Натюрморт жанрының көркемдік ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Мазмұны: Кіріспе
: 4
Мазмұны: 1 Бейнелеу Өнеріндегі натюрморт жанрында кӨркем шығармашылықты қабылдау
: 6
Мазмұны: 1. 1 Бейнелеу өнерінде натюрморт жанрының даму тарихы
: 10
Мазмұны: 1. 2 Натюрморт жанрының көркемдік ерекшеліктері және сыршырайда шығармашылық іс-әрекеттерді қалыптастырудың жолдары
: 28
Мазмұны: 1. 2. 1 Қарапайым заттардан құрастырылған натюрмортты бейнелеудің әдістемелік үлгілері
: 31
Мазмұны: 1. 2. 2 Интерьердегі натюрморт қойылымдарының пайымдаулық ерекшеліктері
: 35
Мазмұны: 1. 2. 3 Сәндік сыршырайдағы натюрморт жанрының пайымдаулық құрылымы
: 37
Мазмұны: 2 пайымдауда Натюрморт жанрында кӨркемдік тұтастықты қабылдау
: 42
Мазмұны: 2. 1 Натюрморт жанрындағы түр мен түстің көркемдік ерекшеліктері
: 56
Мазмұны: 2. 3 Натюрморт жанрында шығармашылықты қалыптастыруда көркемдік материалдардың түрлері мен ерекшеліктері
: 65
Мазмұны: 2. 4 Натюрморт жанрында орындалатын дипломдық жұмыстарға қойылатын көркем шығармашылық талаптар
: 83
Мазмұны: Қорытынды
: 89
Мазмұны: Пайдаланылған Әдебиеттер тізімі
: 90
Мазмұны: Бейнелеу Өнеріндегі терминдер сӨздігі
: 93

Бейнелеу өнері арқылы жастарға

білім мен өнердің тәрбиелік мақсаты

жөніндегі осы оқулыққа демеуші ретінде қамқоршылық жасаған

Мұхамбетжанова Гүлайым Мұханбетхали қызына

үлкен алғысымды білдіремін

Кіріспе

Білім іргетасының мықты қалануы қай заманда болмасын білім мен өнер, қоғам дамуының қайнар көзі болып табылады. Сондықтан да жоғарғы оқу орындарында білім беру және ғылыми зерттеу мен шығармашылық жұмыстарға зор мән беру заңдылық. Ұсынылып отырған оқу құралы, бейнелеу өнерінің бір саласы натюрморт жанрына арналды. Негізінен оқулықтың арқауы болып отырған натюрморт өнерінің өзекті мәселелеріне натюрморт туралы жалпы әдіс-тәсілдерді оқып-үйрену және оның теориялық сипаттама нұсқалары енгізіліп отыр. Мысалы, натюрморт жанрының даму тарихынан бастап, натюрмортты қалай кескіндеу туралы, оның жазылуы, бейнелеу жолдары, қолданылатын материалдар, жазу технологиялары жөнінде, натюрморт жанрына кең көлемде түсінік беру, натюрморт тақырыбы бойынша дипломдық жұмысқа нұсқау, қазақ тілінде аударылған бейнелеу өнері терминдері т. б. мағлұматтарды қамтиды.

Натюрмортты салу да келбет өнері мен табиғатты бейнелеудің кейбір заңдылықтарын қамтиды. Композициялық және құрылымдық жүйе мен бояулардың кеңістікте өзгеруі, айшықты формалар және материалдық қасиеттерін беру, үлкен қатынастарды шешу, кеңістікті көрсету және т. б. Бұл заңдылықтар жөнінде төмендегі әдістемелік жаттығуларда толығырақ тоқталып өтеміз.

Оқу құралының пәні мемлекеттік білім беру стандартына ҚР МЖМБС 3. 08. 257-2006 сәйкес, 050107- Бейнелеу өнері және сызу маманыдығының міндетті компонентіне жатады. Оқу құралының мазмұны мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес және «Академиялық сыршырай» атты оқу әдістемелік кешеннің бағдарламасына сүйеніп жазылған. Оқу құралының бейнелеу өнері және сызу мамандығының оқу үрдісінде қолданысы қажет болғандықтан ұсынылып отыр.

Оқу құралының міндеті, өнері факультетінің, 1-2 курс студенттеріне арнайы мемлекеттік тілде жазылған натюрморт жанрын сыршырай құралдары арқылы сомдау мәселесі барысында көмек көрсету. Қалыптасқан тәжрибенің негізін талдап, шәкірттердің көркемдік танымын дамытуда жаңа әдіс-тәсілдерді зерттеу. Төмендегі ұсынылып отырған мәселелерге зейін қойып, мұқият түсініп орындауда студенттерге келешекте сыршырай өнерінің, натюрморт жанрын жақсы меңгеруге біршама ықпалын тигізуі сөзсіз.

1 Бейнелеу Өнеріндегі натюрморт жанрында кӨркем шығармашылықты қабылдау

Тарауға кіріспе

В. Фаворский: «Жалпы сезім бар, әуендік сезім бар, жалпы көру бар, көркемдік көру бар. Көркемдік көру түйсігінсіз, бейнелеу өнері қалыптаспайды», - деген болатын.

Бояумен сурет салып, жазу үшін, көре білу керек. Адам қоршаған ортаны түрліше қабылдайды. Ал суретшінің көруі, дүниетанымымен, көрген затын образды сезінуімен байланысты. Суретшінің көруі - шығармашылық. Академиялық сыршырайда бейнелеу тілін үйрену қарапайым заттардан құралған натюрморт жанрынан басталады.

«Көзбен көргендей, жүрегіммен де көре аламын», - деген Камиль Короның пікірі ұлы сезімдерге әкеледі.

Өнермен тілдесу - бұл адамның өз-өзімен образды тілдесу. Өнерді қабылдап қана қоймай, оның жасырын тылсым-тұңғиығына бойлап, мән-мағынасын ашады. Өнерді ғылыми түрде түсіну - жинақтау - түйіндеу, топшылау, нобайлап түйсіну, сезім жітілігі, қанатты қиял, шабыт құдыреті, яғни рухани жан жылулығының байлығы. Көркемдік, образды ойлау қабілеті қаз-қатар, сабақтас.

Көркем бейнелік және ғылыми таным көрінісінің шынайы бауырластығын теориялық, логикалық түр - тұрпаттардың өзі мейлінше бейнелі жарастық тауып, сезім әсерімен байыған, шабыттанған көркемдік ізденістер тәжірибесінен аңғаруға болады. Ал мұндай бірлестікте сезім теориялық сипат алды. Суреткер көзқарасы, аңғару әрекеті, ұғым ойы жанданып, рухтанып, көркем ойға айналып кетеді. Көрінетін нәрселер нысаналар құрылысын орналасу тәртібін бейнелеуде - ауа, орта, жарық, сәуле қатынасын айқындауда ғылыми жетістіктер мен зандылықтар тікелей басшылыққа алынып, бейнелеу өнері ақыл-ой, парасат, білім ұғымымен парапар саналған. Көркем шығарма мазмұны қандай болғанның өзін де, белгілі бір сәтті, жағдайды шынайы суреттеу үшін - байқағыштық, жітілік, өткірлік, қанатты қиял, сыршылдық сезім, сүйіспеншілік қуанышымен қатар математикалық дәлдік, физикалық дәлдік, ойшылдық, білім тереңдігі қаншалықты, қажет екенін Гете 1810ж. «Түстер жайында білім» еңбегінде айрықша атап көрсетеді.

Академиялық сыршырай пәнінде шығармашылық іс-әрекетке үйрету мен көркемдік түйсінудің, көркемдік тәрбиеде алатын орны, пән аралық ара қатынасы зор (бейнелеу өнері тарихы және теориясы, композиция, академиялық сурет, өнер шығармасын талдау және сипаттау, түстану, философия, мәдениеттану және т. б. ) . Бейнелеу өнері мен көркемдік тәрбиенің (мұражайға, театрға саяхат, суретшілермен кездесу, тақырыпты шығармашылық кештер және т. б. ) жоғарғы оқу орнында жете қарастырылған.

Өнерді қабылдау проблемасы өнердің, эстетиканың пайда болуымен бірге қалыптасады. Ежелгі гректер көркемдік жайында ойларын толықтырып, барлық өнердің арасындағы жалпы ұғымды іздей отырып, екі топқа бөлді:

1-топ - музыка, поэзия, би;

2-топ - мүсін, сыршырай, сәулет.

«Әдемі туындылардың пайда болуы, ұлы қуаныштарға бөлейді», - деп, ежелгі грек ойшылы Демокрит анықтаған еді. Өнерді қабылдаудың шегіне де көңіл бөлген. «Егер өнер белгілі бір шектен асып кетсе, ең жағымды жағымсыз болуы мүмкін».

Ұлы афиндық философ-идеалист Платон өнерді әлемнің ең жоғарғы құндылығы деді. Өнер адамға эстетикалы әсер етеді. Өнердің моральдық көзқарасы жағынан тиімділігін көрсетті. Бірақ сонымен бірге, Платон жаңа өзгешелікке ұмтылған өнерді сынады. Оның еш көмегі жоқ, адамды дұрыс жолынан тайдырады, шындықты жалған бейнелейді деді.

Антик философы Аристотель болса, өнердің көмегімен адам ең биік мақсаттарға жете алады деп анықтады. Аристотельдің эстетикалық және өнегелі идеалы классикалық сипатта. Ол эстетикалық тәрбиеге ерекше көңіл бөлді. Өнердің адамға деген әсерін, тәрбиенің маңызды бөлігі, медициналық көзқараста адамға психологиялық әсер етеді.

Сезімдік қабылдаумен бірге оқытылатын сезім бар. Мысалы, музыкада дыбысты ғана қабылдамай, гармониясы мен дисгармониясын қабылдау. Ежелгі философтар, өнердің тұтастығын поэзиямен бейнелеу арасынан анықтады. Ақын Симонид поэзия-сөйлеп тұрған сыршырай, ал сыршырай болса, үнсіз поэзия деген. Византиялық тарих зерттеушісі Прокопий Кесарийский (Vғ. аяғы- VI ғ. екінші жартысы) храмдардың бұндай құрылысы адамзаттың қолынан емес, құдайдың жаратқаны деп сендірді. Шіркеу өнерді, дінтанушыларға нәзік психологиялық әсер ету үшін пайдаланды. Жарқ-жұрқ еткен алтын иконалар, қабырғадағы қасиеттілердің бейнелері, жарқыраған шамдар, адамның жоғары және таза дауыстары керемет, салтанаттылықты тудырды.

XIXғ. басында көркемдік білім мектеп пәндерінің ортасына енді. Оған себепші болған швейцар педагогы Иоган Генрих Песталоцци (1746-1827) . Сурет өнерін мектеп педагогикасының атасы деді. Өнерді ұғыну арнайы жаттығулар көмегімен іске асады, көзбен бәріне қарап, салыстыру, талдау, топтастыру, сипаттау керек деген.

Сондықтан көркемдік қабылдау - өзінің алғы шарттары бар эстетикалық тәрбиеде жетекші орын алатын күрделі үрдістердің бірі деп айта аламыз. Оның алғы шарттарын көрерменнің тәжірибесі, білім және мәдени деңгейді, талғамды анықтайды. Педагог ғалымдарының айтуынша көркемдік қабылдау тәрбиеленетін процесс. Шынында да, эстетикалық табиғат және бейнелеу өнері жөніндегі мағлұматты арттыру, ішкі рухани-мәдени деңгейін шыңдау өз тарапынан интуициялық тәжірибені жетілдіреді, ал осы жағдайлар көркем шығарманың реңдік құбылыстарын, табиғи болмысын қабылдау барысында көркем құндылықтарға деген көрерменнің өзіндік белгілерін қалыптастыратындығы сөзсіз. Сондықтан бейнелеу өнерін тану барысында рационалды ұғымдармен ғана емес, көркем образды сомдау және түйсіну барысында шығармашылық қатынасқа негізделген иррационалды және интуитивті ой-сана да тәрбиеленеді деп айта аламыз.

1 кесте

Көркемдік қабылдау

Эмоционалды қабылдау
Ұтымды қабылдау
Эмоционалды қабылдау:

Сезім

Эмоция

талант

Ұтымды қабылдау:

Ақылдың дамуы

Білім

Тәжрибе

2 кесте

Көркемдік образ

Мазмұны
Формасы
Сыртқы
Ішкі
Мазмұны:

Мәтіні

Негізгі ойы

Тақырыбы

Мағынасы

Формасы:

Көркемдік әдіс-тәсілдер

Фактура

Формат

Өлшем

Пайымдалуы

Түсі

Бақылау сұрақтары:

  1. Бейнелеу өнерінің бір түрі - академиялық сыршырай.
  2. Академиялық сыршырайдың пән аралық байланысы.
  3. Өнерді қабылдау проблемасы.
  4. Реалистік сыршырайдың мәселелері.
  5. Бейнелеу өнерінің образды тілі.
  6. Сыршырайдың көркемдік тілі.
  7. Натюрморт сыршырайындағы оқыту және шығармашылық міндеттері.

1. 1 Бейнелеу өнерінде натюрморт жанрының даму тарихы

Натюрморт - француз сөзі, дәл мағынасы «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді. Оған тұрмыста күнде кездесіп жүретін заттарды, түз құстарынан дайындалған алуан түрлі тағамдарды бейнелейтін шығармалар жатады.

Натюрмортты жақын кеңістіктен қарап қана қоймай, сезіп білуге де болады. Адамзат тіршілігіндегі ең жақын орта. Ол тұрмыстық жанрмен тығыз байланысты. Голландық термин «stilleven» (жансыз нұсқа, тыныш өмір) ең алғаш рет 1650ж. документальды анықталған. Қолданысқа XVIIғ. аяғында ағылшын және неміс тілдерінде жарық көрді. Кейіннен француз терминімен «nature morte» (жансыз зат) ауысты. Жанрдың ерекшелігі қозғалыс мәселесін жойып тастағандай. Алдыңғы қатарда заттар орналасып, жеке заттарға ғана тән ерекшелігін айқындайды. Кенеп бетінде заттар мен өріс анық түрде ажыратылады. Ашық заттар қараңғы өріс бетінде немесе қараңғы заттар ашық өріс бетінде-заттар мен қоршаған ортаның қарама-қарсылығы аңғарылады. Осындай туындылар қатары ол Караваджо, Сурбаран және голландық шеберлер қатары -Клас, Хеда, Кальф натюрморттары.

Заттардың шағын әлемі, адам қолымен немесе табиғатпен ерекше жаратылған. Голландық биолог Ян Сваммердамның сөзі еске түседі: «Апеллестің барлық түзулері, табиғаттың нәзік түзулерімен салыстырғанда ауыр бөрене секілді». Натюрморт шебері заттар әлемін зерттеп, оның қорытындысын қылқаламмен дәл жазып отырады.

Голландия натюрмортындағы лимон, кескіндеменің жаңа символы, тәжрибелі қалыптасқан тәсілі ретінде. Заттардың экспозициясы композициялық үрдіске тән, әсіресе натюрморттың алғашқы даму кезеңіндегі шығармаларда анық көрсетілген. Заттар көлбеу жазықтықта қатар-қатар орналасқан. Бұл үрдісті «шолуға ыңғайлы үрдіс» деп анықтауға болады. Әрі қарай жанрдың дамуында композиция күрделеніп тәртіпті құрады. Табиғаттағыдай натюрмортқа терең кеңістік тән емес. Натюморт «шағын әлемді» ұйымдастырып, заттардың өзара қатынасымен құрылады. Натюрморт кеңістігі шектелген біртұтас әлем картинасы.

Натюрморт күнделікті тұрмыстағы заттардың эстетикалық құндылығын көрсетеді. Келбет жанрымен салыстырғанда натюрмортты салу жеңіл, өлі табиғат дейтіні де сол, тұрған қалпын да өзгертпейді, оны түрлі нүктелерден мұқият зерттей отырып ұзақ салуға болады. Натюрморттағы бейнеленген заттардан, өмірдің нақты көрінісі, тарихи құбылысы және заман келбеті айқындалады. Суретші бейнеленер заттарды көзделген мақсатпен таңдап, өзінің ойын, сезімін білдіріп, әлемге деген жеке қатынасын айқындайды.

Өз туындыларымен Голландиялық натюрморт шеберлері қарапайым заттарда үлкен сұлулық, ғажайып бір мағына бар екеніне бүкіл әлемді сендірді. Бұл өмірдің құпиясы, өмірдің динамикасы және сыршырайдың бөлшектері оның философиясын құрайды. Өнер мен сыршырайдың негізгі мақсаты адамның көркемдік сезімін оятып, оны ойлауға, түйсінуге апарады. Суретшінің мақсаты көрерменнің назарын аудару, олардың ортақ сезімі мен әсерін туғызу, қоршаған ортаға жаңа көз-қараспен қарауына ықпал ету, осының барлығы адамның бойынан керемет сезім оятып, дағдылы заттарға басқа көзқараспен қаратуға ерекше мән берді.

Қазақстан суретшілері ұлттық дәстүрде натюрмортты, сан-алуан тақырыпта бейнелей отырып жоғары дәрежеге жеткізді. Қазақ халқының тұрмыс салтын, ұлттық дәстүрін, мәдениетін, ұлттық бейнелеу өнерін дамытуда Ә. Қастеев, Қ. Тельжанов, А. Ғалымбаева, Г. Исмаилова, М. Кенбаев т. б. суретшілердің шығармашылығының септігі мол.

Натюрморт жанры бізді суретшінің қоршаған ортасына алып келеді, осыдан бірнеше ғасырға көз жібертіп шебердің ырғақтарымен бірге болғандай сезім тудырады. Натюрмортта суретші өзін қоршаған заттардың түстерін шектеулі түрде жаза отырып, әр нақышпен өмір ағымын, өз көңіл күйін және қоршаған әлемін көрсете білген. Көп ғасырлар бойы суретшілер өзін қоршаған заттар арқылы әлем туралы өз ойларын, қызығушылығын айқындады, бірақ мұның бәрі әрбір суретшіде өзгеше болды, яғни олардың әрбір туындысы жеке қолтаңбасымен дара болып келеді. Кейбір натюрморттар ғажайып тарихымен әйгілі. Мысалға айтсақ, импрессионист өкілі П. Сезанның «Шабдалы мен алмұрттар», «Апельсин мен алмалары бар натюрморт», «Көк бокалды натюрморт», «Перделі натюрморт», «Казоты мен жемістер» . . . секілді жансыз заттар кескінделген суреттеріне назар салғанда, көрерменді ырықсыз терең ойға шомылдыратын, әлдеқандай бір мазасыздыққа, мұнар-мұнар тебіреністерге қозғау салатын жойқын қуаттың тепсінген серпіні байқалады. Осындай сәттерде Сезанның: «Бүкіл Парижді жалғыз алмамен дүрліктіргім келеді», -деп айтуында да нендей мән бар екенін түйсінгендейміз. Сезанн натюрморттарында бейнеленетін осынау алмалар мен алмұрттарды, шабдалылар мен апельсиндерді, құмыралар мен тарелкаларды . . . «өздерінің тілі», «түгесілмес тылсым құпиялары бар», «жанды заттар» деп пайымдайды. Оның натюрморттары - бүкіл болмыс-бітімімен мәністі қимыл-қозғалысқа, тартылыс пен серпіліс күшіне, ширақ та шымыр ырғаққа толы әлем. Дәл осы, алып отырған нысанасын солқылдаған тіршілік қуатына кенелдіріп, жаңа таным мен пайым рухына қанықтырып көлденең тартатын суреткер ерекшелігі - «бүкіл Парижді дүрліктірер Сезанн алмасы» ұғымының да түп қазығы осыдан келіп шыққан.

Натюрморт жанры бізді өз әлеміне енгізгендей. Суретшіні қоршаған әлем, оны бірнеше ғасыр артқа қоятын суретшімен бірге оның шеберлігі мен сүйікті әуенін сездіреді. Кейбір натюрмортта ақиқат бейнеленсе, ал басқасында ол көркемдікті бейнелейді. Ең алдымен сыршырайды мәнерлі бастау. Әрбір сыршырай шеберінің әлем туралы өз түсінігі бар.

Натюрморт дербес жанр ретінде XVI-XVII ғасырларда Фландрияда және Голландияда пайда болған, зат әлеміндегі әр алуан және ерекше жетістіктерге жылдам жетті. Оның дамуында өз дәуірінде тарихи алғы шарттары болды. Әр ғасыр өз натюрморт шеберлерімен танылды. Олардың туындылары сол уақыттағы басқа немесе сол заманға тән өзгеше және әсем көркемдік ерекшеліктерге толы еді. Натюрморт жанрының келесі қалыптасу кезеңінде натюрморт пен дін тақырыбы бір бірімен орын ауыстырды. Жалғыз заттарды, өз бейнелеу ойларымен адам бүкіл дүниені меңгергендей болды.

Қарқынды өркендеуге натюрморт жанры Фландрияда жетті де «Фландрия натюрморты» деген атпен тарихқа кірді. Оның осы ғасырда өркендеуі Фландрияның ірі суретшілерінің аттарына байланысты еді. Батыс Европаның бейнелеу өнері тарихына: Франс Снейдерс және оның шәкірті Фейт Ян кірді.

Келесі мықты натюрморт мектебінің бірі «Голландиялық натюрморт» деген атымен таныс. Голландия мен Фландрияның тарихындағы халқының өмірі және өткен өнер бірлігі, көркем өнер мектебінде тәжірибелер жасап, бәріне ортақ көптеген сыршырай туындыларын туғызды.

Голландық суретшілер болашақ натюрморттарына алуан-түрлі заттарды талғай отырып, оларды кенеп бетіне пайымдай білді. Заттардың адам өмірінде қажеттілігінің шексіздігін бейнелеп, оларды нұрландырды. Елеусіз нәрсенің өзінен елең еткізер сұлулық таба білу голландық суретшілер үшін шығармашылық жетістік болып саналады. Олар өз полотналарында ыдыс-аяқтарды, маталарды, жеміс-жидектерді, шыны бокалдарды күн нұрымен жымыңдасқан қан күрең шарапты ерекше бір сүйіспеншілікпен бейнелейді. Бейерен өз шығармашылығында әр түрлі мазмұнда балықтарды, шаяндарды, бір шоқ гүл-бәйшешектерді, сонымен қатар тәңертеңгі астарды аса шебер бейнеленеді. Ал, Кальф болса, шығармашылық өмірінің барлық кезеңдерінде, өзіндік қолтанбасымен «асқанадағы» ыдыс-аяқтар, жемістерді және аристократиялық талғаммен бағалы заттардан құралған натюрморттарды жазды.

Суретшілер қарапайым тұрмыс тіршілігінде кездесетін, ең бір қарапайым көріністі бейнелеумен қатар, қаншалықты сұлулық, қаншалықты поэзия таба алған десеңізші.

Әрине біз олардың шығармаларын көргенде көне заманғы жиһаздарға ғана назар аудармай, сол кездегі халықтың өміріне, тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына зер салуымыз қажет.

Голландия суретшілері онша көзге ұрмайтын қарапайым натюрморттарды ұнатса, Фландрия суретшілері таудай үйілген тағам, жеміс және гүлдердің қомақты натюрморттарына үйір еді. Натюрморттың ең жоғары даму сатысына жеткен Фраж Снайдерстің шығармалары үлкен өлшемдерімен кеңістікті ұлғайтып, тарихи туындылармен бірдей көптеген кейіпкерлерді енгізді. Фломандық натюрмортта Фраж Снайдерстің (1579-1657) ерекше есімін атаймыз. Оны бекерге натюрморттың Рубенсі деп атамаған. Б. Р. Виппер айтқан екен: «Натюрморт емес, заттар тіршілігінен алынған ерлік құбылыстар». Оның натюрморттарында «Балықтар», «Жемістер», «Жидектер» - ертегідей молшылық; шырынды жемістер, жидектер, құстар, бұғы, қабан, теңіз және көл балықтары тау-тау болып үйілген. Айшықты үйлесімділігімен үлкен полотналар, фломандық ақ сүйектердің кең сарайларының қабырғаларын сәндеп, қоршаған ортадағы тіршіліктің әсемділігін, ауыл тұрмысының байлығын, көл, өзен, жердің құнарлығын паш етті.

Ең қарқынды және озық Голландық натюрморт Харльмдегі «Тәңертеңгі астар» туындылары болды. «Тәңертеңгі ас» натюрморт жанрында Голландияның демократиялық ерекше нұсқасын ұсынды. (Осы туындылар авторы ретінде Воплем Клас Хед және Питер Клас сыршырайшылары болды) . «Қатысушы кейіпкерлер» олардың натюрморттарында алуан түрлі және күнделікті қолданылатын түріне қарағанда өте қарапайым тұрмыстық заттар еді.

Харльм шеберлерінің ең маңызды жетістіктерінің бірі ретінде «Тәңертеңгі астарды» ұсынады, ол жарық пен көлеңкенің кеңістіктегі мәнін ашып және үйлесімділік реңі, басты бейненің шырайлы, өңді, бай фактурасын біріктіріп, бір уақытта заттар әлемін де біріктіреді.

Кейіннен демократизациялық натюрморт жанры «асханалық натюрморттың» шығарма ретінде таралуы Фландрияда қалай болса, дәл солай Голландияда да қанат жайды. Заттардың бейнелеуінде алуан түрлі құрылымдық ерекшеліктерге, орталық нүктеге көп көңіл бөлінді. XVII ғасырдың соңында Голландиялық натюрморт жанрында сәндік мәнерлеу кең орын алды. Голландия және Фландрия натюрморттарына қарағанда, XVII ғасыр неміс натюрморты екінші орында болды. Неміс натюрмортының табысы қазіргі Голландия өнерімен өте тығыз байланыста болды. XVII ғасыр Неміс натюрморты екі бағытта болған: натуралистік және сәндік өнер. Италия сыршырайының натюрморты ерекше бай және терең еді.

Италия натюрмортының ерекше дамуына Караваджо түрткі болды. Ол ең алғашқы ұлы шеберлерінің бірі, ол таза натюрморт жанрына ерекше көңіл аударды және монументті және пластикалық «жансыз тұлғадан» әсем бейне жасап шығарды. XVII ғасырдағы Итальян натюрморты өзіндік жолмен дамыды және өз жұмысын сапалылар қатарына қойып басқа мемлекеттер деңгейлердің қатарына бөліп шығады.

Испандық натюрморттарда көтеріңкі қатал қасиет және өзіне тән ерекше заттарды бейнелеген, бұл Испандық шеберлер шығармашылығында өзгеше жарық көрген Ф. Сурбаран. Адамдарды қоршаған заттар әлемінің үйлесімін, пішіндерінің әдемілігін-әсемдігін көрсетуге ұмтылды.

XVII ғасырда натюрморт жанрының ерекше қыры қалыптасады. Олар композицияда қатал және нәзік нақышты қолданып шешкен. Романтика ұғымы натюрмортына көп назар аударған. Романтизм натюрмортта манызды тұжырымдамалар жасады. Романтизм натюрмортының негізгі обьектісі ретінде гүлдер, аңдар бейнеленетін болды. XVII ғасырдағы әртүрлі жанрларда жұмыс істеген және көркем ойлар мен әртүрлі эстетикалық көзқарастармен натюрморт тағдырларын сыршырай шеберлері анықтады. Мысал ретінде, Француздың атақты суретшісі Густав Курбе жаңа концепция шығарды, ол табиғат пен натюрморт арасындағы байланысты анықтап оған түрлі реңктердің қанықтылығы мен тереңділігін және тіршілік күшін қайта жаңғыртты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Натюрморт бейнелеу өнерінің ерекше жанры
Қазақстанның бейнелеу өнерінің даму тарихы
Бейнелеу өнері пәніндегі Натюрморт тақырыбы
Натюрморт
Натюрморт жанрының дамуына қысқаша тарихи шолу
Оқушыларға кескіндеме жазу арқылы шығармашылық қабілетін дамыту. Натюрморт
Пейзаж өнердің дербес жанры ретінде
Мектептегі натюрморт сабағының өткізу әдістемесі
Бейнелеу өнерінің дамуы және қалыптасуы
Оқушыларға натюрморт жанрын меңгерту әдіс тәсілдері анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz