Осыдан кейін Торғай маңы тұрғындары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Ыбырай Алтынсариннің өмір сүрген дәуірі

  1. Қазақстанның ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы саяси-экономикалық дамуына шолу.
  2. Ұлы ағартушыға дейінгі Торғайдағы білім бастауы.

Әдебиеттер:

  1. Алтынсарин Ы. Үш томдық шығармалар жинағы. Алматы, 1975-78 жылдар.
  2. Ақынжанов М. Қазақ ағартушыларының қоғамдық саяси көзқарастарының қалыптасуы. Алматы, 1955ж.
  3. Бейсембин К. Қазақ ағартушыларының әлеуметтік-саяси және философиялық көзқарастары туралы. Алматы, 1958ж.
  4. Дерібсалин Ә. Ы. Алтынсарин. Алматы, 1965ж.
  5. Ламашев Ә. Ыбырай Алтынсарин (семинарий), А., 1991ж.
  6. Ә. Ламашев. Ыбырай Алтынсарин ізімен. «Қазақфильм» туындысы, 1987ж.
  7. Ламашев Ә. Торғайдағы білім бастауы немесе ұлы ағартушыға дейін. Торғай таңы, 21 тамыз, 1991ж.

І. Қазақстанның ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы

саяси-экономикалық дамуына шолу.

ХІХ ғ. Қазақстан тарихында дүрбелең оқиғаларға толы тарамды кезеңдерден қарастырылуы жәй емес.

Қазақстандай кең өлкенің Ресейге қосылудың аяқталар шағында бұрқ еткен 1837-1838 жылдары Исатай Тайманов батыр басқарған шаруалар көтерілісі және ХІХ ғасырдағы ең ірі Қасым хан 1837-1847 жылдар көтерілісі ерекше орын алады. Өзінің, Ресей саясатына әсер етуі, халықты қамтуы, ұзаққа созылуы және табандылығы жөнінен 10 жыл бойы қуатты империяның күш құралдарын өзіне аударды, орта және ұлы жүздердің бірсыпыра жерлерін соғыспен бағындыру мерзімдерін кейінге шегіртеді. Сөйтіп, Кенесары ханның қолбасшылығымен басталған көтеріліс қырғыздар жеріндегі жеңіліспен аяқталады.

30-50 жылдары Қазақстанда Ресей империясының (кеңеюшілік) ұмтылысының күшейе түсуі, сондай-ақ Хиуа хандығының агрессивтік саясаты Сырдария бойы қазақтарының 1856-18570 жылдары Жанқожа Нұрмұхамедовтың қолбасшылығымен күреске шығуының негізгі себебі болды. 1857 жылы қаңтар айында көтерілісшілер жеңіске ұшырады.

Ыбырай Алтынсарин еңбек еткен кезең Россияда 60 жылдары жүргізілген шаруалар реформасының дәуірі еді, бірақ «азат етілген» шаруалар помещиктердің қанауында қала берді.

Сонымен қатар, 1865 жылы Ресей үкіметі қазақ даласын басқару туралы Ереженің макетін дайындау макетін дайындау үшін Дала комиссиясын құрды, 21 қазанда 1868 жылы уақытша басқару «Ережесі» қабылданды.

1867-1868 жылдары реформа бойынша Қазақстанға бес буынды басқару жүйесі енгізілді. Реформаның түпнұсқасында қазақ жерлерінің Ресей империясының меншігі болып жариялануы және әскери мен азаматтық биліктің тұтастығы болды.

Ақ патшаның отаршылдық саясаты Орал, Торғй, Маңғыстау қазақ шаруаларының көтеріліс толқуларына себепші болды.

Саясаттағы өзгерістер Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени, білім салаларына да әсерін тигізбей, түбегейлі өзгерістер енгізді.

Қазақ халқының қоғамдық болмысы, әсіресе, материалдық тұрмыс-жағдайы ХІХ ғасырдың екінші жартысында Россияның тікелей ықпалы негізінде дамыды. Бұл ықпалдың прогрестік және реакциялық жақтары болды.

ІІ. Торғайдағы білім бастауы немесе ұлы ағартушыға дейін

ХІХ ғасырдың 60жылдарында Қазақ жерінің Россияға қосылуы аяқталды. 1867 жылы Түркістан генерал-губернаторлығына бағынатын Жетісу және Сырдария облыстары, 1868 жылы Орынбор генерал-губернаторлығына бағынатын Ақмола және Торғай, Сібір генерал-губернаторлығына бағынатын Семей облыстары құрылды. Басқа да облыстар сияқты Торғай облыстары уездерге бөлінді : Торғай, Ырғыз, Елек (Ақтөбе), Николаевск (Қостанай), олар өзара 51 болысқа, онан әрі ауылдарға бөлінді. Облыстық бас басқармасы Орынбор қаласына орналасты. Торғай уезінің орталығы - Торғайда, Ырғыз уезінің орталығы - Ырғызда, Николаевск уезінің орталығы - Троицкіге орналасты. 1897 жылы санақ бойынша облыста 63559 түтін, 317795 адам тұрды.

ХІХ ғасырдың 20 жылдарына дейін патшалық Россия қазақтарды хандық жүйе арқылы басқарып келді. Орта жүзде хандық 1822 жылы, кіші жүзде 1824 жылы жойылды да, біріншісінде округтік приказ жүйесі (ауыл, болыс, округ), екіншісінде Шекара әкімдері тағайындайтын сұлтан әкімдер басқарды. 1831 жылдан бастап басқарудың дистанциялық жүйесі дейтін тәртіп енгізді. Кіші жүз үш бөлікке бөлініп - Батыс, Орталық және Шығыс деп аталды. Оларда 56 дистанциялар құрылды. Торғай облысына Орта жүздің батыс бөлігі және Кіші жүздің орталық және шығыс бөлімдері енді. Енді бұл аудан, өз алдына болыс жоғарыда атағанымыздай, төрт уезге бөлінді.

«Ыбырай Алтынсарин және Торғай оқу-ісі тарихының очерктері» аталатын еңбекте «Шекара комиссиясы» деген ұғым жиі кездеседі. Орынбор қазақтарымен әр саладағы байланысты өрістете беру үшін, олардың арасында патшалық Россияның ықпалын арттырып, отарлау саясатын нықтай түсу мақсатында Орынбор қаласында 1782 жылы Шекара экспедициясы ашылып, ол 1799 жылы Шекара комиссиясы болып қайта құрылды. Бірқатар жазба әдебиеттер мен мерзімді баспаларда «Орынбор даласы қазақтарының бас басқармасы» деп те жаза берді. Бәрі бір ұғым. 1859 жылы Орынбор қазақтары басқарудың Шетел істері министрлігінен шығарылып (оның құрамында 125 жылдан астам болды), Россия империясының құрамына енгізіп, Ішкі істер министрлігінің басқаруына берілді.

Қазақстанның Россияға өз еркімен қосылу кезеңдерінен бастап қазақтар діни емес, дүниелік білім беретін мектептерге түсіп, білім ала бастады. Торғай қазақтары балаларын 1744 жылы Орынборда ашылған татар мектептерінде оқытты, бірақ онда әскери шендегілердің балалары ғана оқыды. Бұл оқудың түпкі мақсаты өкімет кеңселерінде, сауда-саттық орындарында қызмет атқаратын адамдар тілмаш және іс-жүргізушілер даярлау болатын.

Орынбор губерниясы құрамына енген қазақтарға оқуды ресми рұқсат еткен 1825 жылдың қаңтар айының 2-сі күні ашылған Неплюев әскери училищесі еді. Кейін ол Неплюев кадет корпусы болып аталады. Мұнда, әрине, әскери дәрежесі бар сұлтандардың, би-шонжарлардың балалары оқыды. Орыс жастары мен шығыс халықтарының өкілдері, соның ішінде қазақтар, діни сабақтармен қатар география, физика, арифметика, алгебра, геометрия, тригонометрия, Россия тарихы, жалпы тарих, жаратылыс тану және әскери пәндері негіздерінен білім алды. Орыс, араб, татар, француз және парсы тілдері оқытылды. Оқу мерзімі 6 жылға созылды. Қазақ балаларына бөлінген 30 орын үнемі толмай қалып жүрді. Айталық ең бір жақсы көрсеткіш деген ХІХ ғасырдың елуінші жылдарында кадет корпусында 26 қазақ жастары оқыды, оның басым көпшілігі Қазақстанның батысынан болатын. Архивтерде қажетті материалдар аз сақталғандықтан Неплюев кадет корпусында оқыған қазақ жастарының тарихын толық жасауға мүмкіндік жоқ.

Дегенмен, біраз фактілер келтіруге болады. Әскери училищенің М. Таукин (Батыс бөлімінен) 1826-1830 жылдарда оқыған К. Шығаев пен Караулов (екеуі де Ішкі немесе Бөкей ордасынан) толық курсын бітірген. Ал, оны Д. Чукеев пен Н. Габдулгалимов 1847 жылы кадет корпусы аталған тұста бітірген. 1866 жылға дейін Орынбор кадет корпусын 28 қазақ жастары бітіріп шықты, олардың ішінде Торғай облысына қараған аудан өкілдерінен С. Таубаев, М. Жантурин, Т. Сералин, Т. Жәнібеков, Е. Бабин, М. Бесжанов болды. Осы әскери білім алған 28 жастың 17-сі сұлтандардың, 4-і әскери шені барлардың, 7-і жергілікті әкімдердің (би, старшина т. б. ) балалары, демек, түгелдей үстем тап өкілдерінің ұрпақтары. Бірақ, кімнің баласы болғанда да оның өсіп, даму, шыңдалу процесінде өзгерістер болып, жататынына күмән жоқ. Қазақ және орыс оқушыларының бос уақыттарында бірге болуы, әсіресе, үй тапсырмаларын бірлесе орындауы, олардың жақындасуына аса қолайлы жағдай туғызды.

Кадет корпусын бітірушілер Қазақстандағы әртүрлі басқару орындарына қызметке жіберілді. Олардың біразы орыс тілін меңгерген және орыс мәдениетінен хабардар, әжептәуір білімді жастар болды, кейбіреуі орыс баспасөздерімен байланыс жасап, қазақтарды орыс оқу орындарымен таныстырды, сол арқылы қазақ жастарын оқу орнына ынталандыруды ойлады.

Осы корпусқа 1854 жылы оқуға түсіп, оны 1861 жылы жоғары бағалармен тамамдаған Есенғазы Бабин (1845-1909) жеті жыл бойына, 1868 жылға дейін бір дистанцияда бастық болады. Облыс құрылуына байланысты мұндай әкімшіліктер таратылады. Есенғазы Бабин тарихи деректерге қарағанда өз еркімен мұғалімдік жұмысқа ауысқан екен. Кейінгі бір естелігінде ол былай деп жазыпты: «Қазақтардың көшпелі тұрмысы мен ауыр азапты жағдайын әбден білемін. Олардың оқу-білімге деген ынтасын, сеземін де, түсінемін де. Өз халқыма қолымнан келгенше, оқыған, үйренген, түйген, білгенімді бергім келді де, мұғалім болуды қаладым. Торғайда бала оқытып келемін. О баста да әкім болуды қаламадым. Орысша білім алу қажеттігін аяқ жеткен жерде насихаттай беремін». Торғай мектебіне Е. Бабин 1875 жылы келді. Осы мектептің 1879 жылы екі кластық (6 жыл) болып, қайта құрылуына көмектесті. Ыбырай Алтынсариннің оқу-ағарту ісіндегі ойлары мен пікірлерін үнемі қолдап отырды, онымен әріптес, дос болды. Мынадай бір оқиғаны келтірейік. 1890 жылы екі кластық училище жанындағы интернатқа бірқатар ата-аналар, қыз балаларын оқуға беруден бас тартты. «Керек болса, өз қыздарыңды интернатқа жатқыз» деді. Сонда Есенғазы Бабин өз қызын, бір екі тума қыз балаларын бас қылып интернатқа орналастырды. Осыдан кейін Торғай маңы тұрғындары Е. Бабиннің бастамасын қолдап кетті. Ол Торғай уезіне ауылдық мектептер ашуға үлкен күш жұмсады. Баласы Салық Бабинді осы мектептердің біріне мұғалім етіп әдейі жіберді.

Қазақтар арасында оқу-ісін жақсы ұйымдастырғаны үшін Е. Бабин 1903 жылы күміс, ал 1905 жылы алтын медальмен наградталды. Педагогика ғылымдарының докторы М. Хравченко «Орынбор кадет корпусында қазақ балаларына араб, парсы немесе басқа да шығыс халықтарының тілдерінен сабақ берген бір топ мұғалімдерді білеміз. Мысалы, М. Бекчурин, С. Куляшев, В. О. Костроминтянов т. б. Олардың көпшілігі белгілі дәрежеде патша үкіметіне еңбек еткендер. Айталық, Меңдияр Бекчурин (1750-1820) жұмысын Орынбордан «татар тілмәші» болудан бастады да, Орта Азия мен Қазақстанда патша өкіметінің дипломатиялық тапсырмасын, ұзақ жылдар бойы орындады. 1790 жылы Кіші жүздің Сырым Датов бастаған көтерілісін тоқтату үшін Калмыков бекінісіне барды. Ол Қазақ тарихын, оның фольклорын зерттеуге араласты. Мысалы, 1817 жылы қазақтың «Барса келмес» ертегісін жазып алып, «Санкт-Петербургские ведомствасында» жариялады деп жазды.

Орынбордағы кадет корпусы 1866 жылы әскери гимназия болып қайта құрылды. Бұл тұста да біраз қазақ балалары осы оқу орнында қала берді. Онда Шыңғали Жантөрин, Жәнібеков, Батырбеков, Бекжанов, Чукин, Бөкейханов т. б. қазақ балалары оқығандығы туралы архивте материалдар баршылық.

1869 жылы Орынбордағы әскери гимназияның жанынан тілмаш (аудармашы) кадрларын даярлайтын бөлім ашылды. Онда Торғайлық Қазыбеков, Қазиев, Оразаев және Ертілеуов оқыды. Кейін осы оқушылардың қатарына Орынбордағы азаматтық гимназиядағы оқуын тастап, біраз жастар келіп қосылды. Біздің жерлесіміз, торғайлық Хакім Кейкин соңғылардың бірі болатын. 1847 жылдан бастап Орынбор әскери госпиталі жанында қазақ балаларына бастауыш медициналық білім беретін әдейі бөлім ашылды. Оған үш оқушы қабылданды. 1849 жылы оларға тағы екі оқушы қосылды. Әртүрлі себептермен қазақ балалары оқуды тастап кетті. 1857 жылы тарихи деректерге жүгінсек тек қана торғайлық Хамза Қаржасов оқуды жалғастыра берген. Бұл тұста бүкіл Торғай қазақтары арасында маман фельдшерлер мүлде жоқ болатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Ақтөбе облысындағы туризімнің қазіргі жағыдайы және болашағы
Қазақстанның географиялық орны, ірі физикалық георафиялық нысандарына қысқаша сипаттама
Көшпенділер институтының зерттеліну тарихы
Неолит дәуірі
Ежелгі тас ғасыры (палеолит) дәуіріндегі Қазақстан
Жаңа тас ғасырдағы Қазақстан
Ақтөбе қаласындағы демалыс пен туризмнің дамуы
Қостанай облысына жалпы сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz