Өзбетіндік оқу әрекетіне қызығушылығы, әрекет тәсілдерін білуі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс дәуірінде өндіргіш күштердің дамуымен бірге, қоғамның түрлі салаларында шығармашылықпен жұмыс істеудің мәні өсуде.

Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін, белсенділігін қалыптастыруда олардың қабілеттерін дамытуға, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал етіп, ізденісіне, талабын ұштауға білім деңгейін жетілдірудің маңызы ерекше.

Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті - күрделі процес. Ол іс-әрекет мақсатын, мазмұны мен қорытындысын, түрлері мен әдістерін, мотивтерін, деңгейлерін қамтиды.

Оқу-танымдық іс-әрекет - шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-

ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады.

Оқу үрдісі оқушылардың оқу-танымдық әрекеті негізінде жүзеге асады, ал оқу-танымдық әрекеті негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасады. Белсенді танымдық іс-әрекеттің көздейтін мүддесі, білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттілігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғары көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білуі болып табылады.

Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті - жеке тұлғаның танымдық

Қызығушылығы мен қажетсінуін, белсенділігі мен ізденімпаздығын қамтитын танымдық еріктік, сезімталдық үрдістер мен мотивтері бірлігі нәтижесінде оқушылардың интеллектуалды, жеке қасиеттерін және кәсіби маңызды біліктерін дамытатын оқу материалының мазмұны мен қажетті көлемін игеруді көздейтін жан-жақты оқу жұмысы.

Демек, оқу-танымдық іс-әрекет - оқушылардың негізгі іс-әрекеті болып табылатын күрделі құбылыс. Ол оқу міндеттерінің шешіліп, мақсаткерлік мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан бастап күрделі шығармашылық үрдістің қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік көріністерімен және т. б сипатталады.

Нәтижесінде, оқушылардың танымдық іс- әрекеті - жеке тұлғаның танымдық қызығушылығы мен қажетсінуін, белсенділігі мен ізденімпаздығын қамтитын танымдық, еріктік, сезімталдық үрдістері мен мотивтері бірлігі нәтижесінде оқушылардың интеллектуалдық, жеке қасиеттерін және кәсіби маңызды біліктерін дамытатын оқу материалының мазмұны мен қажетті көлемін игеруді көздейтін жан-жақты оқу жұмысы -деп анықтама беруге мүмкіндік болды .

Берілген анықтама негізінде, оқу-танымдық іс-әрекет - оқушылардың негізгі іс-әрекеті болып табылатын күрделі үрдіс бола отырып, ол оқу міндеттерінің шешіліп, мақсаткерлік, мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан бастап, күрделі шығармашылық үрдістің қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік көріністермен т. б сипатталады деген тұжырым

жасауға болады.

Оқу-танымдық іс-әрекет күрделі үрдіс болғандықтан, мұғалім мен оқушының бірлесіп жасайтын тиімді, сапалы әрекетін керек етеді.

Егер педагог оқыту жұмысын ұйымдастыруға, ғылыми жұмысты жүйелі түрде баяндауға, тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға күш-жігерін жұмсайтын болса, оқушылар білімді терең мағынада қабылдап меңгеруге, ұғынуға, өздігінен ізденіп, білімін толықтыруға байланысты белсенді түрде іс-әрекет жасауға міндетті. Мысалы, сабақ барысында мұғалім оқу материалын жүйелі түрде баяндап түсіндірсе, оқушылар оны мұқият тыңдап, өздігінен қосымша әдебиеттер мен оқу құралдарын оқып, өтілген материалдарды терең және сапалы түрде меңгеруге әрекеттенуі тиіс.

Оқу-танымдық белсенділік - оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласын құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы, мұғалімнің баяндап тұрған жаңа материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқып, бақылау тәжірибе жасау сияқты жұмыстар жасауы керек. Өйткені өтілген материалдарды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушының белсенділігі оқу үрдісінің барлық кезеңінде орын алуы қажет.

Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, сонда оқушыларды ақыл-ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды; зеректік, зейінділік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т. б.

Оқу-танымдық іс-әрекет белсенділігі проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде, өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады. Оқушылар өздерінің игерілген білімі негізінде пікір алысады, сөз жарыстырып, өзара сынға дайын болады, жеке фактілер мен бақылаулардан ой тұжырымдауға, талқылауға жетеді, өз бетінше шешім қабылдаудың жолдарын, әдістерін қарастырады, практика барысында алынған шешімдердің дұрыстығын тексереді.

Сонымен оқу-танымдық белсенділікті қалыптастыру проблемаларының пайда болуы мен дамуын талдай отырып, төмендегідей қорытынды жасалады;

-танымдық белсенділікті қалыптастыру түрлі пәндерді оқыту барысында оны дамыту идеясының пайда болуы мектептердің даму бағыттарының түрліше болуымен байланысты;

-танымдық белсенділікті оқушының өзіндік жұмыс, өзіндік ізденіс арқылы сан қырлы білім алу ретінде қарастырады.

Жоғарыда көрсетілген тұжырымдамаларда ауыл мектебіндегі жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесі зерттелмеген.

Оқу-танымдық іс-әрекет белсенділігінің көрсеткіштері ретінде мыналарды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:

1. Білімді өз бетінше алуы және оны түрлі нақты жағдайда қолдана білуі.

2. Іргелі білімдерге қол жеткізу.

3. Танымдық тапсырмаларды шешу біліктері

4. Өзбетіндік оқу әрекетіне қызығушылығы, әрекет тәсілдерін білуі.

5. Тұтас педагогикалық үрдісте мұғалімнің оқуы мен мақсатты өзара әрекеті.

6. Әрекетке бейімделуі мен өзін-өзі бақылау.

Оқу-танымдық белсенділік пен жалпы танымдық іс-әрекет проблемасына арналған көптеген еңбектер мынадай қорытынды жасауға әкелді: танымдық ізденімпаздық пен белсенділік жеке тұлғаның алуан қырлы болмыс-бітімі болып табылады, ол сезімталдық, танымдық және еріктік үрдіс нәтижесі, танымдық мотив пен өзбеттілік әрекет тәсілдерінің жиынтығы, танымға деген тұрақты құлшыныс болып табылатын танымдық әрекетке бейімделуімен сипатталады.

Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіруде оқытудың әдістері мен құралдарын іздестіру проблемасы терең ғасырларға кетеді. Мәселен, жастарды тәрбиелеуде ежелгі грек философы Сократ эвристикалық әңгімені пайдаланған. Я. А. Коменский, И. Г. Песталоцци, Ж. Ж. Руссо, А. Дистерверг, К. Д. Ушинский және т. б оқытушының негізгі міндеті - оқушыларды өз бетінше ойлау, зерттеу ізденістеріне бейімдеу деп санаған. А. Дистерверг былай деп жазған «нашар мұғалім шындықты өзі айтады, ал жақсы мұғалім оны табуға үйретеді. »

Қазақтың ағартушылары Абай Құнанбаев, Ы. Алтынсарин қоғам қайраткерлері және педагогтар А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов өздерінің еңбектері мен тәжірибелік іс-әрекеттерінде оқушыларды шығармашылықты дамытуға, өз бетінше ойлай білуге шақырған.

Қазіргі кезде оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің әр түрлі амал-тәсілдері өңделді. Солардың ішіндегі ең маңыздыларына тоқталамыз.

  1. Іс-әрекеттік тәсіл- оқушыларды танымдық әрекеттің субъектісі ретінде қарастыруды көздейді. Іс-әрекеттік амал-тәсілдері негізіне әрекет теориясы жатады. Оның басты постулаты былай айтылады. Оқыту процесін ұйымдастырушы мұғалім үшін іс-әрекеттің құрылымын білу өте маңызды. Оның негізгі компоненті: мотивтері, мақсаты, міндеттері, мазмұны, құралдары, түрлері, әдістері және амалдар нәтижесі. Бұл дегеніміз- мұғалімнің көптеген құралдар арқылы оқушының әсерлі- қызығушылығына, ой-еңбегіне, тұлғалық- тәжірибелік шамасына әсер ету қажет. Таным әрекетінің барлық осы компоненттерін тек қана мұғалім емес, оқушылар да меңгеруі тиіс.

Педагогтарға іс- әрекеттің міндетті түрде негізгі түрлерін білу қажет, сонымен бірге оқушыларда; оқыту- танымдық, әлеуметтік, еңбек, ойын, эстетикалық, спорттық- сауықтыру. Бұл іс- әрекеттің барлық түрлері оқушылар мен мұғалімдердің бір- бірімен қарым- қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Ол іс- әрекеттің барлық түрлерін бір- бірімен байланыстыру өте маңызды.

  1. Гумандық психология мен педагогиканың идеяларындағы тұлғалық- бағдарлық тәсілтөмендегі ережелерді тірек етеді.

-Индивид үнемі өзгермелі қоғамның ортасында өмір сүреді. Ол үшін қоршаған дүниені қабылдаудың өзіндік әлемі өте маңызды; бұл өзіндік әлемді сырттан ешкім әлі танып білген емес.

-Адам өзін-өзі танып білуге және өзін-өзі іске асыруға ұмтылады; адамның өзін-өзі жетілдіруге деген ішкі қажеттілігі болады. Жеке тұлғаның дамуы үшін бірін- бірі түсінуі өте қажет, бұл қарым- қатынас барысында жүзеге асады.

Өзін-өзі жетілдіру, дамыту ортамен ортадағы басқа адамдармен араласудың нәтижесінде іске асады. Адам үшін, адамның өзін- өзі тануы үшін сырттай баға беру өте маңызды, бұл тура және жасырын байланыстардың нәтижесінде іске асады.

Тұлғалық- бағдарлық оқыту жағдайында мұғалім оқушылардың танымдық өзіндік әрекетін негізгі ұйымдастырушысы. Қазіргі кезде тұлғалық- бағдарлық оқыту нұсқаулық бағдарламалармен, дифференциялды әдістер мен, шығармашылық, үй тапсырмаларымен оқушылардың оқудан тыс іс- әрекетін ұйымдастыру түрлері арқылы жүзеге асырылады. Солардың ішіндегі ынтымақтастық педагогика әдістерінің келешегі зор.

  1. Оқыту процесіндегі зерттеушілік әдіс- алдыңғыларымен тығыз байланысты. Дәл соны жүзеге асыру оқушылардың нәтижелі өзіндік танымдық әрекетімен қамтамасыз етіледі, ойлау қабілетін дамытады, өзіндік білім алуға дайындайды. Оқушыларды зерттеушілік ізденіс жұмыстарына тарту үшін әртүрлі эвристикалық әдістер қолданылады; ізденістік әңгіме, ереже, формула, ұғым, дәстүрлі емес есептерді шешу, өз бетінше қорытынды жасау, зертханалық және сарамандық жұмыстар, бақылаулар және тәжірибелер. Мектеп тәжірибесінде бірге оқу жұмысының жеке, ұжымдық, топтық түрлері тәжірибеге ендірілген.

Проблемалық оқыту- зерттеушілік- ізденіс - танымдық іс- әрекеттің маңызды құралы. Проблемалап оқытудың негізгі көзін Сократтың эвристикалық әңгімелерінен көруге болады, яғни әңгіменің қисынды құрылуы және сұрақтардың көмегі арқылы өзінің шәкірттерін қарама-қайшылыққа және біртіндеп қажетті қорытындыға алып келген. Ойлаудың эвристикалық тәсілі бойынша; оқыту мен ойлауда проблемалық жағдай туғызу; проблемалап оқыту И. Я. Лернер, М. И. Махмутов, В. Н. Максимова, В. Окунь т. б. ізденістік- зерттеушілік міндеттерді, стандарттық міндеттерді шешудегі оқушылардың танымдық әрекеті бұрынғы жүріп өткен жолдардан, үлгіден басқаша екендігін педагогтар мен психологтардың қазіргі заманғы зерттеулері нақты дәлелдеп отыр. Ізденістік іс- әрекет бірқатар жағдайда қарқынды, қызу жүреді, онда эмоционалдық процесстер бірқатар айқын көрінеді, шарықтау шегі кейде шешімді, таңдауды іздеуге және шамалауға әкеліп соғады. Проблемалап оқытудың негізгі мәні оқыту процесінде ерекше жағдай туғызу, яғни оқушы қатынаспай қалмайды, мұғалімнің көрсеткен бағытына сүйеніп қана калмайды. Проблемалық жағдай оқушының меңгерген білімі мен оны шешу міндеттері арасында қарама- қайшылық айқындалады. Проблемалап оқытудың алгоритмі мәселені қоюдан және саналы түсінуден, болжамды тудырудан, оларды білімімізді тексеруден, сонымен қатар мәселенің шешілуінің дұрыстығын тексеруден тұрады. Бұған пікірталастар, эвристикалық әңгімелер, проблемалық баяндау және т. б. қолданылады.

  1. Алгоритмдеп оқыту тәсілінегізіне белгілі бір міндеттерді орындауға қатаң нұсқаулар қажет. Егер, оқушы типтік есептерді шешудің қайта-қайта жаңа жолдарын іздеуде әр кезде қателер мен сынақтың ұйымсыз жолдарымен жүргенде оқыту процесі өте шаршататын типтен ауыр болар еді. Оқушы бұрыннан белгілі математикалық амалдардың толық сандарын, бөлшектерін пайдаланады; алдын ала жазылған сөйлемдерді талдауда тілді меңгереді. Алгоритмдер мен ұйғарымдардың жүйесіздігінен адам өзінің іс- әрекетінде қарпайым автоматтар мен техникалық құралдарды да пайдалана алмайды. Оқыту әрекетінің алгоритмдері оларды ұйымдастыруға мүмкіндік жасайды, жеңіл, жылдам орындауды жүзеге асырады, сондықтан танымдық іс-әрекет субъективті анық объективті нәтижелі болады. Алгоритмдеу программалап оқытумен байланысты, оның мәні нақты хабарламаның таңдауынан тұрады, ал оқушыға аз мөлшерде беріліп отырылады. Қадам қозғалысы сайын есептің шешімінің түсінікті, түсініксіздігін, меңгерілген, меңгерілмегенін, шешілген, шешілмегенін бірден көруге болады. Алайда бағдарламалап оқытудың талассыз ерекшеліктеріне қарамастан бұл тәсілді жалғыз және әмбебап деп қарауға болмайды. Егер бала тұрақты, бағытсыз сабақтан сабаққа бағдарламаланған оқулықтың мәтінінің соңынан ілессе, немесе оқыту машинасымен жұмыс жасаса, онда бағдарламалап оқыту жағдайында оқушының ынтасы төмендейді.
  2. Оқытуды компьютерлеу. Компьютер дегеніміз- маманның еңбегінің нәтижесін сапалы өзгертіп отыратын құрал. Адамның танымдылығының құралы ретінде ЭВМ-нің қолданылуы, білімді пайдалану мен жинақтаудың мүмкіндіктерін кеңейтеді, ойлау әрекетінің жаңа формаларын дамытуға жағдай жасайды, оқыту процесін қарқындандырады.

Бірінші сатыдағы компьютер оқу әрекетінің пәні болып табылады, оны меңгере отырып, оқушылар осы машинаның жұмысы туралы білім алады, дағды-білігіне үйренеді, оператор жұмысының дағдыларын меңгереді. Екінші сатыда компьютер оқу есептерін шығарудың құралына айналады. Компьютер оқытуда пайдаланатын қосымша техникалық құрылым ғана емес, сонымен бірге ол тиісті жоспарлауды қамтамасыз етеді. Бұл жерде мәселенің бір жағын - құрастыру және ЭВМ-ді қосуды көптеген қиыншылықтарды жеңе отырып - инженер орындайды, ал екіншісін педагог; себебі ол есептеу машинасының жұмысына қонымды негізделген дидактикаға сәйкестендіріп адам әрекетін реттейді. Оқытуды жалпы компьютерлеу үшін алгоритмді ойлау қасиеттерін меңгеру керек.

Компьютердің келесі бір қиындығы оның құрамы дидактикалық жүйеден басқалармен қатар тұрғандығында. Бұлар өзара тығыз байланыста, біреуіндегі артынан екіншісі жіктейді. Сол себепті мектеп сыныптары мен жоғарғы оқу орындағы есептеу машиналарының орнығуы компьютерлеудің соңын емес, басталуын, яғни оқыту технологиясының жүйелілігін көрсетеді. Гигиеналық нормаларды сақтамаудан компьютермен жұмыс істеу барысында оқушының денсаулығына үлкен зардабын тигізетінін де естен шығармау керек. Сонымен бірге компьютермен жұмыс оқушы мен мұғалімнің қарым- қатынасының орнын толықтыра алмайды.

6) Қазіргі мектепте дифференциалдап оқыту кең көлемде қолданылады. Бұл жерде маңызды тәсілдің аясы оқушылардың әртүрлі білімнің дамуының көкейкесті деңгейіне сүйену, сонымен бірге жақын арадағы дамудың зонасын біртіндеп әрқайсысын жетілген білімнің жаңа тәсілдерін меңгеріп алу. Бұл тәсілдің қиыншылығы- білім бағдарламасын, дағды мен білікті, пәндік жүйеде әрқайсысын меңгеру керек. Бұл меңгерудің деңгейі әртүрлі дәрежедегі оқушылар үшін жоғары болу керек. Бұл тәсіл есту, көру, сөйлеу және қабылдау кемістігі жоқ әрбір оқушының нақты танымдық әрекетінің жоғары деңгейдегі мүмкіндіктерін меңгерудің негізін қалауы. Қазіргі мектептерде, оқушылардың әртүрлі дәрежесіне бағытталған оқыту тапсырмаларын дифференциалдап оқыту жағдайында не мұғалім бере алады, не болмаса оқушылардың өздері таңдауға болады. Кейбір қиындық тудыратын жағдайларда мұғалімдер үшін маңызды мүмкіндік оқушы талабының деңгейін анықтау ғана емес, оны алдыңғы қателіктерден сақтандыру, оқушының мүмкіндігіне қарай есептерді шешуді ұсыну болып табылады. Бірақ та дифференциалдап оқыту әмбебап тәсіл бола алмайды, себебі оқыту процесіндегі оқытудың басқа да маңызды қорларының оқушылардың дамуында бағалы да мәнді екені белгілі. Сонымен оқушылармен жүргізілетін барлық дәрежедегі барлық жұмыс олардың жеке мүмкіндіктерінің қаншалықты екенін көрсете алатын маңызды құрал болып табылады. Бұл жерде оқушыға басқалардың еңбегінің нәтижесін көрсететін және жеке қабілеті мен білімнің құндылығын танытатын кері байланыс та іс жүзінде асырылады.

7) Ұжымдық танымдық әрекет негізіндегі тәсіл. Белгілі жарық көрген педагогикалық әдебиеттерде қарым- қатынас проблемасы, оқыту процесіне қатынасушылардың өзара байланысы қарастырылды. Оқушылардың ұжыдық танымдық әрекеті - бұл оқушылардың біріккен іс-әрекеті, оқушылар ортақ тапсырма орындауда өз істерін үйлестіріп, жұмысты өзара бөліп, әркімнің міндетін мұғалім ұйымдастырып беретін, яғни іскерлік тәуелділік жағдай пайда болады, білімді меңгеруде өзара қарым- қатынас ұйымдастырылады, аса бағалы тәжірибе алмасу жүреді.

Ұжымның танымдық әрекеті сабақта да сабақтан тыс уақытта да педагогикалық процессте жүріп отырады. Ұжымдық танымдық әрекетті ұйымдастыру мұғалімнен тек теориялық және әдістемелік дайындықты қажет етпейді, сонымен бірге сынып белсенділерімен маңызды жұмыс жүргізуді талап етеді. Сонымен қазіргі дидактиканың ұсынып отырған әртүрлі ізденіс тәсілдері оқыту процесінің қайнар көзін ашуда қазіргі уақыттағы міндеттерді шешуде, барлық мүмкіндіктері бар тәсілдердің ақиқатына әлі де болса толық жауап бере алмайды.

Танымдық қызығушылықтың қалыптасуы. Қызығушылық - адам ерекше сезінетін қимылдың нақты себебі. Қызығушылықты субъектінің өз әрекетіне оң бағалық қатынасы деп анықтауға болады. Оқуға, білуге деген қызығушылық танымдық белсенділіктің қозғаушысы екені белгілі. Л. С. Выготский: «Ең алдымен баланы бір әрекетке тарту үшін, сен оны қызықтыр, оның бұл әрекетке дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса, осыны іске асыру үшін барлық күшін салатынын және бала өзі қимылдайтынын, ал оқытушы болса тек сол әрекетті басқарып, бағыттап отыруы керек. »- деген.

Оқушылардың танымдық қызығушылығы олардың білімінің деңгейі мен сапасына, ойлау іс- әрекеті мен әдіс- тәсілдерінің қалыптасуына байланысты. Оқушылардың қызығушылығы олардың мұғалімге деген қатынасына да байланысты. Жақсы көрген және сыйлайтын мұғалімдерінің пәнін оқушылар қызығушылықпен оқиды. Танымдық қызығушылық балалық әуесқойлықтан басталады,, алайда ол тез арада жарқ етеді де, солайша кенеттен сөніп қалады. Терең білім беруді бұндай әуесқойлық негізінде ұйымдастыруға болмайды. Баланың әуестігін ояту үшін тартымды бастау, әсерлі сюжет, оқиғаның күтпеген арнаға түсуі, мәселелік жағдай сияқты тәсілдер қолдану ұсынылады.

Танымдық іс - әрекетке деген қызығушылықты оятуда келесі қызметтердің маңызы зор: оқудағы жетістікті қамтамасыз ету; оқушылардың артта қалуының алдын алу; қауіп- қатер балаларының диагностикасы; үлгермеушілікті болдырмау; оқу материалының мазмұны; білім берудің әр түрлі формалары мен әдістері, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану;

1 В. В. Хмель «Мектеп оқушыларының »

мұғалімнің оқушыларға қатынасы; балалар ұжымының қоғамдық пікірі; ақыл- ой қабілеттілігі мен жалпы оқу бірліктерін дамыту.

Олардың кейбіреуін нақтырақ қарастырайық.

  1. Оқудағы жетістікті қамтамасыз ету. Жетістік - адамның белсенді іс - әрекетінің ең маңызды қозғаушы күші. Бұл психологиялық феномен балалық және жасөспірім шақта - басқа себеп- сылтаулар мен ынталандырушылары әлі тұрақсыз немесе әлсіз болғанда көрініс деңгейін табады. Үлгерімі нашар, өз қатарынан артта қалған баланың оқуға деген қызығушылығы тез жойылады, оның сабақтағы танымдық белсенділігі нөлге дейін төмендеп кетеді.
  2. Оқушылардың артта қалуының алдын алу, қиыншылыққа тап болғандардың бәріне көрсетілетін әр түрлі көмек - оқу процесінің нәтижелілігін арттырудың айқын бағыты. Қазіргі мектеп үлгерімі нашар оқушыларға көмектесуде жеке- жеке шараларды қолданудан гөрі барлық оқушылардың оқудағы, танымдық белсенділігінің шарты ретіндегі жетістіктерін қамтамасыз ететін тұтастай бір жүйе қалыптастырады.
  3. Тауекелшіл- балалар диагностикасы және олардың оқудағы қиыншылықтарын болдырмау. Ұзақ уақыт бойы оқу процесі балалардың екі категориясының есебінде құралып келген, бірінші категория- қалыпты балалар категориясы, яғни баланың дамуы өз жасына сәйкес; және аномальді балалар- дене және психологиялық дамуында айқын ауытқулары бар балалар. Соңғы он жылдағы ғылыми зерттеулер балалардың осы екі категориясы арасында аралық буын бар екенін дәлелдеді, осы аралық буынға оқудағы қиыншылықтары және мінез- құлқындағы ауытқулары бар балалар жатады, оларды көбінесе тәуекелшіл балалар деп атайды. Олардың бойында дене және психологиялық дамуында көзге көрінетін аномалиялары жоқ. Алайда жағымсыз жанұялық және әлеуметтік жағдайлар салдарынан бұл балалардың, мектеп жасына жеткен кезде,, мектепте жақсы оқу үшін қажетті қасиеттері мен дағдылары байқалмайды. Денсаулығының әлсіздігі, жұмыс қабілетінің төмен болуы, өз құрдастарынан психикалық дамуы жағынан артта қалуы қауіп- қатер факторы, үлгермеушілік, мектепке үйрене алмаушылық, тәртібінің нашарлығының себептері болып табылады.

Тауекелшіл балалармен жұмыс кезінде баланың даралық ерекшеліктерін ескеретін әртүрлі әдістер қолданылады. Осы әдіс негізінде бірнеше негізгі принциптер жатыр: баланың дамуындағы мықты деген жақтарына сүйену; мақсатты және оқушының оның орындай білуін нақты анықтау; үздіксіз кері байланыспен қамтамасыз ету; баланың жеткен нәтижелерін ғана емес, оның оларға жетуге деген талпынысы мен ықыласына әрдайым оң баға беру. Осы принциптердің жиынтығы оқушыға жетістік ахуалын және толғаныс сезімін кешуді қамтамасыз ету керек, ал ол себеп- сылтау өрісін жоқ қылатын жетіссіздікке бой ұру қаупі бар баланың танымдық белсенділігінің басты шарты болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу пәнінің мәтіні негізінде ойлай білу дағдысын қалыптастыру жолдары
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Оқыту әдістерінің мәні мен мазмұны
Материалтану оқу курсының оқыту әдістемесі
Сабақ беруде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға қойылатын негізгі талаптар
ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ ПРОЦЕСІНДЕ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Сабақта көрнекі құралдарды пайдалану
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
Ұжымдық танымдық әрекет негізіндегі тәсіл
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz