Оқушылардың тілдік қорын қалыптастырудың психологиялық негізі


Оқушылардың тілдік қорын қалыптастырудың психологиялық негізі
Оқушы бірінші сыныптан бастап, қазақ тілін оқу барысында тілдегі қолданылатын түрі атауларды, мысалы, әріп, дыбыс, сөз, сөз тіркесі, фраза, сөз жасаушы қосымшалар, тынысбелгілерінің атауларын, грамматикалық ереже, атауларды оқып үйренеді. Оларды оқушылар ана тілінің таңбаларының үстіне қосымша таңбалар ретінде қабылдайды. Оқушы екінші тілдің таңбаларын нашар меңгерсе, ол сөйлеуді қиындатады. Әрине, екінші тілдің мәліметтерін оқушылар бірден меңгеріп кетуі мүмкін емес, тек оның негіздерін ғана есте сақтауы мүмкін (түсіну керек, жаттау зиян) .
Алайда, екінші тілдің таңбаларын есте, тілді меңгеру үшін жеткіліксіз. Оқушыларда тілдік таңбаларды дұрыс қолдану дағдысын қалыптастыру керек.
Тіл үйрету ісінде психикалық үрдістерінің табиғатын ескеру маңызды. Психологтардың пікірінше, тіл үйретуде оқушының екінші тілде сөйлеу дағдыларын саналы қалыптастыру пайдалы. Сонда ғана қажетті дағдарлар орнықты, нық қалыптасады.
Тіл меңгеруде ес үрдісінің атқаратын қызметі ерекше. Психологтар естің екі түрін ажыратады, ұзақ сақталатын ес және қысқа сақталған ес. Тілді меңгеруде және сөйлеу үшін екеуінің де маңызы зор.
Сөйлеуге қажетті тілдік тұлғалар алдымен аз сақталатын ес арқылы қабылданады. Содан кейін барып жаттығулар, қайталаулар арқылы ұзақ сақталатын белсенді ой әрекетімен байланысты тілдік материал есте жақсы сақталады. Сондықтан екінші тілді үйретуге қатысты жұмыстардың бәрі оқушының ой белсенділігін, қызығушылығын, тілге деген ынтасын арттыратын болуы керек. Тілді үйретуде оқшының қабылдау үрдісінің қызметі ерекше. Психологтар қабылдаудың төменгі түрлерін белгілейді. Көру, сезу, есту. Тіл үйренуде оқушылар алдымен ауызекі сөйлесуге үуренеді. Онда дыбыстарды, алдымен есту, сөйлеуді қабылдау арқылы үйренеді.
Қазақ тіліндегі сөйлемдер айтылу мақсатына қарай хабырлы, лепті, сұраулы, бұйрық мәнін білдіреді, оларды айту арқылы біз сезім, тілек, өкініш, қуаныш, бұйыру сияқты адамның әр түрлі психологиялық көңіл - күйін білдіреміз.
Оқушылар бір - бірімен сөйлесу бараснда тілдің эмоцилық жағын, яғни, интонация ырғағын, ымдау, қол қимылдарын пайдаланады. Сондықтан тіл психологиялық құбылыстарды танып - білудің де құралы бола алады. Мысалы, оқушы еліктеуін, одағай сөздерді айтуда, қолдануда тілдің эмоциялық жағын меңгереді.
Оқушының түрлі сезім мүшелеріне әсер етуде көрнекілік пен техникалық құралдарын әсері өте күшті екені дәлелдеуді керек етпейді. Алайда оқушның сезім мүшелерінің бәрін іске қосу арқылы тіл үйретудің мәні зор. Көру, есту мүшелері, ойлау, жазу арқылы моторлы қимыл жазаушы қолды іске қосу, тілдік метерилдарды түсіндіруге оқушының зейінін бір мәселеге аударудың бәрі оқушы сезіміне жан - жақты әсер етуді жүзеге асыруға тиісті. Ол үшін оқушының барлық мүшелерін іске қосатындай амал-тәсілдер, құралдар қолдану арқылы сабақты жақсы жоспарлаудың маңзы ерекше.
Тілді оқыту тілді үйретумен бірге адамды тәрбиелеумен қатар жүреді. Сондықтан тіл арқылы оқушылардың іскерлігін, сөйлеу дағдыларын, әдептерін, қатысым мәдениетін қалыптастырамыз.
Осы тұрғыдан келгенде, тілді үй үйретуге бөлінген білім көлемі неғұрлым көп болса, мазмұны қаншалықты сапалы болса, әдіс- тәсілдері неғұрлым тиімді болса, адамдар арасындағы тілдік қарым - қатынас солғұрлым жан - жақты болып, тілді үйренудің нәтижесі терең болады.
Оқыту әдісіне қатысты осы соңғы белгіні М. В. Ляховицский басты әдістемелік міндеттті шешуші доминант немесе доминанттық идея деп атайды. (Ситуация как обучаюшии прием развития речи М. 1991, 87 - б)
Е. И. Пассов оқыту әдісі дегенде көбінесе сөйлеу әрекетінің белгілі бір түрін (виды речевой деятельноти) айтады. Авторлық барлық пікірлері, негізінен, осы мәселелерге келіп салды (Основы коммуникативной методики обучения иноязычному говорению м 1991)
Әдіс туралы анықтаманы тұжырымдағанда басқа тілші ғалымдар, көбінесе қарым - қатынаста қолдатын амалдарға сүйсіне. Е. Пассов әдіске қатысты басты өлшем етіп әдістемелік қағидаларды ала және әдіс дегеніміз-әдістемелік қағидалардың өзара байланысты жүйесі деп қортады.
Мысалы «Метод есть система функционально взаимообусловленных методических принципов, объсдиненных единой стратегической идеей и направленных на обучение какому- либо виду речевой деятельности» (127- бет)
Осы тұрғыдан келгенде, Е. И. Пассовтың айтуынша, қатысымдық әдістің ішкі мәні, басты мазмұны оның қағидаларын айқындауға байланысты шешілмек. Ол мұндай қағидалардың бес түрін атап көрсетеді. Олардың біріккен жүйесі қатысымдық әдіс болып табылатындығын айтады. Сонымен Е. И. Пассовтың пікірі бойынша қатысымдық әдістің негізін құрайтын қағидалар:
- сөйлеу бағытын анықтау
- адамның жеке басының ерекшеліктерін ескерту.
- орта жағдайын ескерту
- сөйлеу дағдысын жаңарту
- функциорналдық қағида (принцип функциональности)
Аталған қағидалардың қай - қайсысы да қатысымдылық әдістің жиынтығы бұл мәселенің күрделі екенін аңғарта келе, барлық белгілермен қағидаларды бір - бірімен ұштастыра тығыз бірлікте жұмсамаса, әдістің тиімділігі азаятындығының байқатады.
Қатысымдық әдіске тән жоғарыда атап өтілген қағидалардың маңызын жоққа шығаруға болмайды. Бірақ бұл сөз болған үрдістер қай - қайсысы да орыс тілі мен шет тілін оқытуға тиімді үйретудің өзіндік ерекшеліктері бар.
Жоғары пікірлерді ескере отырып, баланың ауызша тілін дамыта оқытуда мынанай қағидаларын басшылыққа алуға болады.
1. Тіке байланыс қағидасы: бойынша оқыту қағидасы адамдардың тек тікелей жүздесуі, сөйлесуі, өзара қарым - қатынасы арқылы болады.
Бұл - қатысымдылық әдіс арқылы ғана жүзеге асатын ерекшелік. Өйткені тілдік қатынастын өзі адамзаттың бір - бірімен тікелей қарым - қатынасына, пікірілесуіне, сөйлесуіне негізделген. Сондықтан қатысымдылық әдісі қолданудың басты шарты - бүкіл оқыту жүйесінің тікелей бағыт арқылы мүмкіндігінше жиі болуы.
Қазақ тілін үйретуде қатысымдылық әдісі пайдаланудың ең тиімді жолы - оның тіке байланысқа негізделіп, адам мен адамның тікелей қарым - қатынасы арқылы тілді үйретуде жүзеге асыруында. Тілді оқытуда үйренуші мен үретушінің арасында бір - бірімен көзбе - көз кезедесу, ауызба - ауыз тілдесу, қатынас болмаса, сөйлесу әрекеті де іске аспайды.
Сонымен қатар сабақ жүргізу аудиторияда. Одан тыс жерлерде және қандай жағдайда болсын біржақты (тек оқушы арқылы, не оқытушының жеке өзі арқылы болмайды) емес, тек екі жақтан бірдей болатын (оқушы мен оқытушының үйренуші мен үйретушінің қатар іс - әрекет арқылы) қатынас арқылы болады. Рас, кейде ол байланыс қосымша түрде болуы мүмкін. Мысалы берілген тапсырмалар арқылы, өз бетінше жұмыс імтеу арқылы т. б. бірақ бәрі бір екі жақтан болатын іс әрекеттің нәтижесінде жүзеге асады.
Тіке байланыс қағидасы сабақ үстінде ғана емес, өмірде де жүріп жатады. Адамдар бір - бірімен сөйлесе білсе осының өзі тікелей қарым - қатынасты білдіреді. Сол себепті мұндай жағдайларды оқытушы да, оқушы да тиісмді пайдалана білу керек.
Тіке байланыс ерекшелігі - кез келген жағдайды, ортаны дұрыс пайдаланып, барлық уақытта ойға оралған пікірді сыртқа шығып айта білу және оған қатысты жауап алу. Сөйтіп: сөйлесу мен түсінуге жол табу.
Адамның жеке қабілетін ескерту тіке байланыс қағидаларына негізделеді. Бұл қағида оқыту әдісінде сөйлеу тілін жеке басына тән барлық оқыту жүйесі оқушының зердесіне, ынтасына қабілетіне қарай бейімделеді.
Мысалы, тілге бейім оқушыға қосымша қызықты тапсырмалар беру, өз бетінше белгілі бір тақырыпты меңгерудің бағыттарын ұсыну, мәтіндерді жаңа сөздермен мазмұндау т. б. осы сияқты жұмыстарды орындатуға болады.
2. Адамның жеке қабілетін ескерту оқушының істіген жұмысын тексеру не бағалаған кезде оның кемшіліктерінен гөрі жетістіктеріне көбірек көңіл бөліп отырғанды қажет етеді. Сөһйлеушінің жеткен жетістігін, қабілетін, өзіне деген сенімділігін арттырады.
Бұл қағида - әдістемелік әдебиеттерде жан - жақты сөз болып жүрген қағидалардың бірі. Осыған орай оның өзіндік белгілері мен түрлері, ерекшеліктері т. б. айқындалған.
3. Сөйлеуге үйретуде жаттығу жұмыстарының түрлерін айқындау қатысымдық әдістің сапалы болуын қамтамасыз етеді. Мұнда сөйлеуге үйретуге байланысты қандай бағыт - бағдары таңдап алу керек, оған қатысты орындалатын жұмыстар мен тапсырмалар қандай, оны іске асыруда бұл жұмыс түрлерінің алатын орны мен қызметі қандай деген мәселелерді анықтап, белгілемей тұрып, алда қойылған мақсатқа жету де мүмкін емес.
Мысалы: сабақтың мақсаты оқушыларға алдағы жексенбіні қалай туралы мәтін құрастыру болса, ұйымдастыру кезеңінен кейін - ақ, осы тақырыпқа қатысты сөздер алынып, бірден сөйлесім әрекеті іс жүзіне асырылады. Алғашқы орындалатын тапсырмалар берілген тақырыптағы мәтіннен жұмыс істеуден басталады да сабақ барысында сөздікпен жұмыс, жаттығу жұмыстары, суретпен жұмыс өз бетінше жұмыс, жаттығу жұмыстары, суретпен өз бетінше жұмыс т. б. болып ретімен орындала береді. Ал олардың өзі іштей сала - салаға жіктеліп, әр жұмыстың түрлері бірде сұхбат арқылы, бірде жұп арқылы, бірде оқушының мұғалімдік рөлі арқылы т. б. жолдармен қызықтырылады. Мәселен, сөздіктегі сөздермен жұмыс жаңа өздерді табу, сөздердің мағынасын ашу, жаттығу, жұмысы: фонетикалық жаттығу деп топтастырылып, сөйлеуді үйретуде қайссы осы сабақта қажеттірек, соған байланысты таңдалып, осы сабаққа қатысты минимумдарға енгізіледі. т. б.
Сабақта жүргізілетін жұмыс түрлері ауызша және жазбаша түрде орындалады.
4. Жұмыс түрлерін айқындау қағидасы мұғалімнің жан - жақты ізденуін, алдына нақтылы міндет қоя отырып, әр сабақтың мақсатын айқындап алуан аталап етеді және сөйлеуді үйрету барысында мұғалімге еркіндік береді, белгілі бір мақсатқа орай оқытушы жұмыстың түрлері мен, балабын оқушынң жеке басының қабілеттілігіне сай жетілдіріп не азайтып отыруына болады.
Жұмыс түрлерін айқындау туралы қағида сөйлеудегі қатысымдық тұлғалардың атқаратын қызметі мен алатын орнын жан - жақты анықтауды қажет етеді.
Осыдан келіп, сатылап даму қағидасына сүйенуге тура келеді.
Мектепте оқу - тәрбие үрдісіне ең қажетті нәрсенің бірі әр мұғалімнің психологиялық ерекшеліктерін ескерту қажет
1. сөйлеу үрдісіндегі ерекшелік.
2. оқушының ана тілін меңгерудегі қабілетін ескеру ол үшін қазақ тілі сабағының мұғалімі сабақты психологиялық жағынан тартымды етіп құру үшін төмендегі жағдайларды ескеруі қажет.
1. Сабақтың педагогиклық тұрғыдан ойдағыдай болуы. Атап айтқанда, бұл мынандай мәселелер, мұғалім мен оқушылардың сабақ кезіндегі қарым - қатынасы мұғалімнің өзін - өзі ұстау мәнері, оның өрелі өнегесі, сөйлеу мәдениеті оқушыларға қатал талап қоюмен бірге сыйлай да білуі.
2. Сабақтың тақырыбының нақтылығы, түсініктілігі оны мұғалімнің түсіндіру шеберлігі.
3. Мұғалімнің білім деңгейінің тереңдігіне оқушылардың сенімі.
4. Оқушылардың сабақ кезінде оқушылардың зейінін билеп өзіне, сабаққа аудара білуі, оқушы зейінінің жан - жаққа ауытқуына мүмкіндік бермеуі.
6. Мұғалімнің сабақта оқушыларды іске ұйымдастыру қабілеті, оқушылардың бәрінің іспен шұғылдануын қамтамасыз етуі.
Басауыш мектеп оқушыларының сөздік қорының қалыптасуы және даму кезеңдері.
Тіл - адамзаттың басты қарым -қатынас құралы. Тіл арқылы балаға ата - бабамыздың асыл мұрағаттары, өмір тәжірибелері, нақыл сөздер ұғындырылады. Сондықтан да тіл - ата мен баланың арасындағы дәнекер. Бұл жөнінде К. Д. Ушинскии «Язык народа лущии, никогда не увядаюшии и вечно вновь распускающийся цыет его духовной жизни, начинаюшиися далеко за границами истории. Поколения народа проходят одно за другим, но результаты жизни каждого поколения өмір тәжірибелері мен жинаған білімдерінің жинтығы тіл арқылы ұрпаққа жететіндігін айтады.
Сонымен қатар, тіл - ұлтың қалыптасуы мен өмір сүруіне өзіндік жеке ұлт ретінде өмір сүруінің алғышарты. Бұл жөнінде М. Жұмабаев «тілсіз ұлт, тілінен аңырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес ондай ұлт құрымақ» - деген
Сонымен бірге тіл -бүкіл адамзаттың жеткен жетістіктерінің жиынтығы мен білім қайнарының бұлағы. Тілдің ата мен баланың арасындағы дәніскерлік қызметі мен басқа да ғылымдарды үйретудегі аралық қызметінен басқа, оның баст қызметінің бірі - ақпарат құралы ретіндегі қызметі. Себебі ақпараттарды меңгеруі сезіну қабылдау, түйсіну, ойлау, жеткізу секілді психологиялық құбылстар арқылы жүзеге асады. Мұның барлығы адам минда жасалынып және олар сөйлеу процесі арқылы сыртқа шығарады.
Тілдің осындай копжақтылығында байланысты үш жақтама зерттеу бағыттары бар.
- лингвистика
- психолингвистика
- социолингвистика
- Бұл бағыттар тілді әр қырынан тілдің теориясы тілдің психологиялық ерекшелігі тілдік әлеуметтік ерекшелігі туралы зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Бізге қажетті бұлардың ішінде психолингвистика бағыты. Себебі меңгеру психологиялық сөйлеу, қабылдау есту зейін т. б қабілеттеррі арқылы жүзеге асады. Сондықтан тіл психологияның зерттеу объектісі болып табылады.
Психология ғылымында тілді - тіл және сөйлеу секілді біріккен тұлға ретінде қабылдайды. Тілді тіл және сөйлеу деп алғаш рет жіктеген ФДе Соссюр Е. И. Негневицкая мен АМ Шахнарович те бұл туралы «когда мы употребляем слово язык мы имеем в виду две вещи «язык» и «речь» - деп тілдін сөйлеуімен біртұтастығын атап көрсетеді /3. 7/
Тіл - қарам-қатынас құралы болғандықтан тілді қатысым әрекетінде өзінің бүкіл қызметін айқындап, көрсете алады. Лишь рассматривая язык в процессе деятельности мы способны вскрыть рельный механизм общественного функционирования языка (А. А. Лсонтьев . /4. 10/) . Бұл пікірге Б. В. Беляев те қосылады: «Если язык есть явление лингвитическое то владение языком есть явление психологическое» /5. 10/ Олай болса психологиялық зерттеу тұрғысынан тіл -сөйлеу процесінде сөйлеу процестері кезінде туындаған ұғымдарды адам санасының қабылдауы оны есте сақтауы оны екшелеу секілді психологиялық қасиеттері негізінде зертеледі. Бала өзінің ойлаған ойын мұн-мұқтажын қуанышын ренішін пікірін тілді қарам-қатынас құралы ретінде пайдаланған кезде ғана сыртқа шығарады. Сондықтар да бала психологиясының дамуына баланың тілді менгеруі оның сөйлеу процесінде қолдануы ерекше рол атқарады. Тілді сөйлеу кезенде өзінің жинақтаған камбасы сөздік қорды пайдаланады. Сөздік қордағы әрбір сөз баланын психикасын әсер етуші ролінде қолданылады.
- Сөз затты оның белгісін қалпын әрекетін байланысын білдіре отырып оларды көрінетін етеді. Сөзбен бейнеленген жинақталған сипатқа ие заттар мен олардын қасиеттерін туралы мұндай сезімдік сигнал таным объектісі бола түра жаңа жағдайларда арнайы оқып үйренбей - ақ сол орынында тез танылады.
- Кез келген сөз жинақтаушы мәнге ие болғандықтан балалар анық қабылдаған заттарын белгілі бір категорияға жақтықыза алады.
- табиғаттағы заттар мен құбылыстар арасындағы байланыстар да сөзбен беріледі.
- «Қажет» және «болмайды» деген сөздерге ересектердің баланың тәртібіне мінез-құлқына өз күшін байқау формасында сана-сезім дамиды. Алайда бала әрекеттің субъектісі екендігін тек сөз арқылы түсінеді.
- Сөз әрекетінін мағынасын білдіреді
- Сөзбен өзінің қайғы-қасіреттерін бастан өткізген сезімдерін өзінің бір нәрсеге қатыстылығын білдіреді.
- Ақыл-ой әрекетін бағыттайтын сұрақ қойылып сөзбен міндет жүктеледі.
- Балада іс жүзінде ең алдымен заттармен өзара әрекетте және адамдармен қарым қатынаста өз күшін байқау формасында сана - сезім дамиды. Алайда бала әрекетін субъектісі екендігін тек сөз арқылы түсінеді.
- Сөйлеуді меңгере отырып бала басқа адамдармен араласуды оларды түсінуді оларға әсер етуді, ересектермен және басқа балалармен сөйлесуді үйренеді»
Сондай-ақ бала сөз арқылы қатысым әрекетіне түсіп осының негізінде өзінің қоғамының бір бөлшегі қоғамға қатысты екендігін ескере алады. Бұл бала психикасының дамуына оның жеке тұлға болып қалыптасуына ықпалын тигізеді. Тіл - қорғамдық құбылыс болғандықтан сөздік қор дамымайды жетілмейді.
Баланың тілді менгеруі сөздік қорының дамуы оның түсінікті және анық сөйлеу дағдыл ары мен икемділіктерініің болуы, сөздік қорындағы сөздерді орынды қолдану секілді т. б. мәселелерді психолог - педагог тілші ғалымдарының ғасырлар бойы назарында. Баланың сөздік қорындағы сөздердің дамуы тек өсіп отырғандығын көреміз. Мұның себебі баланың қоршаған ортасының кеңеюі оның психологиялық қабілетінің жетілуінен болады. Ғалымдардың пікірлерін негізге ала отырып, оның сөздік қорындағы сөздердің психикасына әсер етуі және сол сөздік қорындағы сөздерді қолдана білу ерекшеліктерін мынандай кезеңдерге бөлуге болады.
- Алғашқы кезең - балалардың сөздік қорындағы алғашқы сөздің пайда болған және сол сөзді айтқан кезі. Бұл кезеңде сөздер баланың психологиялық дамуына байланысты 6 - 10 алық кезінен бастап ұшырасады. Баланың алғашқы сөздері көбінесе туыстық атаулар және ұшырасады. Баланың алғашқы сөздері көбінесе туыстық атаулар және күнделікті тұрмыста жиі ұшырасатын сөздер негізінде болады. Мысалы: «мама», «папа», «ата», «апа» т. б. Бұл кезеңде сөздер балалар сөздің мағынасын анық түсіне бермей, тек үлкендерге еліктеу негізінде қайталайды. Бала бір сөзбен түрлі нәрселерді біріктіріп, оларды тек бір ғана алаумен атайды. Мұндай ассоциацияны психологиялық еңбектерде шарты рефлектор деп атайды. (С. Л. Рубинштейн )
Бала алдымен таңба мен мағнаны ішкі байланысын түсінбей, тек сөз бен зат арасындағы сыртқы байланысты ғана меңгереді және бұл шартты рефлекстік заңымен жүреді, мұнда бала психикасында екі әсер етуші бар. Сөздің дыбыстық жағы, ( 9 - 176)
- Зат (Л. С. Выготский) . Демек, бұл кезеңде бала сөздің мағынасын түсінбей, оны үлкендерге еліктеуден ұмтылған сөздер, арқылы бірнеше заттарды біріктіріп атайды. Сонда да, бұл баланың сөздік қорындағы алғашқы сөздер. Бұл сөздерді шартты түрлерде « сөз - еліктеу» деп атаймыз.
2 кезең - баланың сөздік қорындағы сөздері оның күнделікті өміріне байланысты берілу. Мол сөздер арқыль балалар тұтастай бәр сөйлемді немесе одан көп мағыны бере алады. Бірақ, бұл арғашқы құбылыстарды т. б. өзгеше, бұл кезеңде балалар өздерінің таныс жағдайларына қарай сөздерді жалпылауыштық сөздерде қолданады. Бір жастан нәресте 10 - нан астам сөз біледі. Бірақ ол игерген сөздер мен сөйлес құрастыра алмайды. Жеке сөздерге сөйлемдік одан да көп мазмұн беріп сөйлейді. Бұл кезеңдегі баланың сөзін сөз - сөйлемдер деп атайды. Мысалы, «ана» деген сөз бір жағдайда «су ішкім келеді», екінші жағдайда «сыртқа шығамын», үшінші жағдайда «маған бала тиісіп жатыр» деген мағынаны білдіруі мүмкін. Сәбидің бұлайша сөйлей бастауы оның ми әрекетінде екінші сигналдық жүйенің пайда болуымен байланысты. (10. 157) А. А. Люблинская бұндай пікірге қарсы шығып (кітабында осындай пікір айтқан В. Шгерінге) бұлай дейді: «Ондако такое мышление основано на ошибочном понимании отношении мышления и речи, на предположении, что оба эти процесса развиваются независимо друг от друга Штерн ошибочно допускает, что маленькийй ребенок еще не владея речью, может иметь уже заранее оформленную мысль».
Балалардың алғашқы сөздерін жете зерттеген ғалымдар көрсетулері бойынша «орындық» сөзін айту кезінде бала өзіне жақын таныс тамақтану жағдайын айтқысы келеді, орындықта отырып қолына қасық алып, боптасын жегісі келеді. (7. 286)
Демек, бұл кезеңдегі балалар сөзді қолданғанда өздеріне жағдайларды бір сөзбен айтқысы келеді. Бірақ оған олардың сөздік қоры мен ойлау қабілеті жетпегендіктен бүкіл жағдайды бірақ сөзбен айтады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz