Оқыту процесінде әдісті пайдалану


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе:

1. ОҚЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ ӘДІСТЕМЕСІ

1. 1 Оқыту әдістерінің мәні мен мазмұны

1. 2 Оқытудағы көрнекілік әдістер

1. 3 Оқыту процесінің қозғаушы күштері

2. Оқыту әдістерін жетілдіру - бүгінгі күннің басты талабы

2. 1 Оқу танымдық әрекеттегі белсенділік әдістерін қолданылу жолдары

2. 2 Мектептегі білім беру жүйесінде оқыту үрдісін технологияландыру

2. 3 Оқытудың түрлері, әдістері және жетілдіру жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

И. Т. Огородниковтың пікірі бойынша: Әдістерді классификациялауда түрлі әдістерді қолдану барысында білім көзінің берілуі мен оның қабылдануындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекетінің бірлескен жүйедегі қарым-қатынастық жағдайын көре алатындай болса деген. Оларға: сөздік оқыту әдісі (мұғалімнің білім беру мен ауызша мазмұндауы, әңгіме), кітаппен жұмыс әдісі (оқыту процесіндегі кітаптің орны мен ролі, жаңа білімді игеруде, білімді бекітуде, қайталап қорытындылауда, сонымен қатар кітаптағы негізгі тараулар мен бөліктерін қайталауда, негізгі тараулардан конспекті жасауда, өтілген негізгі материалдардың сұрақтарына жауап даярлау, ерекшеліктерін салыстыру, таблица, схема, рефераттармен баяндама өздігінен даярлау) ; эксперименталды сабақ және бақылау әдісі (оқушылардың табиғи құбылысты бақылауы, лабораторияда, мектеп учаскілерінде, экскурсияларда, іс - тәжірибені демонстрациялау, мұғалімнің білімді ауызша баяндауы, лабараториялық сабақ, іс-тәжирбиелік жұмыс) ; жаттығу әдісі; графикалық және жазба жұмыстарын жүргізу әдісі, бағдарламалап оқыту (бағдарламалап оқыту негізгі, талпынысы оқытушылардың өзіндік талпыныста білімді игеруі және білім, білік, дағдыны оқушылардың игеруі, бағдарламалап оқытудың мәні мен ролін көрсету, білім мазмұнын бағдарламалау, оқушылардың өзіндік жұмысын бағдарламалау, ғылымның негізгі көзін ақпараттау, бағдарламалап оқытудың кері байланысы, бағдарламалап оқытудың басқа формалалар мен әдістік оқыту байланысы) ; оқушылардың білімін бағалау және тексеру әдісі (мақсат пен білімді бағалау және тексеру түрлері, білімді бағалау және тексеру принципі, білімді бағалау және тексеру әдістемесі, бағдарламалап оқытудағы білімді бағалау және тексеру; емтихан, оқушылардың білімін бағалау жүйесі) . Мақсатты бағытта танымдылық іс-әрекетіне байланысты, негізгі білім көзінің байланысы, оқушылардың танымдылық деңгей белсенділігі, бірлескен оқыту формасы, нақты және жалпылама білім беру жолдары әр түрлі оқыту әдістерінің классификациясында қолданады. Олар М. А. Данилов, М. Н. Скаткин, И. Я. Лернер, М. И. Махмутов, Н. А. Сорокин, Н. Ф. Талызына, В. Ф. Паламарчук т. б. ғалымдардың еңбегінде берілген. Бұнда Совет үкіметтінің құрылу кезеңдерінде және жалпы білім беретін мектептерде даму процесімен айналысқан және дидактикалық жүйені жетілдіру мен айналысқандықтары туралы мәліметтер берілген. Дегенмен қандайда болмасын оқыту әдісінің классификациясы өзінің жетістіктері мен қоса кемшілік жақтарынан да көрініс береді.

Сонымен қатар, оқыту әдістері мектептегі танымдылық оқу іс-әрекеті практикасында түрлі когнитивтік функция атқарады, сондай-ақ білім материалын игеруде, оны бекітуде, білім, білік және дағдысын жетілдіруде, жеке тұлғаны дамытуға бағыттау, жаңа қоғамның қалыптасуы барысындағы және болашақ әлеуметтік кәсиби іс-әрекет жағдайына оларды даярлау.

1. ОҚЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ ӘДІСТЕМЕСІ

1. 1 Оқыту әдістерінің мәні мен мазмұны

Оқыту әдісінің мәндік ерекшелігі оның ішкі мазмұнында, көп образдық біліктіліктің негізінде көрініп, өзара байланысты және танымдық оқу іс-әрекетін іске асыру жолында жағдайда қарама-қайшылықта көрініс беруі мүмкін. Түрлі оқыту әдістерінің мазмұнын талдауда оқушыларға білім беру анықтамасын нақтылап алу керек.

Практикада мектептің танымдық оқу іс-әрекетін "білім беру" оқыту процесінің негізгі бөлігін құрап, оқушылардың жеке дара психологиялық жағдайда пәндік-оқу ақпаратын сапада игеруін қарастырады, оны есте сақтау, айту және шығармашылықта игеру, түрлі формада мұғалімнің танымдылық оқу іс-әрекетін ұйымдастыру мен бақылау іске асырады.

Оқушылардың жеке дара психологиялық қабілеттіліктерінде барлық пәндерді жоғары сапада игеру күрделі мазмұнды және танымдық оқу іс-әрекетті формадағы жалпы және арнайы пәндерге сүйеніп сапалы игеру жағдайларын байқау. Оқу-танымдық процестеріне зейініне, ойлауына, қиялдауына, есіне, тіліне сонымен қатар оқу мотивінің ерекшелігіне, өзінің эмоционалды жағдайына, оқушылар арасында және мектептегі әлеуметтік-білім беру процесінің мазмұны мен ұйымдастыру формасына көзқарасына байланысты. Оқу материалдарын сапалы игерту мұғалімнің жеке басы мен оқушымен қарым-қатынасына, сонымен қатар эрудициясына, кәсіпке қызығушылығына, педогогикалық тактикасына, оқушылар мен жеке дара қарым-қатынасына, өзін қоршаған құбылыс және пәннің мазмұнын оқу танымдық іс-әрекетке қызығушылық пен жас ерекшеліктерінің игеру деңгейіне байланысты.

Оқушыларды қажеттілікте - оқу күшін жұмылдырып танымдық материалдарды түрлі мазмұнда сапалы игеруі және теориялық-танымдылық пен практикалық оқудың маңыздылығына, тереңдігіне, тұрақтылығына байланысты қиындықтарды жеңу мақсатындағы оқыту әдістемесінің мазмұны спецификалық интеллектуалды құрал болып табылады.

1. 2 Оқытудағы көрнекілік әдістер

Көрнекі әдістерді пайдалану барысында акпараттық материалды игеру оқу процесінде көрнекі құралдар сүлбе (схема), кесте, сурет, модельдер, приборлар, техникалык құралдарды тікелей қолдануға тәуелді. Бұлардың бәрі оқушының сезім тетіктеріне ықпал жасауға негізделіп, сөздік және практикалык әдістермен бірге пайдаланылады.

Көрнекілік оқушыларға заттардың өзін немесе олардың бейнесін тікелей көріп байқауға мүмкіндік береді.

Оқытуда нақты білім алу көрнекілікке, сезінуге, бақылау әрекетіне негізделеді.

Көрнекілікті қолдану бала психологиясының ерекшеліктеріне, әсіресе образдық ойлауға байланысты болады.

Көрнекілік әдістер оқу материалын оқушылардың көзімен көріп, нақтылы түсінулеріне мүмкіндік береді

Бұған демонстрация, иллюстрация және бақылау тәсілдері жатады.

Демонстрация (көрсету) оқушыларды құбылыстар, процестер және заттардың нысанасымен табиғи жағдайда таныстыру барысында қолданылады. Әдістің бұл түрі оқылып отырған құбылыстың қозғалысын анықтау, заттың ішкі құрылысы және сыртқы көрінісімен немесе бірыңғай заттардың орналасу жағдайымен таныстыруды көздейді.

Табиғи нысананы көрсету негізінен сыртқы көрінісінен басталады (көлемі, түсі, формасы, өзара байланысы т. б) . Келесі кезекте оның ішкі құрылысы немесе жекелеген құрамы бөлініп көрсетіледі. Заттың үлгісі және көркем туындылар оқушылар тарапынан біртұтастық жағдайында қабылданады.

Демонстрациялау көбінесе оқушылардың практикалық оқу әрекетімен ұштаса жүргізіледі. Приборлар мен нысандарды демонстрациялау нәтижесінің табысты болуы бірнеше жағдайға байланысты болады:

- көрсетіліп отырған нысана барлық оқушыларға жақсы көрінуі тиіс;

- оқу материалын түсіндіру кезінде көрсету жұмыстары жүргізіліп, соңынан нысана алынып тасталуы керек. Оны оқушыларға алдын ала көрсетуге болмайды;

- көрнекі құралдарды бақылау барысында әрбір оқушы мұғалімнің нұсқауы бойынша жұмыс істеуі тиіс;

- көрсету кезінде мұғалімнің ауызша баяндауы оқушылардың бақылауын дамытуға және көркем сөйлеуін орнықтыруға ықпал етуі тиіс;

- оқушыларды бақылау жұмыстары нәтижесіне қорытынды жасай білуге дағдыландыру т. б.

Оқытуды бұлай ұйымдастыру оқушылардың оқу материалын жеңіл әрі терең ұғынуына мүмкіндік туғызады, олардың ойлау әрекетін жандандырып, қосымша ақпараттар береді.

Оқушылардың құбылыстарды, процестерді және нысандарды өздері белсенділік танытып оқып үйренсе, шын мәнісінде бұл әдіс нәтижелі болмақ. Олар тарапынан мұндай қарым-қатынас оқытуда проблемалық және ізденушілік жағдайға итермелейді.

Сабақ барысында оқытудың демонстрациялау әдістерінен қолдануда оқу киносы, диапозитив, диафильм, магнитофон, радио, үнтаспа, киноскоп, эпидиоскоп, теледидар, видеофильм секілді техника құралдары көптеп пайданылады.

Заттар мен құбылыстарды, кейбір жағдайда қажеттігіне сай табиғи ортада көрсетуге болады (Мысалы, табиғат, оның құбылыстары, жан-жануарлар, өсімдіктер, ауылшаруашылығы техникалары, өндіріс құралдары т. б. ) .

Демонстрация оқушылардың сезіміне көрнекілікті құбылыстарды, процесстерді, объектілерді олардың сапасына әсер етеді. Берілген әдіспен игерілетін құбылыстың динамикасын ашып көрсетуде, заттарды сыртқы пішінімен таныстырғанда кеңінен қолданылады және бір түрлі заттардың ішкі құрылысы немесе орналасқан әсерін қарастырады.

Берілген әдіс оқушылардың заттарды, құбылыстар мен процестерді, керекті өлшемдер жасап, өзара байланысын, танымдық белсенді іске асырып заттардың құбылысы мен мәнін сапа анықтайды.

Нақты жағдайда заттарды, құбылыстарды түсіндіруде демонстрациялау дидактикалық тұрғыдан құнды болып табылады. Егер де бұндай демонстрация өткізуге мүмкіндік болмаса, онда натуралды заттарды көлемді моделдеу танып білуде негізгі роль атқарады. Олар заттардың құрылысын көру арқылы қол құрылысы, двигательдің ішкі күйі, геометриялық фигуралардың өлшемдері, жергілікті жердің рельефі т. б. игеруге көмектеседі. Көптеген жаңа модельдер заттардың технологиялық және техникалық ерекшелігін анықтап түсінуді қамтамасыз етеді.

Демонстрация әдіс сапасын көтеру үшін, объектіні дұрыс таңдап алып, демонстрацияланатын заттың, құбылыстың мәнді жақтарына оқушылардың көңілін аударуға, сонымен қатар түрлі әдістерді педагогтың біліктілігіне қарай пайдалана білуінде.

Иллюстрация - демонстрация әдісімен тығыз байланыста болады. Бұл әдісті иллюстративті құралдарды (плакаттар, картиналар, суреттер, чертеждер, портреттер, картограммалар, модельдер) көрсетуде қолданады.

Иллюстрация әдісінің нәтижелі болуы, негізінен оның қолдану тәсілдерін мұғалімнің қаншалықты меңгергеніне байланысты болып келеді. Соның негізінде оқушылар мен мұғалімге оқу материалын табысты меңгеруге айтарлықтай көмек бере отыра, ғылыми ұғымдарды жеңіл меңгеруіге септігін тигізеді.

Мектеп тәжірибесі көрсеткендей сабақта иллюстрациялы материалдарын көптеп қолдану, оқушылардың назарын нақтылы оқу материалынан ауытқуына әкеп соғады. Сондықтан, көрнекі құралдарды пайдаланудың дидактикалық қолданысын және таным процесінде олардың рөлін алдын-ала жақсылап ойластырып алу қажет. Бұған қосымша мұғалімдер көрнекі құралдардың тиімді көлемін де анықтауы қажет.

Иллюстрация. Демонстрация әдісі иллюстрация әдісімен тығыз байланысты; заттарды көрсетіп және қабылдау, плакаттардың көмегімен символдар түрінде, олардың процестегі және құбылыстарын, карта, портреттер, фотографиялар, суретттер, схемалар, репродукциялар, жалпы модельдер және т. б. екеуі де кеңінен қолданады. Көрнекілік іс-тәжірибеде кеңейіп, небір жаңа құралдарды өмірге келтіріп жатыр. Түрлі бояулы пластикалық қапталған тарихтан карталар, альбомдар, атластар т. б.

Жалпы модельдер арқылы құбылыстар мен процестердің динамикалық және статистикалық ақ түсті және түрлі түсті мәнін ашып көрсетеді. Олар анықтамаларды түсіндіру процесін жеңілдетеді.

Географиялық карта, диаграмма, графиктер, таблициялар білімді тез сапалы игеруге көмектеседі.

Иллюстрация әдісін қолдана отырып, оның көрсетілу әдісіне де көп мән беру керек. Көрнекті құралдың дидактикалық ерекшелігін, оның танымдық процестегі ролі мен орнын ойластырып алу керек. Мұғалімнің алдына қойылған мәселесі иллюстрациялық материалдық оптималды көлемін анықтап алу. Иллюстрация алдын-ала дайындалады. Берілетін (фотография, диаграммалар, таблицалар) мақсатты қолданады.

Қазіргі мектептерде иллюстрацияны пайдалану үшін экранды техникалық құралдар кеңінен қолданылады.

Бұл әдістердің ішінде ең басты рөл атқаратыны - бақылау әдісі . Ол барлық оқу пәндерін оқытуда кеңінен қолданылады.

Бақылау әдісі сабақта нақты заттар мен көрнекі және техника құралдарын көрсету кезінде, экскурсияда, лабораториялық жұмыстарда, еңбек операцияларын орындау барысында ерекше орын алады. Бақылау мұғалімнің басшылығымен сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта мұғалімнің тапсырмасына байланысты немесе оқушылардың өздерінің қалауы бойынша кеңінен іске асырылады. Дұрыс қолданған бақылау әдісі оқушылардың байқағыштық, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады.

Бақылау әдістерін қолданудың тиімділігі мынандай тәсілдерді қолдана білуге байланысты:

- байқаудың мақсатын анықтау;

- қабылдайтын нәрселердің мөлшерін белгілеу, салыстыру арқылы олардың көптеген белгілерінің ішінен ең негізгі, бастыларын ажырату;

-оларды топтастырып, қорытындылар мен тұжырымдар жасау.

Байқайтын нәрселердің, бейнелердің ерекшеліктеріне байланысты бақылау әдісінің негізгі түрлері:

- демонстрациялық бақылау;

- экскурсиялық бақылау;

- лабораториялық бақылау;

- техникалық бақылау;

- оқушылардың өздігінен дербес бақылауы.

Оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың күшті құралы - бақылау. К. Д. Ушинский "Бақылау-логикалық ойлаудың негізі", - деп жай айтпаған. Ұлы педагог логикалық ойлауға үйрену үшін, ең алдымен, балаларды жан-жақты бақылауға үйрету керектігін де ескертеді.

Бақылау өткізудің негізгі әдістемелік талаптары:

1. Мұғалім оқушыларды белгілі нәрсені жан-жақты бақылауға, оның неғұрлым көп және әртүрлі қасиеттерін, ерекшеліктерін, мүмкіндігінше, көру, есту, дәм, иіс т. б. сезім мүшелерін қатыстыру арқылы зерттеуге бағыт беруінің маңызы зор. Бақылау тек көру т. б. сезім мүшелерінің жұмысымен ғана емес, ол адамның ойлау әрекетімен тығыз байланысты болуы керек.

2. Мұғалім бақылауда оқушыға анализ бен синтез арқылы заттардың негізгі қасиеттерін ажыратып, топтастыру, қорытындылау сияқты ойлау процестерін қолдануға басшылық етуі қажет.

3. Мұғалім оқушылардың бақылауын ұйымдастыру үшін, ең алдымен, бақылаудың мақсатын, байқайтын нәрселердің мөлшерін немесе көлемін анықтап, жоспарын жасап беруі керек.

Тәжірибелік әдістер . Оқушылардың сабақта алған теориялық білімдерін, біліктілік пен дағдыларын тереңдету және жетілдіре түсу мақсатында олардың практикалық жұмыстарының маңызы ерекше.

Оқытудың негізгі дәстүрлі әдістерімен қатар мұғалім оқушылармен бірігіп сабақта, оқу-тәжірибе участогінде оқу приборлары және техника құралдары көмегіне сүйеніп оқу тәжірибелерін жүргізеді.

Практикалық әдіс бес этапқа бөлінеді. Бұнда оқушылардың танымдық іс-әрекеті тәжірибе сабақтарында тексеріледі.

а) мұғалімнің түсіндіруі жұмысты теориялы кезеңдермен үйрету;

ә) көрсету (инструктаж) ;

б) жұмысты жасап көру (екі-үш оқушының жұмыс жасауы. Егер қате жіберілсе, қалған оқушылар бақылау жасап, мұғаліммен бірге қатесін түзеуі;

в) жұмысты әркімнің өзі орындауы;

в) бақылау оқушылардың жұмысы тексеріліп, бағаланады. Орындалу сапасы ескертіледі, уақытты, материалдарды үнемдеуі, жұмысты дұрыс және жылдам жасауы (Е. Я. Голант) ;

Практикалық әдіс оқушылардың тапсырманы жауапкершілікпен орындауын, экономикалық ойлау шаруаға бейімделу. Оқушылардың еңбекке процесін жан-жақты дағдылары қалыптастырылады. Орындалатын жұмыстың мақсатын, міндеттерін талдау және оның шешімің табу, жұмыстың жоспары және кестесін құру, материалдар мен инструменттерді дайындау, жұмыстың сапасын бақылау, қорытындыны талдау.

Оқытудың зертханалық тәсілі негізінен биология, химия, физика пәндерінде жиі қолданылады. Аталған пәндердің мазмұны зертханалық жұмыстарды қажет етеді.

Зертханалық жұмыстар жаппай түрде немесе оқушының жеке-дара орындауы арқылы жүреді. Жаппай түрде жүргізгенде сыныптағы оқушылардың бәрі бірыңғай тәжірибе жасайды, ал жеке оқушылар орындағанда әрқайсысының жасайтын тәжірибесі әр түрлі болады да, кейін ол жинақталады.

Оқушылардың зертханалық жұмыстары мектеп жанындағы оқу-тәжірибе учаскесінде жүргізілетін тәжірибелермен де тығыз байланысты. Олар дайындау, өткізу, қорыту кезеңі болып бөлінеді.

Дайындау кезеңінде оның мақсаты белгіленеді, жоспары жасалады және оқушыларды қажетті аспаптармен, реактивтермен, басқа да оқу құралдарымен, жұмыс істеу принциптерімен таныстырады.

Өткізу барысында мұғалім әр оқушының қойған тәжірибесін мұқият бақылайды қажет болған жағдайда оларға көмектеседі.

Қорыту кезеңін бірнеше тәсілмен өткізуге болады;

Біріншіден, әр оқушы өзінің орындаған жұмысын хабарлайды, екіншіден, ұжымдық түрде орындалған жұмыстың нәтижесі туралы әңгіме өткізіледі, үшіншіден, зертханалық жұмыстардың нақтылы қорытындыларын мұғалімнің өзі жинақтап, оқушылар орындаған жұмыстардың нәтижесін қорытып баяндайды

Лабораториялық әдіс жұмыс жасауда білік және дағдыны игерту, практикалық білігін қалыптастыруға жағдай жасайды. Өлшеу және есептеу, нәтижесін салыстырып және шығару, зерттеу жұмыстарының жаңа жолдарын іздеу және белгілі жолдармен тексеру.

Проблемалы лабораториялық (зерттеу) әдіс. Зерттеу гипотезасы ұсынылады, оны дәлелдеу жолдары қарастырылады. Оқушылар қажетті приборлар мен материалдарды өздері тандап алады. Лабораториялық әдіс арнайы құралдарды талап етеді, сонымен қатар мұғалім мен оқушының дайындықта болғанын қажет етеді. Оны қолдануда уақыт пен педагогикалық күш-қуатты көп қажет етпейді.

Лабораториялық жұмыстар әдіс ретінде оқушылардың өз бетінше арнайы приборлар мен құралдарды пайдалана отырып, тәжірибе не эксперимент жүргізуіне негізделген. Жұмыс дара не топта жүргізіледі. Бұл әдісті қолдану барысында оқушылар жоғары белсенділік және дербестікпен қатысып, зерттеу істеріне етене араласуға мүмкіндік алады.

Графикалық жұмыстар барлық пәннен орындалады. Бұған кестелер жасау, диаграммалар құру, сызбалар сызу секілді оқушылар әрекеттері жатады. Графикалық жұмыстар география мен тарих, сурет сабақтарында кеңінен пайдаланылады.

Бейне әдіс білімді игертіп қана қоймайы, оны бақылауда, бекітуде, қайталауда, қортындылауда, жүйелеуде және барлық дидактикалық қызметті кеңінен атқарады.

Берілген әдіс ақпаратты көрнектілікте қабылдауға негізделген, индуктивті түрде, жеке дедуктивтік жолдармен білімді игеру, оқушылардың түрлі деңгейдегі танымдылық және өздік жұмыс жүргізу белсенділігі, таным процесін басқарудың түрлі тәсілін қолдануды қарастырады.

Бұнда әдіспен гөрі комплексті дидактикалық технологиясы берілген бейне. Оқыту процесінде әдісті пайдалану; оқушыларға толық оқытылатын құбылыстардың көрнекілікке ролін көрсету, сұраныстарын қанағаттандыру, оқушылардың қызығушылығы мен қажетін, мұғалімдердің еңбегін жеңілдету, босаған уақыт білімді бақылайтын және коррекциялайтын, дәптер тексеруді т. б. қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, кері байланыс жұмысын; толық және жүйеде бақылауды ұйымдастыру, үлгерімді объективті есепке алу.

Бейне әдіс дидактикалық және тәрбие міндеттерін шешеді. Бұл әдіс:

-жаңа білім беруде, күрделі бағытталатын өте баяу процестерді (өсімдікті өсіру, сұйық заттың диффузиясы, заттың кристалдануы, тау жыныстарының қыртысын), яғни құбылыстардың мәліметін ашып көрсете алмаудағы жылдам процестерді бақылау,

-күрделі машинамен механизмдердің ықпалын динамикалық принципте түсіндіру;

-түрлі іс-әрекет түрлерін алгоритмде орындалуын оқыту;

-шет тіл сабақтарында спецификалық орта құру;

-тарих, этика, қоғамтану, әдебиет өмір мен білімді байланысатынын бекіту, сабақтарда бейне құжатты қолдану;

-тестті өткізуді ұйымдастыру;

-алдын-ала жұмыстар, жаттығулар, модельдеу, қажетті өлшемді жасау;

-жаттықтыру және зерттеу жұмыстарын өткізуге жағдай туғызу;

-сыныптағы әр оқушының үлгерімін, білім берудің дифференциялық жағын ұйымдастыруды компьютерлік есепке алу;

-оқыту процесін рационалазациялау, педогогикалық басқару сапасын көтеру жолдарында ғылыми ақпаратты игеру және оны оптималды жеткізу көлемін қамтамасыз ету.

Берілген әдістің сапасын видео пособиялар мен техникалық құралдарды қолдану мен тікелей байланысты. Видео оқыту әдісін ұйымдастыруға қатаң талаптар қояды, олар нақтылығымен, қарастырылып таңдалуымен, мақсаттығымен ерекшеленеді. Мұғалім оқытылатын мәселе төңірегінде оқушыларды кірістіре алудағы дамыған білігімен, олардың іс-әрекетін бағыттай отырып, жалпы қорытындылар жасап, өзіндік жұмыс процесінде жеке дара көмек көрсету.

Лабораториялық - практикалық жаттығулар еңбек құралдарын игеру дағдыларына, лабораториялық (приборлар, өлшеу аппаратурасы), конструкторлық-техникалық білігін дамытуға бағытталған. Өндірістік-еңбек жаттығулары, ол оқыту немесе өндірістік ерекшеліктегі жүйеде арнайы дайындалған еңбек іс-әрекеті. Олар жәй және күрделі болып бөлінеді. Жәй жаттығулар олар жеке еңбек тәсілдерін орындау, ал күрделі жаттығуда өндірістік істерін немесе олардың бөліктері (станокты қосу, деталдарды) жасауда қолданылады.

1. 3 Оқыту процесінің қозғаушы күштері

Оқыту процесінде кездесетін қарама-қайшылықтарды шешу - оқыту процесінің қозғаушы күші болып табылады. Оқу процесінің негізгі қозғаушы күші оқушылардың алдына қойып отыратын мұғалімнің міндеттері мен оларды орындауға қажетті оқушылардың білімдері, іскерлігі және ақыл-ойлары арасындағы қарама-қайшылық. Басқа қарама-қайшылықтар, оқу материалын баяндау жүйесі мен оқушылардың меңгеруі арасында, мұғалімнің түсінігі мен оқушы түсінігі, теориялық білімдер және оларды тәжірибеде қолдану, оқу процесіндегі қиындықтың деңгейлері, сипатын дұрыс анықтау және оларды оқушылардың түсінуі, мұғалімнің материалды жатық баяндауы және әрбір оқушының оны түсінуі араларында болады.

Мысалы, ынтымақтастық педагогикасы дәстүрлі педагогиканың кемшіліктерімен күресіп, ондағы көптеген қарама-қайшылықтарды шешуге ат салысты. Олар оқушылардың қызығушылығы және сабақ тақырыбы арасындағы қайшылық.

Оқушылардың пікірінше мұғалімдерімен жанжалдасуының себептері:

1. Мұғалімнің оқушының намысына тиіп, дөрекілік, ұстамсыздық көрсетуі.

2. Бағаны дұрыс қоймау.

3. Мұғалімнің сабақты қызықсыз өткізуі.

4. Үй тапсырмасын орындамау.

5. Сабаққа қатыспау.

4. Білім, іскерлік, дағды .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауышты бітірген оқушы
Оқу процсеінде білім берудің көздеріне қарай қолданылатын әдістер
Дидактика туралы түсінік
Информатиканы оқыту формалары мен әдістері
Блум таксономиясын физикада қолданысы
Оқыту әдістерін, құралдарын бастауыш білім беруде пайдалану
Математика пәнін оқытуда батауыш мектептің оқу үдерісінде тиімді оқытудың әдістерін таңдап алу және ендіру
Оқытудың белсенді оқыту әдістері
Оқыту — даму негізі
Оқыту процесінде әдістер туралы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz