Физиканы оқыту әдістері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3- 4

І тарау. Физика сабақтарын оқыту әдістемесі
§ 1.1. Физиканы оқыту
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-1 1
§ 1.2. Физиканы оқытудағы инновациялық
әдістер ... ... ... ... ... ... ..12 -17
§ 1.3. Педагогикалық қызметтің инновациялық бағыты ... ... ... ... ..18-
20
§ 1.4. Инновациялық тәжірибе
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ...21-24
ІІ тарау. Физика сабағының сапасын арттыру жолдары.
§ 2.1. Оқытудың инновациялық технологияларын физика сабағында

қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...25-27
§ 2.2. Физика сабақтарын өткізудің
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28-32
§ 2.3. Оқытудың жаңа технологияларын физика сабағында
қолдану
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..33-37
§ 2.4. Физика сабағында мультимедианы пайдалану ... ... ... ... ... 38-
42
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .43-45
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...46
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...47-59

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында Білім беру
жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтыр, ғылым
мен практика жетістіктері негізінде және адамды қалыптастыруға және кәсіби
шеберлігін шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау:
оқытудың жаңа технологиялырын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,
халықаралық ғаламдық комуникациялық желілерге шығу деп білім беру жүйесін
одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.[1]
Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті
ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол
ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынастарға өту қажеттілігі туындады.
Егеменді елдің ертеңі оқу-білімінің тереңдігімен өлшенеді. Толассыз,
үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді
толассыз, үздіксіз дамытуды талап етеді.
Қазіргі педагогика ғылымының алдында тұрған міндет,оқушыларға
белгілі бір білім жүйесін беріп қоймай, олардың әрқайсысының шығармашылық
қабілетін айтарлықтай дамыту болып табылады.
Қазіргі физиканы оқыту әдістемесі оқушының танымдық қызметі мен
ойлау жүйесінің ара қатынасын айқындай түсуде.Ол оқушының дербестігін,
танымдық қажеттілігімен, интелектуалдық ойлау мүмкіндіктерін
қалыптастырады.
Мектеп физика курсында оқытудың әдістерін, оның ішінде жаңа
технологияларды орынды қолдану оқушылардың пәнге деген ынтасын арттырып
қана қоймайды, сонымен қатар оқушылардың білім деңгейінің сапасын арттырары
сөзсіз.
Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты: Оқытудың жаңа технологиялары мен
әдістерін қарстыру және оларды физика пәнінде қолдану.
Жұмыстың өзектілігі:Оқытудың жаңа инновациялық әдістерін пайдалана
отырып,оқушылардың пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыру болып
табылады.
Зерттеу объектісі: оқыту әдістері.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
➢ Физиканы оқыту әдістерін жинақтап, қорыту ;
➢ Оқушылардың шеберліктері мен дағдыларын қалыптастыру;
➢ Әртүрлі ғылымдарда қолданылатын зерттеу әдістерінің ортақтығын
көрсету және олардың ерекшіліктерін ашу;
➢ Осы диплом жұмысына қажетті жинап, оны жазу кезінде қоданылған
әдістер:
• Қажетті әдебиеттермен танысып, талдау жасалынды;
• Қарастырылған оқыту әдістерінің кейбір элементтері мектепте
педагогикалық тәжірибе кезінде қолданылды;
• Оқытудың жаңа инновациялық әдісі мульти –медиа арқылы сабақ
жоспарының үлгісі көрсетілді.

І тарау. Физика сабақтарын оқыту әдістемесі

§ 1.1. Физиканы оқыту әдістері.

Мектепте оқылатын физиканың алдында тұрған күрделі және жауапты
міндеті орындау үшін физиканы дидактикалық принциптерін жүзеге асыру үшін,
физиканы оқытудағы саналуан әдістерді пайдалану керек және оқу сабағын
ұйымдастырудың физика курсын ретімен жоспарлы түрде оқытылуын қаматамасыз
ететін формасын қолдану керек. Оқытудың бір ғана универсал әдісі болуы
мүмкін емес. Оқытудың әдістерінің әр түрлі болуы, қай оқу пәнін болмасын
дұрыс оқытудың керекті шарттарының бірі болып табылады.
Мазмұны, алдында тұрған міндеті және формасы жағынан саналуан
түрде өткізіліп жататын сабақтарда мектептің алдында тұрған міндеттерді:
негізгі физиканы білімдермен қарулануды, ғылыми көзқарасқа негіз салуды,
физиканы техникалық пайдалануға үлкен мүмкіндіктер жасауды, бірнеше
практикалық білім мен дағдыны дамытуды қамтамасыз ететін барлық әдістер,
барлық тәсілдер қолданылады.
Физика мұғалімі сабақтарда оқушылармен әңгімелескенде, оларға
баянды түсіндіріп айтқанда, тіпті кейде лекция оқығанда физиканы оқу
материалын жүйелі түрде орындайды, мазмұндайды. Мазмұндап айту тәжірибелі
демонстрациямен, таблицалардың, диопозитивтердің, кинофильмдердің,
модельдердің жәрдемі арқылы иллюстрациялаумен, формулаларды қорытып
шығарумен, қорытындыларды қысқаша жазумен, схема түрінде сурет салумен,
есеп шығарумен қатар жүргізіледі. Физика сабағында мұғалімнің басшылығы
оқушылар тек тыңдап қарап отырмай өздері де әрекет жасап отыруын
қаматамасыз ететін болу керек. Үздіксіз оқушылардың белсеңділігін, олардың
физиканы қызығып оқуын ояту керек.
Сабақ – оқуды үйымдастырудың негізгі формасы. Сабақ – оқу
процесіндегі шешуші буын, сондықтан оқушылардың пән бойынша алған
білімдерінің сапасы ең алдымен әр сабақтың ғылыми - әдістемелік дәрежесіне
және жалпы алғанда сабақтардың бүкіл жүйесіне байланысты. Сабақта оқытудың
алуан түрлі әдістерін қолдануға болады.
Оқыту әдістемесін классификациялауға оқушылар білімдер мен
дағдыларға ие болатын қайнар көзді негіз етіп алып, барлық әдістерді үш
үлкен топқа бөлуге болады:

Сөздік әдістемесі:мұғалімнің материалды баяндап беруі (лекция, әңгімелеу,
түсіндіру), әңгімелесу, кітаппен (оқулықтар мен оқу құралдарды,
анықтама, т.б.) жұмыс істеу.
Көрнекілік әдістемесі: мұғалімнің тәжірибе жасап көрсетуді, көрнекі
құралдарды (жұмыс істеп тұрған машиналар мен техникалық
қондырғыларды, сурет, схема, коллекцияларды) көрсету, оқу
кинофильмдерін көрсету.
Практикалық әдістемелері: оқушылардың эксперименттік және практикалық
жұмыстары; үлестірме материалмен істелетін жұмыс, жаттығулар
(есептер шығару, графиктер салу және олармен жұмыс істеу).
Алғашқы екі топ оқушылардың білімдермен логикалық ойлау дағдыларын
алуына көмектесетін әдістерді қамтиды. Кітаппен жұмыс істей отырып мектеп
оқушыларды білімдерге және суреттерді, схемаларды, таблицаларды пайдалану
шеберліктеріне ие болады. Үшінші топ оқушылардың білім алуларына ғана емес,
сондай – ақ оларда приборлармен, схемалармен жұмыс істеудің практикалық
шеберліктерін және дағдыларын қалыптастыруға көмектесетін әдістерді де
қамтиды.
Оқыту әдістемесінің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар және
белгілі бір жағдайларда қандай-да бір оқу – тәрбие міндеттерін шешкенде
оңды нәтижелерге алып келеді. Бірде біз әдісті әмбебап, кез келген
міндеттерді шешуге жарамды деп есептеуге болмайды. Оқыту әдістерінің алуан
түрлілігі – оқушыларды жан-жақты дамытудың қажетті шарты.
Практикада, әдістемелердің бірде-бірін басқаларынан бөліп алып
қолданбайды, қайта олармен үйлестіріп қолданады. Мысалы, оқытудың сөздік
әдістерін тәжірибелер жасап, көрнекі құралдарды көрсетумен, практикалық
әдістерді сөздік әдістермен үйлестіре қолданады.
Әдістемелерді сабақтың алдына қойылған міндеттерді анағұрлым
тиімді шешуге қол жеткізетіндей етіп дұрыс ұштастырудың маңызы зор. Мысалы,
7-8 сыныптарда физикалық заңды оқып үйренгенде – мұғалімнің түсіндірулерін
приборларды көрсетумен және схемаларды пайдаланумен, ал күрделі емес
приборлардың құрылысын оқып үйрену кезінде (мысалы, балқымалы
сақтандырғышты, қыздыру электр лампаларын) оқулықпен және үлестірме
материалмен істелетін жұмыстармен ұштастырған жөн.
Оқыту әдістерін таңдаған кезде сабақтың мақсаты мен міндеттерін,
оқу материалының мазмұнын оқып оқулықта баяндалу сипаты, оқушылардың жас
ерекшеліктерін, сынып құрамының өзгешеліктерін, физика ғылымының әдістерін,
физика қабілетінде жабдықтың болуын ескеру керек.
Оқытудың сөздік әдістерін қарастырайық.
Әңгімелесу – мұғалім оқушыларда бар білімдерге, практикалық
тәжірибе мен тәрбиелік көрсетулерге сүйеніп, сұрақтардың көмегімен
оқушыларды жаңа білімдерді түсінуге және меңгеруге алып келетін оқыту
әдістемесі.
Материалдарды әңгімелесу әдісімен баяндау мұғалім мен оқушы
арасында диалог түрінде өтеді. Мұғалім тәжірибелер жасап көрсетіп немесе
мектеп оқушыларды орындайтын тәжірибелерге сүйеніп, оларға сұрақтар қояды.
Мұғалімнің басшылығымен оқушылар логикалық пайымдау жолымен, алға қойылған
мәселелер жөніндегі дербес ақыл – ой жұмысы арқылы тұжырымдар мен
жинақтаулар жасайды.
VІІ – VІІІ сыныптарда физиканы оқытуда қолданылатын әңгімелесу
әдісі – жаңа материалдарды оқып үйренудің және оқушылар білімінің сапасын
тексерудің негізгі әдістерінің бірі. Оны мынадай жағдайларда қолданады:
1. физикалық заңдарды демострациялық тәжірибелермен және оқушылардың
фронтальдық экспериментімен ұштастыра оқып үйренген кезде.
2. физикалық құбылыстардың мәнін ашып – айқындау кезінде.
3. физикалық ұғымдарды қалыптастыру барысында (тәжірибелерді
демонстрациялау мен көрнекі құралдарды көрсетумен ұшастыра).
4. жаңа материалды оқып үйрену процесіне сүйену үшін білу қажет болатын
бұрын өтілген материалды қайталау кезінде.
5. алға қойылған проблемаларды шешу кезінде.
6. сол сабақта оқып үйренілген материалдың меңгерілу сапасын тексеру
кезінде.
Көрсетілген жағдайларда әңгімелесу әдісі негізгі, ал басқа әдістер
қосалқы болып табылады. Қарастырылған жағдайлардабұл әдіс, басқа әдістерге
қарағанда, оқушыларжда оқып үйренілетін мәселеге деген ынта-ықылас
тудыруға, олардың ойлауын күшейтуге жақсы мүмкіндіктер тудырады.
Әңгімелесу – бұл мұғалімнің материалды дәйектілікпен, бейнелі
түрде, диалогпен үзбектелей, баяндап беруі, оның қолдану мақсаты мынадай:
1. оқушыларды өнертабыстардың және физикалық заңдарды ашудың тарихымен,
аса көрнекті ғалымдар мен өнер тапқыштардың өмірбаянымен таныстыру.
2. ғылыми техниканың жетістіктерімен және даму перспективалармен
таныстыру.
3. оқып үйренілетін физикалық құбылыстар мен заңдардың, приборлармен
техникалық құрылғылардың ғылымда, техникада қолданылумен таныстыру.
4. табиғат пен техникалық қондырғыларды бақыланатын құбылыстарды
сипаттау.
Жоғарыда санап өтілген жағдайлардың алғашқы екеуінде әңгімелесу –
материалды ауызша баяндауын мүмкін болатын бірден-бір тәсілі. Бұл арада
әңгімелесі әдісін қолдвануға болмайды, өйткені оқушыларда әңгімені
өрістетуге негіз боларлық білім қоры жоқ. Бұл жағдайда әңгімелесу әдісі
оқушыларға оқып үйренілетін мәселе жөнінде тұтас түсініп беруге және оған
ғылыми – көпшілік әдебиеттен қосымша мәліметтер алуға мүмкіндік береді.
Одан кейінгі екі жағдайда әңгімелеу көбінесе әңгімелесу әдісімен
ұштастырылады. әңгімелесу процесінің басында мұғалім оқушылардың сол мәселе
бойынша не білетінің анықтайды. Одан кейін, оқушылардың бар білімдерін
жүйеге келтіріп, мұғалім оларды өз әңгімесімен толықтырады әрі тереңдетеді.
әнгімелеу әдісімен тәжірибелер жасап, көрнекі құралдарды көрсетумен
ұштастырып қолданады. әңгіме айқын, логикалық жағынан дәйекті, бейнелі,
эмоциялы болу керек.
Баяндаудың дәйектілігі мен айқындылығы ұқыпты ойластырылған жоспар
немесе конспект арқылы қамтамасыз етіледі.
Түсіндіру – бұл мұғалімнің курстың неғұрлым күрделі мәселелерін
дәйектілікпен, қатаң логикалық тұрғыда баяндап беруі.
Түсіндіруге пайымдау, ой қорыту, дәлелдеу сияқты белгілер тән. Бұл
әдісті дәлелдеу, түсіндіру, негіздеу қажет болғанда пайдаланылады.
Оқушылардың оқып үйренілетін мәселе жөніндегі мұғалімнің әңгімелесу
әдісімен материалды баяндауына негіз боларлық жеткілікті білімдері мен
байқап – бағдарлағандары жоқ жағдайда бұл әдістің орны бөлек.
Физиканы оқытуда түсіндіру әдісі төмендегі оқу міндеттерін шешу
кезінде қолданады:
1. физикалық приборлар мен машиналардың құрылысын және жұмыс істеу
принциптерімен олқып үйренген кезде.
2. физикалық құбылыстардың мәнін неғұрлым жалпы физикалық теориялар
негізінде ашқан кезде.
3. денелердің физикалық қасиеттерін заттардың атомдық – молекулалық
құрылысы туралы түсініктер мен электрондық теория негізінде
түсіргенде.
4. физикалық заңдардың мәнін оқып үйренумен олардың арсындағы байланысты
ашқанда.
Түсіндіруді көрнекілік құралдарын қолданумен қоса қабат жүргізген
жағдайда ғана, ол материалды оқушылардың терең де берік меңгеруін
қамтамасыз етеді.
Түсіндіру процесінде мұғалімнің логика заңдарын сақтауы, әрбір жаңа
мәселені айқын етіп қоюы, дәлелдерді қатаң логикалық, дәйектілікпен
баяндауы ерекше зор маңызға ие болады.
Түсіндіру көбінесе әңгімелесу әдісімен ұштастырылып отырады;
мұғалім оқушыларға өз пікірлерін айтып, өзінше түсініп беруді ұсынады. Ол,
оқушылардың зейінін аудару, ойлау барысын түсіндіретін нәрсені қалай
ұғатынына тексеру үшін, оларға сұрақ қояды.
Лекция - әңгімелесу және түсіндірумен салыстырғанда баяндаудың
үлкен ғылыми қатаңдығымен және едәуір ұзаққа созылатындығымен сипатталады.
әдетте ол тұтас сабаққа арнап мөлшерленеді. Лекция әдісін негізінен жоғары
сыныптарда қолдануға болады, өйткені ол оқушылардан ұзақ уақыт бойы тұрақты
зейін қоюды, жоғарғы дәрежеде дамыған абстрактілі ойлауды, лекция барысында
негізгі идеяларды, қорытындыларды, заңдардың тұжырымдарын, формулаларды
жазып отыру шеберлігін талап етеді. VІІ – VІІІ сынып оқушыларының зейіні
әлі жеткілікті түрде тұрақты емес, абстрактілі ойлауы нашар дамыған, жазу
жұмыстарын орындау дағдылары жоқ. Алайда оқушыларды лекция тыңдауға қажетті
шеберліктер мен дағдыларды бірітіндеп, VІІ сыеыптан бастап, қалыптастыру
керек, мұғалімнің материалды түсіндіру барысында жазып отыру жұмысын
орындау шеберлігін жоспарлы және жүйелі түрде қалыптастырып отыру қажет.
[2]

§ 1.2. Физиканы оқытудағы инновациялық әдістер

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында Білім беру жүйесінің
басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен
практика жетістіктері негізінде және адамды қалыптастыруға және кәсіби
шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау:
оқытудың жаңа технологиялырын еңгізу, білім беруді ақпараттандыру,
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп білім беру жүйесін
одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.
Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті
ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол
ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынастарға өту қажеттілігін туындады.
Егеменді елдің ертеңі оқу-білімінің тереңдігімен өлшенеді. Толассыз,
үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді
толассыз, үздіксіз дамытуда талап етеді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан – 2030 даму бағдарламасында
Қазақсатан халқына арналған жолдауына Біздің жас мемлекетіміз өсіп,
жетіліп кемелденеді, жас шәкірттер онымен бірге ер жетеді. Олар өз
ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты
өкілдері болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, казіргі
заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар бейбіт
айбат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің
патриоттары болады деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден
гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш
– білімге тән [3].
Еліміздегі дүбірлі өзгерістер, қайта жаңғырулар білім беру жүйесінде де
айтулы реформалар әкелді. Білім стандартының жасалынуы, төл
оқулықтарымыздың жазылуы, мектептерді жаппай компьютерлендіру, инновациялық
технологиялардан іздену, білім мазмұның байыту, әлемдік білім кеңістігіне
ену мақсатындағы жұмыстар сол өзгерістердің куәсі. Білім парадигмасы
өзгерді. Бұрыңғы әдетке айналған оқу үрдісінде мұғалімге басымдылық рөль
берілсе, ал қазір оқу үрдісінде оқушы белсеңділік көрсету тиіс, оны
оқытпайды, ол өздігінен оқуы керек. Қоғамды гуманизациялау, оқытуды
дифференциялау арқылы оқушылардың өз таңдауына жол ашады.
Оқытудың негізгі мақсаты өз бетінше дами алатын жеке адамды
қалыптастыру болғандықтан оқушылар өз бетінше танымдық әрекет етудің
әдістері мен дағдыларын меңгеру керек.
Сабақ түрі жаңа заман талаптарына сай өзгеріп, эмоциялық сезім-
түйсіктеріне әсер ететін ізденістерден пайда болатын түсінікті. Ақыл
парасаттан гөрі сезім түйсігі ұшқыр балаларға көп жағдайда бағдарламалалық
тақырыптарды тосын тәсілдер арқылы түсіндіру пайдалы. Бұл үшін мүғалім
сабақ өткізуде дәстүрлі шеңберде қалып қоймай, тың ізденістер жасауы тиіс.
Сондықтан жаңа педагогикалық технологияларды еңгізу – оқыту үрдісінің
тиімділігін арттырып қана қоймайды, басқа да көптеген мәселелерді шешеді.
Оқушы мемлекеттік стандартты алып қана қоймайды, өз қабілетіне таңдау, әрі
қарай білімін дамытуға мүмкіндігі болады. Қазіргі кезде оқыту үрдісінің
жаспарлаудың, қолданудың, бағалаудың жүйелі әдісі адамдардың техникалық
ресурстарды білімді игеру жолындаөзара тиімді әрекет етуінің негізі ретінде
жаңа технологиялар түрлері көбейе түсуде. Сондықтан жаңартылған
педагогикалық технологиялар ішінен өз қажеттісін таңдап алу-әр мұғалім үшін
жауапты да іскерлікті қажет ететін іс.
М.Кларин Педагогикалық технология, педагогикалық мақсатқа қол жеткізу
жолындағы пайдаланатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық
құралдардың жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті деп жазады. Біздің
пікірімзше, педагогикалық үрдіс технологиясы – мақсат-мүддені анықтаудың
жалпы әдіснамасы негізгі мемлекеттің қазіргі білім беру саласына қойып
отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп реттелген оқытудың мазмұн,
форма, әдіс – амалдарын, дидактикалық талаптарын, психологиясы-
педагогикалық талаптарының жиынтығы.
Оқыту тәрбие үрдісінің қолданып жүрген, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген
жаңа технологиялар: дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л.Занков, Д.Элконин,
В.Давыдов, В.Репин, В.Левин); оза отырып оқыту (С.Лысенкова); іс-әрекетті
бағалау (Ш.Амонашвили, И.Волков); тірек және тірек конспектілері арқылы
оқыту (В.Шаталов); бағдарлап оқыту, дифференцалдап оқыту, топтық және
ұжымдық оқыту, ақпараттық технологиялар (Н.К.Гузик, Ж.Қараев); модульдік
оқыту (М.Жанпейсова); оқу және жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлау (СТО)
бағдарламасы болып табылады.
Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық прогрестің өте шапшаң қарқынмен
дамуыжәне информация көлемінің әр 3-5 жылда екі еседей өсіп отыруы, әсіресе
ой-еңбегінің және оқыту үрдісінің айрықша сапалы жетілдіруі талап етіп
отыр.
Жаратылыстану пәндеріне, оның ішінде физика пәнінің мектепте оқытылуы
жәйіне көңіл аудару – тәуелсіз еліміздің болашақ мамандары үшін аса
маңызды. Елімізде 300-дей мамандық түрлері бар десек, соның 80% астамы
түрлі сала инженерлі, ауыл шаруашылық мамандары. Ендеше мектеп қабырғасынан
бұл пәндерді терең меңгермеген адамнан келешекте нашар маман шығатының еш
күмән туғызбайды. Кеңес заманынан бері бұл пәнге берілетін сағат қысқартыла
берді. Осының салдарынан физика пәнін оқытуда есептер шығаруға,
лабораториялық жұмыс жасауға уақыт аз бөлінеді. Осыдан оқушылардың физика
пәніне деген қызығушылығын және оны оқыту сапасын қалай арттыруға болады
деген сұрақ туындайды.
Бұл тығырықтан шығудың бірден – бір жолы физиканы оқыту әдісінің
тиімді, ұтымды тәсілдерін қолдану, берілген мағлұматтарды, информацияны
мейлінше аз уақытта терең жан-жақты игеруін қамтамасыз етуде физиканы оқыту
әдістерін пайдалану болып табылады.
Оқушы санасына сәуле себер түсінік пен физикалық ұғымды
қалыптастырудың, білімді жүйелі түрде меңгеруіне және оқушының қабілет
деңгейлерін дамытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясы мен М.Жанпеисованың
Модулдік оқыту технологиясының маңызы ерекше екендігін сабақтан
қолданғаннан байқауға болады. Жаңа технология әдістері әрбір оқушының
шығармашылықпен жұмыс істей білуіне өз бетімен жұмыс істеп қорытынды жасай
алуына, адамгершілік қасиеттеріне қалыптастыру, жүйелі білім алуға
жетектейді.
Оқу модулі дегеніміз – ғалымдардың айтуынша оқу мазмұны мен оны игеруге
негізделген технологияның бір мақсаттағы түйіні. Модуль – оқушының
мазмұнды, оқу әдісін өз бетінше игеру деңгейі мен оқутаным әрекетіне сай
жеке оқу бағдарламасы.
Оның ерекшелігі оқушы өз бетінше немесе мұғалім көмегімен модульмен
белгілі бір нәтижеге жетеді. Ол мұғалімнен нені есте сақтау, нені жазу,
нені қайдан табу, қалай тиімді әрекет ету, нені білу керектігі жөнінде
жазылған жазбаша түрде тапсырмалар алады. Модульді сабақтарда тапсырмалар
орындау барысы мен білімді меңгеруде тексеретін әр түрлі бақылаулар болады.
Олар: өзін-өзі тексеру, өзара тексеру, мұғалім тексеру, ағымдағы және
аралық тексеру т.б. Осылар арқылы білім толықтырылады, модульді игеру
деңгейі анықталады, қосымша жұмыстар жүргізіліп, әр оқушы өз мүмкіндігінше
білім алады. Модульге оқушылардың оқу-таным әрекетін ұйымдастырудың барлық
әдістері мен түрлерін пайдалануға болады. Мысалы: жеке, жұптасып, топтасып
жұмыс істеу, оқытудың қай жүйесінде де модульді пайдаланып оның сапасын,
тиімділігін арттыруға болады.
Физика пәнінің оқытуды модульдік оқытудың ерекшелігі – оқушы бір үлкен
тарау немесе тақырып бойынша жүйелі білім алады. Кітаппен жұмыс істейді,
негізгі ойды ажыоата біледі. Оқу модулінің тағы бір ерекшелігі оқытудың
белсенді ой формаларын кеңінен қолдануға оқушылардың оқу материалын бірнеше
мәрте 13-тен 24-ке дейін қайта аралап, жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Бірақ әр оқу модулінде сағат саны әр түрлі болады.
9–11 сыныптардағы физика пәнінде тараулары, тақырыптарды біріктіріп
модулге еңгізуге болады. Бұл мұғалім шеберлігіне байланысты. Кіріспе
бөлігінде тірек сызбалары жасалып сол белгілік үлгілерге сүйене отырып,
түсіндіру тиімді және осы кіріспе бөлімінде оқушылар бағдарламаның тарауын
не тақырыбын неге және не үшін оқып – үйренулері керектігін, өздері нені
меңгеріп, үйренулері тиіс, алдағы жұмыстың негізгі оқу міндеті қандай
екендігін түсінеді. Модульдік оқытудың сөлесу бөлімінде оқыта үйрету
ойындарын пайдаланады. Оқушылар ойынға қатыса отырып неғұрлым аз шаршайды,
оқу қызметінен көбінесе жағымды эмоциялар алып, қанағаттанады. Сөйлесу
бөлімінде қай ойынды қай кезеңде пайдалануға көңіл бөлу керек. Мысалы:
Қарлы кесек ойынының сөйлесу бөлімінің 1,2,3 сабақтарында пайдалану
тиімді. Себебі, бұл ойында тақырыпты көру, оқу, сөйлесу, таңдау мүмкіндігі
жүзеге асады. Сол сияқты Брейн ринг оқыта – үйрету ойынының 3,4
сабақтарда пайдалануға болады. Себебі: оқушыларға деңгейлік тапсырмалар
беру арқылы қай оқушының қандай деңгейде тақырыпты меңгергендігін байқауға
болады.
Соңғы сабақтарға қателіктерді түзету, қорытынды бақылау, пікірталас
сабақтарын өткізуге болады.
Мұғалімнің мақсаты – оқушылардың білім сапасын арттыру. Сабақта
қолданылған оқытудың жаңа технологиялары оқушылардың білім сапасын
арттыруға және пәнге қызығуын, сонымен қатар әр жеткіншектің іскерлігін,
ізденімпаздығын, байқау қабілеттерін жетілдіруге өзіндік дамуына мүмкіндік
береді.
Физиканы оқыту үрдісін халық педагогикасының элементтерін қолданып
өткізудің мәні өте зор:
1-ден оқушылардың ұлттық рухында тәрбиелеу.
2-ден қазақ тілінің сана-салттық байлығын қолдана физика пәнінің білім
беруді қызықты және ұтымды қылып атқару.
3-ден оқушылардың ұлттық санасын қалыптастыру
4-ден өз ұлтының ерекшеліктерін таныстыру.
5-ден оқушылардың көзқарасын кеңейту.
Сондықтан, физикадан білім беру мен тәрбиелеуді ұлттық салт-санамен,
дәстүрмен сабақтастыру төменгі мақсатты жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
оқушыларға қазақ халқының ерекше тәрбиелік танымдық мәні бар баға жетпес
асыл қазынасын физикадан білім игерумен соған сәйкес білім алу
іскерліктерін және дағдыларын қалыптастыру.
Оқушы санасына физикалық ұғымды қалыптастырудың, білімді жүйелі түрде
меңгеруіне және оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда сын тұрғысынан ойлау
технологиясы,деңгейлеп оқыту технологиясы,жеке бағыт-тұлғаға бағдар беру
технологиясы, модулдік оқыту технологиясының маңызы ерекше. Жаңа технология
әдістері әрбір оқушының шығармашылықпен жұмыс істей білуіне өз бетімен
жұмыс істеп қорытынды жасай алуына, адамгершілік қасиеттеріне
қалыптастыруға, жүйелі білім алуға жетектейді.
Жаңа инновациялық технология білім беру саласын
дамытуға,оқыту құралы ретінде пайдалануға төмендегідей
мүмкіншіліктерді,яғни оқу үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде
дамытуға бағыттау,оқушының өзіндік іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау-
білім беруде жекеше оқытуды дамыту және пәндердің бір-бірімен байланысын
көздейді. [4]

§1.3. Педагогикалық қызметінің инновациялық бағыты.

Жаңа енгізулер немесе инновация адамның қандай да болмасын кәсіби
қызметіне тән, сонықтан да ол зерттеудің, талдаудың және енгізудің пәні
болып табылады. Инновация өзінен - өзі пайда болмайды, олар ғылыми
ізденістердің жекелеген мұғалімдердің және тұтас ұжымдардың озық
педагогикалық тәжірибелердің нәтижесі болып табылады. Бұл процесс стихиялық
болуы мүмкін емес, ол басқаруды қажет етеді.
Толық педагогикалық процестің инновациялық стратегиясында
жаңашылдық процестің тікелей таратушылар ретінде мектеп директорының,
мұғалімдер және тәрбиелеушілер рөлі едәуір өседі. Оқытудың барлық алуан
түрлі технологиясына қарамастан: дидактикалық, модульдік және басқаларды
педагогикалық басты қызметін жүзеге асыру мұғалімнің қолында болады. Оқу
тәрбие процесінде қазіргі технологияларды енгізумен байланысты мектеп
мұғалімі мен тәрбиешісі кеңесші, ақылшы қызметтерінен одан әрі игереді. Бұл
арнайы педагогикалық-психологиялық дайындықты қажет етеді, өйткені
мұғалімнің кәсіби қызметінде тек арнайы арнайы пәндік білімдерді ғана
емес, сонымен бірге педагогика және психология шеңберінде қазіргі
білімдерді оқыту және тәрбиелеу технологияларын жүзеге асырады. Осы негізде
педагогикалық инновацияларды қабылдау, бағалау және іске асыруға даярлығы
қалыптасады.
Қазіргі уақытта қоғам, мәдениет және білімнің дамуында педагогикалық
қызметтің инновациялық бағыттылығын қажеттілігі бірқатар жағдайлардаң
көрініп отыр.
Біріншіден, әлеуметтік –экономикалық өзгерістер әр түрлі оқу
орындарында білім білігі жүйесінің, оқу-тәрбие процесінің методологиясы мен
технологиясын ұйымдастыруды түбегейлі жаңартуды қажет етті. Мұғалімдер
қызметінің инновациялық бағыттылығы, өзіне педагогикалық жаңалықтарды
жасауды, игеруді және пайдалануды қамти отырып, білім беру саясатын жаңарту
құралы болып табылады.
Екіншіден, білім беру мазмұның гуманизацияландырудың күшеюі оқу
пәндері көлемінің, құрамының үздіксіз өзгертуін, жаңа оқу пәндерді
енегізуді, үнемі жаңа ұйымдастыру түрлерінің, оқыту технологияларын ұдайы
іздестіруді талап етеді. Осы жағдайда мұғалімдер ортасында педагоикалық
білімінің беделі мен ролі өседі.
Үшіншіден, мұғалімдер фактісіне және педагогикалық жаңалықта игеру
және қолдану фактісіне көзқарасы өзгереді. Оқу тәрбие процесі мазмұнының
қатаң шектелуі жағдайында тек мұғалім тек жаңа бағдарламаны, оқулықтарды
өзіндік таңдауда ғана емес, сонымен бірге жаңа тәсілдер мен әдістерді
педагогикалық қызметке негізінен жоғарыдан ұсынылған жаңалықтарды қолдану
ғана саналса, ал қазір ол терең зерттеушілік сипатқа ие болып отыр.
Төртіншіден, білім беру оқу орындарының нарықтақ қатынасқа кіруі
жаңа үлгідегі оқу оқу орындарын, соның ішінде мемлекеттік емес те, құру,
бәсекелестікке жету мақсатында олардың дамуы мен жетілуіне нақты жағдай
жасайды.
Инновация процестерді зерттеудің диагностикалық әдісі мыналарды
көздейді:
- мұғалімдердің педагогика кызметіндегі нақты қиыншылықтарды жеңу негізінде
қалыптасқан кәсіби педагогикалық мүдделерін, қажеттіліктерін, құнды бағарын
жүйелі зерттеу.
Мұғалімдердің мүдделері мен қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған
жолдары,тұжырымдамаларды,озық педагогикалық тәжірибе технологияларын
зерттеу.
- Педагогикалық инновацияларды енгізу және игеру түрлерін мүғалімнің
тұлғалық ерекшеліктеріне сәйкес таңдау (көрініс, сипаттау ашық сабақтар,
әдебиетті зерттеу, баяндама дайындау, эксперименттік жұмысқа қатысу).
Диагностикалық әдіс мұғалімдердің біліктілігін арттыру жұмысын
жаңаша құруға мүмкіндік беретін жұмыс нәтижесінің баянды болуына ықпал
ететінін тәжірибе көрсетіп отыр. Бірақ басқа бір жайды да ескеру маңызды,
яғни диагносткалық әдістемені табысты қолдану инновациялық қызметтің
бағыттылығына, педагогикалық шығармашылық пен бастаманың дамуына байланысты
маңызды.

§1.4. Инновациялық тәжірибе ерекшеліктері

Біздің елімізде болып жатқан қазіргі әлеуметтік – экономикалық
өзгерістер көп түрлі, ашық болып қалыптасқан және жаңалықтарға жылдам
икемделіп жатқан мектепте ол өз көрінісін тауып жатыр.
Оны жұмыстың мазмұны мен формалары өзгеріп, ондағы ізгілендіру мен
демократияландыру үдістері айқын көрінуде. Белгіленген тың өзгерістерді
жүзеге асыру үшін мектепке жай оқытушылар табыс емес, өзіндік мінез-құлқы,
ақыл-ойы мен адамгершілік қасиеттері және дене бітімінің ерекше тұлғалық
деңгейі бар әрбір оқушыны оқытып, тәрбелеуге байланысты мәселерді өздігімен
және шығармашылық ынтамен шешуге қабілеті жаңашыл мұғалім керек.
Бұл контексте болашақ мұғалімді жаңашыл педагогтардың инновациялық
тәжірибесін шығармашылық ынтамен меңгеру және пайдалану арқылы даярлаудың
келешегі келесі деп ойлаймыз.
Жаңашыл педагогтар оқушылық жеке тұлғалық абыройын барынша
құрметтеуге, анық шығармашылық қабілеттерімен бейімделіктерін, өздігімен
ойлау қабілетін дамытуға, жағымды монационалдық педагогикалық үрдістерді
қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың барлық түрлерін аластатуға
бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады.
Олардың тәжірибесі мына ережелерге негізделген:
• Оқытудағы мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым – қатынасы
ретінде қабылдау.
• Зорлықсыз оқыту.
• Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойып,
оны орындай алатындығына сенімін нығайту).
• Ірі блоктар деясы.
• Тіректерді қолдану (С.Мясенкованың үлгілері, Е.Ильиннің тірек
бөлшектері, В.Шоталовтың тірек белгілері және т.б.).
• Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық
талдау).
• Ерікті таңдау (мұалімнің оқу материалын жақсы меңгерілуі мақсатында
сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы).
• Сыныптық интеллектуалдық фоны (оқушылардың алдына өмірлік маңызды
мақсаттарды қою және олардың бағдарлама шеңберінен тыс білім алуы).
• Ұжымдық шығармашылық тәрбиелік қызметтер (коммунарлық әдістеме)
• Оқушылардың өзін-өзі шығармашылық басқаруы.
• Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау.
• Ата-аналармен ынтымақтастық құру.
Жаңашыл педагогтардың бірі Ильин Евгений Николаевич- әдебиет пәнін
оқытудың ерекше әдістемесін әзірлеген, Санкт-Петербург қаласындағы №81
мектептің әдебиет мғалімі. Оның әдістемелік әдебиет сабағы әрбір оқушыға
адам болу пәнінің беретін өнер және адамгершілік – этикалық курсы болып
табылады. Ильиннің сабақтары – адамды адам етіп қалыптастыру үрдісі, ол жай
ғана оқытып- үйрету сабағы ғана емес, тұғыры биік өнер, ол сабақ
кестесіндегі сағаттар саны емес, нағыз өмір. Бұл жаңашыл педагог
жасөспірімге өз күйіне сенуге көмектесіп, оның ең жақсы қасиеттерін ашуға
ықпалын тигізеді, оны ізгілік пен азаматтылықтың бік шыңына жетелейді.
Педагогикалық ғалым мен тәжірибеде академик Амонашвили Шалва
Александрович – бастауыш мектеп оқушыларына эксперименталдық білім беруде
енгізген жаңашыл мұғалім. Ол РБА академигі болып табылатын Грузия мен
Ресейде танымал ғалым және практик педагог. Амонашвили өзінің
эксперименталдық мектебінде ынтымақтастық, жеке тұлғаға ерекше көзқарас
педагогикасын және тіл мен математиканы оқытудың ерекше әдістемелерін
әзірлеп, іске асырады. Оның жұмысының айрықша нәтижесі Гуманистік –
тұлғалық педагогика қағидалары негізінде бастауыш білім беру сатысы туралы
трактаты суреттелген Өмір мектебі технологиясы болып табылады.
Иванов И.П. – РБА академигі, А. Макаренко идеяларын қазіргі кезеңде
жалғастырушы комунарлық тәрбие беру, ұжымдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту әдістерінің классификациясы
ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ФИЗИКА
Физиканы оқыту әдістемесі
Физиканы оқытудың нақты мақсаттары
Физика сабағында ақпараттық технологияны қолданудың тиімділігі
Ақпараттық технологияларды интеграциялау және орта мектептің төменгі сыныптарында физиканы оқыту стратегиясы
Колледждегі білім беруді ақпараттандыру жағдайында физиканы оқыту үдерісі
Мектеп физика курсының Электродинамика тарауы есептерін шығарудың әдістемелік жолдары
Зерттеудің көкейтестілігі
ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ
Пәндер