Оқыту - таным процесі


Оқыту-оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатында бағыталған алдын-ала жоспарланған іс-әрекет.
Оқыту мазмұны-өкімет арнайы таңдап анықтаған белгілі салада жұмыс істеу үшін қажетті адамзат тәжирбелерінің бөлшегі. Ол-оқытудың нәтижесі болатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиеттер жинтығы.
Оқыту процесі-білімді, біліктілік пен дағдыны меңгеретін, оқушылардың дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана-сезімі, адамгершілік қасиеттері қалыптасып дамиды.
Оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктеріне назар аударайық.
Оқыту- мақсаттыпроцес. оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдер мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.
Оқыту- таным процесі. танымның ерекшелігі оқушыда білімге деген қызығушылық ұдайы өсіп арта түседі.
оқытудың міндеті -оқушыны айнала орта мен және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру. Оқушы дүние танудан бұрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп , заңдылықтр мен тұжырымдады әрі қарай дамыта түседі.
Оқытуда ғылым негіздерін оқып үиренудің өзі, ғылым тарихымен, оның әдістерімен танысу, ұлы ғылымдардың өмірі мен қызыметі жайлы ақпарат алды.
Оқыту -даму негізі. Педагогикалық процес өзіне тән негізгі екі белгіні:организімнің өзіндік дамуына жүиелі түрдегі көмек және жеке бастың жан-жақтылы жетілуін түйстіреді.
баланың өзіндік дамуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі өзара қарым-қатынас жасау іс-әрекеті. Сөйтіп оқыту процесі-мұғалімнің үнемі баламен рухани қарым-қатынаста, ынтымақтастық жағдайында болуын қажет етеді. оқыту процесінде бала тек мұғалімнің әсерін қабыдаушы ғана емес, оның оқу іс-қимылы мен өзіндік психикалық процестерін бақылау, ұимдастыра білуі оқытудағы субьектіекенін айқындайды. Оқыту процесінде бала логикалық ойлау болмысының жалппы тәсілдерін қолдануға және дербес шығармашылық әрекет жасауға дағдыланады. бұдан шығатын қортынды:оқыту-баланың рухани жағынан жетілуін қамтамасыз етеді; оқыту-бала дамуының алғы шарты. Демек, оқыту мен дамудың арасында тығыз байланыс орнап отырады. Л. С . Виготскийдің баланың дамуынан ілгері жүретін оны жетекке алатын оқытуды айтады. Ол баланың ке, шегі күнгі дамуына емес ертеңгі күнгі дауына қарау керек деп ескертеді, осыған орай бала дамуының “екі зонасы ” болатынын айтады. «бірінші зоналық » бала дамуының қазіргі қол жеткен сатысы, осыған қанағаттанып қоймай, мұғалімнің оқушыларды болашақтағы дамудың ең жақын сатысына (екінші зона) жеткізуге міндетті екенін айтады 1 .
1. «Педагогика» Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова. Алматы-Дарын. 2004. 134-бет.
Оқушының жалпы психикалық дамуы - мектептегі оқумен өздігінен оқуына тығыз байланысты. оқушының ойлау қабілетінің дамуына оқу процесінде қолайлы жағдай туады.
Оқыту-екі жақтылы процес. Оқыту оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені, оқытк- мұғалімнің білім берудегі негізгі іс-әрекеті болса, оқу- баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті. Сөйтіп, оқушының таным әрекеті мұғалімнің басшылығы арқасында ғана жүзеге асады.
Оқыту- жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылдған түрде жүзеге асырады. Оқушы білімді қысқартылған, педагогикалық тұрғыдан өзгертілген жолмен мұғалімнің және арнайы жазылған оқу құралдарының көмегіне сүйене отырып меңгереді.
Оқыту - бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру тәрбиелеу және ақыл-ойы қабілетін дамыту негізінде жүзеге асырылады. Осы негізде оқыту процесінің бірінші қызметі - оқушыларға білім беру.
Білім беру, біріншіден, ғылым негіздеріне сай оқушыларды нақты фактілермен, қағида және түсініктерімен қаитамасыз етсе, екіншіден солардың негізінде, айналасындағы әртүрлі қылмыстарға олардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Екінші қызметі - тәрбиелеу оқыту барысында оқушыларды теориялық білімдер жүйесімен қаруландырып, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамыту. Сонымен бірге оқыту барысында тәрбиенің мақсат-міндеттері және мазмұны айқындала түседі. Сөйтіп, тәрбие процесі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда оқытудың барысында қолайлы ықпал етед, соның негізінде тұлғаның танымдық қызметі мен оқуға деген қызығушылығы артады.
Үшінші қызметі - дамыту. Оқыту барысында оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімі, шығармашылық қабілеті т. б. көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамуына біліктілері шыңдалып, қабілеттерінің дамуына оң әсер етеді.
Даму қызметінің ерекшелігі сол, ол өз алдына жеке өмір сүрмейді, керісінше оқытудың білім берумен тәрбиелеудің қандай дәрежеден іске асырылуына байланысты. Бұдан шығатын қорытынды оқытудың, білім беру мен тәрбиелеу қызметінің негізі болып саналса даму өз алдына олардың қызметінің нәтижелі болуының қолайлы ықпал етеді.
оқыту прроцесін іске асыру белгілі бір заңдылықтарды меңгеру негізінде жүзеге асады.
Құбылыстар мен процестер арасындағы обьектілі, маңызды, қажетті, жалпы, бірлік, белгілі жағдайда қайталанатын өзара байланыс заңдылық деп аталады. Өзара байланысы бар обьектілер, байланыстың түрі, сипаты, қызыметі анықталған кезде заңдылықты заң деп білеміз.
оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Оқыту заңдылықтары сыртқы және ішкі, жалпы және жекедеп бөлінеді. Сыртқы заңдылықтар оқытудың қоғамдық шарттардан, саяси- тәуелділігін сипаттайды. Ішкі заңдылықтар оқытудың мақсаты, әдістері, құралдары, түрлері арасындағы байланыстарды сипаттайды.
Оқытуәдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылыды. Себебі, оқыту процесі оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұимдастыру формаларының біртутастығы болып табылыды.
Әдіс деген сөз гректің «metodos» деген сөзінен шыққан . Метод деген ұғымды белгілі ақиқатқа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдірді.
Оқыту әдістері туралы әрбір автор өз анықтамасын берді.
қысқаша психолгиялық-педагогикалықсөздік «әдіс»-мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет-деген анықтама береді.
Оқыту әдістері-оқытушы мен оқушылардың жүмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскерлік дағды қалыптастырып, оқушылардың дүние таным мен қабілеті артады
оқыту әдістері-мұғалім мен өқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті.
өқыту әдістері-мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеті нің барысында білім алу жолдары.
оқыту әдістері-мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру.
«Әдске» қатысты анықтамаларда бәріне ортақ пікір: «белгілі бір мақсаты көздеген мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарм-қатынас және іс-әрекет».
олай болса оқыту әдістері - оқытудың мақсат міндеттеріне сай оның мазмүны оқушыларға меңгеруде мұғалім мен оқушылардың қолданылатын амал-тәсілдері мен құралдарының жинтығы болып табылады. Мұғалім оқыту тәжірибелік әрекетін ұимдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырылады.
Оқыту әдістерін әдістерін жетілдіру бүгінгі күнің басты мәселесі болып отыр. оқыту әдістерінің тимділігін артырып, оқытудың жаңа формалары мен тәсілдерін меңгеру қажетілігіне педагогикалық зертеулерде аирықша мән береді .
Алайда оқыту әдісін қаита құру -кұрделі процестің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда бір жақтылы асыра сілтеушілікке жол бермеген жөн. Тіпті әр тақырыптың өзі де оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Сондықтан оқытуда әртүрлі әдістерді қолдану қажет.
олай болса, оқыту әдісін мұғалімнің таңдап алу белгілі шарттарға байланысты болып келкді.
1. Оқыту әдістерін оның мақсат- міндеттеріне, оқушылардың жас және таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану.
2. Қолда бар нақты көрнекі және техника құралдарын, кәбинет жабдықтарын ескеру.
3. Мектептің географиялық орналасуын ескеру. Мысалы, оқытуды қала мектептерінде оқушылардың өндіріс жасау мүмкіндіктерімен, ал ауыл мектептерінде мектеп жанындағы учаскілерге, тәбиғатқа, ауыл шаруашылық өндірісіне бару жағдайларымен байланыстыру.
4. Мұғалімнің іс-тәжірибесінің шығармашылық сипатына, оның шеберлігіне тікелей байланысты шараларды іске асыру.
Оқытудың нәтижелі өтуне негіз болатын тұп мақсатының жүзеге асуы. Мұғалім қандай тақырып өтсе де ең алдымен оның мақсатын айқындап алуы тис. Бүл мұғалімнің өзіне қажет. Себебі оқылатын оқу материялын баяандауда оның негізгі идеясын немесе оқушылардың назар аударатын басты мәселесін есте сақтау тис және оқушылардың ойына бекітілуге қажетті қосымша материялдар анықтау жумыстарн атқармай турып, оның мақсатын белгілей алмайды. оқытуды ұимдастыру формасы-оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінің сыртқы көрінісі. Ұимдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмүны мен әдістері біріңғай жүзеге асады.
қоғамның даму тарихында жас ұрпақ оқытудың ұимдастыру тәсілдері де өзгеріп турады. Оқыту жумыстарын ұимдастырудың тарихында, оның негізінен үш түрлі формасы қалыптасқан: жеке-дара, топтық және сынып-сабақтық жүие.
Жекелеп оқыту жүиесі көне және орта ғасырларда пайдаланылады. Мұғалім жеке оқушылардың орындаған жаттығу жумыстарын тексеріп мәтінді, мәтінді оқытып тыңдайтын, ұй тапсырмаларын орындау амалдарын түсіндіру және бәсеке жумыстарын ұимдастыратын, жеке және бірнеше балалармен әңгіме жүргізу әдістерін де қолданатын.
Жаңа дәуірде Англияда оқытудың «белл-ланкестер»жүиесі таралды. «Сатылы» немесе «өзара оқыту»түрлерінің ерекшелігі: бір оқу жылында жас шамалары, білім дәрежелері әртүрлі, құрамы тураақты емес оқушыларды жылдың қай мезгілінде болмасын, оқуға қабылдап отырған. 200-300 немесе 600-ден астам оқушы мұғалім сатылап оқытуды ұимдастырған, түске дейін ересектерді оқытса, түстен кейін өз жасындағы балаларға өздерінің мұғалімдерден алған білімін беріп отырған.
Америка құрама штаттарында 20-ғ басында « далтон-жоспар» оқу формасы тұңғыш рет қолданылады. Бұл жүиенің ерекшелігі, оқу жеке дара, әрбір оқушының өз күшімен, белгілі бір бағдарламаларды бөлшектеп оқытуды ұсынады. Мұндай оқытуды ұимдастыруда мұғалімнің ролі төмен болды.
Қортып айтқанда, мұғалім бір мезгілде жас шамалары бірдеий, құрамы әркезде тұрақты оқушылар тобымен жүмыс істеиді.
Неміс педагогы И. Ф. Гербарт сабақтың негізгі төрт кезеңін ұсынды. Мұғалімнің оқу материялын мазмүдау кезеңі, жаңа материяларды өткен материялармен байланыстыру кезеңі, сабақты жаттығу әдісімен жүргізу кезеңі және қысқаша қортынды жасау кезеңі. 1
1. «педагогика» Ж. Әбиев С. Бабаев А. Құдиярова . Алматы-дарын. 2004. 178. бет.
Сынып -сабақ формасыоқыту жумысын ұимдастырудың негізгі формасы ретінде күні ьүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Себебі ол ең алдымен мұғалімге оқытатын пәнің мазмүнын жүиелі түрде баяандауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сабақ баланың оқу әрекетінің және жүиедегі түрлеріне де бағыт бағдар беріп, жетекшілік ролін атқарады.
Сабақ-оқыту жүмысын ұимдастырудың басты формасы болғандықтан, ендігі жерде оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше болды. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани-адамгершілік қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделді.
Сабақ-күрделі психологиялық және дидактикалық қарым-қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылады.
оқыту- динамикалық процес. оның сапасын үнемі жетілдіріп отыру-өмір талабы. Білім беру саласындағы оқу-таным әрекетінің сапасын, дәрежесін есепке алу, тексеру және бағалаудың білім, білік дағдысының нәтижесін арттыруда қызымкті ерекшке. Сөйтіп оның технологиясын әркезде өмір талабына сай жктілдіріп отыру оқыту міндеттерінің өзекті мәселелерінің бірі.
Күні бүгінге дейін оқыту саласында қолданылып жүрген білім, білік және дағдыны тексеру мен бағалаудың 5, балдық жүиесі, оның сапасын, дәрежесін анықтап, белгілеуде барлық жағдайда обьективтік тұрғыда қамтамасыз етпеиді. Соның нәтижесінде қазіргі кезде жоғары оқыту орындарында оқыту процесіндегі рейтинг-тестік жүиеде оқу-таным әрекетінің сапасын анықтайтын бақылаудың жаңа түры өмірге келді.
Рейтинг-ағылшын тілінде torat- «бағалау» немесе «жетістік өлшемі» деген ұғымды білдіреді.
Рейтинг жүиесінің мақсаты:
-оқыту-таным әрекетінің сапасын нәтижесін арттыру;
-оқыту -таным әрекетінің сапасын тексеру, бағалаудың тимділігін жетілдіру және әділдігін орнықтыру;
-оқыту-таным әрекетіндегі білім, білік, дағды сапасын, дәрежесін бақылауда жүиелікті қамтамасыз ету;
-оқыту -таным әрекетіндегі студенттердің жауапкершілігін, белсенділігін арттыру;
-тексеруде уақытты үнемдеу.
Бүл жүйенің ерекшелігі оқытушының педагогикалық әрекеті мен студентің оқу әрекетінің сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызады, оқу процесінің барлық қызметінде олардың білім, білік, нәтижелерін тексеру, бақылау және бағалаудың тимділігін арттырады.
тест-оқытудың белгілі бір бөлігін меңгеру дәрежесін олшеуге бағытталған тапсырмалар жинағы. Олар уақытты көп жоғалтпау үшін көлемінің шағын болуы, тестік тапсырманы өз бетінше қалай болса, солай түсінік беруге жібермеуді, жауапқа дәлсіздік немесе көп сипаттылықты болдырмауды, оның әрі қысқа әрі жинақы болуын, тестік тапсырманы орындау мен сандық бағалау арақатынасының мүмкіндігінің жариялығын қамтамасыз етуді т. б. талап етіледі.
Бақылауда рейтинг-тестк жүйесін қолдану ерекшелігі, оқу материялдары логикалық тұғыдан аяқталған бөлік, немесе тарау болып саналады модульдерге(блоктарға) біріктіріледі. Модульдердің саны оқу пәндерінің көлеміне байланысты белгіленеді . Модульдердің қурлымды оқу материалының белгілі бір бөліктерінен (проция) турады. Әрбір модуль нақтылы міндеттерден және өз бетінше тереңдетіп оқу тақырыптыры мен тапсырмаларынан құралады.
Рейтнг-тестік бақылау түрлерінде :
а) күнделікті немесе ағымдық (текуший),
в) аралық(рубежнй),
с) қортынды (итоговый) бақылау жатады.
Күнделікті немесе ағымдағы бақалау әрбір мдулдер бойынша жүргізіледі. Ол курстың белгілі бір тараулары немесе бөліктері, болмаса күрделі тақырыптары аяқталған кезінде ұимдастырылады.
Аралық бақылау әрбір модулдар аяқталған кезінде жүргізіледі. Осы аралықта коллоквиум, реферат, қорғау, өзіндік жүмыстарын айтуға болады . Дегеніменде, тестік жумыстарын қолдану артықшылығы басым болады. Себебі, -тестбағалау нәтижесін дурыс көрсетеді ;
-уақыты үнемді пайдалануға мүмкіндік туғызады ;
-бақылау бір мезеілде барлық оқушыларды қамтуға қол жеткізеді;
-тест жүмысын атқару барысында барлық оқшылар бірдей тең жағдайда болады.
Қортынды бақылау :зачет, емтихан.
-зачет(сынақ) жұмыстары бақылаудың дәстүрлі тәсілдері арқылы жүргізіледі
-емтихан тестік форма негізінде жүргізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz