Семей бөлімшесінің мүшесі ретінде Орынборда Қазақстанды зерттеу жөніндегі қоғамда жауапты қызметкер атқарған алғашқы қазақ әйелі
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Н.Құлжанованың өмірі мен шығармашылығы
2.2. Жазушы шығармаларындағы ана мен бала тәрбиесі
2.3. Н.Құлжанова – журналист – публицист
2.4. Аударма саласындағы еңбегі
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақ әйелдерінің арасында қазан төңкерісінен бұрын да оқу-өнерге
талпынғандары аз болмаған. Олар өздері сауат ашысымен халық ағарту ісіне
араласып, алған білімдерін елге таратылушылар болды. Көбінің мамандығы -
мұғалімдік еді. Олар қазақ әйелдерін біліммен қарулануға, қоғамдық істерге
араласып, қараңғы халықтың көкірек көзін ашуға шақырып отырды. Өздері де
түрлі мамандықтарды игерумен ғана шектелмей бар өнерлерін ел тағдырына
аралаған абзал жандар болды. Халықтың жүрегінен өзінің лайықты орын ала
алмай келген алғашқы педагог ғалым, журналисі – публист қазақ қызы Нәзипа
Құлжанова да бар еді. Оның Абай мен Ыбырайдың өлеңдерін, Ғабит шығармаларын
ең алғаш орыс тіліне тәржімалағаны да таяу уақытқа дейін көзден таса,
көңілден тыс болып келді. Нәзипа Сағызбайқызы өнер – біліммен ерте
сусындап, бірінші орыс революциясына дейін-ақ қазақ қыздарының ішіндегі
білімдердің бірі болған. Оның Торғайда Ыбырай Алтынсарин ұйымдастырған
қазақ-орыс мектебінде оқып, тәрбиеленіп шығуының өзі көп нәрсені аңғартса
керек.
Өзінің ағартушылық демократиялық қызметімен Қазан төңкерісінен бұрын-
ақ танылып, есімі ел ішінде кең тарала бастаған еді. Нәзипа Құлжанова
шығармаларының басым көпшілігі әлеуметтік мәселелерге арналған халқының
адал азаматы Нәзипаны қазақ қыздарына үлгі-өнеге етіп, мақтан тұтқан қазақ
зиялылары кезінде аз болмаған. Соның бір айғағы ретінде қазақтың классик
ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Нәзипаға арналған мына бір өлең жолдарын
айта кетуге болады:
Ардақты бар Нәзипа деген ханым,
Газет- журнал жүзінде жұртқа мәлім
Оқыса, сондай әйел оқысын деп,
Оқығандар бағалар сөздің дәмін
Неше күн қыдырсаң да таба алмайсың
Семейдің одан өтер адал жанын!
Нәзипа Құлжанова – Шығыс еңбекші әйелдерінің сьезін ұйымдастыруға
белсене ат салушылардың бірі. 1920 жылдары ол орыс география қоғамының
Семей бөлімшесінің мүшесі ретінде Орынборда Қазақстанды зерттеу жөніндегі
қоғамда жауапты қызметкер атқарған алғашқы қазақ әйелі. Бұл атқарғандары
қоғамдық әлеуметтік саяси мәндері деп танылады. Семейдегі география қоғамы
бөлімшесінің көлемді мақаласы жарияланды.
Назипа Құлжанованың 1923 жылы Орынборда жарық көрген мектептен
бұрынғы тәрбие атты кітапшасының алғы сөзіне ірі қоғам қайраткері лингвист
тюрколог, әдебиет зертеушісі, талантты ақын аудармашы Ахмет Байтұрсыновтың
Нәзипа Құлжанованың талантын танып қадірлейтін әріптесіне өзінің ішкі сыр
мұңын шертетін мынадай бір өлеңі бар:
Рақатсыз өтеде өмір жасым,
Бұл жөнімнен құдайым айырмасым.
Ұзақ жолға ниет қып бір шыққан соң,
Жарым жолдан қайтпасын қарындасым.

Қазан төңкерісінен соң қазақ әйелдерінің арасынан суырылып шығып, өз
халқына өнер-білім сәулесін шашқан алғашқы қарлығаштар — Алма Оразбаева,
Мәдина Бегалиева, Мүбина Ниязова, Шолпан Иманбаева сияқты қазақ халқының
мақтанышына айналғандардың қатарында көпшілікке белгісіз себептермен аты
осы уақытқа дейін көп аталмай, халықтың жүрегінен өзіне лайықты орнын ала
алмай келген алғашқы педагог-ғалым, журналист-публицист қазақ қызы Нәзипа
Құлжанова да бар еді.
Төңкерістен кейін сол білімін өз халқының қажетіне жаратуға жұмсады.
Н.Құлжанова шығармаларының басым көпшілігі әлеуметтік мәселелерге арналған.
Кейіпкерлері — өзі өмір сүрген кезеңнің адамдары. Олардың біразы—дала
өміріндегі озбырлық пен зорлықтың құрбаны болған, көкіректері шерге,
көздері жасқа толы қорғансыз жандар. Мұндай қорлықты жағдайдан құтылудың
жолы оқу, өнерге талпыну деп көрсетеді ол өз шығармаларында. Бұл жөніндегі
негізгі ой түйіндері Қазан төңкерісі және қазақ әйелі деген
публицистикалық мақаласында көрініс тапқан. Мұнда әйел теңдігі мен
бостандығын ғана талап етіп қоймай, бостандық, теңдік алған қазақ
әйелдерінің қоғам, халық алдындағы, болашақ ұрпақ өсіріп тәрбиелеудегі
борышы да кең сөз болады.
Бұл сияқты жауаптылықтан автор ерлерді де босата қоймайды. Қазақ
арасынан шыққан оқыған, өмір таниды деген азаматтардың көбінің ойлары
бұлыңғыр, акылы таяз екеніне қынжылады. Мұндай қынжылыстар оның басқа да
біраз мақалаларында көрініс тапқан.
Нәзипа Құлжанованың ағарту, халыққа қызмет ету борышы, гуманистік
ойлары бір-бірімен тұтастықта, диалектикалық бірлікте көрінетінін аңғару
қиын емес.
Нәзипа Құлжанова — Шығыс еңбекші әйелдерінің I съезін ұйымдастыруға
белсене ат салысушылардың бірі. 1920 жылдары ол орыс география қоғамының

қоғамда жауапты қызметтер атқарған алғашқы қазақ әйелі. Бұл атқарғандары
қоғамдық-әлеуметтік саяси мәнді деп танылады.
Жоғарыда айтылғандай, осындай қоғам қайраткерінің өмірі мен
шығармашылығы жөнінде көп уақыт мағлұмат болмай келді. Қазақ әдебиетінің
тарихы жөніндегі еңбектерде, оқулықтарда оның жазғандары туралы мардымды
әңгімеленбеуі — жинақтарға енгізілмеуінен — ол кейінгі ұрпақтарға белгісіз
болып, қала берді. Тек өнерге қатысты әдебиеттерде, ері Құлжановпен бірге
түскен суреті ғана басылып, кей тұстарда ғана аты аталып қалып немесе
Семейде әдеби кешті алғаш ұйымдастыруы хабарлама ретінде айтылып жүрді.
Кейінгі жылдары ғана әрекідік еске алулар көріне бастағандай.
Мәселен, оның атын С.Бегалиннің, Ә.Жиреншиннің, М.Хакімжанованың, т.б.
жазғандарынан кездестіруге болады. Осы авторлардың біразына жасаған
Құлжановтар семьясының қамқорлығы арнайы ашық әңгімеге нұсқа бола тұрса да,
олардың бұлар жөнінде ағынан жарылған әңгімеге бара алмай жүргендіктері
еріксіз ойландырады.
Нәзипа талантты жас Шолпан Иманбаеваның ақындық жолға түсуіне ықпал
жасап, оны үнемі қолдап, әр өлеңін жариялауға қамқорлық жасап отырған.
Шолпан қайтыс болған соң да оның жинағын жарыққа шығаруға белсене ат
салысқаны белгілі.
Осыдан бірер жыл бұрын Еңбекші қазақ газеті мен Қызыл Қазақстан,
Жаңа мектеп, т. б. журналдарды ақтарып отырып, Нәзифа, Нәзекең,
Нон, Н.К. дегендердің жазғандарын кездестірдік. Одан әрі іздестіре
келгенде, Нәзипаның үш кітапшасы (біреуі аударма) мен ондаған
публицистикалық мақалалары, бірнеше әңгіме, очерктері және аудармаларының
газет-журналдарда жарияланған үзінділері табылды. Оның материалдары сонау
Қазаң төңкерісінен бұрын-ақ Қазақ газеті мен Айқап журналында
жарияланып, сондай-ақ өзі мен отбасы жөнінен хабар берерліктей нәрселердің
жазылып тұрғанын көрдік. Соларға қарай отырып, оның өмір жолымен де
танысуға мүмкіндік алдық.
Ерлі-зайыпты Құлжановтардың 1904 жылы Семейге келіп қоныс теуіп,
тұрақтап қалуы олардьщ шығармашылық бағыттарын біржола айқындап, өз
қабілеттерін аша түсуге жол ашқандай. Мұнда олар білікті адамдармен
пікірлесіп, араласып отырған. Әсіресе ұлы ақын Абайдың өнерлі балаларымен,
шәкірттерімен және оларды білетіндермен жақындасуының өзі олардың
шығармашылығына ықпал еткен. Мәселен, 1909 жылы Кәкітай Ысқақұлының
бастырып шығарған Абай кітабының қолдарына тиюі олар үшін үлкен қуаныш
болды. Осы қуаныштың өтеу белгісіндей ыстық ниеттері Абайды қазақ пен орыс
халқына бірдей насихаттауға қызу кіріскендіктерінен көрінеді. Бұл игі істі
Құлжановтар Арқаның бірсыпыра елді мекендерінде түрлі ойын-сауықтар, кейін
әдеби-музыкалық кештер өткізуден бастаған. 1913 жылы жазда Қарқаралы
уезінде осындай әдеби кештің өткізілгенін белгілі шығыс зерттеушісі
Г.Н.Потанин жазбаларынан көреміз.
Семейде географиялық қоғам мүшелерінің қолдауымен 1914 жылы 26
қаңтарда ұлы ақын Абай Құнанбайұлының қайтыс болғанына 10 жыл толуына
арналған әдеби-музыкалық кештің өткізілуі халқымыздың мәдениеті тарихында
елеулі орын алады. Кеште Абайдың өмірі мен өлеңдері жайында екі тілде
бірдей жасаған Нәзипаның баяндамасы өте жоғары бағаланды. Кешті
ұйымдастыру мен баяндаманың мазмұны да өте сауатты жасалуына жиналған қазақ
пен орыстың ризалыры өз нәтижесін берді де, осыдан кейін мұндай кештер
баспасөз беттерінде жиі насихатталып отыратын болған.
1915 жылдары Абай мен Ыбырай шығармаларына арнап өткізілген әдеби
кештер жалғаса бергені де көпке мәлім. Осы бастаманы дер кезінде
жұртшылыққа насихаттауда Айқап журналының рөлі зор болады. Осыдан кейін
ойын-сауық, әдеби кештердің Қарқаралы мен Баянауылда, Атбасар мен
Қостанайда, т. б. қалалар мен ауылды жерлерде ұйымдастырылғаны жөнінде жиі
жазылып отырды.
Орыс география қоғамының жинағында (1914) Семипалаттан деген
тақырыпта Семейдегі география қоғамы бөлімшесінің көлемді мақаласы
жарияланды. Айқап журналында: Нәзипа сөзшең, аяғында Абайды туғызған
қазақ даласы тағы да талай Абай секілді білікті, одан да артық данышпандар
туғызар дегенде тыңдаушы қазақтардың жүйесі босап, көзіне жас алғандары
болды. Нәзипаның орысша сөйлегеніне орыстар таң қалды,—дей келіп, Екінші
бөлімінде Абайдың өз әні мен өлеңдері айтылды,— деп аяқтайды тілші.
Сол уақыттың өзінде Нәзипаның Абай туралы тыңдаушыларына ой саларлық
байлам айтуы, суырылып шығып еркін сөз сөйлеуі қазіргі ұрпақ үшін назар
аударарлық жайт, мақтан тұтарлық жағдай дер едік. Өйткені Абай
шығармаларының табиғатын тану өте терең білімділікті, зор қабілетті қажет
етеді. Ал сондай білім мен таным Нәзипаның бойынан табылып жатты. Мұндай
кештерде жасаған әлгіндей баяндамаларымен ол абайтану ғылымына ат ізін
салушылардың алдыңғы сапында тұрды деуге болады.
Түптеп келгенде, қазақтың ән-күй мет ұлт ойындарының кештерін өткізу
Нәзипаның алдағы істерінің бастамасы болды деген жөн. Ойын тәртібіне ән
айту, Абай мен Ыбырай өлеңдерінен мәнерлеп оқу енгізіліп, ақын қыз бен
жігіт айтыстарына жалғастырылатын. Абай өлеңдерін ерекше қадір тұтатын
Нәзипа кеште Абайдың әндерін айтса, енді бірде Жігіттер, ойын арзан, күлкі
қымбат деген өлеңін мәнерлен оқыған. Мұндай кештерге Кәкітай, Тұрағұл,
әнші Әлмағамбет, скрипкашы Мұқа, Абайдың өлеңдерін тақпақтап айтып, әндерін
мандолинде ойнайтын Қаныш, Мұхтар да қатысып отырған.
Семей — ежелгі Қазақстанның көптеген зиялыларын қанаттандырып ұшырған
білім ұясы. Қазақтың сол кездегі білім іздеген азаматтарынан өнер бұлағынан
осында сусындамағандары кемде-кем. Бұл жайында, әсіресе қарт жазушы
Сапарғали Бегалиннің, Медеу Сәрсекеевтің, Кәмен Оразалиннің, Мекемтас
Мырзахметовтың кітаптарында, зерттеу еңбектерінде аз айтылмаған.
Нәзипа Құлжанованың 1923 жылы Орынборда жарық көрген Мектептен
бұрынғы тәрбие атты кітапшасының алғы сөзін ірі қоғам қайраткері, ғалым-
лингвист, түрколог, әдебиет зерттеушісі, талантты ақын, аудармашы Ахмет
Байтұрсыновтың жазуы да көп жағдайды аңғартып, оның мәртебесін көтере
түседі. Ахмет Байтұрсыновтың Нәзипа Құлжанованың талантын танып,
қадірлейтін, әріптесіне өзінің ішкі сыр-мұңын шертетін мынадай бір өлеңі де
бар екен:
Рақатсыз өтсе де өмір жасым,
Бұл жөнімнен құдайым айырмасын.
Ұзақ жолға ниет қып бір шыққан соң,
Жарым жолдан қайтпаспын, қарындасым.
Су да болар ол жолда, тау да болар,
Жаудың оғы, жайған тор, ау да болар.
Мынау пайда, мынасы зиян демек,
Ол ерліктің ісі емес, сауда болар.
Мен өлсем де өлемін жөнімменен,
Тәннен басқа немді алар өлім менен.
Өлген күні апарып тығары көр,
Мен жоқ болман көміліп тәнімменен.
Тән көмілер, көмілмес өткен ісім,
Ойлайтындар мен емес бір күндігін,
Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын,
Ел бір күншіл, менікі — ертеңгі үшін.
Нәзипа Сағызбайқызы Құлжанова 1887 жылы Торғай облысының Жанкелдин
ауданында дүниеге келген. Торғайда қазақ-орыс мектебінде оқиды. Бұдан соң,
1892 жылы Қостанайдағы қыздар гимназиясына түсіп, оны 1902 жылы үздік
бітіреді. Сол жылы Торғайда мұғалімдікке тағайындалады. Осында семинарист
Құлжанов Нұрғалимен тұрмыс құрады. Екеуін үйлестірген жағдай — олардың
дүниетанымы мен өмірге деген көзқарас ортақтығы болады.
1904 жылы бұлар Семейге көшіп келеді. Екеуі де, өз мамандықтары
бойынша, 1919 жылға дейін Семейдегі оқытушылар дайындайтын семинарияда
қызмет істеп, өмір кешеді. Нұрғалидың қазасына байланысты бұл жерден
ауысуына тура келіп, 1920—1921 жылдары Ақмола уездік комитетінде жауапты
қызмет атқарады. 1922 жылы Қазақ АССР Халық комиссарлары Кеңесінің төрағасы
және Еңбекші қазақ газетінің редакторы Сәкен Сейфуллиннің арнайы шақыртып
алдыруымен осы газеттің редакциясына қызметке орналасады. Онда ол газеттің
редакция алқасы мүшелерінің бірі, әрі белгілі авторы болып жүреді.
1923—1925 жылдары Қызыл Қазақстан журналында жауапты секретарь, 1925—
1929 жылдары Әйел теңдігі журналында бөлім меңгерушісі болып істейді.

Н.Құлжанова мектепке дейінгі педагогика проблемаларымен тереңірек
айналысады. Жазушы шығармашылығында ана мен бала тәрбиесі, ұрпақ тәрбиесі
бір-бірімен тығыз байланысты қарастырылады. Халқым деп қызмет еткен
Құлжанова ұрпақ тәрбиесі туралы жазған еңбектерінде баланы тумас бұрын
түрлі аурулардан сақтандырып, емдеуге бағыттайтын құнды кеңестер орын алды.
Талантты, ізденімпаз журналисттің қаламынан туғандықтан, оның бұл
жазғандары әлі күнге дейін өзінің өмірлік мәнін жоя қойған жоқ, ғылым,
білім дамыған қазіргі заманда да көпке көмегін тигізетін мағлұматтар
баршылық.
Сәбилер мен мектеп жасына дейінгі балалардың өсіп, жетілу
заңдылықтарын мектепке дейінгі педагогика ғылымы зерттейді. Бұл ғылым
баланың тәні мен жан дүниесі, гигиена мен педиатрия, эстетика мен әдеп тіл
білімі мен дене шынықтыру сияқты ғылымдармен тікелей байланыста
қалыптасады. Нәзипа Құлжанованың жоғарыда аталған жинағы, міне, осы
мәселелерге арналған.
Нәзипа мектепке дейінгі бала тәрбиесінің; мән-жайын кітаптың бес
бөліміне бөліп баяндайды. Қазан революциясына дейінгі Ресейдегі мектепке
дейінгі тәрбиенің түрлері, еңбекші халықтың балаларының ауыр халі жайында
нақтылы деректер келтіре отырып, бала бақшасы деген не, ол қандай тәрбие
бере алады деген сұрақтар қойып, соған педагогика ғылымынан негіздей отырып
түсінік беріп, шешімін табады. Кітап Кеңес өкіметі орнаған соң 6 жылдан
кейін жазылып отырғанын, сол кездегі қараңғы, сауатсыз қазақ елінің
жағдайын ескерсек, дәл сол дәуір үшін үлкен үгіт-насихаттық, педагогикалық
мәні болды. Бұл кезде қазақ елінде мектепке дейінгі бала тәрбиесі туралы
ғылми-педагогикалық мәні бар кітап жазып, бұл тақырыптың сорына түскен адам
жоқ еді. Нәзипа сол олқылықтың орнын толтырып, Халық ағарту Комиссариатының
сенімін пқтап, осы еңбекті жазып шықты. Кітаптың көлемі 36 бет, араб
алфавитімен жазылған, араб алфавитімен бісылған. Кітаптың бірінші бетінде:
Элмедиген Тумин кітабының ізімен деп жазуына қарағанда өзіне дейінгі жас
бала тәрбиесіне арнап едбек жазған педагогтердің кітаптарын оқи отырып,
қазақ елінің ой-өрісін осы бағытқа бұруды алдына мақсат еткен.
Кітаптың Сөз басы деген алғысөзінің оралымды ой толғанысының
сілтемесінен-ақ Нәзипа Құлжанованың адамзат тарихының арғы-бергі даму
процесіне көз жүгірте отырып, жаңа қоғамдық формацияның адам тәрбиесіне
жаңаша мән беріп, зор қоғамдық мақсат қойып отырғанын дұрыс баяндайды:
Адам баласының дүниеде өмір шеккен тарихына қарасақ, бұрынғы
адамдардың тіршілік етуіңің түрі мен қазіргі адамдардың тіршілігінің
айырмасы Жер мен Көктей. Аңның аз-ақ алдында жүрген алғашқы адамдар мен осы
күнгі аспанға ұшып жүрген адам Жер мен Көктей емей немене: Отарба, пароход,
аэроплан, жұмыс машинасы, сымды-сымсыз телефон, тағы басқа тетікті
машиналар — бәрі тіршілік шарасына істелген құралдар. Заман күшінің
қатарынан қалмай, бұларды тұтына білу үшін бірталай білім керек. Қазір
баланы бастан тәрбиелеу керек, өнер-білімге тәрбиелеу керек деп отыр.
Бала дұрыс тәрбиемен өссе, тіршілік ісіне икем, бейнетіне бекем
болады,— дейді Нәзипа.
Кітаптың Бүкіл жержүзінде деген бөлімінде Нәзипа мектепке дейінгі
тәрбие жұмысының әр елде қалай қолға алынып, жолға қойылып жатқанымен
таныстыру мақсатында әр елдің әр түрлі қалаларындағы бала бақшаларынан
мысалдар келтіреді. Олардағы бала тіршілігі мен тәрбиесінің ұйымдасу
түрлерін сөз етеді. Италия, Швейцария, Шотландия, Норвегия, Япония,
Германия, Франция, Ресей мемлекеттерінің мектепке дейінгі бала бақшаларының
өзара айырмашылықтарын нақтылап айтып, осылардың ыңғайлы іс тәжірибелерінен
үйренуді ұсынады.
Мектеп жасына толмаған балалар деген бөлімде Нәзипа сәбилердің
туғаннан кейін оларды үлкендердін. қалай тәрбиелеп келе жатқанына тоқтап,
баланың жас ерекшелігіне қарай тәрбие жүргізуді ұсынады: ...қазақ жас
баланы үлкендермен бірге өсіре беретін! Үлкеннен айырып бөлек өсірмейтін...
Халықтар соңғы 100 жылда бөлек өсіру, тәрбиелеуге қам қыла бастады. Мән
бере бастады. Ғәділ жолмен Заң туғызуға бет алды. Бала — кішкене кісі.
Баланың тән мүшелері өсуі турасында пән жасап, жаратылысы үлкеннен өзгеше
екенін айта бастады. Табиғат заңына байланысты өсуі керек екенін біле
бастады. Баланың толық адам болуы олардың өзінің әрқайсысының ерекшелігіне
байланысты. Балаға үлкендердің тамағын берсе өлетіні сияқты, баланың жан
тәрбиесіне де әр кезеңде әр түрлі тәрбие беру керек. Оқымыстылар осыны
айырып, жасын тексере отырып, зеректігіне қарай мағына бере бастады. Баланы
еркіменен өсіріп, ілгеріленіп өсіретін тәрбие орындары пайда бола бастады.
Мысалы, үш жасар балаға қарап тұрыңызшы. Оның ересек балалардан айырмасы
бар. Үш жасар балада бір тыным жоқ. Басты қатырады деп шешесі
зарлайды. Үш жасар бала істі өзі орындағанды тәуір кәреді. Өзім істеймін
деп арпалысады. Сұрамайтын сөзі жоқ, неге бұлай? Ол өзі ұстап байқағанды
жақсы көреді. Кісіні шаршатады. Ат болады, түйе болады. Шешесі болып
ойнайды, тағы да басқа ойын дүниесіне кіріседі, үлкендер дүниесі есіне де
кірмейді, жаңа ойынның түрін тауып алады. Үш жасардың мінезі, сөзінің түбі
жоқ. Айтқанды тыңдауға тынымсыз сөзбен жалғас жүреді. Өтірік айтуды
үйреніпті деп, үлкен адамдар оны ұқпайды. Олар сурет салады, бойы жеткен
жерге дейін шимайлайды, саужер қалдырмайды. Сырттағы дүниенің бәрін білгісі
келеді. Үш жасардың қолына не берсең де, соның тұлғасын тануға еңбектенеді.
Көру, есту, иіскеу сияқты жаратылыс мүшесімен таниды, Тапқан заттарының
бәрін ойын қылады. Сөйтіп жаңа білім, жаңа әдеті молыға береді. Қимылдары
да ыңғайлана береді, ойны да мағыналы бола бастайды. Көптің ішінде
жолдастық сезімі пайда болады. Жеті жасқа келгенде ешкімде жұмысы жоқ
сияқты, көпке керегі жоқ нәрсені өз шамасымен тоқтатады. Кітап оқуға,
мектеіп тіршілігіне бейімделе береді. Неше алуан өзгерістеріден өтеді,
өзгеріп, құбылып отырады. Кейде әрекетті, кейде әрекетсіз болып көрініс
береді.
Мектеп жасына толмаған балаға тәрбие неге керек? деген бөлімде бала
бақшасында болмаған балалардың көп жақсы әдеттерден құр қалатыны жайлы
түсіндіріп айтады. Бала бақшасындағы жүгіру, секіру, қағып алу, жоғары-
төмен өрмелеу ойындарының дене мшесінің жетілу, жаттығу, шынығу,
ыңғайланудағы мәнін айтады.
Ойын, сурет, әңгіме жолымен бала бақшасында ойлай білу, салыстыра
білу, заттардың айырмашылығын табу сияқты ақыл-ой дамыту істерінің жүруінің
зор ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz