ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым минстрлігі
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Педагогика және психология кафедрасы

Тақырыбы:

ОҚУШЫЛАРҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ МЕН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Орындаған: И-11 тобының студенті Маратов Ерасқан
Тексерген: Бижанова Ғ.Қ.

Арқалық, 2010

Жоспар:

Кіріспе

І. ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
1.1. .Эстетикалық тәрбиенің мәні мен міндеттері
1.2. Эстетикалық қабылдау процесі

ІІ. ОҚУШЫЛАРҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ МЕН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
2.1. Оқушыларға сыныптан тыс сабақтарда эстетикалық тәрбие беру жолдары
2.2. Эстетикалық талғам, көзқарас
2.3. Сыныптан тыс сабақтарда эстетикалық тәрбие берудің маңызы
Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Эстетикалық тәрбие – бұл тұлғаның эстетикалық көңіл-күй – сезімдік
және тұлғалық сана мен оған сәйкес іс-әрекет қалыптастыру және дамыту.
Бұл тәрбие түрі тұлғаның өзіндік білім игеруі мен өзіндік дамуы
барысында іске асады әрі құндылық мәнін иелейді. Эстетикалық тәрбие өз
ішіне эстетикалық көңіл шарпулары (эмоция) мен бағамдарын туындататын
болмыстың әсем нысандары мен олардың қасиеттеріне бағытталған тәрбие
жұмыстарының формалары және әдістемелік жұмыстар.түрлерін қамтиды.
Эстетикалық тәрбие және білім алудағы мақсаттар: тұлғаның өнер мен
қоршаған болмыс нысандарын қабылдау, игеру және бағалау дайындығын дамыту;
көркем өнер, рухани және дене шынықтыру мәдениеті саласында шығармашылық
қабілеттерін қалыптастыру.
Эстетикалық тәрбие тұлғаның әсемдікті тануға орайласқан санасын
(білімі, бағамы, талғамдары, ұғымдары, мұраттары, құндылықтары мен
көзқарастары), оның қасиеттерін, бағалау эстетикалық қатынастарын және
олардың әрекет-қылық пен мінезде, өз қалаулары мен ісәрекеттеріндегі
(қабылдауында, бағалауында, шығармашылык қызметтестік пен өзіндік
жасампаздық, сезіне жауапқа келуінде, талдауда) көрінісін ашуға, анықтауға
бағытталған.
Қазіргі заман жағдайларына орай аса маңыздылары ретінде эстетикалық
тәрбиенің келесі бағыттары алға тартылуда: көркем өнерлік білімді үздіксіз
дамыту; оқушылардың ән-күй мәдениетін қалыптастыру, театрға байланысты
тәрбие мен білім беру, көркем әдебиеттік қабілеттер дарыту және дамыту,
т.с.с.
Әсемдікке тәрбиелеудің нәтижелік көрсеткіштері: тәрбиеленушілердің
эстетикалық санасының даму деңгейі; олардың эстетикалық құнды заттар,
кұбылыстар, көркем шығармалар әлемінен игерілген қорға шығармашылдықпен
қатысы.
Эстетикалық тәрбие бойынша қызметтер мазмұны: мұражайлар мен
көрмелерге саяхаттар ұйымдастыру, көркем әдебиет туындылары бойынша
конференциялар өткізу; дөңгелек үстел төңірегінде кездесулер ұйымдастыру;
әйгілі орындаушылар (жеке әншілер, хор, оркестрлер) күйтабақтарын жинақтау;
тірі табиғат бұрышын және т.б. жасау.
Адам баласы ежелден әдемілікті, яғни шындықты табандылықпен іздестіріп
келеді. Джордано Бруно, Коперник, Галилей бірнеше жүз жылдар бойы әлемді
шымқап алған шіркеу қара түнегінен жер бетін біршама тазартып, ақыл-ойда
үлкен серпіліс жасаған еді. Тамоза Кампанелла -терең ойшыл, социалдық
әділеттікті болжағыш Д Вольтер мен Гете, Ломоносов пен Ньютон, Пушкин мен
Моцарт, Чернышевский мен Циолковский, солардың қатарына Шоқан, Ыбырай,
Абай, Шәкәрім, Мағжан, Міржақып пен Мұхтар т.б. ұлтымыздың мақтаныш тұтар
ірі тұлғалары - міне осылар, адамдардың бет-әлпетінің сүлулығын іздеді ме?
Адамзат бұлардың өмірінің сұлулығына, рухани дүниесінің байлығына,
дүниедегі нағыз шындықты табу жолындағы ерліктеріне бас иеді. Осы орайда
әсемдік жөніндегі пікір, оның негізгі өлшемі ретінде бір ғана шынайы
шындық, әділеттіліктен басқа құдіреттің жоқтығын байқаймыз.
Олай болса, қартаймайтын сұлулық, тозбайтын сұлулық - жан сұлулығы
болмақ.
Бұл күнде сұлулықты жан-жақты түсінеді, сұлулық - бұл бет жүздің
ажарлығы, күллі дененің мінсіз болуы, ал сонымен бірге рухани дүниенің
байлығы. Біздің сұлулық жөніндегі арманымыз - тек оның ең жоғары дәрежелі
дамыған түрі. Адамның тән сұлулығы мен жан сұлулығының үйлесімділігі жайлы
сөз қозғағанда біз оның бір үлгісін көрсетіп беруге қиналамыз. Адамның тән
сұлулығы — бұл бір жағынан алғанда, тым аз да. Ертедегі дүниеден бізге
мұраға қалған ұлы мүсіндік шығармалар жөнінде ойланып қарасаңыз, ең алдымен
ұлылығы мен шексіз әдемілігін аша түсуге саналы түрде тырысқандығын
байқаймыз. Бұл шындықты кезінде Грецияның талапты мүсіншілері де әбден
мойындады. Ол кездің жастары өз өмірлерінде сол мүсіншілер салған
бейнелерге еліктегісі келді. Сол кездің өзінде-ақ тән сұлулығын рухани
сұлулықтың айнасы ретінде көрсетуге бой ұрған.
Ертедегі шеберлер мүсіндік және басқа да ережелерден саналы түрде бас
тартты. Олар ешкімге де еліктемей, тек өздерінің эстетикалық талғамына
сүйене отырып сұлулықтың сырын ашты, сөйтіп, үлкен жаңалық жасады.
Мүсіншілер адам дүниесінің тамаша сұлулығына ғана назар аударып қоймай,
сонымен бірге оның рухани бейнесін, адамның ішкі күрделі дүниесінің сырын
толық ашуға да үлкен назар аударды.
Жалпақ бет, доғал мұрынды Сократ ертедегілердің көзқарасынша сұлулар
қатарына жатпаған. Бірақ оның орасан зор атағы, терең ойшылдығы болды.
Адамның сырт бітімі қанша әдемі, тартымды болғанымен, егер ол адамда
шындық болмаса, біз оның "әдемілігін" әділетті түрде тырнақшаға аламыз да
оған "нағыз әдемі" деп қараймыз. Адам ең алдымен әділеттілікке
ұмтылушылығымен әдемі болмақ.
Жақсы ұрандарды айтып, жар салып, кеудесін қаққандар емес, қайта,
кішіпейілдікпен, ешкімге қыр көрсетпей, күн сайынғы өзінің еңбек
міндеттемесін адал орындап жүргендер бізде ардақты адам болып есептеледі.
Сөзі мен ісінде алшақтық болмағандарды ғана біз құрмет пен атаққа бөлейміз.
Міне, бұл біздің эстетикамыздың ең негізгі және сұлулықтың да алғашқы шарты
болып есептеледі.
Сұлулық сезімі - бұл қуанышты әрі нұрлы сезім. Сұлулықты сезгіш
білетін адам заттың мәніндегі бақыттың не екенін іс жүзінде сезіне алуы.
Адамның ежелгі арманы - бақытты өмір сүру. Олай болса, шын мәнісіндегі сұлу
да бақытты адам - ол уақытты дұрыс пайдаланып, адамзаттың ұлы мұраты -
мәдениеттің мән-жайын жете түсіне білген адам. Ол барлық нәрсеге үлгереді:
еңбек етуге, спортпен шұғылдануға, өзінің рухани дүниесін байытуға және
достық пен жолдастық мәселесіне де адал.
Адамдардың сырт бейнесі олардың үйлесімді түрде дамығанын көрсете
бермейді. Бір жақсы киінген сымбатты жігітті көріп, сүйсіне қарап, бірақ
соның кейбір мәдениетсіздік қылықтарын көргенде іштей қынжылатының бар.
Сонымен бірге кейбір адамдардың тілі майда, кез келген тақырыпта сөйлеп ала
жөнелетін қабілеті болатындығы, бірақ та көп сөйлеп іш пыстыратын мінездері
де көңілімізді қалдырады. Осы орайда XI ғасырда өмір сүрген аса көрнекті
ақын, ойшыл-философ Ахмет Иүгінекидің "Ақиқат сыйы" дастанында:
"Білімдіден қалган бір сөз тағы бар,
Әдептіге "үндемес" ат тағылар,
Тіліңді тый — сонда тісің сынбайды,
Жөнсіз шыққан тілден тісің қағылар.
Сөз есепсіз — тілінді тый, тарт, ұста.
Есепті сөз — ер сөзінің асылы,
Мылжың тілді "жау" деп ұғын тартыста.
Ақылды ма көп сөйлеген күбіне,
Талай бастың тіл жетті ғой түбіне.
Оқ жарасы жазылады, бірақ та,
Тіл жарасы жазылмайды, түбінде"— деген жыр жолдары адамдарды мағыналы,
мазмұнды, әділ сөйлей білуге, өсек айтпауға, сыр сақтай білуге,
әдептіліктің басы — тілге сақ болу керектігін баса ескертіп, ақыл-өсиеттер
айтады. Бұл ақыл, өнегелі сөздер бүгінгі күнмен ұштасып жатқан тәлім-
тәрбиелік мән-мағынасы зор, адамның жан дүииесін түсінуге, танып білуге
шақыратын керемет философиялық-педагогикалық толғаулар деп ойлаймыз.
Әдемі, сұлу болу - жасөспірім бойында көркемдік сезімдер оянғаннан
басталады. Бұл жаратылыстың заңы. Көркемдік дегеніміз - үйлесімділік, сай
келушілік. Көркем, сұлу дамыған адамда жан сұлулығы мен тән сұлулығы бірдей
байқалады. Өйткені адамның тән сұлулығының маңызы ішкі дүниесінің
сұлулығынан кем болмайды.
"Көңілді, жайдарлы адамдар ұзақ өмір сүреді. Қуаныш, көңіл қоштылық
адамды өмірдің "жүрек соғысын" түсіне білетін, оның түрлі әсеріне жан-
тәнімен сезімтал етіп, денесін дамытып, шынықтырады", - деп жазады
И.П.Павлов. Дені сау адам күшті, төзімді келеді. Қайратты сұлу жанды
адамдардың өзіне-өзінің сенімі күшті болады.
Сұлулықты әркім де жақсы көреді. Ол үшін жастарды денешынықтыру мен
спортқа тартуда жүргізілген үгіт жұмыстарында ең алдымен адамның сырт
пішінін сұлу етіп жетілдіретіндігін айтып түсіндірген жөн.
Француз ойшылы М.Монтель XVI ғасырда: "Адамның жаны мен тәнін бөліп
қарамау керек, бұл екеуі бір арбаға жеккен пар ат емес, бір тұтас зат,
сондықтан жан мен тәнді бөліп тәрбиелемей, бірге тәрбиелеп, бірге дамыту
қажет", - деп жазған екен.
Эстетикалық (әсем) істер — арнайы бағыттағы тәрбие жұмыстарының жалпы
атауы, мақсаты - өмірге эстетикалық қатынас баулу: еңбекке, қоғамдық іске,
табиғатқа, өнерге, өз қылығына деген қатынасты таныту. Бұл тәрбиенің басты
міндеті - эстетикалық түсінік, баға, талқы, қажеттік, талдау және қабілет
дамыту.
Эстетикалық тәрбие тұлғада әсемдік сезімін дамытады. Адам әсемдікті
сезінуден, өз өмірін сұлулық заңымен құруға ұмтылады. Эстетикалық тәрбие
адамгершілік, ақыл-ой, еңбек және дене тәрбиесімен тығыз байланысты.
Табиғатқа, әдебиетке, театрға, музыкаға, поэзияға, көркем сурет және т.б.
өнерге деген сүйіспеншілік адамның жан-жақты саналы дамуына әсер етеді.
Адамгершілік қалыптасуда эстетикалық тәрбиенің маңызы зор. Әсемдік рахаты
әр адамды жақсылыққа, ұжымшылдыққа, адал еңбекке жетелейді. Дене тәрбиесі
сұлулықтың көп элементтеріне арқау: дене дамуының үйлесімі, жүріс-тұрысы,
адам мінезі, ойлау мәнері т.б.
Әсемдік ТІ-не байланысты оқушылар эстетика теориясы білімдерін
меңгеруі тиіс. "Эстетика" термині гректің "эстезис" - сезімталдық деген
сөзінен шыққан. Бұл сөзді алғаш рет неміс өнертану ғалымы Баумгартен ғылыми
атау ретінде енгізді. 1750 ж. оның "Эстетика" деген еңбегі жарық көрді. Сол
кезден бастап эстетика ғылым саласына айналды. Ал эстетика ұғымының өзі
ертеректе туған. Оның бастауы ежелгі заманға кетеді. Өркениет өрісінде адам
өзін қоршаған ортада сұлулық іздеп, сезінуге үйренеді. Бұл қабілет
эстетикалық сезім деп атауын алды. Ол еңбек процесіне орай дамиды және
кемелденеді. Адам табиғатты жаңалау, өзгерту арқылы өз табиғатын,
әлеуметтік қарым-қатынасын қалыптастырып отырады.
Эстетика категориясының ең негізгісі - әдемілік, әсемдік категориясы.
Әсемдік — бұл өмірдің өзі, бұл табиғат және адам қарым-қатынасы мен оның
еңбегінің жемісі. ТІ процесінде эстетикалық білім дамыту шаралары - бұл
конкурс, викторина, мектеп мерекелері, үйірмелер, шығармашылық топтар т.б.
Оқушылар оларда қысқаша мәлімет алып қана қоймай, эстетика ғылымын толықтай
түсінуге бастау алады. Эстетика сабақтары оқушыларға эстетикалық таным
заңдары мен заңдылықтарынан, өнердің жалпы принциптерінен ақпараттар
береді.
ТІ-ін ұйымдастырғанда эстетикалық қабылдаудың психикалық заңдылықтарын
ескеру керек, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай, эстетикалық форма мен
мағына жағдайларының қиын да күрделі сәттерін пайымдауға бағыттап барған
жөн.
Эстетикалық қабылдаудың маңызды тұсы — шындықты бейнелеумен бірге
жүретін адамның көңіл шарпулары. Жоғары көркем өнер шығармаларын қабылдай
отырып, оқушы қуаныш пен тебіреніс, қорқу мен үміт сезінеді. Бұл сезімдер
балаларды әсемдік заңымен өмір сүруге бағыттайды:
Эстетикалық тәрбиенің көптүрлі құралдары көркемдік жұмыстарда
көрінеді. ТІ-нің эстетикалық бағыттағы құралдары сан-алуан табиғат, еңбек,
адам қатынасы, өнер және т.б. тәрбиелеу көздері қоршаған орта, оқу-үйрету
еңбегі, өнер әлемі, музыка, суреткер шығармасы т.б.
Қазіргі педагогика ТІ әртүрлі бағытта ұйымдастыру және өткізуде үлкен
тәжірибе жинады. Олардың ішінде: конкурстар, викторина, мектеп мекемелері,
үйірмелер, шығармашылық топтар, ұжымдық жаңа жұмыс формасы - "ұшқын"
концерті, қуыршақ театры, әдеби-шығарма конкурсы, ұнамды сабақ эстафетасы,
гигиеналық мәдениет, тазалық пен тәртіпті тек оқу орындарында емес, сол
аймақта сақтау қажеттігі мен байланыстыру - бұл эстетика бағытының жұмысы.

Абайдың талантты шәкірті, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының: иМен жетпіс
екі жасқа келгенше өмірде болатын неше алуан қилы оқиғаларға, түрлі
жамандық, жақсылыққа кездесіп, солардың көпшілігін, керекті-керексіздерін
өзім де істеп, басымнан өткізгендерім көп; "алдында өнегелі көрерің болсын"
деген дей, алдымда Абай марқүм болған соң, содан габрат алып, мен де
адамдықтың, адалдықтың жолын қуғаным жөн деп, басымды шытырман шатақтан
ерте босатып алып, білім жолына түстім", - деген пікірін өнеге тұтамыз.
Эстетикалық (әсем) істер — арнайы бағыттағы тәрбие жұмыстарының жалпы
атауы, мақсаты - өмірге эстетикалық қатынас баулу: еңбекке, қоғамдық іске,
табиғатқа, өнерге, өз қылығына деген қатынасты таныту. Бұл тәрбиенің басты
міндеті - эстетикалық түсінік, баға, талқы, қажеттік, талдау және қабілет
дамыту.
Эстетикалық тәрбие тұлғада әсемдік сезімін дамытады. Адам әсемдікті
сезінуден, өз өмірін сұлулық заңымен құруға ұмтылады. Эстетикалық тәрбие
адамгершілік, ақыл-ой, еңбек және дене тәрбиесімен тығыз байланысты.
Табиғатқа, әдебиетке, театрға, музыкаға, поэзияға, көркем сурет және т.б.
өнерге деген сүйіспеншілік адамның жан-жақты саналы дамуына әсер етеді.
Адамгершілік қалыптасуда эстетикалық тәрбиенің маңызы зор. Әсемдік рахаты
әр адамды жақсылыққа, ұжымшылдыққа, адал еңбекке жетелейді. Дене тәрбиесі
сұлулықтың көп элементтеріне арқау: дене дамуының үйлесімі, жүріс-тұрысы,
адам мінезі, ойлау мәнері т.б.
Әсемдік ТІ-не байланысты оқушылар эстетика теориясы білімдерін
меңгеруі тиіс. "Эстетика" термині гректің "эстезис" - сезімталдық деген
сөзінен шыққан. Бұл сөзді алғаш рет неміс өнертану ғалымы Баумгартен ғылыми
атау ретінде енгізді. 1750 ж. оның "Эстетика" деген еңбегі жарық көрді. Сол
кезден бастап эстетика ғылым саласына айналды. Ал эстетика ұғымының өзі
ертеректе туған. Оның бастауы ежелгі заманға кетеді. Өркениет өрісінде адам
өзін қоршаған ортада сұлулық іздеп, сезінуге үйренеді. Бұл қабілет
эстетикалық сезім деп атауын алды. Ол еңбек процесіне орай дамиды және
кемелденеді. Адам табиғатты жаңалау, өзгерту арқылы өз табиғатын,
әлеуметтік қарым-қатынасын қалыптастырып отырады.
Эстетика категориясының ең негізгісі - әдемілік, әсемдік категориясы.
Әсемдік — бұл өмірдің өзі, бұл табиғат және адам қарым-қатынасы мен оның
еңбегінің жемісі. ТІ процесінде эстетикалық білім дамыту шаралары - бұл
конкурс, викторина, мектеп мерекелері, үйірмелер, шығармашылық топтар т.б.
Оқушылар оларда қысқаша мәлімет алып қана қоймай, эстетика ғылымын толықтай
түсінуге бастау алады. Эстетика сабақтары оқушыларға эстетикалық таным
заңдары мен заңдылықтарынан, өнердің жалпы принциптерінен ақпараттар
береді.
ТІ-ін ұйымдастырғанда эстетикалық қабылдаудың психикалық заңдылықтарын
ескеру керек, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай, эстетикалық форма мен
мағына жағдайларының қиын да күрделі сәттерін пайымдауға бағыттап барған
жөн.
Эстетикалық қабылдаудың маңызды тұсы — шындықты бейнелеумен бірге
жүретін адамның көңіл шарпулары. Жоғары көркем өнер шығармаларын қабылдай
отырып, оқушы қуаныш пен тебіреніс, қорқу мен үміт сезінеді. Бұл сезімдер
балаларды әсемдік заңымен өмір сүруге бағыттайды:
Эстетикалық тәрбиенің көптүрлі құралдары көркемдік жұмыстарда
көрінеді. ТІ-нің эстетикалық бағыттағы құралдары сан-алуан табиғат, еңбек,
адам қатынасы, өнер және т.б. тәрбиелеу көздері қоршаған орта, оқу-үйрету
еңбегі, өнер әлемі, музыка, суреткер шығармасы т.б.
Қазіргі педагогика ТІ әртүрлі бағытта ұйымдастыру және өткізуде үлкен
тәжірибе жинады. Олардың ішінде: конкурстар, викторина, мектеп мекемелері,
үйірмелер, шығармашылық топтар, ұжымдық жаңа жұмыс формасы - "ұшқын"
концерті, қуыршақ театры, әдеби-шығарма конкурсы, ұнамды сабақ эстафетасы,
гигиеналық мәдениет, тазалық пен тәртіпті тек оқу орындарында емес, сол
аймақта сақтау қажеттігі мен байланыстыру - бұл эстетика бағытының жұмысы.
Баланың сана-сезімінің қалытасуындағы негізгі құралдың бірі - өнер.
Өнерге түрлі ұлттық бұйымдар, әсем заттар, ән-күй, сымбатты киімдер т.б.
жатады.
Қазақтың белгілі ғалымдарының бірі С. Ұзақбаева өзінің 1995 жылы жарық
көрген "Тамыры терең тәрбие" деген еңбегінде бүгінгі мектептегі эстетикалық
тәрбиеге терең үңілген. Онда эстетикалық тәрбиенің маңызы және
міндеттерімен қатар балаларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің
рөлін баса көрсеткен. Әсіресе ұлттық өнердің қасиетін бастауыш сынып
оқушыларына, керек болса балабақшадағы балалардың бойына қалыптастырғанымыз
жөн. Себебі ұлттық белгі осы ұлттық эстетика арқылы айқындалады.
С.Ұзақбаева айтқандай халықтың ауызекі поэтикалық шығармаларының,
музыкалық шығармадағы, сәндік-қолданбалы өнердің эстетикалық; көріністерін
т.б. бастауыш сынып оқушыларының сабақтарында, сабақтан тыс іс-шара,
кештерде қолдансақ, эстетикалық тәрбиені балаларға өз дәрежесінде беріп
жүрміз деп айта аламыз.
"Эстетикалық тәрбие де тәрбиенің басқа салаларындай оқу, білім,
тәрбиенің басқа түрлерімен тығыз байланыста, біртұтастықта қаралады.
Эстетикалық тәрбие – болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс
қабылдау және эстетикалық түсінікті, сезім мен талғамды тәрбиелейтін,
өнерде және өмірде сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін қажетсінуін
қалыптастыратын жалпы тәрбиелер саласының құрамдас бөлігі. Эстетика -өмірді
сезім арқылы біліп танудың негізгі жолы".
Сонымен эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі,
отбасындағы, сабаққа дайындалу, сабақта, оқу барысындағы ең жақсыны
қабылдау, ләззат алу барысында қалыптасады.
"Эстетикалық ләззат – табиғат, қоғам өмірі және өнер сұлулығын
қабылдау нәтижесінде немесе іс-әрекет үстінде адамның рухани дүниесінің
тебіреніп, жан рахатына батуы. Эстетикалық ләззат алу үшін әрбір адам
сұлулықты ажырата білуі шарт, соларды көруге, естуге құштар болып оны өз
қолынан жасауға тырысуы қажет. Мұндай қабілет еңбек пен қоғамдық
қайраткерлікке, әдемілікке талпыну салдарынан қалыптасады. Эстетикалық
ләззат алу өмірлік жағдайға сәйкес іске асады, адамның жан-жақты үйлесімді
дамуына байланысты. Арнайы эстетикалық ләззат тудыратын құбылысқа өнер
жатады" (Қазақ совет энциклопедиясы. – Алматы, 1978. – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
Эстетикалық тәрбие беру туралы мәлімет
Музыкалық-эстетикалық білім беру жүйесінің құрылымы
Көркемдік қажеттілік
Балаларды табиғатпен таныстырудың маңызы
Қыс мезгілінде балаларды табиғатпен таныстыру
Музыкалық эстетиканың қалыптасуын қазіргі мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі
Мектеп жасына дейінгі балаларға көркем шығарма арқылы эстетикалық талғамын қалыптастырудың міндеттері
Эстетикалық тәрбие туралы жалпы түснік
Халық педагогикасы
Пәндер