МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым минстрлігі
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Педагогика және психология кафедрасы

Тақырыбы:

МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫНЫҢ АРАСЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ОРНЫҚТЫРУ

Орындаған: И-11 тобының студенті Налибаев Н.М.
Тексерген: Бижанова Ғ.Қ.

Арқалық, 2010

Жоспар:

Кіріспе

І. МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
1.1. Психологиялық тұрғыдан мұғалім мен оқушы арасындағы қары-қатынас
1.2. Қарым-қатынас барысында кездесетін осы және өзге де қиындыктарды
жоюдың жолдары

ІІ. МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫНЫҢ АРАСЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ОРНЫҚТЫРУ
2.1. Ғалымдардың мұғалімнің оқушымен арасындағы қатынастардың дауы жайлы
ойлары
2.2. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасқа кері әсер ететін
факторлар
Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қарым-қатынас мәселесі бұл әлеуметтік психологияның негізгі
проблемалары. Бірақ қарым-қатынас проблемасымен тек психологтар, педагогтар
айналысып қана қоймайды, оны философтар, социологтар, политологтар да жан-
жақты зерттеуде.
Шығыс елдерінде қарым-қатынас шешендік өнер яғни, риторика бағытында
кеңінен қолданылды.
Психологиялық тұрғыда қарым-қатынас күрделі, жан-жақты процесс
болғандықтан, ол үш аспектіде (коммуникативтік, интерактивтік және
перцептивтік) қарастырылады. Аталмыш үш аспектінің мазмұны адамдардың бір-
бірін тануы, араласуы және хабар беріп, хабар алмасуы. Олай болса, біз
өзіміздің шағын мақаламызда өз тәжірибемізді пайдалана отырып,
педагогикалық қарым-қатынастың психологиялық жағын сөз етпекпіз.
Педагогикалық қарым-қатынас барлық білім беру жүйелеріне қатысты
мекемелерде болатын қарым-қатынастың ерекше түрі. Білім берудің қай
сатысында болмасын мұғалім оқушымен, оқушы мұғаліммен тікелей және кері
қарым-қатынаста болады. Өйткені оқыту мен білім беру үрдісінде мұғалім
үйретуші, бағыттаушы, басқарушы, тәрбиелеуші, т.б. рөлді атқарса, оқушы -
білімді алушы, қабылдаушы, іс-әрекетке араласушы болып қарым-қатынасқа
түседі. Сондықтан да, педагогикалық қарым-қатынастың негізгі құралы — сөз.
Мектеп оқушыларымен жұмыс істейтін мұғалімдер вербальді (сөз) және
вербальді емес (ым не ишара) қарым-қатынастың түрін пайдаланады. Қарым-
қатынастың қай түрі болмасын, ол мұғалімнің шеберлігіне, тәжірибесіне
байланысты деп айтамыз. Психологтар педагогикалық қарым-қатынастың нәтижесі
мұғалімнің баланы біліп тануына және әр баламен диалогқа түсуіне байланысты
деген. Әрине, қанша тәжірибелі мұғалім болса да, балалармен қарым-қатынас
жасау, әр баланы білу, оларды тану, әр баланы іс-әрекетке кірістіру, оларды
сөйлеттіру мұғалімдерге оңай жұмыс емес.
Тәжірибеге және өзіміз жүргізген психологиялық зерттеулерімізге
сүйенсек, жалпы оқушылармен қарым-катынасқа түсіп жүрген мектеп
мұғалімдерді екі топқа (балалармен қарым-қатынас жасауы оңай және
балалармен қарым-қатынас орнатуы қиын) белуге болады.
Бірінші топтағы мұғалімдер қай жастағы оқушылармен болмасын қарым-
қатынасқа оңай түседі. Оның себептері:
- өз сыныбындағы әр баланың психологиясын өте жақсы білуінде;
- баланың ішкі жан дүниесін оятатындай жылы сөздер айтуында;
-мұғалімнің этикасы мен психологиясының дұрыс қалыптасуында;
- мұғалім сөзінің тәртіптілігінде, жүйелігінде, анықтығында,
нақтылығында;
- оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімнің бірнеше қарым-қатынастың түрлерін
пайдалана білуінде.
Екінші топ мұғалімдерінің оқушылармен қарым-қатынасқа түсуі қиын. Оның
себептері бірінші топта керсетілген себептерге қарама-қарсы. Дегенмен,
біздің пікірімізше, кейбір мұғалімдердің әр жастағы оқушылармен қарым-
қатынасқа түсе алмауының және оқушымен қарым- қатынастарының өте қиын болу
себептері:
- авторитарлық стильді пайдалануында;
- балаларға салқындық танытуы;
- балаларды әлеуметтік жағынан бөлуі;
- балалардың іс-әрекетін, ойын, сөзін әділ бағаламауы;
- бала бойынан үнемі кемшіліктер іздеуі, оны жариялауы дер едік.
Әлеуметтік психология ғылымында Мұғалім -оқушы, Оқушы - мұғалім және
Балалардың өзара қарым-қатынасы және қарым-қатынас барысында болатын
қиындықтар біршама зерттелінген. Қарым-қатынас қиындықтары эмоциональдық,
когнитивтік бағытта жиі кездеседі.
Оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасауда кедергі келтіретін аталмыш
қиындықтардың пайда болуының өзіндік себептері бар. Сондай негізгі
себептердің бірі:
1. Қазіргі балалардың кепшілігі акселераттар. Психикасы тез дамыған
балалар сұрақ қойғыш, тез қозғалғыш, бәрін білгісі келіп қарым-қатынасқа
тез түсіп отырады. Бұндай топтың балаларын кейбір мұғалімдер тежейтіні
жасырын емес. Мысалы, Тыныш отыр, Немене бәрін білесің бе?, Сен
қашаннан бері білетін болдың?, Әуелі өзіңді түзетіп ал, сосын айтарсың,
т.б. педагогикаға жатпайтын сөздер айтылады.
2. Оқу үрдісінде кейбір мұғалімдер тек өздері сөйлеуді ұнататындығы
жасырын емес.
Өйткені, уақытты пайдаланам деп тек мұғалім өзі сөйлеп, баланың
айтатын сөзіне кедергі келтіріп оның ойымен, пікірімен санаспайды. Яғни,
оқу үрдісінде кейде диалогтық жоқ екені де жасырын емес.
3. Оқушылардың іс-әрекеттерін әділ бағаламау жиі кездесетін құбылыс.
Осының негізінде қарым-қатынас барысында мұғалім мен оқушы арасында дау-
жанжал болып жатады.
Қарым-қатынас барысында кездесетін осы және өзге де қиындыктарды
жоюдың бірден-бір жолы:
- әр жастағы оқушылардың өзіне тән психикалық ерекшеліктерін ескере
отырып, қарым-қатынас орнату;
- мұғалім өзінің жағымсыз көңіл-күйінің болмауын қадағалау;
- қарым-қатынаста педагогикаға жат сөздер айтпау;
- бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау;
- қарым-қатынаста дау-жанжалға жол бермеу;
- сұхбаттасуда жеке оқушының пікірін сыйлау;
- қиын, қыңыр, қырсық оқушылармен жеке дара қарым-қатынас орнатып, олармен
тіл табысу. Оның бірден-бір жолы психологиялық ойындар, тренингтер, т.б
- қарым-қатынаста мұғалім оқушыға, оқушы мұғалімге сену;
- қарым-қатынас сезімдік, танымдық, іскерлік болу.
Қарым-қатынаста кездесетін қиыншылықтарды осы және өзге де жолдар
арқылы жеңе отырып, мұғалім қарым-қатынастың үш функциясын орындайды.
1. Мұғалім қарым-қатынаста оқушыны әрі индивид, әрі жеке тұлға ретінде
дамыту (психологиялық).
2. Оқушыны әлеуметтік ортаның, қоғамның мүшесі ретінде
тәрбиелеу (әлеуметтік).
3. Қарым-қатынас тек адамдар арасында ғана емес, ол қоршаған
дүниемен, табиғатпен байланысты екенін оқушының санасына ұқтыру
(инстументалды).
Әрине, бір мақала төңірегінде қарым-қатынас проблемасын толық шештік
деп айтудан аулақпыз. Біз өз тәжірибеміз арқылы қарым-қатынастың кейбір
психологиялық жақтарын ашуға тырыстык. Әрине, педагогикалық қарым-қатынас
мәселесі қанша зерттелсе де, ол оқу-тәрбие үрдісінде өзекті мәселелердің
бірі. Өйткені, оқу-тәрбие үрдісінің сапасы педагогикалық қарым-қатынастың
дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуіне байланысты дер едік.
өскелең ұрпақтың интеллектуалдық, білімдік, жеке тұлғалық қабілеттерін
жетілдіре түсуді талап етуде. Сондықтан қазіргі кезде орта білім беретін
мектептердің әдістемелеріне түрлі жаңа технологиялар мен әдіс – тәсілдер
көптеп енгізіліп жатыр. Сол себепті қазіргі оқыту үрдісі репродуктивті
әдіспен шектеліп қана қалмай, яғни, мұғалім мен оқушы арасындағы қатынас
тұлға – тұлға күйінде өзара сыйласымдылыққа, сенімділікке негізделген.
Мұнда оқушы оқыту үрдісінде тек дәлелденген, қатвп қалған білімдерді ғана
игермей, өзіндік мақсатты іс- әрекеттер жасай алатын болуы қажет. Өйткені,
бұл оқыту үрдісі оқушыға бағытталған. Демек, оқушының бойында қалыптасқан
дағды мен біліктерінің, меңгерген білімдерінің қай деңгейде қалыптасқанына
қарай оқыту үрдісінің нәтижелігі шығады. Бұл тұрғыдан алғанда қазақ тілін
оқыту әдістемесінің негізін қалаған Ыбырай Алтынсариннің пайымдауы бүгінге
дейін өзқ құнын жоймағаны байқалады. Мәселен, мына айтқандары соған дәлел:
Мұғалімнің жұмысы – балалар. Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса,
онда оқытушы оларды көкейне қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауға тиіс.
Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі
керек, әрбір нәтижені ықыласпен түсінікті етіп, түсіндіруі керек, мәнерсіз
сөз, орынсыз терминдерді пайдаланбау керек .
Мұғалімнің оқушыға сапалы білім беру дәрежесі сабақты ұйымдастыру
жолдарын білумен тікелей байланысты. Күнделікті бір сарынды, бір ғана
әдіспен өтілген сабақта оқушылардың пәнге деген қызығуын кемітіп, білімді
игеру қабілеттерін төмендетеді. Сондықтан әрбір сабақта оқушыларды
қызықтыратын, сабақта белсенділігін арттыратын түрлі әдіс-тәсілдерді
пайдалану ұтымды. Әсіресе, қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды
пайдалану өте-мөте қажет. Ол оқушылардың сабаққа деген құлшынысын тұғызады.
Бұл жерде мұғалім әрбір сабақта дидактикалық ойындарды жаттығуларға,
тақырыпқа байланыстырып кірістіруі, оларды өзара біріктіруі тиіс. Бұл –
дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруді
жетілдірудің негізгі бағыты.
Оқушылардың әлеуметтік дағдылары мен пәнге қатысына ықпал ететін
фактордың бірі пән мұғалімінің балалармен тіл табыса білу қабілеті болып
саналады. Себебі мұғалімнің жеке басының қасиеті оқушының пәнге деген
қатынасына елеулі әсер етеді. Жасөспірімдер үшін мүғалімнің рухани дүниесі,
өздеріне деген көзқарасы маңызды рөл атқарады.
М.М.Рыбакова жасөспірімдер мен мұғалімнің өзара қарым-қатынасының бес
түрін саралайды:
1. диктаттық қатынас - қатаң тәртіппен ресми қарым-қатынас негізінде
білімге ерекше талап қою;
2. нейтралды қатынас - оқушылармен интеллектуалдық-танымдық деңгейде
еркін қатынас жасау, мұғалімнің өз пәніне ерекше ден қоюы, қабілеттілік:
3. қамқорлық қатынас - мезі етерліктей тым өбектеу, оқушының өзіндік
әрекетіне шошына қарау, ата-аналармен үнемі байланысын үзбеу;
4. конфронтациялық қатынас - оқушыларды іштей жек көру, жұмысқа
қанағаттанбау, менсінбеушілік үнмен сөйлесу;
5. ынтымақтастық қатынас- — барлық істі бірлесе жүргізу, бір-біріне
қамқорлық жасау, оптимизм және өзара сеніммен қарым-қатынас жасау.
Соңғы жылдары байқалып жүрген жағдай мектептерде мұғалім мен
оқушылардың арасында осы қатынас түрлерінің ішіндегі диктаттық қатынас пен
нейтралды қатынасты жиірек кездестіреміз. Қазіргі қоғам мұғалімнің оқушыға
өз әрекетінің субъектісі деп қарау қажеттігін талап еткенімен, мұғалімдер
де соған жетуді көздегенімен, нақты оқу үрдісінде оның толық жүзеге аса
бермейтіні жиі байқалуда.
Біз әңгімелескен оқытушылардың барлығы да конфронтациялық қатынасқа
қарсылықтарын білдірді (100 %), бірақ оның кейде бой көрсетіп қалатынын да
жасырмады. Ал, диктаттық қатынасты жақтаушылар (мұғалімдердің 12-15%) қатаң
талаптың қазіргі қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты
қажеттігін алға тартады. Атап айтқанда. "мұғалім беделінің төмендеуі
салдарынан оқушылар арасында дұрыс көзқарас қалыптаспайды, сондықтан оларды
тек қатаң тәртіпке бағындыру керек, көп жағдайда сабақты тиянақты жүргізу
мүмкін болмай, оқушылар ауа жайылып кетеді де, (мектептердің жылуға
байланысты жабылып қалуы салдарынан), қатаң талап қоймаса, оқуға ынтасы
болмай қалады, балалар әлі де өзін-өзі игеруге дайын емес, сондықтан олар
еркін қарым-қатынастың мәнін түсінбейді, шулап, сабақтың өтуіне мүмкіндік
бермейді, сондықтан қатаң талап қажеттігін айтады. Енді бірі сыныптағы
балалар санының (30-дан кем болмаған жағдайда) тым көптігінен оларды игеру
мүмкін емес дейді. Ал, қамқорлық қатынасқа мектепке келген жас
мұғалімдердің жақындау болуы заңды да. Өйткені олар әлі де өз мамандығын
қыр-сырын жіті білмегендіктен, әр нәрсені де, әсіресе, оқушылардың
еркіндігін де тәртіпсіздікке балайды. Баланың мектептегі әр ісіне өзін
түгелдей жауаптымын деп есептеп, олардың өсіп келе жатқан жеке тұлға екенін
ұмытып кетеді. Ал. мұндай қатынас жан-жағына, оның ішінде мұғалімдерге, сын
көзімен қарайтын жасөспірімдердің намысына тиіп, өзінің есейгендігін
дәлелдеуге ұмтылдыруы сөзсіз. Немесе, керісінше, олардың кейбірінің өзіне
деген сенімін жоғалтып, бұйығыландыруы да ықтимал. Қалай болғанда да,
мұғалім сабаққа дайындықты пәні бойынша өтілетін теориялық тақырыпты қалай
меңгерту, қандай көрнекілік пайдаланамын, оқытуды әйтеуір бағдарламадан
қалмау дсп түсінбей, оқушының білімімен қатар ақыл-ойын, адамгершілік
қасиетін, жеке тұлға ретіндегі өзара қарым-қатынасын қалай қалыптастырамын
деген мәселені де жүзеге асырудың жолдарын іздестіру деп түсінуі қажет.
Өйткені психологтардың айтуынша, мұғалім мен оқушының өзара тіл табысуға
ұмтылуы тек оқушының өсуіне ғана емес, мұғалімнің де маман ретінде өмір
тәжірибесінің шыңдалуына, мамандығының қыр-сырына терең бойлауына мүмкіндік
туғызады. Оқушының оқуға болсын, достарымен қарым-қатынасына болсын, қандай
мотивтердің түрткі болғандығын шын мәнінде ажырата білудің ең қажетті шарты
да осы өзара қарым-қатынаска тәуелді. Мұғалім оқушының әрекетін тек сырттай
бақылап қоймай, олармен қоян-қолтық араласа алғанда ғана баланы жақыннан
таниды. Әрине, баламен ортақ тіл табысу үшін мамандардың бала психологиясы,
олардың әр сатыдағы ерекшеліктері жөнінде теориялық білімі болуы керектігі
даусыз. Сол білімді тәжірибеде қолдану тек сол өзара қарым-қатынас
негізінде жүзеге асады. Көп жағдайда мектептегі. әсіресе, жасөспірімдер
арасындағы ''қиын балалардың қаулап" кетуі - мұғалімнің бұл мәселенің түпкі
себебін, олардың жас ерекшеліктерін жете білмеуінің салдарынан болатын
құбылыс. Жасыратыны жоқ, мұғалімдердің алдындағы шәкіртінің көбінде өзі
орнатқан тәртіп пен талапқа көне бермеуін оның "үлкенді сыйлауды
білмегендігінен", "отбасындағы тәрбиесінен" көріп жатуы жиі көрініс табады.
Және ондай балаларды сынап-мінеу немесе оған мүлде назар аудармау фактілері
де ұшырасады. Ал мұндай қатынастың әсері оқуға ынтаның болмауына, еріксіз,
ата-анасының қаһарынан қорқып қана сыныпта отыруға мәжбүр ететін себепке
тіреледі. Бірақ мұғалімдер көбінде оқушыға беретін үстірт бағасы арқылы
өзінің де оқушы тарапынан бағаланып жататынын ескермейді. Кейбір жағдайда
оқушыны дәрменсіз, өзіне бағынышты деп қарап, оған мән бермеуге тырысады.
Балалар ондай қатал мұғалімге "ұрысқақ, айғайшыл. сондықтан, сабағы
ұнамайды" деп бір-ақ кесіп пікір айтады. Сөйтіп, ол оқушыдан алыстап қана
қоймайды, оның өз пәніне деген кері қатынасын тудырады. Жеке басының
әлсіздігі нәтижесінде бала бойындағы сенімге де өлшеусіз қиянат жасайды.
Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасқа кері әсер ететін фактордың
бірі - оқушыларды әлеуметтік жағдайларына қарай алалап бөлу. Ата-анасының
қызмет дәрежесіне қарап бір сыныптағы балалармен әр түрлі қатынас жасау -
соңғы кезде белең алып бара жаткан жағымсыз құбылыс. "Мықтының" баласына
аузын ашса-ақ жоғары баға қоя салатын мұғалім, жағдайы төмен отбасы
баласына біліміне қарамай сараңдық жасауы бала психологиясына қатты соққы
болатынын естен шығарады, пенделікке бой алдырады. Егер сол баланың бұрын
оқу үлгерімінің жоғары болғанын, неге енді құлдырап бара жатқанын сұраған
адамға, ондай мұғалімнің берер жауабы қашанда дайын: "Қойшының баласы
қойшы, тойшының баласы тойшы болады" деп пәлсапа айтудан танбайды.
Өз мамандығын сүйетін, оны жетік меңгерген мұғалімдердің қайсысының да
тәжірибесіне талдау жасағанда сол жетістіктің негізгі кілті - балаларды
сыйлау, олармен санасу, әр шәкіртін субъект деп тану арқылы туған
түсінісуде екеніп көруге болар еді. Оқушы мен мұғалім арасындағы нәзік
байланыс тек мәдени биік деңгейдегі қарым-қатынастан туары сөзсіз.
"Қарым-қатынас жасау мұның өзі бірлескен творчествоның бірлесе
ойлаудың, әріптестіктің сабағы, әлдекімнің ырқына берілмей, ойын еркін айта
алатын және айтуға тиіс еркіндік сабағы... өйткені позициясы айқын білім
арқылы қарым-қатынас жасау және қарым-қатынас арқылы білім алу керек. Ол
оқушыға өз қарқынын, өз жолын және өз мүмкіндіктерінің потенциалын табуға
құқысын береді де оны творчество адамы тәрбиелейтін рухани праволық
сабағына қайтарады. Өзара қарым-қатынас ынтымақтастық тудырады. ал
"ынтымақтастықта бала күштірек әрі ақылдырақ болып, ол өзі шеше алатын
интеллектуалъды қиындықтар деңгейі жөнінен биікке көтеріледі".
Оқушылардың оқу мотивтерінің қалыптасуы туралы мәселелерді әр қырынан
қарастырып зерделеген ғалым А.К.Маркованың пікіріне сүйене отырып жасалған
тұжырым бойынша бұл тұрғыдағы зерттеу жұмысын жүргізіп отыратын мұғалімнің
оқушымен арасындағы адамгершілік қатынастарында мынадай талаптар ескерілуге
тиісті:
Біріншіден, оқушыларды іріктеп бөлу емес, сабақ үстінде байқалған
жағымсыз әрекеттерді болдырмау үшін олардың психологиялық даму процесін
бақылай отырып тиісті жұмыстар жүргізу шараларын анықтау;
Екіншіден, әр баланың психикалық ерекшелігін зертегенде оны өзгемен
емес, өзімен-өзін, яғни бұрынғы қалпымен бүгінге дейін қалпын салыстырып
отыруға көңіл бөлу.
Үшіншіден,сырттай қарағанда бірдей көрінетін құбылыстардың ішкі
себептерін анықтауға ұмтылу. Мысалы, сабаққа құлқы жоқ балалардың
оқымауының әр түрлі себептері болады: бірі –оқу іскерлігінің қалыптаспауына
болса, екіншісі -өзінің оқудағы мақсаты не екенін білмейді, үшіншісі –тіпті
бала белсенділігінің астарында мақтангершілік, тек баға алу ниеті жатуы да
мүмкін. Ал жауап беруде өзіне-өзі сын көзімен қарап, жоғары талап қоятын,
көзге көп түсуге ұмтылмайтын ұстамдылықтың әсерінен белсенділік таныта
қоймайтын баланың психологиялық ерекшеліктерінің аражігін ажырата білу
талабы да көп мәнге ие.
Төртіншіден, оқушының мотивациясын жете тану үшін мұғалімнің жеке
басының қасиеттері де үлгілі, өзгелерді құрметтеу сезімі жоғары мақсатқа
жету жолында табанды болумен қатар психологиялық тұрғыдан сауатты,
педагогикалық психология мен балалардың жас ерекшеліктерін мейлінше терең
білетін, соған сай қажетті әдістерді қолдана алатын бірікті маман ретінде
де танылуы жұмыс нәтижелілігін өсіретін алғы шартының бірі ғана емес,
бірегейі.
Бесіншіден, мотив қалыптастыру мұғалімнің дайын міндеттер мен
мақсаттарды оқушысының басына көшіруі емес, ол оқушының белсенділігін
туғызатындай жағдайлар жасау, оқуға деген ұмтылысын оятатын ішкі қозғаушы
тетіктерді жандандыру, оқушының сенім –тәжірибесі мен мотивациялық даму
деңгейіне сай келетін жұмыс түрлерін іріктеу, оларды оқушылардың сапалы
орындалуына мүмкіндік туғызу.
Осындай талаптар ескерілген жағдайда мұғалім балалардың да қайта
бірігуіне, бірін –бірі тануына мүмкіндік бере алады. Ал, бір сыныптағы
балаларды өзара қарым-қатынас жасауға үйретудің ең тиімділігі сол әр
баланың өз мүмкіндігін тануына жағдай жасалады. Ұжымдық оқыту нәтижесінде
оқушылардың рефлексивтік дағдылары дамытылады. Ал рефлексияны философтар
да, психологтар да адамның өздігінен дамуының ең негізгі құралы, адам
санасының маңызды ерекшеліктерінің барымен санайды.

Ұзақ уақыт бойы педагогикалық әдебиеттер мұғалім (педагогикалық процесс
оқу және окудан тыс жұмыстың бірлігі ретіндекдралған жағдайда) тәрбие
мақсаты оның оқушылармен бірлескен іс-әрекетінің нәтижесі болғанда не істеу
керек деген сұраққа анық жауап бере алмады. Бұған Н.К. Крупская, А.С.
Макаренко еңбектерінде кейбір нұсқаулар бар, бірақ олар негізінен
оқушылардың оқудан тыс іс-әрекетіндегі тәрбие жұмысына ғана катысты. Бұндай
бағыттар одан әрі бірқатар ғалымдардың (30-ы жылдары А.М. Пистрак, А.М.
Пинкевич, С.Т. Шацкий) еңбектерінде және біраз кейінде (Конникова Т.Е.)
дамыды.
Назар аударатын бір жағдай, барлық авторлар окушылар коллек-тивтерінің
роліне үлкен маңыз берген, бірақта оқушылар коллективінің мүмкіншілігі тек
қана окудан тыс уақыттағм төрбие жүмыс-тарында қолдануы қарастырьшады.
Әрине, бұндай тәсіл коллективтік қатынастардың ерекшелігін тек кдна әртүрлі
окудан тыс іс-әрекеттері түрлерінде ескеруге мүмкіндік береді, ал негізіне
оқушылардың жетекші іс-әрекеті оку еңбегі шетте калды.
Кезінде А.С. Макаренко тұлғаның кемшілігі оның қоғамдағы
қатынастарындағы кемшіліктерімен байланысты деп көрсеткен. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың маңызды оқу жұмыстарын және нәтижелерін бағалауға көңіл аудару
Критериалды бағалау технологиясы
Ықшамсабақ (microteaching) мұғалімдерді белсенді психологиялық дайындау әдісі
Қалыптастырушы бағалау әдістемесін әзірлеу
Педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру
Шиеленістің қатысушылары
Қалыптастырушы бағалаудың мәні
Бастауыш сынып оқушыларын қазақ тілін оқытуда критериалды бағалаудың тиімілігі
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН ҚАҒИДАТТАРЫ
ШЕТ ТІЛІ САБАҒЫНДА МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫНЫҢ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ӘДІСТЕРІН ПРАКТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Пәндер