Сәбилер мен аналар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Мектепке дейінгілерді әлеуметтендіру үрдісі

Сезім мүшелерінің дамуы

Адам бөбектерінің бәрі тумысынан белгілі бір сезімдік ақпаратты
қабылдап, оған жауап қимыл жасауға қабілетті. Бұрын сәби дүниеге келген
бойда өзі мүлдем ажырата алмайтын үздіксіз түйсіктер ағымының ықпалында
болады деп ойлау қабылданған-ды. Белгілі психолог ірі философ Уильям
Джеймс: "сәбидің көзі, құлағы, мұрыны, терісі және ішегі бір мезгілде
дүниені біртұтас, гуілдеген, бұлдыр берекесіздік ретінде ќабылдайды" деп
жазды. Қазіргі зерттеушілердің көпшілігі Джеймстің суреттеуін дәл емес деп
санайды, өйткені бөбек дүниеге келген алғашқы сағаттарда-ақ айналадағы
ортаға құлақ тіге бастайды.
Екінші аптадан бастап бедерлі нәрселер (сызықшалар, шеңберлер, адамның
әлпетін еске салатын суреттер) ашық, бірақ біркелкі боялған нәрседен гөрі
сәбидің назарын көбірек аударады. Бұл қабылдау қабілеті бір айға дейін
әлсіз дамиды да, өзінен отыз сантиметрден ірі тұрған нәрсені бала көмескі
бірдеңе ретінде көреді. Содан кейін көру және есту қабілеттері жылдам
жетіле бастайды. Сәби төрт айлығында бөлмеде қозғалып жүрген адамды өзінің
көз аясында "ұстай" алады. Қолға алғанды сезіну және жылыға ұмтылу
қабілеттері балада туа біткеннен болады.

Жылау және күлу

Сәбилер айналасын іріктеп қабылдайтындықтан, үлкендер оның тәртібіне
қарап аталмыш сәтте оның нені калайтынын табуға тырысады. Бала жылай
бастаса, үлкендер оның қарны ашқаны немесе бір жайсыздық сезінгені деп
ұғады, жымиғаны немесе әлпеттің қандай да түрі рахаттанғанын білдіреді.
Осылай айыра білудің өзі баланың реакциясының әлеуметтік сипатын меңзейді.
Бұл арада жеткілікті терең мәдени тұғыр іске қосылған. Бұл тұрғыдан қызықты
мысал – баланың жылауы. Батыс мәдениетінде сәби әлде кереуетте, әлде
арбашасында немесе ойын бөлмесінде болып, күннің көп бөлігінде анасынан
бөлек болады. Оның жылағаны – ол өзіне назар аударғанды қалайтынын
білдіреді. Көптеген мәдениеттерде бала анасының арқасына таңылған күйінде
күнімен дерлік онымен бірге болады. Мұндай жағдайда анасы баласының қатты
шыңғырып жылағанынан ғана оқыс бірдеңе болғанын сезіп, елең етеді. Егер
бала жиырылып, қозєалақтай берсе, анасы оны емізу керектігін түсінеді.
Мәдени айырмашылық баланың жымиюын ұғынудан да көрінеді. Белгілі бір
жағдайларда қалыпты дамып келе жатқан біржарым айлық кез-келген бала
жымияды. Сәбиге адамның бет әлпетіне ұқсас, көз орнына нүкте қойылған
кескінді көрсетсеңіз жымияды. Ол адамның бет-жүзін көрсе де жымияды және ол
үшін оның сол адамның аузын көру-көрмеуінің маңызы жоқ. Тегінде, жымию
үйретудің нәтижесі емес және күлімдеген өзге бейнеге "жауап" іспетті туатын
нәрсе де емес, туа біткен қасиет болуы керек. Мұны өзгелердің күлкісін салу
мүмкіндігі жоқ, іштен зағип болып туған балалардың сәбилер тәрізді
біржарым айлық шағынан жымиятыны қуаттайды. Алайда күлкі орынды сана-латын
ахуал әрқилы мәдениетте әртүрлі, және баланың жымиюына ересектердің
реакциясын сол анықтайды. Баланың жымиюға үйренуінің қажеті жоқ, бірак ол
қашан және қай жерде жымиюдың орынды екенін үйренуі керек. Мәселен,
қытайлар "көптің арасында" мысалы, бейтаныс адамдармен кездескенде,
еуропалықтарға қарағанда, сирек жымияды.

Сәбилер мен аналар

Сәби үш айлығында анасын өзге адамдардан ажырата алады. Бала оны әлі
кісі, адам ретінде сезіне қабылдамайды, бірақ ол анасымен байланысты
жекелеген нышандарға – көзіне, дауысына, қолға алу мәнеріне қарап айыра
алады. Оның анасын танығаны қимылынан білінеді. Ол, мысалы, біреу емес,
анасы қолына алғанда ғана жылауын қояды, өзгелерге қарағанда анасына қарап
көбірек жымияды, анасы бөлмеге кірсе, қолын созады немесе шапалақтайды,
бауырын жаза бастаса еңбектеп ұмтылуға тырысады. Бір немесе қимылдардың
жиілігі мәдени айырмашылықтарға байланысты. Уганда мәдениетін зерттей жүріп
Эйнсворт, ана баласын немесе керісінше сирек құшып сүйетінін байқаған,
есесіне екеуінің де разылықтарын арқадан қағып білдіруін еуропалықтардан
анағұрлым жиі байқауға болады .
Баланың анасына жақындығы жеті айлығынан бастап қана орнықты болады.
Соған дейін ол анасынан айырғанға ерекше қарсылық білдірмейді, кез-келген
адамды жылы қабылдайды. Нақ сол кезден ол кім көрінгенге емес, көңілі
түскенге жымияды. Нақ сол кезден бастап ол анасын біртұтас адам кейпінде
танып біле бастайды. Бала анасы осы шақта бөлмеде болмаса да, оның бар
екенін біледі, оның бейнесін санасында ұстай алады. Енді оның уақытты
түйсінуі басталады, анасын есінде сақтайды да, оралатын уақытын көре
біледі. Сегіз, тоғыз айлығында сәбилердің жасырған затты іздеу қабілеті
пайда болады, өйткені олар зат қазір көз алдында болсын-болмасын, түбінде
оның осында бар екенін түсіне бастайды.
Сельма Фрайберг өзінің ата-аналарға арналған кітабында баланың осы
шақтағы дамуын керемет суреттейді:
Сіздің мұрныңыздың үстіне қондырған көзілдірігіңізді жұлып ала беретін
алты-жеті айлық сәбиіңіз бар ма? Егер бар болса, сіз менің кеңесімсіз оған
мұны қойғыза алмайсыз. Бала қолын соза бергенде алып, асықпай қалтаңызға
с, не жастықтың астына тығыңыз (тек қайда тыққаныңызды өзіңіз ұмытып
кетпесеңіз болғаны!). Оныңызды баладан жасырмаңыз, бәрін көрсін. Ол
іздемейді, оның бұрын тұрған орнына, сіздің мұрнынызға шүйіліп карайды да,
осыдан кейін оған ықыласын жоғалтады. Баланың іздемеу себебі - ол өзінің
көз алдында тұрмаған нәрсенің болуы мүмкін екенін әлі елестете алмайды.
Сәби тоғыз айға келгенде оған бұрынғы жасағаныңызды қайталап әуре болмаңыз.
Егер ол алып, жастықтың астына жасырғанынызды көрсе, жастықты ысырып,
алады. Ол енді заттың, көзден ғайып болса да, бар екенін біледі. Бала алып
жастықтың астына жасырғаныңызға дейін қадағалап, іздей бастайды. Бұл
танымдағы орасан зор секіріс, ата-аналардың оны байқамай қалуы мүмкін емес,
өйткені содан бастап олардың көзілдірігі, сырғасы, қорқоры, қаламы және
кілті олардан алынып қана қоймайды, қойған жеріңізден таба да алмайтын
боласыз. Бұл кезеңде ата-аналарды сөз болып отырған мәселенің теориялық
астары әсте алаңдата қоймайды. Алайда, теория іс жүзінде пайда келтіретін
кездері де болады. Сіздің сықырлы жеңіңізде тағы бірдеңелер бар. Былай
жасап көріңіз: сәби жастықтың астына жасырғаныңызды көре берсін. Ол оны
сол жерден тапсынақ. Осыдан соң одан көзілдірікті алдап-сулап алыңыз да,
жастықтың астына жасырыңыз. Мұндайды ол мүлдем күтпейді. Ол көзілдірікті
бұрынғысынша бірінші жастықтың астынан іздейді, бірақ басқасының астынан
мүлдем іздемейді. Гәп мынада: бала жасырылған зат бұрынғысынша бар, бірақ
сол баяғы өзі бір рет тауып алған орында деп түсінеді. Тіпті сәби оны сол
жерден таппағанның өзінде, сол жерден іздей береді, көзілдірік басқа жерде
болуы мүмкін деген ой басына да келмейді. Демек, заттардың ғайып болып
кетуі де мүмкін екен. Бірақ, араға бірнеше апта салып, ол іздеу аумағын
кеңейте түседі, сөйтіп зат әрқашан бар болып, бір жерден екінші бір жерге
орын ауыстыра алады деген жаңалық ашуға беттейді .
Баланың алғашқы айлары – оның анасы үшін де таным уақыты. Аналар
(немесе басқа байқаушылар – әкесі және апа-ағалары) сәбидің тәртібі арқылы
берілетін хабарды түсінуге, сөйтіп оған тиісінше жауап қатуға үйренеді. Бір
аналар мұндай белгілерге басқалардан әлдеқайда сезімтал; мұның үстіне
әрқилы мәдениеттерде әртүрлі сигналдар ең алдымен қабылданып, оған жауап та
әртүрлі болады. Белгіні зерделей білу ана мен баланың арасындағы қатынастың
сипатына төтенше күшті ықпал етеді. Бір ана баланың мазасыздана бастағанын
шаршағандық белгісі санап, оны төсекке жатқызады. Екінші бірі ол белгіні
ойын ойнағысы келдіге санап қабылдауы мүмкін. Көбіне ата-аналар балаға
өзінің тіл қабылдауын тілейді. Мәселен, кейбір ана баламен тұрақты да жақын
қатынас орната алмай, бала өзін жек көреді, жақын тұтпайды деп ұйғаруы
мүмкін.
Белгілі бір адамдарға үйірсектікті қалыптастыру – әлеуметтенудің аса
маңызды белесі болып табылады. Бастапқы қатынас, әдетте бөбек пен ана
арасындағы қатынас, күшті сезімдер туындатады да, солардың негізінде
күрделі әлеуметтік даму процесі жүреді.

Әлеуметтік реакцияның қалыптасуы

Сәби, ана және өзге қамқорлар арасындағы қатынас бала бір жасқа тола
өзгере бастайды. Баланың тілі шыға бастайды, тік тұра алады, көптеген
балалар он төрт айлығында жүріп кетеді. Екі-үш жасында бала отбасының өзге
мүшелерінің арасындағы қатынастарды, олардың эмоцияларын ұғына бастайды.
Бала басқаларды уатуды немесе ызаландыруды үйреніп алады. Екі жасар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тілді дамытудың алғашқы сатысы
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ, МШДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ШАРТТАРЫ
Әлеуметтік педагогтың жетім балалармен жұмысы
Балалық шақ адамның бастапқы өмірінің белгілі бір бөлігі
Жетімдік. Жетім балаларды асырап алу
Ерте жастағы балалардың 2-жасқа дейінгі даму кезеңдері. Апгар шкаласы
Қазақстандағы демография туралы
Көше балаларының пайда болуы және олардың құқығын қорғау
Мектепке дейінгі баланың зияткерлік дамуында «Ата-ана – бала- педагог» байланысының атқаратын ролі
Мектепке дейінгі педагогика идеясының дамуы және оның қайнар көзі
Пәндер