Мұздықтардың еруі


9. Мұздықтар және көпжылдық тоң
9. 1. Мұздықтардың пайда болуы және өмір сүру жағдайы.
Тұрақты қозғалыстағы, негізінен құрлықта орналасқан, қатты атмосфералық жауын-шашынның жиналуы және қайта қалыптасуы жолымен пайда болған фирнмен мұздың табиғи жиынтығын мұздық деп атаймыз.
Бүкіл жер шарының 16млн. км 2 , немесе 10%- тен көбірек бөлігін мұздықтар алып жатыр. Олардың жалпы көлемі шамамен 24млн. км 3 . Егер біз осы мұздар еріп кетті деп есептейтін болсақ, онда әлемдік мұхиттың деңгейі 64 метрге көтеріледі екен. Осы су жайылатын болса, онда жер бетін тереңдігі 150 метрге жететін су басып жатар еді. «Каталог ледников СССР» кітабында келтірілген мәліметтерге қарағанда бұрыңғы ТМД-ның 78 мың км 2 бөлігін мұздықтар алып жатыр. Ондағы мұздықтың жалпы көлемі 20 мың км 3 немесе 17 мың км 3 тұщы су болар еді (14- кесте) . Бұрынғы ТМД -дағы мұздықтардың жалпы саны 28, 5 мыңнан асып түседі. Олардың 2 мыңынан астсмы арктикалық аралдарда орналасқан және жамылғылық мұздықтар типіне жатады. Бұл типтегі мұздықтар түгел бір түйіндер немесе жүйелер құрайды және мұздықтардағы тұщы су қорының шамамен 88 проценттей бөлігі осында шоғырланған.
14. ТМД-дағы мұздықтардың сипаттамалары
Франц-Иосиф жері
Жаңа жер
Солтүстік жер
Басқада
Барлығы арктика аймағында
Полярлық Орал
Черск таулары
Сунтар-хаята
Коряк жоталары
Камчатка
Басқада
Барлығы субтропикалық аймақта
Алтай
Басқада
Барлығы қоңыржай аймақта
Кавказ
Тянь-Шань
Гиссар- Алай
Памир
Жоңғар Алатауы
Басқада
Барлығы, субтропикалық аймақта
14740
23645
18325
447
56157
29
157
201
260
874
25
1546
906
53
962
1425
7326
2293
7515
1000
17
19576
995
685
285
115
2080
143
372
208
1335
405
109
2572
1499
188
1687
2047
7787
3859
7110
1369
18
22190
2500
9500
5500
73
17573
0, 8
12
14
9
59
1
96
47
2
49
92
620
160
810
50
0, 7
1800
2100
8100
4700
62
14962
0, 7
10
12
7, 4
49
0, 8
80
39
1, 6
41
75
520
130
660
42
0, 6
1500
Екінші орында субтропикалық белдемнің мұздықтары. Мұндағы мұзқұрсану ауданы шамамен 20 мың км 2 , мұздықтар саны- 22мыңнан астам, су қоры 1500км 3 . Тұщы судың мұндай қоры Орта Азия мен Кавказ аудандары үшін аса қымбат байлық болып табылады. Арктикалық зонадан өзге аумақтардан мұздықтары түгелдей дерлік таулық мұздықтардың жекеше түрлеріне жатады.
Қазақстанның биік таулы аймақтарында 2700-ден аса мұздықтар бар, олардың жалпы ауданы 1960 км 2 -ге тең болса, ал ондағы жинақталған су қоры шамамен 90 км 3 -ге тең (15- кесте) .
15. Қазақстандағы мұзқұрсанудың сипаты
Қазақстандық
Алтай
Сауыр
Жоңғар Алатауы (Арқас)
Күнгей Алатауы
Іле Алатауы (Лабас)
Қырғыз Алатауы
Талас Алатауы
328
18
1369
163
393
34
250
72, 3
14, 8
813, 9
126, 4
422, 7
9, 5
76, 5
17, 3
1, 8
186, 1
15, 0
46, 6
5, 6
9, 9
89, 6
141, 0
16, 6
1000
469, 3
15, 1
86, 4
3, 5
0, 5
45, 9
6, 6
27, 7
0, 7
2, 3
Мұздықтар, жылдың жылы жартысында түскен жылудың маусымдық қарды ерітуге шамасы келмейтін аймақтарда қалыптасады. Мұндай аймақтардың төменгі шекарасы болып, жылдық қатты жауын-шашынның кіріс -шығысы теңдестік жағдайда болатын жер деңгейіне сәйкес келетін климаттық қар шегі есептеледі. Әр түрлі ендіктердегі климаттық жағдайлардың құбылмалығына байланысты қар шегінің биіктігі кең көлемде құбылып тұрады (16- кесте) .
16. Түрлі ендіктердегі қар шегінің биіктігі
Қар сызығының
биіктігі м. абс
Франц- Иосиф
жері
Шпицберген
Исландия
Пиреней
Алтай
82 0
80 0
64-67 0
42-43 0
48-52 0
50-100
460
600-1300
2600-2400
2800-3800
Альпі
Кавказ
Африка
Аргентина
46-47 0
40-44 0
0-3 0
29 0
2700-2900
2700-3800
4400-5200-6400
Климаттық қар шегінің биіктігі әр жылдарда метеорологиялық жағдайларға байланысты құбылып отырады. Қар шегінің екі түрі бар: маусымдық және орографиялық.
Маусымдық қар шегі өз деңгейін ауаның температурасының маусымдық құбылмалығына байланысты өзгертіп отырады. Қыста төмендеп, жазда жоғары көтеріледі. Мұндай құбылудың мөлшері, мысалы Кавказда теңіз деңгейінен санағанда 550 . . . 2000 м аралығында құбылуы мүмкін, әдетте бұл деңгей 2700 . . . 3800м шамасында тербеледі.
Орографиялық қар шегі шатқалдарда, қуыстарда сақталған қар дақтарының төменгі шекарасы болып табылады. Бұл қар дақтары тау жоталарының көлеңке (күннен таса), теріскей беткейлерінде, климаттық қар шегінен төмен орналасады. Мысалы, Солтүстік Оралдың терең, күн түспейтін терең шұңқырларында (қар) мұздықтар теңіз деңгейінен санағанда 500 . . . 1000 метрлік биіктерде кездеседі. Климаттық және орографиялық қар шектерінің арасындағы биіктік алшақтығының мөлшері жүздеген метрге жетуі мүмкін.
Қар шегінен жоғары түскен қарлардың шоғырлануына қолайлы жағдай жасайтын жер бедері болған жағдайда қарлықтар қалыптасады. Уақыт өте келе олар айтарлықтай қайта қалыптасудан өтеді. Күндіз, жылу әсерінен қардың үстіңгі қабаты ериді, ал түнде ол қатып, мұз қабыршағы (наст) пайда болады. Мұнымен қатар, бір мезгілде қардың тығыздалу, отыру процесі жүреді.
Келесі жауған қар, алдыңғы қардың үстіне жиналып, салмағымен астыңғы қабатты тығыздайды. Тығыздалған қардың құрылымы дәндік түрге ие болып, фирнге айналады. Фирн дегеніміз ақ - сұр түстегі дәндік құрылымды масса, оның тығыздығы 0, 3. . 0, 5 г/см 3 . Олар қабат-қабат болып орналасады. Фирннің қалыңдығы бірнеше миллиметрден ондаған сантиметрге жетуі мүмкін және қабаттар өзара жұқа мұз қабатымен бөлініп жатады. Мұз қабыршақтың қалыңдығы 1 миллиметрден 60 см-ге дейін болады. Климаты қатаң қар еруі мүлде байқалмайтын аймақтарда фирн сублимация жолымен, яғни қардың булануының және буының қайта кристалдануы арқасында пайда болады. Фирннің жоғары қабаттарының төменгі қабаттарына қысым жасауының арқасында мұз дәндерінің тығыздалып, бір-бірімен жабысып бірігу процесі жүреді. Ал, тығыздалған фирн, денесіндегі ауа қоспаларының арқасында ақ түсті, мөлдір емес, тығыздығы 0, 85 г/см 3 ффирндік мұз тығыздығы 0, 88-0, 91 г/м 3 тең көгілдір түстегі кристалды немесе глетчерлік (glacier- фр. мұз) мұзға айналады.
Мұздықтың қалыптасу процесінде режеляция және ақпалық маңызды рөл атқарады. Режеляция деп мұз кесектерінің арасындағы сұйық пленканың қатуы арқасында тұтас сеңге жинақталу қасиетін айтамыз. Температура 0 0 С болғанда мұз кесектерінің бір- біріне жабысып қатуы қалыпты қысымдық жағдайда жүреді де, ал температура төмендегенде - бұл процесс жоғары қысымдық жағдайда іске асады.
Сыртқы күштердің әсер етуіне қарамай мұздың өз формасын бұзбай, тұтастығын сақтай алу қабілетін ақпалық деп атайды. Мұздың бұл қасиеті ауырлық күшінің әсерінен мұздықтың ағу қабілетін айқындайды.
Мұздың температурасы неғұрлым еру нүктесіне жақын болса (0 0 С) және оған әсер ететін қысым жоғары болса, солғұрлым мұз ақпа, майысқақ келеді.
Қалыптасқан глетчерлік мұз ауырлық күшінің әсерімен қозғалысқа түседі. Бұлқозғалыстың нәтижесінде мұздық қоректену аймағы немесе фирндық аймақ және ағынды аймағы немесе мұздықтың тілі. Бұл екі аймақтың өзара шекарасын фирндық шек деп атайды.
Мұздықтардың қозғалысы. Мореналар. Мұздықтардың қозғалысы айтарлықтай күрделі қозғалысы айтарлықтай күрделі әрі әзірше толық анықталмаған процестер қатарына жатады. Мұнда да өзен ағысындағыдай ауырлық күші қозғалтқыш күш болып табылады. Мұздықтарды өзенмен салыстыруға болатынын көптеген бақылаулар мен арнайы қойылған тәжірибелер көрсетіп берді. Мұздық пен аңғардың беткейлерінің өзара үйкелісінің нәтижесінде мұздың қозғалыс жылдамдығы мұздықтың ортасынан шеттеріне қарай біртіндеп кемиді. Сонымен бірге кедергілердің өзгеруіне байланысты қозғалыс жылдамдығы мұздықтың беткі қабатынан табанына қарай кемиді. Аңғардың таралуы мұздықтың қозғалыс жылдамдығын күшейтсе, ал аңғардың кеңеюі -керісінше, жылдамдықты тежейді. Мұздықтардың қозғалыс жылдамдығы едәуір мөлшерде құбылады. Мысалы, құрлықтағы мұздықтардың қозғалыс жылдамдығы жылына 20 . . . 30 м болса, Альпі тауларының ірі мұздықтары жылына 30 . . . 150 м жылдамдықпен қозғалады, Шпицбергенде- 365 метрге дейін, ал кейбір Гималай мұздықтарының қозғалыс жылдамдығы жылына 700 . . . 1300 м жетеді.
Қозғалыс кезінде мұздықтардың денесінде қапталдық, ұзына бойлық және көденең жарықтар пайда болуы мүмкін. Қапталдық жарықтар мұздықтың орталық және екі қапталдық бөлектеріндегі қозғалыс жылдамдықтарының өзгешеліктерінің әсерінен пайда болады. Жарықтар екі қапталдан жоғары қарай 30 . . . 45 0 бұрыш жасай бағытталып ( 9. 1 а-сурет), мұздықтың қозғалу барысында өзгеріске ұшырайды.
Мұздықтың денесіндегі ұзынабойлық жарықтар оның тар аңғардан кең аңғарға шыққан кезінде пайда болады. Мұздың жайыла ағу барысында туындайтын көлденең кернеулер веерге ұқсаған жарықтардың пайда болуына себепші болады (9. 1б-сурет) .
Көлденең жарықтар мұздықтың табанында көлденең орналасқан кертпештің (уступ) болуынан пайда болады (9. 1 ә-сурет) . Жарықтардың ені, тереңдігі және ұзындығы түрліше болып келеді. Мұздықтың орталық бөлігіндегі жарықтың тереңдігі 250 м жетуі мүмкін.
Қозғалыс процесінің барысында мұздықтар аңғарлардың сағаларына тау жыныстарының мүжілу өнімдерін алып шығады. Мұздықтардың денесіне түскен және мұздықпен бірге қозғалысқа қатысатын тау жыныстарының мүжілу өнімдерін (ірі қойтастардан шаң-тозаңға дейін) морен деп атайды. Сондықтан, мұздықпен бірге қозғалатын моренаны қозғалыстағы, ал қозғалысты тоқтатқандарын шөгінді деп атаймыз.
Мұздықтың денесіндегі орналасу жағдайына қарай қозғалыстағы мореналар беттік, ішкі және түпкі деп бөлінеді. Беттік мореналар аңғардың беткейлерінен құлаған тау жыныстарының сынықтары мен қоршаған тау беткейлерінен желмен әкелінген шаң-тозаңдардан тұрады. Мұздықтардың шетінде орналасқан тау жыныстарының сынық қалдықтарынан құралған үйінді белдікті қапталдық морена деп атайды. Әдетте беттік морена тау жыныстарының үшкір формадағы, сұрыпталмаған сынықтарынан тұрады.
Ішкі моренлар алғашында мұздықтың бетіне түскен, сонан соң біртіндеп мұздықтың денесіне «жұтылған» тау жыныстарынан тұрады.
Төменгі немесе типтік мореналар жатқан орнынан күшпен сырылған материалдардан және беттік, ішкі мореналардың бөліктерінің төмен түсуінің нәтижесінде пайда болады. Түптік мореналарды құраитын тау жыныстары жұмырылған, өнделген формада болып келеді.
Морендік материалды мұздық түгелімен өзінің тілінің шетіне тасымалдап жеткізеді. Бұл материалдар аңғарды көлденең алып жатқан бел түріндегі үйінді тау жыныстарынан тұрады, оны шеткі морена деп атайды.
Мұздықтардың еруі. Қар шегіне төмен түскен мұздық жылу ағысының әсерінен ери бастайды. Еру процесіндегі негізгі рөлді климаттық факторлар атқарады. Мұздықтың беткі қабатының еруі күн сәулесінің тікелей жылуының әсерінен, жылы ауаның ысытуынан, жаңбырдың әсерінен және мұздықты қоршаған тау беткейлерінен шағылысқан радиациясынан болады. Таулы жерлерде ауаның температурасының тәулік ішінде шұғыл құбылмалылығының салдарынан мұздықтың беткі қабатының еруі күндізгі сағаттарда күшті көрініс береді. Қараңғы түсісімен және суық бұлыңғыр күндерде еру тез тежеледі.
Мұздыққа жылу тек оның беткі қабаты арұылы ғана емес, сонымен қатар астыңғы қабатын ерітетін жылу табаны арқылы да келеді. Әрине мұздықтың астыңғы қабатының еруінің рөлі айтарлықтай болмайды және түбіне жақын жұқа қабатқа ғана тарайды.
Мұздың үздіксіз еру жағдайында мұздықтың тілінің қар шегінен төмен деңгейде ұзақ уақыт сақталуы тек жаңа мұз массалары тұрақты түрде түсіп тұрған жағдайда ғана мүмкін. Егер бұл масса еріген массаға тең болса, онда мұздықтың тілінің жағдайы өзгермейді. Егержаңа мұз массалары оның еруі мен булауынан көп мөлшерде түсетін болса, онда мұздықтың тілінің мөлшері өсіп, аңғармен төменге, яғни алға жылжиды. Керісінше болған жағдайда мұздықтың массасы кішірейе бастайды, мұздықтың тілі қысқарып, аңғармен кейін қарай (жоғары) жылжығандай блоады яғни мұздық шегінеді.
Қысқы және жазғы еру жағдайларының өзгеруіне сәйкес жүретін ерудің маусымдық құбылмалылығының амплитудасы әдетте соншалықты көп емес, шамамен 10. . 20 метрден аспайды. Мұздық қыста көрсетілген қашықтықта аңғармен алға жылжыса, ал жазғы мерзімде өзінің күзгі шекарасына шегінуі мүмкін.
Көпжылдардың көлемінде өтетін мұздықтардың алға жылжуы және шегінуі климаттық циклдық құбылмалылығына сәйкес жүреді. Қоректену аймағындағы жауын-шашынның көбеюі мен еру аймағындағы температураның төмендеуі мұздықтың жүйелі түрде өсуіне, сөйтіп оның аңғармен төмен таралуына әкеліп соғады. Айтылған себептердің керісінше бағытта болуы мұздық қысқаруына, тіпті оның жойылып кетуіне әкеліп соғуы мүмкін.
9. 2. Мұздықтардың гидрологиялық ерекшеліктері.
Мұздықтардың типтері. Мұздықтар климаттық жағдайлар мен жер бедеріне байланысты бір-бірінен үлкен өзгешеліктермен өзгешеленеді. Олардың екрекше сипатталатын типтері төмендегілер: 1) тау беткейлерінің мұздықтары; 2) аңғар мұздықтары; 3) тау шындарының мұздықтары; 4) күрделі мұздықтар кешені.
1. Тау жоталарының немесе жеке тау беткейлерінде көбінесе асылған (ілінген) деп аталатын мұздықтар көптеп кездеседі. Олар ешқашан тау етегіне түспейді, биік тау беткейіне бүкіл массасы мен жабысып, ілініп тұрады. Тау беткейлерінің тепкішек немесе креслоға ұқсаған қабырғалары тік, табаны тегіс келген ойыстарға орналасқан мұздықтарды қар немесе мульдалық мұздықтар деп атайды. (9. 2а-сурет)
2. Аңғарлық мұздықтар ең бір ерекше сипатталатын топ (9. 2ә-сурет) . Бұл топтың қасиеттері басқа топтағы мұздықтарға қарағанда жақсы зерттелген. Бұл
Типтегі мұздықтар жоғары кең бөлігі қатты жауын-шашын жиналатын алап қызметін атқаратын, ал қатты жауын-шашын жиналатын аймақтан төмен орналасқан бөлігі мұз ағатын канал немесе мұздықтың тілі орналасқан тау аңғарының айтарлықтай бөлігін алып жатады. Бір ғана мұз ағысынан тұратын мұздықты қарапайым мұздық, ал егер ол бірнеше қапталдық салалардан тұратын болса, онда мұздық күрделі деп айтылады. Қарапайым мұздықтар көбінесе Альпіде көрініс береді, сондықтан да бұл мұздықтарды кейде Альпілік типтегі мұздықтар деп те атайды.
Қарапайым мұздықтардың ішінде түркістандық мұздықтар типі ерекше сипатқа ие. Бұл мұздықтар негізінен қар көшкіндерінен қоректенеді.
Күрделі мұздықтар тобының ішінен ағаш бұтақтарына ұқсас тип ерекшеленеді. Бұл мұздықтар қоректену көзі молшылық жағдайында қалыптасады. Негізгі аңғардың қапталдық беткейлерінде мұздық салалар пайда болып, олар негізгі аңғарға ұласып жатады. Бұған мысал ретінде Федченко, Заравшан, Иныльчек және т. б. мұздықтарды келтіруге болады.
3. Тау шыңдарының мұздықтарының ішінде қоржын типтес мұздықтар ерекше түрге жатады. Олар тау жотасының екі жақ беткейлеріне орналасқан болып келеді және өздерінің жоғары бөліктерімен тау жотасының төбесі арқылы ұласып жатады. Кейбір төбелері айтарлықтай кең тегіс немесе бір жағына көлбей жатқан талы аймақтарда белгілі климаттық жағдайларда тегіс тау шындарының мұздықтары пайда болады. Мұзданудың ерекше марфологиялық түріне жанартау конустарына орналасқан мұздықтар жатады. Олар сөнген жанартаудың шыңындағы шұңқырларды толтыра отырып, сәулеге ұқсап жан-жаққа шашырай, тау бткейлеріндегі жарықтар мен етекке түседі.
Әлсіз түрде тілгіленген, беткейлері толқынды сипаттағы таулы үстітке скандинавиялық немес норвегиялық типтегі мұздықтар сәйкес келеді. Мұндай жер бедері жағдайында кең байтақ және фирн аландары пайда болады, олардан мұздықтардың тілдері бөлініп шығады.
Дербес қоректену алаптары бар және жеке аңғарлық массив түрінде ағатын тау мұздықтары тегістіке шыға бере өздерінің тілдерімен бір-біріне ұласып кең байтақ мұздық жамылғысын қалыптастырады. Бұл мұздықтар жамылғысын тау етектерін немесе тау алқымының мұздықтары деп те атайды.
4. Артика мен антарктида жоғарыда келтірілген мұздықтар түгелдей дерлік кездеседі деуге болады. Олар құрлықтар мен аралдардың кең байтақ кеңістіктерін басып жатады. Оларды жамылғы мұздықтар дейді. (9. 2б-сурет) . Мұндай күрделі мұздықтар кешені теңіз деңгейінен аса көп көтерілмейді және олардың тілдері көбінесе тікелей теңіздерге түсіп жатады. Олар тербеліс пен сыртқы күштер әсерінен сынып жүзбелі мұз тауларын немесе айсбергтерді қалыптастырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz