Оқушылар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызы құралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
3. Оқушылар үжымы
Латынның "коллективус" деген сөзі "жиын", иүжым", "топ" дегенді біддіреді.
Осыдан, ұжым — бүл адамдар тобы. Ұжымның өзіндік маңызды белгілері бар:
1.Жалпы әлеуметтік мәнді мақсат. Мәселенің бәрі мақсат-мазмұнымсн, оның
бағытында.
2. Жалпы бірлікті іс-әрекет. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін жалпы
біріккен іс-әрекет ұйымдастыру қажет.
3. Кері жауапты тәуелді қатынастары — ұжым мүшелері арасында өзіндік
ерекше қарым-қатынас.
4. Жалпы таңдалган басқарушы орган. Үжымда демократиялық қатынас пайда
болады.Мектеп, сынып үжымындағы ерекшеліктерге орай мынадай қорытындыға
келуге болады: оқушылар ұжымы — бұл жалпы әлеуметтік маңызды мақсаттармен,
іс әрекеттермен, іс-әрекетті ұйымдастырумен, жалпы міндеттермен, тендік
жағдайында ортақ мүдде-бірлігімен ұжымдасқан оқушылар тобы. "Көппен көрген
ұлы той" деп ұжымның үлкен күш, тәрбиеші, ақылшы екендігін ұқтырады.
1. Үжым тәрбие құралы. Оқушылар ұжымы - тәрбиенің шешуші факторы және
біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы.Жеке
тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан-жақты
даму мүмкіншілігін ұжымынан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас
бостандығы болуы басты шарт
болып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі біртұтас
ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды.
Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады.
Мысалы, кәсіпшіл ұжымдар (өндіріс, шығармашылық, әскери, оқу орындары),
қоғамдық ұйымдар (партиялар, халық конгресі, бірлестіктер, кәсіподақтар),
ерікті қоғамдар ғылымы, ғылыми насихат, әскери спорт) өз-әрекетімен істеуші
үжымдар (көркем-өнерпаздар, коллекционерлер) және т.б. Осы қжымдарда
адамдардың шешетін міндеттері еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын
тездету, қоғамдық дамуының жаңа деңгейін қайтымсыз процеске айналдыру,
халық шаруашылығының барлық салаларында өмірді демократия және жариялылық
принциптерінің негізінде құру.
Осы жағдай талабына сай ұжым балаларды қоғамдық өмір мен өндіріске
дайындаудың мүмкін болатын бірден-бір құралына айналады. Оқушылар ұжымы
баланың өмірін, оқуын, еңбегін жасампаздығын, күш-қуат мәдениетін, ойын
ұйымдастырудың ең тшмді құралы.
Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту
органдарының озат өкілдері А В Луначарский, Н.К. Крупская, А.С.
Макаренко, П.П. Блонский, С.Т. Шацкий, В.А. Сухомлинский аса зор көңіл
аударып зерттеді.
А.В. Луначарский жаңа адамды қальгптастырудың негізгі жағдайы ұжым
болады деді. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек, ол, адам біздің
заманымызда ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары
санайтын болуы тиіс. Тұлға ұжымы негізінде ғана дамиды.
Н.К. Крупская түлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы үжым деп атады.
Мектептегі қоғамдық үйымдарға, олардағы балалардың қарым-қатынастарына
үлкен мән береді. Балаларды үжымда өмір сүре және жүмыс істей алатындай
етіп тәрбиелеудің қажет екендігін ескертті. Ол балалар қозғалысына
байланысты бірсыпыра мәселелерді атап көрсетті. Олар: балалардың үжымдық іс-
әрекетінің формала -ры мен әдістері, өзін-өзі басқару және оны
ұйымдастырудың әдістері т.б..
А.С. Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бір ізді педагогикалық
теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін қүндылығын сақтауда және
іс-әрекеті, қарым-қатынас, дәстүр сияқты тәрбие проблемалары үжым өмірінде
шығарма-шылық дамудың негізі болды.
А.С. Макаренко үжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын
ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым
мүддесімен өмір сүре білуі қажет. А.С. А.С.Макарснко жеке адам тәрбиесінің
қоғамдық бағыттылығы түрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін
көрсеті.
1. Ұжым тәрбиенің мақсаты және объектісі, жеке адам
ұжымнан тыс дамымайды.
2. Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және
еңбекті ұйымадстыруға біріктіреді.
3. Үжым барлық үжымдармен табиғи байланысты
қоғамның бөлігі.
4. Ұжымның өзін-өзі басқару органдары және өкілдері -
ұйымдастырушылары болады.
Әрбір ұжым — бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды. Ұжым
контактылы және негізгі болып екіге бөлінеді. Контактылы ұжым — бұл ұжым
белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым - бұл контактылы үжымдардың
бірлестігі. Мысалы, контактылы ұжым — бұл студенттер тобы, негізгі ұжым -
факультет т.б. ;
Қазіргі кезеңде А.С. Макаренко идеясын дамытуда И.П. Ивановтың
Коммунар әдісі игі әсер етуде. Коммунар әдісінің мәні, ұжым өмірінің
айқын бейнесін ұйымдастыру. Онда барлыы өнегелік принципіне, шығармашылыққа
негізделеді. Үжымдық шығармашылық біріккен іс-әрекетінің әдісіне үжымдық
жоспарлау және жүзеге асыру, күнделікті іс-әрекеттері, ұжымдық тал-шешім
қабылдау және баға беру кіреді. Бұл мәселелер И.П. Ивановтың
Коллектившілерді тәрбиелеу атты еңбегінде қарастырылған.
Сонымен ұжым - бұл көзделген мақсатқа жетудегі үйымшылдық пен
мақсаттылық, іс-әрекетімен сипатталатын адамдар тобы.
В.А. Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес
қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде Мудрая власть
коллектива, Коллективтің құдіретті күші т.б. баяндалды.
Сухомлинский пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі үжымда тәрбие құралы
болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас ұжымдық
қатынастың даму процесі,В.А. Сухомлинскийдің қарым-қатынас жайындағы идеясы
жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр. Демек, ынтымақтастық
балалармен қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде туды. Ынтымақтастық идеялары
жаңашыл мұғалімдердің еңбектерінде ғылыми-әдістемелік тұрғыдан
қарастырылған.
Біздің елімізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы—мектеп ұжымы баланы
дамытуда және қалыптастыруда үлкен роль атқарады.Мектептегі оқушылар ұжымы
-бұл - іс-әрекетімен (оқу, еңбек т.б.) бірігіп топтасқан балалардың
мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі.
Мектеп ұжымының негізінде бірнеше өзара байланысты
оқушылар ұжымдарының типтері пайда болады. Олар: мектеп
сыныбы, ұзартылған күн тобы, клубтар, секциялар оқушылардың еңбек
бірлестіктері т.б. Бұлардың барлығын бастауыш ұжымдар деп атайды.
Оқушылар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызы құралы.
Ұжымшылдық адам мүддесінің үжым және қоғам мүддесімен мызғымас
байланыстылығын көрсетеді.
Адам үжымда өз күшінің, өз қабілетінің керек екенін түсінеді.Сондықтан
оларды үнемі дамытып, жетілдіріп отыру педагогикалық ұжымның оқыту және
тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруына байланысты. Қорыта айтқанда,
ұжым-тәрбиенің маңызды құралы.

Ұжымның даму кезеңдері, олардың бір-бірімен сабақтастығы.
Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезеңдерін .
айқындаған А.С. Макаренко. Ол балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс-
әрекетінің мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара-қатынасы тәуелдігіне
байланысты ажыратты.
Бірінші кезенде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ
Сондықтан мұғалім сынып өмірін үйымдастыру үшін жүмысты талап қоюдан
бастайды Талап іс-әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер.
Талап қою балаларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірибеге
тарту. Бүл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс. Мұндай жағдай
бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген оқушылардың жоғарғы
сыныптарында болуы мүмкін.
Бұл кезенде ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы, оқушыларға сүйену
керек. Ұжым өміріне мұндай тәсіл сынып белсенді жүмыс істейтін оқушылар
тобын көбейтуге және балалар мен мүғалімдердің жүмысты бірлесіп істеуіне
әсер етуі мүмкін.
Бірінші кезең аяқталу үшін мына мәселелерді еске алған жөн:
— ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау;
— ұжым іс-әрекетінің дамуы;
— жеке адам арасындағы қарым-қатынас іскерлік және гуманистік
қатынастардың пайда болуы;
— барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының бөлінуі.
Бұл кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі — оқушылардың үжымдық іс-
әрекетін ұйымдастыру, оларды әр түрлі іс-әрекеттеріне қатыстыру, ұжымды
балаға педагогикалық ықпал жасайтын қүралға айналдыру.
А.С.Макаренко ұжымды нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымды
тәрбиелеуден бастау қажет дейді.
Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға, яғни сынып жетекшісінің
ұйымдастырушылық қызметінен тұрақты үжым органдарына көшеді. Сондықтан бүл
кезеңде белсенді топпен жүмыс істеудің маңызы зор. Мысалы, жүмысты бірігіп
жоспар-лау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір үжым
мүшелеріне көмектесу, іс-әрекеттерін бақылау т.б.
Мұғалімнің қызметі—коммуникативті, яғни балалармен байланыс жасау,
үжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуат-тау, жалпы міндеттерді
орындауда барлық оқушылардың күш-қуатын нығайту.
Ұжымның бұл даму кезеңінде параллельді ықпал жасау принципті
қолданылады, яғни тұлғаға талап қою үжым арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші кезең - бұдан былай белсенді топтың және үжым (сынып) іс-
әрекетінің дамуымен сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі деректерді,
құбылыстарды бағалауда қоғамдық (үжымдық) пікір пайдаланылады Бұл саты
ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым өмірінде, оқушылар
арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың арқасында
гуманистік қатынастар дамиды, демек, ұжымда бір-біріне ілтипатты болу,
жолдастарының қуанышына, мұқтаждығына
үн қатуға дайын тұру, мінез-құлық нормасын сақтау, нормаға бағыну сияқты
болымды қасиеттер пайда болады.
Ұжым қоғамдық пікірмен сипатталады. Қоғамдық пікір -бұл ұжым
мүшелерінщ талаптарды, пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Бұл ұжым кейбір
ұғымдар және құбылыстар жайындағыпікірлерді мақұлдайды немесе кіналайды.
Демек, ұжымдық талқылау,бағалау, жариялылық, әрекеттілік — қоғамдық
пікірдің негізгі ерекшелігі.
Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды мәселелердің
бірі - ұжым алдындағы мақсатты – перспективаны таңдау. Осыған орай,
А.С.Макаренконың теориялық мұрасына сүйеніп, оның жақын, орта және қашық
атты перспективаларын еске түсірген жөн.
Жақын перспектива - бұл күнделікті өмірде пайда болып жеке адамды әр түрлі
іс-әрекетіне ынталандыру, қызықтыру. Егер балалар алдында қуанышты,
қызықты істер болмаса, онда олар өмір сүре алмайды. А.С.Макаренко адам
өмірін шын ынталандыруды ертеңгі қуаныш — деді.
Жақын перспективаға жарыс, саяхат, жексенбілік серуен, цирк, музей
және көрмеге бару, үйірмелердегі қызықты жұмыстар т.б. жатады.
Орта перспектива - бұл перспективаға балалар лагеріне бару, жыл сайын
өткізілетін ән, сурет сайыстарына қатысу, әдебиет, эстетикалық тақырыптарға
пікірталас өткізу т б. жатады. Мұндай алда түрған оқиға оқушылар үшін өте
қуанышты болады.
Қашық перспектива - бұл үжымның немесе жеке адамның бір істі үзақ мерзімде
орындауға талаптану мақсаты. Қашық перспективаға келешек мамандықты таңдау,
білім алу, мектеп
бітіргеннен кейін халық шаруашылығында жүмыс істеуге тілек білдіру немесе
орта және жоғары арнайы оқу орындарына түсу жатады.
Қоғам адамдары қашық перспектива арқылы мүмкіндігінше үжымға, Отанға
пайда келтіруі тиіс Бұл перспектива жақын және орта перспективалармен
мызғымас байланыста іске асырылады Осы перспективаларды оқу және тәрбие
барысында тиімді пайдалануда әрбір мүғалімнің міндеттері:біріншіден,
перспективаны баланың, сыныптың, мектептің пайдасы үшін таңдап ала білу;
екіншіден, оқушылардың жас ерекшеліктерін және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылар ұжымы арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру жолдары
Оқушылар ұжымы — тәрбиенің шешуші факторы
Бастауыш сынып оқушыларына бiлiм беруде ұжымдық iс-әрекетке тәрбиелеу
Ұжымдық тәрбиенің обьектісі мен субьектісі
Оқушылар ұжымын зерделеу әдісі
Ұжымды қалыптастыру және оның оқушы тұлғасына ықпалы
Тәрбиені ұйымдастыру формалары және оларды жіктеу
Оқушылар ұжымы
Ұжымның даму кезеңдері олардың бір-бірімен сабақтастығы
Ұжымның даму перспективалары
Пәндер