Океания халықтары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
1. Океания халықтары
2. Меланезия мен Жаңа Гвиней халықтары
3. Полинезия мен Жаңа Зеландияның халықтары
4. Микронезия халықтары
1.Океания үшке бөлінеді: Меланезия және Жаңа Гвинея, Поленизия мен
Жаңа Зеландия және Микронезия аймағынан құрылған.
Океанияның климаты ыстық экваторлық болғанымен тропиктік климатқа
ұқсас келеді.Мұхиттан және теңіздерден соққан жел ыссы ауа райын жұмсартып,
тұрғындарға, өсімдіктер мен жануарларға қолайлы жағдай тудырады.
Океания аралдары жасыл желекке бай, мәңгі көгеріп тұратын тропиктік
өсімдіктер мен ормандар мол.Әсіресе, тропиктік өсімдіктер батыс, оңтүстік
аралдарда кбірек болса, шығыс және солтүстік аралдарда сиректеу.Ең көп
өсетіні – пальма ағашы.Оның 200-ден астам түрлері Индонезияда болса, 18
түрі Соломон аралдарында, 3 түрі – Гаквайда өседі.Осыған қарағанда пальма
ағашы барлық океания жерлеріне бірдей тарамағанын көреміз.Бұл жерлерге
пальмадан кейінгі кокос пальмасы көбірек тараған.Нан ағашы, таро, панданус
ағаштары мен өсімдіктері мол.Батыс аралдардың ойпаттарында биіктігі 40-60
метрге жететін ірі ағаштармен қатар кішігірім аласа, жіңішке тал-шыбықтар
да өседі.
Океанияның жан-жануарларынан бұл аралдарға жабайы шошқа, кускус,
кенгуру және әр түрлі мол құстар тараған.Тек Бисмарк архипелагінде
жануарлардың түрлері өте аз.Тотықұс түрі 50-ден асатын жұмақ құстары,
түйеқұс т.б. құс түрлері болса, теңізде көптеген балықтың түрлері,
дельфиндер, кашалоттар, тіссіз киттер, теңіз тасбақалары бар.
Океанияның үлкенді – кішілі аралдарының бәрінде де адамдар
мекендейді.Аборигендердің бұл жерлерге келіп қоныс тепкен уақыттары мың
жылдан есептелсе, бұдан 150 жылдай бұрын Еуразия мен Америкадан көптеген
адамдар келген.Соның нәтижесінде Океания халықтары аборпигендер мен
келушілерден құралған.Олар бір-бірімен этникалық жағынан араласып, көптеген
аралдардың тұрғындарының қаны араласып кеткен.Океанияның этникалық құроамын
жпақсырақ түсіну үшін Меланезия, Полинезия және Микронезия аралдарына
қысқаша тоқталып өтейік.
Меланезия гректің Мелас - қара, несос - арал яғни қара арал
деген сөзіне шыққан.Еуропалықтар осы жердегі тұрғындардың сыртқы түсіне
қарап, олардың мекендеген арлдарына да қара деп ат қойған.Меланезияда
папуастар мен меланезиялықтар тіршілік етеді.олар өздерінің нәсілдік
белгілері бойынша, австрало-негроиддыққа жатады.1950 жылы Жаңа Гвинеяда –
екі миллионнан астам дам тұрса, оның 99 пайызы папуастар, ал қалған аз
бөлігі меланезиялықтар.Меланезиялықтар, негізінен, Соломон, Бисмарк, Жаңа
Гебридтер, Жаңа Коледония, Фиджи аралдары мен архипелагтарында көптеп
саналады.Меланезияның батысынан шығысына қарай жүрген сайын халықтардың
құрамының жақсы араласқанын байқауға болады.Мысалы, 1951 жылы Фиджи
аралында 301959 адам тұрса, оның 44,3 пайызы меланезиялықтар, 2,3 будандар,
47,5 үндістер, 1,1 қытайлықтар, 2,1 пайызы басқа ұлттардың өкілдері болған.
Поленезия – грекше полю - көп, яғни көп аралдан құрылған ел деген
мағына береді.Олардың ең ірілері Жаңа Зеландия, Самоа, Гавай, Туа - Моту,
Тонга және т.б. аралдар.Отаршылар келгенге дейін бұл жерлерде 1,1 миллион
адам тұрған болса, қазір не бары 450 мың тұрғын қалған.Полинезиялықтардың
көпшілігі орталық аралдарда мекендейді.Шет жақтарындағы кішігірім аралдарда
басқа жақтан келгендер көбірек.
Микронезия – грекше микро - кішкентай, кішігірім көптеген аралдар
жиынтығы.Океанияның солтүстігінде орналасқан.Бұл аралдардың тұрғындары –
полинезиялықтардың, меланезиялықтардың қосылуынан шыққан будандар.кейін
олар шеттен келегн еуропалықтармен де араласқан.Бұл аймақтың халықтарының
этникалық құрылымын жақсырақ түсіну үшін, кейбір аралдардың тұрғындарына
тоқталайық.1943 жылы Мариан аралдарын мекендеуші 25836 адам болса, оның
93,7 пайызы будандар, 2,2 филиппиндер, 1,2 қытайлықтар, 2,9
американдықтар.Ал Маршалл аралындағы 10500 адамның 99 пайызы
микронезиялықтар, 1 пайызы американдықтар.Осындай этникалық құрамаларды
басқа да аралдардан көруге болады.
Сөйтіп, Океания халықтарының этникалық құрамы жергілікті
тұрғындармен бірге Еуропа, Азия, Америка және т.б. жерлерден келген
адамдардан құралған.Кейінгі кездерде аборигендердің саны азайып бара жатса,
сырттан келушілердің саны көбейе түсуде.Жергілікті халықтар мен келушілер
арасынан шыққан будандардың саны да аз емес.
2. Меланезияға қарайтын үлкенді-кішілі аралдардың барлығына ел
ертеден мекендеген.XVIII ғасырдың ақырындағы мағлұматқа қарағанда,
Меланезияда шамамен жергілікті халықтардың саны 1,5 миллионға жеткен.
Меланезиялықтардың антропологиялық ерекшелігіне қарай отырып, оларды
төрт түрге бөлуге болады: 1) аласа бойлы негроидтық; 2) негізгі
меланезиялықтар; 3) Жаңа Коледондықтар; 4) Папуастар.
Меланезия аборигендерінің тілін екіге бөлуге болады.Олар меланезия
мен папуас тілдері.Папуас тілдері Жаңа Гвинейдің ішкі бөлігіне, аралдың
батыс жартысына және оның жағалауларына тараған.Папуас тілдері ертеректе
Меланезияның басқа да аралдарын мекендеушілердің араларына, сондай-ақ Жаңа
Британия, кейбір Соломонов аралдарына таралған болуы тиіс.Папуастардың
тілінің грамматикалық құрылысын, оның сөз байлығын Н.Н.Миклухо-Маклай терең
зерттеп, оған ғылыми талдау жасаған.Ол папуастардың бонгу бөлігінің
сөздігін құрастырған болса, А.Ханре бонгудің грамматикасы мен сөздігін
жасаған.Солай болса да папуас тілдерінде әлі де болса шешілмеген мәселелер
аз емес. Меланезиялықтардың тілдері – полинезиялықтардың,
микронезиялықтардың және индонезиялықтардың тілдерімен туысқан тіл.Бұл тіл
семьясында сөйлеушілер жер шарында кең тараған.
Меланезиялықтардың тіршілігі, негізінен, егіншілік пен балықшылыққа
негізделген.Үй жануарларын өсіру мен аңшылық олардың тұрмысында көп
қалыптаса қоймаған.Меланезия аборигендері егіншілікпен өте жақсы айналыса
білген.Олар егін егуге жарайтын алақандай бос жер қалдырмайды.Бұлардың
өсімдік өсіретін плантациялары еуропалықтарды таң қалдырған.Жерді егіске
өте ұқыпты даярлап, тұқым сепкен, өсіп келе жатқан егінег қажетті қоректік
заттарды, суды өз уақытында бере білген.Меланезиялықтардың егіншілігі
тропикалық табиғи-географиялық жағдайына бейімделген.Түйнекті өсімдіктер:
ямса, таро, банан, қант құрағы көп өсіріледі.Жемісті ағаштарына да айрықша
көңіл бөлінеді.Олардың қатарына какао пальмасы, нан ағаштары, сагово
пальмасы және банан жатады.Бұл өсімдіктер барлық жерге бірдей
тарамаған.Меланезиялықтардың егін шаруашылығына пайдаланатын өздеріне
керекті құралдары болған.Олардың ішінде неолит заманынан келе жатқан тас
балта, тас пышақ сияқты әр түрлі тас құралдар бар.Бұл аталған құралдарға
қосымша урья деп аталатын жер аударуға арналған күрек болған.Осы
аспаптардың көмегімен меланезиялықтар өсімдіктерді тәрбиелеп өсірген.
Балық аулау кәсібі меланезиялықтардың тұрмысында елеулі орын
алды.Балық аулаушылықпен тек ерлер айналысқан.Балықты тормен, қармақпен,
сүңгімен аулайды.Ұзындығы 300 метрге жететін, ені 2 метрлік торларды
көпшілік бірлесіп тоқыған.Аборигендердің балықты аулау әдістері бір-біріне
ұқсас келеді.Көп адамдар бірігіп теңіз тасбақасын да аулаған.
Меланезия аралдарында жабайы жануарлар жоқтың қасы.Тек ірі аралдарда
жабайы шошқа мен жабайыланған иттер ғана болады.Аборигендер оларды да
аулайды.Құстарды еті мен қауырсындары үшін ұстайды.Меланезиялықтар үй
жануарларынан шошқа, ит, тауық асырайды.Еуропалықтар келгеннен кейін шошқа
бұл жерлерге көбірек тараған.Аборигендер шошқаның етін, азу тісін өте
қадірлейді.Оның етін мереке дастарқанына қойса, азу тісі әсемдік зат орнына
жұмсалады.Кейбір жерде ол тіс ақша есебінде қолданылған.Шошқаның көптігі
байлықтың белгісі.
Меланезиялықтар күнделікті тамақтарын, негізінен отқа қақтап
жейді.Тамақтарын оттың шоғына, қоламтасына қақтаған.Әсіресе, тамақты қызған
тастардың арасына салып пісіру әдісі кең тараған, оны жер пеш деп атайды.Ол
үшін қазылған шұңқырдың ішіне жалпақ тастарды төсейді де, үстінен лау қылып
от жағады.Қызған тастардың үстіңгі қабатын шұңқырдың бір жағына жинап, ең
астыңғы қабатта жатқан тастың үстіне бананның жапырағына жақсылап ораған
етті, балықты, ямсаның түйнегін, таро сияқты тамақты қатарластырып қойып,
оның үстін қызған тастармен қайтадан бастырады да оған су бүркіп, оның
үстін бананның жапырағымен қымтап жауып тастаған.Сонан кейін 3-4 сағаттың
ішінде өте әтті болып буға піскен тамақ дайын болған.Осындай жолмен мереке
күндері бірнеше шошқаның етін пісірген.
Меланезиялықтардың енгізгі шаруашылығы егіншілік болғандықтан,
аборигендер ерте заманнан бері отырықшы деревняларды мекендеген.Олар барлық
жерде үйлерді біркелкі, жеңіл етіп салады.Жуан ағаштардан тіреулер қойып,
төбесін бамбук және пальма ағашының жапырақтарымен су өтпейтін етіп
жабады.Төбесі күмбезденіп жабылады, іші адамдардың тұруына қолайлы.Оның
алдына лашықтар да салынады.
Меланезиялықтардың тұрмысына кең пайдаланылатын басты көліктері –
қайық.Қайықты үлкен ағаштарды, соның ішінде нан ағашын кеулей ойып
жасайды.Қайықтарын әр түрлі өрнектермен безендіріп тастайды.Қайықтардың
ұзындығы көбіне 9 метр, ені жарты метр етіп жонылады.Қайықтарының алды-арты
көтеріңкі болады.Үлкен сауда кемелерін де жасап, теңізшілдік өнерді де
біраз меңгерген.Компассыз-ақ түнде, тұман күндері де қай жерге барам десе,
сол жерді адаспай тауып бара алған.
Меланезияның ау райы тропикалық болғандықтан, аборигендердің киім
түрлері рнша көп болмайды.Меланезияның солтүстік жақтарындағы аралдағылар
ағаштың жапырағынан құрастырып тігілген желеңді жамылған.Бұл желеңді
жаңбырдан, суық желден сақтану үшін киген.Меланезиялықтардың арасындағы ең
көп тараған киімнің түрлері деп ағаштан істелген ерлердің белбеуі мен
өсімдік жібінен тоқылған әйелдердің етеккөйлегін айтуға болады.
Меланезиялықтар киімнен гөрі денелерін әсемдеуге көбірек көңіл
бөледі.Мұрын желбезегіне қыстыратын шыбық, иттің тісінен тізіп істеген
моншақтар, бамбук ағашынан жасалан тарақ, теңіз малюскасының қабыршағынан
жасалған білезіктер, сырғалар т.б. сол сияқты көптеген әсемдік заттарын
пайдаланады.
Еуропалықтар келгенге дейін меланезиялықтар рулық қауымның ыдырап,
таптық қоғамның жаңа пайда бола бастаған сатысында тіршілік
еткен.Меланезиялықтардың арасында матриархат пен патриархат дәстүрі қатар
өмір сүрген.Мысалы, Жаңа Гвинейде, Жаңа Коледонияның оңтүстік – шығысында,
Фиджи, Жаңа Гебридтің оңтүстігінде патриархат дәстүр үстемдік етсе,
Меланезияның Соломонов, Ваникоро, Банкс және т.б. қалған аралдарында жұртты
матриархат басқарған.Меланезияда аналық экзогамиялық рулардың бірлесуінен
фратрия құрылған.
Меланезиялықтардың қауымы қан жағынан туысқан адамдардан құралған
және оны сол қауымның ішінен шыққан белгілі адам басқарған.Бір ру кісілері
өзінің руының қызына үйленбеген.Үйлену мәселесін қауым басшысы шешкен.Бір
қауымның адамы екінші қауымның адамымен отасуға тиісті.Тұрмысқа шыққан қыз
ерінің қауымына келіп қосылған.Кейбір жерлерде, керісінше, үйленген
жігіттер әйелінің қауымына барып қосылған көрінеді.Меланезиялықтардың
орталарында үйленерде қалың мал төлеген.Қалың малды үйленуші жігіт емес,
сол үйленушінің руы бөлісіп төлеген.Төлейтін заттардың ең бастысы шошқа
және малюска қабыршағынан ақша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік – Шығыс Азия туралы ақпарат
ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС АЗИЯ ХАЛЫҚТАРЫ ЖАЙЛЫ
Қазiргi дүние жүзiнiң этникалық мiнездемесi
«Этнология» пәнінен дәрістер
Таяу Азия халықтары
Дүниежүзілік нәсілдер құрамы
Алғашқы қауымдық қоғам тарихының тарихнамасы
Этнография және этногеография негіздері. Этникалық процесстер. Дүниежүзі халықтарының классификация принциптері. Шетелдердің этникалық құрамы
Дүние жүзі халқының өсу динамикасы
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаның мемлекеттік мәдени саясаты ретіндегі кітапхананың рөлі
Пәндер