Педагогика және психология мамандығында арнайы


050103 « Педагогика және психология» мамандығының 2007-2008 оқу жылындағы оқу-әдістемелік істер бойынша жүргізген жұмыстарының есебі
2007-2008 оқу жылының басында әдістемелік жұмысқа арналып:оқу-әдістемелік, ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық жаңа технологияларды пайдалану мен ендіру бағыттарын қамтитын жоспар (№1 хаттама 27. 08. 07. ) құрылды.
Кафедраның әдістемелік қызметінің мақсаты: ғылыми-әдістемелік қажеттілікті дамыту, кафедра оқытушыларының кәсіби шеберлігін көтеру. Әдістемелік жұмыстың мақсатын іске асыру үшін:
-мектептердегі психологиялық-педагогикалық мәселелерге ұсыныс білдіру мен жалпы дидактикалық, әдістемелік өңдемелер жасау;
-кафедра оқытушыларының оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияларды ендіруі т. б. міндеттерді орындалды.
Кафедра мамандығына сәйкесті 2006ж. мемлекеттік жалпы білім стандарты, базалық 20 пәннің типтік, жұмыстық бағдарламалары мен силлабустары бар және олармен студенттер толық қамтылған. Мамандық студенттеріне ағымдық рубеждік бақылаудың бағалау өлшемдері кафедра мәжілісінде талданып, бекітілді. Педагогика, психология пәндерінен курстық, дипломдық жұмыстардың тақырыптары бекітіліп, талапқа сай орындалды. Күндізгі және сырттай бөлімдер мен оқудың жеделдетілген түріндегі студенттер жұмыстық оқу жоспарларына сай білім алуда. Әрбір курсқа арнайы Ғылыми кеңесте бекітілген элективті -таңдамалы пәндер енгізіліп, студенттердің қалауы бойынша дәрістер жүргізілді. Оқу-ұйымдастыру жұмысының негізгі түрі бойынша кафедра институттың редакциялық баспа бөлімінен: үздіксіз тәжірибе бойынша студенттерге, әдістемешілерге, мектеп басшылары мен мұғалімдерге арналған (6 қазақ және орыс тілдерінде), 050103-Педагогика және психология мамандығындағы барлық тәжірибе (кәсіптік әрекетке кіріспе, ғылыми-зерттеу жұмысының әдістемесі, психологиялық-педагогикалық әлеуметтік тәжірибе, колледждегі өндірістік тәжірибе) түрлерінен, қысқаша дәріс курстары, тірек схемалары мен таблицалар, курстық және дипломдық жұмыстарды орындауға әдістемелік нұсқау, мемлекеттік аралық тестіге әзірленуге студенттерге көмек көрсету мақсатындағы:педагогика, психология, дене шынықтыру, спорт педагогикасы мен психологиясы пәндерінен тест жинақтары т. б. ( қазақ және орыс тілдерінде ) - 39 әдістемелік құрал мен нұсқаулықтар жоспарланды. Соның ішінде:кафедрада өтетін іс-тәжірибе түрлеріне, практикалық, дәріс сабақтарын оқытудың белсенді әдісін қолдануға негізделген, 27 (85 баспа табақтық) - әдістемелік нұсқаулық институт баспасынан шықты. Олардың электрондық мәтіні институттың ақпараттық бөлімдері-электронды кітапхана мен залдары арқылы студенттердің қолдануына мүмкіндік жасалынған. Педагогика және психология мамандығында арнайы 5 түрлі іс-тәжірибенің түрі өтеді. Барлығынан бағдарламалар бар, кестеге сәйкесті алдын-ала және қорытынды конференциялар өткізіліп, хаттамалары тігілген, тәжірибе базаларымен келісім- шарт жасалынып, екі жақты үйлесімді жұмыс жүруде. Мысалға, өндірісті тәжірибені Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжін өтсе, ал дипломдық тәжірибені әр студент өзінің дипломдық жұмысын зерттеу тақырыбына байланысты өтеді: жалпы мектеп, гимназия, түзету мектебі, балалар үйі, интернат т. б. Студенттер барлық өтетін тәжірибе түрінен бағдарламалармен, (10) - әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз етілген. Оның 6-уы- 050100 -Білім мамандықтарына, 4-уі-050103 - Педагогика-психология мамандығының барлық курсына арналып, орыс-қазақ тілдерінде жарияланды.
Студенттердің мемлекеттік аралық бақылаудан өтуіне көмек көрсету мақсатында педагогика және психология пәндерінен тест сұрақтарының қоры жасалып, институт баспасынан (5) әдістемелік тест жинағы орыс - қазақ тілдерінде жарыққа шықты.
Кафедра оқытушылары даярлаған оқу-әдістемелік нұсқаулар материалдарды әзірлеген кезде:мазмұны, редакторлық жазылуы, типогрфиялық орындалуы бойынша қойылатын талаптарға сай кафедра, факультет және институт кеңестерінің мәжілістерінде талқыланып, хаттамаланды.
Жоспарланған іс-шараларға сәйкесті: пән силабустарын және бағдарламаларын жазу, электрондық және мультимедиялық құралдарды қолданысқа енгізу, дипломдық жұмысты жазу талаптары жайында(күндізгі және сырттай бөлім студенттеріне арнап) -3 әдістемелік семинар өткізіліп, хаттамалары тіркелді. Дипломдық және курстық жұмыстардың орындалуына сәйкесті студенттерге әдістемелік көмек беру мақсатында 1-орыс тілінде әдістемелік нұсқаулық институт баспасынан шықты.
Кафедрада П. Ә. Ахметова, Ғ. Қ. Бижанова, Т. М. Бузулуцкая -3 конкурстан өткен аға оқытушы, 7 оқытушы жұмыс жасайды. Педагогика ғылымының кандидаттар мен докторлары, профессорлар: К. С. Успанов, С. Ж. Баяндина, Н. С. Әлқожаева т. б. кафедрада қосымша қызмет атқарады.
Кафедраның әдістемелік жұмыс жоспарында белгіленген күндері үнемі оқытушылар өзара көмек, әрі тәжірибе алмасу жұмысы ретінде ашық сабақтар өткізіп келеді. Ахметова П. Ә., Бижанова Ғ. Қ., Бузулуцкая Т. М., Әлқуатова Ә. Л. сынды оқытушылар дәрістерінде электрондық ақпараттық құралдарды пайдалануларымен, жаңа: сын тұрғысынан ойлау, Венн диаграммаларын, психологиялық-педагогикалық тест, тренингсекілді технологияларды пайдаланып, өткізулерімен сабақтарын ерекшелеп, жас оқытушыларға үлгілі бола білуде
Сонымен қатар жас оқытушылар: Г. В. Заварыкина, З. Ж. Искакова, Г. С. Шаумен, Е. А. Сысоева т. б. сабақтарында электрондық құралдар мен оқулықтарды, интерактивті тақталарды қолданып, мультимедиялық кабинеттерде өткізіп келеді.
Оқу үрдісінде 719 оқу фильмі пайдаланылады. Кафедрада өтетін сабақтарға студенттер қызыға қатысып, оқытушылармен өз ойларын үнемі ортаға салып бөлісіп отырады.
Кафедра оқытушылары ақпараттық кітапхана кешенінің мүмкіндігіне сай интернет пен мультимедиялық құралдарды толығынан қолдануда. Педагогика сабақтарында мектеп оқулықтарын электрондық нұсқада қолданады. Оқу үрдісіне жаңа технологиялар мен әдістер қолдануда, оның ішінде бүгінгі таңда жалпы психология, педагогика, зоопсихология, экспириментальдық психология, әлеуметтік педагогика және т. б. сабақтарда Калимжанова Р. Л., Алькуатова А. Л., Бузулуцкая Т. М., Есіргепова В. Ж. мультимедиялық, видиозал, мүмкіндіктерін кеңінен қолданады. Практикалық психология сабақтарында доктор Курпатовтың видеокурстарын пайдаланады, «Зоопсихология» курсын жүргізгенде ВВС фильмдерін, «Психологиялық менеджмент» пәнінен НЛБ практикалық курстарын DVD арқылы қолданса, «Психологиялық даму» сабақтарында ВВС «Адам денесі» т. б. фильмдерінде демонстрациялайды. Аудиторияларда сабақтарды интерактивтік тақтада слайд-лекция, тірек схемалары және т. б. видео материалдармен өткізеді.
«Педагогика психология» мамандығының күндізгі бөлімінде 8 академиялық топтарда (4-қазақ, 4-орыс) 68 студент, сырттай оқу бөлімінде 77: 5 жылдықта 41 студент , 3 жылдықта 24 студент , 2 жылдықта 12 студент оқиды.
Күндізгі оқу нәтижесі жыл бойынша төмендегідей болды:
2007-2008 оқу жылындағы «педагогика және психология» мамандығы бойынша оқитын топтардың оқу үлгірімінің нәтижесі
өте жақсы
өте жақсы
жақсы
қанағаттанарлық
Үлгірім %
Сапа %
үздік тапсырушы
лар
үлгірмеуші
ПП-21
ПП-21 уск
14
1
-
-
1
-
13
-
-
1
100
100
100
-
1
-
-
-
Кафедра үздіктері:
1. Маханбетова Айгерім-ПП21
2. Утеулина Мақпал -ПП-31
3. Мукушева Гүлбаршын-ПП-31
4. Турабаев Арман-ПП-42
Педагогика-психология мамандығының топтарындағы студенттердің мемлекеттік аралық тестісінің қорытындысы
Институттағы 050100-Білім мамандықтарының студенттері:
Педагогика пәнінен -қазақ топтары 66 пайыз, орташа балы - 16, 2; орыс топтарында 66 пайыз, орташа балы-16, 3;
Психология пәнінен -қазақ топтарында 65 пайыз, орташа балы -15, 7 ; орыс топтарында 65 пайыз, орташа балы- 15, 8 үлгерім көрсетті.
Кафедраның ішінара бақылау жұмыстары бекітілген кесте бойынша жүргізіліп, барысы мен нәтижесі кафедра мәжілісінің күн тәртібінде қаралып отырады.
Орта есеппен әр оқытушы жыл бойында 6-8 сабаққа кіріп, және өзі 7-9 сабағын әріптестерімен талқылайды. Кафедра меңгерушісі жоспарлы 40 сағаттық жылдық сабаққа кіру жоспарын орындалды.
Бағалау үрдісіне байланысты әр студентке ағымдағы, рубеждік, триместрлік және ТМАБ бағдарламалық сұрақтармен тест беріліп отырады.
Дипломдық жұмыс қорғаудың екі жылдық нәтижесі: үлгірім 100%, сапа 100%, 2007 жылғы ерекшеліктер 4 бітірушінің дипломдық жұмысын қорғау барысында презентация жасап, зерттеу жұмыстарының нәтижесін видео материал арқылы көрсеткенінде (Шаумен Г. С. Абдыхалықова Ж., Байгужина А. )
Бітірушілердің сапалық дайындығы мемлекеттік аттестациялау комиссияның бағалауынша қанағаттандырарлық деген баға алды.
Кафедра оқытушылары ӨСӨЖ, СӨЖ әрекеттерін әртүрлі формада өзгертіп: тренинг, тест құрастыру, аннотация жаздыру, тірек сызбалар құрастыру, кейс-стади, ситуациялық талдау, деңгейлік тапсырмалар беру т. б. студенттердің қызығушылығын арттыратын тапсырмалармен жүргізуде.
Сабақ студенттердің таңдаған оқу тілдеріне байланысты Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі(23. 12. 05 №779) бекіткен мемлекеттік стандарт негізінде қазақ, орыс тілінде жүргізіледі.
Жыл бойына кафедраның әдістемелік 9 жоспарлы отырысы өтіп, барлық сұрақтар қамтылып, құжаттары хаттамаланды.
Кафедраның жылдық жұмыс жоспары, жылдық есептері бар, хаттамалары толтырылып, сәйкесті папкаларында хаттамаланған.
Кафедра меңгерушісі: Ахметова П. Ә.
050103 « Педагогика және психология» мамандығының 2007-2008 оқу жылындағы оқу-әдістемелік істер бойынша жүргізген жұмыстарының есебі
«Педагогика-психология» кафедрасының әдістемелік жұмысы
Кафедрада П. Ә. Ахметова, Ғ. Қ. Бижанова, Т. М. Бузулуцкая -3 конкурстан өткен аға оқытушы, 7 оқытушы жұмыс жасайды. Педагогика ғылымының кандидаттар мен докторлары, профессорлар: К. С. Успанов, С. Ж. Баяндина, Н. С. Әлқожаева т. б. кафедрада қосымша қызмет атқарады.
Кафедраның әдістемелік жұмыс жоспарында белгіленген күндері үнемі оқытушылар өзара көмек, әрі тәжірибе алмасу жұмысы ретінде ашық сабақтар өткізіп келеді. Ахметова П. Ә., Бижанова Ғ. Қ., Бузулуцкая Т. М., Әлқуатова Ә. Л, сынды оқытушылар дәрістерінде электрондық ақпараттық құралдарды пайдалануларымен, жаңа: сын тұрғысынан ойлау, Венн диаграммаларын, психологиялық-педагогикалық тест, тренингсекілді технологияларды пайдаланып, өткізулерімен сабақтарын ерекшелеп, жас оқытушыларға үлгілі бола білуде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz