Ойлау формалары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

1. Ойлау жөнінде түсінік.
2. Ойлау жөніндегі теориялар.
3. Ойлау формалары.
4. Ой қызметтері.
5. Ойлау әрекеті түрлері.
6. Ойлау және жеке адам.

Адам өзіне қоршаған ортадан келіп түскен ақпарат арқылы тек сыртқы
дүние көріністерін нақтылап қоймастан, қабылданған заттың ішкі, мағыналық
тараптарына да назар аударады, заттардың өздері жоқ болса да, олардың тұрқы
мен қасиеттерін жобалап таниды, уақыт пен кеңістікке орай болмыс
өзгерістерін болжастырады, ұшкыр ой канатын ерттеп, әлем мен мәңгілікте
шарықтайды. Мұның бәрі де ойлау процесіне байланысты адамзат мүмкіндігі.
Жантану ғылымында ойлау - бұл тұлғаның шындықты жалпылама және жанама
бейнелеуге бағытталған танымдық әрекеті. Түйсік пен қабылдаудан бастау ала
отырып, ойлау тікелей сезімдік біліктер аймағынан шығып, нақты қабылдаумен
білуге мүмкін болмаған дүние құбылыстарын жанама қорытындылау арқылы біліп,
танымдык шектерімізді кеңейіуде жәрдемдеседі. Мысалы, айна сыртында ілулі
тұрған термометрге қарап, күннің суықтығын байқаймыз.
Түйсік пен қабылдау құбылыстардың жеке тараптарының әр мезгілдегі
кездейсоқ байланыстарын танытады. Ал ойлауда сол түйсіктер мен қабылдау
деректері топтастырылады, салыстырылады, олардың арасындағы қатынастар
ашылып, ажыратылады. Сезімдік негізде танылған заттар мен құбылыстардың
қасиеттеріне сүйене отырып, ойлау арқылы заттардың тікелей көрінбеген,
тереңдегі жаңа қырлары мен сырларын топшылайды. Сонымен, ойлау қоршаған
дүниенің мәнін жалпылай түсінуге, болмысты заңдылықты байланыстар мен
қатынастар негізінде тамуға мүмкіндік береді.
Заттар арасындағы байланыстар мен қатынастарды ашу – ойлаудың басты
міндеті, осыдан-ақ ойлаудың болмысты тереңдей тануға бағытталған ерекше
сипаты көрінеді. Ойлау қатынастар мен байланыстарды ғана емес, сонымен
бірге қасиеттер мен мәмді белгілейді; бірақ қатынастар тек ойлаумен ғана
көрініп қоймайды. Шынында да, біздің қабылдаудағы танитынымыз дербес
элементтердің жай қосындысы емес, осы деңгейдің өзінде де болмыс қасиеттері
мен заттары өзара қатынасты бірлікте болып, ойлаудың дүниетанымдық
қызметіне арқау болады. Бірақ қабылдауда заттар мен құбылыстардың
қасиеттері біздің санамызға жеке-дара, кейде мәнсіз, кездейсоқ белгілерімен
келіп түсуі мүмкін. Осыдан, ойлаудың міндеті кездейсоқ сәйкестіктерден
ажыратып, нақты зандылықтарға негізделген мәнді, қажетті байланыстарды
танып, аша білу.
Қажетті әрі мәнді байланыстарды аша отырып, назарға алғандардан
кездейсоқтарын бөлумен ойлау жалқыдан жалпыға өтеді. Кеңістік пен уақыт
аймағында шектелген, жекедара жағдайлардың кездейсоқ тоғысынан құралған
байланыстар жалқылық сипатқа ие болады, ал әрқандай мән кездейсоқ
жағдайлардың өзгерісіне қарамастан жалпы сипатқа ие, ойлаудың қызметі осы
мәнді байланыстарды ашумен, оларды қорытындылап, жалпыластыру; ойлау,
осыдан, жалқыдан жалпыға, жалпыдан жалқыға бағытталған байланыстарды тану
жолындағы психикалық әрекет желісі. Сон-дықтан да ойлау жанама байланыстар
мен қатынастарға негізделген объектив шындықтың қорытындысы.
Теориялық таным әрекеті ретінде ойлау ықпалды қимылмен тығыз
байланысқан. Адам болмысқа әсер жасау арқылы оны түсінеді, дүниені өзгерте,
қайта жасай отырып, оның мән-жайын тереңдей айырады. Осыдан ойлау әрекетпен
немесе әрекет ойлаумен жай қосарлана жүрмейді, әрекет ойлаудың ең бастапқы
формасы, яғни әрекет, қимыл болмаған жерде ойлау процесі де жоқ. Іс
тәжірибе, қимыл-әрекет ойлау дұрыстығы мен дәлдігінің негізі де, ақырғы
нәтижесі де; жалпы іс-тәжірибеге тәуелділігін сақтаумен, теориялық ойлау
өзінің алғашқы әрі жеке, кездейсоқ практикалық жағдайларға бағыныштылығынан
құтылады. Қорытынды түсінім мен жалпы шешімге келтіре алу мүмкіндігінен
ойлаудың басқа психикалық процестерден өзгешелігі айтарлықтай. Бір мәселе
бойынша қабылданған қорытынды нәтижесін тапқан жалғыз-ақ проблемаға тиісті
орындалмай, бүкіл сол тақылетті көптеген сұрактарға жауап болған -
теориялық шешім ретінде қабылданады. Жеке дерекке орай қабылданған ой, енді
бір сұрақ аймағынан шығып, қорытындылық маңызға ие болумен, теорияға не
теорияның құрамды бір бәлігіне айналады. Ойлау процесінде қандай да бір
мәселе қайталай, жаңадан ашыла бермейді, онда жалпыланған түрде мәселе
шешімдерінің принциптері айқындалып, практиканың болашақта кезігетін
міндеттерінің орындалу жолдары болжастырылады, яғни ойлау арқылы жоспар
түзіледі. Осыдан, ойлауға байланысты адам практикаға жол көрсететін,
әрекетке жетекші болған теорияға қол жеткізеді, объектив шындықты танытатын
диалектика жолын ашады. Әрекет негізінде дамып, ойлау, ақырында, іс-қимылды
ұйымдастыруға және оған басшылық етуге есебін тигізді.
Ойлау проблемасы көп дәуірге дейін психология саласы болудан гөрі,
философия мен логика нысаны болып келді. Сондақтан да ойлау процесін
зерттеуде ғылым бағылтары арасындағы күрес бірде толастамаған. Ойлау
жөніндегі алғашқы бағыт классикалык сенсуализм тұжырымын негізге алып,
алғаш сезімдік танымда болмаған дүние санада бейнеленуі мүмкін емес деген
шешімді уағыздады. Алайда бұл теориялык тоқтам көбіне ойлауды ес, елес
бейнелерінің бірлігі немесе ассоциация нәтижелері деп үстірт түсіндіреді.
Бұлай топшылаудан әлемді де белсенді процесс ретінде танылмаған ойлау өз
алдына дербес, процестік сипатынан айрылып, жақын кезендерге дейін ғылымда
арнайы зерттеулер аумағынан тыс қалды.
Қарама-қарсы бағытты ұстанған идеалист философтар ойлауды адам
рухының айрықша, қарапайым бөлшектерге жіктелмейтін процесс формасы деп
таныды. Біздің заманымызда ойлауды рухтың символдық белсенділігінің
көрінісі ретінде тану неоканттық философияға негіз болып отыр. Ойлау -
психикалык іс-әрекеттің ерекше түрі дем психологияда алғашқы жария еткен
Вюрцбургтық ғылыми мектеп болды. Бұл бағытта өз тұжырымдарын
эксперименталды дәлелдеуге ұмтылған XX ғасыр басындағы неміс психологтары
(О. Кюлье, А. Мессер. К. Бюлер, Н. Ах) ойлауды одан әрі бөлшектенбес сана
қызметі деп білді; оны сезімдік негіз бен сөздік өрнектен бөлектеді, оны
таза рухқа теліп, бұл мәселеде идеалистік тарапқа колдау берді.
Сонымен ойлаудың ғылыми шешімі табылмай, бұл жөніндегі проблема
тығырыққа тірелді. Енді жантану ғылымы алдында бұл құбылысты материалистік
тұрғыдан түсіндіруден баска жол қалмады. Мұндай түсінімнің мәні келесідей
еді: ойлау - өз тамыры мен тарихына ие, заттасқан іс-әрекет формаларын
сипаттайтын тарихи қалыптасқан құрал-жабдықтарға сүйенеді және тілдік
жүйені негізгі құрал ретінде пайдаланады. Бұл міндеттерді атқару
үшін шынайы ғылым ойлауды рух көрінісіне теңдестірмей, оны қоғамдық тарих
желісінде қалыптасып, алғашқыда затпен тікелей байланысқан әрекет ретінде
орындалатын, мәндік байланысқан және арақатынастағы тіл жүйесін
пайдаланатын процесс, ал кейін ішкі ақыл-ой қызметіне айналып,
қысқартылған формаға келетін сана әрекеті деп тануы қажет болды.
Адамның ойлау қызметі үшін сезімдік танымға қарағанда, сөйлеу мен тіл
әлдеқайда маңызды. Ойлаудың ең жоғарғы формасы - сөзді-логикалы ой. Тек
қана осы ой формасында адам тілдік таңбаларды қолданумен күрделі
байланыстар мен қатынастарды бейнелейді, түсініктер қалыптастырып,
қорытынды жасаумен күрделі теориялық мәселелерді шешеді. Адамның ойлау
қызметті, қандай да формада орындалмасын, тіл қатысынсыз жүзеге келмейді.
Ойлау процесі жануарларға да тән, бірақ олардың ой жүйесі көрнекілікке
құрылып, белгілі мезетте кез алдында тұрған нақты заттармем ғана
байланысты. Ал адам өз ойы арқылы танылуы тиіс нысаннан тікелей байланысын
үзіп, оның қасиеттері мен сипаттарын тілдік белгілермен өрнектеп,
тыңдаушыға жеткізе алады. Сонымен, ғылыми психология үшін сөз тек тілдесу
қажетін орындап қана қоймастан, негізгі ойлау құралы да болып есептеледі.
Бірақ ойлау мен сөздің ажыралмас байланысынан ой мен сөзді бір нәрсе
екен деп қарастыруға болмайды. Екеуінің төл табиғаты әрқандай. Мұның
дәлелі: бір ойды әрқилы сөзбен өрнектеуіміз; қысылтанда білдірейін деген
ойымызды жеткізуге сөз таба алмай күйзелуіміз; кейде көп сөйлеп, бірде-бір
ойды жеткізе алмауымыз, т.с.с.
Бір нәрсе туралы ойлағанда біз әрқашан да ұғымға сүйенеміз. Ұғым
дегеніміз - зат немесе. құбылыстың жалпы, сондай-ақ мәнді қасиеттерін
бейнелейтін ой.
Ұғым - заттың бейнесі елестен ерекше. Мысалы, өзіміз тұратын үй
жөніндегі түсінігімізде біз нақ сол үйді барлық ерекшеліктерімен (жаңа,
қызыл кірпіштен, бес қабат) ойға келтіреміз. Ал: Үй-адамның баспанасы деп
ойлайтын болсақ біз белгілі бір үйді айтпай, кез келген үй, баспана жөнінде
қорытылған ұғымды паңдаланамыз. Сондықтан ұғым елестен гөрі кеңірек келеді.
Көрнекі бейнеде көз алдымызға елестете алмайтындарымызды ұғым жәрдемімен
өренектейміз Мысалы, біз мың бұрышы бар геометриялық фигураны ойша көре
алмаймыз, бірақ мың бұрыш деген ұғым бар, біз практикада мұндай фигураның
болуы мүмкін екендігін мойындаймыз.
Ұғымды сөзбен жеткізуге болады. Бірақ, ұғым мен сөз екеуі теңдес емес:
1) бір ұғымның өзін түрліше сөздермен айтуға болады (самолет, аэроплан)
2) бір сөздің өзі кейде әр түрлі ұғымдарды білдіреді: Ат - есім, Ат -
жануар. 3) бір ұғымның өзі әр тілде әрқандай создермен беріледі (орысша-
хлеб, қазакша-нан).
Заттар және құбылыстар олардың арасындағы байланыстар мен қатынастар
туралы ойды біз пікір формасында білеміз, мысалы: далада жаңбыр жауып
тұр; оқушы есепті шешкен жоқ. Осыдан, пікір дегеніміз ойлау формасы,
мұнда бір нәрсе не мақұл-данады, не теріске шығарылады. Пікірде, көбінесе,
ұғымның мазмұны ашылады: Жантану - адамның психикалық әмірінің
заңдылықтары туралы ғылым. Жантану ұғымының мазмұны осы пікірден
көрінеді.
Бір немесе бірнеше пікір негізінде нақты бір қорытынды жасалады.
Мысалы, біз екі пікір айтсақ: Құс-жануар, Жануарлар оттегісіз өмір сүре
алмайды. Бірінші және екінші пікірлерге сүйене отырып, біз үшінші пікір
айтамыз: демек - Құстар оттегісіз өмір сүре алмайды.
Бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасы - ой
қортындылары деп аталады. Ой қорытындыларының мысалы ретінде геометриялық
теорема дәлелдерін алуға болады.
Ой қорытындылары индуктивтік және дедуктивтік болып келеді.
Индуктивтік ой қорытындылары жеке фактілердің негізінде қорытынды жасау,
жалпы пікір айту.
Дедуктивтік ой қорытындылары дегеніміз - жалпы ережеден жеке қорытынды
жасау.
Қорытынды пікірге келудің екі түрі де - адамның айналадағы дүние
туралы білімін кеңейтуге көмектеседі.
Ой қорытындыларының объектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық
ойлау деп, ал дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп
аталады. Логикалық ойлаудың ерекшелігі - қорытындылардын қисындылығында,
олардың шындыкқа сай келуінде. Логикалық ойлауға түскен құбылыс
түсіндіріледі, себептері мен салдарлары катесіз анықталады. Ұғымдар
арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалык ойлау жолымен ашылады. Бұл
байланыстар мен қатынастардын дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны
пікірлерде көрсетіледі.
Ой әрекеті барысында адам қоршаған дүниені танып, білу үшін ерекше
ақыл қызметтерін орындайды. Бұл нақты қызметтер өзара байланысқан, бірін-
біріне ауысып отыратын ойлардың әрқилы әдістерінен құралады. Бұлардың
негізгілері: талдау, біріктіру, салыстыру, дерексіздендіру, нақтылау және
қорытындылау.
Талдау - бұл оймен бүтінді жіктеу немесе бүтіннен оның қырларын,
әрекет не қатынас бірліктерін бөліп алу. Қарапайым формадағы талдау -
әрқандай затты практикалық қажетікке орай құрама бөлшектерге ажырату.
Мысалы, балаларды қандай да өсімдікпен таныстыруда оның құрамын көрсетуден
байқаймыз (тамыры, сабағы, жапырағы). Талдау тәжірибелік (ойлау - сөйлеу
процесінде жүріп жатады) және ақылдық (теориялық) болып бөлінеді. Егер
талдау жоғарыда аталған ой операцияларына ұштаспаса онда ол қате,
механистік сипат алады. Мұндай талдау элементтері жас балаларда көптеп
кездеседі: бала ойыншығын тез бұзуға ғана шебер, оны құрастыру, бөлшектерін
салыстырып, қандай да қорытынды шығару - сәбидің ойына да келмейді.
Біріктіру - бұл әрқилы бөлшектер, қасиеттер мен әрекет-қимылдарды
тұтас бірлікке топтастыру. Біріктіру операциясы талдау әдістеріне қарама-
қарсы. Бұл қызмет барысында жеке заттар мен құбылыстар күрделі, бүтін
құбылысқа қатысы бар бөлшек, элементтер тобы ретінде қарастырылады. Әрдайым
біріктіру бөліктердің қара дүрсін жиынтығын не қосындысын аңдатпайды.
Мысалы, автокөліктің жүздеген бөлшектерін құрастырғандағы мақсат металл
үйіндісін шығару емес, пайдалы әрекетке келетін машина тұрғызу. Оттегі мен
сутегін синтездей отырып жаңа сападағы зат - су алатынымыз баршаға мәлім.
Ой процесіндегі талдау мен біріктіру әрекеттері оқу жұмысында аса үлкен
маңызға ие. Бала жекелеп талдаумен әріптерді тануға қол жеткізеді, ал кейін
сол игерген әріптердің басын біріктіріп буын құрайды, буыннан - соз, сөзден
-сөйлем, сөйлемдерді біріктіріп – мәтін мазмұнын шығарады.
Талдау мен біріктіру ажыралмас бірлікте жүріп жатады. Әрдайым біртұтас
бүтіндік сипатқа ие болған зат қанаталдануы мүмкін. Біріктіру де ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға арналған тапсырмалардың мысалдары
Жасөспірім ойлауының дамуының теориялық мәні
БОЛМЫС ПЕН ОЙЛАУДЫҢ ЖАЛПЫ ФОРМАЛАРЫ
Компьютердің программалық жабдықтары
Ойлаудың адам өміріндегі маңызы
Әдістеме және оқыту технологиясы
Ойлау: тәсілдері, формалары
Оқыту формасының әртүрлілігі, оның дамуы, Жеке топтық, топаралық, ұжымдық оқыту формалары
Бастауыш мектеп оқушыларының ойлауын эксперименттік зерттеу
Сөйлем және пайымдау
Пәндер