Оқытылатын пәндер
2.Түземділіктер арасында жүргізіліп жатқан халық – ағарту саласындағы
біздің қамқорлықтарымыз тек орыс-түземдік мектептер арқылы ғана көрініс
табуда. Бұл орыс өкіметінің алдына қойылған мемлекеттік мақсатқа қол
жеткізуге тіптен жеткіліксіз. Балалардың мұсылмандық әдебиеттер мен
мұсылмандық шарттардан бойын аулақ ұстауы үшін біз мұсылмандық оқу
орындарының өмірімен танысып, олардың оқу бағдарламасын орысша үлгіге
сәйкес өзгертуіміз керек. Ресей туралы және Европалық білім жайлы мәлімет
беретін түземдік тілде кітапшалар шығарылуы тиіс.
3. Түркістанда мұсылмандық мектептердің саны төрт мыңнан кем емес. Бұл
мектептер жөніндегі мәліметтер бізге тек сырттай жетеді. Мұсылман
мектептерінде мыңдаған балалар оқиды. Заңды құжаттар әкімшілік мұсылман
мектептеріне бақылау орнатуға құқылы. Мұсылмандық мектептердің қызметін
теріске шығару заңға қайшы. Өлкедегі оқу-ісі басқармасының штатында Халық
Училищесінің екі инспекторы бар. Олардың Түркістан өлкесіндегі барлық
мұсылмандық оқу орындарына бақылау орнатуға мүмкіндіктері жоқ. Сондықтан
Қазан және Орынбор округтеріндегі сияқты Түркістанда да мұсылман
мектептерінің инспектор қызметі болғаны дұрыс. Ондай инспекторларға
өлкедегі барлық мұсылман мектептері жөніндегі мәліметтерді ретке келтіріп,
дер кезінде пайдалы істерді жүзеге асырып отыру міндеті жүктелер еді, -
деген 26. Сондықтан да, қандай амал шара болмасын мұсылмандық және
конфессионалды мектептерді жою мәселесі тұрды. А.Алекторовтың мәлімдеуі
бойынша: Татар тілінде прокломациялар да пайда болған, оларда крестьян
начальниктері лауазымының енгізілуіне байланысты, қазақтар крестьяндарға
айналады, әскери міндетті атқаруға шақырылады. Оларға орыс тілін үйретіп,
хрестиан дінін қабылдауға әзірлейді. Қазақтар орсша сөйлеуге, оқуға және
жазуға үйренгеннен кейін әскер қатарына шақырылыды-деген сияқты сөздер
жазылған 27.
Діни оқу орындары (кадим оқуы) негізінде қазақ мектептері үлкен-кішілі
ауылдарда жұмыс істеген. Мұндай мектептерде кезінде татар, башқұрттар
молдалары ұстаздық еткен. Оқыту ақысы халық қалтасынан жиналып заттай,
кейде ақшалай төленген. Балалар қыс, күз айларында (жыл тәулігінің 4 не 6
ай бойына) оқыған. Оқу мерзімі 4 жыл болған, оқуға балалар 7 жастан
қабылданған. Жыл аяғында емтихан тапсыру, мектеп бітіргені үшін балаға
ресми куәлік беру тәртібі сақталған. 1894 жылы Торғай облысында 457 оқушысы
бар 59 діни мектеп-медресселер жұмыс істеген 46. 1894 жылы Ақмола бойынша
мұндай діни мектептер саны 13 болды, оларда 517 шәкірт оқыды, 1898 жылы 425
шәкірті бар 11 болса, ал 1907 жылы 970 шәкірті бар 15 діни оқу орындары
болғаны белгілі 28. Отаршылдық саясатты айқын сипаттайтын мәліметтің бірі
– Түркістан генерал-губернаторы Духовский 1899 жылы жоғарғы үкіметке
жіберген Түркістан исламы атты баяндамасында Сырдария, Ферғана, Самарқант
қалаларында 119 орыс мектетерінде 5256 мұсылман діни мектептері мен
медресселері, ал 42 православиялық шіркеуіне 11964 мешітке келетінін айтып
дабыл қағады.
Духовскийдің көтерген басты мәселесі исламмен күресу болды. Баяндамада
қатаң шаралардан мүмкіндігінше тартынып, халықтың жан дүниесін, сана-
сезімін жаулап алу мақсаты көзделген, Мысылы: Түркістан мұғалімдер
симинариясы, негізінен қазақ балаларын орыс балаларынан кейін қабылдайтын
болған.1879-1904 жылдары аралығында семинарияда орыстардан басқа 54 қазақ,
9 өзбек, 3 татар, 1 түркімен оқығанын хабарлаған 20. Мұстафа Шоқай
Духовский кім болған деген сұраққа: Генерал Духовский Әндіжан
көтерілісінен кейін, бүкіл әндіжан ғұламаларын мешітке жинап алып, өзінің
аяғына жығып, тағызым етуге мәжбүр еткен. Аса қадірменді ғұламалардың
біразының сәлдеге қойған бастарын басып өткен де осы Духовский еді, - деп
жауап барген 29. Миссионерлердің қолдауымен ашылған орыс-түземдік аралас
мектептер мақсаты жағынан мұсылман мектеп-медресселеріне қарсы пайдаланатын
идеологиялық құрал ретінде өкімет тарапынан қолдау тауып отырды. Осы
себепті де Түркістан өкіметінде орыс-қазақ мектептерін орнықтырушылардың
саясатын айқындайтын бір құжатта: В Туркестанском крае намерен держаться
обруссительной политики при посредстве русской школы, - деп ашық
көрсетілген 20. Мұның мәнісін 1853 жылы Перовск уезінде қазақ балаларына
арналған мектеп ашылғанда, генерал-губернатор фон Кауфманның өзі арнайы
келіп орыс, қазақ балаларын араластырып оқытатын орыс-қазақ мектептердің
болуын көздеген. Өйткені, балалар жастайынан орыс-қазақ мектептерінде оқыса
дүниетанымы мен мінез-құлқының қалыптастырып шоқындыруға бейім, өз халқының
рухани тамырынан қол үзіп, ұлт тағдырына салсоқ қарайтын делқұлы жандар
шығатынын жақсы білген. Фон Кауфман әсіресе қазақ қыздарын оқытуға ерекше
мән беріп, ұрпақты миссионерлік мақсат тұрғысынан тәрбиелеуші бесік иесі
аналар деп қараған.
Миссионер Н.И.Ильминский басқа ұлт өкілдерін орналастыру жолындағы
жұмысын мынандай бағыттарда жүргізеді: 1) ұлт тілдерінде сабақ өз тілінде,
бірақ міндетті түрде орыс алфавитімен оқытуды талап еткен; 2) сабақ таза
орыс тілінде жүргізілді, тек сабақ үстінде түсінбеген жерін ана тілінде
айтуға рұқсат етілді; 3) сабақ тек орыс тілінде жүргізіліп, ана тілінде
сөйлеуге рұқсат етілмеді. Сонымен болашақта орыс тілінде ғана сабақ
беріліп, орыс алфавитінде шығарылған оқулықтармен оқытылуы тиіс болды.
Ал, бүгінгі күндері сонау орыс отарлаушы саясаткер сымақтардың айтқан
болжамдарының айдан-анйқтығын тарих дәлелдеп отыр. Ғылми негізі дұрыс
қойылмаған миссионерлік идеяның жемісі болған орыс-қазақ мектептерінде
әрқашан да қазақ кластарын екінші сорт қатарына жатқызып, біз нағыз
интернационализмнің ұранын көтерген ұя ордасы - деп көкірек қағылып
келді. Менің Сәбитім-деген естелік қолжазбада С.Мұқановтың мынандай
оқиғаны бастан кешкені туралы жазылған. 1969 жылы КазПИ-де М.Щербаков деген
педагогика саласында кандидаттық диссертация қорғамақ болған. М.Щербаковтың
авторефераты қолына кездейсоқ түскен С.Мұқанов оқып қатты ашуланды. – Ман
қорғауға қатысайын. Ғылыми Советтің мүшесі емеспін, дегенмен де өз ойымды
айтайын. Мынаған жол бермеу керек! Мыналар қазақтардың тамырына балта
шабайын дегені ме?! Қазақ мектептерін жабу керек, олардың болашағы жоқ
дейді ғой мынау?!-деген 30. Қорғауға келеді, бірақ жалғыздың үні шыға
ма, диссертация қорғалып, асыра мақталып, бекітіліп кетеді.
Патша өкіметі тұсында ашылған алғашқы орыс мектептері бұратана
халықтар үшін миссионерлік мектептер еді. Бұдан 200 жыл бұрын тіпті орыстың
реакцияшыл тарихшыларының өздері: кірме қазақтар үшін ашылған миссионерлік
мектептер осы халықтарды құлдыратудың бірден-бір жауыз тәсәлі деп жазды.
100 жылдан соң осындай пікірді сібірлік тарихшылар А.К.Шапов пен өткен
ғасырдағы алғашқы бурят ағартушысы Д.Банзаров және т.б. айтып кеткен.,
Патшалық Россияның мектептеріндегі миссионерлік бағыты XIX ғасырдың аяғына
дейін жалғасып келді. Кейін ол орыстандыру мен алмастырылды. С.Мұқанов:
Ұлттық мектеп кез келген халықтың, ұлттық мәдениеттің қайнар көзі. Мектеп-
тілдің, әдебиет пен баспасөз өнердің көптеген түрлерінің, тіпті ақыр
аяғында ұлттың ұлт болып сақталуының негізі-деген 30.
С.Мұқанов Ұлт мектебінің дамуына, өркендеп өсуіне шекту қойылып
жатқанына жаны ашып, шырылдап айтса да, ло кезеңде ешкімнің құлақ асқылары
келмеді. Себебі, халық педагогикасы жөнінде ғылыми-зерттеулер жүргізілмеді.
Ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу санадағы ескінің сарқыншақ қалдықтары деп
бағаланды.
Мектеп, мектептен тыс мекеме және балалар мен жастар ұйымдарының
тәрбие жұмыстары коммунистік идеологияға негізделді. Оқулықтар мен оқу-
әдістемелік құралдар орыс тілінің аудармасы түрінде қолданылды. Қазақ
тілінде оқу-тірбие жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар жазу назардан
тыс қалды.
Дегенмен, ұлттық педагогиканың алғашқы ұзақ ғасырлардан бері келе
жатқан қазақ педагогикасының қоғамдық өмірінің қажеттілігіне айналуына
бағытталған туындылар – М.Жұмаьаевтың Педагогика, А.Байтұрсыновтың Оқу
құралы, Тіл құралы, Ж.Аймауытовтың Тәрбие жетекшісі, Психология атты
еңбектері, С.Көбеевтің, Н.Құлжанованың, М.Әуезовтың, М.Дулатовтың,
Қ.Жұмағалиевтың, Е.Омаровтың,М.Ғабдуллиннің, Ә.Марғұланның т.б. шығармалары
жас ұрпақтың бойына ұлттық сана-сезім көзқарасын қалыптастыратын еңбектер.
Кеңестік дәстүрдегі педагогика,психология ғылымдары саласында М.Жұмабаев,
Ж.Аймауытов, Ш.Әлжанов, Р.Лемберг, Т.Тәжібаев, !.Сембаев,
Ә.Сыдықов,Г.Храпченков, Н.Хмель, А.Көбесов т.б. монографиялық еңбектері
жарық көрген. Педагогикалық, психологиялық оқулықтар ана тіліне аударылып,
ғылыми терминдер қалыптасты. Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан
кейінгі кезде халық педагогикасын оқу-тәрбие жұмыстарына енгізуіне белсене
араласып жүрген ғалымдарымыз: Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ә.Табылдиев,
М.Балтабаев, Қ.Бөлеев, С.Ұзақбаева, М.Оразаев т.б. Мектептер мен мектептен
тыс мекемелерде, орта және жоғарғы оқу орындарында ескі педагогикалық
тәжірибелердің орнына жаңаша, ұлттық тәлім-тәрбиенің қағидалары енгізілуде.
I.2. Жадидік жаңа әдіс мектептері мен орыс-қазақ мектептерінің пайда
болуының маңызы.
XIX ғасырдың I жартысынан бастап Қазақстанда білім беру мен оқу-тәрбиенің
екі түрі қалыптасты. Оның бірі-ерте заманнан келе жатқан мұсылмандық
конфессионалдық діни мектептер мен жаңа әдіс, екіншісі-патша өкіметінің
қазақ балаларына арнап ашқан орысша оқытатын мектептер. Мектептердің бұл
екі түрі жүйесінің алға қойған мақсаттары мен міндеттері, бағдарламалық
материалдардың ғылыми-практикалық денгейі, сабақтардың түрлері мен
мазмұндары, шәкірттерді оқыту әдістері мен қолданылатын көрнекі құралдары,
материалдық базасы, мұғалімдерінің білім дәрежесі, дүние-танымы мен
көзқарастары бір-біріне қарама-қайшы болатын. Орта ғасырларды қалыптасқан о
дүниелік танымдарды уағыздайтын діни мектептер мен медреселер осы дүниелік
өмір қажеттілігін өтеуге арналған деректерді оқытатын орыс мектептері бір-
бірінен тым алшақ, оқу-тәрбие жүйелері өзгеше еді.
Қазақстан территориясындағы оқу-ағарту мәселесін тек орыс-қазақ (аралас)
мектептерінен басталды деп ойласақ, онда қателескен боламыз. Шан мәнінде
ұлттық мектептердәң бастау бұлағы мұсылмандық мектептер мен медресселердің
тарихы, олардың оқу-тәрбие ісінің мазмұны, халықтың белгілі зиялыларының
(Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов,М.Дулатов, М.Жұмабаев т.б.)
педагогикалық көзқарастарының қазақ халқының бай тәлім-тәрбиелік мұрасы
т.б. мәселелер зерттеу объектісінен тыс қалып келеді. Дегенмен де, орта
ғасырдың алғашқы дәуірінде (VII-VIII ғасырларда) өмір жолын бастаған
Қазақстандағы ұлттық мектептердің мазмұндық ерекшеліктері бүгінгі күннің
кәдесіне жарарлық құнды тәлім-тәрбиелік мәліметтер беретіні сөзсіз.
Еліміздің оңтүстік аймақтарындағы қалаларда көптеген діни иектептер,
медресселер, кітапханалар болды. Ол оқу орындарында мыңдаған қазақ балалары
оқып, білім алды. Араб басқыншылары, жергілікті түркі тілдес халықтарға
мұсылман-дінін енгізу арқылы, араб тілін де бірге алып келді. Қазақстандағы
медресселердің ең көнесі, әрі ең үлкені Түркістан қаласының құшағында,
Қаратау бөктеріне орналасқан айтулы Қарнақ, (қазіргі аты Атабай)
медрессесі. Оны бітіргендердің білім дәрежесі кезінде Бұхара, Самарқант,
Ташкент қалаларындағы медресселерінің шәкірттерінен кем болмаған. Сол
сияқты Түркістан, Шымкент, Сайрам, Әулие-ата, Ақмешіт, Мерке, Семей,
Ақмола, Қарқаралы қалаларындағы мешіт-медресселермен қатар, XIX ғасырдың II
жартысынан бастап ауылдық жерлерде де мешіт-медресселер ашыла бастады.
Мешіт-медрессе - деп қосарлап атап отырған себебіміз, мешіттер тек
қана намаз оқитын отын емес, оларды міндетті түрде балаларды оқытатын
мектеп үйі ретінде де пайдаланған. Мұндай мешіт-медресселер Сырдария өзені
бойы мен Қаратау бөктерінде көп болғандығы тарихтан белгілі. Оңтүстік
Қазақстан облысы, Алғабас ауданындағы Ақшам (Шаянмешіт-медрессесі),
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы Айқожа (Ақтас мешіт-медрессесі)
Сейітахмет (Қарасофы мешіт-медрессесі) Сырдария ауданындағы Марал
Құрманұлы сияқты азаматтардың мешіті болған.31 Мешіт-медресселерде
молдалар (ұлты татар, башқұрт) ұстаздық еткен. Оқыту ақысы халықтан жиналып
отырған. Заттай, кейде ақшалай төленген. Балалар қыс, күз айларында (жыл
тәулігінің 4 немесе 6 ай бойында) оқыған. Оқу мерзімі 4 жыл болған. Оқуға
балалар жеті жастан қабылданған. . Жыл аяғында емтихан тапсыру, мектеп
бітіргені туралы балаларға ресми куәлік беру тәртібі сақталған.Оқушылар
сауат ашу жолын 28 араб әріпін және оның жазылу мағынасын сөз арқылы
жаттаудан бастаған. Сол кезеңдегі мектептердің бірінші оқу құралы ретінде
Шарият-ұл-иман немесе Иманшарт пайдаланылған. Иманшартта жоғарыда
аталған 28 әріпті қамтитын ойдан шығарылған 8 сөйлем, діни ырымдарды өткізу
кезінде оқылатын әр түрлі дұға мен әрбір мұсылман білуге тиісті діни
шарттар барілген. Мұндағы дұғалар мен шарттарараб тілінде болғандықтан,
олардың мазмұнын сауатты молдалар балаларға қазақша түсіндіріп жаттатқан,
ал араб тілін білмейтін молдалар түсініксіз болса да, оқушылардың жатқа
айтуын қадағалаған. Мұсылмандық мектептерде білгілі оқу жоспары,
оқушылардың жас шамаларына қарай топтау, оқу бағдарламасы бойынша сабаққа
бөлу болмаған. Мұғалім 10-15 оқушының әрқайсысына олардың шамасына қарай
сабақты жеке-жеке түсіндіріп отырған. Сондықтан әрбір шәкірт мәселен, жарты
жыл уақыт мерзімінде өз ынтасымен қабілетіне қарай алғыр шәкірт санатында
танылған. Екінші оқу жылы Иман-шариатты оқып білгеннен кейін,
Әптиекті(Хафтияк парысша Хафт-жеті,як бір) өткен. Әптиек-құранның
жетіден бір бөлігі. Әптиекті біткеннен соң Құранға көшетін болған.
Құранмен қатар оқушы түрік және араб кітаптары бойынша исламның діни
шарттары мен ырым ережелерін оқып үйренген. Олар: Бадауам, Ахир-заман,
Фазенлуш-шухур, Қырық хадис, Шурут-ус-салат, Фикку-Қадани. Бұл
кітаптардың алғашқы төртеуі түркі тілінде, қалған төртеуі араб тілінде
жазылған. Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы мектептерде алғашқы төрт
кітабының орнына Чор китаб, Субат-үл-аджизин, Хихмат, Науай мен
Физулидің және түркі мен парсы тілдерінде жазылған Шығыстың басқа да ақын-
жазушыларының шығармалары оқытылған. Мектептен белгілі дәрежеде білім
алғандар көбінесе қалалы жерге орналасқан медресселерге жан-жақтан келіп,
білімін әрі қарай жалғастарған.Медресселер исламмен байланысты елдерде 10-
12 ғасырлар арасында мұсылман ғұламалары әнгіме өткізетін орын ретінде
пайда болған 31.
Орта Азиядағы бірінші медрессе-Самарқантта 1420 жылы салынған Ұлықбек
медрессесі. Бұл жерде сабақ беру үшін мұғалімдерді діни дәрежеде емес,
білім дәрежесіне қарай іріктеп алатын еді. Медрессе ашылған күні оған бүкіл
шәкірттер, ұстаздар, ғалымдар және Сарай төңірегіндегі бектер, дін иелері,
шейхтар жиналды. Барлығының көкейінде: Ұлықбек медрессесінің бас
мударрисіне (мұғалімдігіне) кімді сайлар екен?-деген сұрақ туады. Бұл
мезетте Ұлықбек жиналған топқа қарап: Кімде-кім барлық ғылымға жетік
болса, медрессені сол басқарады, - деп мәлімдейді 32. XIX ғасырдың 60
жылдары Орта Азияда болған венгр саяхатшысы А.Вамбери Бұхарада ірілі-ұсақты
360 медрессе болғанын атап көрсеткен. Ал, С.Р.Кнопканың мәліметі
бойынша1910 жылы Түркістанның барлық облыстарында 8 мыңдай мектеп пен
медрессе жұмыс істеген.
Медрессеге жаңа түскендер алдымен парсы тілінде жазылған Авайл-
улилмдд (Ғылым басы) бітіріп, саоан соң негізгі пәндерге кіріскен.
Негізгі пәндер үш топқа бөлінген:
1. Улум-ул-арабия-араб философиясы. Ол таджив-фонетика, сарф-
морфология, наху-синтаксис, аруз-просодия (өлең буындарының
өзара сәйкестігі туралы ілім) және риторикадан құралған.
2. Улум-уш-шария-шарият мұсылмандық хұқықтық, заңға кіріспе,
мұрагерлік хұқықтық, соқыр сенімдік дін ілімі, аңыз, құранды
түсіндіру ережесімен оқытылған.
3. Улум-ул-хикмия-эстетикалық және философиялық ғылымдар. Оған
мантық-логика, илахият-метафизика, табиғат-эстетикалық білім,
разият-математика, фалахият-космография және астрономия
оқытылды 31.
Осылардың ішінде шариат-ғылымдарының ғылымы ретінде көрнекті орынға ие
болған. Мұсылман ғалымдарының пікірі бойынша адам ақыл ойының барлық талап-
тілектеріне тек шариаттан ғана жауап алуға болады. Барлық ғылымдардың
өрісін шариат сөз ете алады және шындық үшін жасалған ізденістер шариатқа
барып тірелері хақ делінген.
Жалпы алғанда, діни мектептер мен медресселердің баға жетпес пайдасы-
сауат ашумен қатар білім-ғылымға жетелеп, кісілік имандылық тәрбиесін арқау
еткен шығыс ойшылдары Фердауси, Низами, Науай, Физули т.б. шығармаларынан
сусындауға мүмкіндік беруінде болды.
Архив құжаттарында мектеп пен медресселердің, соның ішінде Қостанай
облысы бойынша жұмыс істеген мешіт-медресселердің құрылымы төмендегідей
еді:
1-Кесте. Қостанайда ашылған мешіт-медресселер
1 2 3 4 5 6 7
N Место В чьем доме Кто КоличествДавно ли Кто
положение наход. Мед.изаведовал. о существуеразрешиль
медрессе и мектеб Где учеников т
мектеб. получили медрессе
образования т мектеб
1 г.Кустанай Мектеб в Мулла 80 с 1905г Оренбургски
доме Абдуалиева й учебный
Гали-улы г.Троицк округ
Бекмухамедов
а
2 г. Кустанай В доме Нафия 36 с 1905г Там же
братьев Карачурина
Янушевых г.Троицк
3 N9-аул Мектеб в Киргиз Сафе80 с 1905г Без
Арқарагайскинаемном домеАхметов разрешения
й волости Оспана
Исабаева
4 Татарское Мектеб в Мулла Сабит130 с 1906г Без
слабодка собственном Загиров разрешения
доме при г.Троицк
мечети
5 N11 Мектеб в Киргиз 21 с1906г Без
Арангайская собственном Абдулл разрешения
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz