Қарым қатынастың түрлері


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты.
Педагогика және филология факультеті
Педагогика және психология кафедрасы
Дипломдық жұмыс
Дарынды баланың психикасын қалыптастыру жолдары
Орындаған:
050103 «Педагогика және психология »
мамандығының
4 курс студенті Мухышева. Г. М.
Ғылыми жетекшісі:
оқытушы Абдиганиева. С. Ж.
Қорғауға жіберілді:
кафедра меңгерушісі Ахметова П. А.
Жоспары:
Кіріспе . . . 2
І. Дарындылықтың теориялық негізі . . . 8
1. 1. Дарынды балалар жөніндегі ғалымдардың көзқарасы . . . 10
1. 2. Дарынды бала мәселесі және оның психологиялық ерекшіліктері . . . 20
1. 3. Балалар дарындылығының түрлерін классификациялау және диогностикалаудың негізгі концептуалдық принциптері . . . 29
ІІ. Дарынды балалармен жұмыс.
2. 1. Дарынды балаларды даярлау арқылы дарындылықты дамыту . . . 33
2. 2. Дарынды тану және оқыту тәрбиелеу мәселесі . . . 40
2. 3. Қазақстан Республикасындағы дарынды балалар мәселесін Қытай еліндегі дарынды балалар мәселесімен салыстыру . . . 43
2. 4. Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері . . . 49
ІІІ. Дарынды балаларды анықтау және зерттеу . . . 60
3. 1. Дарынды балаларды анықтауға қажет әдістер . . . 62
3. 2. Зерттеу нәтижесін талдау . . . 63
3. 3. Зерттеу қорытындысы . . . 88
Қорытынды . . . 95
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 100
Кіріспе
«Қазақстан -2030» стратегиясы анықтап берген және республиканың ғылым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі-мемлекет үшін Қазақстанның гүлденуіне, егеменді еліміздің өсіп - өркендеуіне өз үлесін қосар білімді, мәдениетті жастарды тәрбиелеу. Осы жолдауда негізгі жетекші күш- «адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі». Бұл мақсатты орындау үшін республиканың ақыл-ойлы, шығармашыл әлеуетін өсіру қажет, дарынды балалар анықтау мен дамыту үшін өркениетті жағдайлар жасау керек.
Қоғам үнемі даму үстінде. Осы қоғамда өмір сүріп жатқан адамдардың даму деңгейі мен тыныс-тіршілігі әр алуан. Қазақта «адам ұрпағымен мың жасайды» дейді. Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев: «Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады» дейді. [11; 13] . Елбасымыз қазақ елінің азаматтары Орталақ Азия барысына айналады, дамушы елдерге үлгі болады, дамыған елдер қатарына қосылып, әлемдік биік дәрежеге жетеміз деп асқақ сезіммен алға тартып, үлкен сенім білдіреді.
Ал пайғамбарымыз Мұхаммед ғ. с. : «Оқымысты адамдар - Алла тағаланың алдындағы сенімді жандар. Білім үйрену ғибадаттан да артық және ол діннің де тірегі» дегенді бұдан он төрт ғасыр бұрын айтып кеткен. [10; 8] . Бұдан шығатын тұжырым: барлық кезеңде, әрқилы уақытта байқап, анықтауда Алла тағаланың сенімді адамадарының сіңірер еңбегі зор. Білім үйретуде ел үмітін ақтауға барлық күш - жігерімізді, жауапкершілігімізді жұмылдырып, дарынды балаларды тәрбиелеп шығаруымыз керек.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының «Білім беру» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отыр. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі саналы да, салауатты ұрпақ тәрбиесі.
Қазіргі таңда дарындылар азайып барады. Оның бірден бір себебі, қолдау көрсетудің аз болуынан. Сондықтан дарынды балалар мен жұмыстың жалпы мемлекеттік бағдарламасын ұйымдастыруды ел президенті Н. Ә. Назарбаев бастады. Президенттің 1996 жылғы 24 мамырдағы №3002 «Дарынды балалар мектебін мемлекеттік қолдау мен дамыту туралы» жарлығы жас таланттарды іздестіру мен қолдауға бағытталған жұмысты ұйымдастырудың кең көлемді бағдарламасын жазуға негіз болды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Дарынды балалардың қабілеттері мен таланттарын жан-жақты аша түсу үшін дарындылықтың ерекшеліктерін анықтау және дарынды балалар психикасын қалыптастыру жолдарын айқындау болып табылады.
Міндеттері:
1 . Дарындылық ұғымы және дарынды баланы зерттеудің теориялық негіздеріне талдау жасау.
2. Орта буындағы дарынды балаға тән даму ерекшеліктерін анықтау.
3. Дарынды әр түрлі әдіс-тәсілдермен зерттей отырып, дарынды бала психикасын қалыптастыру жолдарын қарастыру.
Зерттеу пәні: Дарынды баланың психикасын зерттеу.
Дипломдық жұмыстың болжамы: Егер дарынды баланың ерекше дарындылық қабілетін ескеріп, тиімді жан-жақты жұмыс жүргізу, басты назарға алынып отырса, жүргізілген жұмыстар тиімді нәтиже береді деп топшылаймыз.
Дарынды баланы дұрыс жолға қойсақ, дарынды бала ашыла түсер еді және олардың санын көбейтер едік.
Зерттеу обьектісі: Орта мектеп жасындағы дарынды балалардың психикасын қалыптастыру жолдары.
Зерттеу базасы: А. Құнанбаев атындағы жалпы білім беретін профильді № 6 орта мектептің 5 «А» гимназия сынып оқушылары және 5 «Б» сынып оқушылары.
Дипломдық тәжірибеде: Дарынды баланы қабілетті баламен салыстыра отырып жұмыс жасадық. Әдістемелер, диогностикалар, сұрақнамалар жүргізіп қортындылап анализ жасадық. Сол қорытынды нәтижесі бойынша диограмма жасадық.
Зерттеу әдістері: Тақырып бойынша әдебиеттерге теориялық талдау және дарынды балалардың психикасын анықтауға арналған әдістемелер арқылы эксперимент жасадық, сұрақнама, тест, диогностикалар, салыстыру, әңгімелесу, бақылау, матиматикалық сандық әдістер қолдандық және ой қорыту жасадық.
Жұмысыма теориялық негіз болған: Қ. Жарықбаев «Психология», Алматы 1993 жыл, Н. С. Лейтес «Возрастная одаренность школьников» М 2001 г, Б. Н. Теплов «Способности и одаренности», Москва 1985г, Сәбеп Бап-Баба «Жалпы психология», Алматы 2005 жыл. т. б.
Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен тұрады, әр тарау үш төрт параграфқа бөлінген және қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
ЖОСПАРЫ:
Кіріспе
І. Адам аралық қатынастар
1. 1. Қарым қатынастың түрлері
1. 2. Адамдардың бірін - бірі қабылдауы мен түсінуі
ІІ. Білім берудегі қарым қатынастың қызметі
2. 1. Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының психологиялық жақтары
2. 2. Бала досының тәрбиеге ықпалы
2. 3. Өзін - өзі тану аспектісіндегі тұлға қалыптастыру механизмі
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар
Кіріспе
Қоғамымызда болып жатқан өзгерістер еліміздегі тәрбие мәселесіне де өз ықпалын тигізуде. Адамаралық қатынастар жүйесінде елеулі әсер етуде. Адамдардың бір бірімен қарым қатынасында кездесетін түсінбестіктері көптеп кездесуде
Жас ұрпақ тәрбиесіндегі олардың бір бірімен қарым
қатынасы бүгінгі күнде өзекті, кезектен тыс шешімін табатын істердің бірі болмақ, осыдан біздің зерттеу жұмысымыздың өзектілігі актуалдылығы туындайды. Сондықтан, диплом жұмысының негізгі мақсаты: оқушылардың бір бірімен қарым қатынасын зерттеп, оны түзету мен жақсы жағдай орнату жолдарын айқындау. Мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді алдымызға қоямыз:
- оқушы қарым қатынасына арналған әдебиеттерді жинақтау;
- жинақталған әдебиеттерге шолу жасап, библиография құру; зерттеуге арналған теориялық және тәжірибелік материалдарды іріктеп, талдау; - - Қарым - қатынастың түрлері
Қарым - қатынас ұғымы адамдардың күрделі көптеген түрлі жақындасу процестерін көрсетіп, олардың бірлесіп жасайтын іс- әрекеттерінің қажеттіліктерін орындау үшін қолданылады. Осындай қарым - қатынас кезінде адамдар бірінен бірі керекті деректер ала алады.
Қарым - қатынастың негізінен 3 түрі болады.
1. Коммуникативтік, яғни жақындасу жағы. Мұндай қарым- қатынас арқылы адамдар бір - бірінің ойын, мақсатын, алған бет алысын айыруға тырысады. Бұл процестердің құрамында сөз сөйлеудегі ырғақ, мимика, понтомимика жатады. Коммуникативтік қарым - қатынас процесінің мақсаты соған қатысатын адамдардың бір - біріне әсер етуі.
2. Интереактивтік жад. Бұл адамдардың бірігіп қызмет жасау үшін стратегияның жоспар құруын көрсетеді. Мұндай қарым - қатынас типтеріне кооперация және бақталастық жатады.
Кооперация - жұмыстағы алға қойған міндеттерді өзара бөлісіп орындау.
Бақталастық - өз атынан белгілі адамдардың бір - бірімен бақталасып, бәсекеге түсуі.
3. Перспективтік, яғни басқа адамдардың сыртқы пішініне қарай оның псичикалық қасиеттерін мінез-құлқын білу. Қарым - қатынаста адамды түсініп-білу мехнизміне эдентификация (басқа адамды өзіне ұқсатып немесе өзін соған ұқсатып түсіну) және рефлекция (белгілі бір адамды түсініп білу үшін басқа адамдардың пікірін пайдалану) .
Егер қарым - қатынастың пайда болуын зерттесек, оның әлеуметтік табиғи қызметтерін іс - әрекеттерінің басқа түрлерінің және адам психикасының дамуын көре аламыз. Маркс пен Энгельстің айтуынша қарым - қатынас дамуы адамдардың еңбегімен байланысты. Қоғамдық еңбек күрделеніп жаңа сатыға көтерілген сайын адамдардың қарым - қатынасы мен санасының дамуы күшейе түседі. Қазіргі кезеңде психологтар Біржанов, Тәжібаев, Қалиев, Керімов және т. б. психологтар қарым қатынастың мәселесіне көп көңіл аударып, еңбек етуде.
Қазіргі қоғамдағы қарым - қатынас әлеуметтік қызметін теория жағынан екі категорияға бөлуге болады: 1. әлеуметтік мағынасы бар қоғамды қажеттілігімен қанағаттандыруға арналған. 2. әлеуметтік психологиялық қарым- қатынас және адамдардың қажеттілігіне байланысты.
Әлеуметтік қарым - қатынас адамдардың коллективтендірілген еңбегін жоспарлап басқару, орындалғанын қадағалап тексеру жатады.
Қарым - қатынас әлеуметтік психологиялық қызметіне жақындасу және ұқсату қызметтері жатады. Адамдар іс- әрекет жасау үшін ғана бірігіп қоймайды, олар бірлесу арқылы қарым - қатынас қажеттігін орындайды, ой көңілін бөледі. Ұқсатудың мәні адам қарым - қатынас арқылы өзінің араласып жүрген жолдастарын бөтен емес өз адамы екенін көрсеткісі келеді. Кейбір қарым - қатынас адамдардың жасайтын қызметіне байланысты болады. Мұндай қарым - қатынас рольдік қарым - қатынас, яғни жасайтын қызметіне байланысты қарым - қатынас деп аталады.
Мысалы: сырқат адамдар мен дәрігердің, оқушы мен мұғалімнің арасындағы қарым - қатынас.
Қарым - қатынастың мазмұны мен сипатына қарай келесі түрі ұқсату (идентификация) - ол бұл адамдардың орнына қойып, сол адамдардың бағалайтын оқиғаларын өзіндік қылуын айтамыз. Мысалы: оқушы баланың өзін мұғалім орнына қойып, соның басындағы қасиеттерді өзінікі қылуды мақсаттауы. Ал эпатия дегеніміз- бір адамның басқа адамдардың сезіміне ортақ болып немесе өзге кісінің жағдайына көңіл аударып оның қас - қабағынан білуі. Осындай қабілет ақылдың ерекше түріне жатады. Эмпатиялық көріністерге мысалы көрермендердің оқырмандардың кинофильмдерді немесе кітапханадағы кейіпкерлердің көңіл-күйін солармен бірге бөлісуін айтады. Адамның жасайтын қызметіне байланысты мінезін 2 тұрғыдан қарастыруға болады. Бірі сол адамның әлеуметтік жасайтын қызмет, екіншісі оның «мендігі». әрбір жасалған қызмет адамның жасалған өз басына яғни мендігіне өзгешелік туғызып отырады. Сондықтан да адамдардың анкетада көрсеткен деректері оның кейбір сырының бетін ашып беруге көмектеседі. Орындап жүрген рольдік адамның мендік қасиеттерінің арасындағы қайшылықтарды шешу рационалдық (пайдалы) түрде өтуі мүмкін. Мысалы: орындап жүрген ролі төмен бағаланса, кейбір адам намысына басып іс жүзінде меңгеріп кететінін дәлелдейді. Бұл рационализация механизмі.
Балалардың мектеп жасына дейінгі кезеңі-оның барлық рухани әлемінің негізгі қаланатын аса маңызды уақыт. Атап айтсақ, 4-5 жас кезеңі баланың бойында барлық қабілет, қасиет, сапалардың «бастауларының» көзі ашылатын тұсы. Сондықтан осы жаскезеңі туралы ой-пікірде «бастайды» сөзін қолдану жиі орын алады.
Бұл жас кезеңінде балалардың психикасында үлкен өзгерістер мен процестер жүріп жатады. Әсіресе мектепалды жастағы балалардың танымдық белсенділігі өте жоғары болады. Өйткені осы кезеңде олардың қабылдауы қарқынды дамуға ие болса, көру арқылы қабылдаған құбылыстар мен заттар төңірегінде ой жүргізуі де белгілі дәрежеде дами түседі. Сонымен бірге бұл жас кезеңінде қисынды (логикалы) ойлаудың алғашқы нышандары байқала бастайды.
Мұнда балалардың танымдық мүмкіндіктерінің дамуына мәндік есте сақтауы (смысловая память), ырықсыз зейін қоюы (произвольное внимание) шарт түзеді. Осыған орай ғұлама ақын Абайдың адам баласының туа біткен екі түрлі қасиеттері туралы айта келіп « . . . тәннің құмары . . . біреуі-білсем екен демектік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ер жетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?, «бұл немене? деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрі сұрап, тыныштық көрмейді»-деген. Ғұлама ақынның осы айтқандарының барлығы мектепалды жастағы балалардың құмарлығының ерекшелігін көрсетеді.
Мектепалды жастағы балалар 4-5 жас кезіндегі балалар болып олардың сөйлеу қабілеттері де қарқынды даму сипатына ие болғаны себепті, оның қоршаған ортаны танып-білуінде маңызды айта қаларлықтай. Ең алдымен сөйлеу арқылы қоршаған әлеуметік ортамен қарым-қатынас орнатуға деген ынтасының қуаттылығы байқалады. Сонымен бірге оның іс-әрекетіндегі сөйлеу қабілетінің дамығандығының маңыздылығын байқауға болады. Осы кезеңде сөз арқылы берілген нұсқауларды орындау, сөз арқылы айтып түсіндірулер негізінде қоршаған ортаны тану түсіндірулер негізінде қоршаған ортаны тану мүмкіндігі пайда болады. Бірақ олар дерексіз (абстракция) мәндегі емес, көзімен нақты көріп отырған зат не құбылысты анық түсіне алады. Демек, олар сөздің мәнін түсіне бастайды.
Осы жас кезеңінде танып-білудің басты құралы-сезім арқылы қабылдау және көру арқылы ой жүргізу. Демек, осы жас кезеңіндегі балалардың бойында белгілі бір мінез-құлық ережелерін қалыптастыру, адамгершілік қасиеттер мен қабілеттерін дамыту, сапаларын шыңдау осы негізгі-сезім арқылы қабылдау және көру арқылы ой жүргізу ерекшеліктеріне табын тірегені абзал. Өйткені осы жас кезеңіндегі балалардың дамуы мен қалыптасуы қабылдауының қай деңгейде қалыптасқандығына, көру арқылы бейнелі ойлауының және іс-қимылды көру арқылы меңгеру, ой жүргізуінің қалыптасу дәрежесіне байланысты. Өйткені мектепалды жастағы балалардың танымдық мүмкіндіктері, іс-әрекетінің ары қарай дамуы, сөзіндегі логикалы байланыс пен ойлауының жүйелілігі-баланың осы негізгі мүмкіндіктеріне байланысты болатыны психолог, педагог ғалымдар тарапынан дәлелденген.
Осы жас кезеңіндегі балаларжайлы халық педагогикасынан да кейбір пікірлерді табуға болады:
Шал ақын:
Бес жаста тәңірі берген несіптемін . . .
Үш-төрттен талап еттім асық жинап,
Жүгірдім жалаңаяқ жанды қинап
Боқтасып көрінгенді боқпен атып,
Араға кіре алмадық кісі сыйлап.
Мәделі Жүсіпқожа:
Бір күні ә дегенше алты келді-ай,
Түзеттік балалықтың салтын енді-ай . . .
Шөңгерей Бөкеев:
Бес жаста жұда болып ата-анадан,
Аш белін жетімдікке буған інің . . .
Уайымсыз балалықтың арқасында,
Болмады еш оған азалы інің.
Ат етіп тал шыбықты қайғы орнына,
Қоңызды көбелекпен қуған інің.
Алалы сақа, менен ақты асыққа,
Таласып бетін жасқа жуған інің.
Уайымсыз, риясыз һәм күнәсіз,
Өтіпті бала болған қайран күнім.
Әбубәкір Кердері:
Келген соң бес жасыма ойын білдім,
Ойынннан қалғанымда уайым білдім,
Алтыдан балалармен асық атып,
Ойынның неше түрлі жайын білдім . . .
Келтірілген өлең жолдарынан 4, 5, 6 жас шағындағы балалардың мынадай ерекшеліктерін көреміз: үш-төрт жастан бастап белгілі бір нәрсеге қызығуының пайда болуы «үш-төрттен талап еттім асық жинап», ойынқұмарлығы «жүгірдім жалаңаяқ жанды қинап», балалықтың уайымсыз шағын «уайымсыз, риясыз һәм күнәсіз», өмірдің 5, 6 жастағы кезін « . . . бес дасымда ойын білдім . . . алтыда ойынның неше түрлі жайын білдім» деп суреттеген.
Мектепалды жастағы балалардың дамуына қуатты ықпал ететін басты әрекеттердің бірі-ойын. Бұның маңыздылығы сонда, ең алғаш басқалармен бірлесу, ойын әрекеттерін бірлесіп орындау. Ақын, жыраулар шығармаларын келтірген үзінділер осы ойын әрекеті кезінде балалардың мінез-құлқы қалыптасып, қарым-қатынасы элементтерінің іске асатынын пайымдауға болады. Ойынмен қоса балалардың өнімді іс-әрекеті дамиды. Сондықтан осы кезде арнайы тапсырмалар беру арқылы белгілі бір еңбек түрлеріне араластыру маңызды. Көріп отырғанымыздай, дала халқы да жас баланың даму кезеңдерін бақылау арқылы пайымдап, ол туралы пікір қалыптастырған.
Осы жас кезеңіндегі баларда олардың жалпы психикасына дамуына, элемантарлы сан туралы ұғымдары және есеп амалдарын меңгеруіне ұрымтал әсер ететін кеңістікті пайымдау және қабылдауы қалыптаса бастайды. Мысалы, олар алыс, жақын, кең, тар, әлем, дүние, аспан, ай, күн. Аз, көп, жоғары, төмен, ұзын, қысқа, домалақ, төрт бұрыш, үш бұрыш деген секілді ұғымдарды меңгере алады. Демек, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыра осы ұғымдарды пайдалану, оның тиімділігін арттырады.
Осы жас кезеңінде баланың барлық сезім мүшелерінің психикалық қарқынды қызметі және практикалық іс-әрекетінің ауқымын кеңейту қоршаған ортаға танымдық мәмілелерінің дамуына тиімді ықпал етеді. Бұл кезеңдегі басты ерекшелік-оның тұлға ретінде қарқынды дамуы, атап айтсақ, ықтияры (ерік күші), ахуалды іштей бағалауы, іс-қимылы, құлықтылығы қалыптасу жолына түсіп, зейін қоюы жетіле түседі және адамгершілік түсініктері дами түседі.
Демек, олармен ұйымдастырылатын тәрбие жұмыстары және оқу-танымдық іс-шараларда мектепалды жастағы балалардың мынадай ерекшеліктерін негізге алу керек екендігі белгілі болды. Олар мыналар:
- қабылдауы-сезім мүшелері арқылы;
- көру арқылы қабылдауының ой жүргізуіне түрткі беруі;
- қисынды ойлауы мен сөйлеуінің басталуы;
- сөйлеу арқылы қоршаған ортаны пайымдауы;
- сөзді түсінуі және сөз түріндегі нұсқауларды орындау мүмкіндігінің болуы;
- көзімен көрген зат не құбылысты түсінуі;
- мектепалды жастағы балалар үшін ойын әрекетінің маңыздылығы;
Ғылыми әдебиеттерде балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан мектепалды жастағы балалардың қарым-қатынас ерекшеліктеріне толық мән берілмеген. Олар жалпы психологиялық тұрғыда сипатталған және кейбір психикалық ерекшеліктеріне ғана мән берілген.
Кейбір әлеуметтік психолгиялық және әлеуметтік педагогикалық еңбектерде ғана осы жас кезеңіндегі балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балалардың қоршаған ортамен қарым ерекшеліктеріне тоқталады. Кейінгі кезде психолог және әлеуметтік педагог ғалымдар адамның қоршаған ортамен қарым ерекшеліктеріне тоқталады. Кейінгі кезде психолог және әлеуметтік педагог ғалымдар адамның қоршаған ортамен қарым-қатнасын, оның ішінде адамдар арасындағы қарым-қатынасты іс-әрекет түрі ретінде қарастырып келеді.
Белгілі психолог ғалымдар А. В. Петровский, В. В. Абраменкова, М. Е. Зеленова, М. Ю. Кондратьев, А. Б. Николаева, В. В. Шпалинский, Ю. В. Янотовская және басқалар адамның тұлға ретінде қалыптасуындағы өзара қарым-қатынасқа енудің маңыздылығын атап көрсетеді. Мысалы, « . . . индивидтер аралық қарым-қатысқа енбесе, психика мен сана әлемінің әсерін сезінбесе, тірі жан тұлға ретінде қалыптаспайды» деген.
Адамдардың бір-біріне қызығуы олардың бірін-екіншісі көрген кезде эмоциональды қатынасының туындауына байланысты. Өйткені олардың әрқайсысының бойында белгілі бір жеке-дара психологиялық ерекше сапалардың жиынтығы бар. Бірін-бірі көрген кезде осы ерекшеліктер эмоциональды мәміле туындатады. Өзара қарым-қатынасқа енуде бұл аса маңызды фактор. Осының өзі балалармен жұмыс істеуде олар үшін қызықтыратын сапалардың педагог бойынан табылуының қажеттігін көрсетеді.
Сонымен пихолог және педагог ғалымдар қарым-қатынастың бала дамуына ықпалын дәріптейді. Оның ең алғашқы отбасы жағдайында ата - анасы, апа, сіңлісі, аға, інісі деген секілді туысқандар арасында болса, балалар үйінде оны балалар ұжымы алмастырады. Сондықтан мұндағы басты қарым-қатынас нысаны өзі іспетті, жасы шамалас балалар. Ойын, оқу, еңбек спортпен және басқа да істермен шұғылдану барысында балалар өзара қарым-қатынасқа енеді. Ал педагог міндеті оларды өз төңірегіне топтастырып, ізгілікті, өзара көмектестік қарым-қатынас арқылы бейімдеу.
Ұжымдық қарым-қатынас баланың әлеметтенуінің, белгілі бір ортаға, сол арқылы қоғамдық бейімделуінің басты факторы десе де болады. Ал егер ол балалар үйіндегі тәрбиеленушілер ұжымы болса, олардың қоғамдық ортаға бейімделуінің бірден-бір факторы болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz