Оқыту процесін ұйымдастыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Мұғалімнің сабаққа дайындалу жұмыстары
2.2. Оқыту процесін ұйымдастыру
2.3. Мұғалімге қойылатын басты талаптар
2.4. Мұғалімнің педагогтік тактісі

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Аннотация
Қазіргі кезде шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік
бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея
ұлттық қағидаға айналып отыр. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің
бәсекеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев
Қазақстанынның бәсекеге қабілетті 50 елдерінің қатарына кіру старатегиясы
атты жолдауында Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы
қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының
бірі деп атап өткен болатын. Қай заманда да өркениеттің дамуы
интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де
солай болып келеді.
Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі
өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік
жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр. Менің
курстық жұмысымның тақырыбы Мұғалімнің сабаққа дайындығы, оған қойылатын
талаптар.
Зерттеу жұмысымның мақсаты: Мұғалімнің сабаққа дайындығына тоқталу,
оның ерекшеліктері мен мазмұнын ашу және дайындығына қойылатын талаптарды
меңгеру.
Менің ойымша, мұғалім өз сабағын ғылыми-әдістемелік дәрежеде өткізу
үшін ол оқу жоспарын, бағдарламасын, оқулықты, қосымша оқу-құралдарын,
керекті көрнекті құралдарды жақсы меңгеріп, өзінің жұмысын жоспарлауы тиіс.
Сабаққа осындай жүйемен даярлауда мұғалімдер оқушылардың оқу еңбегін
жақсы ұйымдастырады, әрбір жеке оқушыға жеке зейін қойып, сезімталдықпен
қарайтын болады, соның арқасында оларға жоғары сапада білім беріп, жеке
басын нәтижелі тәрбиелеуге қол жеткізеді.
Сондықтан, әрбір мұғалім сабаққа дайындалу барысында оқу
материалдарын қалай меңгеруге болатын шешудегі мұғалімнің басшылық ету
тәсілдері, амалдары мен құралдарының бір тұтастығын оқыту әдістері
демекпін.
Жалпы адамның мектептегі білім алу кезеңі және тұтас педагогикалық
үрдіс сапалы нәтижеге жету үшін оқу-тәрбие үрдісі қазіргі заман талабына
сай құрылуы шарт. Білім беруді ізгілендіру жеке тұлғаның дамуына және
оқытуды саралауға мүмкіндіктер тұрғызуға бағытталған.
Білім берудің реформалаудың жүзеге асырудың бір маңызды сипаты
қазіргі уақыттағы оқыту процесі технологиялардың қажеттілігімен туындап
отыр.
Жаңа технология дегеніміз оқушыларды оқытудағы бағдарламалық
талаптарды қамтамасыз етудегі мұғалімнің,сабақ берудегі белгілі
тәсілдерінің, амалдарының әдістерінің жиыны. Оқытудағы жүйелік, бірізділік,
тиімділік сияқты бұрын айтылған талаптарды ескеру. Олардың оқыту сапасын
арттыру, пәнді толық меңгеру әдістемесін еске түсіру сенімді негізгі
мақсаттарының топтасуы.
Қазіргі кезде дамыта оқыту бағытын қалыптастыру жер-жерлерде ынталы
жүргізіліп жатыр. Осының нәтижесін де мектептерде дағдылы қалыптастыру күні
бүгінге дейін, осылай істе деген ұстаным бойынша танымал және тәжірбиелік
міндеттерді шешуге бағытталған жалпы заңдылықтар мен интелектуальды
іскерлікті саналы қолдану негізінде емес, мұғалім берген бағыт-бағдар ойын
түйіндеу, ойын түйіндеу арқылы жауап қайтару.
Жалпы айтқанда сынып оқушыларының білім деңгейі бірдей емес.
Сондықтан сабақ кезінде әрқайсысының деңгейіне қарай жұмыстың түрін таңдап,
сол тақырыпты игеру көзделсе, өте пайдалы.

І. Кіріспе

Мектептің аса жауапты міндеті – оқушыларды ғылым негіздерімен
терең және берік қаруландыру, табанды және жемісті білім алуға оқушылардың
ынтасын арттыру, оларды өздерінің алған білімдерін практикада қолдана
білуге үйрету және дағдыландыру болса, осы орайда мұғалімнің
жауапкершілігі, оның сабақтар жүйесіне даярлануы оқу жұмысын ұйымдастыру
үшін аса зор мәні бар. Жақсы жоспарланған, мұғалімнің нәтижелі даярлығын
бейнелейтін сабақ сыныптағы оқу жұмысын ойдағыдай өткізудің ең жақсы кепілі
болады.
Сабаққа мұқият дайындалу, оның мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесін
ойластыру жұмысын әрбір мұғалім өзімнің ең басты міндетім деп сезінуі тиіс.
Егер сабақ көңілсіз өтсе, мұғалімдер сабақты босаң және енжарлықпен
өткізсе, онда, сөз жоқ, бұл мұғалімдердің сабаққа дайындалу ісіне
немқұрайлылықпен қарауы, сабаққа деп бөлінген 45 минут уақытты толық әрі
жан-жақты пайдалануға деген оның ұмтылысының жоқ екендігінде деп қарауға
болады. (Осы орайда айта кетуге болады: 40 жыл мұғалім болып істесең де, 45
минут сабағыңа әзірленуді ұмытпа!).
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы-аса жауапты іс. Мұғалім өзі оқытатын
пәнді қанша жақсы білгенімен, егер ол сабақтар жүйесі жөнінде тыңғылықты
жұмыс істемесе және әр сабаққа жеке даярланып отырмаса, оның сабақ
оқытуында ірі кемшіліктері болмақ. Бұл педагогтік стажы бар көп
мұғалімдергеде қатысты.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіе орай елімізде жүріп жатқан
реформалау процесі, оның тек экономикалық саласын ғана қамтып қоймай,
сонымен бірге әлеуметтік – гуманитарлық зор өзгерістер жасалуда. Қоғамдағы
білім беру жүйесін реформалау – соның айқын айғағы. Соған орай жалпы білім
беретін мектептерде оқу – тәрбие жұмысын нәтижелі іске асыру педагогикалық
оқу орындарында болашақ жас мамандардың білім, білік және дағды сапаларының
дайындық дәрежесіне байланысты болатыны бәрімізге мәлім.

2.1. Мұғалімнің сабаққа дайындалу жұмыстары.

Әрбір мұғалімнің сабаққа дайындалуы жөніндегі талап, педагогикалық
процестің күрделілігінен туады. Соған сәйкес мұғалімнің сабаққа әзірленуі
барысында төмендегідей сұраққа жауап беруі керек:
1. Сабақтың мақсаты қандай?
2. Оқушылар қандай жаңа білімдер алуы қажет және олар практика жүзінде
нені үйренеді?
3. Сабақта айтылатын ойдың бастысы қайсысы?
4. Бұл ойлар қандай жүйемен баяндалмақ?
5.Олар қандай жолмен негізделмек?
6.Қандай қорытындылар керек?
7.Сабақта қандай әдістер және көрнекті құралдар пайдаланылмақ?
8.Оқушылардың білімін тексеру үшін оларға қандай бақылау сұрақтарын беру
керек?
9.Оқушылар алған білімдерін пысықтау және практикада қолдану мақсатында
қандай жаттығулар беру керек?
10.Үй тапсырмасына нені беруге болады және оны қалай тапсыру керек.
Озық тәжірибелі мұғалімдер сабаққа белгілі бір тиянақты жүйемен
даярланады дедік. Ол төмендегідей кезеңдерден құралады:
а) Алдағы оқу тоқсанына оқу материалын жоспарлау.
б)Өтілген сабақтың табыстары мен кемшіліктерін есепке ала отырып, келесі
тақырыпты белгілеу.
в)Кезекті сабақтың жоспарын жасау.
Мұғалім жұмысындағы мұндай жүйелік оқу процесін үздіксіз жетілдіре
беруге, әрбір жеке алынған сабақты сабақтар жүйесіндегі буын ретінде
қарастыруға мүмкіндік береді.
Оқу жұмысының мазмұнын ойластырып алу-сыныпта оқу материалын өтудің
бірізділігі жөнінде айқын да анық түсінік құрып алу деген сөз. Сондықтан
мұғалімнің оқу бағдарламасымен жүргізетін жұмысы оларға оқу тоқсанына
белгіленген материалдық өтілуін қысқаша жоспарлап алу болып табылады. Бұлай
ету оларға әр тақырып не болмаса тақырыпша шеңберінде сабақтарды неғұрлым
айқын жоспарлауға мүмкіндік береді.
Мектепке оқу материалы әрбір жарты жыл бойынша жоспарланады.
Мұндай жоспардың түрін күнтізбелік (календарный) жоспар деп атайды.
Күнтізбелік жоспар жүйесіне белгілі бір тоқсан ішінде өтетін тақырыптар
енгізіледі.
Тақырыптық жоспарлау-белгілі бір пәнге қатысты оқытудың барлық
формасының бірлігі мен байланысының көрінісі (Ильина, 363).
Ол мұғалімге бір сабақтан келесі сабаққа өту барысында дидактикалық
мақсаттарды анықтауда бірізділік пен жүйелілікті анықтауға септігін
тигізеді, оқу материалының мазмұнындағы негізгі ойды бөліп қарауға,
оқушылар мен мұғалімдердің негізгі оқу әрекеттерін белгілеуге, пәнаралық
байланысты орнықтыруға, оның барысында пайдаланылатын көрнекі және
техникалық құралдарды ойластыру, сонымен бірге нақтылы тақырыптарды оқыту
нәтижелерін алдын-ала болжауға мүмкіндік береді.
Тәжірибелі мұғалім тақырыпты зерттегенде, оқу материалын оқып
біледі,осы тақырып бойынша откен оқу жылында жүргізген сабақтардың
тәжірибесін ескереді, жеке сабақтарға арналған тақырыптың мазмұнын
жоспарлайды және сабақта білімдік міндеттерді ғана емес, сол сияқты тәрбие
міндеттерінің шешілуін де белгілейді.
Сабаққа осындай жүйемен даярлауда мұғалімдер оқушылардың оқу еңбегін
жақсы ұйымдастырады, әрбір жеке оқушыға жеке зейін қойып, сезімталдықпен
қарайтын болады, соның арқасында оларға жоғары сапада білім беріп, жеке
басын нәтижелі тәрбиелеуге қол жеткізеді. Себебі, сабаққа тұтас тақырып
бойынша даярлану белгілі бір оқу материалын мектепте өту үшін жақсылап
жоспарлау ғана емес, сол сияқты оқушылардың ұжымдық және дара жүргізетін
оқу жұмысын, сабақ үстінде оқушылардан сабақ сұрауды және артта қалушыларға
көмек көрсетуді күні бұрын ескеруге мүмкіндік береді.
Оқу бағдарламасының тараулары бойынша сабақтардың
тақырыптарын жасап болғаннан кейін, іле-шала мұғалім алдағы әрбір сабақтың
мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесін толық ойластырып алады.
Жеке сабақтардың жоспары-әрбір мұғалімнің жеке сабақ құжаты. Ол
мұғалімнің тақырып жөнінде алдын ала қандай жұмыс жүргізілетіндігімен
анықталады.
Сондықтан, тиімді жасалған жспар - өткен сабақ болып табылады.
Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде қалыптасқан мұғалімнің жеке жоспарының
үлгісі төмендегідей:
1. оқу бағдарламасының берілген тарауы бойынша сабақтың күні мен реттік
саны анықталады.
2. сабақтың тақырыбы
3. сабақтың мақсаты
4. сабақтың құрылымы немесе дидактикалық кезеңдері
5. сабақтың мазмұны
6. оқыту әдіс – тәсілдері
7. сабақтың құралдары
8. үй тапсырмасы
9. қорытынды, сабақтың аяқталуы.
Сабақтың анағұрлым негізгі бөлігі – оның төртінші және бесінші кезеңі
болып табылады. Сабақтың әрбір құрамды буынына немесе дидактикалық
элементтеріне мұғалімнің жұмсайтын уақытын көрсетудің мәні зор, содан кейін
барып оның қалған буындары мен мазмұнын ашып көрсетеді. Сабақты бұлай
жоспарлау мұғалімге сабақ барысын нәтижелі ұйымдастыруға қолайлыжағдай
туғызады. Одан әрі қарай, оқушылардың тәжірибелері, жұмытарын ұйымдастыру
тәсілдері қарастырылады. Оқыту әдістерін қолану нақты атап көрсетіледі.
Содан кейін сабақта қолданылатын әр түрлі оқу құралдары (карта,
глобус, приборлар, т.б.) және пайдалану әдістемесі көрсетіледі. Сабақтың
соңғы буыны – үй тапсырмасын беру.
2.2. Оқыту процесін ұйымдастыру

Оқыту процесін ұйымдастыруда, балаға білім беруде, сол білімді
қалыптастыруда, бақылау мен бағалауда ұстаздың және оның сабаққа
дайындалуының рөлі ерекше.
Ұстаз өз сабағын ғылыми-әдістемелік дәрежеде өткізу үшін ол оқу
жоспарын, бағдарламасын, оқулықты, қосымша оқу-құралдарын, керекті көрнекті
құралдарды жақсы меңгеріп, өзінің жұмысын жоспарлауы тиіс.
Оқыту жұмысы тақырыптық және сабақ жоспары бойынша жүргізіледі.
Тақырыптық жоспар оқу бағдарламасы, оқулық, оқу құралдары негізінде
жарты немесе толық оқу жылына жасалады.
Сабақ жоспары әр сабаққа жасалады. Ол оқу жұмысын жоспарлаудың негізгі
түрі (сабақ жоспарының үлгісі білімгерлерге семинар сабағында беріледі).
Жасалған сабақ жоспары бойынша ұстаз:
а) Сабақ тақырыбы бойынша оқулықты, оқу құралын және түрлі қосымша
әдебиеттерді пайдаланып, өзінің білімін тексереді.
б) Алдын ала есептер шығарады, жаттығулар мен тәжірибе жүргізуге
дайындалады.
в) Жабдықтарды тексереді.
Сабақты дұрыс өткізу үшін ұстаз пәнді де, ғылымды да өте жақсы игеріп
қолдана білуі қажет. Ұстаз өткен сабақты өтетін сабақпен ұштастырып
оқушыларға ыңғайлы етіп ұйымдастырады.
Сабақта оқыту әдістерін тақырыптың мазмүнына, оқушылардың
мүмкіндіктеріне сәйкес таңдап алып, сол сияқты көрнекілік және техникалық
құралдарды күні бұрын дайындау – сабақ мақсатының жемісті болуының негізгі
шарттарының бірі.
Ұстаз келесі сабаққа дайындалу үшін өткен сабақты талдайды.
Онда мынадай жайттерді ескергені жөн:
- тақырыптың мазмұнын оқушылар қалай игерді;
- сабақта қолданылған оқыту әдістерінің тиімділігі;
- сабақтың дидактикалың және тәрбиелік міндеттері қалай шешілді;
- сабақтың жетістіктері мен кемшіліктері;
- сабақ барысында жіберілген кемшіліктерді келесі сабақтарда болдырмау
жолдары;
- баланың алған білімін бақылау арқылы бағалау, яғни қорытындылау.
Бірінші сұрақ бойынша қорытынды:
Оқыту процесін ұйымдастыруда, балаға білім беруде, сол білімді
қалыптастыруда, бақылау мен бағалауда ұстаздың және оның сабаққа
дайындалуының рөлі ерекше.
Ұстаз өз сабағын ғылыми-әдістемелік дәрежеде өткізу үшін ол оқу
жоспарын, бағдарламасын, оқулықты, қосымша оқу-құралдарын, керекті
көрнекілік құралдарды жаңсы меңгеріп, өзінің жұмысын жоспарлауы тиіс.
Оқыту – оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатында бағыталған
алдын-ала жоспарланған іс-әрекет.
Оқыту мазмұны - өкімет арнайы таңдап анықтаған белгілі салада жұмыс
істеу үшін қажетті адамзат тәжирбелерінің бөлшегі. Ол-оқытудың нәтижесі
болатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиеттер жинтығы.
Оқыту процесі – білімді, біліктілік пен дағдыны меңгеретін,
оқушылардың дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс-
әрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана-сезімі, адамгершілік қасиеттері
қалыптасып дамиды.
Оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктеріне назар
аударайық.
Оқыту – мақсатты процес. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдер
мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.
Оқыту – таным процесі. Танымның ерекшелігі оқушыда білімге деген
қызығушылық ұдайы өсіп арта түседі.
Оқытудың міндеті – оқушыны айнала орта мен және адам дамуының негізгі
заңдылықтарымен қаруландыру. Оқушы дүние танудан бұрын ғылымда белгілі
болған, зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдады әрі
қарай дамыта түседі.
Оқытуда ғылым негіздерін оқып үйренудің өзі, ғылым тарихымен, оның
әдістерімен танысу, ұлы ғылымдардың өмірі мен қызметі жайлы ақпарат алды.
Оқыту – даму негізі. Педагогикалық процес өзіне тән негізгі екі
белгіні: организімнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың
жан-жақтылы жетілуін түйстіреді.
Баланың өзіндік дамуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі өзара
қарым-қатынас жасау іс-әрекеті. Сөйтіп оқыту процесі – мұғалімнің үнемі
баламен рухани қарым-қатынаста, ынтымақтастық жағдайында болуын қажет
етеді. Оқыту процесінде бала тек мұғалімнің әсерін қабыдаушы ғана емес,
оның оқу іс-қимылы мен өзіндік психикалық процестерін бақылау, ұйымдастыра
білуі оқытудағы субьекті екенін айқындайды. Оқыту процесінде бала логикалық
ойлау болмысының жалппы тәсілдерін қолдануға және дербес шығармашылық
әрекет жасауға дағдыланады. Бұдан шығатын қорытынды: оқыту – баланың рухани
жағынан жетілуін қамтамасыз етеді; оқыту – бала дамуының алғы шарты. Демек,
оқыту мен дамудың арасында тығыз байланыс орнап отырады. Л.С.Виготскийдің
баланың дамуынан ілгері жүретін оны жетекке алатын оқытуды айтады. Ол
баланың кешегі күнгі дамуына емес ертеңгі күнгі дауына қарау керек деп
ескертеді, осыған орай бала дамуының “екі зонасы” болатынын айтады.
Бірінші зоналық бала дамуының қазіргі қол жеткен сатысы, осыған
қанағаттанып қоймай, мұғалімнің оқушыларды болашақтағы дамудың ең жақын
сатысына (екінші зона) жеткізуге міндетті екенін айтады.
Оқушының жалпы психикалық дамуы – мектептегі оқумен өздігінен оқуына
тығыз байланысты. Оқушының ойлау қабілетінің дамуына оқу процесінде қолайлы
жағдай туады.
Оқыту – екі жақтылы процес. Оқыту оқушы мен мұғалімнің өзара
бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені, оқыту –
мұғалімнің білім берудегі негізгі іс-әрекеті болса, оқу – баланың өзінің
танымдық, практикалық әрекеті. Сөйтіп, оқушының таным әрекеті мұғалімнің
басшылығы арқасында ғана жүзеге асады.
Оқыту – жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын
жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған
түрде жүзеге асырады. Оқушы білімді қысқартылған, педагогикалық тұрғыдан
өзгертілген жолмен мұғалімнің және арнайы жазылған оқу құралдарының
көмегіне сүйене отырып меңгереді.
Оқыту – бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру тәрбиелеу және
ақыл-ойы қабілетін дамыту негізінде жүзеге асырылады. Осы негізде оқыту
процесінің бірінші қызметі – оқушыларға білім беру.
Білім беру, біріншіден, ғылым негіздеріне сай оқушыларды нақты
фактілермен, қағида және түсініктерімен қаитамасыз етсе, екіншіден солардың
негізінде,айналасындағы әртүрлі қылмыстарға олардың ғылыми көзқарасын
қалыптастыру.
Екінші қызметі – тәрбиелеу оқыту барысында оқушыларды теориялық
білімдер жүйесімен қаруландырып, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып
дамыту. Сонымен бірге оқыту барысында тәрбиенің мақсат-міндеттері және
мазмұны айқындала түседі. Сөйтіп,тәрбие процесі дұрыс ұйымдастырылған
жағдайда оқытудың барысында қолайлы ықпал етед, соның негізінде тұлғаның
танымдық қызметі мен оқуға деген қызығушылығы артады.
Үшінші қызметі – дамыту. Оқыту барысында оқушыларға білім беру,
оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімі, шығармашылық
қабілеті т.б. көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамуына біліктілері
шыңдалып, қабілеттерінің дамуына оң әсер етеді.
Даму қызметінің ерекшелігі сол, ол өз алдына жеке өмір сүрмейді,
керісінше оқытудың білім берумен тәрбиелеудің қандай дәрежеден іске
асырылуына байланысты. Бұдан шығатын қорытынды оқытудың, білім беру мен
тәрбиелеу қызметінің негізі болып саналса даму өз алдына олардың
қызметінің нәтижелі болуының қолайлы ықпал етеді.
Оқыту прроцесін іске асыру белгілі бір заңдылықтарды меңгеру
негізінде жүзеге асады.
Құбылыстар мен процестер арасындағы объектілі, маңызды, қажетті,
жалпы, бірлік, белгілі жағдайда қайталанатын өзара байланыс заңдылық деп
аталады. Өзара байланысы бар объектілер, байланыстың түрі, сипаты, қызыметі
анықталған кезде заңдылықты заң деп білеміз.
Оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Оқыту
заңдылықтары сыртқы және ішкі, жалпы және жекедеп бөлінеді. Сыртқы
заңдылықтар оқытудың қоғамдық шарттардан, саяси-әлеуметтік жағдайлардан
тәуелділігін сипаттайды. Ішкі заңдылықтар оқытудың мақсаты, әдістері,
құралдары, түрлері арасындағы байланыстарды сипаттайды.
Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылыды.
Себебі, оқыту процесі оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру
формаларының біртұтастығы болып табылыды.
Әдіс деген сөз гректің metodos деген сөзінен шыққан. Метод деген
ұғымды белгілі ақиқатқа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдірді.
Қысқаша психолгиялық-педагогикалық сөздік әдіс - мақсатқа қол
жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет деген
анықтама береді.
Оқыту әдістері-оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның
арқасында білім, іскерлік дағды қалыптастырып, оқушылардың дүние таным мен
қабілеті артады
Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті.
Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында
білім алу жолдары.
Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде
білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру.
Әдіске қатысты анықтамаларда бәріне ортақ пікір: белгілі бір
мақсаты көздеген мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас және
іс-әрекет. Олай болса оқыту әдістері – оқытудың мақсат міндеттеріне сай
оның мазмұны оқушыларға меңгеруде мұғалім мен оқушылардың қолданылатын
амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту
тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным
әрекетіне басшылық етумен байланыстырылады.
Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күнің басты мәселесі болып отыр.
Оқыту әдістерінің тиімділігін артырып, оқытудың жаңа формалары мен
тәсілдерін меңгеру қажетілігіне педагогикалық зертеулерде айрықша мән
береді .
Алайда оқыту әдісін қайта құру – күрделі процестің бірі. Кейбір
әдістерді қолдануда бір жақтылы асыра сілтеушілікке жол бермеген жөн. Тіпті
әр тақырыптың өзі де оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді.
Сондықтан оқытуда әртүрлі әдістерді қолдану қажет. Олай болса, оқыту әдісін
мұғалімнің таңдап алу белгілі шарттарға байланысты болып келеді.
1.Оқыту әдістерін оның мақсат – міндеттеріне, оқушылардың жас және
таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану.
2.Қолда бар нақты көрнекі және техника құралдарын,кәбинет жабдықтарын
ескеру.
3.Мектептің географиялық орналасуын ескеру. Мысалы,оқытуды қала
мектептерінде оқушылардың өндіріс жасау мүмкіндіктерімен, ал ауыл
мектептерінде мектеп жанындағы учаскілерге, тәбиғатқа, ауыл шаруашылық
өндірісіне бару жағдайларымен байланыстыру.
4.Мұғалімнің іс-тәжірибесінің шығармашылық сипатына, оның шеберлігіне
тікелей байланысты шараларды іске асыру.
Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын тұп мақсатының жүзеге асуы.
Мұғалім қандай тақырып өтсе де ең алдымен оның мақсатын айқындап алуы тиіс.
Бұл мұғалімнің өзіне қажет. Себебі оқылатын оқу материялын баяндауда оның
негізгі идеясын немесе оқушылардың назар аударатын басты мәселесін есте
сақтау тиіс және оқушылардың ойына бекітілуге қажетті қосымша материялдар
анықтау жұмыстарын атқармай тұрып, оның мақсатын белгілей алмайды.

Оқытуды
ұйымдастыру формасы – оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім
мен оқушылардың іс-әрекетінің сыртқы көрінісі. Ұйымдастыру формасында
оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері біріңғай жүзеге асады.
Қоғамның даму тарихында жас ұрпақ оқытудың ұйымдастыру тәсілдері де
өзгеріп тұрады. Оқыту жұмыстарын ұйымдастырудың тарихында, оның негізінен
үш түрлі формасы қалыптасқан: жеке-дара, топтық және сынып-сабақтық жүйе.
Жекелеп оқыту жүйесі көне және орта ғасырларда пайдаланылады. Мұғалім
жеке оқушылардың орындаған жаттығу жұмыстарын тексеріп мәтінді, мәтінді
оқытып тыңдайтын, үй тапсырмаларын орындау амалдарын түсіндіру және бәсеке
жұмыстарын ұйымдастыратын, жеке және бірнеше балалармен әңгіме жүргізу
әдістерін де қолданатын.
Жаңа дәуірде Англияда оқытудың белл-ланкестер жүйесі таралды.
Сатылы немесе өзара оқытутүрлерінің ерекшелігі: бір оқу жылында жас
шамалары, білім дәрежелері әртүрлі, құрамы тұрақты емес оқушыларды жылдың
қай мезгілінде болмасын, оқуға қабылдап отырған. 200-300 немесе 600-ден
астам оқушы мұғалім сатылап оқытуды ұйымдастырған, түске дейін ересектерді
оқытса, түстен кейін өз жасындағы балаларға өздерінің мұғалімдерден алған
білімін беріп отырған.
Америка Құрама Штаттарында 20 ғасыр басында далтон-жоспар оқу
формасы тұңғыш рет қолданылады. Бұл жүйенің ерекшелігі, оқу жеке дара,
әрбір оқушының өз күшімен, белгілі бір бағдарламаларды бөлшектеп оқытуды
ұсынады. Мұндай оқытуды ұйымдастыруда мұғалімнің ролі төмен болды.
Қортып айтқанда, мұғалім бір мезгілде жас шамалары бірдеий, құрамы
әркезде тұрақты оқушылар тобымен жүмыс істейді.

2.3. Мұғалімге қойылатын басты талаптар

Сабақ – оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан,
ендігі жерде оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше
болды. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани-адамгершілік
қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделді.
Сабақ – күрделі психологиялық және дидактикалық қарым-қатынас жасау
және тәрбиелеу міндеттері іске асырылады.
Оқыту – динамикалық процес. Оның сапасын үнемі жетілдіріп отыру -
өмір талабы. Білім беру саласындағы оқу-таным әрекетінің сапасын, дәрежесін
есепке алу, тексеру және бағалаудың білім, білік дағдысының нәтижесін
арттыруда қызымкті ерекше. Сөйтіп оның технологиясын әр кезде өмір талабына
сай жетілдіріп отыру – оқыту міндеттерінің өзекті мәселелерінің бірі.
Неміс педагогы И.Ф.Гербарт сабақтың негізгі төрт кезеңін ұсынды. Мұғалімнің
оқу материялын мазмұндау кезеңі, жаңа материяларды өткен материялармен
байланыстыру кезеңі, сабақты жаттығу әдісімен жүргізу кезеңі және қысқаша
қортынды жасау кезеңі.
Сынып – сабақ формасы оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы
ретінде күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Себебі ол ең алдымен
мұғалімге оқытатын пәнің мазмүнын жүиелі түрде баяандауына мүмкіндік
береді. Сондай-ақ, сабақ баланың оқу әрекетінің және жүйедегі түрлеріне де
бағыт бағдар беріп, жетекшілік ролін атқарады.
Күні бүгінге дейін оқыту саласында қолданылып жүрген білім, білік
және дағдыны тексеру мен бағалаудың 5 балдық жүйесі, оның сапасын,
дәрежесін анықтап, белгілеуде барлық жағдайда обьективтік тұрғыда
қамтамасыз етпеиді. Соның нәтижесінде қазіргі кезде жоғары оқыту
орындарында оқыту процесіндегі рейтинг-тестік жүйеде оқу-таным әрекетінің
сапасын анықтайтын бақылаудың жаңа түры өмірге келді.
Рейтинг—ағылшын тілінде torat- бағалау немесе жетістік өлшемі
деген ұғымды білдіреді.
Рейтинг жүйесінің мақсаты:
-оқыту – таным әрекетінің сапасын нәтижесін арттыру;
-оқыту – таным әрекетінің сапасын тексеру, бағалаудың тимділігін жетілдіру
және әділдігін орнықтыру;
-оқыту – таным әрекетіндегі білім, білік,дағды сапасын, дәрежесін бақылауда
жүйелікті қамтамасыз ету;
-оқыту – таным әрекетіндегі студенттердің жауапкершілігін, белсенділігін
арттыру;
-тексеруде уақытты үнемдеу.
Бұл жүйенің ерекшелігі оқытушының педагогикалық әрекеті мен студентің
оқу әрекетінің сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызады, оқу процесінің барлық
қызметінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары
Инновациялық технологиялар негізінде қашықтықтан оқыту жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Шағын жинақты мектептердің жай-күйі мен негізгі проблемалары
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық шарттары
Орта мектептегі жаратылыстану пәндерін оқытудағы мултимедиялық кабинет мүмкіндіктері
Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ЕРЕЖЕСІ
Оқыту технологияларын сабақта пайдалану тиімділігі
Қазіргі заманғы оқыту технологиясы
Бастауыш сыныптарындағы оқу – тәрбие процесін гуманизациялауда оқушыларды жекелеп оқытудың педагогикалық негіздері
Түркістан облысындағы шағын жинақы мектептердің қазіргі жағдайы мен болашағы
Пәндер