Халық ойындарын дене тәрбиесінде қолдану



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Оқу тәрбие процесінде ұлттық ойындарды қолдану
2.2. Ұлттық ойындарды қолданудың маңызы
2.3. Халық ойындарын дене тәрбиесінде қолдану

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе

Қазақ халқының тархиында балаларға білім беру мен өмірге негізінен
халықтың ойындар арқылы дамиды деп білген. Ойын – адамның денесін
шынықтырып, дүниетанымын, пайымын, табиғат жайындағы мағлұматтарын
дамытудың тиімді құралы болып есептелген. Ойын процестінде баланың еңбек
пен өмір тіршілігіне бейімделіп азаматтық қасиеттерін қалыптастырудың
неғұрлым әдіс – тәсілі болып саналған. Қазақ халқы ойынды баланың есейіп
жетілуіндегі қуатты құрал және тиімді әрекет деп санаса, әлемдік көлемде
ұлы ғұламалар мен философтар, ұстаздар мен педагогтар ұлағатты пікірлер
айтады.
Бұл негізінен баланың ұлттық ойынының қыры мен сырын білдіретін
тәлім – тәрбиесін өзекті жәйіттері. Ойын әрекетінде баланың денесінен
дамып ширауы ғана емес, оның – қатар – кұрбылары мән түрлі қимыл –
қозғалыстары арқылы да әрбір нәрсенің мән – жайын түсініп танымдық
қасиеттері өрістейді. Өзара қарым – қатынас орнату арқылы балалардың біріне
– бірінің қамқорлық көрсетіп жанашырлық сезімін оятады. Сыпайы қатынас
орнатудың қажет екендігін түсініп олардың бойына ұжымдық сезімі
қалыптассады.
Баланың ойын әрекеті негізінен алғанда оның еңбектену процесі болып
саналады. Орыстың ұлы педагогі К. Д. Ушинский бала ойында қандай роль
атқарса есейіп үлкейген соң әртүрлі іс - әрекеттерге де пайымшыл, ширек әрі
ұйымдастырушы қасиеттерге ие болады деген ұлағатты пікір айтады. Қазақ
балаларының ұлттық ойын түрлері (асық ойнау, топтанып доп ойнау, түнгі ай
жарығында ақсүйек ойнау т.б.) олардың бакылампаздығы мен дене мүшелерінің
қимыл – қозғалысындағы өзара сәйкестігін қалыптастыратын болса, екінші
жағынан, олардың қимыл – қозғалысындағы әрекетшілдігін, істерін дамытады.
Ересек балалар мен үлкен адамдардың қимыл – қозғалысы (көкпар, ат үстіндегі
тартыс т.б.) адамдардың шапшаңдылығын шыңдайтын тәсіл. Ұлттық ойын
түрлерінің сан алуандығы халықтың тұрмыс тіршілігі мен салт – дәстүрін
білдіретін этникалық ерекшеліктер. Мұндай ойын түрлері жайында қазақ халқы
жастардың әбжілдігі мен қимыл – қозғалысын ат құлағында ойнайды деп атап
оған айрықша мән беріп отырған.
Халықтық ойынның түрлері бұл аталған ойындармен шектелмей тіршілік
жағдайына сәйкес сан – қырлы мағнада дамыған. Ойын әрекетінде балалар мен
жастар өзара түсінісіп қарым – қатынасын нығайтады. Бірінің – бірі жан
дүниесінің сырын танып, біліп, әрбір адамның бойындағы даралық
қасиеттерінде білген. Сөйтіп, ойын адамның денесімен ақыл – ойын
жетілдіретін әркет ретінде ғана емес, олардың танымдылық көзқарасы мен
білімділік дейңейінде өрістетіп отырған әлеуметтік тіршілік екенін
айқындайды. Ойынның алуа түрлері адамның негізгі іс - әрекеті ме қимыл –
қозғалысының тұрақты қасиеті екендігін ғылымда ерте көзделген – ақ мәлім
процесс. Ал ұлттық ойын түрлері әр – бір халықтың тарихи даму процесінде
қалыптастқан салт – сананың, дәстүрлерінің айқын көрінісі болып табылады.

2.1. Оқу тәрбие процесінде ұлттық ойындарды қолдану

Осы уақытқа дейін көптеген елдерде әр алуан ойындарының мыңдаған
түрлері белгілі. Еуропаның, сол сияқты Англия, АҚШ, Франция мен Жапонияда
гуманитарлық және инженерлік жоғары дәрежелі білім беруде ойын тәсілдерінің
кеңінен етек алып отырғанын атап айтқан жөн. Оқу органдарындағы білім беру
саласында ойын әрекеттерін пайдалануға дүниежүзілік деңгейде қызыға да
құптай қарау кездейсоқ оқиға емес, мұнда үлкен заңдылық бар.
Дидактика саласындағы зерттеу еңбектердің басым көпшілігінде ойын
мәселесі мектепке дейінгі педагогикаға ғана тән бала ойыны немесе соларға
және педагогикалық психология саласындағы еңбектерден де байқалады. Ал, бұл
мәселемен арнайы шұғылданушылар ойындарға оқыту тәсілі деп қарап, іс -
әрекет, басқару тұрғысынан мән беріп, тиісті мақсатқа тиімді пайдалануға
болатынын жан – жақты айқындауда. Сонымен бірге, ойын әрекеттерінің
теориясы жөнді талданбаған, бұл саладағы советтік, шетел әдебиеттерінде
ауыз толтырып айтарлықтай еңбек жоқтың қасы деуге де болады. Ойындардың
түрлерін ұйымдастыруды және оқыту мен білім беруде пайдалануды бірыңғай
атап, оқудың ойын формасы деп алған дұрыс.
Бұл саладағы шетел әдебиеттерінде берілген анықтамаларда әр түрлі
аталып, бірінде іс - әрекет және басқару ойындары, халық ойындары,
екіншісінде дидактикалық ойындар деп жүр.
Шындығында оқытудың ойын формасының мәні – халық ойындарды
ұйымдастыру мен оны жүзеге асыру. Ал, осының бәрін тұжырымдай, жинақтай
келгенде ойынның қай – қайсысы болса да еліктеу тұрғысындағы ойын екені
ескеріп, дидактикалық ойын – зерттеу меңгеруге тиісті белгілі жүйенің
еліктеу түріндегі кескін – келбеті және өзінің болашақ мамандығын ойынын
арқылы бейнелейтін оқушының белсенді түрдегі өзіндік дербес іс- әрекеті
деген түйін жасаған тиімді екенін тәжірибе көрсетті.

Адамның қандай да болсын басқа әрекеттері сияқты ойынның да өзіндік
формасымен қатар, оны жүзеге асырудың тәсілдері де бар. Осы тұрғыдан мән
берсек, оқыту процесінде оны пайдаланудың формасы мен мен тәсілінде
ескерген тиімді. Ойынның осындай бір айрықша сипатын ықпал ететін ойынның
өзіндік ішкі қорғаушы күші де, ал оның сыртқы киім - оқытудың формасы деп
білеміз. Былайша айтқанда, оқытуды ұйымдастырудың тәсілі – сол іс әрекетті
басқарып жүргізудің амалы.
Ойындардың дидактикалық жағынан құндылығы, психологиялық –
дидактикалық принциптердің органикалық мәнде бірігіп, өзара тұтасып
келуінде. Атап айтқанда, оларға жататыңдар: белсенділік – кері байланыс,
динамикалық – проблемалық, қызғылықтылық – нәтижелік – рольдерді орындай –
дербестік, коллективтік – жүйелілік, модельдеу жарыс жатады.
Ойындарды жүзеге асыруда бұл принциптердің әрқайсысы – ақ
педагогикалық ережелердің негізі болып табылады.
Белсенділік – ойын әрекетіндегі негізгі принцип, өйткені ойынның
барысында оған қатынасушы дене күші жағынан ба, әлде өзіндік дербес
шамасына байланысты ма, әйтеуір қалай болғанда да белсенділік көрсетеді.
Сол себепті А.М. Смолкин, Ойын – оқытудағы әрекет жасаудың классикалық
тәсілі екенін дұрыс талдаған. Осындай түсініктерге орай еліктеу
ойындарының дидактикалық мәні жөніндегі негізгі байымдауды белсенді оқу
(оқудағы белсенділік) деп тұжырымдағанымыз жөн.
Динамикалық принцип адамның ойын әрекетіндегі уақыт деңгейі және оның
мәні мен әсерін сипаттайды. Ойын – қимыл, қозғалыс, оқиға мен құбыстың
динакмикасында өзара белсенді қарым – қатынас жасау. Қандай ойынның болсын
басталуы мен аяқталуы бар, демек, ондағы уақыт деңгейі, дәл бір
өмірдегідей, қажетті мәнге ие болатын басты факторға айналады.
Ойын динамикасын кино – ойынының динамикасымен салыстыруға болады,
өйткені тиісті түсінік алу үшін образдарды игеру мен қабылдаудың
шапшандығына қарай фильмді тоқтатуға да, кейін шығаруға де, ілгері
жылжытуға да болады, былайша айтқанда, шапшаңдатуға да, баяулатуға да
мүмкіндік бар.
Ойын әрекеттеріндегі қызғылықтық принципі өте тартымдылығымен, өзіне
тез баурап алушылығымен ерекше көрінеді. Оның эмоциялық әсері соншалық,
адамды ойынға мейлінше ынталандырып немесе ойынның барысын қалт жібермей
қадағалауға түрті болады.
Бұл принциптің дидактикалық жағынан құндылығы қызғылықтың
ерекшелігіне орай адамның ықылас – ынтасын жебеп, таным белсенділігін
арттырады. Қандай ойын болсын, ол зергітуді, қулықсыз қайталауды,
самарқаулықты сүймейді. Ойынға тән қасиет жаңалықта, қайталанбаушылықта,
тұтқиылдық пен қажеттілікте деп білеміз. Сондықтан көрнекті совет педагогі
Г.И. Щукина: Ойынға тән осынша бір ерекшеліктердің бәр – бәрі таным
процесінің ен әсерлі қозғаушы күшінде. Мұның өзі тиісті құбылысты қалт
жібермей қадағалау үшін, кездесе қалған ситуациядан жол тауып шығу, өз
біліміне сүйеніп оның себептері мен салдарын ашуға мүмкіндік береді -
деген.
Рольдерді орындау принципі адамның іс - әрекеттерін ойын арқылы
модельдеп, түрлі құбылыстарды ойын түрінде жасап, оны келістіріп өзінше
айтып беруге негізделеді. Орындайтын роль ғана адамды ойынға өтене
жақындатады, ал мұның өзі әрекетпен іштей қабысып көтетіндігін Д.Б.
Эльконин мейлінше дәлелдеген.
Ойын арқылы модельдеу – адамның өзін басқа адам түрінде көрсететін
тәсіл де, ал ойынның шарты бойынша еліктейтін іс-әрекет, бейнелеп шығатын
жол оның тәсілі болып табылады. Модельдейтін ойынның ең жоғары түрін театр,
кинодан, әсіресе көркем әдебиеттен байқауға болады, сол арқылы оқушы өмір
мен табиғаттың небір нәзік сырларына қанығады. Көркем шығарманы экранға
шығару арқылы миллиондаған адамдар ойын негізінде өмір шындығын тануға
мүмкін алады.
Рольдегі ойын принциптерінің дидактикалық мәні – жоғары оқу орнын
білдіретін жастың болашақ мамандығының моделін оқу процесінде жүзеге асырып
байқауына болатындығында. Былайша айтқанда, студент модель арқылы келешекте
атқаратын мамандығына үйреніп, жаттығады. Демек, мұның өзі жоғары дәрежелі
істермаманды даярлау жолдарындағы талаптарға үйлесімді келетінін, тиімді
әдіс екенін мойындатады.
Коллективтік принцип – студенттердің ойын түрлеріндегі іс -
әрекеттерде топталған немесе команда бойынша бірлестігінің сипаттайтын
тәсіл. Бұл принцип әсіресе спорттық ойындарда, сондай – ақ кино, театр
түріндегі ойындарда ерекше айқын көрінеді. Ал, дидактикалық ойын –
оқытудағы коллективтік әрекет болғандықтан, бірлесіп ойлап – толғанумен
қатар, жолдастық қарым – қатынастың шындала түсуіне және коллективтік істің
паййдалы екеніне көззді жеткізу түсуі.
Модельдеу принципі қоршаған өмір шындығына еліктеп, оны модельдеу
арқылы көрсетуге негізделеді. Дидактикалық тұрғыдан қарасақ, студенттің
өмір ақиқатындағы құбылыстардың бейнелі тұлғасын жасау арқылы оны белсенді
түрде меңгеруіне жәрдем ететін тәсілі болғандықтан, қазіргі жоғары оқу
орындарында кенінен етек алуда.
Кері байланыс жасау принципі - өміршен принциптің бірі – ойынды
ұйымдастыру барысындағы нәтижелік көрсеткіш пен оны өткізудің жолы және
бейнелеген шындыққа еліктеудегі ойншылдардың қарым- қатынасы саласындағы
себеп – салдарды ашуға негізделеді. Дидактикалық тұрғыда алғанда кері
байланыс дегенде біздің ұғатынымыз ойынның жүрісі туралы информациялық
кірдірестегі ескертпе студенттің іс – кетті меңгеруі тұрғысынан және ойынды
жандандыру түсу барысында оның ықпал мен әсерінде.
Халық ойындарындағы проблемалы принцип – ойлау мен оқудағы логикалық
– психологиялық заңдылықтар. Егерде адамның алдына қойған мақсаты өте қиын
да күрделі болса, сол мақсатқа жету жолында, әдетте, алуан түрлі
проблемалар туып, соған орай бірнеше ситуацияны женіп, кедергілерден өтуіне
тура келеді.Әрине, дидактикалық ойында тиісті проблемалы принципке
негізделген еліктеу тұрғысындағы әрекет жүріп жатады да, оның жүзеге асуы
процесіндегі проблемалы оқды қамтамасыз етеді.
Нәтижелік принцип ойын барысында саналы меңгерілген нақты әрекеттің
нәтижесі, көрсеткіші болып табылады. Ал, ойындық әрекеттің ең жоғары даму
деңгейі, қорытындысы әрекеттің дерексіз теориялық түйіні болып шығады.
Мысалы:, шахмат ойыны. Оның негізгі принципі, ал ақиқат, ол – шындық, ешбір
дәлелді тілемейді. Осының бәрі – бәрі ойын іс - әрекеттің жемісі екенін
айқындайды. Соған орай ойынның нәтижесі, ойын әрекеттерін жүйелі дамытуға
мүмкіндік береді. Де, мұның өзі ол арқылы оқудың сапалық көрсеткішін
жетілдіруге қолайлы жағдай жасайды.
Ойынның қай – қайсысы болсын дербес әрекет те, ал еліктеу
түрлеріндегі модель тиісті жүйе екенінде дау жоқ. Дидактика саласындағы
дербестік пен жүйелік принципі ойын әрекетінің аксиомасы. Ол – ешбір
дәлелдеуді керек етпейтін шындық.
Ойындағы десбестік оның әрекеттеріндегі мақсаты басқарылған жағдайда
толық жүзеге асады. Сондықтан ойнды басқаруда, оның мазмұны ойнаушылардың
белсенді түрдегі дербестігі, богет келтірумен қатар, оның өз түсініне орай
ойынды ірлері дамытатүсуіне мүмкіндік тағызатындай болуы керек. Сонда
ойынның мақсаты, оның өз әрекетімен астасып кетеді.
Жарыс принципі ойын қорытындысына негізделеді де, студенттің ойыынға
деген құмарлығын арта түседі. Жарыс ойын қызықтылығын да біршама рухын
көтеріп, белсенділікті жетілдіре түседі. Дидактикалық мәні – дербестікті
көтеріп оқушының бүкіл күш – қуатын пайдалы әрекетке итермелейді.
Адамның ойын әрекеттерінің сан ғасырлық тәжірибесінде зер салсақ,
еліктеу ойындарының негізгі қасиеттері мен сипатында дидактикалық мән өте
зор және педагогикалық ережелерде бүкіл табиғатымен үйлесімді.

2.2. Ұлттық ойындарды қолданудың маңызы

Тәрбие - ана сүті арқылы қанға сіңіп, санаға дариды. Бала дүниеге
келген сәттен оның сыртқы ортамен өзара әрекеттесуі басталады, бейімделу,
тепе-теңдігін сақтау қабілеті пайда болады. Баланың дене тәрбиесі белгілі
бір ғылыми негізделген режиммен, ағзаны шынықтырумен, қозғалым дағдыларын
қалыптастырумен байланысты екені белгілі. Шынықтыру жолдары таңертеңгілік
гимнастика, салқын сумен жуыну, қозғалысы мол ойындар ойнау, таза ауада
тыныстау, судың температурасы төменгі жағдайда спорттық жаттығулар жасау.
Осының бәрі ағзаның сыртқы орта әсеріне төзімділігін арттырады. Жүйке
жүйесі, жүрек және өкпе жұмысын, бұлшық еттердің жұмыс қабілетін
жақсартады, жағымды әсер тудырады.
Ұрпаққа ұлттық рух беріп, әдет-ғұрыпымызды салт-санамыздың,
дәстүріміздің қадір-қасиетін, ерекшелігін айту, баулу әрбір ата-ананың
тәрбиешінің міндетінің бір бөлшегі деп айта аламыз. Ұлттық рухта тәрбие
алмаған, тілін-дінін, ойынын, дәстүрін дұрыс білмеген ұрпаққа отанды
қорғауға сенім арту, болашақтың тізгінін ұстату есіңе түскенде "есек барға
саналса да, малға саналмайды" деген сөз еріксіз ойға оралады.
Адам жаны, әсіресе бала жаны өмірдің бар құбылысын қалт жібермей
қадағалап, бойына сіңіретін аса сезімтал "барометр". Өзегін жарып шыққан
бауыр еті баласына салт-сана, дәстүр түгілі жүрек жылуын бере алмаған ата-
ананың одан қамқорлық, жылу, жақсылық, қазақы патриоттық жауап естуі
екіталай.
Ұлт ойындары ата-бабамыздан бізге жеткен, өткенмен бүгінді
байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны
үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ
тәрбиелеуге пайдасы орасан зор, Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып,
оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өмірмен ұштастыра, біледі.
Сондықтан, ұлттық ойындарды дене шыныктыру сабағында қолданса, келешек
ұрпақтармен сабақтастырса деп ойлаймыз.
Ұлтымыздың қимыл-қозғалыс ойындары өзінің мазмұны мен көлемі жағынан
эстетикалық әрекет болып табылады. Балалардың бұрын игерген қимыл-
дағдыларын тірек ететін әр алуан ойын қимылдары оларға қолайлы дәлдіктен,
қалыптылықтан, ерекше ептіліктен көрінеді. Балалардың жалпы жігерлілігі
ойын қимылын көріктендіріп, қимылдарды неғұрлым жоғары сапалы орындаудан
көрінеді және қимыл процесінің өзінен рахаттану сезімін туғызады. Сан алуан
бір немесе бірнеше шеңберге, қатар сапқа, тізбек сапқа тұру, қозғалыс жасау
қимыл дәлдігін, сұлу дене бітімін, жинақтылықты талап етеді және балалардың
эстетикалық сезімін дамытады.
Ұлттық ойындарымызды өткізу кезінде қимыл әсемдігі туралы ұмытуға
болмайды: қимылы неғұрлым сұлу балаларға назар аудару, кескінді сәтті
беруге ұмтылу әрекеттерін көтермелеу керек. Сөйтіп, эмоционалды сауықтыру,
танып білу және тәрбие беру компоненттерінің қимыл ойындарына енгізілген
бүкіл комплексін пайдалану жан-жақты тәрбие беру міндетін жүзеге асыруға
көмектеседі.
Мұхаммед пайғамбарымыздың 148-хадисінде "ауырмай тұрып денсаулығыңның
қадірін біл" деген өсиеті бар. Біз ертең өз өмірімізді әрі қарай жалғастыра
аларлық дені сау, салауатты ұрпақ тәрбиелеуге тиіспіз. Бұл біздің ел, халық
алдындағы басты парызымыз болмақ. Тәрбие әдетте бесіктен басталып, мектепте
жалғасын табатыны белгілі. "Тән сұлулығы табиғаттан, жан сұлулығы өзіңнен -
демекші, сол сұлулықты қалай қалыптастыруға болады?
Ұлттық қозғалмалы ойындарымыз баланың ақыл-ойын дамытуға көмектеседі.
Ойын әрекеті зейінділікті ұлтымыздың қадір-қасиетін ұғынуды, түсінікті
бағдарды анықтауды, қиялдауды, есте сақтағыштықты, тапқырлықты, ой
сергектігін дамытуға көмектеседі.
Ойнау барысында жүйелі, байыпты түрде балаларды ереженің қоғамдық
маңызын жете түсінуіне жеткізетін бұл қасиеттер жеке адамның адалдық,
әділеттілік,, достық, батылдық, өзін-өзі билеу, табандылық, жігерлілік
сияқты ең жақсы жақтарын қалыптастырудың тиімді құралына айналады. Бұлардың
бәрі қимыл-қозғалыс ойындарын ережесімен бірге балаларды адамгершілікке
тәрбиелеудің пәрменді құралдарының бірі ретінде белгілеу үшін негіз ретінде
қызмет етеді.
Қимыл-қозғалыс ойындары қозғалғыш-тірек аппаратты дамыту және
жетілдіру жолымен ағзаны күшейтуге көмектеседі. Ертедегі қазақ жерінде
көрші екі ауылдың арасында жылына 10-15-ке дейін ат ойындарының барлық
түрлері өткізіліп тұрған. Олар: аударыспақ, бәйге, күміс алу, қыз қуу,
жорға жарыс, ат омыраулаттыру, жамбы ату, тұмақ ұру, аламан бәйге, көкпар,
түйе жарыс, сайыс т.б. Бұл ат спорт ойындарының қайсысы болмасын
жігіттердің күштілігін, ептілігін, қайраттылығын, ат үстіндегі шеберлігін
ғана дамытып қоймайды, сонымен бірге батылдыққа, тез шешім қабылдауға,
дәлдікке, тәуекелшілдікке (дене сапаларымен бірге ішкі жан дүниесін),
адамгершілікке тәрбиелейді.
Балаға бірінші рет кездескен ойының барлығы жаңалық, бәрі де тамаша
ғажап дүние. Сол күлкілі кейіпкерлердің өмір сүру, өмірге икемделу
жолындағы қақтығыстарын және өзге жан иелерімен қарым-қатынастарын, олардың
айла-тәсілдері таң қалдырады. Кішкентай, әлсіз тірлік иелерінің өмірге
икемділігін, жеңгіштігін ойнап көрсету балаларға арналған халық ойындарының
ең қызық тұсы деп айта аламыз. Бұл ойындар балалардың назар аудару және
бұлшық еттің ширығу дәрежесін реттеуді үйретеді. Ойынның қалыптасқан
ситуациясына байланысты ол қимылды тынығумен кезектестіре алады. Бұл
бақылағыштыққа, тапқырлыққа тәрбиелеуге, қоршаған ортадағы жағдайдың
өзгеруіне қарап бағдар белгілеу, қалыптасқан жағдайдан тез шешім қабылдап,
жол тауып шығу, оны жүзеге асыру, батылдық, ептілік, мақсатқа жетудің
өзіндік әдісін таңдау қабілетін қалыптастыруға көмектеседі.
Әрбір қимыл-қозғалыс ойынында балалардың ойын әрекеттері мен
қимылдарын өзгертуге берілетін сигналдар болады. Бытыраңқы жеңіл жүріс,
бұрын белгіленген орындарға бірінің артынан бірі тізбекті сапқа тез қосылу
үшін мақсатты тура бағытта жүгірумен өзгереді. Мұндай ширақ қимыл әрекеті
еліктіру тежеу процестерін жетілдіре және теңестіре отырып баланың жүйке
жүйесін шынықтырады.
Еліміз егемендік алып ұлттық спортымызға оң бетбұрыс жасап жатқан
қазіргі кезеңде әр іс-әрекетімізді орта азиялық тіпті дүниежүзілік деңгейге
лайық жасауымыз керек. Ұлтымыздың қанына тән, салт-дәстүрімен бірге
сақталып келген мың жылдық тарихы бар қимыл-қозғалыс және ақыл-ой
ойындарының ерекшелігің маңыздылығы, тәрбиелілігін болашақ ұрпаққа жеткізу
әрбір азаматтың борышы десек те болады. Тұрмыс салтта тарихи әлеуметтік
жағдайға байланысты қазақ халқының дене тәрбиесіне лайықталған дәстүрлер
көп. Олар: атқа отырғызу, күрес, атжарыс, жаяу жарыс, көкпар, аударыспақ,
жамбыату сияқты денешынықтыру дәстүрлері мен қатар халық өз ұрпағын
батырлық және ғашықтық жырлар арқылы ерлікке баулиды. Адалдыққа
тәрбиелейді. Қазақ халқы бала туған сәтінен бастап, оның денсаулығының
жақсы болуына аса мән берген. Жас баланың күнде тұзды сумен жуындыру,
маймен сылау, қол аяғын керу сияқты әдістерге аса мән берген. Жас анаға
енесі, абысыны, өзі қатарлар көрші – құрбылары үнемі осы әдістерді
көрсетіп, көмектесіп отырған. Осындай бала, күту әдістері дамып,
қалыптасып, бүгінгі күнге дейін пайдалануда. Баланы халық медицинасымен
емдеген. Іш ауырса ашыған айран немесе сынап ішкізген, су мен ұшықтаған,
қарағатпен оның жапырағын қайнатып берген. Мешел баланы құйрық майымен
сылаған. Қанды тию үшін күл, топарақ сепкен. Іштегі қанды тию үшін
қалақайдың суын қайнатып ішкізген. Баланы жазды күні жалаңаяқ жүргізуде
денесін шынықтырады. Және де нерв жүйесіне пайдалы. Ділбас, ангина сияқту
ауруларды түйдек тұзбен басып емдейді. Тіс ауруына меңдуана шөбімен ем
жасаған. Баланың денесін шынықтырудағы әдіс – тәсілдер төс қағыстыру, иық
қағыстыру, маңдай сүзістіре, білек саусақ күшін сынау, арқан тартыс т.б.
ұлттық ойындар. Денені шынықтыруда намаз элементтерінің маңызы бар. Намаз
оқу алдында мойнын шаю т.б. намазға отыру жаттығулар жасау. Сонымен қатар
мұсылман халқы тазалыққа аса мән берген. Қолын ас ішердің алдында жуған.
Бастарына орамал тартып жүрген. Аяқтарына аяқкиім киіп жүрген. Ер балаларды
сүндетке отырғызу тазалықтың бір белгісі болып есептеледі. Баланы бесікке
салу, оны күту, ұйықтату, баланың таза болуына үлкен ісер етеді. Сонымен
бірге баланы атқа отырғызып оны атқа шаптыруға үйретеді. Қазақша күрестің
өз ерекшелігі бар. Бала күрес, балуан күрес, т.б. бұл баланың денсаулығын
шынықтырады. Қазақ халқы ұрпағының ойлы сергек етіп шынықтырған. Осылардың
ішінде қазақтың ұлттық ойындарының рөлі зор.
Қазақ халқының әдет-ғұрыптарының негізінде дамыған алуан түрде
ойналатын қазақтың ұлттық ойындары көшпелі халқымыздың дала табиғатына сай
дами берді.
Әр түрлі өнерді белгілі бір жүйеленген ортада көре алмағандықтан
"театры жоқ елдің театр орнына көретін сауығы еңбек мерекелері мен қыз
ұзату, бала сүндеттеу сияқты ойын тойларының өзекті арқауы ән мен күй,
"драмалық" элементіне жататын халық ойындары болғаны да даусыз. Осылайша
ертеден берлі ұзақ сонарлы көштің соңында мал бағып келген қазақ халқында
әдет-ғұрпы мен өзіндік тарихи ойын сауығы болған.
Қазақ халқының тіршілігінде төрт-түлік (қой, сиыр, жылқы, түйе) шешуші
орын алды. Бүкіл өмірі мал өсірумен өткен қазақ халқының тарихи даму
ерекшеліктері, той думан, қуанышы да, реніші де осы малмен байланысты
болды. Төрт-түліктен алынатын өнім қазақ халқының кисе киімі, жесе тамағы,
мінсе көлігі, тіпті өмір сүруге қажетті заттың барлығы сонда болғандықтан,
"Мал ашуы - жан ашуы", "Ел көркі - мал, өзен көркі - тал" деген халық
мақалдарынан да байқауға болады. Осындай экономикалық құрылыстың негізінде
төрт түліктің қасиеті тек қазақ әдебиетінде ғана жырланып қоймай, мәдениет
пен өнердің, соның ішінде ұлт ойындарының дамуының да негізі болды. Келе-
келе негізгі бас кейіпкерлері осы төрт түлік болған, "ақ байпақ", "көк
сиыр", "түйе-тышқан", "соқыр теке" т.б. сол сияқты ұлт ойындары өмірге
келген.
Ойын кезінде "өздерінің шарықтап бара жатқан сезімін тежеуге және өз
әрекеттерін санаға бағындыра білуге" үйрету керек. Ойын жағдайында бағдар
белгілей білуге ойын тапсырмаларын орындауда жолға әдейі кедергілер жасалуы
көмеқтеседі. Бұл балалардың жеткілікті дәрежеде жетіліп үлгерген аралықты
көзбен мөлшерлеп бағдарлауға сүйеніп және қимылды орындау уақытын ескеріп,
әрекет етудің ең жақсы әдісін өз бетінше таңдап алу қабілетін
қалыптастырады. Бытыраңқы тез қимылдап келе жатқан балалардың арасында
бағдар ұстай білуі өте маңызды. Ойын кезеңінің үздіксіз өзгеруіне орай қас-
қағым сәттік сезімнің қажеттілігіне байланысты анағұрлым күрделі болады.
Алайда, ойындарды қайталау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары және құралдары
Халық ойындары мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің құралы ретінде
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ МЕН МӘНІ
Жасөспірімдердің қимыл-қозғалыс дағдыларын қазақтың ұлттық ойындары арқылы дамыту
Мектептерде дене шынықтыру пәнін оқытуда ұлттық ойындарды дұрыс, жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылуын қамтамасыз ету
Дене тәрбиесінде ұлттық ойындарды пайдаланудың педагогикалық негіздері
Қазақтың ұлттық ойындарын дене шынықтыру пәнінде қолдану
Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық ойындар арқылы дене тәрбиесінде жетілдіру жолдары
Дене тәрбиесін ұйымдастыру
Қазақтың ұлттық ойындары арқылы салауатты өмірге тәрбиелеу
Пәндер