Мектепте әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі түрлері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды аттестациялау

Мектептегі әдістемелік жұмыс педагогикалық мәдениетті көтерудің шарты.

Мұғалімнің кәсіптік дайындығы оның педагогикалық жоғары орнын бітірумен аяқталмайды, ол мұғалімнің кәсіптік қызметінің бүкіл езеңін қамтиды. Сонымен бірге мұғалімнің кәсіптік білімін үздіксіз көтеріп отыруы оның шығармашылық қабілетін дамытуды және дербес педагогикалық тәжірибесін үнемі дамытудың шарты болып табылады. Егер мұғалім қоғамдық ортада белсенді позиция ұстанып, оның дербес тәжірибесі әлеуметтік және педагогикалық ұжымның қолдануға ие болып, мұғалімнің кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық мәдениетінің артуы барынша жемісті болады.

Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру жоспарына сәйкес олар бес жылда бір рет мұғалімдер біліктілігін көтеру институттарында немесе педагогикалық жоғары оқу орындарының арнаулы факультативтерінде арнайы дайындықтан өтуі тиіс. Біліктілік көтеру немесе педагогикалық ЖОО базасында мұғалімдердің алған арнайы білімдерді практикалық тұрғыдан қорытылып, мектепте сыннан өткізуді қажет ететіндігі аңғарылады. Бұндай жағдайда мектепте арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыстардың жүйесі мұғалім үшін баға жеткіліксіз көмек бола алады.

Әдістемелік жұмыстар дербес және ерекшеліктер жағдайда мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік дайындығын жетілдіруге деген сұранысына жауап бере алады. Ал, әдістемелік жұмысты жеке ерекшеліктерді ескеріп жүргізу, бірқатар субъективті, объективті алғы шарттарға байланысты. Ең бастысы мұғалімнің ғылыми-әдістемелік дайындығын жетілдірудегі өмірлік және кәсіптік бағдары, кәсіптік деңгейі мен тәжірибесі ескерілуі тиіс. Мектептің әдістемелік қызметінің озық тәжірибелері мен дәстүрлерін сақтау және дамытудың да маңызы зор. Осы жұмыстардың бәрі де мектеп директорының оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасарының құзырында болады.

Мектептегі әдістемелік жұмысты басқару оның міндеттері, мазмұны және ұйымдық негіздің директоры,, оның орынбасары ғана емес, мұғалімдер де анық та нақты ұғына алғанда барынша тиімді болады. Ал мектептегі әдістемелік жұмыстардың жалпы міндеттерін былайша тұжырымдауға болады: мектептің педұжымының педагогикалық тәжірибесін жүйелі түрде зерттеу, жинақтау және тарату, педагогика ғылымының жетістіктерін жұмысқа қолдану қызметінде инновациялық бағыттылықты қалыптастыру; мұғалімдердің теориялық (пәндік) және психологиялық- педагогика- лық дайындық деңгейін көтеру; жаңа оқу бағдарламаларын, жоспарларын, мемлекеттік білім стандарттарын оқып, үйренуді ұйымдастыру; оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологиясы, түрлері мен әдістерін байыту; жаңа нормативтік құжаттар, нұсқау - әдістемелік көмекті дербес және жеке ерекшеләктерді ескеріп ұйымдастыру - жас мұғалімдерге, пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілері мен тәрбиешілерге; педагогикалық жұмыста белгілі бір қиындыққа кезіккен мұғалімдерге; педагогикалық білімі жоқ мұғалімдерге және т. б; мұғалімдердің өздігінен педагогикалық білім көтеруіне деңгейін көтеру.

Мұғалімнің әдістемелік жұмыстарының мазмұнын кәсіптік - педагогикалық мәдениетінің құрамды бөліктерін ескере отырып айқындаған дұрыс деп білеміз. Олар - мұғалімнің жалпы мәдени дайындығы; әдістемелік, тәрбиешілік, зерттеушілік, кәсіптік- адамгершілік, басқара білу мәдениеті. Әдістемелік жұмыстың мазмұны кәсіптік-педагогикалық мәдениеттің әрбір бағыты бойынша нақтыланып, бірнеше ұзақ мерзімдік зерттеудің нысанына айналуы мүмкін.

Мұғалімнің әдістемелік, инновациялық жұмысқа қатысуы соңғы нәтижеде оның жеке педагогикалық жүйесінің, дербес педагогикалық жұмыс стилінің қалыптасуына ұласады.

Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру мектептің типі, оның орналасқан жері және т. б. жағдайлаоға байланысты түбірінен ерекшеленуі мүмкін. Бұндай жағдайда 50-ден 100-ге дейін оқушысы, 10-12 мұғалімі бар шағын комплектілі орта мектептерде едәуір қиындық кездеседі. Ауыл мектептерінің тәжірибесі осындай бірнеше мектепті ірі ауыл мектебінің базасына құрылған тиімділігін көрсетіп отыр.

Мектепте әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі түрлері.

Мектепте әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың түрлері өзгермелі болып келеді. Олар мынадай негізгі факторларға байланысты өзгеріп, жаңарып отырады.

Білім беру төңірегіндегі мемлекеттік саясат, заң актілері, құжаттар;

Мұғалімдердің педагогикалық мәдениетінің деңгейі, олардың жеке кәсіптік өлшемдері болжамдау процесінде анықталған әдістемелік сауаттылығы.

Мектеп ұжымының моральдық-психологиялық ауа-райы, әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудағы материалдық - техникалық мүмкіндігі.

Мектептегі педагогикалық тәжірибені оқып үйрену, мұғалімдердің инновациялық белсенділігі, мектеп басшыларының әдістемелік жұмысты кәсіптік деңгейде іске асыруға дайындығы; мұғалімдердің арасындағы, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы нақты жағдай.

Көптеген әдістемелік жұмыстарды үйлестіретін әдістемелік кеңестер жұмыс істейді. Мектептің педагогикалық кеңесіне қарағанда әдістемелік кеңестің бір ғана функциясы бар, ол - әрбір мұғалімнің педагогикалық қызметінің ғылыми-әдістемелік деңгейін көтеру. Оның жұмысының тиімділігі ең кемі екі жағдайға тәуелді: кеңеске кімнің жетекшілік жасауы және мүшелерінің құрамының қандай екендігі. Әдістемелік кеңеске білім берудің әртүрлі оқу пәндерінен сабақ беретін барынша тәжірибелі мұғалімдер енеді. Олар әртүрлі әдістемелік құрылымдардың жетекшілері болуы мүмкін. Көбіне әдістемелік кеңеске оқу ісінің меңгерушісі басшылық жасайды.

Мектеп әдістемелік кеңесі мұғалімдердің кәсіптік біліктілігін арттырудың тактикасын айқындайды. Кеңес бірлестікте, комиссияларда қаралатын мәселелерді жоспарландырады. Мектептің әдістемелік жұмыстарының жалпы бағдарламасын, семинар, практикалық материалдардың жоспарын жасайды.

Осылайша, әдістемелік кеңес мектептегі әрбір мұғалімнің кәсіптік-педагогикалық мәдениетін көтеру жұмысын басқаруда сайланбалы және ақылы өкілдікті танытады.

Мектептің әдістемелік жұмыстарының өзін ақтаған мынадай түрлерін атауға болады;

Пәндік әдістемелік бірлестіктер, мектептегі бірыңғай әдістемелік күн, проблемалық семинарлар мен практикумдар, жас мұғалім мектебі, озат тәжірибе мектебі, мұғалімдермен дербес жұмыс жүргізу, ашық және үлгілі сабақтар өткізу, ғылыми-педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқулар, рөлдік, іскерлік және ұйымдық - қайраткерлік ойындар, педагогикалық жағдайды талдау және модельдеу, мұғалімдердің шығрамашылық есебі, педагогикалық консилиум және т. б.

Осылардың арасында мұғалімдердің пәндік әдістемелік бірлестіктері барынша кең тараған. Ол пәндес мұғалімдермен бастауыш сынып мұғалімдерін біріктіреді де, ең кемі 4-5 пән мұғалімін топтастырады.

Пән бірлестіктерінің әдістемелік жұмсының мазмұны көп қырлы болып келеді. Онда оқу-тәрбие жұмыстарының және оқушылар білімінің деңгейін көтеру, тәжірибе алмасуды ұйымдастыру, озық педагогикалық тәжірибені және педагогика ғылымының жетістіктерін енгізу мәселелері қаралып, жаңа оқулықтар мен оқу бағдарламаларының күрделі тараулары талқыланды. Сонымен бірге тәжірибелік оқу бағдарламалары мен оқу құралдарының нұсқалары, олардың нәтижелері деп талқыланды. Бірлестік мүшелері білім беретін және қадағалайтын компьютерлік бағдарламаларды талдап жасайды және сынақтан өткізеді. Оның тиімділігі мен нәтижесіне баға береді. Бірлестік жұмысының мазмұны оқушылар білімін тексеретін тақырыптық, шығрмашылық бақылау жұмыстарын қарастыруды да қамтиды.

Әдістемелік бірлестіктің жұмысы сол пәннің мұғалімдерінің педагогикалық қызметін, оқуш ылардың білім сапасын арнайы жоспармен іске асырылады. Жоспарда жаіңа оқу жылының мақсаттары мен міндеттері айқындалып, негізгі ұйымдық - педагогикалық шаралар (кабинеттерді безендіру, дидактикалық материалдарды сыннан өткізу, бақылау жұмыстарының мәтінін бекіту және т. б. ) қамтылады, ғылыми-әдістемелік баяндамалардың тақырыптары, пән бойынша ашық және үлгілі сабақтар белгіленіп, оқушылардың білім, іскерлік және дағдыларының сапасын тексерудің мерзімі мен түрі айқындалады.

Әдістемелік жұмыстардың тиімді түрлерінің бірі бірыңғай әдістемелік күн (мектептің барлық педагог қызметкерлері үшін оқу тоқсанына бір рет) екі тоқсан аралығында атқарылған әдістемелік жұмыстарды қортындылуға арналады. Біріңғай әдістемелік күннің тақырыбы мұғалімдерге алдын ала хабарланды. Біріңғай әдістемелік күннің қарсаңында арнайы тақырыпқа педагогикалық бюллетень шығарылып, әдістемелік талдамалардың, мұғалімдер мен оқушылар шығармашылығын, психологиялық-педагогикалық әдебиеттердің көрмесі ұйымдастырылады.

Бірыңғай әдістемелік күні атқарылар жұмыстың мазмұны мыналарды қамтиды: ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар өткізу, оларға талдау жасап, кеңінен талқылау, жаңа әдістемелік әдебиеттерге шолу жасап, өткізілген шараға баға беріп, талдау жасайтындай бірыңғай әдістемелік күннің қорытындысы мен «дөңгелек үстел», мәжіліс немесе баспасөз конференциясын өткізу.

Мұғалімнің теориялық және практикалық дайындығының біртұтастығы проблемалық семинарлар мен практикумдар барысында көрінеді. Олар мұғалімнің өз білімін көтеру әрекетін ынталандырып, оны педагогикалық инновациялық ұмтылдырады. Проблемалық семинар жұмыстарының мазмұны қазіргі заманға педагогикалық терияны қамтиды.

Соңғы жылдары әдістемелік жұмыстар жүйесінде практикалық сабақтардың белсенді түрлері кеңінен қолданылуда. Олар: іскерлік, рөлдік ойындар, ойын практикумдар, ұйымдық-әрекеттік ойындар, түрлі тренингтер. Бұл жұмыс түрлерінің даусыз жетістігі-орындалған әрекеттің көп нұсқалылығы, нақты практикаға барынша жақындығы ұжым болып талқылауға қолайлығы т. б. Әйтседе практикумдарды ұйымдастырушылар мұғалімдердің бұндай шараларға қатысуға ықылассыздығы, оларды жүргізуге әдістемелік дайындықтың аздығы сияқты кедергілерге тап болуда. Бұның бәріде проблемалық семинарлар мен практикумдарды ұйымдастыруға білікті басшылықтың керектігін танытады.

Озат тәжірибе мектебі негізінен дербес және ұжымдық тәлімгерліктің мақсаты мен міндетін іске асыратын әдістемелік жұмыс түрі. Қазақстан мектептерінде тәлімгерлік мақсаты мен міндетін іске асыратын әдістемелік жұмыс түрі. Қазақстан мектептерінде тәлімгерлік дәстүрдің бай тарихы бар болғанымен бір мектеп қабырғасында ұйымдастырылған озат тәжірибе мақсатты, толыққанды сипат алады. Бұл мектептің негізгі міндеті - тәжірибелі мұғалімнің, басшының тәжірибесі өз әріптесіне әдістемелік көмек көрсету. Бұндай мектепті қалыптастыру көбіне ерікті негізде басталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу әдістемелік жұмыстар және оны ұйымдастырудың жолдары
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
Химиядан жүгізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Озық педагогикалық тәжірибе және педагогика ғылымы жетістіктерін практикаға енгізу, педагогикалық инновацияның критерийлері
Шетел тілін оқытудағы сыныптан тыс жұмыстар
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
Орта мектептегі әдістемелік жұмыстың мазмұны және оны ұйымдастыру
Мектептегі әдістемелік жұмыс педагогикалық мәдениетті көтерудің шарты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz