын. Венгер түркологы
Вамберидің (1870 ж.) Ұйғыр тілінің ескерткіші және Кұтадғу білік кітабы
дастанды Европа ғылымына толық танытқан тұңғыш салмақты зерттеу болды. Ол
неміс тілінде түркі дастаны туралы мәліметтер беріп, толықка жакын аударып
шықты. Латын ғибарасы бой-ынша дастанның көптеген тарауларын жариялады.
Вамбери - Құтадғу біліктің Веналық (Гераттық) нұсқасын танытуда алғаш
еңбек еткен даңқты турколог. Оның түсініктері, таңдаулары, ғылыми
болжаулары кейіннен зерттеген В.Радловқа тікелей әсер етті. Академик
В.В.Радлов 1884 жылдан бастап, Құтадғу білікті зерттеу жұмысымен шұғыл
айналысты. Әуелі Вамбери ізімен Веналык нұсқаны зерттеп, оныңтолықмәтінін
қалпына келтіріп, 1891 жылы факсимилесін жариялайды. Кейін дастанды неміс
тіліне аударып, 1897 жылы бастырды. Осы тұста Құтадғу біліктің араб
жазуындағы бұрын белгісіз жана көшірме нұсқасынын Каирда табылғаны туралы
хабар естіледі. В. Радлов бұл жаңалыққа елең етпей қалмайды. Ол жаңа
нұскамен де дереу танысып, оның бұрынғысымен салыс-тыра ұзақ та байсалды
зерттейді. Нәтижесінде ол 1910 жылы дастанның толық тұрін зерттеп
жариялайды. Акад. Радловтың жариялауы, түсінік сөздері, ғылыми зерттеулері
Құтадғу білікті дүние жүзіне кеңінен танытты. Жер жүзі ғалымдары Радлов
енбегін жоғары бағалады.
Құтадғу біліктің үшінші көшірме нұсқасы 1914 жылы Наманганнан
табылды. Оны сақтаушы Мұқаммедқожа деген адам екен. Профессор А. Фитрат
өзінің Өзбек әдебиетінің қадым үлгілері (1928) деген кітабында дастанның
жаңа түрінен кейбір тарауларын жариялайды. Сөз болып отырған Кұтадғу
біліктің намангандық нұсқасы араб әліпбиінде түркі тілдеріне жақын
жазылған. 1971—1972 жылдары өзбек тіліне аударылып, толық жарық көрген
дастаннын тұңғыш толық басылымына негіз болған да осы нұсқасы. 1971-1972
жылдары Ташкентге шыққан Құтадғу білік дастанының академиялық басылымы К.
Каримовтың аудармасы бойынша С. Мұраталлибов пен Ш. Шукуровтар
редакциясымен жарық көрді. Бұл түркологияның табыстарынан саналып отырған
дастанның бұл басылымы — сөз жоқ үлкен ғылыми табыс. Өзбек Ғылым академиясы
қызметкерлеріне абырой әперген ізгі еңбек. Кейін қазақ, ұйғыр тілдеріне
аударылуына жол ашты. Құтадғу білікпен Мәскеу әдебиетшілері де үздіксіз
шұғылданып жүр. С. Е. Малов, А.А.Валитова, Е.Э.Бертельс, И.В.Стеблевалар
өнімді зерттеулер жазып келеді. Кейінгі кезде Құтадғу біліктің поэтикалык
аударма тексін жариялауда қолға алынды. Мысалы, 1971 жылы Мәскеу баспасы
Құтадғу біліктің орыс тіліндегі поэтикалық мәтінін Н. Гребневтің
аудармасы бойынша бөлек кітап етіп жариялады (Бұл екінші рет басылуы).
Бір ескерте кететін жай, аудармашы Н. Гребнев өзінің кіріспе сөзінде
дастанға жоғары баға берген. Ол Кұтадғу білікті даңқты Игорь полкі
туралы жырмен қатар қояды. Маңызы мен көркемдігі жағынан бұл екі ескерткіш
кеңес халықтарының мақтанышы боларлық көне дәуір мәдениетінің тамаша
көріністері екенін атап көрсетеді.
Е. Э. Бертельс өз еңбектерінде Жүсүп дастанының ерекшеліктері туралы
сөз козғап, оның жазба әдебиет пен ауыз әдебиеті негізінде жазылған шығарма
екенін атап өтеді, онда ескі түркі эпосының әсеріде айқан деп таниды. Ол:
Баласағұн өз поэмасын көшпенділер талабына сай жазған... Поэманы түгелдей
қарахандықтар тілегін көрсететін шығарма деуге болмайды. Дастанда дәстүрге
көп орын берілген. Автордың өзі үстем тап билігін қолдаса да, адамгершілік
идеясын жоғары көтеріп, әділдік, ұстамдылықгы әр уақыт ханнан талап етеді,
дейді. Бірақ Бартольд та, Бертельс те Құтадғу біліктің негізгі мазмұнын
терең тексермей, оны не Иран әдебиетінің үлгісі деп танып, не бір ғана
көшпелі елдің тұрмысымен байланыстырмақшы болған. Дұрысында Құтадғу
білікте қала тұрмысы мен бақташылық тұрмыс қатар айтылып отырады. Тіпті
қала тұрмысы мен мемлекеттік идея басымырақ деуге де болады. Мұнда көбірек
ұшырайтын адамдар — қалада тұратын әкімдер, саудагерлер, шеберлер,
оқымыстылар, олар-мен бірге мал өсіретін бақташылар, егіншілер. Сондықтан
бұл шығарманы егіншілік-отырықшылык пен мал өсірушілік тұрмысын бірдей
қамтыған шығарма деу орынды.
Ескерткіштің тілі туралы да Бертельс ез пікірін айтқан: Кұтадғу
білікті зерттеушілер оның тілін шартгы түрде ұйғыр тілі деп атап жүр.
Дұрысы, оның тілі түркі тілдерінің шығыс тобына жатады, яғни қазіргі өзбек,
қазақ, қырғыз тілдеріне жақындығы бар, бірақ түрікмен мен азербайжан
тілдеріне жақын емес, — дейді зерттеуші.
Құтадғу білік поэмасын зерттеп, келелі пікірлер қозғап жүрген
А.А.Валитова. Бұл дастан тек Орта Азия мен Шығыс Түркістанның XI ғасырдан
қоғамдық санасын мен тілін зерттеу үшін керек ескерткіш қана емес, бұған
қоса ол көп жерлерде әлі эстетикалық маңызын жоймаған еңбек, қазірдің
өзінде де ол түркі тілді оқушылардың назарын аудара алады — дейді.
Жүсүптің тілінде арыстандай айбатты, сауысқандай сақ, түлкідей
айлакер, данышпандай ақылды, меруерттен көрікті деген сияқты теңеулер
қолданылады. Басқа да қанатты тіркестер, ойлы тұжырымдар көп.
А. Н. Самилович 1918 жылы жазған еңбегінде Кұгадғу білікті қарлық
тайпасы тілінде жазылды деп болжайды. Өзбек ғалымы Қ.Қаримов — Чығыл
тайпасы тілінде жазылады деп болжайды. Ал Әмір Наджиб Жетісу ескерткіштері
тілінде жазылған туынды деп қорытады.
Қарахан мемлекетінің басшылары қарлық, чығыл, йагама санатынан
шыққандар, ал қарахан тайпасының негізгі ұйтқысы қарлықтар болған. Чығыл
мен йағымалардың өзі қарлықтан тараған аталықгар. Олар басқа тайпалардан
гөрі саны жағынан басым, мәдениеті ілгері аға тайпа саналған. Қытай жібек
жолының ең шиеленіскен, түйіскен тұстарын қолдарында ұстап сауда-саттықпен
ерте айналысқан. Керуен сарайлар, базарлы қақпа тұрақтар, отырықшылық,
қолөнері, жер өндеу кәсіптері ерте дамыған. Араб дінін ертерек қабылдап,
мешіт, медреселер салдырып, оқу ісімен көбірек айналысқан. Қытайға барып
окушылар, олардың мәдениетімен шұғылданушылар да көп болған. Кдрлықгар
Жетісуды екі ғасырдай билеп-төстеген. Орталық қаласы — Баласағұн. Екіөгіз,
Алмалы, Тараз — ірі қалалары, Осы қарлықгар кезінде Қарахан мемлекеті
еркевдеп, олар монғол шабуылына дейін өмір сүрген. Моңғолдар қарлұқ,
қарахан мәдениетін қабылдап, олардың біліщі адамдарын өз істеріне
пайдаланған. Академик В. Бартольд қарахандықтар әулетінің қарлұл^гардан
шыққанын дәлелдеген болатын.
Қарахан қағаны Сүтук Боғрахан 960 жылы исламды мойындап, араб жазу
мәдениетіне кешкендігін хабарлаған. Осы-дан кейін түркілер парсылармен
қосыла ислам дінін шығысқа таратушылардың бірі болып алған. Қарахан
мемлекеті өсе келе кіші иеліктер - князьдықтарға ьщырап, дербес ұсак
ұлыстар мемлекеттеріне айналады. XII ғасырдың аятанда бұлардың өзара
наразылыктары өршіп, кейбірі тәуелсіздіктерінен де ай-рыла бастайды.
Ғазнаауған әмірі Махмут (998-1030) көрші қыпшақ даласын басып алады. Орта
Азияның біраз жерін Хорезм шахы өзіне қаратып, тәуелсіз дербес Хорезм
мемлекетін құрады. Кейін, XII ғасырдың басында іргесі сөгіліп, бөлшектеніп,
ыдырай бастаған Қарахан мемлекетін Моңғол шапқыншылары оп-оңай өзіне
қаратқан.
Құтадғу білік - әңгіме-аңыз ретінде баяндалатын даналық сөз, өсиет,
ғибрат. Дастан оқиғасы XI ғасырда Ыстықкөл, Жетісу және Қашғар өлкесінде
болған шындыққа байланысты өрістейді. Жүсүптің дастаны саяси және ғибрат-
өсиет-ақыл айту түріндегі трактат, адамгершілікке үндейтін, тәлім-тәрбие
берерлік дидактикалық туынды. Онда жеке адамның өзін қоғамда, үй ішінде
қалай ұстай білуі керектігінен бастап, хавдар мен бектердің өз
қарамағындағы әрбір қоғамдық топтарға қалай қарауға тиіс екендігі жөніндегі
көптеген мәселелер қамтылған. Өзінің вдеясы жағынан бұл дастан - жалпы адам-
гершілік, гуманизм рухын да жазылған дидактикалық шығарма. Бірақ автордың
негізгі мақсаты - қарахандықтар мемлекетін нығайту, оның даңқын зорайту
еді. Өзінің этикалы^ принцип-тері жағынан ол Орта Азиялық әдет нормаларын
негізге алады. Дастанның мазмұны - түсінікті, құрылысы қарапайым. Дастан
оқиғасына аз ғана топ адам қатысады. Шығарма сюжеті осы адамдардың өзара
әңгімелесуі, сөйлеуі, кеңесуі арқылы дами-ды. Данышпан Одгурмыштгың Элик
бекке айтатын ақылдары, әділет, ырыс иелері араларындағы кеңес сездер
ретінде келеді.
Поэманың құрылысындағы бір ерекшелігі оның диалогқа құрылуы. Бұл
әдебиетгегі муназар формасы екенін бір дәлелдесе, екіншіден, ауыз
әдебиетіндегі айтыс жанрының да мол әсерін танытады. Сонымен өзінің стилі
жағынан Құтадғу білікте кітаби дәстүр мен ауыз әдебиеті ұштастырылған.
Онан Орта Азия тұрғывдары мәдениеті мен көшпелі тайпалардың мінез-құлқы,
көркемдікталғамы байқалады.
Поэма 73 тарауға бөлінеді. Алғашқы тарауында дәстүр бойынша құдайға
сыйыну орын алады. Ақыл мен білімнің маңызы, сөз өнері, шешендік
дәріптеледі. Күнтоддының билігі әңгімеленіп, нағыз әділ адам бейнесі
жасалады. Мұнда білгір ацам би болса екен деген арман қозғалып, ақыдцы,
әділ басшы суреттеледі. Айтолды мен Күнтолдылар осындай адамдар еді
делініп, олар Бограханға ақылшы, үлгі есебінде көрсетіледі.
Поэманың негізгі тарауларында ақыл, есиет, тәлім, тәртіп
уағыздалады. Ханның өз карамағындағыларға қамқор болуы тіленеді. Оған өз
отбасында қонақта, елшілері мен қызметкерлері арасында қандай істер істеуі
керек, өзін қалай ұстаса жақсы болады деген сұрақтарға жауап беріледі.
Акын-жырауға сипаттама беретін тарау өте маңызды. Автор ақындық өнерді
жоғары бағалайды, ақын тілін өткір қылышка теңейді. Ақындарды ел үшін еңбек
еткен адамның атын мәңгі сақтаушылар, даңқын асырушылар деп, ханға олардың
өткір сөзіне ренжімей, кошеметтеп, көтермелеп, бағалай біл деп ақыл береді.
Ақындар сөзін кең таратып, сұрағанын тартынбай беріп, өз сөзінді сейлетуге
күш сал дейді:
Елші қандай болуға тиіс деген бір тарауында Оқыған білімді адам
болумен қатар, шиндар мырзалары үлгісінде ақсүйектік тәрбие алған, сөзге
шешен, өткір тілді, ойлы, айла-амалға жетік адам болуы керек деп түйеді.
Мұны ол өз елінін беделін басқа елдер алдында көтеру үшін қажет деп
есептейді.
Кұтадғу білік дүние, әлем жайларында сөз етіп, кезіндегі озық ойлы
адамдардың дүние туралы түсініктерінен хабардар етеді. Әлемдегі жеті
тұлғаны (планетаны), он екі бұрыш (жарық жұлдыздар), дүниенің төрт бұрышы,
аспан, ай, күн, түн, қыс, жаз, күз айлары жырланады. Бұлардың біріне-
бірінің жарасымдылығы, өзара байланысты болатыны сөз болады. Қараңғы түнді
жарық ай мен жұлдыз жарқыратса, күн нұры барлық ғаламшарға жан беріп, өз
әсерінде ұстайды, осының бәрі табиғи заңдылықта қозғалып, өзгеріп тұратын
құбылыс ретінде суреттеледі. Ай мен күн, шолпан, жетіқарақшы, темірқазық,
т. б. жұлдыздар аталып, олардың бәрі әлемді сәндендіріп, жан беріп тұр,
олардың әр қайсысының атқарар әрекетгері бар, дүниеде артық жаралған нәрсе
жоқдейді. Жер адамға қойнын ашып, бойывдағы бар байлығын сыйға тартты.
Даладағы егінді жаңбыр көгертер, бақгағы жеміс — ағашты гүлдендірер...
деген білгір тұжырымдар жасайды.
Адамның жаралуы туралы пікірлер діни түсініктерден алшақ болмаса да,
жаңашыл ойларымен мәнді. От пен су, ауа, саз балшықган Адамды бір алла
жаратга. Алла адамға көзбен қрақ, ақыл берді, ғылымға жетілсін деп деген
жоддар - сол дәуірде жасаған көптеген ойшылдарға тән танымал түсініктер.
Адамның жаралуы туралы кеп жылдар өмір сүрген замана пәлсапасы.
Құтадғу біліктің білім туралы түсініктері — тамаша. Білім - адам
баласының саркылмас қазына-мүлкі. Білімді адам - білгір, ақылды; жазу, оқу,
білімділік белгісі; надандық деген сырқатты ешбір емші жаза алмас, оны тек
білімділік қана айықтырар. Ақыл - түпсіз құзға бара жатқан адамды аман
сақтап калатын қыл аркан. Терен ой, зерек біліміміз-бен ғана біз алдағы
арманымызга (тілегімізге) жетеміз, надан адам — сокыр әрі керең, білімді
адам — соқырға көз, керснгс құлақ. Білместік — қараңғы тун, адасасың. Білім
— жарық, өзіңе жол ашасың. Ақылың мен білімің ғана өмірде сый, өлгенде
құрмет әпереді. Құтадғу білік дастанында адамнын асыл қасиеттерін
қадірлейтін жолдары да көп. Білім мен ақыл адамның ең кымбат, ен әдемі
қасиеттерінен саналады. Бұл мәселеге де дастанның бір тарауы арналады. Ақын
өзін керкем сөз шебері ретінде де ақылды ардақтап, білімді дәріптеу негізгі
міндетім деп біледі. Ақыл адамды басқалардан жоғары көтеріп, даңқын
асырады. Нуширвандай өлмес даңқка ие етеді. Егер табиғатынан патша ақылды,
дана болып туса, ол — халкынын бақыты, тағдырдын сол елге берген баға
жетпес үлкен сыйы. Ақыл — кәмелетке жеткен адамға тән касиет. Акыл
токтатпаған жас бала мен буыны босап, алжи бастаған шалдан ақылды іс күтуге
болмайды. Ақыл — тәуелді — темен топтык адамын да асыл жандар қатарына
кетере алады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz