Оқуға талпыну



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Лекция №
Оқыту психологиясы
1. Үйрену, оқыту және оқудың анықтамасы, оқытудың көздейтін мақсаты.
2. Оқу және ұғыну процестерінің өзіндік сипаты.
а) бақылау және оны ұйымдастыру;
б) ұғынуда жад пен ес процесінің атқаратын ролі.
3. Оқуға талпыну.
4. Білім жүйелеріне ие болу және ұғымның қалыптасуы.
5. Ой өрдісті дамытудың жолдары.
6. Дағдының қалыптасуы.
7. Ептілік және білімді тәжірибе үстінде пайдалану.

1. Үйрену мен оқытудың едәуір айырмашылығы бар. Әдетте, үйрену кең
мағынада қолданылады. Бұған оқыту деген ұғымнан басқа кәдімгі кездегі
адамның бәлендей істі меңгеруге ұмтылуы жатады. Адам тек мектепте не
институтта оқымайды, білімнің басым көпшілігі саяхат жүріп келе жатып
немесе өздігінен қызыққан кітабын оқып, не біреуден естіп алынады. Бәлендей
білім дәрежесіне ие болудың соңғы түрін үйрену деп атайды. Үйренуді
оқытудан бөліп алып өзінше бөлек сипаттаудың себебі ұғынудың бұл түрі
бәлендей нәрсені білейін, соған ие болайын деп мақсат қоюдан кездеспейді
және осы мағлұматтарды есте қалдырғанын сол адамның өзі де білмейді.
Адамның білімі белгілі бір нәрсеге адамның аңдамай зейін қойып, оған
еліктеу арқылы үйренуден, не аңдамай біреудің әңгімесін тыңдап, радио
немесе телевизор арқылы хабар алудан пайда болады. Осыған қарағанда адамның
әдейі мақсат қойып, мектепте не өзге оқу орындарында білгенінен аңдамай,
мақсатына, мағлұматтарға ие болуы әлдеқайда басым келеді.
Ал оқыту процесін алсақ, мұның үйренуден айырмашылығы белгілі бір
жоспар бойынша ресми түрде ұйымдастырылып, педагогтардың басшылығымен
өтетінінде. Оқыту мақсат қоюға байланысты болғандықтан сапалы түрде іске
асады. Бірақ осыған қарап үйрену санасыз, оқыту саналы түрде іске асады
десек, қателескен болар едік. Себебі оқыту процесінде оқушының қабылдауы,
мағлұматтарды есінде сақтауы саналы және санасыз психикалық процестер
алмасып отырады, осының нәтижесінде оқу қиыншылығына оқушы көпке дейін
беріліп, шаршамай төзе алады.
Оқыту деген ұғым қазірде жануарларды бәлендей қиыл-қозғалыс жасауға
үйрету мағынасында да айтылады. Сонымен қатар роботты да бәлендей қызметті
орындауға үйретуде оқыту деген термин жиі қолданылады. Роботты жасауда не
жұмыс істетуде программа ретінде айла ендіретіні рас болса, бұл жағдайда
оқыту деген сөз өзге мағынада қолданылады.
Оқытуды мектепке қарай бұрғанда, осының өзі екі жақты процесс:
біріншіден, мұғалімнің оқушыларға тапсырма беріп, соларды оқуға жұмылдыруы,
екіншіден, оқушылардың сол мазмұндарға түсініп, соларды ұғынып, тапсырманы
орындай алуға тырысуы. Осындай екі жақты қатынасты оқыту деп атайды. Оқыту
негізінде, педагогиканың бір саласы – дидактиканың және пән методикаларының
шұғылданатын меншігі. Бірақ дидактика оқыту процесін дәлелдеуге психология
ғылымының жетістігіне сүйенеді. Сонымен қатар психология оқыту процесінің
екінші жартысымен, яғни оқушылардың оқу мазмұнына ұғынып, тапсырмаларды
орындай алуымен айналасады. Демек, сабақ беру айласы дидактиктер мен
методистердің айналысатын меншігі болып есептелінсе, балалардың ұғыну
процестері психологианың меншігі; болып саналады.
Ал оқу деген термин оқушының оқу материалына талпынып, қиыншылықтарды
жеңіп, соларға қалайша ұғынатынын білдіреді. Оқитын баланың өзі
болғандықтан, осыған талпыну оқыту процесінің негізгі тірегі болып
саналады. Бірақ оқыту педагогтың басшылығымен өтсе де, осының дербес
көздейтін мақсаты бар.
Осы уақытқа дейін оқытудың көздейтін негізгі мақсаты - балаларға
білім беру деп айтылып келді. Бірақ осы анықтаманың өзі қазіргі кезде бір
жақты жеткіліксіз деп есептеледі. Себебі мектеп оқушыларға білім беруімен
қанағаттанып, сол білімді нақты тәжіребиеде қолдануға үйретпесе, онда бұл
жеткіліксіз болар еді. Жеткіліксіздің бұл түрін формалдық білім деп
атайды. Демек, білімді тиісті жағдайда қолдану оқытудың көздейтін
мақсатының бірі болып саналады. Оқытудың негізгі мақсаты тек білім беру
деушілерге қарсы шығатындар көп. Олар бұл жөнінде мынадай дерек келтіреді.
Әр сала туралы мағлұматтар өте көп, солардың бәріне үйрену үшін өмір
жетпейді және осыған талпынудың да онша қажеті жоқ. Себебі бәлендей
мезгілде адам өзінің біле алмағанын, есейген соң кітапханаға барып, сондағы
кітаптарды оқып, білім алады. Баланың келешегі үшін ең қажет нәрсе білім
емес, алдымен оның ой-өрісін, ақылын дамыту болып табылады; егер баланың
ұғымталдығы, ой-өрісі кең дәрежеде дамыған болса, ол кейін өз бетімен
кітаптағы мазмұнды түсініп, соған мол ие бола алады. Демек, баланың ой-
өрісін кеңейту оқытудың көздейтін құнды мақсатының бірі болып есптелінеді.

2. Оқудың не екенін түсіну үшін алдымен мынаны ескерейік. Оқу, әрине,
бірдеңені білуге талпыну, сол үшін әрекет жасу. Педагогиканың тарихында
тәрбиенің әр кімнің өз еркін теориясының негізін салған Л.Н.Толстой
болатын. Бұл теория бойынша, баланы зорлап оқытудың қажеті жоқ. Қазір
оқығысы келмесе, кейін оқыр және не нәрсеге үйренем десе де өз еркі. Осының
мынадай ұтымды жақтары бар: бала үйренем деген нәрсесін қалап алса, соған
зейінді және есінде сақтағыш келеді. Дегенмен осындай тәсілді оқу деп
айту қиын. Біріншіден, бұл тәсіл арқылы бала барлық нәрсені білуге шамасы
келмейді, уақытын үнемдетіп пайдалана алмайды. Екіншіден, бұл жағдайда бала
өзіне қызық дегеніне не ермек деп санағанына жақсы көңіл бөледі де, қызық
емес дегенін ұқпайды. Сондықтан мұндай бала алысқа бара алмайды. Себебі
үлкен дәрежеге жету үшін бала қызық емес, бірақ қажет деген саланы білуге
ұмтылуы тиіс. Оқу деп әркім міндетті түрде бәлендей мазмұнды ұғынуға өзін
жүгіндіре алуын айтады. Оқудың мынадай түрлері кездеседі: біріншіден,
баланың сырттай қимыл-қозғалыс жасап, тапсырманы орындауы (жазуға не жүзуге
үйренуі т.б.) Бірақ осындай сырттай қозғалу сабақтардың бірқатарында
(тарих, математика т.б.) кездеспейді. Екіншіден, кейбір сабақтарда
тапсырманы орындау соған іштей талпынудан құралады. Осыны гностикалық
(гнозис - тану) әрекет деп атайды. Гностикалық әрекет жасау сабақтардың
көпшілігінде кездеседі және осы психологиялық тұрғыдан алып қарағанда
бақылаудан, жад, яғни мнемоникалық әрекеттен, ойланудан құрастырылады.
Гностикалық әрекет ұғыну процесінің негізгі мазмұны болып саналады.
а) Бақылау және оны ұйымдастыру. Оқушының оқу материалын ұғынуы
тікелей сезу процестерінен басталып, соның негізіндегі бейнелерге сүйеніп,
іске асады. Тікелей сезу процестеріне түйсіну, қабылдау, елестеу жатады.
Қабылдаудың ерекше түрі – бақылау. Бақылау тікелей сезу процестерінің
күрделі түрі.
Бақылау арнайы мақсат қойып, қабылдауды белгілі жоспармен жүргізуге
байланысты келеді. Бақылау жұмысы мақсатпен жүргізілмесе, онан ешбір нәтиже
шықпайды. Мысалы, класта ілулі тұрған бір картинаны оқушыға бақыла десе,
оны не үшін және қандай оқиғаларға мән бере бақылайтынын білмей, көзіне не
түссе, соны айтатын болады. Мұның себебі сол бақыланған нәрсенің
қасиеттерін өзара ажырата алмай, аса қажетті деген белгіге мән
бермеушіліктен болады. Сондықтан бақылағанда, сол құбылыстардың мәнісінде
түсініп, оның ішінен нені аңғаруды және ол не үшін қажет екенін білуі
керек.
Бақылау процесі белседі түрде жүргізілуі шарт. Бақылаудың белсенділігі
дегеніміз бұл жұмысты жүргізерде оқушыларды қандай нәрсеге мән беруді
ескертіп, жетелеу. Мысалы, оқушы обьектіге көзін қадайды немесе сол
бақыланатын нәрсенің қасиеттерін қолымен ұстап, түсінбегендерін ұғыну үшін
іштей өзіне-өзі сұрақ қояды. Мұғалім сабаққа өсімдіктің бір түрін
әкелгенде, оқушылар осыған қарап Бұл қандай өсімдік?, Қай жерде өседі?,
Мұны қандай малдар жейді? деген сияқты сұрақтар қояды. Сөйтіп, бұл
өсімдіктердің өзіне тән қасиеттерін, басқа өсімдіктердің қасиеттерімен
салыстырып, өзара ұқсастығын немесе қарама-қарсы жақтарын білуге тырысады.
Демек бақылау дегеніміз тек жан-жаққа қарау немесе бір нәрсені тыңдау
сияқты пассивті процесс емес, ол ойдың қатысымен белсенді түрде іске асып
тұратын процесс.
Әдетте бақылау нақты көріністердің өзіне тән қасиеттерін ажырату
мақсатпен жүргізілетіндігінен мектептегі көрнекі оқытуды дәлелдеуге
мүмкіндік береді. Көрнекі оқытудың негізгі мәні сабақты түсінікті етіп
жүргізу үшін, тиісті құралдар пайдаланып немесе сабақты тәжірибе қою арқылы
өткізу. Бірақ сабақтардың бәрін үнемі көрнекіліктерді пайдалана отырып
өткізуге кейде мүмкіндік те болмайды. Сондықтан көрнекі оқытудың басқа
түрлері де кездеседі.
Көрнекі оқытудың бұл түрі сабақты өтілетін жаңа материалдарды оқушының
бұрынғы білетіндерімен ұштастырып жүргізу болып табылады. Көрнекі оқытудың
осы түрі де, оқушылардың сабақ меңгеруінде негізгі роль атқарады. Өйткені
мұғалім күрделі оқу мазмұндарын оқушыларға жеткізу үшін, ол неше түрлі
тәсілдер арқылы олардың өткен кезде басынан кешіргендерін жаңғыртады.
Сөйтіп, жаңа мазмұнды оқушының бұрынғы білетіндерімен байланыстыра отырып,
мұғалім оны білмейтінін білуге жетелейді.
Ал көрнекіліктердің екінші түріне заттың немесе құбылыстар мен
оқиғалардың бейнелерін, сызықтар, суреттер (сурет, таблица, картина,
диагррамма т.б. арқылы көрсету) жатады. Көрнекіліктің соңғы түрі заттар мен
құбылыстардың өзін тікелей көрсетуге мүмкіндік болмаған жағдайда
қолданылады. Көрнекіліктің осы түрі заттардың дәл өзіндей болмағанымен, сол
заттардың көрінісі жайында оқушыларда нақты бейнелер туғызады және оқу
материалын түсіндіруде оқушының өз басынан кешіргендерін жаңғыртуға
мүмкіндік береді.
Көрнекіліктің бұл түрлерінің қайсысын қандай жағдайда пайдаланудың
тиімді екені оқушылардың жасына, жеке пәндердің өзіндік ерекшеліктеріне
байланысты. Көрнекілікті дұрыс пайдалануға, мынадай бірнеше талаптар
қойылады. Мысалы, көрнекі құрал сабақтың белгілі бір кезінде қажет болғанда
көрсетіліп, осыдан соң оқушылардың көңілін оған бөлмеу үшін жиналып
қойылады. Класқа әкелген көрнекі құралдарға бала қызығып, мақсатпен мән
беріп бақылаудың орнына, оған жай қызығушылықпен қарайды да, сабақтың
нәтижесіз болуына әсер етеді. Сонымен қатар сабақта көрнекіліктерді үнемі
көрсетуге әуес келе бермей, оқу мазмұнын ауызша түсіндіру мен
көрнекіліктерді ұштастырып және осыларды бірінен соң бірін алмастырып отыру
керек. Сабақты осылай етіп, түрлендіріп отырудың тиімді екені мынадан: егер
мұғалім оқу мазмұнын үнемі сөз арқылы түсіндіруге әуес келсе, онда балалар
тез болдырады. Ал сабақ материалы үнемі алмасып, сабақтың бір жері сөзбен
баяндалып, өзге жерлері көрнекілікпен ұштастырылып отырса, онда мидың бір
алабы ғана қозып қоймай, басқа орталықтары да кезекпе-кезек қозып, оқушылар
іске ұзақ мезгіл болдырмайтын келеді.
Әдетте көрнекілік сабақта әр түрлі мақсатпен қолданылады. Бір
жағдайда, сабақ баяндап тұрғанда, мұғалім өзінің ойын оқушыларға нақты етіп
дәлелдеу үшін, соған байланысты көрнекіліктің бір түрін көрсетеді. Екінші
жағдайда көрнекіліктің мақсаты мұғалімнің ойын дәлелдеу емес, бақылайтын
нәрсе туралы оқушылардың мағлұматтарын, білім мен елестетулерін өрістетуге
қолданылады. Көрнекілікті қандай мақсатпен қолдануға байланысты оқушылардың
бақылауын ұйымдастыру тәсілдері де түрліше келеді. Бақылауды ұйымдастыру
тәсілі деп, мұғалімнің бұл жұмысқа жүргізетін басшылығын айтады. Ал мұғалім
оқушылардың бақылау жұмысы үстінен қалай басшылық етеді? Көрнекілікті не
үшін бақылаттыруға байланысты мұғалім оқушылар алдына әр түрлі мақсаттар
қояды. Мысалы, тарих сабағында 8 кл. мұғалім Ертедегі орыс
мемлекеттері деген тақырыпта князьдер мен боярлар бұқара еңбекші халықтың
еңбек ақысын жегенін айта келіп, Алым-салық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушының оқу мотивациясын мұғалімдердің зерттеуі
Жас ерекшеліктік психологияның әдіснамалық негізі
Табиғатқа аялы қарым - қатынастарын дамыту
Альфред Адлер
Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық негіздері
Балалардың оқу мотивациясын қалыптастыру
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың ерекшеліктері
Психологиялық пәндерді оқыту курсының мақсаты, міндеттері
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясының психологиялық сипаттамасы
Оқу барысында мектеп оқушыларының өз мотивациялық аумақтарына белсенді қатынастарын қалыптастыру
Пәндер