Міржақып Дулатовтың публицистикалық - лирикалық жинағы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
АҚЫННЫҢ АЗАМАТТЫҚ ЖАРЫ.

немесе Оян, қазақ!

авторы хақында бірер сөз.

1909 жылы қазақ даласын дүр сілкіндірген
үш кітап шықты. Оның бірі Абайдың өлеңдер жинағы, екін-
шісі — Ахмет Байтұрсыновтың Қырық мысалы, үшінші-
сі —Оян, қазақ! атты Міржақып Дулатовтың публицистикалық-лирикалық
жинағы.
Көрнекті қоғам қайраткері, ақ сұңқар ақын С. Сейфуллин, сол кездегі
қоғамдық өмірге баға бере келіп, Қазақ зиялылары хақында деген
мақаласында: Қазақ оқыған-дарының арасында 1905 жылден бастап-ақ...
революциялық идея, ұлттық теңдік пен азаттыққа үндеу етек алды. Жаңа оянып
келе жатқан қазақ интеллигенциясының ол кездегі дем берушілері Бөкейханов,
Дулатов, Байтұрсыновтар болды,— деп жазуы тегін емес.
Міржақып Дулатов талантының нағыз шырқау сәті езілген қазақ халқының
тарих сахынасына шыққан революциялың күрестер мен шайқастар дәуіріне дәлме-
дәл келді. Болашаққа деген нық сеніммен жігерленген оның творчест-восы
қазақ халқының бостандығы мен теңдігі жолындағы күресімен тығыз байланысты,
ол халықты оянуға, білімге, оқу-ағартуға, күреске үндеді.
Міржақып Дулатовтың тағдыры — патша өкіметінің қуғын-сүргіні мен
сталиндік репрессияның зардабынан тар жол-тайғақ кешуді басынан өткізіп,
қатары сирек тартса да әділет пен шындық жолында халқының мұң-мұқтажын
жоқтаған қазақ зиялыларына тән тағдыр.
Міржақып Дулатов творчестволық жолында Ш. Қүдайбердиев, А. Байтұрсынов,
Ә. Бөкейханов, И. Гаспринский, М. Шоқаев, Ж, Аймауытов, Б. Қаратаев, Д.
Сүлтанғазин, М. Жұмабаев, М. Серелин, т. б. ұлт мәдениетінің
көшбасшыларымен тізе қосып, қанаттасып ғұмыр кешті. Атақты шығыстанушы-
ғалымдар А. Крымскиймен, Вл. Гордлевскиймен, татар әдебиетінің классигі Ғ.
Тоқаймен достық қарым-қатынаста болды. Соловецк лагерінде айдауда жүргенде
философ Флоренскиймен, академик Д. С. Лихачевпен, украин ұлттық театрының
негізін салушы О. Курбаспен ауыр да азапты күндерді бірге бөлісті.
Міржақып Дулатов 1885 жылы қараша айының 25 күні Торғай уезінің Сарықопа
болысының үшінші аулында атақты шебер Дулат шаңырағында дүниеге келді.Дулат
қолымен жасалған ат әбзелдері, саптама етіктері, әйелдердің жұмсақ мәсілері
бүкіл Сарыарқаға әйгілі еді. Міржақыптың анасы Дәмеш қарапайым, жұмсақ
мінезді еді, алайда той-думандарда жан тебірентер әсем даусы атақты әнші-
лердің өздерін таң қалдыратын. Екі жасында Міржақып анасынан айрылады.
Сегіз жасында оны әкесі ауыл молдасына оқуға береді, бірақ та Міржақып өз
өмірбаянында жазғанындай, ауыл молдасынан араб дұғалыларын жаттағаннан
басқа ештеңе үйренбеген екен.
Екі жылдан соң Міржақыпты атасы ауылдағы орыс мектебіне береді. Ол туралы
Міржақып кейін былай жазған:

Школге беріп еді атам марқұм,

Заманның түрін көріп тарылатын.

Орыстың тілін біліп, хатын танып,

Біреуге болмасын деп жалынатын.
Ауыл мұғалімі Мұқан Тоқтабаев орыс тілімен қатар қазақ тілі мен әдебиетін
де оқытатын. Жас Міржақып тебірене отырып Абай, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай
Алтынсарин шығармаларымен танысады. Пушкин, Лермонтов, Крылов, Некрасов
творчестволарын зерттейді.
1897 жылы,— деп жазады Дулатұлы өз өмірбаянында,— мен 2 кластық орыс-
қазақ училищесіне түстім (Торғайдағы), оны бітіргеннен кейін оқытушылар
курсында оқып, ауыл мұғалімі деген мамандық алдым. Осымен менің оқу
орындарынан білім алуым аяқталады. 1902 жылдан бастап ауылда мұғалімдік
қызметімді атқара жүріп, бос уақытымды білімімді жетілдіруте жүмсадым.
Өз бетінше дайындалудың арқасында ол орыс тілін жетік меңгерді, сондай-
ақ орыс және шетел жазушыларының творчествосымен танысты. Оның пір тұ татын
адамдары Фирдоуси, Ахмет Яссауи, Абу Фирас, Шиллер, Гете, Ломо-носов,
Пушкин, Лермонтов, Поль Верлен, Маржани болды.
Алыс ауылдарда мұғалімдік қызметін атқара жүріп Міржақып жәбір көрген,
теңдігі жоқ қазақ халқының қойнауында үлкен дауылдың пісіп жетілгенін
көреді. Саяси жер аударылғандардың арқасында ол біржолата патшаның отарлау
саясатына қарсы күрес жолына түседі. 1904 жылдың басында Міржақып Дулатұлы
мен Ахмет Байтұрсын-ұлы екеуі бірігіп үндеулер жазады. Бүл үндеулерде Алаш
ұлдарын патшаға қарсы күреске шақырады. Қазақ халқының ішінде наразылық
күшейе түсті. Патша үкіметі қазақ халқының наразылығының көтеріліске
айналуынан қорқып саяси тінтулер жүргізе бастады, кітапханаларды
жапты, почта хабарларын конфискіледі. Осы кезде Міржақып пен Ахмет Омбы
қаласына жүріп кетеді. Бұл жерде Дулатов қазақ революционерлері Ә.
Бөкейханов, Ж. Ақбаевтармен танысып, жасырын үйірмелерге қатысады. Патша
күзетші-лерінен бой тасалап ол Зайсанға келеді. Осы жерде ол
Бекмұхаммет қажы ашқан қазақ мектебінде қазақ және орыс әдебиетінен,
арифметикадан сабақ береді. Кейіннен оның шәкірттері Мысырда, Стамболда,
Қазанда, Уфада, Орынборда және басқа қалаларда оқуын жалғастырады. Қыстың
ұзақ кештерінде М. Дулатов Достоевский шығармаларын, орыс газет-журналдарын
оқиды. Жергілікті халықтан ол айдауда жүрген ақын Николай Ватсон туралы
біледі. Н. Ватсон Петербургтегі студенттердің экономикалық қоғамының
үйымдастырушыларының бірі болатын. Ол А. Ульянов және халықшыл В. Г.
Богораздың жолдасы еді. Ватсон ерте қайтыс болғанымен артына зор
творчестволық мұра қалдырды. Оның бостандықты, еркіндік аңсап шығарған
өлеңдері Міржақыптың жан дүниесіне үлкен әсер етті.
1905 жылы Міржақып Қарқаралыдағы демонстрацияға қатысады. Ол басқа да
алдыңғы қатарлы қазақ зиялылары сияқты туған халқының патша езгісінен
тезірек азат болуын армандайды. Өз үмітін орыс-жапон соғысымен
байланыстырып Жұмбақ деген мысал жазды. Міржақып патшалық Россия соғыста
жеңілгеннен кейін, енді ішкері лықсып, қазақтарды туған атамекендерікен
көшіріп, ең шұрайлы жерлерді қоныс аударушыларға тартып әпергендігі туралы
да ашына жазды. Шынында патша өкіметі I Думаның депутаты Марковтың айтқан
ойын ұстанып келді. Марков: Қазақтар Шыңғысхан мен Ақсақ Темірдің
ұрпақтары, сондықтан да оларды Америкадағы үндістер қандай күйге ұшыраса,
нақ сондай күйге ұшырату керек деген болатын. М. Дула-товтың осы Жұмбақ
мысалы кейін Оян, қазақ! атты жинағына кірді. 1911 жылы қыркүйектің 19-ы
күні Орынбор губернаторы баспасөздің Бас басқармасыша жазған хатында осы
кітап және Жұмбақ мысалы жайлы былай деп жазған екен: ...өзінің мазмұны
жағынан бұл ислам дінін ұстанушылардың жол бастаушысы және қазақтар
арасында орыс өкіметікің саясатына қарсы наразылық тудырушы, сонымен қатар
Жұмбақ атты мысалда ұлы мәртебелі императорды қорлайтын сөздер бар.
Москва желтоқсан кетерлісінің нағыз қызған шағында Оралда бес облыстың
съезі (1905 ж.) болып етті. Бұл съезде қазақ конституциялық-демократиялық
партиясы құрылды, Съезд жүмысыша көрнекті қазақ, татар қоғам қайраткерлері:
Ә. Бөкейханов, А, Байтұрсынов, М. Дулатов, Ғ. Тоқай, А. Бірідлжанов, Б.
Қаратаев, Ш. Қощығұлов, К. Тухватуллин, Б, Құлахметов, X. Досмүхамедов, М.
Тынышбаев және басқалар қатысқан еді, 1905 жылы 25 желтоқсанда Орал
қаласында шығатын қазақ кадет партиясының органы Пікір газетінде съезд
программасы жарияланды. Съезд мінбесінен делегаттар дін бостандығы, ұлттық
мәдениетті дамыту, туған тілдің теңдігі туралы сөйледі. Съезд деле-гаттары
патша өкіметіне петиция жолдады. Бұл петицияда қазақ халқының талаптары
жазылған еді.
1906 жылы съезд делегациясының қүрамында Міржақып Санкт-Петербург
қаласына келеді. Осы жерде ол алдыңғы қатардағы қазақ интеллнгенциясының
өкілдері: Сералы Лапин, Дінмұхамед Сүлтанғазин, Мүстафа Шоқаев, Халел
Досмұхамедов және басқалармен кездеседі, оқудағы жастармен жүздеседі,
оларды көріп, сүйсінеді.
Петербург үйлерінде Абай өлеңдері, Құрманғазы мен Тәттімбет күйлері
естіліп жатты. Мұның арты қазақ халқының бостандығы туралы, оның патша
өкіметінен көрген қысымы жайлы ұзақ әңгімелерге айналатын. Қазақ зиялыларын
қатты толғандыратын бірде бір патша әкімдері мен министрлерінің туған
халқының талаптарымен санаспайтындығы еді. Осындай жиындардың бірінде Санкт-
Петербургте Серке деген атпен қазақ баспасез орталығын ашу ұйғарылды,
Серке деген ат жайлы Шахмардан Қощығұлов өз естелігінде: Серке бір отар
қойды боранда дүрыс жолға алып шығады,— деп жазды,— олай болса Серке
газеті езілген қазақ халқына дұрыс жол керсететін, оның ұлттық сана-сезімін
оятатын жолбасшы болу керек.
1907 жылы наурыздың 28 күні Ш. Қощығұловтың қаражатына А. Ибрагимовтың
басшылығылмен Серке газетінің алғашқы саны татардың апталық Ульфат
газетінің қосымшасы ретінде жарық көреді. Бұл газет қазақ жастарына
арналған еді. Газеттің алғашқы номерінде М. Дулатовтың қазақ жастарына
арналған өлеңі басылып шықты.
1931 жылы шыққан Совет энциклопедиясында: М. Дулатовтың публицистикалық
өлеңі басылған Серке газеті қазақ баспасөзінің бастамасы болды деп
жазылған. Шындығында Серке газеті өзінің революциялық рухымен, бостандық
сүйгіштігімен Түркістан уалаятының газеті (1870— 1882) Дала уалаятының
газеті (1888—1902) сияқты патша өкіметі шығаратын казақтың басқа
газеттерінен өзгеше еді. Серке газеті қазақтың демократиялық
баспасөзінің бастамасы болды десек өсте қателеспейміз.
Газеттің екінші нөмірінде М. Дулатовтың лақап атпен Біздің мақсатымыз
деген мақаласы жарық көрді. Бұл мақала Қазағым менің, елім менің!— деген
сөздермен басталады. Бүл мақаласында Міржақып 1905 жылы Қарқаралыдағы бас
кетеру мен Оралдағы съезде қазақ халқының айтқан талаптарын жинақтап
көрсетеді. Сол кездің өзінде патшаның зұлымдық саясатын әшкерелеген мына
сездері тіпті жан тебірентеді: Ең алдымен қазақ халқы — Россияға тәуелді
халық... Оның ешқандай да правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады. Халықтан
жиналатын салық қаражатының кәп бөлігі халыққа тіпті де керек емес
нәрселерге жұмсалады.Чиновник, урядник, қарауылдар кедей қазақтарды ұрып-
соғып, мал-мүлкін тартып алды, ойына не келсе соны істеді... Бүкіл Россияны
генералдарға бөліп берді. Соғыс жағдайын енгізіп, 87-статья бойынша әр
жерлерде дала соттарын құрды. Бұл соттардың шешімдері бойынша жанымен-
тәнімен туған халқына берілген азалдаттар асылып, атылып кетті. Қазірдің
өзінде мыңдаған ерлеріміз шалғай жерлерде жүр немесе түрмелерде отыр...
Кейіннен бүл патша зүлымдығын әшкерелейтін сөздер көптеген өлеңдерге
айналып Оян, қазақ! жинағына кірді.
Алайда патшаның полиция сақшылары да қарап жатпады. 1905 жылғы
раволюциялың толқулардан үрейленіп қалған олар қол астындағы бұқара халыққа
қатаң бақылау жасап отырды. Ұзамай жандарм ізшілері Загородный 34
көшесіндегі Антокольск баспаханасына келіп, Ульфат және Серке
газеттерін конфискелеп, жауып тастады. Осы іс жөнінде жасалған протоколда
былай деп жазылған еді: Серке гезетінің № 84 және Ульфат газетінде 6
июль күні (1907) жарияланған Біздің мақсатымыз мақаласында кылмыстық
белгілер керінеді. Полицияға түскен мәліметтер бойынша, бұл қазақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М. Дулатов шығармашылығындағы азаттық рухы
М.Дулатұлының алаш партиясы мен кеңес өкіметі кезеңдеріндегі көзқарастары
М.Дулатов поэзиясындағы фольклорлық дәстүр
Міржақып Дулатұлының әдеби публицистикалық мұрасы
Міржақып Дулатұлының өмірлік ұстанымдары
Мақыш Қалтаев
М. Дулатов - зерделі сөз зергері
XX-ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі ұлт зиялылары
Міржақыптың Қазақ Алашбайұғлы бүркеншік есімі
Торайғыров шығармалары – 20 ғасырдың басындағы қазақ қоғамы шындығын, ондағы жаңашыл ой-пікірдің дамуын танытатын үлкен белес
Пәндер