Мұғалімнің педагогтік тактісі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Мұғалімнің педагогтік тактісі

Мұғалім мен оқушылар арасында болатын қатынаста педагогикалық тактінің маңызы зор.

«Такті» деген сөздің мағынасын дәлме-дәл беретін сөз қазақ тілінде жоқ. Педагогикалық такті деп біз мұғалімнің тәрбие беру процесінде балалардың көңіл күйін, жан дүниесін, мінез құбылыстары мен психо-физиологиялық ерекшеліктерін терең білудің негізінде нақтылы жағдайлардың талабына сәйкес қолданатын әдіс-тәсілдердің қосындысын айта-мыз.

Педагогикалық такті болмайынша, мұғалім өз пәнін қанша терең білгенімен, тіпті тәрбие-лік жұмыста алуан түрлі әдіс-тәсілдерді меңгергенімен, өзінің алдына қойған жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие беру мақсатына жете алмайды.

Мұғалім мен оқушының арасындағы қатынастар алуан түрлі болып келеді. Сондықтан да мұғалім оқушыға қатынасын оруақытта да өзгертіп отырады.

Бір жағдайда қатаң талап қоюы, екінші бір жағдайда тілек, өтініш ретінде болып келуі, үшінші бір жағдайда сендіру мен көз жеткізу, мойындату, төртінші бір жағдайда үгіттеуі, ақыл-кеңес беруі, бесінші бір жағдайда түсіндіру, жәрдемдесу, қамқорлық жасауы, алтыншы бір жағдайда ұялту, бетіне басу не үрсу керек болатын жағдайлар кездессе, жетінші бір жағдайда мақтау, немесе тазалау жұмысына ұласады.

Осындай сан алуан түрлі қатынастарда әруақытта да белгілі бір педагогикалық тактіні сақтамаса, ойдағыдай нәтижеге жетіп, оқушыға жағымды әсер етілмеген болар еді. Сон-дықтан педагогикалық тактіні сақтамаса, ойдағыдай нәтижеге жетіп, оқушыға жағымды әсер етілмеген болар еді. Сондықтан педагогикалық тактіні меңгеру, оны шебер қолданып отыру - біздің күнделікті тіршілігіміз. Оны күнбе-күнгі өмірімізде сан алуан түрде кезде-сіп отыратынын өмір нақтылы көрсетіп жүр.

Әрбір ұстаз, ең алдымен, сабағының сапасы мен тиімділігін арттыруға күнбе-күн көңіл аударып, мұғалім педагогикалық тактінің талаптарына қайшы келмеуге өзіне-өзі қатаң талап қойып, өз жұмысын әрдайым жетілдіріп отыруы керек.

Бұл үшін мұғалім өне бойы өзін сергек, көңілді ұстауы керек. Класс ішіне ешуақытта көңілсіздік, ашулы ызғармен кіруге болмайды. Сол сияқты оқушының ата-анасы, туыста-рымен нашар қарым-қатынасының, өкпе-аразының есесін оқушыдан қайтаруға әдеттену педагогикалық тактіге жуыспайды. Кейбір ұстаздар тарапынан шәкірттің ата-анасының қызмет бабына, жекжаттық, ағайындық, жора-жолдастық қарым-қатынастарына сәйкес оқу-шыларға қарым-қатынасты соған бейімдеп қолдану әдеті де кездесіп жүр. Бұл сияқты әдеттен мүлдем аулақ болу орынды. Өйткені бұл әдет педагогикалық тактіге ешбір си-ыспайды.

Оқушының әдепсіздігіне, тіл алмауына, кейде мұғалімге қарсы келуіне немесе сыйламау әдетіне өшігіп оқушыдан кек алу, жек көру әдетінен де аулақ болуымыз керек. Кейбір ұстаздар тарапынан оқушының тәртіп-сіздігінің есесін үлгірім бағасына ауыстыру әдеті де кездесіп қалады. Бұл әдеттің тиімсіздігі, педагогикалық тактіге қайшы келуін былай қойғанда, оқушыны өшіктіріп, қырсық-тырып, мұғалімге қарсы қоюға, сыйламаушы-лыққа әкеліп соқтыратынын аңғармаймыз. Мұғалім, біріншіден, өте әділетті, шыншыл болуы керек. Екіншіден, ұстаздың сөзі мен ісінде ешқандай айырмашылық, қайшылық болмауы шарт.

Мұғалім шәкіртіне өте мейірімді, қайырымды, қамқоршы болуы керек. Бұл жерде Лев Толстойдың: «Егер мұғалім өз ісіне сүйіспеншілікті оқушыға сүйіспеншілікпен біріктіре алса, онда ол - шын мәніндегі мұғалім болғаны», - деген сөзін әрбір мұғалім есінде саңтағаны жөн.

Мұғалімнің мінезі жайдары, кең пейілді, сабырлы, ашу дегенді білмейтін, сөзі өте сыпайы, жұмсақ, ешкімнің көңіліне қаяу түсірмейтін болуы керек. Бұл туралы А. П. Чеховтың: «Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен сыйлата білмесең, құр қаталдықтан түк те шықпайды» - деген нақыл сөзін ескеру біздерге, ұстаздарға, өте лайықты.

Сондай-ақ Ы. Алтынсаниннің «Оқушы сабақты білмей қалса, оған ол үшін ұрыспау керек. Оған сабақты білдіре алмаған кемістікті өзіңнен іздеуің керек», - деген өсиетін де есте ұстаған артықтық етпейді. Оқушы сабақты білмей қалған болса, оның себебін анықтау керек. Сол оқушының сабақты білмеуі, өз кінәсінен бе, ата-анасының кінәсінен бе, көлденең басқа себептерден бе, болмаса мұғалімнің сабақ беруде жіберген босаңдығынан ба? Осыларды анықтау керек те, соған лайықты амал-шара қолдану керек. Мұғалім әрқашанда өз сабағына сын көзімен қарағаны дұрыс. Әрбір өтілген сабағына өзі талдау жасасын, яғни өтілген сабағында нендей кемістік кеткенін зерттеп, анықтап отырса, сабағы күннен-күнге жетіліп, тиімділік сапасы арта беретіндігінде дау жоқ. Сонда «Да-нышпандықтың ең бірінші белгісі - адамның өзін-өзі тани білуінде», - деген халық даналығына лайық жұмыс істеген боламыз. Бұл жағдай мұғалім мен шәкірттің арасын жақындатуға, сыйласуға, сенімі арта түсуіне көп септігін тигізеді.

Оқушы мұғалімнің сұрауына жауап бергенде олардың сөздеріне, жауабына ынта қойып, ұқыптап тыңдауды, оқушының сөзін бөлмеу, басқа оқушыларға бөлдірмеу, орынды же-рінде қоштап отыру, кейде жаңылысқан, қиналған жеріне түзету жасап, жәрдемдесіп жіберуді де қолданып отыруымыз керек. Жәрдемдесу дегенде мұғалімнің өзі оқушының аузына сөз салып, жетектеуге айналдырып жіберуге болмайды. Кейде сабақты нашар үлгіретін оқушының тағдырын алдын ала шешіп қоюшылық та кездеседі. Мысалы, мұғалім: «Ибраев, сен тақтаға шықшы, сен бүгін де ештеңеге жауап беріп жарытпассың. Сен, Ибраев, ең болмағанда мынаған жауап берші!» Бұл сияқты күдікті сөз, ұнамсыз қылықты көрген оқушыньің өзіне деген сенімі жойылады, үнжырғасы түсіп, не намыстынып, кектеніп ұстазына біліп тұрса да, жауап бергісі келмейді.

Сол сияқты сабақты өте салғырт, нашар оқитын, не салақ, олақ, жалқау оңушылардан күдер үзіп, көңіл бөлінбей, ескерусіз-қалдыру жағдайлары де кездесіп тұрады. Бұл сияқты қылықтар - педагогикалық тактіге үш қайнаса сорпасы қосылмайтын жаман әдет.

Мұғалімнің бой-басы жинақы, көрікті, киген киімдерді қарапайым, тап-таза, бойына лайықты, шақ, сәнді болуы керек. А. П. Чеховтың: «Адамда барлық нәрсе: жүзі де, киімі де, жаны да, ойы да керкем болуы тиіс», - деген ұлағатты сөзі ұстаздарға айтылған сияқты. Орынсыз бояну, шектен асқан сәнді, жасанды киіну, табиғи өңін өзгертуге әуестену немесе өте салақтық, бойбасын күтінбей жүру мұғалімдік тактіге үйлеспейді. Өйткені, шәкірт ұстазынан үлгі алады, еліктейді. Сондықтан ұстаз өзін-өзі күтіп, ұстазға лайықты болуға ат салысқаны жөн. Мұғалімнің дауысы бірқалыпты, салмақты, сөзі тиянақты, дәлме-дәл, тұжырымды және жүйелі болуы керек.

Эмоциялық әсер ететін ұстаздық үн оқушылардың ықыласын бірден-ақ баурап әкетеді де, олардың сабақты жақсы ұғынуына септігін тигізеді.

Жақсы дауыс ырғағына негізделген әдемі үн оқушыларды мейлінше ынталандырып, жалықтырмайды. Дауыстың жақсы шығуы оның дыбыс сазына өң берерлік қосымша үндердің гармониялық бірлесуіне тікелей қатысты нәрсе. Темірдей шаңқылдақ, шіңкілдек дауысты оқушылар аса ұната қоймайды. Сол сияқты сылбыр, ынжық, өте пәс, асығыс, шапшаң, қайталай беру, жаңыла беру де ұстаздық дыбыс сазына, үніне мүлдем үйлес-пейді, сөздердің сапа-қадірін түсіреді, оқушылардың түсіну ұғымын темендетеді. Ұстаздық дыбыс сазына, үніне кең, толық, таза, айқын сүйкімді дауыс болуы үшін жағымды саз беруге дағдылану, жаттығу керек. Бұл туралы Макаренко актерден сабақ алып, үйренгеннен кейін: «Дауысты үйлестірудің қандай ұлы іс екенін ұғындым. «Жүре беруіңе болады» деген қарапайым үш ауыз сөзді 50 түрлі әдіспен айтуға болады. «Бері кел» деуді 20 түрлі түрлендіріп айтуды, бет-бейнемді, пішінімді, дауысымды 20 түрлі құбылтуды үйрендім», - дейді.

Дыбыстан сөз құралады. Осы сөзді сурыптап, саралап, шешендік сөз қалпына келті-

ре сөйлеуде де ұстаз ойлануы, даярлануы, жаттығуы керек. Сондықтан да болар, «Асыл

сөз кірлеген көңілді тазарта алады, қажыған көңілге қуат бере алады, қажыған көңілге қуат бере алады, асқан көңілді басып қараңғы көңілге шырақ жаға алады» депті

Ғабиден Мұстафин ағамыз. Тағы бір өсиетінде: «Сөз құдыреті ғажап: алтынды мыс, мысты алтын етіп көрсете алады. Тас жүректі қорғасындай балқытып, балқыған қорғасынды тастай ете алады. Кірлі көңілді тазартып, кірсіз көңілді кірлете алады», - деген екен. Енді оқушыларға үйге тапсырма беруде саралап - дифференциялап (тұтас класқа, бір топ оқушыға не жеке оқушыға қабілетіне лайық жекелеп) беру, үй тапсырмасын сұрау, оқушылардың білімін анықтау, оқушылардың біліміне қарай баға қою жумыстарында мұғалімнің еңбек сүйгіштігі, тапқырлығы, әділетті шыншылдығы өте қажет болады. Бұл қағиданы сақтамаған мұғалім педагогикалық тактіге өзі қарсы жұмыс істеген болады да, ұстаздық сапасына кір келтіреді, шәкірттерінің сыйламаушылығына, сөзін тыңдамау, орындамау, кейде қарсы келу жағдайына кездеседі. Ұстаз бен шәкірттің арасында келіспеушілік туындайды.

Егер шәкірт кінәлі болып қалса, оның кінәлі кінәсіздігін айыру, себебін анықтау, ауыр-жеңілдік дәрежесін айырып барып, шешім қабылдау керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту процесін ұйымдастыру
Педагогикалық шеберлік пен әдеп
ХХІ ғасыр педагогының педагогикалық тактісі және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдары
Педагогика бойынша лекциялар
Өндірістік сабақтарың ұйымдыстыру
Мұғалімдерге қойылатын қазіргі талаптар
Педагогикалық процестегі мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің мәні
Педагогикалық шеберлік туралы түсінік
Педагогикалық әдептің негіздері
Педагогикалық шеберлік педагогикалық мәдениеттің компоненті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz